Философия тарихындағы адам болмысының проблемалары
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Философия тарихындағы
2.2.Философиялық
2.3.Адамның әлеуметтік мәні.Адам феноменінің қалыптасу сатысы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Философия тарихында адам мәселесіне соқпаған,оның рухани және материалдық болмысының түрлі қырларын ой елегінен өткізбеген ойщылды,философты,тұтас философиялық ағымдар мен мектептерді табу өте қиын болар еді. Адамзаттың дүниені,айнала ортаны танып-білуінің түп қазығы адам екенін бүкіл тарих дәлелдеп келеді. Көне қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды,өзін танып білген адм-данышпан»-депті. Ертедегі грек ойшылы Протогордың: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзі кең тараған. Гректің тағы бір атақты ойшылы Фалестен: «Дүниедегі ең оңай рәрсе не?»- деп сұрағанда: «Басқаға ақыл айту»,ал «Ең қиын нәрсе не?»-дегенде: «Өзіңді танып-білу» деп жауап беруі де осыны білдіреді.
Философия тарихындағы адам болмысының проблемалары
Сөйтіп, адам проблемасы философиялық іліммен құрдас десе де болады. Яғги философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі,оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны белгілі. Бір нәрсенің сырын ашып,білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп,соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы,ағаш отқа жанады,ал тас жанбайды. Мұның себебін білмейтіндігін адам өзі түсінеді,онда бұған таңдану сезімі пайда болады,ойланады,білуге ынта туады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін,түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану,таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.
Біздің білуімізше,
Материяны, табиғатты-алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы-алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондақтанда олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің түсініктері мен көзқарастары басқаша, қарама-қарсы болғанымен, қарастыратын, зерттейтін негізі біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл қасиеттерге қатынасы.
Ертедегі атақты
шығыс ойшылдарының көбі, алдыңғы
тарауларда айтылғандай,
Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни-философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы-құдаға құлшылық етіп, табына беру деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі те азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады. Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу, тіршіліктің қамын естен шығару, күнделікті өмірге керек игіліктердің маңызын төмендете келіп жоққа шығару; адам өзінің жан-дүниесін қуаныш-күйінішін, қынжылыс, қызғаныш, уайым-қайғы сияқты сезімдердің бәрінен біржолата тазартып, айналада болып жатқан істер мен құбылыстарға түңіліспен, немқұрайды,бейтарап қарайтын күйге жету. Бұл жайды буддизм нирвана деп атайды. «Нирвана» өшу, сөну деген мағынада айтылады. Оған жеткен адам (архат)-азап, қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннан да жоғары, адамдықтан тысқары ерекше рахатқа мәңгілік бөленген, о дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғару шегінен алысқа кеткен адам. Адамды азаптан құтқарудың мұндай жолы мүмкін бе, мүмкін емес пе, дұрыс па, әлде теріс пе-мәселе бұл жерде осылайша қойылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам проблемасын ең жоғары биікке көтеріп өзін түгелдей соған арнағаны жайында болып отыр.
Платон философиясының
өте маңызды бөлімі-адамның
Адам проблемаларына
Аристотель де ерекше көңіл
бөлген. әсіресе ол философиясының
«Этика» бөлімінде түгелдей
Дегенмен Аристотельде өз заманына сай ойлайды. Құлдарды ол адамға санаған жоқ, «сөйлей білетін қару» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды болуы да міндетті емес, өйткені ол оның меншігі болып есептеледі, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі әкесіз бала дүниеге келмейді.
Адамның ой-сезімін,
мінез-құлқын тәрбиелеп,
Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат берген қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты женудің жолы-аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін жөнге салып, дұрысын дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой парасатын саналы түрдеүнемі дұрыс нәтиже тұғызатын дәрежеге көтеру. Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан, мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, ұшқарылықтан сақтану керек. Себебі әрбәр жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады. Бұл арада Әл-Фарабиге Аристотельдің жасаған ықпалы аңғарылады. «Бақытқа жету жолына меңзеу» деген тамаша еңбегінде ғалым адамның жан-дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор бірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған ойлары бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.
