Халықаралық экономиканың құрылымы және қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТІРЛІГІ
ТҰРАР РЫСКҰЛОВ
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫК УНИВЕРСИТЕТІ
Р
Е Ф Е Р А
Т
ТАҚЫРЫП:
Халықаралық экономиканың құрылымы және
қалыптасуы
ОРЫНДАҒАН: Абишева Г.Ж.
экономика 3 ж.
2 курс
АЛМАТЫ
2012
Кіріспе
1. Халықаралық
экономика.....................
2. Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік
экономикадағы орны мен рөлі……………………………………………………………………
3. ХХ ғасырдың халықаралық экономиканың негізгі белгілері……………10
4. Бүкіләлемдік
сауда ұйымы…………………………………………………..10
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер. ……………………………………………………18
Кіріспе
«Халықаралық экономика» пәнін зерделеудің объектісі – бұл тауарлар мен технологиялардың халықаралық айырбасы саласында әр түрлі мемлекеттік сипаттағы экономикалық субъектілердің өзара әрекеттесуі саласы. Бұл пәнде қарастырылатын маңызды мәселелерге мемлекеттердің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мәселелері жатады.
Халықаралық экономиканың әдіснамасы негізінде неоклассикалық ережелерді талдау және оларды экономикалық тепе-теңдіктің басты идеясымен синтездеу қағидалары жатыр. Халықаралық экономикада қолданылатын модельдік және категориялық аппарат «Мароэкономика» және «Микроэкономика» пәндеріндегі талдау әдістері мен категорияларына сәйкес келеді. Дегенмен де, хлықаралық экономикадағы көптеген заңдар, заңдылықтар мен ережелер көптеген пікірталастарды туындатып отыр. Бұл осы ғылымның әлі де болса жас екендігін, сонымен бірге бүкіл әлемдік шаруашылық өзгерістердің жедел қарқынын айқындайды.
Халықаралық
экономика теорияларының
Дербес
теориялық пән ретінде
Қазіргі таңда шаруашылық өмірдің интернационализациясы және ғаламдануы әсерінен ұлттық экономикалық субъектілердің көп бөлігі тікелей немесе жанама түрде халықаралық экономика сферасына кіріп жатыр, дәл осы мезетте бұл ғылым экономикалық ғылымдар жүйесінің жетекші пәніне айналып отыр. Халықаралық экономиканы негіздерін білмей, кәсіпорындарын мен фирмалардың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудың ерекшелігін анықтау, олардың сыртқы экономикалық байланыстарын басқару саласындағы дұрыс шешімдерді қабылдау мүмкін емес.
Сонымен бірге мынаны атап өту керек, яғни кез-келген елдің үкіметі жүргізетін қазіргі кездегі макроэкономикалық саясат ұлттық экономиканың дамуына әлемдік экономиканың ықпал етуі жөніндегі білімдер негізінде міндетті түрде даярланады және жетілдіріледі.
Жалпы алғанда,
қазіргі таңда халықаралық экономика теорияларын
зерделемей, толыққанды экономикалық
білім алу мүмкін емес екендігін атап
өту керек.
Халықаралық экономика – халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы, қаржыландырылуы, халықаралық экономикалық саясаттарының және шаруашылық субъектілерінің өзара байланысын зерттейтін нарықтық экономика теориясының бір бөлімі.
Халықаралық экономиканың құрылымы төмендегідей формалардан тұрады:
- Ұлттық микродеңгейде – сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу (тарифтік, тарифтік емес әдістер), өндіріс факторлар қозғалысын мемлекеттік реттеу (капиталдың, жұмыс күшінің, технологияның экспорты-импорты);
- Ұлттық макродеңгейде – мемлекеттік валюталық, қаржылық реттеу және ашық экономиканы мемлекеттік макроэкономикалық бағдарламалау.
- Мемлекеттердің экономикалық саясаты және экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу механизмі
- Халықаралық сауда (тауар және қызметтер)
- Халықаралық сауданың қаржылық құралдары (валюта, құнды қағаздар, несиелер, дериваттар), халықаралық есеп айырысу
- Халықаралық экономикалық, қаржылық ұйымдар арқылы халықаралық экономиканы реттеу және бақылау
Қызмет жағынан халықаралық экономика халықаралық микроэкономикаға және халықаралық макроэкономикаға бөлінеді.
