Эволюциялық теорияның даму тарихы және қоғамның қалыптасу кезеңдері
РМҚК « Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті »
Студенттің өзіндік жұмысы
Факультет: Жалпы медицина
Пәні: Қазақстан тарихы
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық гуманитарлық пәндерімен психология
және педагогика
Курс: 1
Тобы: 106 Б
Тақрыбы: Адамның шығу тегі туралы эволюциялық теория
Орындау формасы: мәнжазба
Орындаған: Дәрібай Ақнұр
Тексерген: Мухамбетгалиева А.К.
Бағасы:
Жоспар:
I Кіріспе
II Эволюциялық теорияның даму тарихы және қоғамның қалыптасу
кезеңдері
1 Адамның пайда болуы және олардың жануарлар дүниесіндегі орны
2 Антропогенез процесінің қозғаушы күші
3 Көне заманғы гоминидтер мен олардың еңбек қызметі
III Қортынды
Кіріспе Адамның шығуы, оның
дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің
түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне
өте ұқсас және өзара тығыз байланысты.
Қазақстанның территориясы –планетаның
шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл
дүние жүзілік тарихтың бір тарауы ғана
болып табылады. Адамзаттың ежелгі өткен
заманының көп беттері әлі анықталған
жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар
әлі көп. Адам туралы теориялық
және эмпирикалық білімнің сөзсіз өсуі
адам туралы ғылыми түсініктің қалыптасуына
ортақ концепцияның болмауына және ғылыми
материалдардың жүйеленбеуіне алып келді.
ХХ және ХХІ ғасырларда мәдени тарихының
мәселесі ретінде адамның ғылыми тану
мәселесі алға шыққан.
Профессор А.Р. Масалимова мәдени антропологиялық
білім жүйесіндегі адам мәселесіне тоқталған
кезде: «Адам маселесі, оның шығу тегі,
өмірінің мазмұны және өмірдегі бағыт-бағдары
ерте заманнан көптеген ойшылдарды толғандырған.
… Адам өмірінің мазмұны туралы ой қозғағанда
философиялық және антропологиялық аспектісін
бөліп қарастырған жөн. Бірінші аспект
бойынша адам баласының жердегі өмір сүруі,
оның сол кезеңдегі дамуы зерттеледі.
Екінші аспектіге сай адам дамудың белгілі
бір кезеңін және белгілі бір табиғи экологиялық
негізді білдіреді. Осы негізде адам екі
әлемге жатқызылады. Бірі табиғат әлемі,
ал екіншісі мәдениет әлемі. Адам биологиялық
тіршілік иесі секілді барлық өсімдіктер
мен жануарларға ұқсас, адамдар қауымдастығында
– жануарлар қауымдастығының белгілері
кездеседі, алайда адам қол жеткізген
эволюциясын бірде-бір тіршілік иесі қайталай
алмайды». Міне, сөйтіп ежелгі тас дәуірінен
бастап дамыған алғашқы тұрмыс қоғамының
қалыптасуы: адам табынының орны, тарихы,
дамуы туралы келесі бөлімдерде баяндалады.
Ғылымның қазіргі жетістіктері
адам биологиялық факторлармен қатар
әлеуметтік факторлар да маңызды рөлге
ие болатын эволюциялық дамудың өнімі
деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Осы
орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан
басты айырмашылықтары туралы және осы
айырмашылықтарды мүмкін еткен процестерді
ғылыми тұрғыда түсіндіру туралы мәселе
шешуші маңызға ие болады.Алайда әлемнің
қазіргі ғылыми картинасында антропогенез
процесі көп жағдайда белгісіз күйінде
қалып отыр. Бұл жағдай "адам феноменін"
тамаша зерттеуші, атақты француз философы,
биологы, палеонтологы және антропологы
Пьер Тейяр де Шарденнің мынадай сөздерімен
түсіндіріледі: адам "эволюцияның өзегі
және шыңы" болып табылады және "адамның
кілтін табу, демек әлемнің қалай құрылғанын
және ол қалайша ары қарай құрылуы тиіс
екенін білуге ұмтылу деген сөз".Жетіспейтін
айғақтардың жоқтығы, адамға деген ескі
көзқарасқа күмән келтіретін жана ашылымдар
адамның мәні мен табиғаты туралы әртүрлі
концепцияларды туғызды.
