Экожүйелердің бөліктері



ЖОСПАР

 

Кіріспе :

Экожүйелердің бөліктері .

Экожүйелердің звенолары.

Экологиялық байланыс.

Қорытынды.

Қолданған әдебиеттер тізімі .

БИОСФЕРАДАҒЫ  ТАБИҒИ БІРЛЕСТІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Кіріспе

Биосфераның негізгі биологиялық  қасиеттерінің бірі - кеңістік тұрғысынан біркелкі болмауы, Биосфераның кеңістік бойынша жетілуі өте ұзақ және күрделі биогеохимиялық үрдістердің нәтижесі. Биосферадағы неше түрлі жіктелудің көрінісі - экожүйелер, биогеоценоздар жөне жасанды, табиғи ландшафтар.

Экожүйе (экосистема) система ішіндегі түрлердің көп түрлілігі мен заң айналысын түзейтін энергия ағымы мен қамтамасыз ететін берілген учаскідегі (биотоптағы) барлық организмдерді (яғни биоценоз біріктіретін кез келген) бірлестікті (әртүрлі көлемдегі және жеке рангтегі) белгілеу үшін пайдаланды. Бұл терминді ғылымға А.Тэнсли (1935 ж.) енгізген еді.

Экожүйелердің негізгі биологиялық қасиеттерінің  бірі - олардың әр түрлі деңгейде болуы. Ең жоғарғы ұйымдасқан деңгейі - биосфера мен ноосфера, қарапайым экожүйелер (биогеоценоздар) биосфераның ғылыми тұрғысынан біркелкі болып келеді. Әсіресе, ондағы өсімдік бірлестіктері (фитоценоздар) жануарлар бірлестіктері (зооценоздар) физикалық, химиялық және биологиялық жағдайлары, сонымен бірге тұрақты энергия ағымы мен зат алмасулары бір тұтас жүйе ішінде әрекет етеді.

Экожүйенің  құрамына тірі организмдердің (өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің) үлкен тобы кіреді. Олар экологиялық, бірлестіктер (экосистема) құрайды. Өмір сүретін ортаның (топырақ, су, ауаның) құрамы біргей, бірыңғай бөлігі - экотоп енеді.

Экожүйе эволюциялық  даму кезінде жеке биологиялық түрлер мен әр түрлі популяциялардың айналаны қоршаған ортаға және бір-біріне бейімделуі негізінде құрылған. Бұл ортаның өзгеруімен құрамға кіретін ағзалардың сандық шамасының өзгеруіне қарсы тұра алатын, өзін-өзі басқаратын қарсы тұра алатын, тұрақты механизм.

Дсгенмен популяциядағы, экожүйедегі және биосферадағы өзін-өзі басқару процесі тіпті де шексіз емес.

Егер айналаны қоршаған ортадағы (топырақ, ауа, климат) өзгерістер, ағзалар бейімделгеы тұрақты шамадан асса, онда экожүйедегі үйлесімдік бүтіндей бұзылады, Ландшафта, әсіресе табиғи жағдайдың (орман, тоғай өрті, өзен арнасының ауысуы сияқты) күрт өзгеруімен немесе адамның шаруашылық кезіндегі теріс әрекеті - топырақтың (жел және су эрозиясына ұшырауы) улы химикаттар (пестицидтер, гербицидтер, дефолианттар, десиканттар) қолданылуы негізінде бүкіл экожүйенің бұзылуынан, әйтпесе, тізбектің бір бөлігінің жоғалуынан ауыр киыншылықка ұшырайды. Мұндай жағдайда ол бастапқы қалыпқа келмес ірі өзгеріске енеді.                                    

Экожүйенің бөліктері 

Айналаны қоршаған орта мен тірі ағзалардың бір-бірімен  жалғасуы сәйкестенуі калай туады. Тіршілік бірнеше өркендеу дәрежесінен байқалады. Клетка ағза популяция бір түрге енетін ағзалардағы жиынтығы ценоз, бір жерде өмір сүретін көптеген ағзалардың жиынтығы және экожүйе (биогеоценоз) түрінде. Әрбір ценозға кіретін түрлердің саны, олардың ара қатынасы, құрылысы және бір түрге енетін жекеленген ағзаларда байланысы мүлде ерекше. Сондықтан жер бетінде бірлестіктер есепсіз мөлшерде кездеседі. Әйтсе де басты белгілерін, әсіресе, ағзалардың күрделігін, энергияның пайдалану жолын, қоректену тәсілдерін, өсіп-өну және кеңістіктегі қозғалыс мүмкіндіктерін еске ала отырып, оларды үш қатарға бөледі.            

Биоценоз - тіршілік ету, өніп-өсу  жағдайлары ортақ, эволюциялық үрдіс  пен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде  үйлесім тапқан өсімдіктер әлемі  мен жануарлар дүниесінің тобынан  құралған табиғат комплексі. Оның өзін-өзі  басқарып, динамикалық тепе-теңдік сақтайтын қабілет немесе салыстырмалы тұрақтылығы болады. Салыстырмалы тұрақтылық биоценозды құрайтын компоненттердің (өсімдіктер мен жаунарлардың өніп-өсу мүмкіншіліктерін тежеп, белгілі бір өлшем шегінен шығармайтын фактор. Өсімдіктер мен жануарлардың өніп-өсуі мүмкіншіліктері өте жоғары.

Биоценозды құрайтын тірі ағзалар өздерінің тіршіік ететін ортасымен тығыз байланысты орта мен биоценозды бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Белгілі бір биоценозды құрайтын тірі ағзалар мен оны қоршаған орта биогеоценоз, немесе экожүйе деп аталатын табиғат комплексін құрайды.

Биогеоценоз жергілікті жер  жағдайларының ерекшелігіне байланысты қалыптасады.                                                                        

Факция деп рельефі  мен топырақ жамылғысын жаратушы жыныс құрамында, рельеф, ылғал және жылу режимінде және топырақ жамылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбені сипатталатын табиги территориялық комплексті айтады.                    

Геожүйе (географиялық жүйе) - материалдық жүйе ретінде бірін-бірі толықтырып немесе кеңістік пен уақытқа байланысты тығыз қарым-қатынаста өсіп-даму үстіндегі биосфера компоненттерінің бір тұтас жиынтығы, яғни, геожүйе мен экожүйе, биогеоценоз бір-біріне теңдес: ұғымдар. Бірақ геоэкожүйелер экожүйелерге, биогеоценоздарға қарағанда өндірістік территориялар комплексін және өндіріс орындарының таралу аймағын қамтитыны белгілі.

Ландшафт - геоэкологиялық негізі, рельефті, климаты, гидро-геологиялық  режимі, топырақ жамылғы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі  біркелкі болып келетін табиғи территориялық комплекс.

"Лаңдшафт" ғылыми ұғым  ретінде ең алғаш Л.С.Берттің  еңбектерівде көрінді. Ол рельеф, климат, өсімдік және топырақ  жамылғысының сипаты гармониялық  тұтас бірлік құрап Жердің  белгілі бір зонасында кайталанатын облысты табиғи "ландшафт" деп анықтаған. Ландшафттану ғылымының жүйелі негізі Л.С.Бергтің 1931 жылы жазылған "Ландшафтно-географические зоны СССР" деген еңбегін де баяндалған. Мұнда Л.С.Берг ландшафт туралы ұғымының анықтамасын толықтырып, нақты мысалдарын көрсетті, бірімен-бірінің және жеке бірліктерінің компоненттік әрекеттестіктерін, даму ландшафтқа кең мағына берді.

"'Ландшафт" ұғымы кеңістікте  орналасуы жағынан шектелтен  болса, ал экожүйе құрылымында  айқындалған шекара болмайды. Тек  шартты түрде ғана бөлінеді. Іле тоғайы, Нарын үйеңкі ағаштары, Жоңғар, Алатау шыршалары, олардың экожүйелері т.б.

Географиялық шегінде  ландшафтық ортаны ажыратута болады. Ол үгілу, топырақ, өсімдіктер әлемі, жанаурлар  дүниесі, ауаның төменгі қабаты, (тропосфера), кұрлық сулары мен жер асты суларын қамтитын жер бетінің қабығы. Осы қабатта ғана барлық тіршілік иелеріне қолайлы орта қалыптасқан.

Ландшафтық орта тундра зонасында 5-10 м, қамтыса, ал тропикалық зоналарды оның тіршілік арасы 100-150 м жетеді. Мұның негізгі себептері жер рельефінің дамуы мен органикалық қосылыстардың қалыңдығына байланысты. Сонымен геожүйе және экожүйелердегі негізгі айырмашылық, геожүйе қызметі жағынан - полидендриялы, ал экожүйе биоцентриялы (маңыз тірі жүйелерге беріледі) болып келеді.

Ландшафтардың қазіргі көрінісіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасынның территориясында — табиғи, антропогенді және мәдени ландшафтыларды кездестіруге болады.

Табиғи ландшафтылар - биосфера-комплекстері адамзат баласының аяғы тимеген болуы мүмкін.

Ондай ландшафтыларды Қазақстанның биік тау шыңдарынан ғана кездестіруге болады.

Антропогенді ландшафтылар - биосфера комплекстеріне адамзат  баласынан тікелей немесе жанама әсер етуіне байланысты өзгерген территориялар  аталған немесе өртеніп кеткен орман-тоғайлардың  орнына шабындық пен жайылымдардың пайда болуы. Кейбір жағдайларда антропогенді ландшафтар бұрынғы табиғи қалпына келуі да мүмкін. Ал адамзат баласы ландшафтыларды санасыз сауатсыз пайдаланған кезде олар деградацияға (азып-тозу) ұшырап кетеді де, тақырлар, түрлі шөл, шөлейт аймақтар пайда болады. Тарихи деректерге сүйенсек биосферадағы Сахара, Гоби, Такла-Макан, Орта Азиядағы кейбір ірі кұм экожүйелері антропогенді ықпалды тікелей немесе жанама әсерінің нәтижесі екені толығымен ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Орталық Қазақстанның территорияларында көп кездеседі. Арал теңізінің аймағы, Оңтүстік Қазақстан облысында сортандаған жерлер олардың көлемі бірнеше мың шаршы километрге жетеді.

Биосфераның әлемдік экожүйелерінің ең ірісі - биосфера (тіршілік қабыты). Оның даму эволюциясы, болашағы тек жермен байланысты. Фитоценозар - бұл өсімдіктер бірлестігі. Оған бір жүйеде өсімдік ағаштары бұталар, шөп түрлері, мүктер, балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар кіреді. Фитоценоз - күннің энергиясын пайдаланып, көмір қышқыл газымен, судан және минералдық заттардан органикалық зат жүйе алатын жалғыз ғана биологиялық құбылыс. Сол себепті биогеоценоздық үрдісте фитоценоз шешуші роль атқарады. Өсімдік бірлестікерін-күн энергиясын, минералдық заттармен, сумен және газдармен біріктіріп, органикалық заттарды өндіретін биосферадағы бірден-бір табиғи лаборатория.

Бұл жөнінде ұлы ғалым, өсімдіктер физиологиясының фотосинтезін жан-жақты зерттей келе ұлы физиолог К.А.Тимирязев былай деп жазды: "Әр кезде жерге күн сәулесі түседі, бірақ ол қара жерге ғана түспейді, бидайдың жасыл органдарына, тіпті дұрысын айтқанда хлорофилл пигментінде түседі. Оған соғылып, ол сөніп калады. Бірақ тіпті де жоғалып кетпейді. Ол ішкі жұмыстарға жұмсалады. Крахмал ертінді қантқа айналып, өсімдік бойымен көп сапардан кейін бидай дәніне крахмал, әйтпесе клейковина түрінде жиналады. Әйтеуір ол бізге тамақ болатын нанның құрамына кіреді. Ол азық-түлік біздерге денемізге қуат береді. Себебі ол сүрленген күн сәулесі, "Хлорофилл дәні - күн сәулесін" химиялық энергияға айналдырып, жер бетіндегі, тіршілікке негіз беретін жалғыз нүкте. Бұл жасыл өсімдіктердің космостық қызметі.

Өсімдіктердің осы космостық  қызметі олардың жануарлардан ең үлкен айырмашылығы. Шынында да олардың  фотосинтездік қызметі таңқаларлық. Жер бетіндегі барлық жасыл есімдіктердің фотосинтез атқаратын аумағы жер шарының аумағынан 150 есе артық. Бүкіл жер жүзінде барлық күрделі және қарапайым өсімдіктер жылына 580 миллиард тонна, оның ішінде мұхиттарда 270 миллиард тонна, ал құрылықта 310 миллиард тонна органикалық заттар түзеді. Бұл кезде олар ауадан 650 миллиард тонна көмір қышқыл газын, топырақтан 5 миллиард тонна азот, миллиард тоннадай фосфор және 15-20 миллиард тонна басқадан минералдық заттарды сіңіріп, атмосфераға 350 миллиард тонна оттекті бөліп шығарады.

Өсімдіктер өндіретін органикалық заттардың арқасында жер бетіндегі барлық басқадай ағзалар өмір сүреді. Дайын органикалық заттардың түрлерімен қоректенетін ағзаларды гетерогрофтар дейді. Бұлардың ең үлкен бөлігі жаунарлар дүниесі.

Зооценоздар - неше түрлі жанаурлар бірлестігі. Оған бір жерде мекендейтін сүт қоректілердің, құстардың балықтардың, басқадай омыртқалылардың, насекомдардың, құрттардың, моллюскалардың көптеген түрлері енеді.

Зооценоз органикалық  заттарды бір түрден екінші түрге  айналдырады, яғни органикалық түрлендіруші, тасымалдаушы қызметін атқарады, Бұл кезде жануарлар органикалық массаны бірнеше рет түрлендіруі мүмкін. Мысалы, шөппен қоректенетін малды жыртқыш жейді, ал оның өзі басқаларға азық болады.

Әрине жанаурлардың биомассасы азық-түлікке, қолданылған органикалық заттар көп есе кем. Әдетте ол 0,1 процентке тең. Осы себепті жануарлар белгілі мөлшерде органикалық затты ажыратуының қызметін атқарады. Сонымен бірге олар активті орын алмастыратын болғандықтан органикалық заттың алмасуына көмектеседі.

Мккробиоценоздар - микроорганизмдер бірлестігі. Олар арнайы оптикалық құралдармен (микроскоптармен) ғана көзге көрінеді. Жай көзбен көруге болмайды. Оларға жататындар: бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар, актиномицеттер және карапайым бір клеткалы ағзалар (инфузория, амеба және т.б.) біріктіреді.

Экосистемадағы микроэкосистеманың басты-кызметі - органикалық заттарды карапайым минералдық заттарға, суға, көмір қьппқыл газына, аммиакка т.с.с. ажырайды. Микробтар - нағыз санитарлар. Егер микроағзалар болмаса, жер бетінде әлденеше қабат органикалық қалдықтар қабат-қабат болып жиналған болар еді.

Ғалымдардың есебі, бойынша: бір грамм құнарлы топырақта бірнеше миллиард микробтар бар екені анықталды. Бір микробтың болымсыз салмағыш қарамастан егістік жердің бір гекгарындағы олардын салмағы 5-15 тоннаға дейін жетеді және осы мөлшерде олардың өліктері жиналады. Міне осы себепті біз топырақ құруға олардың өз салмағы емес, сыртқы актив қабатының маңызы зор.

Бір гектар жердегі олардың  активті қабаты 500 гектарға тең. Микроағзаларын бүкіл осы сыртқы қабаты органикалық заттарды ажырататын ферменттер мен басқадай химиялық заттарды бөледі.

Экожүйелердің көлемді бөлігі - экотоп. Ол бірімен-бірі сан түрлі күрделі байланысқа енген заттар мен құбылыстарды біріктіреді. Өлі табиғатта әр түрлі сатыда өмір сүреді: атом, бір элементтердің атомдарынан тұратын күрделі молекула, бірнеше заттардан тұратын молекула әр түрлі элементтердің атомдарынан құрылатын күрделі молекула, бірнеше заттардан тұратын минерал және қасиеттері мен құрамы сан түрлі қосылыстардан тұратын геологиялық ірі туындылар ретінде, ол сұйық, газ және қатты заттар сияқты тұрақты физикалық күйде сақталуы мүмкін.

Осыған байланысты жоғарыда көрсетілгендей жер бетінде жансыз заттардың үш күйде кездесетін   қабатын ажыратуға болады: Олар литосфера (тас қабаты лито-грекше тас, сфера шар қоршау), гадросфер - су кабаты (гидро грекше су), және атмосфералар қабаты (цитоз -ауа) осы үш қабатты бір-бірлеп және жанды заттар мен тығыз байланысын жер бетіндегі биогендік процеске - зат пен энергияның айналуына активті қатынасады. Міне сондықтан да фито, зоо, микроэкосистемалармен қатар жердің үстіңгі қабатымен шектелген атмосфераның, гидросфераның және литосфераның қабаттары экосистемалардың негізгі компоненттері болып есептеледі.

Литосфераның  ең жоғарғы беттері ағзалардың әрекет   әсерінен мүлде   өзгеріп, жаңа қасиетке ие болады.   Егер литосфера су мен желдің әсерінен,    біріншіден, үгіндікке айналса,    екіншіден организмдердің әрекеті оны жаңа түрге - топыраққа айкалдырды. Экосистемалардың өмір сүруі үшін топырақтың атқаратын қызметі ерекше. Сондықтан литосфераның жоғарғы қабаты - топырақты экосистемалардың компоненттерінің ең бастысы деп есептелінеді.

Гидросфера - тіршіліктің сұйықтық ортасы. Тіршілік алғаш рет ғалымдар суда пайда болған деп есептейді. Сондықтан да оны өмір бесігі деп атауға да болады. Экосистемаларда су жан-жақты қызмет атқарады.

Су мен оттектің негізінде тірі ағзалардағы барлық физиологиялық және биохимиялық үрдістер жүреді. Ол өмір арқауын құрайды, себебі клетканың протоплазмасында барлық заттар суда еріген. Сонымен бірге су органикалык және минералдық заттарды ерітіп, өсімдіктерді қоректенуін жеделдетеді.                                                                        

Судың ағу қасиетіне байланысты ол органикалық және минералды заттарды тасымалдауда ерекше роль аткарады. Су көптеген ағзалардың өмір ортасы. Сонымен су - табиғаттың ғажайып туындысы. Бірде-бір организмнің сусыз тіршілігі жоқ.

Гидросферадағы  су жер бетіндегі барлық мұхиттармен теңіздердің, өзеңдер мен көлдердің, мұз тауларының және жер асты сулары жатады. Оның жалпы қоры 2 миллиард текше километрге жуық. Бұл көлемінің 1370 миллион   текше километрі мұхиттарда, 400 миллион текше километрі жер астында, 30 миллион километрі мұз тауларында, 750 мың текше километрі көлдерге, 1000 текше километірі тірі ағзалар; денесінде және 1,25мың ағзалар текше километрі өзендерде жиналған. Жер бетіндегі ағзалардын денесіндегі су жер шарындағы барлық өзеңдерден судан бес есе артық. Сужануарлар салмағын 50, аң өсімдіктер салмағының 70-95 пайызындай орын алады.

Суда қарапайым  өсімдіктердің барлық типтерінің, жоғарғы сатысындағы көпшілік типтерінің, омыртқасыз жанаурлардың барлық типтерінің және омыртқалылар класының өкілдері өмір сүреді. Бұлардың кейбіреулері (балықтар, ішек қуыстылар, балдырлар, т.б. ағзалар) тек суда ғана өмір сүре алса, ал кейбіреулерінің (қос мекенділер) өмірі белгілі бір кезеңде ғана сумен байланысты. Біраз жәндіктердің (инелік, маса, сона) даму кезені де суда өтеді.

Суда өмір сүретін ағзалар бірнеше экологиялық топқа бөлінеді. Су түбінде тіршілік ететін ағзалар бентос деп аталады. Бентосқа жататын организмдер көбіне орнынан қозғалмай, басқа нәрселерге жабысып отырады немесе баяу жылжиды. Олардың көрнекті өкілдері: қос жақтаулы моллюскалар (устрица, тіссіз моллюскалар), тері тікенділер (теңіз жұлдызы, теңіз кірпілері, теңіз лилиялары), ішек қуыстылар (корслполиптері).

Ашық суда өмір сүретіндер пелагиялық ағзалар деп  аталады. Олар екіге бөлінеді. Тез қимылдап, қашық аралықтарға өз бетімен жүзіп, саяхат жасай алатын ағзалар - нектон деп аталады. Оған балықтар, көптеген бас-аяқты моллюскалар, киттер, тюлендер жатады. Су ішінде қалқып жүретін, теңіз толқыны және ағыстарымен қозғалатын кішірек жәнс қарусыз көзге көрінбейтін микроағзалар планктонға жатады.

Әсіресе, фитопланктан (өсімдіктер) мен зоопланктан (жануарлар) биосферадағы зат пен энергияның айналуында үлкен қызмет атқарады.

Мұхиттар мен теңіздердің 100 метрге дейінгі, ал экваторлық суларда 200 метрге дейінгі тереңдікте микроскоппен байқалатын кішкене балдырлар мен жәндіктер толып жүреді. Олардың салмағы кейде 1 га су айдынында 3-4 тоннаға дейін жетеді. Олар органикалық заттардың 44 пайызына дейінін құрайды, бұл 270 миллиардтай тоннаға жақын. Фитопланктанмен судағы барлық жануарлар қоректенеді. Соның ішінде олар алып киттердің де басты қорегі су түбінде, әлденеше, қозғалмайтын жануарлар өмір сүреді. Тек жағаға таяу жерлерде 50-1000 метр тереңдікке дейін жасыл балдырлар жайқалып өседі. Теңіз түбінде күн сәулесін қажет етпейтін терітікенділер, паноформоллюскалары сияқты жануарлар лайға сіңген органикалық заттармен қоректенеді. Оларды аса үлкен тереңдіктерде (10000 метрге жететін) кездестіруге болады. Әрбір шаршы сантиметрге бірнеше тоннадан салмақ қысымы түсетін бұл тереңдіктерге жанаурлардың, өмір сүруі таңғажайып құбылыс.

Су бетінің тек кейбір жерлерінде ғана жанды дүние жоқ. Мұндай сулар ағзалар тіршілік етуге өте қолайсыз. Мәселен, Палестинадағы өлі көлде ещқандай өсімдік те, жәндіктерде жоқ, себебі оның суының тұздылығы 25 процентке жетеді. Бізде Қаратеңізде 200 м тереңдіктен кейін тіршілік иелеріне кездеспейді. Оның онда өрбуіне мүмкіншіліктер жоқ Теңіз түбінен көтерілген күкіртгі сутекті газы ешкандай тіршілкке аяушылық етпейді.

Атмосфера.   Жер шарын 80 км биіктікке дейін құрамында 78 % азот, 21% оттек, 0,03 % көмір қышқыл газы, 0,04 % аргон және 0,93 % басқа газдар бар ауа қабатты қоршайды.

Атмосфера тіршілік ортасы. Ауаға тұрақты өмір сүргенмен, құрлықта тараған барлық ағзалардың тіршілігі онымен тығыз байланысты. Атмосферадан өсімдіктер күн сәулесін, оттекті және қоректікке пайдаланылатын көмір қышқыл газын алады.

Сонымен бірге  жоғары да біз көрсеткен құрамдағы ауа эволюциялық даму кезінде тірі ағзалардың әсіресе, фотосинтез процесін өткізетін жасыл өсімідіктердің әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, тірі табиғат құрғак бұл орта - жер бетіндегі тіршіліктің өмір сүруіне қажетті компоненттердің ең бастысы болып есептелінеді.

Литосфера  (барлық тірі организмге керекті минералдық элементтермен қамтамасыз ететін экосистемалардың тағы бірі ірі компоненттерінің бірі - Литосфера (тау жыныстары). Өсімдікте органикалық дүниеге енгізетін калий, кальций, азот, фосфор, күкірт, темір, марганец тағы басқа элементтер топыраққа тау жыныстарының мүжілу үрдісі арқылы қосылады.

Жердің катты  қабатының (16 км тереңдікке дейінгі химиялық құрамы әртүрлі). Онда бәрінен де оттек көп (50% жетеді). Кремний оның жартысындай, Аллюминий 7%, ал темір 4% шамасында кездеседі. Магний, калий, калыдий, натрий масса бойынша 10 % орын алса, ал қалған 80 элементтің меншігіне тек 3-3,4% қана тиеді.

Экожүйелердің звенолары Біз атап көрсеткендей, қандай да күрделі экосистема болмасын, ол үш звенодан: өндірушілер (продуценттер), тұтынушылар (консументтер), ажыратушылар (редуценттер) және өлі биосфера компоненті.

Егер қоян саны көбейсе сілеусінің азық қоры артады. Бұл ретте олар аз уақытта көбейіп кетеді. Саны артқан сілеусін тез арада-ақ қоян санын кемітіп жібереді. Іле-шала азық қоры азайған соң, олардың да саны кеміп кетеді.

Біз жекеленген түрлердің ара қатынасын алып отырмыз. Табиғат та мұндай мысалдарды кездестіру мүмкін емес, себебі жоғарыда көрсетілген қоян мен сілеусінің арақатынасына кейде есепке алуға өте қиын үлкенді-кішілі әлденеше түрлі көптеген факторлар әсер етеді: Мысалы, екі аң үшін де әр қайсысының микробтар және паразиттерден пайда болатын ауруларды қоян үшін қосымша шабындықтың шығымы ал сілеусін үшін осы өңірде басқадай ірі жыртқыштың пайда болуы және тағы басқалар. Дегенмен бұл келтірілгеннен бір экосистеманын құрамында әртүрлі андар қатар өмір сүру үшін (мысалы, жыртқыш пен оның жемі) олардың өсіп-өнуіңің белгілі мөлшерде сақталуы қажет екені анық.

Экосистемалардағы түрлер арасындағы өз ара шектеу үрдісі түрлердің есепсіз көбейіп кетуіне жол бермейді. Қолайлы жағдай туғанда ағзалардың өсу қабілеті өте үлкен, ал кей түрлерде, ол астрономиялық цифрларға жетеді. Бір жұп пілдің ұрпағы 750 жылдан кейін 19 мнллионға жететіндігін ғалым экологтар анықтады.

Әр кезде  жекелеген звеноның қайсысында болмасын, жүздеген, кейде мындаған түрлер бар. Олардың арасындағы қарым-қатынас бір-бірмен параллельді, қарама-қайшы, не шымшытырық шиленіскен бағытқа негізделінуі мүмкін. Мұндай күрделі биогеоценоздағы тұрақтылық оның өзінде компонентттердің өз ара қатынастармен шешіліп отырады.

Бұл құбылысты қалай түсінуге болады, Мысал үшін биогеоценоздағы түрлердің көлемінің өзгеруін байқап көрейік.

Әдетте жеке бір түрге жататын ағзалардың санының көбеюі екінші түрдің өркендеуіне қолайлы жағдай тудырады. Мысалы, органикалық шірінділер мен қоректенетін инфузориялықтар қаптап өсіп-өнуіне мүмкіндік жасайды. Келесі кезекте бахтерияларды қырып бітірген инфузориялар енді азықтың жетіспеуінен өледі. Осылайша инфузориялар мен бактериялардың сандық қатынасы, шашпып жағаға ұрып кейін серпіле қайтқан теңіз суларының толкындары сияқты, ырғақты бір деңгейге сақталады.

Жыл сайын тайгадағы жанғақтардың түсімінің өзгеруіне сәйкес тиін саны да, ал самырсын жаңғағының көлеміне байланысты, самырсын торғайының саны артып, я кеміп отырады. Орманда қоян мен сілеусіндердің азайып көбеюі де бір-біріне байланысты.

Ч.Дарвинді таң қалдырған. Сол сияқты алдын-ала жасалған есеп бойынша бір бақ-бақ (одуванчик) өсімдігінің ұрығы 10 жылдан кейін жер шарын жауып кетер еді, ал бір инфузория 7 жыл бойы еш кедергісіз өсіп-өнсе, оның салмағы жер шарын 10000 есе ауыр тартқан болар еді. Бірақ биосферада мұның бәрі бола бермейді. Қандайда бір түрдің саны көбейе бастаса, бірден оның өлімі артады және тұрақтануы кемиді.

Экологиялық байланыс. Өсімдіктер синтездеген органикалық заттарды бірден минералдық элементтерге айналдыру мүмкін емес. Бұл - сатылап жүретін, бір-бірімен байланысты, өте күрделі үрдіс. Эволюциялық даму кезінде органикалық заттарды түрлендіру үрдістерінің әрбір сатысында шығу тегі әртүрлі жануарлардың кейбір бөлігі бейімделген.

Жеке бір  экосистемадағы тірі ағзаларды алатын болсақ, онда жүздеген түрлі өсімдіктер мен эволюциялық дамудың әртүрлі сатысындағы жануарлардың мыңдаған түрлерін кездестіруге болады. Көзге көрінбейтін, бірақ кыруар жұмыс атқаратын бір клеткалы микроағзалар көбіне назардан тыс калады.

Экосистемадағы  байланыстар қоректік тізбек арқылы немесе хоронологиялых. байланыстар  арқылы жалғасады. Жасыл өсімдіктер Спродуценттер құрған органикалық заттармен фитофактор (бір реттегі консументтер) қоректенеді (екінші реттегі консумент азықтанады. Кейінгілердің өзі де басқа ағзаларға жем болуы мүмкін (үшінші реттегі консументтер). Бірақ бұл тәртіп продуценттер екінші реттегі консументтер арасында және сол сияқты басқа қатынастардың болуына кедергі емес.

Әрине өсімдікгер түзген барлық органикалық заттар тек фитофап арқылы биологаялық айналымға енеді деп айтуға болмайды. Оларда басым, көпшілігі маусым құбылысына байланысты негативтік бөлігі бір жылдық және көп жылдық шөптердің жер бетіндегі бөлігін, ағаштар мен бұталар жапырақтарын) жаңартып отырады. Сонымен бірге мерзімді уақыт өткеннен кейін барлық өсімдіктер де тіршілігін жояды. Жиынтығы миллиардтаған тонна болатын өсімдік жоне жануарлар қалдықтарымен қоректенетін жануарлар тобы - сапрофиттер аталады. Олардың басым көпшілігі омыртқасыз жануарлар: насекомдар, моллюскалар, құрттар, микроағзалар.

Қолданған әдебиеттер тізімі

 

1. Ж.Ж.Жатканбаев. Экология негіздері. Алматы 2003.

2.А.Жакбасова,  Г.Ә.Саинова. Экология. Алматы 2003 .

3.«Жалпы экологияның  қысқаша курсы» А.К.Бродский  

                                                                   Алматы 1997жыл.

4.«Экология»  Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева       Алматы 

                                                                   Экология  2002 ж.

5. «Экология  негіздері» З.М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев,

С.Д. Фазылов.                     Алматы  2002 ж.

 


Экожүйелердің бөліктері