Халықаралық экономиканың құрылымын 1 кестеден көруге болады. Тізілген құрылымдағы нормалардың халықаралық экономикаға әсер ететін мәні мен ықпалы, әрбір тарихи кезеңде әртүрлі.
ХХ ғасырдың аяғына дейін халықаралық экономиканың басты формасы болып келді, ал қазіргі заманда жетекші рольді әртүрлі халықаралық қаржылық операциялар атқаруда.
Халықаралық экономика қалыптасуда әртүрлі тарихи кезеңдерден өтті. 20-30 жылдардағы терең экономикалық дағдарыс, 2-ші дүниежүзілік соғыс дүниежүзілік шаруашылықтың балансын ыдыратып, сонымен бірге экономиканың өсуіне, қатаюына, жетілуіне алғы шарттарды жасауға мүмкіндік туғызды.
ХХ ғасырдың ортасында дүниежүзілік шаруашылықтың тұрақты дамуы ұлттық экономикалардың бір-біріне байланысты және тәуелді екенін айқындады, сондықтан халықаралық экономиканың туындауы сөзсіз қажеттілікке айналды.
Көп
жақты және екі жақты ынтымақтастық
үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы
бағытты келісімдеу мақсатында көптеген
халықаралық, соның ішінде үкіметаралық
және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын
жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді,
мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына
және валюталардың тұрақтандырылуына
жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін
қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық
ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан
сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет
пен оның субьектісіне халықаралық қызметке
қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға
жәрдемдесу мақсатында құрылған.
«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын
Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық
ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін
қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті
сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін
сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы
келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының
жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу
үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық
жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді
ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға
көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды
қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға
қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы
ұлттық кедендік автономдылықты сақтау
арқылы жүзеге асуы керек.
Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең
экономикалық және саяси интеграцияға
ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық
реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден
құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі
болып табылады, онда әр елдің бір даусы
болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын
және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар
ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын
жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды
жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан
басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы,
сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА
секретариаты Женевада орналасқан. Оны
бас директор мен оның орынбасары басқарады.
ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін
12 ай өткен соң ғана мүмкін.
Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады.
«Глобализация»
тенденциясы (сауда немесе нарық) блоктарды
құру тенденциясына айналды, ал бұл
Еуропадағы болашақ экономикалық блоктардың
одан әрі оқшауланғаның білдіреді.
Солтүстікамерикалық еркін сауда зонасы Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда болды, Канадамен инициирленді және АҚШ пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үшжақты келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994 жылдың 1 қаңтарында Солтүстікамерикалық сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық пайда болды, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді.
МЕРКОЗУР
сексенінші жылдардағы Аргентина мен
Бразилияның тығыз
Колониализм дәуірінің аяқталуымен БҰҰ-ның
Генералды Ассамблеясында дамушы елдердің
саны айтарлықтай өсті. Бірақ олардың
ГАТТ-қа әсер етуі шамалы болды, себебі
үшінші әлем елдері (66) Шығыстық блок елдерімен
одақтасып әлемдік сауданың социалистік
бағыттары бойынша жаңа ретін құруды талап
етті.
77
дамушы елдерден құралатын топ
ақыры 1964 жылдың 30 желтоқсанындағы
сауда және даму бойынша
А тобы: афро-азиаттық дамушы елдер;
Б тобы: батыстағы индустриалды елдер;
В тобы: латынамерикалық дамушы елдер;
Г тобы: социалистік елдер.
Қытай
Халық Республикасы ерекше орын алады.
Генералды Ассамблея мен Кеңес ЮНКТАД
мүшелері болып табылады. Генералды Ассамблея
4 жыл бойы жұмыс істейді. Оның резолюцияларының
міндетті күші жоқ, бірақ олардың белгілі
бір моральді күші бар. Даму және әлемдік
сауда бойынша Кеңес тұрақты мүшесі болып
табылады, ол жылына екі рет мәжіліс құрайды
және Генералды Ассамблеяның шешімдерін
орындайды.Қазіргі кезде Кеңеске жеті
ерекше комитет бағынады, олар шикізат,
қаржы және технология трансферті мәселелерімен
айналысады. Генералды секретариаттың
орналасқан жері-Женева.
ЮНКТАДТЫҢ міндеттері келесілерге бағытталған: халықаралық саудаға жәрдемдесу, халықаралық сауда үшін негізгі жағдайлар мен нұсқауларды жасау, БҰҰ-ның сауда және экономикалық даму саласындағы басқа да институттарының қызметін координациялау, сонымен қатар сауданы Гармонизациялау Орталығын және онымен байланысты даму саясатын дайындау.
ЮНКТАД-тың Генералды Ассамблеясының мәжілістері: I-1964 жылы (Женева); II- 1968 жылы (Жаңа Дели); III- 1972 жылы (Сантьяго, Чили); IV-1976 жылы (Найроби, Кения); V-1979 жылы (Манила); VI-1983 жылы (Белград); VII-1987 жылы (Женева); VIII-1992 жылы (Картагена, Индия); XI-1996 жылы (Оңтүстік Африка) болды.
1968
жылдан бастап Халықаралық
-сауда
құрылымын ынталандыруды
-дәстүрлі және дәстүрлі емес экспорттық тауарлар үшін нарықтық мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
-импорт
саласында тиімді басқару
-мемлекеттік
қызметкерлерді, іскер орта өкілдерін
және экспорттық-импорттық
Халықаралық сауда орталығы өз қызметін бірқатар халықаралық, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін ұйымдармен үйлестіреді.
Халықаралық
сауда палатасы үкіметтік емес ұйым
ретінде 1919 жылы негізін қалады. Бұл
халықаралық масштабта қызмет ететін,
дамыған және дамушы елдердің компаниялары
мен басқа да құрылымдарын біріктіретін
жеке кәсіпкерлік ұйым. Оның қызметі келесілерге
бағытталған:
а) сауданы, инвестициялар мен еркін нарықтарды,
капиталдың еркін айналымын ынталандыру
арқылы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу,
б)сауданың дамуы мен еркіндігінің үйлесімділігі
мақсатында экономикалық және құқықтық
салаларда тиімді және дәйекті шараларды
қабылдау,
в) жеке кәсіпкерлік жүйесін қорғау,
г) кәсіпкерлердің
өздері арқылы кәсіпкерлікті реттеуді
ынталандыру.
ХСП-да дамыған және дамушы елдердің іскер
орталарының көзқарастарын білу мақсатында
БҰҰ-ның консультативті статусы бар. Оның
көптеген үкіметаралық және халықаралық
ұйымдармен қарым-қатынастары бар.
ХСП-ның жоғарғы басқарушы мүшесі Кеңес
болып табылады, ол әдетте жылына екі рет
жиналады. Кеңес мүшелері ұлттық комитеттермен
және топтармен тағайындалады. Әр ұлттық
комитет ХСП бюджетіне қосқан жалпы жарнағының
көлеміне байланысты Кеңеске бірден үш
мүшеге дейін тағайындай алады. Кейбір
ұлттық комитеттер Кеңес мүшелерінің
орынбасарларын тағайындайды. Президент,
вице-президент, экс-президент, қаржы комитетінің
төрағасы мен Халықаралық арбитражды
соттың төрағасы лауазымы бойынша Кеңестің
мүшелері болып табылады. Генералды хатшы
Кеңестің хатшысы болып табылады. Кеңесті
Президенттің рекомендациясы бойынша
ХСП саясатын жүзеге асыруға жауапты атқарушы
кеңес таңдайды. Атқарушы Кеңес кем дегенде
жылына үш сессия жүргізеді, оның екеуі
ХСП Кеңесімен бірге. Генералды секретар
басқаратын штаб-квартиртира ХСП барлық
қызметін бақылайды. Ол бес негізгі департаменттерден
(халықаралық даму; коммуникациялар: экономикалық
саясат пен ынтымақтастық, халықаралық
сауда саясаты мен технологиялар, администрациялар,
қаржы мен персонал) құралады. ХСП саясаты
мен тәжірибелік нұсқаулар арнайы жұмыс
органдарымен әзірленеді (комиссиялар,
жұмыс топтары). Комиссия ХСП саясатының
негізгі мәселелерімен (халықаралық сауда
саясаты, халықаралық арбитраж, қаржыландыру,
сақтандыру, салық салу, көпұлттық кәсіпорындар
мен халықаралық инаестициялар, қоршаған
орта, энергетика және т.б.) айналысады.
