Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері
І. КІРІСПЕ
ІІ. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ
- Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері
1.1Германияның салық жүйесі
1.2Ұлыбританияның салық жүйесі
1.3Францияның салық жүйесі
1.4Италияның салық жүйесі
1.5Испанияның салық жүйесі
1.6Швецияның салық жүйесі
1.7Ресей Федерациясының салық жүйесі
2 АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі
2.1Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері
2.2 Канаданың салық жүйесі
2.3 Жапонияның салық жүйесі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі кездегі бүкіл әлемде салық саясатының жүргізіліп, оны жетілдіру жолындағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны мәлім. Себебі осындай саясатты жүргізіп келе жатқан мемлекеттер соның ішінде біздің де мемлекет, осыған сәйкес жүзеге асырылып жатқан іс әрекетті қолдаушылардың көптігі және бұл дүние жүзіндегі көптеген елдердің әлі күнге дейін нақты салықтарға байланысты тиімді әдіс ретінде қолдану болып отыр. Сол себепті бұл саясаттың әлі күнге дейін тиімді шешімін таба алмай отырғандығымен анықталады. Бұл саясаттың шет елдердегі салық жүйесіне қатысты көзқарас қандай екен деген сұрақтың тууы заңды құбылыс. Бұл сұраққа мәселенің күрделілігіне байланысты бірден жауап беру оңай емес және объективті болу үшін елдердегі салық жүйесінің жағдайына Қазақстандық салық салу жүесіне салыстырмалы талдау жүргізе отырып, олардың салық төлеушілер тұлғасына әсер ету салдарын бағалай білген жөн.
Мақсаты – бұл Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін дүние жүзіндегі дамыған елдердің қазіргі таңдағы құқық саласындағы салық заңнамаларының негізінде құрылған салық жүйесінің нақты мән жайларын ашып, олардың осы күнгі басқа да шет елдерінің салық салу аясындағы функцияларын салыстырмалы түрде ашып көрсету.
Тақырып міндеттері болып, жалпы әлемдік тәжірибені қолдана отырып, шет мемлекеттердің салық жүйесін нақты түрде қандай дәрежеде тұрғанын айқындап, оны жетілдіруде алдыда тұрған проблемаларды шешу.
Зерттелу деңгейі – бұл тақырыпта нақты және ашық түрде көрсетіліп, баяндалады. Яғни салық жүйесіндегі шет елдердің құрылу, жұмыс жасау процесстері және даму тенденциялары ескеріледі. Сонымен қатар бұл тақырыпта шет елдердің әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, өзіміздің Қазақстандық салық салу жүйесіндегі деңгейді көрсету.
Салықтар
– мемлекеттік бюжетті
Курстық
жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады.
Олар кіріспе, негізгі бөлім және
қорытынды бөлім. Негізгі бөлімнің
өзінде маңызды екі сұрақ
Бірінші бөлімде, Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оны ұйымдастыру жолдары жайлы ақпарат берілген. Соңғы жылдардағы салық жүйесінің дамуы, қандай өзгерістер болғаны көрсетіледі. Жалпы бұл сұрақта екі бөлімге бөлінген. Біріншісінде, салық жүйесі туралы жалпы ұғым беріледі, ал екіншісінде Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі жайлы ақпарат беріледі. Салық органдарының негізгі міндеті болып бюджетке салық төлемдерінің толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекет алдында салық заңымен тіркелген басқа қаржы міндеттері уақытында орындалуы.
Негізгі бөлімнің екінші сұрағы бойынша шет мемлекеттерінің салық жүйесі көрсетіледі. Оның өзі жалпы алғанда әлемдегі елдердің нағыз алпауыт мемлекеттер орналасқан Еуропаның және АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі жайлы тақырып қозғалады. Нақты айтар болсақ Еуропадағы – бұл Германия, Франция, Италия, Испания, Швеция, Ұлыбритания және Ресей Федерациясының салық жүйесі көрсетіледі. Бұл бөлімде осы аталмыш мемлекеттердің салық заңнамасы бойынша нақты салық жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, оны қандай мемлекеттік органдар іске асырады және жалпы елде қандай салықтар бар екендігі ескеріледі.