«Ой-парасат ғасыры» деп аталған ғасыр адам жөніндегі философиялық мәселесінің қойылысын жаңа сатыға көтерді. Бұл ғылым мен техниканың бұрын болып көрмеген жетістіктерімен бірге туған капиталистік қатынастардың даму кезеңі болатын. Табиғаттың терең құпия сырларына көз жүгіртіп, неше алуан машиналар ойлап шығару арқылы өндіргіш күштердің жаңа сапамен өркендеуіне кең жол ашқан адамның ақыл-ойы өзінің теңдесі жоқ жасампаз күшін еріксіз мойындатқан дәуір еді ол. Сол заманның Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза сияқты әйгілі философтары адамды өз болашағы құдайданда, басқадан тәуелсіз, тапқырда белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субьектісі деп таныды, сөйтіп, өздерінің философиялық ізденістерін осы бағытта ғана дамытты. Олар адамның ерекшелігі де, рухани күші де оның ақылы мен ойында, ойлау қабілетінде деп біледі. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиеттер деп таныды. Француз философы Ренэ Декарттың «мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін» деген қанатты сөзінің мәні де, міне, осында.
Адамның
ақыл-ой құдіретінен туатын
Канттың
адам проблемасына арналған
Классикалық неміс
Тарихи материалистік
Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір-бірімен қарым қатынастағы адамдардан құралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жай ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды бір нәрсе емес. Түптеп келгенде, адамның да, қоғамның да мақсаты-адамның жайы. Оның мәні-материалдық мүдде-талаптарының кезінде қанағаттандырылып тұруына, өз басынынң қанау мен езгіден, басқаның үстемдігінен еркін өмір сүруге, оның ішкі қабілеттері мен дарын-таланттарының уақытында толық ашылуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау,басқаша айтқанда, адам үшін бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдайда, патшада, үкімет басшысыда емес, оның өз еңбегі, ақыл-ойымен екі қолының күші, іскерлік қабілеті. Адамның қоғамдық өмірде алатын орны, әлеуметтук жай-күй толығынан өз еңбегінің саны мен сапасына, әлеуметтік пайдалы белсенділігіне сай белгіленуге тиіс. Ол өмір сүретін қоғам оның адамдық қалпын, қадір-қасиетін тек осы жолмен ғана анықтап, іске асыруға міндетті.
Бұл-адам
проблемаларының гуманистік,
Философиялық антропологияның қалыптасуы және дамуы
«Философиялық антропология» терминінің этимологиялық түсінігі адам туралы философиялық ілім дегенді білдіреді. Егер қысқыша айтсақ адамның шығу тегін, эволюциясын және бар болуының ерекшеліктерін жалпы түрде бейнелейтін философиялық көзқарас.
М.Шелердің
пікірі бойынша,философиялық
Осы бағытты
қолдаушылар,адамды-көп
Басқаша айтқанда,ол
жаратушы және сонымен қатар
мәдениет арқылы жаратылушы,ал,
Адам туралы
тарихта әртүрлі концепциялар
пайда болды,олардың барлығы,
Адам туралы екінші идея-гректердің
ойлап тапқан ақыл парасатты адамы (Нomo sapiens),әсіресе
Анаксагорда,Платонда,
Үшінші идея-шебер адам,(Homo faber)-адамның ойлы-ақылға деген ерекше қабілеттілігін жалпы теріске шығарады. Адамды еңбек құралдарын пайдаланатын мақұлық ретінде қарастырады. Сөз,ұғымдар психикалық нәзік құралдар ғана.
Төртінші идея-адамның мыңдаған жылдық
тарихындағы декадансы(құлдырау)туралы.Оның
себебі адамның шығу тегі мен мәнінде.
