Есту және тепе-теңдік мүшелерінің механизмі

Марат Оспанов  атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина                  университеті

 

 

 

 

   

 

 

Тақырыбы: «Есту  және тепе-теңдік мүшелерінің механизмі»

                 

Мамандығы: Жалпы медицина

                  Дисциплина : Медициналық биофизика

                  Курс: 1______________________________________________

                

 

 

 

                                   

                                                                 

                                                                          Орындаған: (Ф.И.О) Серікқызы Р.

                                                                           Группа : 103А

                                                                          

                                                                      

                         

                                                       

                                            Ақтөбе 2013

Жоспар:

 

 

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Есту мүшесінің құрылысы (сыртқы, ішкі, ортаңғы құлақ)

2.2. Кортиев мүшесі

2.3. Дыбыстың қаттылығы

2.4. Тербелістер амплитудасы

2.5.Дыбыстың биіктігі

2.6.Дыбыстың тембрі

2.7.Дыбыстың шуы

2.8.Дыбыстың таралу жолы


2.9. Тепе-теңдік сезімі

ІІІ.Қорытынды

ІҮ.Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе


 

      Сезім мүшелері (органы чувств, сенсорные органы); (organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.

         Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты:экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.

       Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфатамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді.  

Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі — проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүшелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.

        Адамның сезім мүшесінің бірі, есту мүшесі, арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

      Бұл жұмысымда  есту және тепе-теңдік мүшелерінің  механизмі, құрылысы туралы ақпарат  беремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Құлақ (aurіs)адам мен жануарлардың есту органы.Анатомиялық құрылымына қарай құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады.

Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.

  1. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

 

Құлақтың құрылымы

 

  1. Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.
  2.     Ішкі құлақ немесе шытырмақ (лабиринт), самайдың қайыршық сүйегінің ішінде жатады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі қүрылымның арасыңда периаимфа, ал жарғақты лабиринтгің ішіңде эндолимфа (ішкі сүйық) болады.

Сүйекті лабиринт үш құрылымнан — сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (ұлудан) және жартылай дөңгелек түтіктерден — тұрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін қүрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай доңгелек түтіктер тепе-теңдік (вестибулалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта есту және тепе-тендік мүшелері орналасқан.

                Саға — кішқентай қуыс. Ол сопақша және деңгелек қапшықтарға бөлінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелек түтіктермен, ал дөңгелек қапшық — иірімді түтікпен жалғасады.

            Иірімді түтік— орталық білікті бойлай спираль тәрізді екі айнальш жасай орналасқан иірімделген құрылым. Рейснер мембранасы мен негізгі мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға — сопақша тесіктен басталатын саға өзегіне, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне және иірімді түтік өзегіне бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді түтіктің төбесінде бір-бірімен тар тесік — геликотрема арқылы жалғасады және олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді түтік өзегі эндолимфамен толады да, мүнда дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орналасады.

            Корти мушесі — күрделі құрылым. Ол негізгі мембрананың ішкі беткейін бойлай орналасқан есту жасушалары мен сүйеніш жасушалардан қүралады. Есту жасушаларының ұшында жіңішке кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқынының әсерін қабылдайды. Осы жасушалардың үстінде бір ұшы сүйекті тұлғаға жалғасқан, екінші ұшы бос жататын жабынды табақша орналасады.

Құлақ қалқаны қабылдаған дыбыс толқыны есту жолы арқылы дабыл  жарғағын тербелтеді. Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен сопақша тесікке беріліп, саға өзегіндегі перилимфаны толқытады. Одан әрі толқын геликотрема арқылы дабыл өзегіндегі сұйыққа тарайды. Осы толқын әсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған бекіген есту жасушаларының түктері жабынды мембранамен түйіседі де, бұл жасушаларда қозу пайда болады. Қозу үрдісі ұлу жуйкесінің ұштарынан есту жүйкесіне беріледі де, одан әрі есту жолымен сопақша ми, аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орналасқан есту талдағышының қыртыстық бөліміне беріледі.

