Халықаралық құқық

Евразийский национальный

университет имени  Л.Н.Гумилева

Дата: сентябрь 2012 г.

Издание: второе

 

Учебно-методический комплекс дисциплины

 

ЕНУ

 

стр. из 146


10 – тақырып. Жазалаудың түсінігі және түрлері.

Сабақтың  мақсаты: Студенттерге жазалау ерекшеліктерін мемлекеттік әрекеттің жеке тұлғаға деген шарасы ретінде түсіндіру, жазалау жүйесінің міндеттері мен мақсаттарын айқындау, жазаны белгілеудің жалпы және арнайы ережелерін қарастыру, жазалаудың жеңіл және ауыр түрлерін сараптау, жазалаудың жаңа принциптеріне айрықша мән беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату түсінігін анықтау, қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатудың барлық түрлерін және жазалауды қылмыстық құқық теориясында қарастыру,

 

Дәріс мазмұны:

Жазалаудың  түсінігі және нормативтік-құқықтық негізі

Жазалаудың  мазмұны. Жазалау мақсаттары.

Жазалау жүйесі және түрлері.

Жазалауды белгілеудің  жалпы бастамасы.

 Қылмыстық жауапкершіліктен босату түсінігі және түрлері.

Жазалаудан  босатудың мәні және түсінігі, түрлері.

 

Жазалауды белгілеудің  нормативті анықтамасы ҚР ҚК 38 бабында  былай деп көрсетілген – сот  шешімімен белгіленетін мемлекеттік  мәжбүрлеу шарасы болып табылады, бұл шара қылмысты жасауда кінәлі деп танылған тұлғаның, осы қылмыстық заңда қарастырылғандай  құқығы мен бостандығына шек қою.

жазалаудың  белгілері:

  1. Қылмыстық құқық бойынша жазалау мемлекеттің азаматқа деген мәжбүрлеу әрекетінің спецификалық әдісі; Ешқандай басқа шаралар еш уақытта қылмыстық жазалауға сәйкес келіп,  функциясын орындауы мүмкін емес.
  2. Қылмыстық жаза ретінде қылмыстық заңда бекітілген жаза белгіленеді; ескертусіз ешбір жаза бола алмайды;  өзіінің мазмұнымен ұқсас болып жататын ешбір мемлекеттік мәжбүрлеу жаза бола алмайды;  жазалаудың шектеуінен шықса да әкімшілік шара ретінде айыппұл жаза бола алмайды; Тәрбиелікң мәндегі мәжбүрлеу шаралары, медицина сипаттас мәжбүрлеу шаралары, қиылысу шаралары; әкімшілік әрекеттегі шаралыр, азаматтық-құқықтық және басқа санкциялар.
  3. Жазалауды қолдануға ерекшелік ретінде мемлекет құқылы, және Ата заңға қатысты оның жүзеге асуын сот орындарына өкілеттік етеді (соттан тыс жұртшылық, жекеқұқықтық жазалауларды қолдануға болмайды; қоғамдық бірлестіктер мүшелеріне, религия үгітшілеріне қарсы шаралар жазалау бола алмайды).
  4. Жазалау объектісі ретінде құқықтық, әлеуметтік және биорлогиялық мағынадағы тұлға болып табылады. Жазалау шараларына заңды тұлғалар, отбасылар, ұжымдар, жақын маңдағы қоршаулар жазалауға ілікпейді. Жазалау ұлттық және басқа бояушылыққа ілікпейді.
  5. Жазалаудың негізі ретінде жасалған қылмыстар негіз болып табылады; Жеке тұлға белгілері жеке жазалау түрлерін анықтай алады;

Жазалау іштей бір-бірімен байланысты, бірақ құқықтың түрлі салаларына жататын көлемді комплексті номалармен реттеледі. Этот комплекс включает: Бұл комплекс: құқықтық-қылмыстық нормаларды; Ата Заңды; халықаралық құқық және келісім шарттарды;  қылмыстық құқықты, отбасылық және құқықтың басқа салаларын қамтиды.