Біздің жас Тәуелсіз, Егемен мемлекетіміз фискалдық саясатқа алғашқы қадамдарын жасауда, яғни салық салу жүйесінің нақты қалыптасып, орын алуы мемлекеттің салықтық заңдылығынын сәттілігіне байланысты. Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық денгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Курстық
жұмыстың қорытынды бөлімінде, жалпы
салықтардың қажеттілігі, маңыздылығы
және пайдасы туралы ой тұжырымдалады.
Олардың әлемдік шет
ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ
1 Еуропаның салық жүйесі және оның ерекшеліктері
Еуропаның салықтық құқығы негізінен
алғанда Еуропалық
Еуропалық салықтық құқық Еуропадағы салықтар мен салық салу және кеден мәселелеріне байланысты туындайтын айрықша қатынастарды реттейтін интеграциялық және мүше мемлекеттердің салықтық құқықтарының жиынтығы болып табылады.
Еуропалық салықтық құқықтың құрамдас бөлігі интеграциялық салықтык күкықтың Еуропа қоғамдастығының құқық жүйесінде алатын орны осы қоғамдастықтың салық саясатымен айқындалады, сондай-ақ оның дерек көздерінің қатарына регламенттер, директивалар, шешімдер, құрылтайлық шарттар, Еуропалық қоғамдастық Сотының шешімдері және халықаралық салықтық шарттар жатады. Еуропалық салық салу жүйесінің негізгі принциптері ретінде демократиялылық принципін, құқықтық плюрализм принципін, адам құқығы мен бостандығының басымдылығы принципі, ЕО құқықтарының басымдылығы принципі, салық салу аясындағы қарым-қатынастардың икемділігі принципін атап өтуге болады[3,48б].
Салықтық құқықтың жүйесі – мемлекеттің салықтық қызметі саласында туындайтын салықтық қатынастарды реттеуге ат салысатын салықтық – құқықтық нормалардың өзара қарым қатынаста бола отырып жүйеленуін және бірігуін, сондай-ақ қисынды түрде белгіленген тәртіппен орналасуын көрсететін салықтық құқықтың ішкі құрылысы[4,248б].
«Салықтар – бұл үкіметтік машинаның экономикалық негізі, және басқа еш нәрсе емес»[5,170б].
1.1Германияның салық жүйесі
Германия екі деңгейге бөлінген мемлекеттік билігі бар федеративтік мемлекет болып табылады. Осыған орай оның салық салу жүйесі федерацияның, федерация мүшелері – жерлердің және осы жерлердің құрамдас бөлігі болып есептелінетін қоғамдастықтардың мүдделерін (бюджеттерін) көздей отырып құрылғанын байқаймыз. Сонымен, Германияның салық жүйесі жалпы, федералдық салықтар мен жерлердің және қоғамдастықтардың салықтарынан тұрады. Жалпы салықтарға: еңбек ақыға салынатын табыс салығы; декларация бойынша төленетін табыс салығы; корпорациялық салық; капиталдан алынатын табыстарға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; импорт айналымынан алынатын салық жатады.
Федералдық салықтарға: мұнай өнімдерінен, темекіден, спирт және арак өнімдерінен алынатын акциздер; сақтандыру салығы; жерлердің салықтарына: автомобиль иелерінен алынатын салық; мүлік салығы; сырадан алынатын акциз; шіркеулік салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; қоғамдастықтардың салықтарына: жер салығы; кәсіпқойлық салық жатады.
Германияның салық жүйесінің ұтымдылығынын жарқын көрінісі ретінде мына келесідей жәйтті атап өтуге болады: салықтық кірістері айтарлықтай мол Бавария, Вюртемберг, солтүстік Рейн - Вестфалия жерлері онша дами қоймаған Саксония, Шлезвиг - Гольштейн жерлеріне өз қаржылық ресурстарының бір бөлігін әрдайым беріп отырады. Сонымен, Герма-ниядағы салықтар мына: жеке тұлғаларға салынатын салық; корпорацияларға салынатын салық; қосылған кұнға салынатын салық; мүлікке салынатын салық; жер салығы; жер учаскесін сатып алу кезінде төленетін салық; сақтандыру жарналары; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; автомобильдік салық; кофеге, қантқа, минералдық майларға, арақ, шарап және темекі өнімдеріне салынатын акциздер; Германия аумағында мұнай және газ өндіруді дамыту үшін алынатын кедендік баждар мен алымдар, әлеуметтік сақтандыру қорына алынатын жарналар сияқты негізгі түрлерге бөлінеді.
