Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
Кіріспе
1-ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
1.2. Инновациалық
жоба: түсінігі, түзу мен жүзеге асырудың
негізгі кезеңдері
1.3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
Анықтамалар
Инновациялық менеджмент - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық кәсіпкерлік - техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесі.
Инновациялық жоба:
1. Қандай
да бір мақсаттарды жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін
2. Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті
Өндірістік кәсіпкерлік – нарықтық экономика субъектілерінің, болашақта тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық белсенді әрекеті.
Инновация – өнімнің жаңа түрлерін, жаңа технологиларды, ұйымдастыру формаларын түзу, құрастыру және таратуға бағытталған әрекет.
Инновацияның диффузиясы – уақыт бойында ол арқылы жаңалық коммуникациялық каналдар арқылы әлеуметтік жүйе мүшелері арасында жеткізілетін процесс.
Қысқартулар мен белгілер
ҚР – Қазақстан Республикасы
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
ҒТП – ғылыми-техникалық прогресс
ИП - инновациалық процесс
ЖЕ - жаңалық енгізу
ФЗ - фундаменталды зерттеу
ИСО 9004, ИСО-9000 және 14000 - сапаны басқарудың жүйелері
ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ӨСБ КЖ - өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі
ТЭН - техника-экономикалық негіздеу
ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу және тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар
ӘСҰ - әлемдік сауда ұйымы
АЭА – арнайы экономикалық аймақ
ЕврАзЭҚ – Евразиялық экономикалық қауымдастық
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
ТМҚ – тауарлық-материалдық қорлар
Кіріспе
Қазақстанда соңғы онжылдықтарда нарықтық механизмдерге негізделген экономикалық қатынастарға өтуге байланысты түпкілікті өзгерістер болды. Бірақ, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің ғылыми және экономикалық негізделген модельдің жоқтығы және реформаларды жедел жүргізу себебінен, жүргізілген шаралар елдің әлеуметтік экономикалық дамуында толық көлемде күткендей нәтиже бермеді. Мысалы, экономиканың шикізаттық тәуелділігі шикізат бағасының тұрақсыздығы кезеңіндегі белгілі макроэкономикалық эффект арқылы байқалды, яғни шикізат экспортынан түскен ауқымды тұрақты валюта түсімдері ұлттық валютаның жасанды өсуіне әкеліп соқтырады, ал отандық тауар өндірушілердің қарқындап өсуші импортпен бәсекелесуге қауқары жетпейді. Сонымен, соңғы онжылдықта ҚР-да шикізаттық емес салалардың үлесі 3-6 есеге азайды, керісінше орны толмас табиғи ресурстарды өндіру ұлғайды – мұнай, газ бен қара және түсті металл рудаларын. Елдің инвестициялық саясатының шикізаттық бағыты өнеркәсіпте қалыптасқан диспропорцияны одан ары тереңдетті.
Сонымен қатар әлемдік өңделмеген шикізат нарығы тұтынушы нарығы ретінде бағаланады, өйткені сатушы көп те, сатып алушы аз. Мамандардың есептеуі бойынша экспортерлер, орташа есеппен, экспорттаған тауарлар үшін батыс тұтынушысы төлеген соманың 25% ғана алады.
Бұл
тығырықтан шығу жолы, бастапқы
шикізаттан ондаған және
Бұл үшін өндірістік секторды алғы ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде технологиялық жаңарту (модернизациялау) керек.
Сондықтан, экономиканы дивесификациялау мен модернизациялау негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға жағдай жасау мақсатында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен «2003-2015 ж.ж. елдің индустриалды-инновациалық даму стратегиясы» қабылданды, оның шеңберінде ЖҰӨ-ді 2015 жылға 3,5 есе өсіру көзделген [2].
Нарық жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетістіктерді игеруге қомақты қаржыларды салуға мәжбүр ететін негізгі себеп, тіпті нарықта монополиялық жағдайды иемдену мүмкіндігі жоқ болса да, әрине, бәсекелестік болып табылады, онымен кез-келген технология беретін, өнім шығаратын немесе қандай-да бір қызмет көрсететін кәсіпорын бетпе-бет келуге мәжбүр. Кәсіпорындар мен компаниялар өз өнімдерінің бәсекелестік қабілетін сақтауды және табыс алуды өздері ойлауы керек. Яғни, олар нарық жағдайын, негізгі және мүмкін бәсекелестердің іс-әрекетін, қалыптасқан нарықтық тепе-теңдікті өзгертуге қабілетті жаңа ғылыми және технологиялық жетістіктердің пайда болуын қадағалап және болжап отырулары керек. Соңғысы 70-ші жылдардан бастау алатын, қазіргі ҒТП кезеңінде ерекше маңызға ие болды.
Бұл келесі себептерге байланысты:
- өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылауы;
- жаңа техника және технологияларды құру, игеру мерзімдерін елеулі қысқарту қажеттілігі;
- экономиканың барлық салаларында ҒТП қолдануға мүмкіндік беретін өндірісті дамытудың интенсивті факторларының күшеюі;
- жаңа техника және технологияларды құру және енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның анықтаушылық ролі;
- жаңа өнімді игеру барысында кәсіпорындардың шығындарының көбеюі және экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуі;
- техника және технологиялардың жедел моральдық ескіруі;
- жаңа техника және технологияларды өндіріске енгізуді жеделдетудің объективті қажеттілігі және т.б.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешудегі приоритет инновациалық менеджмент еншісіне тиеді.
Инновациялық менеджмент дегеніміз дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.)жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық менеджменттің негізгі міндеті – ғылым, техника, өндіріс және тұтынудың бірлігін, яғни инновациялық өнімге деген қожамдық қажеттілікті, қамтамасыз ететін, ұйымдастыру және басқару әдістерін қолдану нәтижесінде сандық және сапалық өзгерту арқылы, инновациялық процесстерді басқару.
Бұдан басқа инновациалық менеджменттің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорындар мен компанилардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететін жаңалық енгізулерді ұдайы өндіріп және мақсаттық іздестіруді жүзеге асыратын орта қалыптастыру.
Инновациялық ортаның негізгі элементтері:
- инновациялар, яғни ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелердің немесе интеллектуалдық еңбек өнімдерінің жиынтығы;
- қандай да бір жаңалықтардың тұтынушысы болып табылатын, бәсекеге қабілетті тауар өндіруші;
- тауар өндірушіні қажетті жаңалықтармен қамтамасыз етуге байланысты барлық жұмыстар кешенін қаржыландыруды қамтамасыз ететін, инвесторлар;
- осы процесс барысында туындайтын мәселелерді шешуге мүкіндік беретін, инфроқұрылым (бизнес-инкубаторлар, технопарктер және т.б.).
Ұйымның инновациялық ортасына ерекше көңіл бөлінеді, оны қалыптастыруда, жалпыға танымал бәсекелестік қабілетті қаматамасыз ету құралымен (маркетингпен) қатар, білімді алу процесін және осы білімді, нарықта сұранысқа ие, өнімге трансформациялау ерекше ролге ие болуда.
Жоғарыда аталғандар кәсіпорындар мен компанияларда, нарық жағдайында шаруашылық субъекттердің жоғары табысты қызметін қамтамасыз ету үшін, басқарудың экономикалық механизмін жақсарту мақсатында инновациялық менеджментті енгізу және жетілдіру мәселесінің актуалдығын айқындайды. Сондықтан аталған мәселе осы дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдалды.
Жұмыста инновациялық менеджмент мәселесі компаниялар мен кәсіпорындар қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардың және олардың нәтижесінде пайда болатын өзгеріс процесстерінің алдын алу және дұрыстау әдісі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес, жұмыста инновациялық менеджмент деп нарықтық экономиканың дағдарыс алды, дағдарыс және дағдарыстан кейінгі жағдайларында кәсіпорындар мен компаниялардың қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаржы- экономикалық және технологиялық сипаттағы шаралар жүесі түсініледі.
Нарықтағы кез келген өзгерістер әр уақытта тұрақты және оптималды жүйеге белгісіздік, айқынсыздық, тұрақсыздық енгізеді, оларды дағдарыстық жағдай деп қарастыру қалыптасқан. Ұзақ уақыт бойында басқару процесінде нарықтағы дағдарыс жағдайына осы жағдай пайда болғаннан кейін, яғни оның алдын алу мүмкін болмаған кезде, көңіл аудара бастайтын. Қазіргі кезде жетекші компаниялардың әрекетінде алдын алу стратегиясының басымдылығы байқалады.
Теориялық та, тәжрибелік те тұрғыдан инновациялық менеджмент объектісіне нақты анықтама беру өте маңызды. Мұндай қажеттілік оның жаңалық енгізуді басқару жүесінің негізгі элементі болғандығымен және, оның құрылымына, функцияларына, басқару әдістері мен құралдарына, сонымен қатар оның тиімділігін бағалау критерийлеріне негізгі әсер ететіндігімен айқындалады.
Бұл жұмыста инновациалық менеджменттің зерттеу объектісі ретінде нарықтың әлеуметтік, экономикалық және техникалық жүйелерінде жаңалықтарды енгізуді және нәтижесінде пайда болған өзгерістерді құрастыру, игеру және тарату мақсаттық бағытталған процесстері түсініледі.
Инновация туралы түсінік
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция – жұмыстың жартысы. Ең бастысы — жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация – жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация – жаңалықты енгізудің нәтижесі.
Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде “жаңалық” және “инновация” дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. «Жаңалық»-деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу.
“Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.
Инновация – бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация –бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық , қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.
Фирма жүйесінің “кірісі” сияқты сатушылардың тез енуіне, инновациялық формаға өтуде, өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай жинақталу жаңалығы болады. Фирманың “шығысында” тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ стратегиялық маркетинг процесі бойынша өндірістің ұйымдастыру – технологиялық дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және өндіру, оларды басқа салаларға таратуды (диффузия), инновациялық қызметті айтады.
Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет:
а) талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі;
б) критерийді анықтаудың сандық (сапалық) мүмкіндігі;
в) ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы;
Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты – басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық және т.б.) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады.Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.
Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық санын алынатыны және жеке жасалған болу мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру нәтижесі сияқты тек ұйымда іс жүзіне асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды, жаңалық инновацияда тұтыну саласында оларды айналдыруүшін сатылады.
Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың біреуі арқылы дамуы мүмкін: 1) инновациялық ұйымда жинақталу; 2) жаңалықтың инновацияға айналуы; 3) тауар сияқты сатылуы;
Ұйым қызметінің тиімділігі экономикалық және қаржылық көрсеткіштерге қарай бағаланады. Нарықтық қатынас жағдайында көрсеткіштің бірыңғай жүйе болуы мүмкін емес. Әрбір инвестор инновациялық жобаның ерекшеліктерінен, мамандардың, менеджерлердің және т.б. факторлардың шеберлігіне байланысты бұл жүйені анықтайды.
Ұйымдардың қызметінің тиімділігі мен қарқындық негізгі көрсеткіштерінің бірі оның тұрақтылық көрсеткіші болып табылады. Экономикалық тиімділікті кіріс формасында алу есебінен ұйым қызметкерлерінің жағдайын кешенді көтеру және дамытуды іс жүзіне асырады. Тиімділіктің басқа түрлері өзіне потенциалды экономикалық тиімділікті алып жүреді.
Мұнда қорытынды бағалау принципіне фактілі экономикалық тиімділікті алу уақыты мен оны алудың анықталмаған дәрежесі болып табылады.
Қазіргі уақытта өнеркәсіпті дамыту бойынша Ұлттық біріккен ұйымы ұсыныстарына сәйкес шетелдік тәжірибеде инновациялық қызметтің тиімділігін бағалаудың келесі көрсеткіші қолданылады:
1) Таза дисконттық кіріс;
2) Кірістің сыртқы формасы немесе дисконттаудың коэффициенті;
3) Кіріс нормасы:
R = [(NP+P) / I] *100%
Мұндағы, NP- таза кіріс, P-алынған капитал проценті, I- жалпы инновациялық ұсталым;
4) Акционерлік капиталдағы кіріс нормасы:
R = (NP/Q)*100%
Мұндағы, Q- акционерлік капитал;
5) Жобаның автономиялық қаржылық коэффициенті:
Кфа= Cc / Z
Мұндағы, Cc- жеке құралдар; Z- алынған құралдар;
6) Ағымдық ликвидтілік коэффициенті:
Кл= Qa / Z >=1
Мұндағы, Qa- жобаның белсенді айналым бағасы;
7) Ұйым қызметінің инновациялық тиімділігін көрсететін интегралды көрсеткіші ретінде жұмыс нәтижесінің коэффициентін қолдану мүмкін (r);
r = R / [ ∑ Q - ∑ ( H – H )]
Мұндағы, R — сериялық өндіріске еге болу үшін қабылданған (ұсынылған), аяқталған жұмыстар бойынша баға шығыны;
Q — 1 жылғы ҒЗТКЖ-нің факеілі шығыны;
N — данған мерзімнің жыл саны;
H — көрсетілген бағада талданған мерзім басындағы аяқталмаған өндіріс;
H – талданған мерзім аяғындағы аяқталмаған өндіріс;
Бұл көрсеткіштерге тағы да инновациялық жобадағы инвестицияның қайтарып алу мерзімінің көрсеткішін ( T ) қосу керек:
T = I / П
Мұндағы, П – обьект қызметінің нәтижесінде алынған таза жылдық пайда;
Инновацияның түрлері
және мақсаттары
|
|
|
|
|
|
|
|
Инновациялық
жобалар келесі белгілер бойынша топтастырылады:
-
Жобаны жүзеге асыру кезеңі (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді); -
Инновацияның типтері бойынша (жаңа өнім, жаңа технологиялық процесс, жаңа шикізат көздері, жаңа нарық, басқарудың жаңа құрылымы); -
Қажеттілік түріне байланысты (жаңа қажеттіліктер, нақты қажеттіліктер); -
Жобаның мақсаттық сипаты бойынша (аралық, соңғы).
Инновациялық
жобаларды құру кезеңі:
-
Инновациялық идеяның қалыптасуы; -
Инновациялық жобаны жоспарлау және оның жүзеге асырылуын бақылау; -
Инновациялық жобаның аяқталуы.
Ішкі
пайыздық ставкаларды есептеу.
Инфляцияға
байланысты ақша құны уақыт өте өзгереді.
Әр түрлі кезеңдегі ақша ағымын салыстыру
үшін ақша қорларын бағалау әдісі – дисконттауқолданылады. Келешектегі
инвестициялардың, табыстардың (инновациялық
жобаларды жүзеге асырудан болатын түсімдер)
көлемін дисконттау нормасына байланысты
болашақ ақша ағымының қазіргі құнын анықтауғамүмкіндік
береді:
Ін = І б / (1+rd ) t
І б – инвестициялар мен табыстардың
келешек құны
Ін – инвестициялардың қазіргі
(ағымдық) құны
rd – дисконт ставкасы (нормасы)
t – дисконттау кезеңдері (жылдары)
Дисконт – бұл келешектегі құн мен оның
қазіргі шамасы арасындағы айырма.
Дисконт ставкасы - әр
түрлі уақыт сәттеріне жататын ақша сомасын
белгілі бір уақытқа келтіру негізініде
дисконттау үшін пайдаланылатын пайыздық
ставкасы.
Инвестицияларды
салудан түсетін табыстардың келешектегі
құны:
FV = (1+r)n * PV
PV – инвестициялардың немесе
табыстардың қазіргі құны.
PV = FV / (1+r)n
Пайыздық
және есептік ставка келесі формуламен
есептелінеді:
rt = (FV – PV) / PV
Тіркеу
ставкасы:
dt = (FV – PV) / FV
Таза
келтірілген (ағымдық) құн (MPV) = келешектегі ақша ағынының
ағымдық құны – инвестициялауға жұмсалған
бастапқы шығындар:
MPV = (ΣFV / (1+r)n) – CI
CI – инвестициялауға жұмсалған
бастапқы шығындар
Табыстың
ішкі ставкасы (IRR) инвестицияларды
1.2 Инновациялық жоба: түсініктер,
құру мен жүзеге асырудың
Экономикада жаңалықтар, әдетте, тұтынушыда кездейсоқ жаңа қажеттіліктер туындағаннан және өндірісті қайта бағыттағаннан кейін емес, маркетингтік зерттеулердің арқасында өндірістің өзі тұтынушыларды жаңа қажеттіліктерге үйреткеннен кейін ендіріледі.
Инновациялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады:
- Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара ретінде;
- Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық, есеп-қаржылық құжаттар жүйесі ретінде.
Әр инновациялық жоба, күрделілігі мен жұмыс көлеміне қарамастан, өзінің даму барысында қандай да бір жағдайлардан өтеді: «жоба әлі жоқ» жағдайдан, «жоба енді жоқ» жағдайға дейін. Қалыптасқан тәжрибеге сәйкес, жобалар өтетін жағдайлар кезең (фаза) деп аталады. Жобаны құру мен жүзеге асырудың әр кезеңінің өз мақсаттары мен міндеттері бар (1-ші кесте).
1-ші кестеден инновациялық
Инвестиция кезеңінде тендерлер сен саудалар жүргізіледі және олардың негізінде инвесторлармен келісімшарттар түзіледі, инновациялық жобаны жүзеге асыру және пайдалану жүзеге асырылады.
Инновациялық идеяны таңдау және қандай да бір инновациялық жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде бірқатар жағдайларды анықтап алу керек::
- егер тауарлық инновация туралы сөз болса – ол тауар нарықта жақсы қабылдана ма;
- егер кез келген инновацилық жоба туралы сөз болса – нақты табыс алу (жобадан келетін табыс, оған жұмсалған шығындардан елеулі жоғары болу керек) және нақты қатерді бағалау (жобаға қатысты қатер оны жүзеге асырудан түсетін табыспен шекті мүмкін қатынаста болуы керек).
Қойылған мақсаттарға жету және инновациялық жобадан монополиялық жоғары табыс алу үшін келесі қажетті шарттар мен талаптарды сақтау керек:
- мүмкін тұтынушылардың жаңалыққа деген сұраныс көлемін, оның осы қажаттілікті өтеуде қолданыстағы әдістен экономикалық сипатталған артықшылықтарын анық білу керек;
1-ші кесте
Инновациялық жоба кезеңдерінің мазмұны
Жобаның инвестиция алды кезеңі |
Жобаның инвестициялық кезеңі | |||
Жобаны инвестиция-лау алдында зерттеу және жоспарлау |
Құжаттарды түзу және жүзеге асыруға дайындау |
Сауда өткізу және келісім-шарттар түзу |
Жобаны жүзеге асыру |
Жобаны аяқтау |
1. Болжамдарды зерттеу |
1.Жобалау-тексеру жұмыстарының жоспарын құру |
1. Келісім-шарттар түзу |
1. Жобаны жүзеге асыру жоспарын құру |
1. Жүргізу-реттеу жұмыстары |
2. Алғашқы ойды жүзеге асыру шарттарын талдау, жобаның концепциясын түзу. |
2. ТЭН-ге тапсырма беру және ТЭН-ді түзу. |
2. Жабдық жеткізуге келісім түзу. |
2. График түзу. |
2. Объектті іске қосу. |
3. Инвестиция-ларды жоба алдын негіздеу. |
3. ТЭН-ді келісу, сараптау және бекіту. |
3. Подряд жұмыстарына келісім жасау. |
3. Жұмыстарды орындау. |
3. Ресурстар демобилизациялау, нәтижелерді талдау. |
4. Орналасу орнын келісу және таңдау. |
4. Жобалауға тапсырма беру. |
4. Жоспарлар құру. |
4. Мониторинг және бақылау. |
4. Эксплуата-ция. |
5. Экологиялық негіздеу. |
5. Құру, келісу және бекіту. |
5. Жобаның жоспарын түзету. |
5. Жөндеу және өндірісті дамыту. | |
6. Сараптама. |
6. Инвестиция-лау туралы соңғы шешім қабылдау. |
6. Орындалған жұмыстарды төлеу. |
6. Жобаны жабу, жабдықтарды бұзу. | |
7. Алдын-ала инвестиция-ық шешім. |
||||
- жаңалықты құру, өндіру және өткізу кезінде пайда болатын, ресурстық шектеулерді анықтау керек, яғни, жаңалықтың экономикалық потенциалын жан-жақты дұрыс болжау керек;
- инновациялық жобаны табысты жүзеге асырудың міндетті шарты компания персоналының жоба талаптарына сай келуі болып табылады;
- материалдық-қаржылық ресурстардың шектеулілігі және нарықтық анықсыздық жағдайында, инновациялық жобаның табысты болуында ұйымдастыру мен басқарудың сапасы маңызды роль атқарады.