Уақытша негізде нақты жобаларды әзірлеп,
жүзеге асыру үшін жұмыс топтары құрылады,
олар тұрақты сәйкес органға есеп беріп
тұрады. Халықаралық сауда дауларын шешудегі
басты орган Халықаралық арбитражды сот
болып табылады. Ол өндіріс пен арбитраждың
ережелерін жарыққа шығарады. Халықаралық
сауда палатасының бюросы (ХСПБ) сауда
палаталарының бүкіләлемдік форумы болып
табылады. Ол пайда болған мәселелерді
талқылау үшін, дамыған және дамушы елдердің,
сонымен қатар экономикасы ауыспалы елдердің
палаталарын басқаратын қызметкерлердің
тәжірибесі және білімдерімен алмасу
үшін халықаралық кездесулерді ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді. Дамушы елдер мен Орта
және Шығыс Еуропа елдеріне ол техникалық
көмек бола алады және кадрлар даярлау
бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Бюро
ATA Carnet-уақытша бажсыз импорт жүйесін (коммерциялық
нұсқаулар, ғылыми және оқу құралдары,
көрмеге арналған тауарлар) басқарады.
Конгресс ХСП-ның ең жоғарғы органы болып
табылады. ХСП-ның барлық мүшелері-компаниялар
мен ұйымдар конгресске өздерінің ең жоғарғы
өкілдерін жібере алады. Конгресс үш жылда
бір рет қабылдаушы елдің ұлттық комитетінің
шақырылуы бойынша жүргізіледі.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды
халықаралық ұйымдарсыз елестету мүмкін
емес. Олар халықаралық өмірді реттеудің
ең дамыған механизмдерінің бірі және
негізі бойынша үкіметаралық және үкіметтік
емес органдардың тұрақты бірлестігі
болып табылады.
Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастардың
тұрақты құрылымын көрсете отырып, халықаралық
өмірді саяси реттеудің құралы бола алады,
ол ол бір мезгілде халықаралық интегрирлеу
функциясын атқарады, халықаралық қатынастарды
модификациялауға әсерін тигізеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында нарықтық экономика халықаралық сипатқа ие болды, яғни халықаралық экономиканың негізгі белгілері қалыптасты:
- Халықаралық сауда негізінде халықаралық тауар айырбасының жоғарғы дәрежеде дамуы
- Халықаралық өндіріс қозғалысы сферасындағы, әсіресе капиталдың шығыс-кіріс формасы, жұмысшы күші және технологияның жоғарғы дәрежеде дамуы
- Кәсіпорындардың халықаралық өндірістік формалары бірнеше мемлекеттерде орналасуы, бірнеше кезекте, трансұлттық корпорация шеңберінде дамуы
- Халықаралық тауар, өндірістік фактор қозғалыстарына тәуелсіз өзін-өзі өтейтін қаржылық сфераның пайда болуы
- Экономиканың тұрақты даму және балансты қамтамасыз ету мақсатында ұлтаралық, ұлтаралық үстінде, мемлекеттік, мемлекеттік емес механизм жүйелерін халықаралық реттеуге қол жеткізді.
- Ашық экономика қағидалары негізінде мемлекеттердің экономикалық саясаты жүзеге асты.
Сонымен, кең тұрғыдан халықаралық экономиканың халықаралық айналыстағы тауар мен өндіріс фактрына сұраныс пен ұсыныстың құрылу заңдылықтары және осыдан шығатын мемлекеттердің экономикалық саясаты жатады.
Бүкіләлемдік
сауда ұйымы-бұл әрі ұйым, әрі
құқықтық документтер кешені, тауарлар
мен қызметтердің халықаралық саудасы
саласындағы үкіметтердің құқықтары
мен міндеттерін анықтайтын көпжақты
сауда келісімі.
БСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарында 1993 жылы 15 желтоқсанындағы
Уругвайлық раундтың көпжақты келіссөздерінің
аяқталуынан кейін және 1994 жылы қол қойылғаннан
кейін құрылды. БСҰ тарифтер мен сауда
бойынша Генералды келісімнің (ГАТТ) қабылдаушысы
болып табылады.
БСҰ-ның ГАТТ-тан айырмашылығы оған ГАТТ-қа
қарағанда көбірек мемлекеттер қатысады
(ГАТТ 146) және оның қызметтерінің масштабтары
кеңірек. ГАТТ тек қана тауарлар саудасы
саласында қызмет етті; БСҰ тауарлар мен
қызметтер саудасын қамтиды, сонымен қатар
интеллектуалды меншік құқықтарын қорғайды
және келіссөздер процессі мен қайшылықтарды
шешу кезінде елдер арасында сауда қатынастары
құрылатын форум болып табылады.
ГАТТ және БСҰ екі принципке негізделген;
дискриминациядан бас тарту және нарықтық
тиімділік немесе нарыққа болжамдалатын,
ашық, өзара қауіпсіз жолмен шығу.
Бұл екі принцип өз кезегінде 4 элементтерден
тұрады:
-дискриминациясыз
сауда, яғни саудада өзара ең
қолайлы режим (ЕҚР) туғызу
және шетелдік тегі бар
-сауда саясатының транспаренттілігі;
-сауда дауларын консультациялар және келіссөздер арқылы шешу және т.б.
БСҰ-ның ең маңызды функциялары:
-Уругвайлық
раундтың документтер
-мүдделі
мүше-елдердің арасында
-сауда дауларын шешу;
-мүше
елдердің ұлттық сауда
-БСҰ
компетенциясына қатысты
БСҰ-ға мүше болудан жалпы артықшылқтарды келесі жолмен соммалауға болады:
-серіктестерге
қысым көрсетілген жағдайда, ұлттық
мүдделерді қорғауды
-халықаралық
сауданың жаңа ережелерін
БСҰ-ның
барлық мүше-елдері «Көпжақты сауда
келісімдері» (КСК) деген терминмен
біріктірілген негізгі
Уругвайлық раундтың документтер пакетінің 2-ші бөлігі (1-4 қосымшалардан басқа) Марракештегі министрлер кеңесінің нәтижесі (1994) бойынша қабылданған шешімдер мен декларациялардан, сонымен қатар басқа да Келісімдерден құралады. Бұл документтерде БСҰ-ға мүше елдер қабылдайтын қосымша шарттар мен ережелер құрастырылады. Тауарлар мен қызметтерді нарықтарға шығарудың ұлттық міндеттерінің тізімін есептегенде БСҰ документтерінің толық пакеті қазіргі кезде жобамен 30 мың парақтан тұрады.
Уругвайлық
раундтың келісімдер пакетінің жиынтығы
елуден жоғары тауарлар саудасы бойынша
Көпжақты келісімдер мен басқа да
құқықтық документтерді біріктіреді,
олардың негізгілері БСҰ-ны бекіту
туралы Келісім және оған қосымша тауарлар
саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Қосымша 1А:
Тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Тарифтер мен сауда туралы 1994 жылғы Генералды Келісім (ГАТТ-94)-тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Тарифтер
мен сауда туралы Генералды Келісім
1947- тауарлар саудасы режимінің негіздерін,
осы саладағы БСҰ мүшелерінің
құқықтары мен міндеттерін
Ауыл шаруашылығы бойынша келісім-ауыл шаруашылық тауарлар саудасын реттеудің ерекшеліктерін және осы сектордағы өндіріс пен сауданы мемлекеттік қолдау шараларын қолдану механизмін анықтайды.
Текстиль бұйымдары мен киім бойынша келісім-текстиль мен киім саудасын реттеудің ерекшеліктерін анықтайды.