Адам дегеніміз не,деген қарапайым сұраққа
ол бос сурогаттарды (тіл,құрал-саймандар
т.б.) дамыта алатындығымен жауап береді.Өзінің
биологиялық әлсіздігінен және күшінің
жоқтығынан адам өркениеттілікті,мемлекетті,
Бесінші идея –Ф.Ницше,Н.Гартманның және басқа ойшылдың
атеистік антропологиясы.Оның ең басты
мәні мынадан тұрады:адам болмысының мәні,неге
жаратылғаны,жауапкершілігі,
Адамның әлеуметтік мәні.Адам феноменінің қалыптасу сатысы
Адам феноменінің қалыптасу сатысы:1)индивид
3)личность
Қазақ тілінде «индивид», «индивидуальность», «личность»
деген сөздерге дұрыс балама табылмай
келеді,индивид (латын сөзі)-бөлінбейтін,тұтас,
Дара адам(индивид)-көптің бірі,жалпы адамзаттың нақты өкілі,дара.көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны.Оның санасы жоғары ма,жоқ па,елмен сөйлесе алама,әлде сөлесе алмай ма,бұлардың оған қажеті аз.Әлемде қанша миллиард адам бар,соның әрқайсысы-жеке-дара адам.
Ерекшелікті адам(индивидуальность).Ол-
Кісі,тұлға,жетілген,кәмелетке жеткен адам(личность).Жас нәресте де,бала да-адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар.Бірақ оларкісі болған жоқ,кәмелетке жетпеген.Кісі деп ер жеткен,бұғанасы қатқан,ақылы толған,өз ісіне өзі жауап бере алатын адамды айтады.Ондай адамның дүниеге көзқарасы бар.Әрине,ондай адам әртүрлі:азамат,тәрбиелі,зиялы адам да,маскүнем де,қылмыскер де,ел басшысы да болады.Әр кісінің тарихта алар орны әрқилы.
Акциология құндылықтар туралы ілім.Бұл сөздің шығу этимологиясы грек тілінен аударғанда aksio-құнды,logos-ілім деген мағына береді.Ең алғаш рет акциология терминін ғылымғы енгізген 19ғасырдың 2ші жартысында Гартман деген ойшыл.Құндылық адамдардың қоғамдағы басқа адамдарға және өзіне этикалық көзқарастардың қалыптасу негізінде пайда болған.Құндылықтар 3түрге бөлінеді:
1)обьективті-идеалистік құндылықтар.Бұл кеңістікпен уақыттан тыс тұрған сезімдік құндылықтар.
2)Субьективти идеалистік
лингвистикалық талдаулардың
3)Натуралистік.Адамдардың табиғи қажеттіліктерінің жалпы табиғат заңдылықтарының көрінісі.Қоғамда калыптасқан жоғарғы интеллект.
Құндылық философияда адамдардың 2түрлі қасетіне қалыптасқан:
1)жаапкершілік
2)еркіндік
Еркіндіктің табиғи
шектеулері бар.Сондықтанда
Еліміз тәуелсіздік жолына түскеннен бергі уақыт ішінде алға қойылып отырған басты мақсаттырдың бірі адамның бостандығы мен азаматтық еркін қорғау болып отыр. Бұл мақсат жүзеге асырылған жағдайда адамды шын мәніндегі адамдық дәрежеге көтері, оны өзіне-өзі ие, белсенді де адал, жан-жақты дамыған, ерікті азаматқа айналдыру мүмкіндігі туады. Тек билік түгелдей халық қолына көшіп, әлеуметтік үстемдікалса, қоғам құқылық мемлекетке айналып, бұрмалаушылықтардың қайталанбауына берік кепілдік жасалса, тек сонда ғана «бәрі де адам үшін,оның еріктілігі,өркендеп жетіле беруі үшін» деген ұран іс жүзіне асады. Тек сол жағдайда ғылыми философия адамның ерікті де бақытты биік нысана ретіндегі мұратын ғана емес, шынайы бейнесін де кескіндейтін болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Философия. Д.Кішікбаев,Ұ.Сыдықов.
Алматы «Қарасай»,2008-360 б.
2.Философия. Алматы,2007-265 б.
Р.У. Жүнішеев,
Ө.С.Төкенов,
А.Ә.Ізтілеуов.

- Философия тарихындағы адам мәселесі
- Философия творчества Бердяева
- Философия творчества Бердяева
- Философия творчества Н. А. Бердяева
- Философия творчества Н. А. Бердяева
- Философия Т. Гоббса
- Философия Т. Гоббса
- Философия стоицизма и скептицизма
- Философия стратегии
- Философия супрематизма Малевича
- Философия сурактары мен багыты
- Философия счастья
- Философия счастья
- Философия тақырыбындағы адам және табиғат проблемалары.