Эволюциялық
теорияның даму тарихы Эволюциялық ілім биологияның
ең ірі, түпкілікті тұжырымы
болып есептелінеді. Міне, 145 жылдан
астам уақыт ішінде ол биологияның
барлық салаларының дамуына елеулі ықпал
етіп
келеді. Эволюция
дегеніміз - табиғаттың тарихи дамуы, тіршіліктің
қарапайым түрлерінің күрделі формаларының
пайда болуы.
Эволюция процесі негізінде ағзалардың
бейімделущілігі, биологиялық
түрлердің түзілуі және жойылуы, биогеценоздың
және биосфераның
өзгеруі болады. Биологиялық эволюция
нәтижесінде
жер бетінде қоғамдық өмірдің негізі-адамның
пайда болып,
өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туды. Ерте
замандарда табиғат өзгермейді,
тіршілік кұдайдың
әмірімен пайда болған деген діни, креационистік
көзқарас басым
болады. Әйтсе де, кейбір ертедегі грек
ғалымдары қалыптасқан
креационистік көзқарасқа қайшы көзқарас,
тіршілік өлі дүниеден
оның дамуы негізінде пайда болды деген
пікірлер айтқан. Мысалы,
Фалес (624-578 б.ғ.д) дүние судан дамиды деп
ойлаған.
Анаксимандр (610-546 б.ғ.д ) адам балықтардан
келіп шыққан
деген пікір айтқан. Эмпедокл (483-423 б.ғ.д)
тірі дүние 4 бастамадан – от , су, ауа
және топырақтан жаралған деп
болжамдаған.
Гераклит (4 ғасырдың аяғы-3ғасырдың басы
б.ғ.д.) тірі дүниенің
негізі қозғалыс деп ойлаған. Дүние үнемі
өзгеріп отырады...» суға
екі рет түсуге болмайды...» деген ұғым
айтқан. Оындай даму туралы өте қарапайым
пікірлерді эволюциялық
пікір деп қарастыруға болмайды, сондықтан
да оларды трансформизм
деп атайды, себебі олар қарапайым формалардан
күрделі
формалардың қалайша пада болатынын түсіндіре
алмаған. Орта
ғасырларда ғылымның дамуына шіркеу тыйым
салып,
креационистік көзқарас үстем болған.
Дегенмен, XVI ғасырдан
бастап ғылыми деректер жинақтала бастады. XVIII ғасырда
жасуша ашылады, К. Линней өсімдіктердің
алғашқы жүйесі
құрастырады. Эволюци
Жиі пайдаланылатын (жаттығатын) мүшелер дамиды, ал пайдаланылмайтын (жаттықпайтын) мүшелер жойылады (семеді). Ж.Ламарк қарапайым формалардың күрделі формалардың пайда болуын ( яғни, нағыз эволюция процесін) градация принципі арқылы түсіндіреді. Ол барлық тірі ағзаларды бірнеше сатыларға орналастырған. Оның айтуынша, ағзалардың дамуы оларды үнемі өздігінен күрделенуге жетелейтін белгісіз ішкі қозғаушы күшке байланысты, соның арқасында дамиды деген пікір айтқан. Ж. Ламарк теориясы жалған теория, сондықтан да ол ғалымдар арасында көп қолдау таппаған, дегенмен, бұл креационизмге қарсы бағытталған бірден-бір теория болатын. Нағыз ғылыми-эволюциялық теория 1859 жылы пайда болды, оның авторы ағылшын ғалымы – Ч. Дарвин. Оның эволциялық теориясы мынадай табиғи құбылыстарға негізделген: өзгергіштік, тұқым қуалаушылық, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыптау , белгілердің ажырауы ( дивергенция). Ч.