ҚР Қылмыстық  кодексі келесі нормаларды қамтиды:

  • 1 бөлім –қылмыстық заң әрекетімен байланысты жазалану туралы ереже;
  • 2 бөлім –қылмыс белгісі ретінде жазалауды қарастыру;
  • 3 бөлім–жазалаудың түсінігі, мақсаты мен түрін қарастырады.
  • 4 бөлім –жазалауды белгілеу сауалдарын және оның жеке даралығын реттейді;
  • 5 бөлім– жазалаудан босату мүмкіншіліктерін көрсетеді.
  • 6 бөлім –кәмелеттік жасқа толмаған жастарға жазалауды белгілеудің ерекшеліктерін қарастырады.
  • Ерекше бөлімнің нормалары  –қылмыстық жазалаудың санкцияларын анықтау.

Жазалауды белгілеуде мынаны ескерген жөн:

А) жазалау туралы жалпы ережені түсіндіру;

Б) жазалау мақсатын белгілеу;

В) жазалаудың жеке түрлерінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын  анықтау, тұлғаға деген механизм мақсатының мазмұнын анықтау;

Г) жазалаудың белгілі  бір түрінің қабылдануының түсінігі;

Д) Жазалауды  жүзеге асырудың нақты жағдайын және жазалауды жеңіл түрге ауыстыру тәжірибесін анықтау;

Жазалаудың  мазмұны болып сапалық және саналық  сипаттағы,  құқық және бостандығына шек қойылған, қылмыскер деп танылған жеке тұлғағаға бағытталған мемлекеттік мәжбүрлеу болып табылады.

Жазалау мазмұны төмендегідей қасиеттерге  ие:

  • Жеке тұлғаға әрекет
  • Әрекет құқық босатушылық немесе құқыққа шек қою болып табылады (жеке ауырлықты тигізу, физикалық, мүліктік, моральдыққа шек қою)
  • Нақты мақсаттық бағытқа  және жеке тұлғаға деген әрекеттің болжалдық потенциалына, оның жағдайы мен әрекетіне ие;

Барлық қасиеттер жазалау шараларын  құрастырады, яғни олар:

А)  нақтылы  айтылымдар мен үйлесімде көрінуі

Б) сапалық және сандық сипатқа ие болуы міндетті.

«Шара» термині  қылмысқа қатысты төмендегілерді құрастыруы керек:

  • Спецификалық әрекет, жеке тұлғаға деген нақты әдісч әрекеті;
  • Заң әркетінде көрсетілген, яғни заңшығарушы «өлшеді», ал сот осы негізде жеке тұлғаға «таразыға тартты».

жазалау мазмұны түсінігінің заңды мағынасы:

  1. әрбір жазалау шара ретінде белгіленіп, жүзеге асуы тиіс, яғни қылмыстық заңмен регламент етіп белгіленген әдіс.
  2. Жеке тұлғаға деген шара, қай шек қою мен бостандықтан айыру шараларында қолданбасын жазалауды белгілеудің негіздері мен жазалау мақсатына сәйкес келуі тиіс.

Жазалау мазмұнына құқықтық формалар, әрекет түрлері, құқығынан айыру  түрлері кіру керек.

Құқықтық формаларға мынылар кіреді:

  • жазалауды жүзеге асыру және тағайындау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері;
  • Жазалау белгіленген тұлғалардың құқықтары мен міндеттері;
  • жазалауды белгілеу, жүзеге асыру, жаза мерзімін өтеп шығу үрдісіндегі құқытық қатынастар;
  • заң шегіндегі жазалауды қолдау кепілдемесі;

Әрекеттер түрлері мынадай болып  келеді:

  • физикалық
  • ақпараттық
  • мүліктік
  • мәртебелік және басқа.

Претерпевания шарты:

  1. уақыты (сонымен қатар мерзімі);
  2. орны;
  3. өтеп шығудың орнатылған  тәртібі және жазалауды жүзеге асыру және тағы басқа.

Құқығынан айыру – мүлікті жоғалту, ограничение в выборе профессиимамандықты таңдаудағы шектеу, оқшаулау, күнделікті тұрмыстағы және еңбектегі ерекше жағдайлар.

Қорытындылай келе, жазалаудың мазмұны  қылмыстық заңда төмендегідей регламентке  ие болады:

А) жазалауды белгілеуде соттың ерекше құқықтары бүлінбеген; атқарушы органдар сотпен белгіленген жазалау шегінен шығуға құқықтары жоқ болған; жазалауды жұмсарту немесе үдетуді тек қылмыскерлер жаңа қылмыс жасаған кезде ғана жүзеге асады.

Б) Жазалауды жүзеге асыратын органдар, жазалауға ілінген тұлғалар, олардың  арасындағы қарым-қатынастар құқықтық сипатта болған, әділетті, заңды болған.

В) Жазалау белгілеуде, сот, оның потенциалын  біліп, жазалаудың түрін, ауырлығын  анықтаған.

Жазалау мазмұнын анықтауда қылмыстық  құқық және қылмыстық –атқарушы  құқық әрекетінің мәселелері анықталады.   Қылмыстық құқық жазалаудың жоғарғы және төменгі шектерін, жазалау мазмұнының негізгі параметрлерін және оның түрлерін  анықтайды. Қылмыстық-атқарушы құқық жазаны өтеу және жазалауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

Қазіргі кезде заңгерлер жазалау  мазмұны туралы полемика жүргізіп жатыр. Көкейкесті мәселе ретінде жазаға деген қатынас болып келеді. Жаза – азап шегуге мәжбүрлеу (Никифоров Б.С.), немесе азап шегуге шақыру мақсатындағы мәжбүрлеу (Ной И.С.).

Жазаға тартылған адамның түзету әрекетіндегі жазалау мазмұны туралы даудың тарихи тамырлары бар және ол еңбекті қолдану тәжірибесінде шаруашылық міндеттерді шешуге байланысты халықаралық деңгейде жүргізіледі. Еңбек, кәсіби дайындық, жалпы білімді алу, тәртіп азап шегуге бағытталмай, қылмыскерді түзетуге бағытталуы керек. Дегенмен, бұл жеке тұлғаға бағытталған әрекеттер болып табылады, сондықтан жазалаудың мазмұнына кіреді.

Жазалау мазмұнының сандық параметрлері қылмыстық заңмен анықталуы керек. Бұл жазалаудың мерзімі, мүліктік жазалау  мен қолданудан қалдыру мөлшері.

Жазалау нәтижесі – мерзім уақытынан шектелген жазалау әрекеті жалғастырылады.  Олар сотталу кезінде, рецидив кезіндегі жазалау белгілеу, сот үкімінің жиынтығы кезінде, түзеу орындарындағы жазалау белгілері кезінде көрініс табады. Салдар қылмыстық – құқықтық сипатта болмауы мүмкін. (нақты бір қызмет орнына иеленбеу, іскерлік атақ, «таңба»).

ҚР ҚК 38 бабының 2 бөлімінде жазалау мақсаты анықталады.

Мақсат заң орындаушының мүддесін және қоғамдық нәтижеге  қол жеткізудің белгісі болып табылады.  Мақсат бағасы қол жетімді нәтижелердей болмауы керек.

Қылмыскерді жазалау жолымен әлеуметтік әділеттікті орнату қылмыстық кодексте алғашқы рет ескеріліп отыр. Ол жалпы қоғамға және жәбірленушіге  қатысты. Әлеуметтік әділеттік қылмыстық  заңмен анықталмайды, қылмыстың қоғымдық қауіп деңгейі және жазалау сипатындағы қатынас ретінде анықталады. Яғни көрсетілген мақсат жазалаудың «құны» ретінде түсіндіріледі.

Қоғамға қатысты  әділеттік мемлекет өтемақы, мүлікті  тартып алу т.б.жазалаудың түрлерін өтеп жатқанда объективті және субъективті шекте орнатылады, ал барлық азаматтарды мемлкеттік орган:

А) қылмыскер жазасын қамтамсыз етеді;

Б) гуманизмді есепке ала отырып рационалды ойдан шығатын қылмыстық заңға сәйкес қылмыскерді жазалайды;

Жәбірленушіге қатысты әділеттік қылмыспен  бүлінген құқық пен заңды қызығушылықтарды қорғау жолымен орнатылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жазалау көрсетілген шығынды өтей алатындай болуы тиіс – жәбірленушінің қылмыс салдарынан зардап шеккен шығыны қылмыскердің бас бостандығы мен құқығынан айыру жазасына сәйкес келуі керек.

Қылмыскердің  түзелуі –  бұд арнайы іс қылмыскер ешқандай жаңа қылмыс жасамаған кезде жүзеге асады. Бұл жолға қол жеткізу тұлғаның жағымды жаққа және әлеуметтік қатынастарының өзгеруі кез келген заңды әрекеттерді қолдануға мүмкіндік береді.

 Тұлғаның  түзелуін төмендегі әрекеттерге  қарап бағалай аламыз:

  • қылмыскер тұлғасы, оның түзелу деңгейі;
  • Кәсіптілік және жазалауды іске асыру жағдайы;
  • Қоғам жағдайы.

Жаңа  қылмыстарды жасаудың алдын алу – жазалау қолданбаған тұлғаға қатысты жалпы превенция мақсаты.

Қолжетім деңгейі  көптеген факторларға байланысты болып  келеді және нақты бағаға нашар бағынады. Бұл мақсатқа қол жеткізу өте  қиын, бірақ ол әрқашан да бар.

3. Жазалау түрлерінің нормативті сипаты ҚР ҚК 39 бабында көрсетілген.  Толық және кеңейткіш тізбегі түсінік беруге жатпайды.

Жазалау жүйесі  –сот үкімі шығарда жекелік болып  табылатын , қылмысқа тартылған адамға бағытталған түрлі әдіс тәсілдер жиынтығы болып табылады, ал органдар өз кезегінде жазалауды қылмыстық  заңға сәйкес жүзеге асырады.

Система наказаний  не перечень, а набор мер, который  позволил бы:Жазалау жүйесі тізім емес, ал шаралар жиынтығы, оның арқасында:

  • қылмыскердің жеке тұлғасы ашылады, қылмыстық тәртіптің ерешелігі есепке алынады;
  • түрлі типтік  жағдайларға байланысты қажетті жэазалау түрлерін таңдап алу;
  • Қоғам ынтасына сәйкес құқықтық тәртіп орнатып, жазалаудың тиімділігін қамтамасыз ету;

Соған байланысты жүйе қылмыстық-құқықтық саясат мақсатын айқындауы тиіс және оның мәнді жүзеге асуына  жұмылдырылуы керек.

Жазалау жүйесінің қасиеті жалпы (кез келген жүйе үшін) және спецификалық (жеке ұлттық жүйе үшін) болуы мүмкін. Олардың барлығы нормативті, заңды-құқықтық және нормативті емес, әлеуметтік сипатта болуы мүмкін.

Теорияда жалпы  нормативті қасиеттер бөлініп шығады:

  1. Заңда бекітілу, міндеттілік және мәжбүрлеушілік;
  2. Бірін –бірі толықтыру және жазалаудың жеке түрлерінің тәуелділігі;
  3. жазалау шараларын анықтаудағы регламенттеу;
  4. жеке тұлғаның түрлі элемент құрылымдарының әрекет бағыты, оның қызығушылығы, тәртіп мотивациясы;
  5. түрлі әлеуметтік мүдде мен құқықтық сана типтеріне үйрену мүмкіншілігі;
  6. жүзеге асыру механизмінің әлеуметтік құқықтық қажеттілігі: құқық қорғау жүйесі, қоғам позициясы(ресурстарды бөлу дайындығы). Жазалау жүйесінің қасиеттеріне қарай жазалаудың түрлері қатты жаза, жұмсақ, қиын және қарапайым болып бөлінеді.

