Философияның пәні және әдісі
Байланыс дәріс сабағы
Тақырыптар |
Сағат саны | ||||
Байланыс дәріс сабағы |
Виртуальдық дәріс сабағы |
Виртуальды практикалық/ | |||
1. |
Философия пәні нені зерттейді. |
2 |
|||
2. |
Адам мәселесі -философияның мәселесі. |
2 |
|||
3. |
Философия- білімнің ерекше түрі. |
2 |
|||
4. |
Философия терихи түрлері.. |
2 |
|||
5. |
Коне Шығыс флософиясы. |
2 |
|||
6. |
Коне Грек философиясы. |
1 |
|||
7. |
Орта ғасыр философисы. |
1 |
|||
8. |
Қайта Өрлеу дәүрі жәнеАғартушылық кезеңі. |
1 |
|||
9. |
Жана даүір философиясы. |
1 |
|||
10. |
Неміс классикалық философиясы. . |
1 |
|||
11. |
Орыс философясы. |
1 |
|||
12. |
ХІХ ғ. Иррационалдық философиясы. |
1 |
|||
13. |
ХХ ғ. Философияның негізгі
|
2 |
|||
14 |
Жыныс философиясы. |
1 |
|||
10 |
10 |
8 | |||
Лекциялардың тезистері
№ 1 тақырып: “Философияның пәні және әдісі. Философияның адамның және қоғамдық өмірдегі қызметтері”.
“Философия” термині үш мағынада қолданылады: біріншіден, философия – дүниеге көзқарастың бір түрі; екіншіден, философия - өзінің зерттеу пәні бар ерекше ғылым саласы; үшіншіден, философия адамзат өмірінде айрықша орын алатын адамның рухани қызметінің үлкен бір саласы, қоғамдық сананың ерекше формасы.
Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.
“Адам-әлем” қатынасы философияның көптеген мәселелерін қамтитын танымның жүйелі субстанциясы. Сондықтан философияның негізгі қызметі – адамның дүниеде болуының белгілі бір мәнді жолдарын көрсету, өмірдің осындай формаларын бейнелеу.
Философияның негізгі мәселесі: ойлаудың болмысқа (немесе рухтың табиғатқа) қатынасы. Философияның бұл өзекті мәселесі философия тарихының өне бойынан өтіп, оны мол рухани құндылық ретінде анықтайды.
Философия – жалпы методология, яғни әдістердің теориясы, ал теория білімнің адекватты формасы. Философиялық заңдардың, принциптердің, ұғымдар мен категориялардың табиғат, қоғам, адам ойлауының дамуын, жалпы дүниетаным үшін маңызы зор.
Философияның негізгі функциялары (қызметі): экспликациялық, рационализациялық, жүйелеу, сыншылдық, интегративтік, синтездеу, дүниеге көзқарастық, гносеологиялық, логикалық, гуманистік, аксиологиялық, тәрбиелілік.
Негізгі әдебиеттер:
1. Әбішев К.Ә. философия. – Алматы, 1999.
2. Әлеуметтік философия. – Алматы, 1999.
3. Әбжанов Т.И. Қазақ рухының философиясы. – Қарағанды, 2003.
4. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.
Философияға кіріспе. Философияның дамутарихы. Философия пәні мен функциясы.
Оқыту мақсаты: Философия сөзінің мағынасы, философия ізденіс және адамның өз болмысының негізгі сауалдарына жауап табуы ретінде, философия данышпандылыққа құштарлық ретінде, парасатты және дұрыс өмір туралы ілім ретінде. Философиялық ойлаудың үлгілері. Дүниеге философиялық қатынастың ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан, дұрыс өмір сүре білу дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім ретінде. Теориялық кәсіби философия және тәжірибелік өмірлік философия. Философия - адамның бағыт-бағдары тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мәселелер туралы ойлау ретінде. Дүниетанымның типтері ретіндегі философия туралы түсінік. Миф, дін, философия, ғылым: олардың ортақ және ерекшелік сипаттары.
Негізгі ұғымдар: Теориялық философия, дүниетанымның тарихи типтері: мифология, дін, философия.