Дарвин ағзалардың өзгергіштігінің 2 түрін ашты:қанаттары жақсы жетілгендері мен қанатсыздарды тірі қалдыруын келтірген. Тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыптау негізінде ортаға жақсы бейімделген жаңа формалар пайда болады. Тірі дүниенің ортаға бейімделуі алуан түрлі болып келеді, бірақ кез-келген бейімделушілік салыстырмалы түрде ғана болады, яғни бір бейімделушілік барлық жағдайлардан сақтай алмайды, орта факторы өзгерсе бұрынғы бейімделушілік дараларды қорғай алмайды. Ч.Дарвиннің бұл туралы еңбегі оның антропологиялық еңбегі «Адамның пайда болуы және жыныстық сұрыпталу» (1971ж.) деп аталатын кітабында баяндалады. Қазіргі уақытта антропология ғылымында адамның эволюциялық даму жолының мынадай негізгі кезендерін бөліп көрсетеді:
1) австралопитек
2) питекантроп (ең көне адамдар, архонтроптар)
3) неандерталь адамы (ең көне адамдар, палеонтроптар)
4) қазіргі заманғы адам типтес (неоантроптар)
Сөйтіп, Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді. Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .
Тарихи кезеңдер |
Археологиялық кезеңдер |
Палеоантропологиялық кезеңдер | |
Алғашқы қауым кезеңі |
Төменгі (100) және ортаңғы палеолит (45-40) |
Архонтроптар мен палеонтроптар кезеңі | |
Алғашқы қауымдық Туыстық қауым кезеңі |
Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі |
Жоғары палеоли (12-10) және мезолит (8) |
Неонтроптар кезеңі |
Кейінгі алғашқы қауым |
Неолит (5) Энеолит немесе ертедегі металдық ғасыр (4,5 –5) | ||
Таптар түзілу кезеңі |
Қола (3) Темір Атом ғасыры (ХХ ғасыры) |
||
Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады. Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты.
Адамның пайда болуы және олардың жануарлар дүниесіндегі орны
Алғашқы тұрмыс қоғамының заңдылықтарын түсіну адам эволюциясының өн бойында, адамның өзінің физикалық типінің өзгерістерімен, осы өзгерістердің қозғаушы күштерімен, антропогенездің осы заманғы теориясымен таныспайынша мүмкін емес. Тарихтың таң сәрісінде, Лениннің айтуы бойынша, «қалыптасып келе жатқан» адамдардың физикалық типі көп жағынан әлі де, олардың мүмкіндігін анықтайтын еді, сондықтан да тарихи дамудың қуатты факторы ретінде алға шықты. Сол себептен де еңбек қызметі дамуының ең көне кезеңдерінің тарихы мен әлеуметтік ұйымдардың құралуын адамның өзінің биологиялық тарихынан бөліп алуға болмайды. Табиғаттағы адамның орны туралы мәселе, Карл Линней оны жануар патшалығының системасына енгізген, әрі адамды сол кездегі белгілі маймылдармен бірге қосып, сүтпен қоректенушілер құрамында приматтарды бөліп алғанда XVIII ғасырдың орта шенінде тұңғыш рет ғылыми негізге қойылды. Систематика жөніндегі көптеген зерттеулер мен маймылдардың салыстырмалы анатомиясы, сондай ақ XVIII ғасырдың екінші жартысында – XIX ғасырдың бірінші жартысында жүргізілген адам анатомиясы жөніндегі жұмыстар, Томас Гекслиге адамның систематикалық жағдайын анықтауда келесі қадам жасауға және адам тәрізді маймылдармен оның ең жақын туыстығын көрсетуге мүмкіндік береді.