       Дыбыс қоздырғыш толқындарын сезу – күрделі құбылыс. Ауадағы дыбыс толқындары құлақ қалқанымен ұсталып, сыртқы дыбыс жолымен өтіп, дабыл жарғағын тербелісе келтіреді.Одан дабыл жарғағында пайда болған тербелісті ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектері күшейтіп, оны сопақ тесіктің жарғақшасына жеткізеді. Сүйектер дабыл жарғағына қарағанда сопақ тесіктің жарғақшасының тербелу шегін азайтумен қатар, тербелудің күшін (шамамен 50есе) арттырады. Егер дыбыс өте жоғары болса, онда арнайы бұлшық еттер дабыл жарғағын және сопақ тесік жарғағының керілуін үлкейтеді. Осының нәтижесінде жарғақ тербеліп, оны жарылып кетуден сақтайды.

     Сопақ тесік  жарғағының тербелуі иірім түтіктің  сағасына жетеді. Мұнан пайда  болған тербелу ішкі құлақтағы  перилимфа мен эндолимфаны қозғалысқа  келтіреді. Осыдан кортиев мүшесінің  жарғақшасы қозғалысқа түседі, оның  үстіндегі есту түкті клеткалары – рецепторлар қозғалады да, оларда қозу туғызады. Бұл қозу үлкен ми сыңарлары қыртысындағы есту аймағына өткізгіш жүйке арқылы жеткенде дыбысты сеземіз. Дыбыстың қаттылығын, сипатын, күшін, жағымды не зиянды әсерін анықтай аламыз.

Дыбыс толқынының таралу жолы: Дыбыс толқыны —» дабыл жарғағының тербелісі —» есту сүйекшелерінің тербелісі —» ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі —» есту рецепторының тітіркенуі —» жүйке қозу толқынының пайда болуы.

        

Дыбыстың қаттылығы


Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон — доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.

Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

Камертонның бір тармағын таяқшамен  ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонның екі тармағы да тербеліп, қоршаған ауада дыбыс толқынын тудырады. Енді оның тармақтарының біріне инені  бекітейік, осыдан кейін оның ине  бекітілген тармағын қарайтылған әйнек  үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып  тұрған камертонның гармоникалық (синусоидалық) тербелісінің графигін аламыз. Гармоникалық тербеліс —тербелістердің ең қарапайым  түрі болып табылады, сондықтан камертонның  гармоникалық дыбысын да қарапайым  дыбыс деп санаймыз. Әдетте, мектеп камертондары бірінші октаваның "ля" нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.

Камертонды таяқшамен неғұрлым қаттырақ ұрсақ, ол соғұрлым қаттырақ дыбыс шығарады және камертонның  тармақтары едәуір үлкендеу амплитудамен тербелетін болады. Камертонды ақырын ұру — амплитудасы кіші тербеліс тудырады, бұл кезде бәсең дыбыс  шығады.

Демек, дыбыс қаттылығы  дыбыс шығаратын дененің тербелістер  амплитудасымен анықталады.

Тербелістер амплитудасы


Дыбыс көзінің шығаратын энергиясы  дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Демек, дыбыс қаттылығы  да тербеліс энергиясына байланысты болады. Алайда біз дыбыс туралы айтқанда, оларды энергия шамасымен  бағалауымыз өте қолайсыз. Біздің құлақ жарғағымызға жететін ең қатты  дыбыстардың (құлақты ауыртатын) энергиясы  адам қабылдай алатын ең бәсең дыбыстардың  энергиясынан он триллион есе артық  болады.

Оның үстіне, дыбыс қаттылығы  мен тербеліс энергиясы арасында тура пропорционалды байланыс жоқ. Өйткені  адам құлағы әртүрлі жиіліктегі дыбыстарды бірдей қабылдамайды. Дыбыстардың тербеліс энергиясы бірдей болған жағдайда, біз жиілігі 1000—5000 Гц аралығындағы дыбыстарды жақсырақ қабылдайды екенбіз. Сонымен қатар әр адам дыбыстарды түрліше қабылдайды. Мысалы, қандай да бір дыбысты бір адам қатты, ал екінші адам ақырын деп қабылдауы  мүмкін. Құлақ ішіндегі дабыл жарғағының дыбысты сезу қабілеттілігі жастың ұлғаюымен де кеми түседі. Бұл кезде  есту диапазонының төменгі шегі жоғарылап, жоғарғысы кемиді. Демек, қаттылық дыбыстың субьективті сипаттамасы болып  табылады.

Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу  үшін логарифмдік шкала бекітілген. 16 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейінгі адамдар  қабылдайтын дыбыстар диапазоны 0-ден 140 дБ-ге дейінгі шектегі логарифмдік  шкалада қамтылып беріледі. Децибел (дБ) — 1847—1922 жылдары өмір сүрген, телефонды  ойлап тапқан американдық өнертапқыш А. Бельдің құрметіне бел (Б) деп  аталған қаттылық бірлігінің ондық  үлесі, яғни 1 бел 10 децибелге тең.

Осылай, мысалы, ұшақ қозғалтқышы гуілінің энергиясы жапырақ сыбдырыныкінен 1012 есе көп, ал дыбыс қаттылығы  бойынша ұшақ қозғалтқышы гуілінікі 120 дБ, жапырақ 118 сыбдырыныкі 10 дБ шамасында  болады. 180дБ-ден артық болатын  дыбыс құлақ жарғағын зақымдауы  мүмкін.

Дыбыстың биіктігі


Дыбыстың биіктігі неге тәуелді  болатынын анықтау үшін екі камертон алып, оларды дыбыс шығаруға мәжбүр етеді. Егер олардың тербеліс графиктерін  салса, онда кішірек камертонның  тербеліс жиілігі үлкенірек камертондыкінен  көп болатынын байқауға болады. Демек, дыбыс биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.

Бұл қорытындыны дыбыс генераторынан (1), дыбыс зорайтқыштан (2) және осциллографтан тұратын құрылғының көмегімен де тексеруге болады. Дыбыс генераторындағы  айнымалы кернеудің жиілігін, яғни оған сәйкес дыбыс зорайтқыш шығаратын  дыбыс толқынының жиілігін өзгерту  арқылы әртүрлі биіктіктегі дыбысты  естуге болады. Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқының басқаша тон деп атайды. Сондықтан көбінесе дыбыс биіктігін дыбыс тоны деп айтады. Біз еститін дыбыстар тон биіктігімен ерекшеленетін болады. Жиілігі аз дыбысқа төмен тон, ал жиілігі жоғары дыбысқа биігірек тон сәйкес келеді.Сонымен, тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.

Адам дауысын тон биіктігі бойынша  бірнеше диапазонға бөледі: бас (80—150 Гц), баритон (110—149Гц), тенор (130—520Гц), дискант (260—1050 Гц), колоратуралық сопрано (1400 Гц-ке дейін).

Дыбыстың тембірі


Дыбыстың тағы да бір маңызды  сипаттамасы — оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша, оның тембірі  болып табылады.

Тембр — адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.

Дыбыстың тембрі бойынша біз  кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнап жатқанын анықтай  аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша  дыбыс көзі анықталады. Мысалы, қаттылығы  да, жиілігі де бірдей дыбыстардың  әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні түрліше шығады, бірдей нота түрліше орындалады.

Денелердің гармоникалық тербелістері синусоидалық толқындар деп аталатын толқындарды туғызады. Алайда нақты  дыбыстың белгілі бір жиілігі  бар тербеліс жасауы өте сирек  кездеседі.

Әдетте, дыбыс көзінің тербелісі  кезінде пайда болатын толқындардың пішіні күрделі болып келеді.

Бұл суретте көрсетілген микрофоннан (1), дыбыс зорайтқыштан (2) және осциллографтан (3) тұратын қондырғының көмегімен  әр-түрлі дыбыстардың осциллограммасын алуға болады. Егер микрофонның алдында тұрып, қандай да бір әуенді айтсақ, осциллографтың экранында күрделі, бірақ периодты қисықты байқауға болады (108 а, ә-сурет). Мұндай күрделі музыкалық дыбыс әр-түрлі жиіліктегі гармоникалық тербелістердің қосындысы түрінде қарастырылады.

Осындай күрделі дыбыстың ең төменгі  жиілігі негізгі жиілік, ал оған сәйкес келетін белгілі бір биіктіктегі дыбыс негізгі тон деп аталады. Күрделі дыбыстың биіктігі дәл осы негізгі тонның биіктігімен анықталады. Осы тон бойынша адамдардың даусы, аспаптардың дыбыстары жоғары немесе төмен болады.

Әдетте, негізгі тонға обвртондар немесе гармоникалар деп аталатын қосымша жиіліктер ілесе жүреді. Обертондардың жиілігі негізгі жиіліктен екі, үш және т.с.с. есе артық болады.

Жиілігі мен амплитудасы әртүрлі  қосымша толқындардың негізгі тонмен ілесе жүруі әрбір музыкалық  аспаптың ерекшелігін анықтайды. 109-суретте  әртүрлі екі аспапта орындалған бір нотаның тербелістері көрсетілген.

Негізгі тонға обертондар неғұрлым көбірек қосылған болса, әрбір обертонның күшіне байланысты дыбыс тембрі де соғұрлым әр алуан болып келеді. Әсіресе әншілердің даусы, скрипка  үні обертондарға бай.

Дыбыстың шуы


Әртүрлі шулардың музыкалық дыбыстардан  ерекшелігі сол — оларға қандай да бір белгілі тербеліс жиілігі  сәйкес келмейді.

Шу—әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың  ретсіз қабаттасуы болып табылады.

Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дауысы, судың сәл шалпылы  сияқты шулар адамға жағымды естіледі. Алайда дыбыстардың мұндай табиғи үнін үлкен елді мекендер мен қалаларда  өнеркәсіп, көлік және т.б. шулары басып  тастауда. Мысалы, өнеркәсіп шуының қаттылық деңгейі кейбір өндіріс  орындарында 90 дБ-ге жетеді және одан да жоғары болуы мүмкін. Тұрмыстық; техника  деп аталатын шулардың жаңа көздері  пайда бола бастаған біздің үйімізде де тыныштық жоқ.

Адамды қалыпты күйінен шығаратын  шу — кез шағылыстыратын жарықтан, улы газдан, күйіп қалудан туындайтын салдар сияқты зиянды әсер етеді.

Шуға бұрын көп көңіл бөлінбейтін, ол өркениет пен техника дамуымен ілесе жүретін салдар ретінде  түсінілетін. Алайда қазіргі кезде  шу адам денсаулығына кері әсерін тигізе бастады. Шу деңгейінің жоғары болуы  құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатады  және оның организмнің жүйке-психологиялық  әрекетіне тигізетін зияны өте  зор, оның байқаусыз әсері шу ауруына  әкелуі мүмкін.

Адамды шудың теріс ықпалынан  қорғау үшін денсаулық сақтау мекемелері шудың шекті деңгейінің сындық санитарлық нормаларын бекіткен. Осы нормаларға сәйкес шудың қаттылық деңгейі 30—40 дБ-ден артпауы тиіс.

       

        Тепе-теңдік сезімі. Көру мүшесінен кейін дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтайтын мүшеге вестибула рецепторы жатады. Барлық рецепторлар ішінде вестибула мүшесі-адам ұрығының ең алғашқы өсіп жетілетін рецептор. Әр вестибула мүшесі өз жағының бұлшық еттерінің ширығуын басқарып отырады. Сондықтан, мысалы, сол жақ құлақ вестибула мүшесі бұзылса, онда дененің екінші жағы басым болып, адам басы оң жаққа қарай бұрылады. Вестибула мүшесінің ұшқыштар жұмысында, ғарышқа ұшқанда салмақсыздық жағдайында, парашютпен секіргенде, таудағы спортта, суда жүзгенде, велосипед коньки тепкенде маңызы зор.

Вестибула – ішкі құлақта  орналасқан, өте күрделі құрылысты  мүше. Ол сағалық бөлімнен және үш жазықтықтан, өзара перпендикуляр орналасқан үш доға қуыстан құрылған. Доға қуыстары эндолимфамен толы. Сағалық эндолимфада  екі дорбашық-дөңгелек және сопақ  дорбашықтар болад. Ол дорбашықтарда  әктелген ұсақ тастар-статолиттер бар. Дөңгелек және сопақ дорбашықтар  түкті рецептор клеткаларына тиіп жатады. Басты бір жаққа қисайтқанда  немесе дене кеңістіктегі жылдамдығын  өзгерткенде, төмен тарту салмақ күшінің және күштің ортадан тебуінің өзгеруімен байланысты дорбашықтарда қозу пайда болады. Дененің еңкеюін дорбашықтардан басқа буынның сіңірлеріндегі рецепторлар, әсіресе мойын бұлшық еттері, терідегі рецепторлар жақсы сезеді. Доға қуыстары жылдамдықтан немесе бір кеңістіктегі баяу айналу қозғалысынан және бұрыштық жылдамдықтан қозады. Вестибула мүшесінің қозуы жоғары болса, бас айналады. Ұзақ уақыт дөңгеленгеннен кейін көз жыпылықтап, мезгіл-мезгіл тартады. Есту жүйкесі құрамына вестибула жүйкесі кіреді.  Есту жүйкесі сопақша мимен байланысты болғандықтан вестибула мүшесіне әсерін тигізеді. Оның тым күшті қозуынан жүрек жылдам немесе жай соғады, тыныс алу өзгереді, қан тамырлары тарылады немесе кеңейеді, қанның қысымы не жоғарылайды не төмендейді. Мұндай жағдай ұшақпен ұшқанда, теңізде жүзгенде, алтыбақан тепкенде, әр түрлі көлікпен жүргенде, кейбір дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда байқалады. Осындай қолайсыз жағдайлардан үздіксіз жаттығу нәтижесінде құтылуға болады. Вестибула мүшесінің ең негізгі жаттығуы: басты шайқау, гимнастикамен, бокспен шұғылдану, суда жүзу, алтыбақан тебу, секіру суға секіру,т.б. Вестибула мүшесінің және вестибула анализаторы (ми қыртысындағы) аймағының жаттығуымен қатар үлкен ми сыңарлары қыртысындағы көру, тері және проприорецепторлық аймақтар да жаттығады. Мұндай жаттығулардың еңбек қабілетін дамытуда және спортта маңызы зор.

Құлаққаптар. Олардың есту қабілетіне әсері қандай?

Әуен  бір естіліп, бір естілмейді...Құлаққаптардың біздің есту қабілетімізге әсерін білу үшін, алдымен әр түрлі дыбыстарды қалай қабылдайтынымызды білуіміз керек. «Біздің есту қабілетіміз - бұл мидың белгілі бір орталықтары дыбыс ретінде қабылдайтын электр сигналдары» - дейді  м.ғ.д. және жоғары категориялы оториноларинголог, И.М. Сеченов атындағы құлақ, мұрын және тамақ ауруларының клиникасы ғалымдары. «Электр сигналдары ішкі құлақта кортиев органының сезімтал жасушаларының тербелістері арқылы жасап шығарылады (оларды кез келген шу жасайды), олар құлақ жарғағы және есту сүйектерінің тізбектері арқылы беріледі. Өте қатты ауытқулар (яғни қатты шу), сезімтал жасушалардың өлуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сол себепті есту қабілеті де төмендейді». Сондықтан өлеңдерді қатты шығарып тыңдау зиян. Және де құлаққап арқылы әуенмен рахаттану жай тыңдағаннан ауырырақ.            Дені сау, құлаққапты пайдалану арқылы өзіне қиянат жасамайтын адамдардың, есту қабілетінің жастық өзгерісі шамамен 30 жастан кейін басталады. Сонда да, аз мөлшерде өзгереді. Елеулі өзгерістер 55-60 жаста байқалады. 1979 жылға дейін мұндай нашарлау қарқыны Жер тұрғындарының 80%-на тән болған (қалған  20%-ы есту қабілетін бұрын-соңды ауырғандықтан немесе келеңсіз жағдайға байланысты жоғалтқандар). Алайда жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының соңына қарай Жапонияда шағын плеер ойлап табылған соң, құлақ мүкістігінің орын алуы көбейді. Өйткені құлаққап арқылы сүйікті әуендерді тәулік бойы тыңдауға мүмкіндік туды. «Табиғат құлақты қатты дыбыстардан сақтаудың арнайы механизмін алдын ала ойластырып қойған» - деп түсіндіреді жоғары категориялы оториноларинголог, м.ғ.д. Юрий Русецкий – «Бұл қатты тербеліс нәтижесінде қатайып, есту сүйектерінің қозғалысын шектейтін бұлшық еттер». Бірақ бұлшық еттердің қатты дыбыстарға қарсы қорғанысы бір сағаттан артық қатайғаннан кейін әлсірейді. Сондықтан адам 60 минут бойы үздіксіз құлаққапты пайдаланса, есту қабілетінің нашарлайтыны сөзсіз.

