Халықаралық қауіпсіздік
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ежелгі заманнан Біріккен Ұлттар Ұйымына
дейінгі халықаралық қауіпсіздік: қалыптасуы және дамуы
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы – халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдемесі
3) Жаңа халықаралық қауіпсіздік мәселелері және оларды шешу жолдары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүкіл адамзат өркениеті тарихы бойына түрлі қоғамдар жарқын болашақ пен гүлденуге тырысты. Алайда, мұндай арманы бар топтар саны көп, олардың дәстүрлері мен тілдері де әртүрлі болды. Сондықтан, географиялық өзгешеліктер, ресурстардың тең таралмауы халық топтарының бейбіт өмір сүруін қиындата түсті. Аталған факторлар әсері уақыт өте келе өсе түсіп, қауымдастықтар арасында қақтығыстарға әкеле бастады.
Соғыс тайпааралық,
кейіннен мемлекетаралық және
сыртқы саясатты жүргізудің
Бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесі ғасырлар бойы көптеген философтардың толғандырды. Өкінішке орай, саясаткерлер де, толық қоғамдастықтар да қақтығыстарды шешудің агрессивті тәсілдерін өзгерту керектігін мойындаудан алыс болды. Дегенмен, халықаралық қатынастардың дамуымен бейбітшілікті сақтау мен мемлекеттер арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету талпыныстары көбейіп жатты.
Мемлекеттердің жетіле бастауы, әсіресе, халықаралық құқықтың классикалық түрінің пайда болып, дами бастауы халықаралық, аймақтық және жергілікті қауіпсіздікті қамтамсыз ету институттарына жол ашты.
Көпғасырлық даму үдерісі кемшіліктері, жетістіктерімен бірге қазіргі таңдағы келісімдер, ұйымдар мен шиеленісті жағдайларды реттейтін шаралар жүйесін құрды. Осылайша, саяси-құқықтық концепция – халықаралық қауіпсіздік жүйесі пайда болды.
Бейбіт өмір сүруді қаматасыз ету үшін қауіпсіздік шаралар қатары реттеліп, құқықтық жүйемен де қамтылғанымен, күннен күнге қауіптер саны көбеюде. Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастарды реттеуші негізгі құрал – Біріккен Ұлттар Ұйымы. Бүкіл адамзат үміті осы Ұйымның мойнында. БҰҰ қарауы шеңберінде жұмыс атқаратын басқа да аймақтық, жергілікті қауіпсіздік бағытындағы ұйымдар бар.
Дегенмен, халықаралық-құқықтық реттеу механизмдерін жасау мен жүзеге асырудың негізі мемлекет болып қала береді. Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде мемлекет халықаралық-құқықтық нормаларды өзгертеді, жүзеге асырады, халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігін анықтайды. Сондықтан, халықаралық құқық даму деңгейі мен тиімділігі тікелей мемлекеттерге байланысты.
- Ежелгі заманнан Біріккен Ұлттар Ұйымына
дейінгі халықаралық қауіпсіздік: қалыптасуы және дамуы
Тарихшыларға белгілі алғашқы мемлекеттер б.з.б. IV мыңжылдық соңында Тигр мен Евфрат өзендері бойында пайда болған – Месопотамия мен Мысыр патшалығы. Осы кезең халықаралық қатынастар тарихын зерттеудің бастамасы деп те қарастырылады.
Ежелгі құжаттарға сүйенетін болсақ, үнділік Ману заңдарында «Жау – біздің көршіміз» делінсе, Ежелгі Үндістан саяси даналық жинағы-Артхашастреде келісімдерді өзіңмен тең не күштірек корольдермен жасау керек, ал әлсіздерге шабуыл жасау қажет деп көрсетілген. Бұл заманда енді пайда болған құқық нышандары тек мемлекет ішінде әрекет етеді деп қарастырылды. Ал мемлекеттер арасында (көбіне екі мемлекет) жасалатын келісімдер өңірлік сипатта болып, бірінші қажеттілік туындағанда құқықтық негізсіз бұзыла беретін болған. Өркениет бастамасында жасалған бірден-бір келісім, өкінішке орай, сирек мысалы ретінде б.з.б. ХІІІ ғасырда Мысыр фараоны мен Хетт патшасының сыртқы жаулармен күресуде, көтерілістерді басуда және саяси босқындарды өзара қайтарысуда ынтымақтасу туралы жасасқан келісімін айтуға болады.