Антропогенез саласындағы білімдердің барлық қорын жинақтаған және эволюциялық теорияның негізгі қағидаларын, атап айтқанда, табиғи және жыныстық іріктелу туралы ілімін адамға қолдануға әрекет жасаған Чарльз Дарвиннің «Адамның шығуы мен жыныстық сұрыптау» (1871 ж.) деген кітабында адамның жануарлық шыққан тегі айдан анық толық дәлелденіп, осы заманғы антропология мен материалистік философияның өзекті тірегіне айналды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдағы толып жатқан зерттеулер адамның жануарлық шыұұан тегі туралы ілімнің дұрыстығының жаңа дәлелдерін әкелді; оны нақтылы мазмұнмен толықтырды және адам эволюциясының жолдарын қалпына келтіруге көшуге мүмкіндік берді. Бұл жөнінде қазіргі кезде 50-ден астам қорығы белгілі болып отырған адамның ең көне замандағы ата-бабаларының қазба қалдықтары табылуының ерекше маңызы болып отыр. Антропоморфты семьялармен қатар приматтар отрядының барлық классификацияларында дерлік осы заманғы адам мен оның ең жақын ата-тектерін біріктіретін гоминид семьялары бөлініп шығады. Бұл семьялардың барлық өкілдері үшін, өз құрылысының күрделілігі жағынан басқа приматтардың миынан әлдеқайда көп артып түсетін үлкен ми, дененің түзулене түскен жағдайы мен екі аяқпен тік жүру, өте қозғалғыш және барлық қалғандарына күрт қарама-қарсы келетін күшті дамыған үлкен саусақты нәзік қимыл жасауға қабілетті қол сүйегі тән болып келеді. Сонымен, тіпті анатомиялық көзқарас тұрғысынан қазіргі адаммен оның тікелей ата-тектері оларды басқа приматтардан, тіпті адам тәрізділерден бөліп тұратын және семьяларда олардың бқләнуән ақтайтын едәуір ерекшеліпен сипатталады. Бірақ басқа жағдай бұдан гөрі көңіл аударарлық болып келеді – адам планетаның геологиялық тарихына дамудың жаңа факторларын – енгізді. Бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша, бұл құбылыс тіпті терминологияда көрсетілуі тиіс болды. Мәселен, белгілі орыс геологы А.П.Павлов төрттік дәуір үшін «антропоген» атауын ұсынды, ал көрнекті совет натуралист-геологы,геохимик және биолог В.И.Вернадский тіпті жер тарихында адам тегінің тіршілік еткен уақытын ерекше эраға бөлу қажет деп санады, ол мұны «психозойск эрасы» деп атады. Гоминид семьяларының құрамын түрлі зерттеушілер әр түрлі аныұтайды. Советтік антропология әдебиеті мен батыс европа және американ мамандарының кқптеген еңбектерінде семьялар құрамында тек бір ғана текті – адамның өз басын, оған барлық қазылып табылған формаларды қоса отырып, Homo тегін және қазіргі адамды бөліп көрсетуге қабылданған. Homo тегі шегінде әдетте екі түр – қазіргі түрдің адамы, немес парасатты адам, Homo қазындылардың бір түріне біріктірілетін қазба олжалар немес тұрпайы адам, Homo pimigeus болып бөлінеді.
Қорыта айтқанда, қазіргі заманғы адам приматтар отрядыгоминидтер семьялығына жататын Homo текті түрін құрайды. Осы заманғы адамзаттың нәсілдері арасындағы морфологиялық айырмашылықтар жай көзге көрінгеніне де қарамастан, бірақ олар өмірлік маңызы жоқ екінші дәрежелі белгілерденде көрінеді. Сондықтан да қазіргі кезде, тіпті шетел ғылыми әдебиетінде таралып жүрген нәсілдік концепцияларға қарсы әлі күнге дейін өмір сүріп отырған нәсілдер толық негізделе отырып, бір түрге жатқызылуы мүмкін.
