Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі
Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі
Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты.
Философиялық білімдердің бастауы біздің
заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы
құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда,Үндістанда, Грекияда
Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің
біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы
жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған
ортамен байланысы туралы көзқарасты
қалыптастыру.
Методологиялық
функция - философия коршаған дүниені,
шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін
жасайды.
Теориялық
функция - философия бүкіл дүниені,
құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды,
концептуалды - логикалық жүйелер жасайды,
теориялық тұжырымдар түзейді.
Гносеологиялық
функция - философия қоршаған дүниені,
шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным
тетігін) мақсат етеді.
Сыншылдық
функция - философия кез келген теорияны,
білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп,
ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын
айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды
әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау
және таным шеңберін мейлінше кеңейту.
Аксиологиялық
функция - философия заттар мен құбылыстарды
бағалағанда оларды моральдік-әдептілік,
этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени,
рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.
Әлеуметтік
функция - философия қоғамды зерттегенде,
оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын,
қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды
айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру
мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік
функция - философия гуманистік құндылықтар
мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам
игілігіне жаратуды көздейді.Философия - тарих қойнауындағы барлық
адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік
мәнін ашып көрсетеді.
Эвристикалық
функция - философиялану, яғни философияны
оқып-үйрену процесінде адам дүниеге,
бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды,
оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі,
инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің
інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр
мен кемел сезімге бөленеді.

- Философияның пәні және әдісі
- Философияның тарихи типтері
- Философия образования: статус, проблемы, перспективы
- «Философия общего дела» Н.Ф. Федорова
- Философия общего дела Н.Ф.Фёдорова
- Философия общего дела Федорова и ее развитие в космической философии Циолковского
- Философия общения
- Философия Нового времени: спор рационалистов и эмпириков
- Философия Нового времени: Фрэнсис Бэкон
- Философия Нового времени. Эмпиризм Ф. Бэкона и рационализм Р. Декарта
- Философия нового времнени
- Философияның бағыттары мен әдістері
- Философияның қалытасуы
- Философияның құндылықтар жүйесіндегі орны