Еуропа құрлығында алғаш мемлекеттердің пайда болуы қалыптасқан дәстүрге айтарлықтай өзгерістер енгізбеді. Гректер өздерін ерекше халық деп білді. Демосфен барлық басқа халықтар гректер құлы болуға жаралған деп сендірді. Ежелгі Грекияның енгізгені проксендер мен дипломатия институты болды. Проксендер шетелдіктерді алып жүруші және ел басшыларымен келіссөз жүргізуде байланыстырушы рөлін атқарса, дипломатия институты тек гректік қала-мемлекеттер арасында жүзеге асырылды.
Ежелгі Рим ішкі құқықты жетілдіруде септігін тигізгенімен, халықаралық құқық түсінігін қалыптастырмады. Римде халықаралық қатынастар арбитрі ретінде тек Құдайларды таныды.
Осылайша, Ежелгі Әлем мемлекеттері халықаралық қатынастар дамуына біршама үлес қосқанымен, елдер арасында тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекетаралық нормативті-құқықтық реттеулерден алыс болды. Бұл кезеңде жасалған келісімдердің кемшілігі – заңдық жауапкершіліктің болмауы еді. А. Нуссбаум (АҚШ) және Ж. Верзийл (Нидерланды) сияқты халықаралық құқық мамандары ежелгі замандағы мемлекетаралық қатынас нормалары ретінде діни жазбалар немесе моральдық негіздер қарастырылған деген қорытындыға келді.
Б.з. V ғасырдың соңы мен ІХ ғасыр ортасы бүкіл әлемнің саяси-географиялық сипатын өзгерткен оқиғалармен ерекшеленеді. V ғасырдың соңында Рим империясының құлауы және құл иеленушілік кезеңнің аяқталуы орын алды. Нәтижесінде, қоғамдық құрылымы өзгеше ірі мемлекеттер құрыла бастады. Батыста екі мәдени және саяси жағынан айырмашылықтары бар мықты орталықтар құрылды – Қасиетті Рим Империясы мен Византия империясы.
Ортағасырлық Еуропада халықаралық қатынастарды реттеу деңгейі төмен және көбіне шіркеудің ережелеріне бағынғанымен, феодалдық мемлекеттер халықаралық қауіпсіздік концепциясының жетілуіне үлесін қоса білді. Мәселен, Рим католиктік шіркеу бастауымен крест жорықтарын жасау үшін коалиция құруы - Еуропалық көлемде қауіпсіздік мәселесінің көтеріле бастауының жарқын мысалы. Оған қоса, тарихта мемлекет басшылары қатысқан съездердің болғаны да белгілі.
Еуразия құрлығындағы мемлекеттерде - Византия империясы мен Киевтік Русь – халықаралық қатынастарды реттеу орталықтандыру деңгейінің жоғарылығынан басқа Еуропадан айырмашылық жасамады. Бұл өңірдің сыртқы саясат жүргізудегі ерекше құралы ретінде династияаралық некелерді көрсетуге болады. Осы тәсіл мемлекеттер одағын құрудың тиімді түрі болды.
VІІ ғасырдың басында Арабия жартыаралында иудаизм мен христиандықтан кейінгі үшінші ірі дін – Ислам пайда болып, Шығыстың жаңа даму кезеңіне жол ашты. Араб халифаты үшінші қуатты империя болды. Мұсылмандық мемлекеттер христиандықтан ұйымдастырушылық және орталықтандырылған сипатымен ерекшеленеді. Халықаралық қатынастарда Ислам шариғаттары үлкен мәнге ие болды. Ортағасырлық мұсылмандық Шығыста да елдер арасында соғыстар саны аз болмады. Халықтардың одақтық және бейбіт келісімдер жасасуы да жиі кездесті. Еуропаның феодалдық мемлекеттеріндегі хаос мұсылман елдерінде орын алмады. Орталықтанған Осман империясы сияқты мемлекеттердің болуы ортағасырлық халықаралық қатынастардағы мұсылмандық мемлекеттердің рөлін жоғарылатты.
Ортағасырлық кезеңдегі халықаралық қауіпсіздік мәселесі тек өңірлік сипатта болып, келісімдер қатысушыларының аздығымен көрінді. Бұл заманның саясаткерлері мен заңгерлерінің назары соғыс жүргізу ережелерінде болды.
Орта ғасырлардың аяғына қарай Еуропада алғашқы орталықтанған билігі бар ірі ұлттық мемлекеттер пайда бола бастады. Мемлекет құрылымының жаңа түрлерінің пайда болуы, ғылыми-техникалық прогресс, отарландыру үдерісінің дамуы мен өндірістің капиталистік тәсілінің дүниеге келуі феодалдық және католиктік қоғаммен текетіреске келе бастады. Бұл қақтығыс алғаш 1566-1579жж Нидерландыда орын алды.
Католиктер мен протестанттар арасындағы Отызжылдық соғыс 1648 жылы әлемде Вестфаль жүйесін салумен аяқталды. Вестфаль келісімі – тарихта аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалған бірінші нормативті-құқықтық акт. Классикалық халықаралық құқық пайда болуы нүктесі деп осы кезеңді қарастыруға болады. Вестфаль жүйесі 150 жылға жуық уақыт өмір сүрді.
ХVІ-ХVІІ ғғ. аралығы классикалық халықаралық құқық дүниеге келуі және дамуымен сипатталады. Римдік құқық жеке тұлғалардың ғана емес, мемлекеттердің де теңдігі қағидасын қалыптастырды. Халықаралық-нормативтік концепциясына Еуропа заңгерлері, әсіресе, Гуго Гроцийдің сіңірген еңбегі зор. Гуго Гроцийдің «Соғыс пен бейбітшілік құқығы» еңбегң ерекше маңызға ие.
Дегенмен, заңгерлердің теориялық негіздемелері тәжірибеде қолданыста болмады. Әлі де мемлекеттер арасында ақсүйектік қатынастар үлкен мәнде еді. Сонымен, ХVІІІ ғасырдың соңында Еуропада халықаралық дәстүр мен нормаларға құқықтық мәртебе берілгенімен, мемлекеттер сыртқы қатынастарында ұлттық қызығушылықтарымен басшылық етті.
Француз революциясы егеменді монарх
билігін ұлттың жоғарғы билігімен
алмастырды. Тарихта алғаш рет
плебисцит институты
Алайда, Наполеондық жаулап алушылықтар Вестфаль келісімінен кейінгі қалыптасқан қауіпсіздік негіздерін қиратты. Ресей, Австрия, Пруссия Наполеон империясын жеңгеннен кейін 1815 жылы Венада Қасиетті Одақ туралы Актіге қол қойды. Акт легитимдік қағидасына негізделді, яғни тақты тек заңды династия иемдене алатын болды. Сонымен қатар, қол қойған мемлекеттер егеменді елдердің ішкі істеріне араласу құқығын жариялады. Осылайша, Еуропада халықаралық жандармдар одағы құрылды.
Бұл кезеңде болған тағы бір тарихи оқиға – 1776 жылы Америка Құрама Штаттарының пайда болуы. Ол өзінің Тәуелсіздік Декларациясын қабылдап, «табиғи және құдайдан берілген құқық» ретінде халық еркіндігін жариялады.
Сонымен, ХІХ ғасырдың ортасына қарай Еуропада Вена Актісіне негізделген халықаралық жүйе қалыптасты. Ол Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін әрекет етті.
Осман империясы әлсірей бастады, Ресей және Австро-Венгрия империялары күшейе түсті. Батыс Еуропада Германия мемлекеті құрылды. ХІХ ғасырдың соңына қарай әлем колониалды державалар арасында бөлініске түсіп болды. Ал халықаралық құқық христиандық Еуропа және Америка елдеріне қолданылды, онда да толығымен емес. Отар елдерде нормалар қолданылса да, қатты өзгеріске ұшырап отырды. Экономикалық қатынастар түрлі келісім, құжаттармен реттеле бастады, алайда саяси қатынастардың реттелуі айтарлықтай дамымады.
Бөлініске ұшыраған отар территориялар барлық державаларды қанағаттандырмады. Қару-жарақ жарысы басталып, ірі мемлекеттер арасында дипломатиялық шиеленістер пайда болды. «Үлкен соғыстың» лебі байқалды. 1907 жылы Гаага конференциясында соғыс заңы анықталды. Осылайша, бұл кезеңде де сыртқы саясат негізгі құралы – соғыс болып қала берді. Халықаралық құқық соғыс құқығы ретінде қарастырылды. Мұның нақты дәлелі державалардың екі блокқа – Антанта мен Үштік Одаққа – бөлініп, 1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғысты бастауы болды. 1918 жылы Антанта жеңісімен аяқталған бұл әлемдік текетірес Версаль бейбіт-бітім шартымен аяқталды. Әлемде, сонымен, Версаль жүйесі қалыптасты.
Он миллионнан астам адам өмірін алып кеткен, мемлекеттердің инфрақұрылымына қомақты шығындар әкелген, халықтардың тіршілігі мен психологиясына жойқын соққы жасаған Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем халықаралық қатынастарды реттеудің басқа жолдарын іздеу қажеттігін түсінді. Мұны талап еткен қоғамдық қозғалыстар да пайда бола бастады. Халықаралық қатынастар жүйесін тиімді басқару сұрағы өзектілікке ие болды. Осының барлығы 1919 жылы державалардың Ұлттар Лигасын құруына әсер етті. Бұл – ең алғашқы жалпыға ортақ бейбітшілік пен мемлекеттер арасында ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған саяси ұйым болды.
Ұлттар Лигасы Статутына келесі сипат тән:
- Халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу рөліне ерекше назар аударылды. Халықаралық құқық ынтымақтастық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуде маңызды деп жарияланды.
- Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде келісімдерге негізгі рөл беріліп, келісімдік міндеттемелерді сақтау қажеттілігі бекітілді.
- Алғаш рет халықаралық-құқықтық кикілжіңдерді третейлік немесе сот қарамағында шешуге жатқызды. Статутқа сәйкес 1922 жылы ең бірінші тұрақты халықаралық тұрақты сот – Халықаралық тұрақты әділ сот палатасы құрылды.
- Халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу. 1924 жылы пацифистер талабымен ұйым кикілжіңдерді бейбіт жолмен шешу Протоколын қабылдағанымен, ол күшіне енбеді. Оның орнына, 1928 жылы соғыстан ұлттық саясат құралы ретінде бас тарту туралы көпжақты Келісім жасалды.
Ұлттар Лигасы мен Версаль жүйесі халықаралық құқықты дамыта түскенімен, Екінші дүниежүзілік соғысқа жол берген бірқатар кемшіліктері де болды:
- Статут халықаралық қатынастарда қарулы күштерді қолдануды заңсыз деп жарияламады.
- Колониалды жүйені қатайта түсті. Отар елдер халықаралық қатынастарға араласа алмады.
- Лигаға екі ірі әрі мықты мемлекет – КСРО мен Германия енгізілмеді. Бұл ұйымның жұмыс қабілетіне кері әсер етіп, халықаралық саяси аренада жағдай қиындай түсті.
Ұлттар Лигасы – халықаралық
қауіпсіздікке қарай үлкен
Версаль жүйесін бекітуге
бағытталған 1925 жылғы Локарн конференциясы
Германияның әскери-саяси
1930-шы жылдардың ортасынан бастап саяси жағдай ушыға түсті. Әлем дүниежүзілік соғысқа бара жатты. 1932 жылғы қарусыздандыру бойынша Женева конференциясында жетекші елдердің қарусыздануға ынтасы жоқтығын байқатты.
1939 жылы 1 қыркүйектен
басталған Екінші дүниежүзілік
соғыс үлкен қайғыға және әлемд
Соғыстың алдындағы кезеңге қарағанда соғыс кезінде антигитлерлік коалиция мүшелері арасында ынтымақтастық нығая түсті. Ел басшылары және басқа да ел билігі өкілдері кездесулері жиі болып тұрды. Осындай жиналыстардың бірінде соғыстан кейін бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін мықты халықаралық ұйым құру мәселесі көтерілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымын құру ұсынысын жасаған алғашқы құжат, батыстық зерттеушілердің айтуынша, 1941 жыл 14 тамыздағы Рузвельт пен Черчилль қол қойған Атлантикалық хартия болса, кеңестік ғалымдар 1941 жыл 4 желтоқсандағы Кеңес-польшалық декларацияны көрсетеді.
1944 жылы Думбартон-Оксте
болған конференция – БҰҰ
Берік бейбітшілікке шақырған жаңа халықаралық ұйымнан мемлекеттердің экономикалық және саяси даму мақсатында ынтымақтастығына септігін тигізетіндігі күтілді. Алайда, бұған байланысты мемлекеттер арасында бір тұжырым болмады. Кеңестік БҰҰ Жарғысы ұсынысында «ұйым тек қауіпсіздік ұйымы болуы тиіс және оның жұмыс саласына экономикалық, саяси және гуманитарлық сұрақтар енбеуі тиіс, бұл салаларға басқа ұйымдар құрылуы қажет» деп көрсетілді. Әлеуметтік-экономикалық салада да қарама-қайшылықтар болды. Нәтижесінде, Ұйым жанынан Экономикалық және әлеуметтік кеңес құрылатын болды.
Сонымен, 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғысы аяғына қарай өз мақсатына жетпеген Ұлттар Лигасы жойылып, оның орнына Жер бетінде бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді қамтамасыз етеді деген үміт пен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Мыңдаған жылдар бойы халықаралық қауіпсіздік үшін нақты әрекеттер жасалмай келгендіктен адамзат тарихында орын алған екі дүркін соғыс мемлекеттердің әлемдік қауіпсіздік мәселесін қолға алу керектігін мойындатты.
- Біріккен Ұлттар Ұйымы – халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдемесі
Қазіргі халықаралық құқық негізі БҰҰ Жарғысымен қаланған. Саяси жағынан БҰҰ Жарғысы ынтымақтастық қағидасына бағынған жаңа халықаралық саяси жағдайды қалыптастырды. Күш басымдығы концепциясы құқық мен әділеттік басымдығы концепциясымен алмастырылды. Колониалдық жүйе жойылды. БҰҰ бірден бір жетістігі – тарихта алғаш рет адам құқықтарының қолсұқпаушылығы мен маңыздылығы бірінші орынға қойылды. Осы мәселенің Жарғыда қозғалуы адам құқығы саласында халықаралық-құқықтық институт пен актілер, құжаттардың пайда болуына себеп болды. БҰҰ Жарғысы халықаралық өмірдің түрлі аспектілерін қамтыған, соның ішінде халықаралық қауіпсіздікті бақылаушы құқықтық нормалары жоғарғы позицияға тұрақтады.
БҰҰ Жарғысы І Бөлімі 1 Бабында жаңа халықаралық-құқықтық жүйенің негізгі «Мақсаттары мен қағидаларын» былай деп анықтады:
- Әлем қауіптерін жою және алдын алу бойынша ұжымдық шаралар қабылдау арқылы халықаралық пен қауіпсіздікті ұстап тұру және «халықаралық құқық пен әділеттік қағидаларына сәйкес» агрессия актілерін басу.
- Халықтардың өзін өзі анықтау мен теңқұқықылық қағидаларын құрметтеу негізінде ұлттардың арасында достық қарым-қатынастарды дамыту.
- Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құықтары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы негізгі еркіндіктеріне құрметті жоғарылатуда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
БҰҰ Жарғысында көрсетілген
мақсаттар бүкіл халықаралық-
Жарғыда жеті негізгі халықаралық құқық пен ұйым қағидалары кейін 1970 жылғы Халықаралық құқық қағидалары туралы Декларациясында және Еуропа ынтымақтастық пен қауіпсіздік Кеңесі 1975 жылғы Қорытынды актісінде толықтырылып бекітіле түсті. Нәтижесінде халықаралық құқықтың негізгі он қағидасы қалыптасты:
І. Егеменді теңдік қағидасы
ІІ. Халықаралық-құқықтық міндеттемелерді адал орындау қағидасы
ІІІ. Халықаралық кикілжіңдерді бейбіт шешу қағидасы
ІV. Күш қолданбау қағидасы
V. Адам құқықтарын құрметтеу қағидасы
VІ. Араласпау қағидасы
VІІ. Аумақтық тұтастық қағидасы
VІІІ. Шекаралар мызғымастығы қағидасы
ІХ. Теңқұқықтық және халықтардың өзін-өзі анықтау қағидасы
Х. Ынтымақтастық қағидасы.
Соңғы онжылдықтарда жаңа мәселелер пайда болғанымен қазіргі халықаралық-құқықтық жүйе негізін салған БҰҰ мақсаттары мен қағидалары әлі де үлкен маңызға ие.
БҰҰ жүйесінде келесі
органдар қызмет етеді: Бас Ассамблея,
Қауіпсіздік кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес,
Қамқорлық кеңесі, Халықаралық Сот, Хатшылық.
Сонымен қатар, 16 арнаулы мекемесі: Дүниежүзілік банк, МАГАТЭ, ЮНЕСКО, Халықара
- Бас Ассамблея – БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Қауіпсіздік және Экономикалық-әлеуметтік кеңестерге мүшелерді тағайындайды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен Бас хатшыны 5 жылдық мерзімге тағайындайды және Халықаралық сот мүшелерін тағайындадйды. Бас Ассамблея отырысы жыл сайын қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында өтеді.
- Қауіпсіздік кеңесі – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрақты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 тұрақсыз мүшелерді БҰҰ Жарғысы 23-бабына сәйкес сайланады.
- Хатшылық - бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада. Хатшылықты бас хатшы басқарады.
- Экономикалық және әлеуметтік кеңес – 5 аймақтық комиссиядан тұрады: Европалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Батыс Азия үшін Экономикалық және әлеуметтік Комиссиясы, Африка үшін, Латын Америкасы және Кариб бассейні үшін.
- Қамқорлық жөніндегі кеңес – негізгі міндеттеріне қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экономикалық, әлеуметтік прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу жатады. 1994 ж. 1 қарашада уақытша жұмысын тоқтатты.
- Халықаралық сот – мемлекеттер арасында даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жұмыстармен айналысуға құқықтарынан айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа тек мемлекеттер қатыса алады, ал жеке және заңды тұлғалар қатыса алмайды. Гаагада орналасқан.
Жалпыға бірдей
ұжымдық қауіпсіздік
Ұжымдық қауіпсіздіктің әмбебап жүйесі БҰҰ Жарғысына негізделген. Бұл жүйенің бастамасы деп антигитлерлік коалиция елдері одағы құрылып, 1942 жылы 1 қаңтардағы Біріккен Ұлттар Декларациясының қабылдануын санауға болады.
Соғыстан кейінгі жалпыға бірдей әмбебап ұжымдық қауіпсіздік жүйесі формасы – Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінде күш қолдануға жол бермеу үлкен маңызға ие – күш қолдану құқығы Жарғыда қарастырылған кейбір жағдайларда тек Қауіпсіздік Кеңесіне берілген. Жарғыда келесі ұжымдық шаралар жүйесі қарастырылған: күшпен қоқан-лоққы көрсету немесе қолдануға жол бермеу шаралары (2 бап, 4 тармақша), халықаралық кикілжіңдерді бейбіт шешу шаралары (VI бөлім), қарусыздандыру шаралары (11, 26, 47 баптар), аймақтық қауіпсіздік ұйымдарын қолдану шаралары (40 бап), қарулы күштерсіз мәжбүрлі қауіпсіздік шаралары (41 бап), және қарулы күштермен (42 бап).
Халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтап тұруда жетекші рөл БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне берілген.
Ұжымдық қауіпсіздік аймақтық жүйесі жекелеген құрлықтар мен аймақтарда ұйымдармен көрсетілген. «Олардың қызметі БҰҰ мақсаттары мен принциптеріне сәйкес келген жағдайда» ғана БҰҰ ұйымдардың әрекет етуіне рұқсат береді. Аймақтық жүйенің айырмашылығы – ұйым қызметі тек аймақ мемлекеттері қызығушылықтарын және мәселелерін қамтуы тиіс. Бұл жүйенің нақты мысалдары – НАТО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, т.б.
БҰҰ бітімгершілік миссиялары - халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауда БҰҰ-ның маңызды құралы. Бітімгершілік қарулы күштердің қаруды қолданбау операцияларын, өзін-өзі қорғауды санамағанда, білдіреді. Бітімгершілік операцияларының мақсаты кикілжіңді саяси реттеуге қол жеткізу үшін дипломатиялық талпыныстарға қолдау көрсету болып табылады. Бітімгершілік операцияларын жасауда келесі міндеттер қойылады:
- Инциденттерді зерттеу және қақтығысушы жақтарды бітімге келтіру мақсатында келіссөздер жүргізу;
- Отты тоқтату келісімінің сақталуын тексеру;
- Заңдылық пен тәртіпті сақтап тұруға жәрдемдесу;
- Гуманитарлық көмек көрсету;
- Жағдайды бақылау.
Алғаш рет БҰҰ бітімгершілік операциясы 1948 жылы араб-израиль қақтығысының жеткен бітімін қадағалауға жасалды. Кейін бітімгершілік миссиялары Кипрге (1964 жылы - әскери әрекеттерді тоқтату мен тәртіпті орнату үшін), Грузияға (1993 жылы – грузин-абхаз қақтығысын реттеу үшін), Тәжікстанға (1194 жылы – діни қақтығыстарды реттеу үшін) бағытталды.
Егеменді мемлекеттердің тұтастығы мен бейбітшілікке қауіп төндіретін діни, этникалық негіздегі халықаралық және локальды қақтығыстарды шешуде БҰҰ бітімгершілік миссиясы үлкен маңызға ие.
БҰҰ мақсаттары
мен қағидаларын жүзеге асырудағы
және халықаралық қауіпсіздік
Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті сақтауда қарусыздандыру мен жаппай қырып-жою қаруларын, стратегиялық ядролық қаруларды таратпау келісімдерінің маңызы зор. Қарусыздандыру негізі Бас Ассамблея резолюцияларында, кейбір келісімдер мен халықаралық актілерде көрініс тапты. Біріншісі 1959 жылғы Ассамблеяның жалпыға бірдей және толық қарусыздану Резолюциясы болды. Бұл резолюция КСРО ұсынысымен жасалды. Келесі бір мысал – 1962 жылы КСРО мен АҚШ үкіметтері Ассамблея мақұлдаған жалпыға бірдей қарусыздану туралы Біріккен мәлімдемесі. Өкінішке орай, Резолюция да, Біріккен мәлімдеме де Қырғи қабақ соғыс салдарынан орындалмады. 1960-шы жылдары толық қарусыздандыру мүмкін еместігі байқалды. 80-ші жылға қарай АҚШ пен КСРО арасындағы қару жарысы өз шыңына жетіп, қару-жарақ шығындары жылына 900 миллиард долларға дейін көтерілді.
Толық қарусыздандыру мүмкін болмағандықтан, қарулануды шектеу мен жаппай қырып-жою стратегиялық қаруларды таратпау мәселелері алдыңғы қатарға шықты. 1961 жылдан бастап БҰҰ БА ядролық қару және жаппай қырып-жоюшы басқа да қару түрлерін қолдануға тыйым салатын бірқатар резолюциялар қабылдады. 1963 жылы қабылданған ядролық қару сынақтарын атмосферада, қарыш кеңістігінде және су астында өткізуге тыйым салатын Мәскеу келісіміне көптеген мемлекеттер қатысты. 1968 жылдан бері Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім жұмыс атқарып келеді. Келісім ядролық державаларды ядролық қаруларды сатпау және ядролық қаруларды өндіру бағдарламаларын жасаудан бас тартуға міндеттейді. Келісім жасалу алдында БҰҰ ҚК қауіпсіздік кепілдігі туралы резолюция қабылдады. Резолюция бойынша ядролық емес мемлекетке қарсы ядролық қаруды қолдану Кеңес тарапынан шұғыл әрекеттерге әкеледі. Өкінішке орай, Үндістан мен Пәкстан ядролық қаруды шығару бойынша ұлттық бағдарламаларды жүзеге асырғаннан кейін Келісім біршама беделінен айрылды.

- Халықаралық қауіпсіздік құқық
- Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
- Халықаралық қауіпсіздікті сақтау және халықаралық ұйымдар
- Халықаралық құқық
- Халықаралық құқық негіздері
- Халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- Халықаралық құқықтағы аманат институты
- Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері
- Халықаралық қаржылық институттардың қызмет ету ерекшеліктері
- Халықаралық қатынастағы АҚШ
- Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері
- Халықаралық қатынастар жүйесіндегі АСЕАН
- Халықаралық қатынастар ұғымы. Халықаралық қатынастардағы заңдылықтар
- Халықаралық қатынастар. Халықаралық саясат