Антропогенез процесінің қозғаушы күші
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs
– шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін,
даму тарихын, оның жеке биол. түр болып
қалыптасуын және адамзат қоғамының даму
кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық
ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін
негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмб
- ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
- эволюция даму жолдарымен жетілгендер
қатарына архантроп пен палеоан
троптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын; - ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.
Адамның шығу
процесіне биологиялық заңдылықтарды
тарата отырып, Дарвин жыныстық сұрыптауға
барынша үлкен маңыз берді. Оның теориясына
сәйкес приматтармен салыстырғанда, адамның
физикалық ұйымдасу ерекшелігі мынада;
белгілі бір ерекшеліктері бар индивидуумдарды
әйелдердің таңдап алуы салдарында құралған
морфологиялық ерекшеліктердің болуында
еді, бұл көбейіп өсу процесінде басымдық
алды, неғұрлым көп ұрпақ алдырды, сөйтіп
белгілі бағытта адам тегінің дамуына
шешуші ыөпал жасады. Ч.Дарвин осы арқылы
сол бір заманғы адамның күрт жыныстық
диморфизімін, денесінде жүн бүркешінің
толық дерлік жойылуынт.б.түсіндіреді.
Кестеде көрсетілген сурет ежелгі адамдардың бас қаңқасы
Көне заманғы гоминидтер мен олардың еңбек қызметі
Адамның хайуандық шыққан тегі туралы теория негізделгеннен кейін ғалымдар алғашқы тұрмыстық маймыл адамдардың тіршілік етуі туралы болжауларды айтып, тіпті олардың морфологиялық тұрпаты жайында айтып келтіруге тырысты. Бұл болжаулар мұндай тіршілік иесінің қазба қалдықтары шыныда да Явадағы Сола өзенінің ерте плейстоцендік шөгінділерінде ашылған кезде 1890-1891 жылдары нақты тұжырымға ие болды. Бас сүйегінің қақпағы мен төменгі аяқтарының ұзын сүйектері табылды, оларды зерттеу негізінде сол тиісті болған тіршілік иесі тік жағдайларда жүріп тұрған деген қортынды жасалады, сондықтан да Pitecantrhopus erectus немесе «тік жүретін маймыл-адам» деген ат қойылды. Питекантроп тік жүретін тіршілік иесі бола отырып, осы заманғы адамнан, сірә , жартылай иілген аяқтарының неғұрлым аз жүрісімен көзге түскен. Бірақ оның заманғы аданан жалпы айырмашылығы бас сүйек қрабыныңқұрлысына қарағанда бұл ерекшелігінде де аз еді. Тік жүруге дағдылану, әрі алдыңғы қозғалыс мүшелерін еңбек іс – әрекетінебосату, осы сатаның өзінде - ақ аяқталған ,ал мидың дамуы бұлармен салыстырғанда әлі кешігіп жатқан еді деп айтуға болатын. Питекантроп қаруларды даярлай білді деген дәлелдер жоқ, өйткені бұлармен тас индустриясының ешқандай қалдықтары табылмаған. Алайда барлық төрт особьтің сүйек қалдықтары қаруларды табу мүмкіндігі жоқ ауысып кеткен күйде табылған.