Салық салу туралы зандар шығару, салықтарды алу және салықтық түсімдерді пайдалану процестері Германияның Конституциясымен реттелінеді. Федералдық билік органдарына кедендік баждар мен қаржылық монополияларға қатысты заңдарды шығаруға байланысты айрықша құқық берілген. Қалған салықтар мен алымдар бойынша бәсекелесу зандары шығарылады. Осы зандарды шығару барысында кәсіпқойлық және жер салықтарына мұқият назар аударылады. Салықтарды алу жөніндегі әкімшілік құзыреттер Бас кедендік басқармаларға және қаржылық басқармаларға бөлініп берілген.
Осы Бас кедендік басқармалар өз қызметтерін федералдық және Еуропалық қоғамдастық ауқымында жүзеге асыратын федералдық қаржылық органдар болып табылады.
Ал қаржылық басқармалар жергілікті деңгейдегі салықтар мен кейбір федерациялық салықтарды алуға ат салысады[6,24б].
1.2Ұлыбританияның салық жүйесі
Өткен жүзжылдықта қалыптасып, құрылған Ұлыбританияның салық жүйесі 1973 және 1987 жылдары реформалауға ұшыраған болатын. Осы салықтық реформаларды құрайтын негізгі шараларға: жеке табыс салығының төменгі ставкасын 27-ден 20 процентке дейін төмендету; тұрғылықты халыққа салынатын табыс салығын 20, 24 және 40 процент ставкалар мөлшерінде алу; ерлі - зайыптылардың табыстарына бөлек салық салуды енгізу және т.б. жатқызылған еді. Ұлыбританияның қазіргі кездегі салық жүйесіндегі салықтар (өз деңгейлеріне орай):
Орталық салықтар: тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығы; корпорацияға салынатын табыс салығы; мұнайдан түсетін табысқа салынатын салық; мұраға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; елтанбалық, алым; баждар және акциздер.
Жергілікті салықтар жылжымайтын мүліктерге: зауыттар мен фабрикаларға, жер учаскелеріне, тұрғын үйлерге, дүкендерге және мекемелерге салынатын салықтардан тұрады.
Ұлыбританияның салықтық зандарының негізі ретінде: 1970 жылғы халықтан және корпорациялардан алынатын табыс салығына қатысты заң актісін, 1979 жылғы қосылған құнға салынатын салыққа қатысты актіні және 1996 жылғы корпорациядан алынатын салыққа қатысты актіні атап көрсетуге болады. Британия парламентінің заң шығарушылық билігі және осыған орай салықтық құзыреті Англияға, Уэльске, Шотландияға және Солтүстік Ирландияға таралады. Ұлыбританияның Үкіметі мен Қазынашылығы салық жүйесін басқаруды жүзеге асырады.
Ал салық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру міндеті үкімет департаменттері: Ішкі кірістер басқармасы мен баждар және акциздер басқармасына жүктелген. Бұл жерде айта кететін бір қызықты жәйт, елтаңбалық алым ең көне (ескі) салықтар қатарына жатады, себебі ол салық салу жүйесіне 1694 жылы енгізілген болатын.
1.3Францияның салық жүйесі
Францияның салық жүйесіндегі салықтар табыс салықтары тұтынуға салынатын салықтар және капиталға салынатын салықтар болып аса ірі үш топқа бөлінеді. Сонымен қатар Франциядағы салық салу көбінесе тұтынуға салынатын салыққа бағытталған. Сондықтан Франциядағы фискалдық жүйедегі тікелей салық салудың деңгейі төмен, ал жанама салықтардың деңгейі аса жоғары болып табылады.
Францияның салық жүйесінің негізін құрайтын салықтар орталық және жергілікті салықтар болып бөлінеді. Негізгі орталық салықтарға мыналар: қосылған құнға салынатын салық; ақшалай капиталдардын табысына салынатын салық; жылжымайтын мүліктерден түскен пайдаларға салынатын салық; акционерлік компаниялардың пайдаларына салынатын салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; капиталдың өсімінен алынатын салық; елтаңбалық және тіркеу алымы; тіркеу салығы (алымы) жатады.
