Гражданское право. 13

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

І – тарау. Заңды тұлғалар.

1.1. Заңды тұлғалар азаматтық  – құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде, заңды тұлға ұғымы мен белгілері........................................................4-9

1.2. Заңды тұлғалар  түрлері. 

ІІ – тарау. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі...............................................9-13

2.1. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі  мен әрекет қабілеттілігі..............14-15

2.2. Заңды тұлғаның пайда болуы мен тоқтатылуы бойынша пайда болатын құқықтық қатынастар.......................................................................................16-20

Практикалық бөлім..........................................................................................21-24

Қорытынды.......................................................................................................25-26

Пайдаланған нормативтік  құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Құқықтық қатынастар мәселесі заң ғылымында әлі де бірталай орын алуда.

Алғашқы кезекте, шартқа қатысушылардың құқықтық қабілеттілігі бойынша туындайтын сұрақтар және де мекеме мен кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтық мәртебесі мемлекеттің құқықтық режим туралы түсінік  құруға мүмкіндік берсе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының даму дәрежесі қоғамдағы экономикалық дамуды бағалауға мүмкіндік береді.     Негізінде, тауар-ақша қатынастарының, мүліктік айналымның дамуына тек қана  жеке тұлғалардың  қатысуын ғана болжап қоймайды, оның дамуына зор үлес қосатын сол жеке тұлғалардың қатысуымен құрылған қандай да бір мақсаттардың орындалуын, соның ішінде коммерциялық қызметті көздейтін ұйымдардар.

Менің таңдаған тақырыбым сонысымен қызық. Тақырыптың өзектілігі даусыз. Осы курстық жұмысымның  мақсаты -  азаматтық құқықтық қатынастарының түсінігі мен сол құқықтық қатынастың субъектісі болып келетін  заңды тұлғалар туралы  ашып  көрсету.

Заңды тұлға  мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының  қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің  өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен  дамуына байланысты,    жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның  түсінігі мен белгілері және оның  азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы  мәселелер қарастырылады.

 

 

 

 

І – тарау. Заңды тұлғалар.

1.1. Заңды тұлғалар  азаматтық – құқықтық қатынастардың  субъектілері ретінде, заңды тұлға  ұғымы мен белгілері.

Азаматтық құқық нормалары  қоғамдық қатынасты реттейді. Мемлекетпен  қабылданған құқықтық нормалардың  өзіндік жалпы ережелері бар, бұл ережелер белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу үшін бағытталған. Қоғамдық қатынастың қатысушылары осы құқықтық нормаларға бағынуы тиіс.

Құқықтық қатынас келесідей  элементтермен анықталады: құқықтық қатынастың объектілері, субъектілері және мазмұны.  Құқықтық қатынастың объектісі бұл – құқықтық қатынасты тудыратын жағдайлар, яғни мүлік, жұмыс, қызмет және материалдық емес құндылықтар (ар-намыс, қасиет). Құқықтық қатынастың  субъектісі бұл – құқықтық қатынастың қатысушылары мен тараптары. Олар: заңды тұлға,  мемлекет тағы да басқа  субъектілер. Құқықтық қатынастың мазмұны өзара байланысты екі элементтен тұрады: субъектілік құқық пен заңдылықтың міндеттілігі. Осы екі элемент құқықтық қатынастың субъектілерімен тығыз байланысты. Заңды тұлғаның құқықтық субъектілігі - белгілі бір әрекеттің пайда болу мүмкіндігі, ал заңдылықтың міндеттілігі – белгілі бір әрекетке қатысты міндеттілік. Осындай құқықтық қатынастың пайда болуы фактілерге яғни, өмірде туындайтын жағдайларға байланысты. Осындай құқықтық қатынас  пайда болуы,  өзгеруі, тоқтатылуы құқықтық нормалармен тығыз байланысты. Бұл жағдайлар құқықтық норманың гипотезасында  көрсетілген. Құқықтық қатынастың субъектілерінің  өзіндік құқықтары  мен міндеттері бар. Құықтық қатынастың субъектілері ретінде жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғалар да қатыса алады. Соның ішінде,  заңды тұлға  азаматтық құқықтық қатынастың ерекше бір субъектісі болып табылады. Ол мүліктік қатынастағы баға мен эквалентке байланнысты. 