Австралопитектік маймылдармен бірген Оңтүстік Африка қабаттарынан 1949 жылы табылған төменгі жақ сүйек сол бір геологиялық заманға жатады. Жақ сүйектері мен тістердің морфологиялық ерекшеліктері тіршілік иесін бұлар тиісті болған гоминид семьялығына кіргізуге мүмкіндік берді. Мұның питекантроппен және атлантроппен толық салыстырмасы әрі олардың арасындағы айырмашылықтарды табу олжалардың фрагментарлықтығынан мүмкін емес еді. Өте көне гоминидтің морфологиялық типінің эволюциясын түсіну үшін , 1927 жылдан бастап солтүстік Қытайда Пекинге таяу Чжоукоудянь үңгірінде аса маңызды жаңалықтар ашылды. Мұнда табылған ең көне аңшылар лагерінің қазбасы орасан үлкен археологиялық материялға қол жеткізді, бұл 40-тан астам индивидуумдар ер адамдардың, әйелдер мен балалардың сүйек қалдықтары еді. Мәдениет дамуы жағынан да, сондай – ақ өзінің морфологиялық тұрпаты жағынан да питекантропқа қарағанда бұл адамдар осы заманғы адамға жақын келуі жолында біраз жоғары алға басқан болып шықты. Олар питекантропқа қарағанда неғұрлым кейінгі заманға – орта плейстоценге жатады – және пекин маймыл адамы дербес туыс пен түрге Sinanthropus pekinensis бөлінген болады. Питекантроп сияқты синантроп орта бойлы және денесі мығым болып келген тіршілік иесі еді. Алайда оның жүрісі неғұрлым орнықты болатын, бұл оның аса қозғплғыштығына жол ашты. Миның көлемі питекантроп миының көлеміне асып түсетін және түрлі индивидуумдарда 900 см – тен 1200 см арасында ауытқып, орташа 1050 см болды. Алғашқы тұрмыс адамның өмірінде от жағу үлкен роль атқарады. Мұны пайдалану адам мүмкіндігін бірнеше еселеп ұлғайта түскен төтенше қуатты табиғат күшін игеру деген сөз еді. От жылу береді, тамақ даярлауға пайдаланылды, осындай өңдеуден кейін тамақтың көптеген түрі организмге едәуір жақсы сіңетін болды. Жыртқыштарды үркіту үшін ағаш құралдардың жұмыстық бөлігін күйдіру т.б. үшін амалдап аң аулағанда кеңінен қолданылды. Алғашқы тұрмыс адамы отты табуды бірден үйренбегені түсінікті. Ең ықтималырағы, оны әуелі орман өрттерінен ұқыптап алып, үңгірге келген де, оны тұрақтандырып сақтаған. Маймыл тәрізді адамдар питекантроп , синантроп , атлантроп , гейдельберг адамы – өзінің әуел бастапқы пайда болған аймағынан тыс алыс жерлерге ірге теппей және жылу сүйетін хайуандардың қоршауында жылы климат жағдайларда өмір сүрген; қазылып табылған олжаларға қарағанда Африканың үлкен бөлігі мен Европаның Оңтүстігі және Азияның Оңтүстігі меккенделген. Жоғарыда саналып өткен фактілерімен адамзаттың өте көне өкілдерінің морфологиялық типі туралы біздің біліміміз тамамдалады. Олардың даму қарқыны біркелкі болған жоқ ал рпогресивті сапалардың өсе түсуі, олардың осы заманғы адамдардың дәрежесіне жақындауды қатаң дәйектілікпен өтіп отырмады. Гоминид семьялығының эволциясы барысында бұл жолдан ауытқулар, тіпті кейін кетулер де байқалды. Бұл жағдайда алғашқы тұрмыс қоғамының тарихын зерттегенде үнемі еске алып отыру қажет.
«Адамдар мәңгілікке туылмаған,
Күн, жұлдыз аспанда ол суылмаған».
Қортындыла келе, адам өмірін
мазасыз, үнемі өзгеретін процесс ретінде
қарайтын халық шығармашылығы дүниедегі
барлық құбылыстар мен заттарға осы пікір,
осындай көзқарасты қолданады: «Әрбір
дамудың құлдырауы, әр қуаныштың артында
қайғысы болады, тәтті мен ащы ауысадың,
«…Аспан үнемі қозғалыста болады, …Түнді
күн ауыстырады». Адамны
А.Х. Қасымжанов: «Кеңістікте
адам дүниеге келгеннен бастап, белгілі
бір өмірілік болмысын қалыптастырып,
нақты бір мінез-құлық стереотиптерін
меңгеріп, қоршаған ортаға, дүниеге деген
дүниетанымын, көзқарасын орнықтырады»,
– деген ой түйеді.
Танымал философ, профессор
Б.Ғ. Нұржановтың көшпенді адам туралы:
“көшпенді үшін ең жоғарғы құндылық қозғалыс,
белгілі бір территорияда мәңгілік шектеліп
қалмау. Демек, қозғалатын, өзгеретін,
ағыста болатындардың барлығы көшпенді
үшін құнды болып табылады. Ал, қозғалмайтын,
отырықшылыққа бейімділер құндылығы,
екінші орында қалып қояды. Тоқтау, тұрақтану,
отырықшы болу – қозғалысқа, өзгеріске
деген бейімділікті, қабілеттілікті, тұтастай
алғанда ең жоғарғы құндылықты жоғалту”,
– деген пікірі орынды. Әйгілі қазақтанушы, профессор
Ж.Ж. Молдабеков: «Қазақ халқы ежелден
әділеттілікті, сыпайылықты, шындықты,
жарқын жүзділікті, өз тілегін іште ұстау,
өсек-аяңнан бойын аулақ ұстау секілді
құндылықтарды адами құндылықтар деп
қастерлеген», – деген ой айтады. Жалпы,
Қазақ философиясы мен мәдениетінде адам
туралы ой қозғалғанда, ең алдымен оның
рухани құндылықтарына көңіл бөлінген.
Мәдени антропологиялық ой дәстүріндегі
адам мәселесіне қатысты философиялық
һәм мәдени антропологиялық пайымдауларға
тоқталу маңызды мәселе. Сондықтан да,
адамның шығу тегі туралы көптеген ой-тұжырымдамалар,
көзқарастар, дәлелдемелер әлі де жалғасын
табады. Өйткені, адамның қалыптасуы әлі
де болса- жұмбақ. Қаншама дәлелдемелрдің
дұрыс-бұрыстығын ешкім де білмейді деп
ойлаймын. Таптық қоғамдардағы алғашқы қауымның
қалдықтары осы кезге дейін сақталып,
түрлі даулы сұрақтарды туғызып отыр.
Көптеген халықтардың тұрмысында сақталып
қалған алғашқы қауымның қалыңмал, көп
әйел алушылық, т.б. сияқты қалдықтары
түрліше түсіндіріледі. Дамудың капиталистік
жолын өтпеген халықтарда бұл құбылыстарды
этникалық мәдениеттің негізгі бөлігі
болып саналатын халықтық әдет-ғұрып деп
қабылдайды. Трайболизм құбылыстары –
туыс-тайпалық бірлік пен айырмашылық,
көсемдер мен жасырын қоғамдардың әсері,
т.б. дәл осы сияқты қабылданады. Олар негізінен
үшінші әлемнің жас мемлекеттеріне тән,
дегенмен трайболизмнің кейбір белгілері,
әсіресе территориялық-тайпалық бәсекелестік
бұрынғы Кеңес Одағы халықтарында да сақталған.
Трайболизмнің түп-тамырымен жойылуы
қиындау, ал кейбір халықтарда ол соңғы
кезде қайта жаңғыра бастады.Сонымен,
алғашқы қауымның салт-дәстүрлері халықтардың
көп бөлігі үшін белгілі бір роль атқарады
деуге болады.Сонымен мәнжазбамды қортындылай
келе, қандай да кезең болмасын адамзат
қоғамы одан әрі дами береді және қоғамдық
өмір де әрі қарай жылжитын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Алғашқы қоғам тарихы . А.И. Першиц, Алма-Ата 1974 жыл
- Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. А., 1996 жыл
- Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк) А., 1994жыл
- Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықов, Алматы 2011 жыл
- Ғаламтор желісі

- Эволюция маркетинга
- Эволюция маркетинга розничной торговли
- Эволюция марксистской философии
- Эволюция математических представлений
- Эволюция международной валютной системы
- Эволюция международной валютной системы
- Эволюция международных корпораций
- Эволюция культуры
- Эволюция ладогармонических систем в древней греции
- Эволюция логистики
- Эволюция логистики
- Эволюция логистики
- Эволюция лошадей
- Эволюциялық ілім