Жергілікті салықтар жүйесіне мына келесідей салықтар мен алымдар: тұрғын үйге салынатын салық; кәсіптік салық; жер салығы; құрылыс салынған учаскелерден алынатын жер салығы; құрал - жабдықтарға салынатын арнайы (косымша) салықтар; тұрмыстық қоқьістарды жою үшін алынатын салық; рудниктерге салынатын департаменттік және коммуналдық салықтар; ауыл - шаруашылығы палатасын ұстауға алынатын баж; сауда - өнеркәсіп палатасын ұстауға алынатын баж; автокөлік құралдарынан алынатын баж; көгалдандыру үшін салынатын салық енгізілген.
Бүгінде Францияның салық жүйесі үш әкімшілік аумақтық бірліктер жүйесін қамтиды. Оларға регион, департамент және коммуна жүйесі жатады. Әрбір регион, департамент немесе коммуна өз ерекшеліктері мен мұқтаждыктарына сай қосымша салықтар енгізуге құқылы. Мәселен, Иль-де-Франс регионында құрал - жабдықтарға салынатын арнаулы салық бұрыннан белгіленсе, әкімшілік аумақтық бірліктердің (ӘАБ) басшылары осы салықты Эссон, О-де-Сен, Сен-э-Марнь, Сен-Дени, Валь-де-Марн, Валь-де-Уаз және Эвелин департаменттерінде енгізе алады, сондай -ақ осы жәйттер Кальвадос, Ор, Сен-Ма-ритин, Басс - Сен, Мерт-э-Мозеле, Басс-Ран, О-Ранн аумақта-рында да әртүрлі негіздерге байланысты қарастырылуы мүмкін.
Франциядағы салық жүйесін басқаруды жүзеге асыратын бірден-бір орган Экономика және Қаржы министрлігі болып табылады.
1.4Италияның салық жүйесі
Италияның салық жүйесінін айтарлықтай өзгеріске ұшырап, жаңадан қалыптасуы 1973 - 1974 жылдары көрініс тапқан еді және ол жанама салықтардан гөрі тікелей салықтардың, басымдылығымен ерекшеленген болатын.
Қазіргі кезде Италияның салық жүйесінің құрылымындағы салықтарға мыналар: жеке түлғалардан алынатын табыс салығы; заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы; жергілікті табыс салығы; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; арнаулы акциздер; іскерлік операциялардан алынатын салық (елтаңбалық салық; тіркеу салығы; концессиялық, салық); жерді иеленгені үшін алынатын салық; жылжымайтын мүлік құнының ұлғаюына салынатын салық; жарнамаға салынатын салық; көлік құралдарына салынатын салық; қоғамдық алаңдарды пайдаланғаны үшін салынатын салық; жергілікті лицензиялық алымдар; мектептік салықтық алым және т.б. жатады
Корпорациялық табыс салығының ставкасы бірыңғай 36 процент, ал жергілікті табыс салығының ставкасы 16,2 процент мөлшерінде белгіленген. Италиядағы салық салу жүйесі салық кодексіне негізделген. Ал салық қызметін жүзеге асырушы бірден бір орган Қаржы министрлігі және оның аумақтық бөлімдері мен басқармалары болып табылады.
Италияда, мысалға Солтүстік пен Оңтүстік даму деңгейін теңестіру мақсатында көп уақыттан бері Оңтүстік Италияның әлеуметтік – экономикалық өсуіне бағытталған арнайы салық саясаты жүргізіліп келе жатыр[7,64б].
1.5Испанияның салық жүйесі
Испанияның салық жүйесін жалпы ұлттық салықтар мен жергілікті салықтар құрайды. Испанияның өзі 56 провинциядан тұратын 17 автономдық аумақтарға бөлінеді. Олардың, ішінде салық салу жөнінде айрықша мәртебелері бар Баскілер елін, Наварраны және Канар аралдарын атап өтуге болады. Испания аумағында алынатын салықтарды белгілейтін органға Испания Парламенті - Кортестер жатады. Салық жүйесін басқаруды Испанияның, Экономика және Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Ал салықтарды жинау ісі Мадридтегі бас салық контора, региональдық салық басқармаларына, сондай-ақ тікелей жанама салықтарды басқаратын жекелеген салық қызметі Департаменттеріне жүктелген.
