Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық
ҚР білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Реферат
Тақырыбы: Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық
Орындаған: ______________________
Қабылдаған:___________________
Алматы, 2012
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Инвестициялық ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Халықаралық ынтымақтастық «Самұрық-Қазына» АҚ қайраткерлігінің маңызды құрамы болып табылады, Қор алдында қойылғана негізгі мақсаттарға – ұлттық әл-ауқат өсуі және Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасын жаңғырту және әртараптандыруға жәрдемдесудіқамтамасыз ету жету үшін қажетті.
«Самұрық-Қазына» АҚ өзінің халықаралық қайраткерлігін ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізгі қағидалары ескерілген ҚР 2010-2014 жыларға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық жоспары сияқты стратегиялық міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.
Қор және оның еншілес кәсіпорындары Ресей Федерациясы, ТМД елдері, Еуропа, АҚШ және Азия елдерінің жетекші компанияларымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.
«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес кәсіпорындарымен бірге ҚР шетелдермен ынтымастық бойынша екі жақты үкіметаралық комиссия жұмысында белсенді жұмыс атқарады. Шетелдік әріптестермен іскер ынтымақтастықты жылжыту, инвестициялық ынтымақтастық пен трансферт технологияны кеңейту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ қамқорлығымен стратегиялық халықаралық бағыттар бойынша екі жақты Іскерлік Кеңестер құрылылады және жұмыс істейді.
Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
Ресей Федерациясы дәстүрлі түрде Қордың ең негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Екі жақ мұнайгаз, тау-кен саласы, электр қуаты, атом өнеркәсібі және экономиканың басқа салаларында өңдеу, қайта өңдеу және тасымалдау саласында өзара тығыз іс-әрекет жасайды.
Ресей жағымен мұнай транзиты, өткізгіш құбырды дамыту, Каспий қайраңын игеру, газ саласын, Каспий маңындағы газ құбырын салу, қолданыстағы газ көлік жүйесін қайта құру және орталық-азиялық табиғи газды тасымалдау үшін жаңа қуаттарды жасау бойынша ірі жобалар жүргізіледі.
Бірлескен ең ірі жобалардың бірі – Каспий құбыр өткізгіш концорциумы (КҚК), ол бүгінгі таңда қазақстандық мұнайдың шетке шығарылуының негізгі бағыты болып табылады. Қазіргі уақытта тараптар КҚК қуаттарын кеңейту бойынша жобаны жүзеге асырады.
Қазақстан аумағындағы аса ірі мұнайгаз жобаларының бірі Қарашығанақ жобасы жоспарлы түрде даму үстінде.
Екібастұз ГРЭС-2 және 3-ші энергоодақты кеңейту және қайта құру жобасы жүзеге асырылуда, аса ірі қазақстандық көмір қимасы «Богатырь» бірігіп игерілуде.
Ресей Федерациясымен ынтымақтастық сондай-ақ қатынас, почта қызметтері, темір жол көлігі, энергетикалық және әскери-өнеркәсіп салаларында жүзеге асырылуда. «Қазпочта» АҚ РФ Федеральды мемлекеттік «Почта России» біртұтас кәсіпорнымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.
Еуропа елдерімен ынтымақтастық
Еуропа елдерімен ынтымақтастық «Самұрық-Қазына» АҚ артықшылық бағыттарының бірі болып табылады. Қор экономиканың әр түрлі салаларында ірі еуропалық кәсіпорындармен тығыз жұмыс жасайды. Қордың құрамына кіретін анағұрлым белсенді компаниялар, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Нидерланды және Испанияның кәсіпорындарымен өзара іс-әрекет жасайды.
«Қазатомпром» ҰАК АҚэнергетика саласында AREVAфранцуз компаниясымен ынтымақтастықты өрбітуде, онымен бірге жылу бөлетін құрастырмалар өндірісінің жобасы жүзеге асырылуда (ЖБҚ). Сонымен қатар, атом энергиясы Комиссариаты және Францияның қуаттың баламалы көздерімен бірге фотовольттық модульдар жасау жобасы жүзеге асырылады. «Самұрық-Энерго» АҚ Lahmeyer International GmbH и Fichtner GmbH неміс компанияларымен бірігіп Екібастұз ГРЭС-2 3-го энергоодақтың құрылысы және Шардара ГЭС-нің қайта жаңғырту жобасын іске асырады, Siemens компаниясының қатысуымен тораптық ескі подстанцияларды қайта құру және жаңа тораптық подстанцияларды салу жүргізіледі, қуат көздерінің қайта басталатын саласында ынтымақтастық дамуда.
Қазмұнайгаз саласында,«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еуропалық ірі мұнайгаз BG (Ұлыбритания), Total (Франция), Eni (Италия), Shell (Нидерланды) және басқалары сияқтыірі еуропалық мұнайгазкорпорацияларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Тараптар Қазақстан Республикасымен бірге Каспий өткізгіш құбыр консорциумы, Солтүстік Каспий жобасы, Қарашығанақ жобасы, Қазастандық тасымалдаудың каспиийлік жүйесі тәрізді ірі жобаларды іске асырады.
Мұнайхимия саласын дамытуда «Біріккен химиялық компания» ЖШС-і TheLindeGroup және Linexx ірі неміс компанияларымен ынтымақтастықта.
«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ испан, француз, неміс және темір жол және көлік саласының тағы басқа еуропалық кәсіпорындарымен ынтымақтастықта. Қазақстан темір жол тасымалдаушы міне 10 жылдан астам Patentes Talgo испан компаниясымен ынтымақтастықта іс жасайды. Екі жақ Қазақстан Республикасында «Тұлпар-Талго» ЖШС жолаушылар вагонын шығару бірлескен кәсіпорнын жасады.Alstom Transport француз компаниясымен бірігіп электровоз шығаратын «Электровоз кұрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорны жасалды, Астанада жеңіл рельсті трамвай желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Француз компаниясы Systra «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ «Астана-Алматы темір жол желілерінің жоғары жылдамдықтағы құрылысы» ТЭО жобасының кеңесшісі болып табылады. Неміс SiemensAG компаниясымен бірге «Temir Zhol Electrification» ЖШС біріккен кәсіпорны құрылды, бұл ҚР темір жолдарын электрмен жабдықтау жүйелерінде техникалық қызмет көрсету және жаңғырту, қайта құрумен айналысатын болады.
«Казахстан инжиниринг» ҰК» АҚ француз, испан, түрік және басқа компаниялармен машина жасау саласы және қорғаныс өнеркәсібі салаларында тығыз ынтымақтастықта іс жасайды. Eurocopter (EADS тобы) француз компаниясымен бірге «Қазақстан аумағында вртолет өндірісін жасау» жобасы іске асырылуда. Thales француз компаниясымен бірігіп әскери және азаматтық бағыттағы радиоэлектронды өнімдердің өндірісі жасалды. АО «Казахстан инжиниринг»ҰК» АҚ Indra Sistemas S.A. испан компаниясымен бірігіп ҚР радиоэлектронды күрес жүйесінде қызмет көрсету, сәйкес технологиялар трансфертін жасау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Aselsan түрік компаниясымен бірігіп «ҚР аумағында электронды-оптикалық құралдарды шығару бойынша орталық жасау» жобасы жүзеге асырылуда.
Телекоммуникация саласында «Қазақтелеком» АҚ 1994 жылдан бері Deutsche Telekom компаниясымен ынтымақтастықта. 1997 жылы «Қазақтелеком» АҚ германдық өндірушілермен бірігіп Транс-Азия-Еуропа (ТАЕ) талшық-оптикалық байланыс жүйесі (ВОЛС) құрылысы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Siemens AG, ТОО «Нокиа Сименс Нетворкс Қазақстан» ЖШС Ұлттық ақпарат супермагисталының 12 мыңнан астам шақырымы SDH и DWDM технологияларын қолданып пайдалануға берілген. Көлік ортасынан басқа Siemens компаниясы жоғары дәрежелі коммутатор жабдықтарын жеткізуді жүзеге асырады.
Стратегиялық еуропалық әріптестермен ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру үшін, Қордың қамқорлығымен қазіргі уақытта Қазақстан-Француз және Қазақстан-Герман Іскерлік Кеңестері іс-қимыл жасайды, Қазақстан-Испан Іскерлік Кеңестерін жасау жоспарлануда.
АҚШ-пен ынтымақтастық
АҚШ – «Самұрық-Қазына» АҚ стратегиялық әріптестерінің бірі. Тараптар мұнайгаз саласында тығыз өзара іс-қимыл жасайды, ҚР осы сала бойынша аса ірі біріккен жобалар жүзеге асырылуда:Каспий құбыр өткізгіш концорциумы, Солтүстік Каспий жобасы, Қарашығанақ жобасы. ҚР аумағында мұнайгаз саласының аса ірі біріккен кәсіпорны – Теңізшевроил жұмыс істейді. Қордың негізгі әріптестері Chevron, ExxonMobil, ConocoPhillips, Halliburtonи тәрізді корпорациялар болып табылады.
Көлік және қатынас саласында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ GeneralElectric компаниясымен бірігіп 200-дан астам тепловоз өлшемін жаңғырту жүзеге асырылды, аймақтың ауа райы ерекшеліктеріне, рельс көрінісі, тасымалданатын жүктердің ерекшеліктеріне жауап беретін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚтепловоз шығару біріккен кәсіпорны құрылды. «Қазақтелеком» АҚ CiscoSystems компаниясымен бірігіп ҚР ғаламтор мен IP желілерін жаңғыртуды жүргізеді.
Азия елдерімен ынтымақтастық
«Самұрық-Қазына» АҚ азиялық аймақтың серпінді дамып келе жатқан елдерімен ынтымақтастығы халықаралық ынтымақтастықтың ең бір келешегі зор бағыты болып табылады. Қор осы аймақтың елдерінің жаңа технологиялары мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін пайдалануға ұмтылады, сонымен қатар бұл аймақты халықаралық экономикалық өзара іс-қимылдың әртараптандыру мүмкіндігі ретінде қарастырады. Қор Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа азиялық елдердің ірі компанияларымен тығыз байланыста әрекет жасайды.
ҚХР Қазақстан Республикасы мен «Самұрық-Қазына» АҚ стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Тараптар мұнайгаз ресурстарын өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау, атом өнеркәсібі, электрстанция құрылысы, қаржы-инвестиция және басқа салаларда өзара белсенді іс-қимыл жасайды.
Мұнайгаз саласында Қордың анағұрлым ірі әріптесі болып CNPC (Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы) Sinopecи CITICGroup корпорациялары болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік Қоғамы CNHC бірігіп «Қазақстан-Қытай» мұнай және газ құбырларының құрылысы мен тұтыну жобалары жүзеге асырылды, олар ҚР аумағындағы аса маңызды экспорт және транзиттік бағдарғы болып табылады. Қор сонымен қатар, «ПетроҚазақстанИнк.», «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазгермұнай» ЖШС ірі бірлескен мұнайгаз кәсіпорындары аясында ынтымақтастықта қызмет істейді
«Самұрық-Энерго» АҚ баламалы энергетика саласында Гуандунь ядролық-энергетикалық корпорациясымен (CGNPC) және Datanкорпорациясымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының аса ірі инфрақұрылымды нысаны Мойнақ ГЭС-нің бас мердігері су шаруашылығы мен энергетиканың Қытай халықаралық корпорациясы болып табылады (China International Water & Electric Corporation). Атом өнеркәсібі саласында «Казатомпром» ҰАК» АҚ Қытай ұлттық атом корпорациясы (CNNC) және Гуандунь ядролық-энергетикалық корпорациясымен (CGNPC) ынтымақтастықты дамытуда.
Қор экономиканың шикізаттық емес секторында Қытаймен ынтымақтастықтың дамуына үлкен маңыз береді. Атырау мұнай өңдеу зауытында полипропилен шығару газхимиялық кешені құрылысы, Ақтау пластикалық салмақ зауытында битум зауытының құрылысы, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (Шымкент НПЗ) мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар бірігіп іске асырылуда.
Екі жақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында, соның ішінде экономиканың шикізат емес секторларында да, Қор қытайлық әріптестермен бірігіп инвестициялық қорлар құрды: CITIC KAZYNA INVESTMENT FUND и KAZAKHSTAN HONG KONG DEVELOPMENT FUND.
Телекоммуникация саласында «Қазақтелеком» АҚ қытайлық Huawei Technologies Co., Ltd. және ZTE Corporation компанияларымен ынтымақтасады. «Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамында Huawei и ZTE жабдықтары кеңінен қолданылады, атап айтқанда АҚ CDMA технологиясы бойынша сымсыз қолжетімдік желісінде, сондай-ақ селолық байланыс желісінде қолданылды. «Қазақтелеком» АҚ «RTC» ЖШС (Израиль) және «ALFA NETWORK» ЖШС (Корея) компанияларымен ынтымақтастық орнату жоспарлануда, олар біріккен экономикалық аймақта «Алатау» ақпараттық технология паркі» импортты ауыстыратын жоғары технологиялықтелекоммуникациял
2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қазпочта» АҚ және Қытай почтасының арасында екі елдің аумағы арқылы транзитпен өтетін екіжақты халықаралық почта айырбастау жаңғырды, аптасына 6 мәрте жиілікпен автокөлікпен Хоргос кеден орнында айырбастайды.
Қор кең инвестициялық мүмкіндіктері және жоғары технологиялары бар әріптес ретінде Жапонияның қаржы институттары мен компанияларымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайды.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ аса ірі жапон қаржы институттарымен, атап айтқанда Japan Bank for International Cooperation, Mizuho Corporate Bank, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ, Sumitomo Mitsui Banking Corporation және басқаларымен тығыз ынтымақтастықта іс-қимыл жасайды. Тараптар ҚР әртүрлі аумағындағы энергетика, металлургия, жеңіл өнеркәсіпте жобаларды бірлесіп қаржыландырады.
Мұнайгаз саласында жапон компаниясы Inpex Солтүстік Каспий жобасында қатысады. Энергетика, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі және металлургияда Қордың профильды еншілес кәсіпорындары жапонның аса ірі Marubeni, Toshiba, SumitomoCorporation, мұнай, газ және металл бойынша Жапон ұлттық корпорациясы (JOGMEC) және басқа кәсіпорындарымен ынтымақтастық іс-қимыл жасайды. Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлесіп (JICA) энергетика, көлік және қатынас салаларында жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылады.
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ Toshiba және Sumitomo жапон корпорацияларымен бірлесе сирек және жерде сирек кездесетін металдарды өңдейтін әрі Қазақстан аумағында дайын өнімдерді шығаратын жобаларды іске асырады.
«Самұрық-Қазына» АҚ Оңтүстік Кореяның ірі компанияларымен тығыз байланыста. Корей компаниялары мен қаржы институттары энергетика, мұнайгаз, атом және химиялық өнеркәсіп, жоғары технология салаларындағы жобаларға ат салысады.
«Самұрық-Энерго» АҚ оңтүстік кореялық консорциуммен бірлесе отырып, оған KEPCO (
Қордың еншілес компаниясы «Бірлескен химия компаниясы» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС LGChem корпорациясымен, KEXIM мен K-SURE корей экспорт–несие агенттігімен бірлесе отырып, «Атырау облысындағы біріккен газхимиялық кешені құрылысы» жобасының екінші кезеңін қаржыландырып, жүзеге асырады.
Мұнайгаз саласында «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ KNOC (KoreanNationalOilCorporation) және KC Kazakh B.V.корей консорциумымен ынтымақтасқан, екі жақ ҚР «Жамбыл» кенін бірлесе барлайды. Танкер мен кеме жөндеу және кеме жасайтын орындар құрылысы салаларында HyundaiCorporation компаниясымен ынтымақтастық қарастырылуда.
Қордың қамқорлығымен Қазақстан-Жапон Іскерлік Кеңесі қызмет істейді, Қазақстан-Корей Іскерлік Кеңесінің жұмысы басталды. Ағымдағы жылы Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесін жасау жоспарлануда.
Халықаралық қаржы ұйымдары
Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсімін қамтамасыз ету және Қазақстанның оң беделін қалыптастыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Банк түрлі қауымдастықтарға қатысу, халықаралық институттармен өзара қарым-қатынас жасау, біліктілікті ұдайы арттыру, түрлі конференцияларға, саммиттер мен семинарларға қатысу арқылы өз жұмысында табысты жұмыс істейтін басқа даму институттарының тәжірибесін зерделеуге және пайдалануға тырысады. Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес, экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерді жылдам шешу мақсатында елімізге шетелдік инвесторларды белсенді тартуға да мүмкіндік береді.
Осы мақсатта Банк түрлі халықаралық іс-шаралар өткізеді, олардың жұмысына халықаралық қаржы ұйымдарының, рейтингтік агенттіктер мен аудиторлық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі инвесторлар қатысады.
2003 жылдан бастап Банк Азия және Мұхит жағалауы елдері Қаржы Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP) мүшесі болып табылады және Директорлар Кеңесінің құрамына кіреді.
Банктің табысты халықаралық қызметіне халықаралық қаржы ұйымдарының Банкке түрлі марапаттаулар беруі растау болып табылады. 2005 жылы «Euromoney» халықаралық қаржы басылымы Банкке «Дүниежүзіндегі ең серпінді даму банкі» марапаттауын берді. 2006 жылы «Euromoney» қаржы басылымы Банкті «Орталық және Шығыс Еуропада корпоративтік басқару саласындағы көшбасшы банк» номинациясында жеңімпаз деп таныды. Бұдан басқа, Банктің жобаларын 2005 және 2007 жылдары ADFIAP көлік және энергетика инфрақұрылымы, байланыс, технология саласында үздік деп таныды.
Банк Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде Банкаралық Ұйымның (БАҰ) толыққанды қатысушысы болып табылады. 2007 жылғы қазаннан бастап банк ШЫҰ БАҰ төрағасы болып сайланды.
Өз қызметін кеңейту мақсатында банк ірі халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасады. Құрылған сәтінен бастап Банк Ресей Сыртқыэкономбанкі, Румыния Экспорт-Импорт Банкі, Корей Даму Банкі, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі, Ислам Даму Банкі, Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі (JBIC), Қытай Даму Банкі, Түркия Даму Банкі, Солтүстік Инвестициялық Банк (NIB), JP Morgan, Мерил Линч (Merrill Lynch), ABN AMRO, UBS, Америка Банкі, Словакия Республикасының, Испанияның Экспорт-Импорт Банкі және т.б. ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.
Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары
Ұлттық экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен даму институттарының қағидаттары мен әдістерін үйлестіре отырып, өзара ұтымды ынтымақтастық өңірлік және халықаралық маңызы бар «серпінді» жобаларды іске асыруға және Қазақстан экономикасының басым салаларына жаңа капитал салымдарына ықпал ететін болады деп ұйғарады.
Банк Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады, ол қаржы нарығын дамыту, реттеуші заңнаманы жетілдіру және уәкілетті мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық жүргізу мәселелерімен айналысады. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының басшылығымен салыстырмалы аз уақыттағы қызметінде қор нарығына қатысушылардың көбі, оның ішінде банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, аудиторлық және консалтингтік компаниялар, ғылыми-білім беру ұйымдары бірікті.
Екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-әрекет жасасу шеңберінде Банк түрлі салаларда ынтымақтасудың мүмкін нысандарын әзірлейді: металлургия, машина жасау, химия және мұнай-химия, фармацевтика, тоқыма және тамақ өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы және логистика, құрылыс материалдарын өндіру және құрылыс, энергетика (СБЭС, АЭС, ЖЭО және энергияның баламалы көздері) саласында инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру; халықаралық жалпыға бірдей банк практикасын ескере отырып, синдицирленген кредиттер беру және тарту; экспорттық операцияларды қаржыландыруды ұйымдастыру; инвестициялық жобаларды лизингтік қаржыландыру; өкілдердің тағылымдамаларға, семинарларға, конференцияларға, тренингтерге, бизнес-форумдарға және басқа да іс-шараларға қатысуы жолымен тиісті қызмет салаларында жинақталған тәжірибе мен білім алмасу.
Ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Альфа-Банк» ДБ АҚ, «АльянсБанк» АҚ, «ТұранӘлем Банкі» АҚ, «Центркредит Банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ арасында жобаларды бірлесіп қаржыландыру саласында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою алғашқы қадам болды, ол инвестициялық ынтымақтастыққа негіз салды.
Сондай-ақ ҚР қаржы секторы мен экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспары шеңберінде Банктің инвестициялық басымдықтары мен кредит саясатына сәйкес перспективалық инвестициялық жобаларды қайта қаржыландыру саласында екінші деңгейдегі банктермен белсенді ынтымақтасады.
Мемлекеттік органдар
Банк өз қызметінің басынан ҚР мемлекеттік органдарымен ынтымақтастықты нығайтуға көп көңіл бөледі. Банктің өз құзыретінің шегінде ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, «Қазына» ОДҚ» АҚ және басқа мемлекеттік органдар (ҚР Ұлттық Банкі, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі және т.с.с.) алдында тұрақты есептілігі қамтамасыз етілді. Банктің өкілдері ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысады.
Банктің қатысуымен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іріктеу кезінде, сондай-ақ оларды тұрақты негізде табысты іске асыру үшін мынадай жұмыс жүзеге асырылады:
- Банк қызметін таныстыруды жүргізе отырып, іске асырылатын және жаңа жобалар мен операциялардың мәселелері жөніндегі мақсатты өңірлік іссапарлар жүргізіледі;
- жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық өзара іс-әрекет ету жолға қойылған (әкімдіктерге тоқсан сайын қарауда жатқан өңірдің жобаларының іске асыруға мақұлданғаны немесе мақұлданбағаны туралы ақпарат жіберіледі);
- өткізілетін республикалық және өңірлік конференцияларға, семинарларға, форумдар мен кеңестерге белсенді қатысу ұйымдастырылады.
Даму институттары
Қызмет тиімділігін арттыру, үйлестірілген жұмысты қамтамасыз ету және экономиканы ұзақ мерзімді инвестициялау кезінде тәуекелдерді бөлу мақсатында Банк еліміздің даму институттарымен стратегиялық әріптестікті ұйымдастырумен және қамтамасыз етумен жұмыс істейді.
Даму институттарының өзара іс-әрекет етуінің бірыңғай жүйесін құру процесінде Банк «Мемлекеттік экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «Технологиялар инжинирингі және трансферті орталығы» АҚ, «Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы» АҚ өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.
Қол қойылған Өзара ынтымақтастық туралы меморандумдардың, сондай-ақ «Қазына» АҚ құрамында бірлесіп жұмыс істеу аясында «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ-мен бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылады, Мемлекеттік экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі сақтандыру корпорациясы» АҚ Банк қаржыландыратын экспорт және жобалар бойынша операциялар сақтандырылды. Банк ҚР даму институттары өткізетін іс-шараларға белсенді қатысады.

- Халықаралық капитал
- Халықаралық келісімшарт
- Халықаралық келісімшарт, Конституциялық әдет ғұрып, соттық прецедент Конституциялық құқықтың қайнар көзі ретінде
- Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты - бизнес бірлестіктері
- Халықаралық қаржылық бақылау тәжірибесін талдау
- Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері
- Халықаралық қаржылық институттардың қызмет ету ерекшеліктері
- Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша
- Халықаралық және аймақтық стандарттау
- Халықаралық жеке құқық
- Халықаралық жеке құқық
- Халықаралық жеке құқықтық жүйесі мағынасы, қайнар көзі
- Халықаралық жеке құқықтық жүйесі мағынасы, қайнар көзі
- Халықаралық журналистика тәжірибесі