Халық банк АҚ депозиттер мен несиелері, олардың ерекшеліктері

    Банк тарихы

 «Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-ның негізі  қайта құрылған Қазақстан Республикасы  Жинақ банкінің базасында қаланған.

Еліміздегі  алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі  жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса  бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында  ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.

«Халық» тобының құндылықтары

Клиентке  бет ұстау: Біздің Клиенттердің жетістіктері – ол біздің жетістіктеріміз. Біз клиенттеріміздің сұраныстарын түсінуге тырысамыз және клиенттерге олардың мақсаттарына жетуге көмектесетін ең тиімді шешімдерді ұсыну үшін барлық ресурстарымызды қолдануға міндеттенеміз.

Сенімділік: Біз халықаралық құқықтың көпшілікке танылған принциптері мен нормаларын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық» тобы бизнес жүргізетін басқа елдерің заңнамасын, ішкі ереже мен «Халық» тобының ережелерін мүлтіксіз сақтаймыз. Біз қызметтердің барлық салаларында бизнесті әрқашан мінсіз адал жүргізуге ұмтыламыз. Біз корпоративті басқарудың еуропалық стандарттарына талпынамыз және акционерлер, Клиенттер, іскер серіктестер, мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін «Халық» тобы қызметінің ең таза саясатын ұстанамыз. Сенімділік біздің ең құнды активіміз – «Халық» тобының іскерлік абыройын сақтап қалудың негізгі факторы.

Жетекшілік: Біз нарықтың барлық сегменттеріндегі Клиенттеріміздің барлық топтарына қызмет көрсетуде жетекші позицияға талпынамыз. Біздің басшылар ұйымның барлық деңгейлерінде жұмысқа деген құштарлығын көрсету жағынан үлгі болып табылады. Біздің басшылар бағыт береді, жаңа бастауларды қоштайды, «Халық» тобының жұмысын орындауына барынша қолғабыс көрсетеді.

Әлеуметтік  жауапкершілік: Халықтың сұраныстары мен мүдделеріне көңіл бөлу «Халық» тобы қызметінің негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Біз қоғамның дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешіміне белсенді үлес қосудамыз.

Әділдік: Біздің серіктестерімізбен қатынастарымыз сыйластық пен көмек көрсету, ынтымақтастық, сенімділік және корпоративті ниеттестік негізінде құралған. Біз бүкіл «Халық» тобы бойынша идеялармен, біліммен және тәжірибемен алмасуды қоштаймыз және тиімді командалық жұмысты қолдаймыз. Біз қызметкерлеріміздің кәсіптік деңгейінің өсуінің, әлеуметтік қорғалуының қамын ойлаймыз. Біздің ұйымымыздағы сыйақылау, тану және мансапты жоғарылату әділдік принциптерінде негізделеді және жеке қызмет нәтижелері мен «Халық» тобының табысына енгізген үлесіне байланысты.

Кәсіпқорлық: Біз кәсіптік қызметтің жоғары стандарттарына ұмтыламыз, біз жаңа идеялар мен инновацияларға ашықпыз, біз батыл және дәйекті түрде әрекет етеміз. Біз Клиенттермен мықты және ұзақ мерзімді қатынастарды қамтамасыз ететін Клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық операцияларды уақытылы және тиімді шарттарда іске асырамыз.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ жоғары халықаралық  беделі бар және «Халық», оның ішінде «HALYK» және «НАРОДНЫЙ» брэнді арқылы көрсететін банктік қызметтер нарығында 87 жылғы табысты тарихы бар Қазақстан  Республикасындағы ірі қаржы  институты болып табылады. Бұл брэндтер Қазақстан Республикасының уәкілетті органының шешімімен Қазақстандағы әйгілі тауар белгілері болып танылды, және қажетті құқықтық қорғау беріліп олар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ атына тіркелді. Сонымен қатар, «ХАЛЫҚ» и «HALYK» тауар белгілері Банк атына тауар белгілері ретінде Қазақстан Республикасында, Ұлыбританияда, сондай-ақ Әзірбайжан Республикасы, Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі, Люксембург Ұлы герцогтығы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Монғолия Республикасы және Тәжікстан Республикасы сияқты Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің мемлекет-мүшелерінде тіркелді. 

Айтылғанның негізінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қандай болмасын бұзушылықтарды болдырмау  жөнінде, сондай-ақ  кез-келген үшінші тұлғаларға жоғарыда көрсетілген тауар  белгілеріне Банк құқықтарының бұзуына  жол бермейтіндігі туралы ескертеді. 
 
 

         Рейтингтер

Moody's Investors Service

Шетел валютасындағы  ұзақ мерзімді депозиттер

Ba2
   
Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер Not prime
   
Қаржылық  тұрақтылық рейтингі D-
   
Рейтинг болжамы Тұрақты
   
Standard and Poor`s

Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі

B+
Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі B
   
Рейтинг болжамы Тұрақты
   
Fitch Ratings

Шетел валютасындағы  эмитенттің дефолт ұзақ мерзімді рейтингі

BB-
   
Шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг B
   
Тұрақтылық  рейтингі bb-
   
Жеке  рейтинг D
   
Қолдау  рейтингі 4
Ұзақ мерзімді рейтингке болжамы Тұрақты
 

 

  Ұзақ мерзімді даму стратегиясы

Ұзақ  мерзімді кезеңде Халық Банкі  Тобының үйлестірілген және сапалы өсуінің негізі мынадай стратегиялық мақсаттарға жету болып табылады:

- Бөлшек, корпоративті және ШОБ секторларындағы  клиенттер мен ықтимал клиенттер  үшін сенімді серіктес-банк мәртебесін  нығайту;

- Көрсетілетін  қызметтер мен өнімдердің жоғары  сапасы;

- Көрсетілетін  қаржы қызметтерінің жиынтығын  кеңейту, оның ішінде банктік  емес еншілес компаниялардың (зейнетақы  өнімдері, сақтандыру, лизинг, брокерлік  қызметтер және активтерді басқару)  өнімдерін екі жақты сату арқылы;

- Филиалдық  желіс және қаржы қызметтерін  ұсынудың өзге арналарын дамыту  және жақсарту;

- көрші  елдердегі еншілес банктік ұйымдарына  инвестициялардың оңтайлы партфеліне  қол жеткізу;

- Тәуекел-менеджмент  стандарттарын жетілдіру және  инвестициялар арқылы адам ресурстары  мен ақпараттық технологияларға  операциялық тиімділікті жақсарту;

- Топтың  акционерлік капиталын ұлғайту;

- Болашақта  бизнес жүргізу стандарттарын  жақсарту және банктік өнімдердің  жиналымы мен сапасын жетілдіру  үшін жетекші халықаралық банктік  ұйыммен стратегиялық серіктестік  құру. 
 
 
 

      Депозиттер

Ақша  бала сияқты! Ол да кәсіпқой мамандардың  өзіне көңіл бөліп, қамқорлығына алуын талап етеді. Сонда  олар  ертеңгі күннің қамын қамдап,  жаныңызға жайлылық ұялата отырып, күн санап емес, сағат санап өседі.  Ақша жаңа ақшаны тартуы керек. Қаражатыңызды жайлы әрі тиімді орналастырудың ең сенімді жолы-Халық Банкінің депозиттері.  Біз сіздерге теңгедегі, АҚШ долларындағы және евродағы депозиттердің кең жиынтығын  қуана ұсынамыз, олардың әрқайсысы өзінше бірегей әрі дәл Сіз үшін ыңғайлы. Түскен пайызды ай сайын алып отырғыңыз келеді ме? «Халықтық Зейнетақылық» депозитін таңдап, ай сайын алып отырыңыз! Қаражатыңызды мерзімінен бұрын қайтарып немесе депозитіңізді толықтырып отырғыңыз келеді ме? Онда  «Halyk-әмбебап» депозиттері сіз үшін.  Өз балаларыңыздың болашағын ойлайсыз ба? Олар үшін «Halyk-балалар үшін» депозитін ашып қойыңыз.   

Сіздің  жинақ ақшаңыздың сақталып қалуына   Халық Банкінің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығы ғана емес, мемлекеттік салымдарға кепілдік беру Қоры да кепіл болады!  

Халық Банкінің депозиттері  ақшаңызды сақтап қана қоймай, оның арта түсуіне көмектеседі. Депозиттердің талаптарымен танысуларыңызды сұраймыз. Өзіңізге барынша лайықты депозитті таңдап аласыз деген сенімдеміз.

«Халықтық – стандартты» депозиті.

Бізбен  бірге ақша жинақтаңыз! Ай сайынғы капитализация - жылдық 8%.

1. Салым салу мерзімі 1,3,6,9,12, 18, 24,30,36 ай.

2. Капитализация:ай сайын.

3. Салым бойынша сыйақы төлеу салым мерзімі аяқталғанда жүзеге асады. 

4. Салымды  толықтыру мүмкіндігі қарастырылмаған.

5. Салымның  бөлшектеп алу м.мкіндігі қарастырылмаған.

6. Салымның минималды көлемі: 15 000 теңге немесе АҚШ 100 доллары, әлде 100 евро.

7. Сыйақы мөлшері салым мерзімі бойына Банктік салымның келісім-шарты немесе келісім-шарттың қосымша келісімі басқа мөлшерді бекітпеген жағдайда тұрақты болып қалады.  
 

«Халықтық – стандартты» депозиті бойынша пайыздық мөлшерлемелер:

валюта % ставка 1 3 6 9 12 18 24 30 36
KZT 
 
 
жылдық 4,40 7,00 7,70 7,90 8,00 8,00 8,00 8,00 8,00
эфф. 4,60 7,30 8,10 8,30 8,40 8,40 8,40 8,40 8,40
USD жылдық 1,50 2,00 4,55 4,70 4,80 4,80 4,80 4,80 4,80
эфф. 1,50 2,00 4,70 4,90 5,00 5,00 5,00 5,00 5,00
EUR жылдық 1,00 1,75 3,50 3,70 3,80 3,80 3,80 3,80 3,80
  эфф. 1,00 1,80 3,60 3,80 3,90 3,90 3,90 3,90 3,90

  «Халықтық – зейнетақылық» депозиті.

Ерекше  шарттар: 50 жастан үлкен жеке тұлғалар немесе қарт жеке тұлғалар салымшылар бола алады.

1. Ерекше  шарттар: зейнетақы куәлігін көрсеткен  50 жастан үлкен жеке тұлғалар  немесе қарт жеке тұлғалар  салымшылар бола алады.

2. Салым мерзімі 6ай және 12 ай.

3. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі аяқталғанға дейін өзгеріссіз қалады.

4.Сыйақы  төлеу: ай сайын, әрбір 30 күн  сайын банктік салым келісім-шартына  тұрған күннен бастап төленеді.

5.Салымды  толықтыру мүмкіндігі: қосымша салымның  минимальды көлемі – 500 тенге,  немесе  5 АҚШ доллары, әлде 5 евро  болған жағдайда рұқсат етіледі.

6. Салымды бөлшектеп алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

7.Салымның минимальды көлемі: 2 000 теңге, немесе 20 АҚШ доллары, немесе 20 евро.

Салымды ашу салымшының таңдауы бойынша  қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда  жүзеге асырылады.

«Халықтық – стандартты»  депозиті бойынша  пайыздық мөлшерлемелер:

валюта % мөлшерлеме 6 ай. 12 ай.
теңге жылдық 5,50 8,00
эффективті 5,70 8,40
АҚШ доллары жылдық 4,20 4,70
эффективті 4,30 4,90
евро жылдық 3,20 3,70
эффективті 3,30 3,80
 
     

«Halyk – әмбебап» депозиті

Салымды толықтыру мүмкіндігі:минимальды салым  көлемінде рұқсат етіледі   – 7 000 теңге немесе  50 АҚШ доллары.

 1.Салым мерзімі 9 ай.

2.Капитализация:ай сайын.

3.Сыйақы төлеу:салым мерзімі аяқталған кезде.

4.Салымды толықтыру мүмкіндігі: допускается при условии минимального размера дополнительного взноса – 7 000 тенге (500 $ немесе 500 €).

5.Салымды бөлшектеп алу мүмкіндігі : жинақ шотында 75000 теңгеден (500 $ немесе 500 €) төмен болмайтын көлемдегі ақша сақталған кезде ғана рұқсат етіледі.

6.Салымның  минимальды көлемі: 75 000 теңге( 500 $ немесе 500 €).

7. Сыйақы мөлшері салым мерзімі бойында өзгеріссіз болады.

Салымды ашу салымшының таңдауы бойынша  қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда  жүзеге асырылады. 

валюта % мөлшерлеме 9 ай
теңге жылдық 7,00
эффективті 7,30
АҚШ доллары жылдық 4,00
эффективті 4,10
евро жылдық 3,50
эффективті 3,60

  «Halyk – әмбебап» депозиті бойынша пайыздық мөлшерлемелер: 
 
 
 
 

«Halyk – балалар үшін» депозиті.

Кәмелетке толмаған 16 жасқа дейінгі салымшының атына салым қабылданады. Салымшының атына салым салушы ретінде кез келген тұлға бола алады.

1.Ерекше  шарттар: кәмелетке толмаған 16 жасқа дейінгі салымшының атына салым қабылданады. Салымшының атына салым салушы ретінде кез келген тұлға бола алады, қажетті құжаттарды ұсыну кезінде салымшыға туыстық қатынастардың бар болуына немесе болмауына тәуелсіз.

2.Салым  мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейінгі  аралықты қамтиды. Салымның максималды мерзімі баланың 16 жасқа толу шартымен реттеледі.

3. Капитализация:жыл сайын, әрбір 12ай сайын.

Сыйақы  төлеу:салым мерзімі аяқталған уақытта.

4.Салымды  толықтыру мүмкіндігі: қосымша салымның минималды көлемі – 1 000 тенге (10 $ немесе 10 € )

5. Салымды бөлшектеп алу мүмкіндігі: қарастырылмаған.

6.Салымның  минималды көлемі: Алматы мен Астана тұрғындары үшін    – 15 000 теңге(100 $ немесе 100 € ). Басқа аймақтар үшін – 7 000 теңге (50 $ немесе 50 €). Келісім-шартқа тұрған күннен бастап, әрбір 12 ай өткен сайын бір жақты тәртіпте сыйақы мөлшерлемелерін өзгертуге банк құқылы.

14 жасқа  толмаған салым салушының атына  енгізілген салымды салымшының  заңды өкілдері(ата-анасы, асырап  алушылары, қамқоршылары) бұйырады. Ал 14 жасқа толған уақытта салымшының  өзі пайдаланады.

Выплата вклада несовершеннолетнему вкладчику, 16 жасқа толмаған салымшыға салым төлеу салымшының туу туралы уәлігін көрсеткен жағдайда және тек оның заңды өкілдерінің(ата-анасының, асырап алушыларының, қамқоршыларының)болған кезінде ғана жүзеге асырылады.

Депозит бойынша салым мен сыйақы салымшыға  жазбаша бас тартуы негізінде, егер де салымшы 14 жасқа толмаса,салымшының заңды өкілдерінің жазбаша бас  тартуы негізінде және олар банкте болған жағдайда ғана табысталады.

 Салымды  ашу салымшының таңдауы бойынша  қолма-қол немесе қолма-қолсыз  нысанда жүзеге асырылады. 

«Halyk – балалар үшін» депозиті бойынша пайыздық мөлшерлемелер:

валюта % мөлшерлеме 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
KZT жылдық 7.00 7.00 7.00 6.00 6.00 6.00 6.00 6.00 6.00 6.00
  эфф. 7.10 7.10 7.10 6.10 6.10 6.10 6.10 6.10 6.10 6.10
USD жылдық 4.50 4.50 4.50 4.00 4.00 4.00 4.00 4.00 4.00 4.00
  эфф. 4.60 4.60 4.60 4.10 4.10 4.10 4.10 4.10 4.10 4.10
EUR жылдық 3.50 3.50 3.50 3.00 3.00 3.00 3.00 3.00 3.00 3.00
  эфф. 3.50 3.50 3.50 3.00 3.00 3.00 3.00 3.00 3.00 3.00
 

ДЕПОЗИТТЕР  БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІК 

"ҚАЗАҚСТАН  ХАЛЫҚ БАНКІ"  АҚ-НЫҢ ДЕПОЗИТТЕРІ  БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТЕР

  • Пайыз мөлшерлемерінің қосымша 0,25% өсу шарты:
  • Депозит мерзімі - 12 айдан кем болмауы тиіс;
  • Депозит соммасы  –  Алматы қаласы бойынша- 14 500 000 теңге, 100 000 АҚШ доллары/еуродан кем болмауы тиіс;  басқа аймақтар үшін - 5 000 000 теңге,  35 000 АҚШ доллары/еуродан кем болмауы тиіс.
  • Халық Банкі ЖЗҚ-на зейнетақы жарналары кемінде 3 ай бойына аударылуы қажет;
  • Зейнетақы жинағы кемінде 1 млн. теңгені құрауы қажет.

Немесе:

  • Халық Банкі ЖЗҚ-на зейнетақы жарналары кемінде 1 ай бойына аударылуы қажет;
  • Зейнетақы жинағы кемінде 3 млн. теіңгені құрауы қажет.

НЕСИЕ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТЕР 

                     Халық  ЖЗҚ салымшылары ғана қаржы қызметтерінен жеңілдікке  ие бола алады.

  • "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жеке тұлғаларға арналған несиелері: 
    «Кепілсіз несие» бағдарламасы бойынша несиелендірудің негізгі сыйақы мөлшерлемесінен 1%-ға төмен (жалақыны Халық Банкі арқылы алатын тұтынушыларға), Банкке екінші рет несие алу үшін келгендер мен несие тарихы мүлтіксіз тұтынушылар үшін жеңілдік 2% құрайды.
  • Ипотекалық несиеге жеңілдік (Жалақыны Халық Банкі арқылы алған жағдайда) негізгі (стандарттық) сыйақы мөлшерлемесінен 1% құрайды,  несиелендіру мерзімін 2 жылға ұзарту мүмкіндігі де бар.

Қағаз ақша ғасыры тәмамдалып келеді. Адамдардың көпшілігі қазіргі таңда қолма-қол  ақшадан бас тартып, төлем карточкаларын  таңдауға көшкен. Осы бір кесек  пластик  артықшылығының орасан зорлығы сонша оны сипаттап беруге сайттағы орын жетпес. Карточка – әмбебап төлем құралы, оны Сіз жер шарының кез келген түпкірінде пайдалана алсыз (әрине, банк бар жерлерде). Бұл  Сіздің банктік карточкалық шотыңызды басқаруға қол жеткізетін кілт. Төлем карточкасының көмегімен  үйден шықпай-ақ  тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады немесе қолма-қол ақша алуға болады.    Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады. Бұл мерзім карточканың өзінде көрсетіледі. Өз карточкаңыздың  жарамдылық мерзімін тексеруге ұмытпаңыз, өйткені жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін карточканы қайта шығару керек.

Төлем карточкалары негізгі 2 санатқа бөлінеді:

Негізгі карточка – Сіздің карточкалық шот бойынша ресімделген төлем карточкаңыз.

Төлем карточкасын ашу үшін: 

- Халық банк бөлімшесіне жолығу;

- Төл  құжат және СТН (түпнұсқа мен  копия);

- Қажетті бланкілерді толтырып, қол қою (өтініш және келісім шарт);

- Банк тарифтеріне сәйкес карточканы бірінші жыл қолданғаны үшін Банк сыйақысын төлеу; 

Банк  өнімдерінің ерекшелегіне байланысты қосымша құжаттарды ұсыну   

Қосымша карточка – Сіздің немесе Сіз сенім білдірген тұлғаның, мысалы жұбайыңыздың немесе балаларыңыздың атына негізгі карточканың карточкалық шоты бойынша ресімделген төлем карточкасы. Сіз белгілі бір уақыт кезеңі ішінде қосымша карточка бойынша  қол жетімді ең жоғарғы сомаға (лмит) және карточкалық операцияларға шектеу белгілеуге құқылысыз.

Қосымша төлем карточканы ашу үшін: 

-  Негізгі карочканы ұстаушы мен қосымша карточканы шығаруға арыз беруші Халық банкінің бөлімшесіне жолығу керек;  

-  Негізгі карточканы ұстушының төл құжаты және қосымша карточканы ашатындардың төл құжаты мен СТН (түпнұсқа мен копия);

-  Өтінішті толтырып, қол кою қажет;

-  Банк тарифтеріне сәйкес карточканы бірінші жыл қолданғаны үшін Банк сыйақысын төлеу;

Қазақстан Халық банкі VISA International және MasterCard International  төлем жүйелерінің карточкаларын шығарады және төлем карточкаларының қазақстандық рыногында тұрақты көшбасшы болып келеді.

2009 жылғы  1-маусымдағы жағдайы бойынша  Халық банкінің 2,7млн.-нан артық  карточкалары айналымда жүр. Бұл Қазақстандағы төлем карточкаларын пайдаланушылардың шамамен  40%. Халық Банкінің төлем карточкаларына қызмет көрсету жүйесі  1690 банкоматтан, 600 киоскіден (карточкалық терминалдардан), 2800 РОS-терминалдар мен импринтерлерден тұрады. 

Төлем карточкаларының түрлері:

  • Visa Electron
  • Visa Electron Instant Halyk Card
  • Visa Classic
  • Visa Gold
  • Visa Platinum
  • Visa Infinite
  • Visa Virtuon
  • Master Card Standard
  • Master Card Gold
  • Maestro / Cirrus
  • China Union Pay
  • Зейнеткерлік карточка
  • Плюс кредит кредиттік карточка
  • PRESENT CARD
  • Altyn Card

Несие беру 

Автокредиттер

  • «Автокөлік сатып алу үшін» бағдарламасы

Ипотекалық  кредиттер

  • «Пайдалануға дайын тұрған жылжымайтын мүлік пен жеке тұрғынүй құрылысын жүргізуге арналған жер телімдерін сатып алу» бағдарламасы
  • «Салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алуға» бағдарламасы
  • «Жеке тұрғынүй салуға және үйді жөндеуге» бағдарламасы

Тұтынушылық кредиттер

  • Банктің жалақылық жобасына қатысушы жеке тұлғаның кепілдігімен «Кепілсіз кредиттер» («Халықтық») кредит беру бағдарламасы
  • Болашақта түсетін ақша кепілдігімен «Кепілсіз кредиттер» («Халықтық») кредит беру бағдарламасы
  • «Зейнетақылық кредит» бағдарламасы
  • «Кезек күттірмейтін мұқтаждық үшін» бағдарламасы
  • Алғашқы кредит желісі
  • «Банк салымының кепілдігімен» бағдарламасы
  • «Білім беру кредиттері» бағдарламасы
  • «Ипотекалық бонус» бағдарламасы

«Ипотекалық бонус» бағдарламасы

    Бұған дейін ипотека алғандар үшін арнайы ұсыныс.

Егер  Сіз жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген кредитіңізді уақытында  төлеп тұрған болсаңыз, Сізге кез келген мақсатқа қосымша заем алуды ұсынамыз: автокөлік, жаңа жиһаз, тұрмыстық техника сатып алуға, туристік жолдама құнын, түрлі қызметтер ақысын төлеуге болады. Қосымша заем мөлшері жылжымайтын мүлік құнына және банкке қайтарылған ипотека сомасына байланысты болады.   

• Сыйақы мөлшерлемесі бірінші заем берілген валютада (USD немесе EUR) - жылдығы 16-дан 17%-ға дейін.

• Кредит беру мерзімі – бірінші заем бойынша мерзім қалдығынан аспауы керек.

«Пайдалануға  дайын тұрған жылжымайтын мүлік пен жеке тұрғынүй құрылысын жүргізуге арналған жер телімдерін сатып алу» бағдарламасы

Пайдалану мақсаты: Кредит коммерциялық емес мақсаттағы, пайдалануға дайын тұрған жылжымайтын мүлікті және  жеке тұрғынүй құрылысын жүргізуге арналған жер телімдерін  сатып алуға беріледі.

Халық банк АҚ депозиттер мен несиелері, олардың ерекшеліктері