Қаралатын мәселелер:
1. Философия пәні, генезисі және қазіргі әлемдегі рөлі.
2. «Дүниетаным» ұғымы, оның құрылымы (дүниені түйсіну, дүниені қабылдау, дүниені ұғыну, дүниені түсіну).
3. Мифологиялық
4. Философияның даму тарихы.
5. Философияның негізгі функциялары.
Философия
- бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол
қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл
иеленушілік дәуірге аяқ басар
мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен
күрес барысында қалыптасты. Сол
кезде пайда болған барлық білімнің
басын құрады. Грек тілінен аударғанда
«философия» ұғымы «
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған коғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның эвалюциялык тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстын мән жайы, адамзат өніп - өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кеткен ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарылауы, яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибенің молаюы дүниетанымдық ықыласты жетілдіре түсті. Осы факторлар өмірдің негізгі мәселелерін ескерусіз қалдырмай, ол туралы түсініктерді үнемі дамытып, тереңдетіп отырды.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай- ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс - әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір - бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста 1) әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, 2) адам және оның дүниедегі орны туралы 3) болмыс пен болашақтың мән - жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады.
Дүниетанымның,
дүниеге көзқарастың тұтастығын
құрастыратын негіз- білім. Ертедегі ойшылдар
тек білім ғана надандықты жоятынын,
қала берсе, халық пен халықты
теңестіретін күш екеніне кәміл
сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе
білейінші деп талпынбайтын адам
өте нашар адам» - деп ертедегі
грек философы Платон бекер айтпаған.
Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді
болу деген сөз - белгісіз нәрсені
ашу, игеру қабілетіне ие болу деген
сөз». Ал халық «білім - ырыс қазығы»
дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми
арнаға түскен сайын одан бастау алатын
дүниеге көзқарас та нақтыланып. ерекшеленіп,
жүйелік тұрақтылық сипатқа ие болды.
Білім адамның көкірегіне қоныс
теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің
елегінен өтіп барып, сенімге айналады.
Сенім - дүниеге көзқарастың түп
қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына,
тоқыған ойына, істеген іске, ұмтылған
мұрат мақсатына деген
Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал етеді. Сондай-ақ, дүниеге көзқарастың қалыптасуы мен дамуының өзі табиғи әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастарды ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі - ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет - әрекет барысында қалыптасады. Өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі жалпылама. сыдыртпа «білімпаздық» басым. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып, шатысып жатады.
Ал
тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің
болмысы мен санасының жетілу
дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың
мифологиялық, діни, натурфилософиялық
және философиялық түрлері қалыптасты.
Адамзат қоғамымен бірге
Дүние
негіздегі дүние көзқарасы
Мифология
мен діни сананың кемістіктеріне
қарсы күресті біршама
Натуралистік
дүниеге көзқараста жаратушының
даралығын дәлелдейтін
Ал, философиялық ой-толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезде экономика мен сауда-саттық, саяси құрылым мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларда шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.
Біреулердің
қолында өндіріс байлығы, саяси
билік, жерді, сондағы бар мүліктерді
иемденуге мүмкіндіктері
Өндіріс
өсті, өндіріспен бірге өндіргіш күш
те жетілді. Осыдан адамның табиғи ортадан
тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше,
адамдар арасындағы қарым - қатынаста
практикалық саяси тәуелділік тұрақталынды.
Қоғамдық қайыршылықта адамның әлеуметтік
жағдайы мен жеке билік арасындағы
алшақтық күшейе түсті. Жеке билік өзімшілдікті
орнықтырды, оған әлеуметтік мән берді.
Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі
мәселелерін күн тәртібіне
Екіншіден, шындық пен білім үшін күрес ымырасыздықпен жүргізіліп, шынайы күшке қуат берді. Ертедегі грек ойшылдары үшін философия дегеніміз - болмыстың алғашқы бастамасы мен себебін іздеу, мән жөніндегі ілім, шындықты пайымдау, болмысты құдірет күш - аллатағаламен теңестірудің баламасын табуға үйрететін қабілеттілік деп түсінді.
Парасат пен дүниені ұғыну өздігімен келмейді, күресте қалыптасады. Ал күрес білім мен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным мен теріс ұғыныстардың қай - қайсысына болмасын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қарсы ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа философиялық білімге бетбұрыс басталды.
Ой жүйесінің жоғарғы деңгейі - дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас дегенде дүниені, табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп - ұғыну, табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым - қатынастың санада ерекше бейнелеу формасын айтамыз.
Адамдардың жаџанды танып - білуге, тіршілік болмысының мән - жайын ұғынуға және болашаққа көз жеткізуіне көмектесетін идеялар, принциптер, теориялар, мақсат- мұраттар дүниеге философиялық көзқарасты құрайды. Сонымен бірге сана қызметін реттеуші ой - пікірлер, адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер бағдары да оған негіз болады.
Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейді. Сана дүние туралы ой, бейне мен ол ойдан тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып, карастырылады. Басқаша айтқанда, философ өз ойлауының жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен адасудың, білім мен болжамның, болмыстың шындығы мен ол туралы қиял пікірдің ара жігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінеді.
Философия таным процесінде ненің дәлелді, дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. Философияның тарихында дүниеге көзқарас ұдайы өзгеріп, толысып отырады. Дегенмен дүниетанымдық процесте үнемі кезігіп отыратын мәселе де бар. Ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе .
№2 тақырып: “Философиялық білімнің дамуындағы тарихи сатылары”
“Ежелгі Шығыс философиясы” деп бүкіл дүние жүзіне әйгілі үш өркениеттің: Үнді, Қытай және Мысырды айтамыз.
Шығыс философиясының қалыптасуына әсер тигізген көптеген алғышарттар бар, олар: мифтік сананың дағдарысы, өндіргіш күштердегі секіріс; ақшалай-заттай қатынастардың пайда болуы; ойлау еңбектің ауыр жұмыстан бөлініп шығуы; рулық-тайпалық құрылымның әлсіреуі; алғашқы мемлекеттердің пайда бола бастауы; дәстүрлі дінге оппозицияның өсуі; ғылыми және ғылыми емес білімдердің алғышарттарының пайда болуы т.б.
Үнді философиясының негізгі классикалық және классикалық емес бағыттары бар, олар “Веды” беделін мойындаумен немесе мойындамаумен байланысты.
Ертедегі Қытай философиясының
негізгі бағыттары: конфуцийшылдық
(Конфуций), даосизм (Лао-цзы), легизм (Гуан
Чжун, Шан Ян), “инь” және “ян” мектебі.
Олардың философиялық ілімдеріндегі
қағидалар “адам-әлем”
Антикалық философия
Антикалық философия өзінің көптеген мектептерімен, бағыттарымен ерекшеленеді.
Көне грек философиясы
халықтың тарихи-әлеуметтік, экономикалық
өмірімен тығыз байланысты бола отырып,
құл-иеленушілік демократияны дамытқан
қоғамның дамуын сипаттайды. Бұл қоғам
сол кездегі философияның әдебиет
пен мәдениеттің кеңінен
Антикалық философияда жаңа бетбұрыс Платон, Сократ, Аристотельдің философиялық көзқарастарымен, даналығымен байланысты. Жалпы антикалық философиялық ойлардың ерекшелігі туралы бірнеше концепциялар бар: мифологиялық; гносеогендік; социоморфтық.
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің дамуын едәуір үлес қосқан ортағасырлық шығыс ойшылдары болды. Шығыс ренессансының тамаша ғалым-ғұламалары әлемге танымалы болған Аль-Кинди, Аль-Фараби, Ибн Сина, Аль-Газали, Ибн Рушд, Абу-Райхан Беруни және т.б. олардың негізгі философиялық ой-толғамдары, дүниеге деген көзқарасы, шығыс перипатетизмі, ислам, мұсылман ортодоксиясының философиясын құрайды. Өздерінің ілімдерінде олар антикалық, білімді терең түсініп, тіпті шығармашылық деңгейге көтеріп көп еңбектер жазған.
Қайта өрлеу дәуірі мен Жаңа заман философиясы
Бұл тарихи кезең өзін антикалық
мәдениеттің, антикалық өмір салтының,
ойлау тәсілінің және сезімталдығының
жаңаруы, жаңғыруы деп сезінді. Сондықтан
бұлар “Ренессана” деген
Бұл кездегі философиялық ойлауды антропоцентрлік деп айтуға болады, өйткені оның өзегінде тұрған – адам. Қайта өрлеу заманында табиғатты зерттеуге бербұрыс, пантеистік бағыт ерекше орын алды.
Жаңа заман философиясы
белгілі бір әлеуметтік-
Классикалық неміс философиясы
Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы өзіне дейінгі мұраға сын көзбен қарап, философияның рухани дамуының байлығын бойына сіңіріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйене отырып, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логикалық шығуының қайнар көзі болды. Оның өкілдері И. Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг болды.
Негізгі әдебиеттер:
1. Хуайнань-цзы-
2. Шанкара и индийская философия. – М., 1991.
3. Нысанбаев А.Н., Әбжанов Т.И. Қысқаша философия тарихы. – Алматы, 1999.
4. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. – Алматы, 2001.
5. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.
6. Чайковский Ю.В. Античная философия как рбщеобразовательный предмет. В.ф. – 2002. - №9.
7. Августин А. О порядке.// Антология мировой философии. – М., 1989.
8. Ибн-Халдун. Мукаддима. Дайындаған Сулейман. Ұлудағ. – II том. – Стамбул, 1983.
9. Аль-Фараби. Тахсил ұл-Саада (Бахытқа жетудің жолы) аударған Ахмет Арслан. – Анкара, 1999.
10. Нысанбаев А.Н., Әбжанов Т.И. Қысқаша философия тарихы. – Алматы, 1999.
11. История философии: Запад-Россия-Восток. – М., 1995-1996.
12. Бэкон Ф. Великое восстановление наук. Соч. в 2 т. – М., 1977.
№3 тақырып: “Философиядағы болмыс проблемасы. Материя және сана – философияның алғашқы категориялары”
Лекцияның тезистері:
“Болмыс”, “материя” философияның
түбегейлі категориялары болып
табылады, өзінің негізінде жалпы
реалдылықты, табиғаи пен адамның,
материалдық әлем мен адамзат
рухының біртұтас негізін бейнелейді.
Болмыстың өзі әртүрлі
1. Заттардың табиғат дүниесіндегі болмысы;
2. Адам болмысы;
3. Руханилық болмыс;
4. Әлеуметтік болмыс;
Өз кезегінде болмыстың бұл формаларының өз деңгейлері болады. Әлемді философиялық тұрғыдан түсінудегі субстанция ұғымы, субстанция мәселесі “алғашқы бастама” жөніндегі идеяны негіздеуге бастаған ұмтылыс ретінде пайда болды. Осы ұмтылысты жүзеге асыруда әр түрлі бағыттар болды, олар:
1. Монизм (материалистік немесе идеалистік).
2. Дуализм.
3. Плюрализм
Материалистік монизм бойынша болмыстың негізі ретінде материя танылады. Ұзақ тарихи уақыт барысында ғалымдар материя ретінде белгілі бір заттың негізгі қасиетін таныды, бұл материяны жаратылыстың ғылыми тұрғыдан анықтауының белгісі болды. Сонымен бірге, материя ұғымы материяны философиялық тұрғыдан анықтауда көрініс беретін философиялық аспектіге ие.
Материя мәселесінің қойылуы сана мәселесін тудырады, нақ осы екі ұғымдардың қатынасы философияның негізгі мәселесі болады.
Материяның өмір сүруінің тәсілі мен формалары қозғалыс, кеңістік және уақыт бір-бірімен де тығыз байланысты.
Негізгі әдебиеттер:
1. Абишев К.А. Философия. – А., 1998.
2. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. – А., 2001.
№4 тақырып: “Философиядағы әдіс мәселесі”
Лекцияның тезистері:
Диалектика – болмыстың әмбебап байланыстары, оның өзгеруі мен дамуы жөніндегі ілім. “Диалектика” ұғымының пайда болуының мәселесі дербес, өз алдына бір философиялық мәселе болып табылады. Диалектиканың алғашқы мәні сұхбаттасу, әңгімелесу (грек тілінен dialegu mai) деген ұғымды білдіреді. Әрі қарай диалектика қарама-қайшылықтар принципіне негізделген шындықты меңгерудегі тәсілдер мен әдістер жүйесі деген мәнге ие болып, дамудың жалпы заңдары жөніндегі ілім деп анықталды.
Сонымен бірге оның сыни-рефлексивтік функциясын да айта кету керек. Диалектикадан басқа ойлаудың да тәсілдері бар, олар: метафизика, софистика, эклектика. Болмыстың әмбебап байланыстары диалектиканың заңдар мен категорияларында көрініс береді. Диалектиканың негізгі заңдары бар, олар: мөлшерлік және сапалық өзгерістердің бір-біріне өту заңы; қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы.
Классикалық неміс философиясы
диалектиканы жеке мен жалпының, құбылыс
пен мәннің, бөлік пен бүтіннің,
элемент пен құрылымның, ұғым мен
жүйенің, кездейсоқ пен қажеттіліктің,
мүмкіндік пен шындықтың
Гегельдің диалектикалық жүйесі мөлшерлік және сапалық өзгерістердің табиғатын көрсетеді: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, терістеуді терістеудің қайшылығы кез-келген жүйенің немесе құбылыстың даму процесі “прогресс”, “регресс”, “даму” ұғымы мен тығыз байланысты.
Негізгі әдебиеттер:
1. Введение в философию. В 2-х частях / Под ред. Фролова И.Т. – М., 1991.
2. Спиркин А.Г. Философия. – М., 2001.
№5 тақырып: “Адам болмысы – философиялық мәселесі”
Адам болмысы философиядағы басты мәселелердің бірі болып табылады. Адамның табиғаты, мәні, бағыт-бағдары философиядағы антропологиялық мәселелердің өзектілігін және ерекшелігін анықтайды.
Адамның философиялық концепциясы
ғылымдардың жалпы философияның
негізі ретінде көрініс бере отырып,
еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты
адамның тектік мәнінің негізгі
формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез
процесінде сананы, сонымен бірге
заттық-тәжірибелік қызметті қалыптастыратын
негізгі факторлар болып
Бірыңғай әлемдік
Негізгі әдебиеттер:
1. Фролов И.Т. Проблема человека. – М., 1987.
2. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. – А., 1999.
3. Фролов И.Т. О смысле жизни, о смерти и бессмертии человека. – М., 1989.
№ 1 дәріс тақырыбы:
«Дүниеге көзқарас, оның мәні және негізгі типтері»
Жедел-дәріс материал:
1.Дүниеге көзқарас, оның мәні және негізгі типтері
«Философия» терминін негізінен үш мағынада қолданады:
- біріншіден, философия – дүниеге көзқарастың бір формасы;
- екіншіден, философия – ол өзінің зерттеу пәні бар негізгі ғылым;
- үшіншіден, философия – шындықтың бір жағын бейнелейтін, қоғамдық сананың негізгі формасы.
Дүниеге көзқарас – ол объективті
дүниеге және ондағы адамның орнына,
адамның оны қоршаған шындыққа және
өзіне деген көзқарастар

- Философияның тарихи типтері
- Философия образования: статус, проблемы, перспективы
- «Философия общего дела» Н.Ф. Федорова
- Философия общего дела Н.Ф.Фёдорова
- Философия общего дела Федорова и ее развитие в космической философии Циолковского
- Философия общения
- Философия общества
- Философия Нового времени: Фрэнсис Бэкон
- Философия Нового времени. Эмпиризм Ф. Бэкона и рационализм Р. Декарта
- Философия нового времнени
- Философияның бағыттары мен әдістері
- Философияның қалытасуы
- Философияның құндылықтар жүйесіндегі орны
- Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі