Герменевтикадағы танымдық проблемалар
Тақырыбы: Герменевтикадағы танымдық проблемалар
Жоспар :
1)Герменевтикаға жалпы түсінік
2)Герменевтика бағыттары
3)Герменевтика өкілдері
4)Пайдаланылған әдебиеттер
1.Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.
Герменевтиканың басты идеясы: Өмір сүру-яғни түсінікті болу.
Герменевтиканың негізгі зерттеу
обьектісі шығарма болып
Герменевтикалық
шеңбер»- ұғыну, процесінің
Герменевтика герменевтикалық жағдай, яғни мәтінді дұрыс түсіндіру мен ұғыну қажеттілігі туындаған кезбен қатарлас пайда болды.
Алғашқы герменевттер- ортағасырлық теолог-схоласттар (Фома Аквинский және т.б.) болды. Олар Інжіл мәтіндегі қасиетті аяндардың,идеялардың мағынасын «ашумен» айналысты.
Қазіргі заманғы философ
герменевттерге-Ф.
2.Консалтинг— шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлерін кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту. Ол коммерциялық негізде ақыл-кеңестер беру, үйренуші, оқушы басшы қызметкерлермен, басқарушылармен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында, сондай-ақ, белгілі бір ұйымдық, техникалық немесе ақпараттық қызметтерді орындау нысанында жүзеге асырылады. Консалтинг қызметі шетелдерде экономиканың жеке саласы ретінде өткен XX ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты. Бұл жылдарды Батыста "консалтигінің алтын ғасыры" деп атайды, мұның өзі соғыстан кейінгі кезеңде экономиканың жедел даму жолына түсіп, консалтингтік қызмет көрсетулерге деген кажеттілігінің күшеюіне және оның интернационалдануына байланысты туды. Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасында жалпы саны 500-ден астам консалтингтік фирмалар жұмыс істейді. Олар, көбінесе, кәсіптік сипаттағы консалтингтік қызметтер көрсетеді.
- Көрсетілетін консалтинглік қызметтердің тақырыбы (жалпы басқару, әкімшілік ету, қаржылық басқару, кадрларды басқару, маркетинг, өндіріс, ақпараттық технология, мамандандырылған қызметтер көрсету),
- қамту аясы (сыртқы консалтинг, ішкі консалтинг),
- нысаны (кеңес беру, сабағат, жоба),
- әзірлеу әдісі (сараптамалық консалтинг, процестік консалтинг, оқыту консалтингі, сараптамалық-процестік консалтинг, сараптамалық оқыту консалтингі),
- сипаты (проблемалық оқыту консалтингтік қызметтерін көрсету, проблемалық-кәсіптік консалтингтік қызметтер көрсету) бар.
Сыртқы консалтинг — клиенттерге
тиісті шарт негізінде қызметтер
көрсетуші тәуелсіз консалтингтік
фирмалар түріндегі немесе жеке кеңес
берушілерден құралған консалтинг ішкі
консалтинг - белгілі бір ұйымның
құрамында істейтін, ұйымның талдамалы,
"штабтық" ішкі жүйесін құрайтын
экономика мен басқару
Сараптамалық консалтинг — кеңесші диагностиканы, шешімдер талдамасын және оны енгізу жөніндегі ұсыныстарды дербес жүзеге асыратын консалтинг. Мұнда клиент, негізінен, консалтингнің ақпаратқа қол жеткізіп, нәтижелерді бағалауына мүмкіндік жасайды.
Процестік консалтингте —
кеңесші жобаның барлық жасалу кезеңдерінде
клиентпен өзара белсенді іс-қимылда
болады, оның өз идеяларын, пікірлерін,
ұсыныстарын айтуына кеңесшінің
көмегімен проблемаларға талдау
жүргізіп, шешімдер өзгертуіне ықыласын
оятады. Кеңесші, негізінен, осы сыртқы
және ішкі идеяларды жинап қорытады,
клиентпен бірлесіп жүргізген жұмыс
барысында алынған шешімдерді бағалайды,
оларды жүйеге келтіріп, ұсыныстар
дайындайды, идеяларды жинаумен, шешімдерді
талдаумен айналысып қана қоймай,
сонымен бірге осы идеялар
мен шешімдердің пайда болуы
үшін негіз әзірлеп, клиентке лекциялар,
семинарлар, оқу құралдары нысанында
тиісті теориялық және практикалық
ақпарат береді. Проблемалық —
оқыту консалтингтік
Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым)[1] – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.
Технология дайын тетік немесе бұйым жасау үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын материалдың, шикізаттың немесе жартылай өнімнің (әрбір операциялар аралығындағы дайындамалар) пішінін, өлшемін, қасиетін, күйін өзгерту амалдарынан тұрады. [2]
Жалпы өндірістік процестің бөлігі болып табылатын өндіру, тасымалдау, сақтау, бақылау жөніндегі іс-қимылдар да технология деп аталады. Қоғамның өзгеруіне байланысты өндірістің, қызметтің, оқытудың, т.б. әр түрлі салаларына инновациялық технология ұғымы енгізілуде. Қазіргі кезде технология:
- алдыңғы қатардағы технология;
- қалдықсыз технология;
- өңдеу және қайта өңдеу технологиясы;
- халықаралық стандартқа сай технология болып ажыратылады.
Мұнай, газ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және т.б. технологиялар өндіріс талаптарына сай іске асырылуда.
Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған. Ф.Шлейермахер герменевтика (мәтінді ұғыну)автор мен оқушының жаны бір, тіл табысқанда ғана мағынаға ие болады дейді. Егер автор оқушыдан тым алшақ болса, онда герменевтика жағдайында мәтінді түбіне дейін ұғыну мүмкін болмайды, алайда, егер автор мен оқушы арасында үйлесімдік,түсіністік орнаса, онда мәтіннің жасырын мағынасы ашыла береді.
Ұғыну екі жолмен жүзеге асады:
· дивинация-шығарма авторын жанын «жандандыру», жасанды түрде «сезіне бастау»;
· салыстыру-фактілермен өзге деректерді салыстыру.
Дивинация мен салыстыру алмасып отырады.Оқушы автордың жаны мен тілдің логикасын біржола түсінгенде мәтін толық ұғынылады.
3.Гомер (б. з. д. 12-8 ғ. ш.) — ежелгі гректің эпик ақыны. Өлеңдері мен дастандарын ел аралап жүріп, ішекті аспаптың әуеніне қосылып, айтып шығарған. Г. шығармаларының кейбір тұстары, соның ішінде «Илиада», «Одиссея» дастандары 8-7 ғ-да-ақ кең тараған. Абайдың Жиырма жетінші сөзінде Гомер аты аталады. Ұстазы Сократ Хакім ғалым шәкірті Аристодимнен өнеріне ел таңданарлықтай кімдерді білетінін, олардың қандай өнерімен танымал екенін сұрағанда, Гомерді жұрт бәйітшілдігі (ақындығы) үшін құрметтейтінін айтып, оның есімін бірінші атайды. Гомер өмірдерегін зерттеушілер оны “ионий отарларының бірінде туған болуы керек” деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындатқанымен, бұлтартпастай дәлел келтіре алмайды. “Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда туғанынан бейхабар. “Грек антологиясындағы” Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины – жеті қала Гомердің отаны деп аталады”, деп көрсетеді “Илиада” эпосын зерттеуші А.И.Зайцев (Гомер. Илиада. Л, 1990. 399-б). В.П.Яйленко: “Тағы бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек тіліне ауысқанда ол “соқыр” деген мағынаға ие болған” деседі. Көптеген зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіргенмен, ол Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды. Сондықтан “тұтқын”, “соқыр” деп түсіндіруге тырысады...Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген “варвар” болуы да ғажап емес” деп тұжырады (В.П.Яйленко...33-б, А.И.Зайцев... 400-б).
Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада (Измирде): “төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні бар. Гомерді меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақша шығарған да осылар”, деп мәлімдейді (Страбон. М, 1994. ХІV, 1, 3, 7. 604-б).
Сонымен, Гомердің эолийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға қарағанда негіздірек көрінеді.
Ғажабы сол – Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі ұлы ақын шақырумен Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен. Амфидаманттың інісі Паниданың шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған Гомерге емес, еңбек пен диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл оқиғаны Гесиод “Еңбек пен күндер” поэмасында жазып қалдырған. “Алдын ала шақырылған соң, ақылды Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа қатысу үшін Халкидаға бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Сонда құлақты аспалы ошақты жеңіп алып, Геликон лираларына сыйға тарттым” деп баяндалған (В.П.Яйленко...35 б). [1]
Гомер – ежелгі грек халқының аты аңызға айналған эпик ақыны. Алайда Гомер туралы нақты деректер жоқ. Оның өмір сүрген уақытын шамамен б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлардың арасы деп көрсетсе, Отаны ретінде 7 қала аталады. Олар: Смирна, Хиос, Колофон, Саламин, Родос, Аргос, Афины қалалары. «Гомер» сөзінің өзі бірнеше мағынада түсіндіріледі («соқыр», «тұтқын», «пайғамбар», «ақын» т.б.). Гомер өміріне байланысты ежелгі тарихшы Геродот, Плутархтың т.б. зерттеулері бір-біріне қарама-қарсы. Мифке сүйенсек, Гомердің ата-бабалары әншілер Мусей мен Орфей; әкесі – Аполлон құдай (кейде өзен құдайы Мелет), ал шешесі Каллиопа деп айтылады. Гомерді өлең шығарарда музалар шабыттандырып отырған. Гомер бүкіл Грекияны, Кіші Азия жағалауларын аралап жүріп өлең шығарған, поэтикалық жарыстарға қатысқан соқыр ақын болған деген де болжам бар. «Одиссея» поэмасында бейнеленетін туғаннан соқыр аэд Демодокты Гомердің өз бейнесі болуы да мүмкін деген де болжамдар бар. Павсанийдің айтуынша, Гомер Хиос аралында дүние салған. Бұл шындыққа жанасымды пікірлердің біріне жатады. Себебі, бұл аралда өздерін «Гомердің ұрпақтарымыз» деп есептейтін «гомеридтер» деп аталатын ру өмір сүрген. Олардың көпшілігі әнші болып келеді. Гомерлік диалект көнегрек тілінің ионийлық және эолийлық диалектілерінің қосындысы болғандықтан, Гомердің қай тайпаға жататындығы жайлы да нақты деректер жоқ. Грек мифологиясына сүйенсек, Эллиннің (ежелгі гректер өздерін – эллин деп атап, отанын – Эллада дейтін болған) Дор, Эол және Ксуф атты үш ұлы; Ксуфтың Ион есімді баласы болған. Осыдан келіп, тайпалар мен диалектілер – дорийлық, эолийлық және ионийлық болып үшке бөлінген делінеді. Кішіазиялық жағалаудың солтүстігінде эолийлықтар, орталығында ионийлықтар, ал оңтүстігінде дорийлықтар орналасқан. Грек халқының жыршы-аэдтерінің бірегейі Гомер қаламынан туындап, әлем халқына танылған туындылары: «Илиада» мен «Одиссея» поэмалары. Бұлар – ежелгі грек халқының батырлық жорықтарын суреттейтін көркем шығармалар. Аталған поэмаларының шыққан дәуірі, қандай жағдайда дүниеге келгені жөнінде мәліметтер сақталмағандықтан, оларға қатысты әлі де анықталмаған, шешілмеген күрделі мәселелер көп. Ғылымда бұл «Гомер мәселесі» деп қарастырылады. «Гомер мәселесі» эллиндік дәуірде туды. Б.з.б. ІІІ ғасырда грек ғалымдары Гомер поэмаларының түпнұсқасын көптеген қолжазба материалдар негізінде қалпына келтіруге тырысты. Сонда ғалымдар поэмалардың айырмашылықтарын байқайды. Кейбір александриялық мектептің филологтары мәтіндік талдауларға сүйене отырып, тіпті «Илиада» мен «Одиссея» екі түрлі автордың шығармасы деген қорытындыға келді. Бірақ, олардың жорамалы қолдау таппайды. Көптеген зерттеушілер «Илиада» поэмасы ақынның жас күнінде жазылған; оның негізгі тақырыбы – әрекет пен күрес, батырлардың көзсіз ерлігі; автор батырлардың жойқын соғыстағы асқан қаһармандығын шабыттана жырлаған; ал «Одиссея» ақынның қартайып, шау тартқан шағында жазылған дүниесі болғандықтан, мұнда Одиссей батырдың басынан кешкен қиындықтарын баяндаумен ғана шектелген деген қарсы пікір айтады. Антика заманының ойшылдары Гомерді пір тұтқанымен, оның кемшілігін жиі, ашық айтып отырған. Ақын, философ Ксенофон Колофонский (б.з.б. VІ ғ.) Гомер шығармаларына көп сын айтса, Платон оны тірі болса мемлекеттен қуып шығуға дайын екенін жасырмайды. Оның ойынша, Гомер поэмалары жастарды бұзады, олардың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Гомердің ең қатал сыншысы Зоил болды (б.з.б. ІV ғасыр), кейін оның аты жалпыланып, «Зоил» сөзі «аяусыз, кешірімсіз, зұлым сыншы» деген мағынада қолданылды. Гомерді кемсітіп, оның еңбектеріне күлгені үшін жырдың табынушылары Зоилды жардан лақтырып жібереді. Софист, философ Дион Хорцостың (б.з.б. І-ІІ ғғ.) пайымдауынша, Гомер поэмаларының негізі дұрыс қаланбаған, себебі Троя соғысы гректердің атақ-даңқсыз, көп азап шегіп Отанына құр қол қайтуымен аяқталады. «Гомер мәселесімен» Аристотель, Метродор Лампсаксий (б.з.б. Vғ.), александриялық филолог Зенодот (б.з.б. ІІІ ғ.), Аристарх Самофракийский (б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ.) және Аристархтар да айналысқан. Антика дәуірінде бұл шығармаларға жазылған көптеген түсіндірмелер мен комментарийлер сақталған, ол – схолия деп аталды.
Жас Хайдеггердің(1889-1976) көзқарасында герменевтика мен экзистенциализм бірікті, сөйтіп ол герменевтиканың танымдық (гносеологиялық)жағына емес болмыстық (онтологилық) жағына көп көңіл бөлді.
М.Хайдеггер адам тіршілігінің шарты-экзистенциалдар туралы ілімді қарасырды. Экзистенциалдың екі түрін көрсетті:
берілгендік, яғни адам болмысы ойлаумен анықталмайды, ол оның осы дүниедегі бар болуымен айқындалады (адам алдын ала «берілген», ол бір, сонан соң ол ойлайды);
ұғыну,яғни адам өзінің бар екенін тауып, сезініп осыны ұғына бастайды, ал ұғыну дегеніміз түсіндіру және интерпретация (адам дүниедегі өз өмірінің мәнін,мағынасын, дүниедегі өзінің орнын ұғыну болып табылады).
М.Хадеггердің пікірінше
адам болмысы бастапқыдан
Ганс Георг Гадамер (1900-1993) философия гносеологиядан (танымнан)герменевтикаға (ұғынуға) өтуі керек деп ойлаған. Оның атақты шығармасы: «Ақиқат және метод. Герменевтика философиясының негіздері».
Гадамер адами тіршілік адамның қз болмысын бастан кешіруінсіз болмақ емес дейді. Өз өмірінің барысында әрбір адам:
тәжірибе жинайды (әсіресе өзге буын өкілдерінің тәжірибесіне қарайды, тәжірибесі»);«дүние тәжірибесіне» өз үлесін қосады.
«Дүние тәжірибесін»өткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа жеткізу кітаптар, мәтіндер, «тіл»арқылы жүзеге асады.
Сондықтан мәтіндердің тілін ұғыну, оны түсіндіру философиясының баты бағыты болу керек дейді,- Гадамер. Мәтінді түсіну адам өмірін экзистенциалды оқиға ретінде, ал өткен мәдениетті тұлға мен қоғамның өзіндік ұғынысу формасы ретінде қарастырды. Мәдениет дәстүрін интерпретациялау (түсіндіру) өткен шақпен осы шақтың диалогы түрінде көрініс алады. «Адам түсініуші, ұғынушы болмыс».
Пол Рикер (1913ж.т.) философияның басты ұғымы -тұлға. Тұлға- бүкіл адами мәдениетті жасаушы. Философия- міндеті адами субъективтікті ұғыну әдісін жасап шығару. Бұл әдіс ретінде Рикер «регрессивті- прогресситі», яғни адамды үш өлшем-өткен шақ, осы шақ, келер шақ арқылы ұғынуды, түсінуді ұсынды.
Филология (грек,philologiaсөзге кұмарлык) — жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалык жағынан талдау аркылы адамзаттын рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, деректеметану, палеография т. б. гуманитарлык пәндердің жиынтығы мәтін Филологиянын алғашкы накты негізі болды, онын дамуына философия елеулі ыкпал етті. Филологиянын ішкі кұрылымы екі жакты карама-карсылыкка негізделген: бір жағында — накты мәтіннің карапайым кызметі, екінші жағында — шегі дәл белгісіз онын жалпы кызметі. Mәдениеттін өзін-езі тануына кызмет ете отырып, Филология жазу өркениетінін неғұрлым толыскан шағында пайда болған. Таяу Шығыстын өте жоғары көне мәдениеті тіпті Филологияны білмеген, ал батыс еуропалык орта ғасырда да ол жоғары сатыда болмаған. Ежелгі Үнді мен Грецияда Филология дүниетанымдык рефлексияның ойлау мен сөйлеуге катысы тұрғысынан зерттелген. Филологиянын жоғарылауы дүниетанымдык ойдын ұлы дәуірлерімен (Аристотельден кейінгі эллинистік әлемде, Р. Декарттан кейінгі 17 ғ-дағы Еуропада, И. Канттан кейінгі 19 ғ.-дағы Германияда) сәйкес келіп отырады. Үнді Филологиясы Панини (б.з.д. 5—4 г. шамасы), Патанджали (б.з.д. 2 ғ.) сиякты үлы грамматистер мен стилистика теорияшылдарын берді. Ежелгі Кытай мәдениетінде де өзінің Филологиялык дәстүрі болған (5—6 ғ. Лю Се т. б.). Бірак жана дәуірге дейін Үнді Филологиясының жетістіктерімен таныс болмаған Еуропа Филологиясы үшін негізгі білім көзі Греция болды, онын негізінде Гомер ілімі жатты. Софистер дәуірінде (б.з.д. 5—4 г.) Филологияны жетілдіруге Протагор, Горгий, Продик айрыкша енбек етті. Грек әдебиет тео-риясы Аристотельдің "Поэтикасында" толығып жетілді. Эллин дәуірінде Филология философиядан бөлініп, онымен Александрия мен Пергамнын кітапханашы-мамандары шүғылданды. Дионисий Фракийский (б.з.д. 170—90 ж.) казіргі кезде белгілі сөз татары туралы ілімді калыптастырды. Кайта өркендеу дәуіріндегі ойшылдар антикалык кұнды деректердін мазмұнын менгеріп коймай, ежелгі дәуірлер тілінде сөйлеп, сол әлемнің рухани дүниесін игеруге тырысты. 16—18 ғғ. Германияда Филологияның жана дәуірі басталды. Неміс филологі Ф. А. Вольф "Филология" терминін колданыска енгізді, 19 ғ,- дағы неміс филологтерінін (Г. Узенер, Э. Роде т. б.) аркасында көне тарихтан Филология бөлініп шыкты. Сол кезде романтизм және баска идеялыкағымдардыңәсерімен классикалык Филологиямен бірге "жана филология", онын түрлері германтану (ағайынды Я. және В. Гриммдер), славянтану (А. X. Востоков, В. Ганка) және шығыстану пайда болды. Бірак кейін тіл білімі, әдебиеттану, тарих т. б. салалар бір кездегі біртүтас тарих-филология ғылымынан бөлініп шыкканына карамастан, Филология баспасездің ерекше бір тәсілі ретінде бірлігін күні бүгінге дейін сактап келеді. Казіргі заманда гуманитарлык білімді математика сиякты формалдандыруға тырысушылык басым. Математиканын накты әдістері Филологиянын шеткі салаларында ғана колданылуы мүмкін, бірак онын негізгі мәніне эсер ете алмайды.
Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді. Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.
Пайдаланған әдебиет
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
- Тоқшылықова Г.Б. Антика әдебиетінің тарихы. Алматы, 2011.
- Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Чекалова Е.И. Ленинград, 1981
- Античная литература. Под ред. проф. А.А.Тахо-Годи. Москва, 1973
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет
- Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 3445 бет
- Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
- Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

- Герменевтика заглавия в романе Евгения Гришковца «Асфальт»
- Герменевтика и проблема понимания
- Герменевтика и проблема понимания
- Герменевтика и проблема понимания
- Герменевтика: искусство понимать
- Герменевтика и эстетика, Г.-Г. Гадамера
- Герменевтика как искусство понимания и истолкования
- Герменевтика
- Герменевтика
- Герменевтика
- Герменевтика
- Герменевтика (4)
- Герменевтика Аристотеля
- Герменевтика. В. Дильтей, Г. Гадамер, П. Рикер