Жалпы ұлттық негізгі салықтарға:
компанияның пайдасына
Осы салық жүйесінде алынатын жеке
тұлғалардың табысына салынатын
салық ставкасының төменгі
1.6Швецияның салық жүйесі
24 лэндер мен 284 коммуналардан тұратын Швецияда салықтардың мынадай түрлері алынады: корпорацияларға салынатын салық (28%); қосылған құнға салынатын салық (25, 21, 12%); капиталдан түсетін табысқа салынатын салық (30%); мұраға және сыйға тартуға салынатын салық (10-нан 60%-ке дейін); ұлттық салық (170 мын кроннан асатын табыстардан 20% мөлшерінде); жергілікті табыс салығы (13 проценті лэндерге; 17 проценті коммуналарға; 1,1 проценті шіркеулерге төленеді); мүлікке салынатын салық (оны тек жеке тұлғалар төлейді); әлеуметтік төлемдер (есептеулердің жалпы сомасы енбек ақы төлеу қорының 38% мөлшерін құрайды); акциздер (тек алкоголь, темекі, бензин және энергия тобындағы тауарлардан алынады). Салықтардың түрлерін жоғарғы орган Рикстаг айқындағанымен олардың ставкалар мен алыну тәртібін региондар мен жерлер бойынша лэндер мен коммуналардың құзырлы органдары белгілейді. Салық заңдарын даярлайтын орган Қаржы министрлігі болып табылады. Салықтарды жинайтын және са-лықтық заңдардың орындалуын бақылайтын органдарға Ұлттық салык басқармасы мен жергілікті жерлердің салық органдары жатады.
1.7Ресей Федерациясының салық жүйесі
Ресей Федерациясының салық жүйесінің құрамы және оның құрылымын құрайтын салықтар мен басқа да салықтық нысандағы төлемдердің түрлері тікелей және жанама салықтар, сондай-ақ занды тұлғалардан, жеке тұлғалардан, заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді. Жанама салықтарға мұнай, газ, көмір, бензин және т.б. өндеу және кен байыту өнімдері түріндегі өндірістік тауарлар мен спирт, арақ және басқа алкоголь өнімдері, темекі өнімдері, сыра сияқты кен сұранысқа ие тауарлардан қосылған құнға салынатын салық, саудаға салынатын салық, акциздер, кедендік телемдер — кедендік тарифтер жатады.
Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, басқа да шаруашылық субъектілерінің пайдаларына салынатын салық, дивидендтік сомалардан, яғни капиталдан алынатын салық, мүлікке салынатын салық, ресурстық және экологиялық салықтар, жануарлар әлемінің объектілерін пайдаланушыларға салынатын салық, заңды тұлғалардан алынатын тікелей салықтар болып табылады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жеке тұлғалардан мүлкіне салынатын салық, мұралардан және сыйға тартудан алынатын салық, баждар, лицензиялық және тіркеу үшін алымдар жеке тұлғалар төлейтін тікелей салықтар болып саналады. Ал занды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар ретінде курорттық салықты, жарнамаға салынатын салықты, аумақтарды дамытуға салынатын салықты, жер, су, экологиялық және орман салықтарын, шетел валютасын, бағалы кағаздарды, алтын құймаларын сатып алуға салынатын салықты атап өтуге болады.
Енді, осы Ресейдің, салық, жүйесіне
берген қысқаша сипаттаманы
Ресей салықтары жүйесі федералдық салықтар мен алымдар, регионалдық (аймақтық) салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар сияқты үш деңгейден тұрады.
Федералдық салықтар мен алымдарға: қосылған құнға салынатын салық; акциздер; үйымдардың пайдасына (табыстарына) салынатын салық; капиталдан түсетін табыстарға салынатын салық; жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; мемлекеттік баж; кедендік баждар мен кедендік алымдар; жер койнауын пайдаланғаны үшін алынатын салық; мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға алынатын жарналар; минералдық-шикізат базасын қалпына келтіру үшін алынатын салық; көмірсутектерді өндіруден түскен қосымша табысқа салынатын салық; жануарлар әлемінің объектілерін және су биологиялық ресурстарын пайдалану құқығы үшін алынатын алым; орман салығы; су салығы; экологиялық салық; федералдық, лицензиялық алымдар жатады.