Не істеу керек?

Құлаққаптан біржола бас тартудың қажеті жоқ. Тек келесі сақтық шараларын сақтасаңыз болғаны:

  • Құлаққапты 1 сағаттан артық уақыт қолданбаңыз. Жалпы, тәулігіне 2 сағаттан артық бұл құралмен әуен тыңдамаңыз.
  • Дыбыстың ең жоғарғы шегі ретінде 80 децибелл белгіленген. Одан қатты шығып тұрған дыбыс есту қабілетіне кері әсер етеді. Өзіңіз үшін әуенді 60 децибелден асырмай тыңдауға тырысыңыз (бұл орташа плеердің барлық дыбысының 60 пайызы).  
  • Тамшы пішінді құлаққаптан бас тартыңыз. Олардың дыбысы үлкен құлаққаптардан қаттырақ шығады (яғни зияны көп).
  • Құлаққап арқылы ән тыңдап отырып, алкогольді ішімдік ішпеңіз – олар қатты дыбыстың есту қабілетіңізге әсерін арттырады.
  • Қоғамдық көлік шуын естімеу үшін әуен дыбысын шығармаңыз. Айналадағы шу құлаққап арқылы да естілсе, ол 100 децибелді құрайды деп есептеледі. Ал дыбысты шығару арқылы сіз қауіпсіз шектен асып кетесіз.   

Алаңдау негіздері

Біз есту қабілетіміздің нашарлауын байқамаймыз. Бірақ ерекше қауіпті жағдайда ағзамыз бізге белгі береді. Сонымен, қауіпті белгілер:

1. Құлағыңыз жүйелі түрде шыңылдайды;

2. Айналадағы дыбыстар бәсең естіледі; 

3. Шулы кабинеттерде сөйлесіп тұрған адамды түсіне алмайсыз;

4. Жай шығып тұрған дыбыстар қатты естіледі. Мысалы, қаламның қағазды сызып жазып отырған секілді естілуі.

Өз денсаулығыңыз үшін жаман әдеттерден құтылыңыз.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Қорыта келе, адам есту мүшесі  арқылы айналасындағы дыбысты  естиді. Адамның сөз сөйлеп, өзара  қарым-қатынас жасауында есту  мүшесінің маңызы зор. Есту  мүшесінен түскен ақпараттар  ішкі мүшелердің қызметіне әсер  етіп, оларды реттеуге қатысады. Адамды қауіптен сақтауда бұл  ақпараттардың маңызы үлкен. Есту  мүшесін дыбыс қоздырады. Дыбыс  есту мүшесінің рецепторлары  арқылы жүйке қозуына айналады. Одан соң қозу орталық жүйке  жүйесіне жеткізіледі, айналадағы  ортада болып жатқан жағдайларды  хабарлайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер


 

      1. “Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том
      2. «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газеті, 10 сәуір 2012ж
      3. Медициналық биофизика мен медтехникалар бойынша лабораториялық практикум. Оқу құралы/Ү.А.Байзақ, Қ.Ж.Құдабаев. – Алматы:Эверо.2011ж-304б.
      4. Медициналық биофизика. Оқулық.-Алматы:Қарасай,2008.-224б.
      5. Интернет желісі

Есту және тепе-теңдік мүшелерінің механизмі