Идеяның пайда болуы, жаңалықты құру және таратудан бастап, оны нақты пайдалануға дейінгі уақыт кезеңін инновациялық жобаның өмірлік кезеңі деп атау қалыптасқан. Басқаша айқанда, фундаменталды және қолданбалы зерттеулерден басталып, жаңа ғылыми-техникалық идеяны құру, игеру және қолданумен, шығарылатын техниканың техника-экономикалық параметрлерін жақсартумен, оны жөндеу және басқа да қызмет көрсетумен жалғасатын және осы техника жаңа, тиімдірек техникамен асмастырылуымен аяқталатын кезең инновациялық жобаның өмірлік кезеңі деп аталады. Жұмыстарды жүргізу ретін ескере отырып инновациялық жобаның өмірлік кезеңі инновациялық процесс ретінде қарастырылады (5-ші сурет).
Теория мен тәжрибеде инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің сатыларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ, әсіресе қызмет түрлеріне қатысты. Біз ұсынып отырған сызбада, ТМД елдерінде кеңінен қолданылатын, өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі әдістемесі (ӨСБ КЖ) пайдаланылған.
Осыған сәйкес біз инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңінің төрт сатысын бөліп қарастырамыз: зерттеу және құрастыру; дайындау (жасау); айналу және сату; қолдану және тұтыну (5-ші сурет).
Халықаралық тәжрибеге сәйкес (ИСО 9004) инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңі бұдан да көп сатыларға бөлінеді:
маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу; жобалау және (немесе) технологиялық талаптарды құрастыру; өнімді құрастыру;
материалдық-техникалық жабдықтау; өндірістік процесстерді дайындау және құрастыру; өндіру;
бақылау, сынақ пен тексерулер жүргізу; қаптау және сақтау; өнімді сату және тарату; монтаждау және қолдану; техникалық көмек және қызмет көрсету; өнімді пайдаланғаннан кейін жою.
Инновациялардың формаларының көптігі инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің құрамы мен мазмұнына қатысты бірыңғай көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді, инновациялық процесстің негізгі кезеңдерін, оның негізгі құрам бөліктерін қарастыру арқылы анықтауға болады.
Келтірілген концепциялар негізінде инновациялық жобаны жалпы құру мен жүзеге асырудың келесі негізгі кезеңдерін жүйелеуге болады:
- Инновациялық ойды (идеяны) қалыптастыру;
- Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
- Келісімшарттық құжаттарды дайындау;
- Жобалық құжаттарды дайындау;
- Құрылыс-монтаж жұмыстары;
- Объектті пайдалану;
- Экономикалық көрсеткіштер мониторингі.
Инновациялық ойды (идеяны) қалыптастыру кезеңі деп ойланған әрекеттер жоспарын айтады. Бұл кезеңде, алдымен, инвестициялардың объектісі мен субъектісін, олардың формалары мен көздерін анықтау керек.
Инновациялық жобаның екінші кезеңінде инвестициялардың келесі формалары пайдаланылады:
- Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мақсаттық салымдар, айналымдағы қаржылар, құнды қағаздар, мысалы, акциялар мен облигациялар, кредиттер, несиелер, кепілдіктер және т.б.);
- жер;
- ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және сынау құралдары, өндірісте қолданылатын және ликвидтігі бар басқа да кез келген мүлік;
- әдетте ақша эквивалентімен өлшенетін, мүліктік құқықтар.

- Инновации
- Инновации
- Инновации
- Инновации
- Инновации
- Инновации
- Инновации
- Инкубация яиц
- Инкультурация и социализация
- Инкультурация и социализация личности
- Инливидуальная психология А.Адлера
- Иннавциялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімдіігін бағалау
- Инні діаграми, адитивність, пропорційність, лінійніст
- Инновативность, как фактор конкурентоспособности компании