Регионалдық салықтар мен алымдар ретінде үйымдардың мүлкіне салынатын салық; жылжымайтын мүлікке салынатын салық; жол салығы; көлік салығы; саудадан алынатын салық; ойын бизнесіне салынатын салық; регионалдық лииензиялық алымдар белгіленген. Жер салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жарнамаға салынатын салық, мұраға немесе сыйға тартуға салынатын салық, жергілікті лицензиялық алымдар жергілікті салықтар мен алымдарға жатқызылған.
Ресей Федерациясының Конституциясы, Ресей Федерациясының Салық кодексі, «Ресей Федерациясының салық органдары туралы» РФ Заңы, «Ресей Федерациясының мемлекеттік салық қызметі туралы РФ Президентінің Жарлығы РФ салықтар мен алымдар жөніндегі министрлігінің бұйрықтары мен хаттары Ресей Федерациясы аумағындағы салық органдары жүзеге асыратын салықтық қызметтердің нормативтік құқықтық базасы болып табылады. Осыған орай, Ресей Федерациясының салық органдарының құрлымы мынадай құрамда көрініс тапқан: РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлігі; Салықтар мен алымдар жөніндегі министрліктің Федерация субъектілері бойынша басқармалары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министрліктің аймақаралық инспекциялары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министрліктің аудандар бойынша, қалалардағы аудандар бойынша және аудандарға бөлінбейтін қалалар бойынша инспекциялар; Салықтар мен алымдар жөніндегі министрліктің ауданаралық инспекциялары.
Мысалы,
Ресей Федерациясы
1993 жылғы 12 желтоқсанда қабылданған Ресей Федерациясы Конституциясының 57-бабында: «Кез келген заңды түрде белгіленген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті. Жаңа салықтарды бекітетін заңдар немесе салық төлеушілердің жағдайларын нашарлататындар, кері күші болмайды»[9,272б].
2.АҚШ, Канада, Жапонияның салық жүйесі 2.1Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері
АҚШ салық жүйесі үш деңгейлі (федералдық, штаттардың және графтықтардың, муниципалитеттердің, тауншиптердің) билік органдарына сәйкес жоғарғы, ортаншы және төменгі сатылардан тұрады. Федералдық салық жүйесіндегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге түрғылықты халықтан (жеке түлғалардан) алынатын федералдық табыс салығы; корпорациялардың пайдасына салынатын салық; әлеуметтік сақтандыруға салынатын федералдық салықтар; федералдық акциздер; кедендік баждар; мұрадан және сыйға тартудан алынатын салықтар жатады.
Штаттардың салық жүйесіндегі
салықтар мен өзге де міндетті төлемдер
ретінде саудаға салынатын
Саудадан алынатын жалпы салықтың штаттардан түсетін жиынтық мөлшері 30% тең келеді. Осы салықтың ставкаларын әр штаттардың құзырлы органдары белгілейтін болғандықтан олардың мөлшерлері әртүрлі болып келеді. Мәселен, Колорадо, Вайоминг, Канзас, Солтүстік Каролина штаттарында - 3% көлемінде алынса, ал Алабама, Айова, Луизиана, Мичиган, Джорджия, Оңтүстік Дакота штаттарында — 8%, Нью-Йоркте - 8,25% мөлшерінде алынады. Бұл жердегі бір қызықты жәйт, осы салық Аляска, Дэлавер және Нью-Джерси штаттарындағы салық жүйесінде белгіленбеген.
Штаттардағы жеке тұлғалардан алынатын салық ставкасының мөлшері 2%-тен 12%-ке дейінгі аралықты қамтиды. Флорида, Невада, Оңтүстік Дакота, Техас, Вашингтон, Вайоминг штаттарында және Колумбия дистриктінде осы салықтың түрі салық жүйелеріне енгізілмеген.
Жергілікті жерлердегі саудаға
салынатын салық, тұрғылықты халықтан
алынатын жергілікті табыс салығы,
корпорациялардың пайдаларына салынатын
салық, мұралардан алынатын салық, мүлік
салығы, акциздер, экологиялық салықтар
графтықтардың, муниципалитеттердің,
тауншиптердің, мектеп дистриктерінің,
арнайы дистриктердің және т.б. салық
жүйелерінен орын алған. Осы жергілікті
салықтар 80 мың әкімшілік бірліктердің
қаржылық базасын жеткілікті деңгейде
қалыптастырып отырғанын
Жоғарыда аталған негізгі
құзырлы жергілікті органның өз ұйғарымы
бойынша мына салықтар мен міндетті төлемдер:
мейманханалық қызмет көрсетулерге салынатын
салық; коммуналдық қызмет көрсетуге салынатын
салық; мейманхана, телефон, газ және электр
жарығы
үшін төлемақы; іскерлік белсенділігіне
салынатын салық және
т.б. белгіленуі мүмкін.
АҚШ салық жүйесінің қызмет атқаруының құқықтық негізі ретінде 1954 жылы қабылданған ішкі табыстар кодексінің орнын 1986 жылы заңи күшіне енгізілген АҚШ-тың Салық кодексі басқан болатын.
АҚШ салық жүйесін басқару ісі Қаржы министрлігінің құзыретіне жатады. Салықтардың төленуіне және салық заңдарының дұрыс атқарылуына жүргізілетін бақылау АҚШ Қаржы министрлігінің Ішкі табыстар қызметіне жүктелген. Ішкі табыстар қызметінің құзырындағы жеті аймақтық салық басқармасы мен елу сегіз салық басқармалары өздеріне тиесілі қызметтерін атқарады.
Салықтарды жинаудағы барлық жұмыстар, салық декларацияларын өңдеу, ревизия жүргізу және салық төлеушілерге қызмет көрсету, Федералдық үкіметтің деңгейінде халықты оқыту АҚШ-тың салықтарды жинау қызметіне (СЖҚ) жүктелген, оның құрамына мемлекеттің барлық территориясын қамтитын 10 аудандық Қызмет – Орталықтар бар[10,183б].
2.2 Канаданың салық жүйесі
Канаданың салық жүйесі жиынтығында жүз проценттік түсімдерді құрайтын федералдық (43%), провинциялық (42%) және жергілікті (10%) деңгейлердегі салық жүйелерінен тұрады. Федералдық деңгейде алынатын салықтар мен міндетті төлемдерге жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; корпорациялардың пайдаларына салынатын салық, федералдық акциздер, кедендік баждар, саудадан алынатын салық, әлеуметтік сақтандыру қорларына жасалатын аударымдар жатады. Провинциялық (аймақтық) салықтар: тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығы; корпорациялардың пайдаларына салынатын салық; мұраға және сыйға тартуға салынатын салық; ренталық төлемдер; акциздер; әлеуметтік сақтандыру қорларына төленетін төлемдер түрінде көрініс тапқан. Ал муниципалдық деңгейде көбінесе жылжымайтын мүлікке салынатын салық; кәсіпкерлік кызметке салынатын салық, ренталық төлемдер және т.б. алынады. Канададағы салық салу аясындағы құзыретті органдар Қаржы министрлігі, Кіріс министрлігі, Кіріс министрлігінің жергілікті салық басқармалары және салықтық сот болып табылады.
2.3 Жапонияның салық жүйесі
Жапонияның салық жүйесінің негізін 25 мемлекеттік салықтар мен 30 жергілікті салықтар құрайды, сондай-ақ осы жүйе 3045 қалалар мен аудандарды және поселкелерді біріктіретін 47 Префектура аумағын қамтиды.

- Еуротабынушылық
- Еутиреоїдний і токсичний зоб (4 год)
- Еуфрасіння Полацкая
- Еўфрасіння Полацкая і Кірыла Тураўскі – выдатныя асветнікі Беларусі
- Еўфрасіння Полацкая і Кірыла Тураўскі – выдатныя асветнікі Беларусі
- Еўфрасіння Полацкая — наша славутая асветніца
- Ефективна профилактика - запорука зниження травматизму на дорогах
- Еуропалық Одақ
- Еуропалық одақ және Қазақстан
- Еуропалық Одақтың қазіргі дүниежүзі географиясындағы өндіргіш күштерді аймақтық ұйымдастырудың жаңа формасы
- Еуропалық Халықаралық аудит стандарттары
- Еуропамен солтүстік Америка елдерінің экономикалық әлеуметтік
- Еуропаның мәдени-тарихи ресурстары
- Еуропаның орта ғасырлық тарихындағы ғұндардың рөлі мен орны