Жазалау жүйесінің  элементтері:

  • жазалаудың жеке түрлері;
  • жазалау түрлерінің түрлі топтары(практикалық мәнін көрсету мақсатында қасиеттердің бірінде құрылады);
  • жазалаудың жеке  түрлері мен топтарының арасындағы байланыс;

Жазалаудың  түрлері:

1) Заңды мағына бойынша:

а) негізгі – жазалаудың басқа түрлеріне қосымша жаза ретінде тіркеле алмайды және жазалау бабының санкциясында көрсетілмесе еш уақытта қолданыла алмайды(ескерту: бапта көрсеткенге қарағанда әлдеқайда жұмсартылған жаза; өтелген жаза бөлімін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру);

б) қосымша – оларды белгілеу – соттың құқығы, ол міндет емес, жазаны белгілеу туралы шешім қарастырылған болуы керек(мүлікті тартып алу –заңмен қатаң түрде шешілшен жағдайда, нақты белгіленген, әскери және абыройлы атақтарды жою, ауыр және өте ауыр қылмыс жасаған жағдайда класстық шен, дипломатиялық ранг, кәсіби класс және мемлекеттік марапаттауларын тартып алу;

в) негізгі де, қосымша да –негізгі және рационалды түрде негізгі жазалауға қосымша болып табылатын жеңіл орындалатын жазалау(айыппұл, белгілі бір қызметті иелену құқығынан босату немесе белгілі бір іспен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға қатысуға тыйым салу).

2) Жеке  тұлғаға әрекет сипаты бойынша»(:

а) бостандыққа шектеу салынатын (бостандықтан айыру, қамау, бостандыққа шектеу салу, қатаң тәртіптегі әскери бөлімде тұру);

б) мүліктік жағдайды нашарлататын (айыппұл, мүлікті тартып алу);

в) өзін өзі бағалауды, абыройды, мамандықты таңдау құқығын төмендететін (белгілі бір қызметтен босату, немесе белгілі бір іспен айналысуға тыйым салу).  

3) Жеке  тұлға белгісі бойынша: 

а)жалпы – барлық адамдарға қолдану;

б) арнайы (применяемые к военнослужащим или имеющим специальное звание;18 бен 65 жас аралығындағы ер адамдар, яғни әскери адамдарға немесе белгілі бір атағы бар адамдарға қолдану (өлім жазасы);

4) Жәбірленушіге  арналған:

а) қоғамға арналған жәбірленушінің жауапкершілік сезімі мен құқықтық жағдайын орнықтыру ;

б) қоғамға   және келтірілген залалды жабу мақсатындағы тікелей жәбірленушіге арналған.

Жазалаудың  жеке түрлері:

Айыппұл

Айыппұл – ҚК қарастырылған нақты АЕК сәйкес келетін, жазалау белгіленген кездегі  заңмен белгіленген ақша түріндегі  жаза немесе жалақы мөлшеріндегі немесе қылмыс жасаған уақыттағы басқа  да табыс көзіне байланысты белгіленетін жазалау түрі.  ҚР Заңында  белгіленгендей айыппұл  20мыннан 25 мыңға  дейінгі АЕК мөлшерінде белгіленеді немесе қылмыскердің жалақысының немесе басқа табыс көзінің мөлшері бойынша екі аптадан бір жылға дейінгі ақша мөлшері белгіленеді. Айыппұл мөлшері жасалған қылмыстың ауырлығына және қылмыскердің мүліктік жағдайына байланысты сот шешімімен қабылданады.

Жазалаудың  қосымша түрі ретінде айыппұл  ҚР ҚК Ерекше бөліміннің баптарында қарастырылған  жағдайда ғана белгіленеді.

Жазалаудың  негізгі түрі ретінде   белгіленген  айыппұлдан бас тартылған кезде, ол қоғамдық жұмыстар, түзету жұмыстары  және бір айлық түзету жұмыстарына  сәйкес қамауға алынады, немесе 80 сағат  қоғамдық жұмыстарға тартылады, ҚК 42, 43 және 46 баптарында қарастырылған АЕК үш есептік мөлшеріндегі айыппұл мөлшеріне сәйкес келетін 10 күндік қамауға алынады. 

белгілі бір қызметте істеу немесе белгілі  бір іспен айналысу құқығынан  айыру.

Белгілі бір  қызметте істеу немесе белгілі бір  іспен айналысу құқығынан айыру  мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін өзі басқару органдарында жұмыс істеуге немесе белгілі бір кәсіптік немесе басқа іспен айналысуға тыйым салу болып табылады. Жазалаудың негізгі түрі ретінде 1 жылдан 5 жылға дейінгі уақытты, жазалаудың қосымша түрі ретінде 6 айдан 3 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда белгілі бір қызметтен босату немесе белгілі бір іспен айналысуға тыйым салу негізгі қылмыс ретінде 3 жылдан 10 жылға дейінгі уақытты қамтыса, жазалаудың қосымша түрі ретінде 1 жылдан 7 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Белгілі бір  қызметте істеу немесе белгілі бір  іспен айналысу құқығынан айыру  жазалаудың қосымша түрі ретінде  болса да  жасалған қылмыс соттың шешімі бойынша қоғамқа қауіпті деп танылып, мемлекеттік қызметте істеу немесе белгілі бір іспен айналысу мүмкін емес жағдайда ҚК Ерекше бөлімінде көрсетілмесе де белгілене береді.

Қосымша түрінде  бұл жазалау бостандықтан айыру, қамау,  тәртіптік әскери бөлімде  ұстау немес бас бостандығынан  айыру жағдайында қолданылса жазалаудың негізгі түрінде белгіленгендей бұл жазалау қылмыскердің бүкіл жазалым уақытында қолданылады.  Белгілі бір қызметте істеу немесе белгілі бір іспен айналысу құқығынан айыру жазалауы басқа негізгі жазалауларға  қосымша түрде белгіленсе, сонымен қатар шартты түрде   жазалау жағдайында қылмыскердің жазаны өтеу мерзімі сот үкімінің заңды күшке иеленгеннен бастап санала бастайды.

 

Қоғамдық  жұмыстарға тарту.

Тегін қоғамдық жұмыстар қылмыскердің негізгі жұмыстан немесе оқудан қолы бос кезінде жүзеге асырылады, жұмыстың түрі жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін өзі басқару органдарымен анықталады.

Қоғамдық жұмыстар 60 сағаттан 120 сағатқа дейін белгіленеді, және күніне 4 сағаттан аспауы тиіс. Қоғамдық жұмыстардан бас тартылған жағдайда жазалаудың бұл түрі ҚК 45 , 46 және 48 баптарында қарастырылған бостандыығына шек қою, қамау, бас бостандығына айыру сияқты жазалау түрлеріне алмастырылады, өылмыскердің қоғамдық жұмыстарды істеген бір күндік сағаттар бір күндік бас бостандығынан айырумен тең болып келеді.  Қоғамдық жұмыстар жазасы әскери адамдарға, 55жастан асқан әйел адамдарға, 60 жастан асқан ер адамдарға, жүкті әйелдерге, 3жасқа дейінгі балалары бар әйел адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге қолданылмайды.

 

Түзету  жұмыстары.

Түзету жұмыстары 2 айдан 2 жылға дейінгі уақытта орналыстырады, және сотталғанның жұмыс істеу орны бойынша өтеледі. Түзету жұмыстары сотталушы жалақысының 5 пайыздан 20 пайызға дейінгі мөлшерде мемлекет табысына бөлініп алынады.

Түзету жұмыстары  еңбекке икемі жоқ адамдарға, тұрғылықты жұмысы жоқ адамдар, өндірістен қол үзбей оқитын адамдарға жүргізілмейді. Осыған байланысты мұндай адамдарға түзету жұмыстарының орнына заңмен белгіленген бір айлық есеп көрсеткішіне сәйкес келетін айыппұл беріледі. Және де түзету жұмыстары жазаны өтеу кезінде айыппұлмен ауыстырылуы мүмкін.

Түзету жұмыстарына  тартылған адам жазаны өтеуден бас  тартса сот органы бұл жаза түрін  құқығына шеек қою, қамауға алу немесе сол мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына ауыстыра алады.

Әскери қызмет бойынша шек қою

ҚК Ерекше бөлімінде  көрсетілген бапқа сәйкес әскери қызметке қарсы жасалған  қылмыс 3 айдан 2 жылға дейінгі қызметтегі әскери адамдарға , келісім-шарт бойынша  әскери қызметкерлерге, офицерлерге, сонымен қатар ҚК Ерекше бөлімінде көрсетілген келісім шарт бойынша жұмыс істейтін сотталған адамдарға белгіленеді Әскери адам сотталған жағдайда 20 пайыздан аспайтын ақша көлемі мелекет қарамағына бөлінеді.  Бұл жазаны өтеуде әскери адам қызметпен жоғарылай алмайды, әскери атаққа ие бола алмайды, ал жазалау мерзімінің уақыты келесі әскери атақты алар уақытында есепке алынбайды.

Бостандыққа шек қою

Бостандыққа шек  қою қылмыскердің бостандығына шек  қоятын белгілі бір міндеттерді  жүктеуден көрініс табады, бұл  жаза түрі 1 жылдан 5 жылға дейін уақытты қамтитын қоғамнан мүлде айырмайтын қылмыскердің тұратын жерінде нақты  органдардың бақылауымен өтеледі. Басқа жазаны (қоғамдық жұмыстарға немесе түзету жұмыстарына тартылу) бостандыққа шек қою жазасымен ауыстырған кезде жаза 1жылдан кем уақытты қамтиды.

Сот бастандыққа  шек қою жазасын бере отырып қылмыскерге  келесі міндеттерді жүктейді:

1) арнайы органдарды хабардар етпей өз тұратын жерін, жұмысын және оқу орнын ауыстырмау;

2) жұмыстан, оқудан бос уақытында белгілі бір орындарға бармау, тұрғылықты жерін ауыстырмау;

3) Арнайы органдардың рұқсатынсыз басқа елді мекендерге шықпау;

Сот қылмыскерге оны түзету мақсатында басқа да міндеттерді  жүктеуі мүмкін: ішімдікке, нашақорлыққа, таксикоманияға, жыныстық жолдармен  берілетін ауруларға  қарсы емдеу  шараларынан өту, отбасына материалдық көмек көрсету.

Бостандығына  щек қойылған қылмыскер жазаны өтеуден бас тартқан жағдайда сол мерзімге сәйкес бас бостандығынан айыруға құқылы..Бостандыққа шек қою жазасының бір күні бас бостандығынан айыру жазасының бір күніне сәйкес келеді.

Босатандыққа  шек қою жазасы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға, әскери қызметшілерге, сонымен қатар тұрақты тұрғын мекендері жоқ адамдарға тағылмайды.

Бас бостандығына шек қою жазасын өтеп жатқан адамды, сот, бақылап жүрген арнайы органдардың  кеңесімен мойнына жүктелген міндеттерді толығымен немесе бөліп алып тастауы мүмкін.

Әскери тәртіп бөлімінде ұстау

Әскери тәртіп бөлімінде ұстау сот үкімі шығарда заңмен белгіленген әскери қызметін атқару қызметі аяқталмаған болған жағдайда әскер қатарына шақырылған әскери адамдарға, сонымен қатар жай қатардағы   және сержант құрамындағы шарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскерилерге тағайындалады. Бұл жаза ҚК Ерекше бөлімінің баптарында қарастырылған әскери қылмыстар болған жағдайда, және де сот қылмыскердің жеке басы мен ісін қарастыра отырып бас бостандығынанан айыру орнына  2 жылдан аспайтын әскер тәртіп бөлімінде жазасын өтеуге мүмкіндік береді. Бас бостандығынан айыру жазасының орнына қатаң әскери тәртіп бөлімінде ұстау бұрында бас бостандығынан айырылған адамдарға қолданыла алмайды.

Бас бостандығынан  айыру орнына қатаң әскери тәртіп бөлімінде ұстау жазасының мерзімі 1 күндік бас бостандығынан айыру  күні 1 күндік әскери тәртіп бөлімінде  ұстау мерзіміне сәйкес болып  келеді.

Бас бостандығынан айыру

Бас бостандығынан айыру қылмыскерді қоғамнан мүлде айырып, оны орнықтыру колониясына немесе жалпы, қатаң режимдегі колонияға, түрмеге бағытталып, отырғызылады. 

Бас бостанығынан айырған қылмыскер сот үкімі шығарылатын кезде 18 жасқа толмаған жасөспірім болса, онда ол жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колониясына жіберіледі.

ҚК көрсетілген  қылмысы үшін бас бостандығынан  айыру 6 жылдан 15 жылға дейінгі уақытты  қамтиды, ал аса ауыр қылмыстары жасағаны үшін ҚК 49 бабының бірінщі бөліміне сәйкес 20 жылға дейінгі немесе өмірлік жазаны қамтиды. Абайсызда жасалған қылмыстары үшін жазаны өтеу мерзімі 10 жылдан аспауы керек. Бостандығынан айыру жазасы қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына тартылу немесе бостандығына шек қою жазасымен ауыстырылған жағдайда 6 айға кем мерзімде белгіленеді.  Бірнеше баппен қылмыс жасалған жағдайда және ҚК 49 баптың төртінші бөлімінде, 69 баптың бесінші бөлімінде, 75 баптың төртінші бөлімінде көрсетілген қылмыстар жасалса бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі 25 жылдан аспауы керек, ал бірнеше үкіммен жаза тағайындалса 30 жылдан аспауы керек. Бас бостандығынан өмірлік айыру өлім жазасының баламасы ретінде, және өмірге қастандық жасайтындай аса ауыр қылмыс жасалғанда  сот өлім жазасының орнына бас бостандығынан айыру жазасын қолдануы мүмкін. Өмірлік бас бостандығынан айыру әйел адамдарға қолданылмайды, және де 18 жасқа толмаған жас өспірімдерге, үкім шығар кезде 65 жасқа толған ер адамдарға қолданылмайды.

Бас бостандығынан  айыру жазасын өтеу төмендегі  адамдарға белгіленеді:

А) қылмысты абайсызда жасалған қылмыскер орнығу колониясында бас бостандығынан айырылады;

б) қасақана жасалынған кішігірім, орта және ауыр қылмыстары үшін бірінші рет қылмыс жасаған адамдар тартылады, және де қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына және бостандығына шек қойылған жазаларының орнына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылса жаза мерзімі 6 айдан аспайтын ортақ режимдегі түзету колониясында өтеледі.

в) Аса ауыр қылмысы үшін бірінші бас бостандығынан айырылған адамдарға, сонымен қатар қылмыскер бұрында бас бостандығынан айырылып қылмысты қайталаған адамдар және қауіпті қылмыстарды қайталаған әйел адамдарға тағайындалады.

г) Аса ауыр қылмысты қайталаған жағдайда, және өмірлік бас бостандығынан айырылған адамдарға.

Халықаралық құқық