Меншік, шаруашылық жүргізу  немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан міліктік  және міліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылыды.  Бұл анықтамадан   заңды тұлғаның өзіне тән  4 белгісі бар байқалады:

1. Заңды  тұлғалар  – адамдардың кез-келген жиынтығы  емес, ұйымдық бірлік екендігімен  ерекшеленетін ұжымдар, яғни мақсаттары, міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілген  өз  жарғысы немесе ережесі  бар ұйымдық бірлік. Мұндай ұжымға тән нәрсе, оның ішкі мықты құрылымының, басшылықты жүзеге асыратын органының болатындығы. Заңды тұлға заңнамаға, не құрылтай құжаттарына сәйкес, өзінің органдары арқылы ақаматтық құқықтар мен міндеттерді қабылдайды. Заңды тұлға ұйымдық біртұтас болуы керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық құрылымның біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді. Аталған белгі заңды тұлғаның , мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, құзыретін, қызмет  тәртібін анықтаудан  көрінеді. Ұйымдық біртұтастық заңды тұлғаның  құрылтай құжаттарында  бекітілген. Заңды тұлға өз қызметін , егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы не құрылтай шарты  мен  жарғысы  негізінде  жүзеге асырады.  Заң құжаттарында көзделген реттерде , коммерциялық ұйым болып табылмайтын  заңды тұлға осы түрдегі  ұйымдар  туралы  жалпы ереже негізінде жұмыс істей алалы.

Мекемелер мен өзге де мемлекеттік бюджетпен ұсталатын  мемлекеттік ұйымдар, сондай –ақ  Қазақстан Республикасы заңында көзделген басқа да ұйымдар осы ұйымдар жөніндегі жалпы ережелер негізінде әрекет жасайды.      Мәселен, Қазақстан Республикасындағы қызметтері бойынша бірыңғай ережелер қолданылатын барлық мектептер, ауруханалар заңды тұлғалар болып саналады.

2. Заңды тұлға болып танылған ұйым тауар айналымына дербес қатысуына құқық беретін оқшауланған мүлікке ие. Оқшау мүлік дегеніміз - шаруашылық   қатынастарына  дербес түсуі үшін ұйымның  тек қана басқа  ұйымдардың  ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің  мүлкінен де оқшау  мүлкі болуы  керек дегенді білдіреді. Оқшау мүлкінің болуы, осы мүліктен өз міндеттемесі бойынша  дербес  жауапкершілігі болуы , өз атынан азаматтық құқықтарға ие болып, оны жүзеге асылуы, сотқа талапкер және жауапкер ретінде қатысуы.

Азаматтық айналымда  өз атынан  сөйлеу қабілеті – бұл  өз атынан азаматтық құқықтар мен  міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл – ұйымды құқық субъектісі – заңды тұлғаның мойындауының заңды салдары болып табылады. Ұйымның осы құқығы оның жарғысымен , ережесімен  немесе аталған ұйымды  құру  туралы актісімен көзделеді. Мүліктік оқшауланудың сипаты меншік нысанына байланысты. Мысалы: мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың  мүліктері шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқықтарында болады. Бұлардың мүлкінің оқшаулануы олардың өздерінің негізгі және айналымдағы құрал-жабдықтарының, дербес баланстарының болуы арқылы сипатталады. Олардың мүліктерінің иесі – мемлекет.

          Сонымен оқшауланған мүліктің болуы – заңды тұлғаның өзіне тән елеулі белгісі.

3. Заңды тұлғаларға өз міндеттемелері бойынша  дербес мүліктік жауапкершілік жүктеледі. Бұл ереже коммерциялық ұйымдарға емес, сонымен қатар коммерциялық ұйымдарға да, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге де қатысты.  Құрылтайшысы қаржыландыратын мекемелерден , мемлекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан  басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша  өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

Заңды тұлғаның , өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі – оның оқшау мүлкінің салдары. Кәсіпорын өзіне тиесілі  барлық мүлкімен  өз міндеттемелері бойынша  жауап береді.  Меншік иесіне  оның мүлкіне  міндеттемесі бойынша кәсіпорынның  жауапкершілігі болмайды. Құрылтайшының әрекет салдарынан болған  банкроттық, жағдайын есептемегенде, жауап бермейді. Мұндай жағдайларда мемлекет кәсіпорынның  міндеттемелері бойынша соңғысының  кредиторлардың  талабын қанағаттандыру үшін қаржысы жеткіліксіз болған жағдайда  жуап береді, заң актілерімен мемлекеттің кәсіпорынның міндеттемелері  бойынша жауапкершілігінің басқа жағдайлары белгіленуі мүмкін. Ақша жеткіліксіз болған жағдайда – мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшылары; мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының  Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты  болады, ал қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік субсидиярлық  жауаптылықта  болады.

4. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет жасау – бұл заңды тұлғаның сотта талапкер немесе жауапкер  болу құқығы. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет жасау үшін заңды тұлға жеке-дараланған болуы керек. Оның өзінің мүліктік емес  құқығы болып табылатын және қызмет сипатына, тұрған  жеріне байланысты болып келетін өз атауы болуы қажет. Заңды тұлғаның атауы оны басқа заңды тұлғалардан айыруға  мүмкіндік береді және оның ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді  қамтиды.  

        Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.  
      Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.       

Коммерциялық  ұйым болып  табылатын  заңды тұлғаның  атауы заңды  тұлға тіркелгеннен кейін оның  фирмалық  атауы болып табылады.    

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.                                                                           . 
      Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң   талап етуi  бойынша  мұндай  атауды   пайдалануды   тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.  
      Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi  заңдарда белгiленедi.                
       Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.

Заңды тұлғаның фирмалық  атауы оның қызмет аясын  көрсетіп, дербестігін білдіреді және ол атау  іскерлік  байланыстарда, іс қағаз  бланкілерінде  қолданылады.  Заңды тұлғаның атауын  тауарлық белгіден , бұйымдарды  дараландырудың  өзге де  белгілерінен  ажырата білген жөн. Әр түрлі кәсіпорындар  шығаратын  біртектес  өнімдерді  бір-бірінен  жеке-даралап ажырату үшін , сондай-ақ  олардың  тауар айналымындағы  жарнамалануын  тиімді ұйымдастыру үшін тауар таңбалары  және қызмет көрсету таңбалары  кеңінен қолданылады.

Тауар таңбалары дегеніміз – тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның  біртектес тауарларынан ажырату  үшін қызмет ететін белгі.

Тауарлық белгіні бұйымның  белгілі  бір кәсіпорыннан шыққанын куәландыратын бұйымдағы  немесе оның орауының  сыртындағы өзінше ресімделген  түпнұсқалық графикалық  бейне ретінде түсінуге болады. Ол бұйымдарға  мемлекеттік стандарттың негізінде және техникалық  жағдайларға байланысты соғылады.

Тауарлық белгілер өнімнің сапасы үшін жауапкершілікті арттырады және олардың  өнімдерді, бұйымдарды сатудағы, жарнамалаудағы  маңызы зор.

Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзінің нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.

Заңды тұлғаның тұрған жерінде  банк мекемесінде оның есеп шоты  және ағымдық шоты ашылады. Заңды  тұлғаның тұрған жерін белгілеу  жауапкер  болатын  сот істерінің  қай ведомствоға  қарайтындығын  анықтау үшін маңызды.  Мұндай жағдайда заңды тұлғаның бірнеше  қалаларда  немесе елді мекендерде қызмет  істегеніне  қарамастан, тұрған жері  біреу ғана болу керек.

 

1.2. Заңды тұлғалар  түрлері.

 

 Заңды тұлғалардың  1) жеке меншікке негізделген және 2) мемлекеттік меншікке негізделген түрлері бар.

1) Жеке меншікке негізделген  заңды тұлғалар болып қызметінің  негізгі мақсаты ретінде табыс  келтіруді көздейтін коммерциялық ұйымдар  танылады. Олар жеке тұлғаның немесе жеке тұлғалар тобының  меншігіне негізделіп құрылады.

Коммерциялық ұйым болып  табылатын заңды тұлға:

  • мемлекеттік кәсіпорын;
  • шаруашылық серіктестік;
  • акционерлік қоғам;
  • өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

Коммерциялық ұйым коммерциялық емес ұйымға қарағанда азаматтық

айналымда қызметтердің кең шеңберін атқара алады, ал соңғысының әрекет ету аясы белгілі бір қызмет шеңберінде шектелген. Азаматтық айналымда  өз мүлкімен тәуекелге  түсетін  жеке меншікке негізделген ұйымның табыс табуы үшін кез келген әрекетпен айналысуы, оған жалпы құқық қабілеттілігі тән екендігін білдіреді және де бұл қисынды нәрсе.

Жеке меншікке  негізделген  ұйымдар көбінесе шаруашылық серіктестік

және акционерлік қоғамдар нысанында әрекет етеді.

Шаруашылық серіктестіктерге тоқталатын болсақ олардың басқа

шаруашылық серіктестіктердің  құрылтайшысы болуы мүмкін екенін , олардың акциялар шығаруға құқығының  жоқ екенін айтып өтуіміз керек.

Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салым –

ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық,  санаткерлік қызмет нәтижесі құқығы және басқа мүліктер түрінде болады. Қандай түрде салынбасын салым ақшалай нысанда бағаланады.

  Шаруашылық серіктестіктер  толық серіктестік, сенім серіктестігі,

жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер түрінде әрекет етеді.

Акционерлік қоғамдар жайлы  айтсақ олар өз қызметін жүзеге асыру  үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғалар болып  танылады. Осы орайда заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдардың құрылуы мүмкін екенін айтып кетуге болады. Акционерлік қоғамдар бүгінгі таңда дербес ұйымдық-құқықтық нысан болып саналады.

Акционерлік қоғам нысанындағы заңды тұлғалардың ішіндегі дауыс беруші акцияларының  жиырма  пайыздан астамы басқа заңды тұлғаға тиесілі қоғам – тәуелді акционерлік қоғам деп танылады.

Коммерциялық ұйым ретіндегі  мемлекеттік кәсіпорынның  ерекшелігі  оның мүлкінің бөлінбейтіндігінен және уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылып, таратылып, қайта ұйымдастырылатындығынан осы уәкілетті орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшысы – оның органы болып табылатындығынан көрінеді.

Шаруашылық жүргізу  құқығындағы  кәсіпорындарды қамтитын коммерциялық ұйым – қазыналық кәсіпорындарды , яғни жедел  басқару  құқығына негізделген кәсіпорындарды да өз қатарына жатқызады.

2) Мемлекеттік меншікке  негізделген заңды тұлғалар  болып  қызметінің негізгі мақсаты ретінде  табыс келтіруді көздемейтін немесе табыс келтіре алмайтын  және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін коммерциялық емес ұйымдар танылады.  Мұндай заңды тұлғалар: мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысандарында  және заңда көзделген өзге де нысандарда, ал олардың ішіндегі мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатындары тек мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін.

Мекеме дегеніміз – басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы  қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және меншік иесі қаржыландыратын ұйым.

Мекеменің заттық құқығы  ретінде жедел оралымды басқару  құқығы танылады.

Қоғамдық бірлестіктер  болып қандай да бір мақсат көздеп құрылған ұйымдар танылады. Қоғамдық бірлестіктер  ретінде саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келетін өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған әртүрлі  бірлестіктер танылады. Мұндай бірлестіктер қатысушыларының , яғни мүшелерінің осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке мүшелік жарналарға құқытары болмайды және де олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің бойынша жауап бермейді.

Қоғамдық қор ретінде әлеуметтік , қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ азаматтар, заңды тұлғалар, ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған коммерциялық емес ұйым танылады. Мұндай қорға құрылтайшылары берген мүлік оның меншігі болып табылады. Қоғамдық қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтары болмайды. Қоғамдық қордың қаржы көзі  болып – құрылтайшылардың ақшасы , басқа да мүлкі, демеушілік ерікті түрдегі жиналған жылулар және өзге де заңды түсімдер танылады.

Қоғамдық қор заңды тұлғаға жатады. Азаматтық айналымда қоғамдық қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банктік  шоты болады.

Тұтыну кооперативтері болып қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын  азаматтардың ерікті бірлестіктері танылады.  Тұтыну кооперативінің мүшелері жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай мерзім ішінде жабуға міндетті. Олай болмаған жағдайда кооператив несие берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.

Діни бірлестік болып  рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде  біріккен азаматтардың ерікті  түрдегі  бірлестігі танылады. Діни бірлестіктердің  өз қаражаты есебінен сатып алған  немесе өздері құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретінде берген не болмаса мемлекет берген мүлікке меншік құқығы болады. Ал діни берлестік мүшелерінің өздері берген мүлікке , соның ішінде жарналарға  құқықтары болмайды. Осы секілді олар діни  бірлестіктердің, ал діни бірлестіктер олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 

Жалпы алғанда, жеке меншікке, сондай-ақ мемлекеттік менщікке негізделген  заңды тұлғалар қауымдастық нысанындағы  бірлестіктер құра алады.

Қауымдастық мүшелері өз дербестігін және заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады. Қауымдастық коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.

Заңды тұлға  органынан  сенімхат негізінде әрекет жасайтын оның өкілдерін ажырата білу керек .  Тек заңды  тұлғаның қызметкері ғана емес, сондай-ақ  кез келген  адам да өкіл бола алады.

Заңды тұлғалардың азаматтық  құқықтың субъектілері болып табылмайтын  филиалдары мен өкілдіктері  болуы  мүмкін.

Филиалдар дегеніміз  – заңды тұлғаның  тұрған  жерінен  тыс орналасқан және оның міндеттерінің  бәрін немесе бір бөлігін орындайтын, соның  ішінде өкілдік міндетін жүзеге асыратын оқшау бөлімшесі.

Өкілдіктер дегеніміз  – заңды тұлғаның тұрған жерінен  тыс орналасқан және оның мүддесін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – тарау. Заңды  тұлғаның құқық қабілеттілігі.

2. 1. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігі.

 

Заңды тұлғаның құқықтық субъектілігі – оның құқық қабілеттілігі  бейнеленетін азаматтық құқық қатынастарында субъект  ретінде  әрекет жасау  қабілеттілігі. Әрбір заңды тұлға  белгілі бір әрекет үшін құрылады және осыған байланысты осы қызметтің  белгіленген  мақсаттарына  сәйкес азаматтық құқық  қабілеттілігіне ие болады.

Заңды тұлғаның жалпы  немесе арнаулы құқық қабілеттілігі  болуы мүмкін. Жалпы құқық қабілеттілігі  бар заңды тұлғалар кез-келген қызметпен айналыса алады. Ал арнаулы құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар (мысалы, қазыналық кәсіпорындар) жарғыда көзделген  қызмет мақсатына  сай келетін белгілі бір қызмет түрімен  ғана айналыса алады.  Заңды тұлғалардың  басым көпшілігі  жекелеген қызмет  түрлерімен  тек сол қызметпен айналысуға рұқсат алып қана   - лицензия негізінде айналыса алады.  Арнаулы құқық қабілеттілігіне қатысты айтсақ,  мысалы,  жарғысына сәйкес,  мал шаруашылығымен немесе ауыл шаруашылығының  басқа да саласымен айналысуға  тиіс заңды тұлғаның  өз аумағында табылған көмірді өндіруге құқығы жоқ.  Мұндай көмірді  сатуға байланысты шарттар жасауға, олардан табыс табуға өз мақсаттарына қайшы келгендіктен шаруа қожалығының құқығы болмайды.

           Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес өздеріне берілген өкілеттіліктер  шеңберінде  әрекет жасайтын  заңды тұлғаның  органдары арқылы жүзеге асырылады.

Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлғаның органы – бұл заңмен, жарғымен немесе құрылтай құжаттарымен көзделген лауазымды тұлғалар: директор, президент, бастық, меңгеруші, төраға немесе ұйым қатарында солармен бірге әрекет еретін лауазымды тұлғалардың  алқалары заңды тұлғаның еркін білдіріп, жүзеге асырады.  Заңды тұлғалардың жекелеген  түрлеріне қатысты органдардың  құралы мен олардың құзыреті айқындалады. Мысалы, толық серіктестіктің жоғарғы органы қатысушылардың  жалпы жиналысы екендігі белгіленген.  Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың  жалпы келісімі  бойынша қабылданады, сенім серіктестігінің  ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады, акционерлік қоғамның жоғарғы органы оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық  (басқарма) немесе жеке-дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты  жүзеге асырады және директорлар кеңесі мен акционерлердің  жалпы  жиналысына  есеп береді. Қоғамның басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген ерекше құзыретіне кірмейтін барлық мәселелерді шешу акционерлік қоғамның атқарушы органының айрықша құзыретіне жатады. Өндірістік кооперативті басқарудың жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.                                                                                                                                       Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi заңдарға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi. Заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысуы үшін тек қана құқық қабылеттілігі емес, сондай-ақ  әрекет қабілеттілігі де керек. Азаматтарға қарағанда заңды тұлғалардың  ерекшелігі олардың  құқық және  әрекет қабілеттілігі  бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады. 
         2.2. Заңды тұлғалардың пайда болуы мен тоқтатылуы бойынша пайда болатын құқықтық қатынастар.

 

Заңды тұлғаны құру, қайта құру және тарату тәртібі заңнамаларда, сондай-ақ заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне және олардың құрылуы  мен таратылуына байланысты заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Ондай заңдарға мысалы: «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Лицензиялау туралы», «Банкроттық туралы» және басқа да көптеген заңдар жатады.

Заңды тұлғаны бір  немесе бірнеше құрылтайшы құруы  мүмкін және құрылтайшылар мүлікті  меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар, өзге де заңды тұлғалар болуы  мүмкін. Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Яғни, ұйым мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін  ғана заңды тұлға құқығына ие. Осылайша заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып , оны тарату аяқталғаннан кезде тоқтатылады. Ал лицензия алып қана қызмет  атқаратын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензия алған кезден пайда болады.  Коммерциялық заңды тұлға тіркелген соң заңды тұлғаның атауы оның фирмалық атауы болып табылып, ол заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

Заңды тұлғалар мынадай  үш түрлі жолмен : өкімдік, рұқсат ету  және өз еркімен нормалану жолымен  пайда болады.

Өкімдік жолмен, яғни мемлекеттік  билік немесе басқару органдарының (Үкімет, министрліктер, облыстық әкімшіліктер) өкімдік актілері негізінде мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар құрылады.

Негізінен  республикамызда  көптеген кәсіпорын, мекеме, ұйымдар  Үкімет қаулысына сәйкес құрылып  жатады.

Рұқсат ету жолымен  заңды тұлғалар құрылтайшылардың өздерінің бастамасымен – мемлекеттік , қоғамдық ұйымдардың немесе  азаматтардың бастамасымен, бірақ уәкілетті мемлекеттік органның рұқсат беруі арқылы құрылады.  Қоғамдық және кооперативтік ұйымдар осылайша құрылады.  Рұқсат ету әдісі арқылы қандай да бір қоғамдық ұйымды  заңды тұлға  деп танудың мақсатқа сәйкестігін тиісті  бақылау қамтамасыз  етіледі. 

Заңды тұлғаны өз еркімен  нормалау тәсілімен құру үшін өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі  де, рұқсаты да талап етілмейді. Заңды тұлғаны мұндай тәсілмен құру үшін мынадай екі шарт қажет: 1) заңды тұлғаның құрылу тәртібі заңда алдын ала көзделген болуы қажет; 2) азаматтардың осындай қоғамдық ұйымның қызметі туралы нормативтік актілердің барлық талаптарына жауап беретін ұйымға бірігуі туралы жалпы жиналыстың шешімі жеткілікті.

Егер заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болса, заңды тұлғаны  тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Осы сияқты бірқатар заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензиялары қайтарып алынған немесе лицензияларының қолданылу мерзімі өткен не жарамсыз болып танылған кезде тоқтатылады. Осылайша, заңды тұлға таратылуына  және қайта құрылуына байланысты өз өмір сүруін тоқтатады.

Заңды тұлғаны қайта  оны:

  • қосу;
  • біріктіру;
  • бөлу;
  • бөліп шығару;
  • өзгерту жолымен жүзеге асады.
Гражданское право. 13