Санитарлы
және фитосанитарлы нормаларды қолдану
бойынша келісім- санитарлы және
фитосанитарлы бақылау
Саудадағы
техникалық барьерлер бойынша келісім-
Саудамен
байланысты инвестициялық шаралар
бойынша келісім-
VII ГАТТ 1994 бабы тауарлардың кедендік бағасын
қолдану бойынша келісім-тауарлардың
кедендік құнын бағалау ережелерін анықтайды.
Тиеу алдындағы инспекция бойынша келісім-тиеу
алдындағы инспекцияны жүргізудің шарттарын
анықтайды.
Шығу
тегі ережелері бойынша келісім-
Импорттық
лицензиялау процедуралары
Компенсациялық шаралар мен субсидиялар
бойынша келісім-субсидиялауға қарсы
қарсы күреске бағытталған шаралар мен
субсидияларды қолдану процедурасы мен
шарттарын анықтайды.
VI
ГАТТ 1994 бабын қолдану бойынша
келісім (антидемпинг)-
Қорғау шаралары бойынша келісім-өсіп келе жатқан импортқа қарсы шараларды қолдану прцедуралары мен шарттарын анықтайды.
Қосымша 1В:
Қызмет
саудасы бойынша Генералды
Қосымша 1С:
Интеллектуалды меншік құқықтарының саудалық аспектілері бойынша келісім- интеллектуалды меншікті қорғау саласындағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Қосымша 2:
Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен процедуралар туралы келісімшарттар-БСҰ-ның барлық келісімдері бойынша міндеттерді орындаумен байланысты БСҰ мүшелері арасындағы дауларды шешу шарттары мен процедураларын орнатады.
Қосымша 3:
Сауда саясатын шолу механизмі-БСҰ мүшелерінің сауда саясатының жалпы параметрлері мен шарттарын анықтайды.
Қосымша 4:
Плюрилатеральді
келісімдер (қатысушылардың шектеулі
ортасы үшін, яғни БСҰ-ның барлық мүшелері
үшін міндетті емес);
Азаматтық авиатехника саудасы бойынша
келісім (осы сектордағы сауданың либерализациясы
бойынша жақтардың міндеттерін анықтайды).
БСҰ-ның
ең жоғарғы органы ұйымның барлық қатысушыларының
өкілдерін біріктіретін Министрлік конференция
болып табылады.
Конференция сессиялары кем дегенде екі
жылда бір рес өткізіледі, онда Уругвайлық
раундтың келісімдер пакетімен байланысты
принципиалды мәселелер бойынша шешімдер
қабылданып, талқыланады.
1996
жылдың желтоқсан айындағы
1998
жылы Женевада өткізілген
Үшінші конференция 1999 жылы Сиэтлде (АҚШ)
құрылды және ол сауда келіссөздерінің
жаңа раундының басталуы туралы шешім
қабылдау керек болатын, бірақ ол нәтижесіз
аяқталды. Төртінші Министрлік конференция
2001 жылдың 9-13 қарашасында Дохада (Катар)
өткізілді, бесіншісі 2003 жылдың 10-14 қыркүйегінде
Канкун қаласында (Мексика) және алтыншысы
2005 жылдың 12-18 желтоқсанында Гонконг қаласында
(ҚХР) өткізілді.
Генералды кеңес Министрлік конференцияға
бағынышты, ол ағымдағы жұмыстың орындалуына
жауап береді және БСҰ-ға мүше елдердің
өкілдерінің құрамымен, әдетте олар қатысушы
елдер делегацияларының басшылары, жылына
бірнеше рет Женевадағы штаб-квартирада
жиналады.
Генералды кеңестің басшылығында бұдан
басқа екі арнайы орган бар: сауда саясатын
талдау бойынша және дауларды шешу бойынша.
Сонымен қатар Генералды кеңеске сауда
және даму бойынша; сауда балансымен байланысты
шектеулер бойынша; бюджет, қаржы және
әкімшілік мәселелер бойынша комитеттер
есеп береді.

- Халық банк АҚ депозиттер мен несиелері, олардың ерекшеліктері
- Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері мен есебі
- Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
- «Халық жауына» айналған прокурор
- Халық педагогикасы
- Халық педагогикасындағы ән-жырлар халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі
- Халық педагогикасы – тәрбие құралы
- Халықаралық экономикалық интеграция
- Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет