Ес туралы жалпы түсінік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ес туралы жалпы түсінік.

 

 

          Жоспары: 

 

  1. Ес жөнінде түсінік.
  2. Ес теориялары.
  3. Ес түрлері.        
  4. Ес процестері.

 

1. Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз  санамыздағы біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда  қайта жаңғыртуға келетін іздер  салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған  іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді  жойып алмастан, оларды қайта  танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз  ес деп аталады.

        Сонымен ес – бір-бірімен ұштасқан дара бөліктерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.

       Жантану  ғылымы, осыдан, өз алдына келесі  мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері  қаншама уақыт сақталуы мүмкін?; есте қалдырудың ұзақ не қысқа  мерзімді болуы неліктен?;  ес  іздері қандай өзгерістерге түсуі  мүмкін?; естің адам танымына ықпалы  қандай?

       Сұрақтарға  жауап іздеуге психология өзінің  алғашқы эксперименттерін осы  ес проблемасын зерттеумен байланыстырды.  Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс  психологы Г.Эббингауз ойлаумен  байланысты болмаған таза ес  заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп  буындарын жаттай отырып, материалды  есте қалдырудың негізгі шектерін  белгіледі. Ал психиатр Э.Крепелина  аталған тәсілді психикалық ауытқуы  бар сырқаттардың есте қалдыру  (жаттау) әрекетін тексеру үшін  қолданады. Адам есінің бекуі  және қайта жаңғыруымен байланысты  негізгі заңдар Г.Э.Мюллер еңбектерінде  жария етілді.

        Алғашқы  кездегі ес зерттеулері көбіне  саналы іс-әрекетпен байланыстырылды,  ал ХІХғ. аяғы мен ХХғ.  басында  ғылыми іздену шеңбері кеңейе  түсті, енді талдау аймағына  есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей  механизмдері алынады. Бұл тұрғыдан  зерттеу жүргізген американ психологы  Торндайк жануарлардағы дағдылардың  қалыптасу заңдылықтарын ашып  берді. Бұл үшін ол жануарларды  лабиринтте жол табуға жаттықтырып,  одан қалыптасатын дағдылардың  бірізді беку процесін байқастырды.  ХХғ. алғашқы он жылдығында  ес процесін зерттеу жаңа ғылыми  формаға еніп, ол И.П.Павлов ашқан  шартты рефлекстер әдісімен байланысты  болды. Есте қалдыруға ықпал  жасаушы жаңа шартты байланыстардың  пайда болуы мен олардың сақталу  жолдары осы И.П.Павлов жаңалығына  орай белгіленді. Бұл кезеңге  дейінгі психологиялық зерттеулер  естің ең қарапайым процестерімен  ғана шектелген еді.

        Ал  естің ең жоғары, адамға өз  өмірінің қалаған кезінің жадқа  түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік  туғызатын ырықты және саналы  формалары тек философтар тарапынан  қарастырылып, олар естің табиғи  формаларына қарсы қойылады да, жоғары сананың  туындысы деп  танылады. Сондықтан да естің  жоғары формаларының пайда болуы  мен даму себептерін айқындау  философ-идеалистер күн тәртібінде  тіпті де қойылмайды. (А.Бергсон) 

        Естің  жоғары формаларының жүйелі зерттелуі  орыс ғалымы Л.С.Выготский есімімен  байланысты. Ол 20-жылдар аяғында  өз шәкірттерімен бірлікте естің  жоғары формаларының дамуы жөніндегі  мәселені қозғай отырып, олардың  әлеуметтік негізге ие психикалық  іс-әрекеттің күрделі түрі екенін  алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы  ғалымның ізбасарлары А.А.Смирнов  және П.И.Зинченко  естің саналы  іс-әрекетпен байланыстылығы жөніндегі  жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған  мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп, әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгіледі.

         Ес психологиясын зерттеудің  біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері  мен өзіндік табиғаты көпке  дейін сыр болып, философтар  мен психологтар есті «материяның  жалпы қасиеті» деуден аспады. Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл  ғылым бағытында кейбір саңлақтар  көрініс берді. Бұл кезеңдегі  зерттеулер нәтижесінде есте  қалдыру, сақтау және жаңғырту  тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен  байланысты екені анықталып, оның  РНК (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы  ауысуларға тәуелділігі дәлелденеді.

        Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті  ми аймағын табуға және есте  қалдыру мен ұмытудың жүйкелік  механизмдерін ашуға ниеттелген  зерттеулер жарық көрді. Қазіргі  күнде ес процесіне тану психологиялық,  физиологиялық және биохимиялық  негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі – біртекті  қарапайым қызметтен құралмайтыны  белгігі болып отыр. Оның құрамы  сан – алуан. П.Линдсей мен  Д.Норман естің бір-біріне ұқсамас  3 типі болатынын алға тартады:1) сезімдік әсердің тікелей, нақты  ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ  мерзімді ес.

        Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.

        1. Қолыңызды  4 саусағынызбен қағып, кейін одан  келген сезімнің қалайша өшетініне  мән беріңіз: қағу тоқтағаннан  соң да, болған қаққылау сезімі  біршама уақыт сақталып барып,  содан соң жойылады да, кейін  тек қаққы әрекеті болғаны  ғана есіңізде қалады.

        2. Көзіңізді  біраз жұма тұрып, кейін сәл  мезетте ашумен, қайта жұмыңыз.  Ашып-жұму арасында қас-қағымда   көрген заттарыныздың бейнесі  нақ күйінде көз алдыңызда  біраз сақталып, кейін жаймен  жойыла бастайды.

         3. Қалам не сұқ саусағынызды  көз алдыңызда  оңды-солды жүргізсеңіз,  қозғалған затқа оның бұлдыр  сағымы ергенін байқаймыз.

         Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандайда да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге берілген ақпарат оны құрайтын  дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданды. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.

        Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі. Жоғарыда келтірген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: бірінші - шағын уақытқа жұмыс істесе, екінші-материалдың кіші бір бөлігі ғана қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.

       Ұзақ  мерзімді еске байланысты қиыншылық  – бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал  есіміздегі мәліметтің көптігі  соншалықты, оны айғақтау мүмкін  емес. Солай болса да, сан қорымыздан  қажетті дерек дер кезінде  шыға келетініне таңданбасқа  болмайды.

       Бірақ  ұзақ мерзімді естің де аймақ  көлемінің шегі барын мойындамасқа  болмайды, себебі ол өлшем мимен  байланысты. Ғылымда дәлелдегендей,  ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір  нейрон аса көп санды ақпарат  сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір  жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді.

       2. Ес теориялары. Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген емес, өзара байланысты ”топталған не тізбектелген” (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологилық негізі – уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екінші – олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшінші- қарама-қарсылыққа негізделген констрактық ассоциациясы, төртіншісі – себеп-салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциация. Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д.Джеймс, Спенсор, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.

       Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізілген аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі-қоздырушы, екінші – тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімде не ұзақ мерзімде естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы – қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімдік ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.

      Естің биохимиялық  теорисы. Нәсілдік негізде жатқан  химиялық прпоцестер ашылумен  ғылымда сол процестің есте  қалдыруға ықпалы жоқ па деген  ой пайда болады. Әр ағза үшін  тән болған генеткалық  ақпарат  ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы)  молекулаларында шоғырланады, ал  оны тасымалдау басқа (РНК)  нуклейн қышқылының молекуласымен  орындалады. ДНК ағзаға тән әр  жаңа генетикалық есті өзінде  сақтайтындықтан, оның өзі немесе  РНК игерілген тәжірибені де  бірден бірге өткізу мүмкін  деген болжам жасалады. Эксперименттер  нәтижесіне тәнді құрайтын молекуланың  химиялық құрылымы тіршілік иесінің  тәжірибе топтауымен өзгеріске  келетіні анықталды. Бұл келесі  сұрақты туындатты: үйрету барысында  өзгерген РНК молекуласы жаңа  пайда болған дағды жөніндегі   мәліметтер өзінде сақтай ма  не сақтамай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға  үйретеді. Үйретілген жануарлардың  РНК молекуласы қабылдаған екінші  жануар (жалпақ құрт) алқашқысының  дағдысын қайталап береді.

        3. Ес түрлері. Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес болуы шарт:1) әрекеттегі басымдау болған пихикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес – қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз – логикалық болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес – ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты – қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.

 Қозғалысты  ес - әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдар осы ес түрі басқаларынан гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музыкалық шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әррекеттерінің қалыпқа түсуінде және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет пен қимылдарымызды әрдайым  жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның әрекет ептілігінен, еңбекті ұқыптылығы мен “бармағанынан өнер тамғанынан” көрінеді.

       Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл-күйіңізбен танытамыз. Осыдан, көңіл-күй есі адам іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп, есімізде сақталған сезімдер әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыныздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдік еске негізделген.

       Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есту, сипау, сезу, иістік және дәмдік  болып бөлінеді.Егер көру, есту әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт-бағдарында қалыптасқан болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерде көтерілуі мүмкін, мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңнің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі т.б.

        Сөздік-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біздің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөздік-логикалық болатыны осыдан. Біздің ойымыз әртүрлі тіл формаларымен берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазмұны жеткізуімен не сөзбе-сөз қалтықсыз қайталанумен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда оның өзгеріссіз жатталуы логикалық емес, механикалық жаттауға айналады.

       Сөздік-логикалық,  мағыналы есте басты мән екінші  сигналдық жүйеде. Сондықтан да, қарапайым формадағы  қозғалыс, бейнелі және эмоционалды естер  жануарларда да байқалатын болса,  мағыналы ес түрі адамға ғана  тән қасиет. Сөздік-логикалы ес  басқа ес және өз дамуымен  олардың жоғары деңгейге көтерілуіне  ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі  шәкірттің білім игеруі мен  топтауы, негізінен, осы мағыналық  еске байланысты.

      Іс-әрекет  мақсатында байланысты ес –  ырықты, ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске  түсіру мақсаты болмаған психикалық  процесс – ырықсыз көрініс  беріп, ал егер бұл процесс  мақсатты бағдарланған болса,  ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда  есте қалдыру мен қайта жаңғырту  арнайы мнемикалық (жаттау, еске  түсіру) әрекеттерге орай жүзеге  келеді.

       Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмір тәжірбиесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған тұрмыстық біліктеріміздің қоры қалыптысады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.

       Кейінгі   жылдары зеттеушілер назары есте  қалдырудың бастапқы кезеңіне, сыртқы  әсерлер іздері бекінгенге  дейін  өтетін процестерге аударылуда. Қандай да материал есте қалдырылуы  үшін, ол субьекті тарапынан тиісті  дәрежеде өңделіп, игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт  аралығы қажет, яғни сырттан  түскен әсерлердің басы бірігетін  уақыт. Бұл процесс – жаңа  ғана болып өткен оқиғаның  біздің субьективтік санамызда  бірден ұмытылмай, онда толғаныс  пайда етуі: болып өткен оқиға  енді жоқ болса да, біз оның  көріністерін елестетеміз, құлағымыздан  шуы кете қоймайды. Мұндай процестер  тұрақты болмайды, жойылып та  кетеді, бірақ тәжірибе топтастыру  механизмдерінің қызметінде үлкен  рөл ойнағандықтан, ол есте  қалдыру, бекіту және қайта  жаңғырту үшін қажетті естің ерекше форасы ретінде – қысқа мерзімді ес деп танылған. Бұл ес түрі, жоғарыда көрсеткендей, материалды аз уақыт аралығында ғана сақтау мүмкіншілігіне ие.

       Нақты қызметтік ес адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Осыдан екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдыңғы бөлік нәтижелері әрқайсы оз кезегімен ұмытылып, естен шығып, келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын әрекет бөліктерінің көлемі мен аумағы әртүрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала танудан бастаса, ересек адам, тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкін. Қасиеттік естің жоғары деңгейде, нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.

       4. Ес процестері.  Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы – ырықсыз, ниеттелмеген  мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу  іздерінің санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырды.

      Өмірде  кездестіргендердің көбі адам  есінде ырықсыз орнығады: төңіректегі  заттар, құбылыстар мен тұрмыстық  оқиғалар , адамдардың қылықтары,  әншейін оқыла салған кітап  мазмұны т.б., ал енді олардың  әрқайсысының жатталуы бірдей  емес. Тіпті ырықсыз есте қалдырудың  өзі де тандамалы сипатты, адамның  төңірекке қатынасының берік  не әлсіз болуынан.

       Ырықсыз  есте қалдырудан адамның алдына  мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырыта білу  керек. Мұндай есте ақпараттардың  санада бекіп қалуы ушін адам  арнайы тәсілдер қолданады, күрделі  ақыл-ой әрекетін пайдаланады.  Жаттап алуды мақсат етіп қою  маңызды рөл ойнап, ол есте  қалдыру үшін болған барша  іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Есте  қалдыру және тұрақтанған материалды  қайта жаңғыртуға бағытталған  мұндай әрекет мнемикалық әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды. Мнемикалық әрекеттің таңмалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау және жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы  сараптау – саналы  іс-әркеттің айрықша формасы болып саналады.

       Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттау тиісті шаманы, көп еңбектеніп, сан мәртке қайталауды керек етеді; мұндай  жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе бермейтіні де бар.

       Түсінімді және берік есте қалдырудың шарттары. Материалды түсініп, ұғу үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалда өзекті ой топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы – мәтіннің белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналды. Жоспар түзуге машықтану адамды оқуға, қызықтырған мәселердің ішкі байланысы мен тәртібін байқауға үйретеді. Жоспар түзіп жаттауға дағдыланған оқушылардың білімі жоспарсыз есте қалдыруға тырысқан шәкірттердің білімінен анағұрлым артық та берік болатыны сөзсіз.

       Материалды  ұғудың пайдалы әдісі – салыстыру, яғни заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындығы бір-біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны жаңа материалды оқушыларда қалыптасқан білім жүйесіне ендіріп барады.

        Материалдың  түсінімді болуы оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер мен анықтамаларды нақты, күнделікті өмірде кездесетін есептер мен мәселерді шешу, байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқылы түсіндіру қажет.

        Есте  берік қалдырудың жолы – қайталап тұру. Бұл білім, ептілік, дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындылуы тиіс: қайталау белсенді және әртүрлі болуы лазым (мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап беру схема сызу т.б.). Белсенді қайталау барысында екінші сигналдық жүйе жанданып, материалды ұғына түсінуге нәр береді.

        Есте сақтау. Адам есінде қалдырғанда біршама уақыт аралығында есте сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық және статикалық түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мезетті қызметі есте орын иеленіп, ал статикалық – ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді. Динамикалық есте сақтаудың датталған материал өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып, өңделеді.

       Тану және қайта жаңғырту. Қандай да нысанды тану сол обьекті қабылдануды адамда бұрынан қалыптасқан ес немесе қиял елестері негізінде іске асырылады.

       Тану  өзінің дәлдігі және толықтығына  орай әртүрлі дәрежеде болуы  мүмкін. Танудың ең төменгі дәрежесі  адамның алдындағы затты дәл  біле алмай, тек шырамытуынан  білінеді.

        Қайта  жаңғыртудың танудан өзгешелігі: ол танудан соң іске асады  немесе тіпті тікекелей танусыз-ақ, одан тыс жүзеге асады. Қайта  жаңғырту материал бөліктерін  өз кезегімен еске түсіру арқылы   жүргізіледі, бұл жағдайда іске  белсенді еріктік  болады.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттері:        

 

Негізгі әдебиеттер:5,8,10,17,24,26

        Қосымша әдебиеттер:3,7,9,11,14

 


Ес туралы жалпы түсінік