Интеграцияланған құрылымдардың экономикадағы рөлі
Интеграцияланған
құрылымдардың экономикадағы
Жоспар:
- Интгерация үрдісінің пайда болуы
- Экономикалық интеграцияның алғышарттары, мақсаттары және формалары
- Еуропалық одақ – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік
- Интгерация үрдісінің пайда бол
уы
ХХ ғасырдың екінші жартысы ғылыми-техникалық прогресс пен шаруашылық қызметтер масштабының артуымен сипатталады. Көптеген мемлекеттер экономика және өндіріс жағынан байланыса бастады. Қазіргі таңда бүкіл әлем – шаруашылық қызметпен өзара байланысты адамдар тобын құрайды. Экономикалық әдебиеттерде «дүниежүзілік шаруашылық» түсінігі кең тарауда.
Әлемдік шаруашылық құбылыстарының ішіндегі ерекше орын алатыны – аймақтық экономикалық интеграция болып табылады. Соңғы 20-30 жылдар ішінде оның көптеген елдердің шаруашылық және саяси өміріне, елдердің экономикалықдамуы мен болашағына талдау жасауда және басқа да халықаралық мәселелерді шешуде интеграциялық үрдістерді елемеу мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемнің көптеген аймақтарында интеграциялық үрдістердің әр түрлі формалары қалыптасып келеді. Интеграциялық қозғалыстар әлемнің барлық континенттерінде көрініс тауып, бұл үрдіске мейлінше көптеген елдерді тартуда.
Интеграциялық үрдіс әлемде, аймақтарда, мемлекеттерде әр түрлі дамуда. Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің түкпір-түкпірінде Бірнеше жыл бұрын Батыс жарты шарында жаңа интеграциялық Латын Америкасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай.
Интеграциялық үрдістердің дамуы халықаралық тауар және өндіріс факторларының қозғалысының заңды нәтижесінің арқасында елдер арасында көптеген кедергілерді жоя отырып, сенімді өндірістік байланыстарды құру.
Мұндай жетістіктерге көпжақты саяси келісімдер негізінде және тек мемлекетаралық интеграциялық бірлестік ауқымында қол жеткізеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан
бастап дамыған индустриялдық елдердің
экономикасының жедел дамуына және
халықаралық көлік
Экономикалық бірігу – бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.
Қазіргі экономикалық сөздік
анықтамасы бойынша, интеграция (латын
тілінен «integer» - толық) – экономикалық
тұлғалардың бірігуі,олардың
- Экономикалық интеграцияның алғ
ышарттары, мақсаттары және формалары
Интеграция түсінігі бөлшектердің бүтінге айналу дегенді білдірсе, экономикалық интеграция – ол елдердің экономикалық ықпалдасу үрдісі мен мемлекетаралық келісімдер және реттеу органдарының бірлесіп шешім қабылдауы негізінде шаруашылық механизмдердің араласуы. Интеграциялық үрдістер аймақтық экономиканың дамуына алып келеді. Соның нәтижесінде жекелеген елдер бір-біріне қолайлы тәртіп шарттарын ұсынады, ал кей жағдайларда өндіріс факторларының қозғалысына ықпал етеді. Бұл жерде оның протекционистік белгілерінің болуына қарамастан, халықаралық экономиканың дамуына жағымсыз фактор деп есептелмейді. Бір сөзбен айтқанда экономикалық аймақтану бір топ елдердің өзара экономикалық байланысын жеңілдете отырып, басқа елдердің жағдайын күрделендірмейді. Осы орайда интеграцияланушы елдердің бірқатар алғышарттарын қарастырайық:
- Интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтың жетілу дәрежесінің жақындығы. Интеграциялық үрдістер экономикалық даму деңгейі шамамен бірдей деңгейде тұрған елдер арасында өте белсенді түрде жүреді;
- Интеграцияланушы елдердің географиялық жақындығы, көп жағдайда ортақ шекаралары мен тарифи түрде қалыптасқан экономикалық байланыстьарының болуы. Әлемдегі көптеген интеграциялық блоктар - транспорттық коммуникациялары бар, бір-біріне тікелей географиялық жақындықта орналасқан бірнеше көршілес елдерден басталады;
- Даму, қаржыландыру, экономиканы реттеу, саяси ынтымақтастық салалары бойынша елдер алдында тұрған экономикалық және басқа елдерге белгілі бір психологиялық тұрғыда әсер етеді;
- Демонстрациялық әсер. Интеграциялық блогты құрған елдерде жағымды экономикалық өзгерістер болады, бұл жағдай болып жатқан өзгерістерді бақылап отырған басқа елдерге белгіллі бір психологиялық тұрғыда әсер етеді;
- «Домино» әсері№ Белгілі бір аймақтық интеграциялық бірлестікке мүше болғаннан кейін, топқа кіруші елдердің экономикалық байланыстарының қайта құруына байланысты оның шекарасынан тыс қалған басқа елдерде бірқатар қиындықтар туындайды. Бұл кейде интеграциядан тыс қалған елдердің саудасының қысқаруына әкеліп соғады.
Халықаралық экономикалық интеграция – экономика мен саясат жағынан келісілген мемлекетаралық негізде өзін-өзі реттеу икемі бар ұлттық шаруашылық жүйелердің өзара бірігуі мен жанасу процесі.
Халықаралық экономикалық интеграция – түрлі деңгейде және түрлі формада өндірістік құрылымдардың әрекеттесуі арқылы ұлттық шаруашылық арасында еңбекті бөлу, тұрақты қарым қатынас орнату негізінде экономикалық-саяси мақсатпен мемлекеттердің бірігуі.
Микродеңгейде бұл процесс түрлі экономикалық қатынастарды құру негізінде бір-біріне жақын мемлекеттердегі фирмалардың бірігіп әрекеттесуі. Мемлекетаралық деңгейде интеграция мемлекеттердің экономикалық біртұтастығы мен ұлттық саясаттың келісуі арқылы қалыптасады.
Фирмааралық қатынастардың қарқынды дамуы мемлекетаралық қатынасты реттеуге алып келеді. Ол сол аймақ арасында тауардың, қызметтің, капиталың және жұмыс күшінің еркін жылжуы, экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық, валюталық, қаржылық, сыртқы саяси келісулер жүргізу.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.
Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.
Әдетте кедендік
одақ үйлестірілген сыртқы
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.
Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.
ЕО, НАФТА –ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.
Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.
Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.
Интеграцияның негізгі белгілері:
- Ұлттық өндіріс процесстерінің тоғысуы және өзара енуі
- Қатысушы мемлекеттердің экономикасындағы құрылымдық өзгерістер
- Интеграциялық процесстерді мақсатты реттеу және реттеу қажеттігі
Интеграцияның мақсаты – ұлттық экономикаларды жақындастыру және экономикалық мәселелерді тиімді түрде бірлесе шешуді қамтамасыз ету. Бұл жағдайда елдердің ерекшеліктерінің әр түрлі болуы мемлекеттердің экономикалық бірлестіктерінің әр алуандығын туындатады. Бұл бірлестіктер бір-бірінен қатысушылардың саны, жиынтық экономикалық потенциалы және адам ресурстары, іс-әрекеттерінің нақты бағдарламасы, экономикалық өкілеттіктері бойынша ерекшеленеді.
Қазіргі кездегі халықаралық экономикадағы қалыптасып келе жатқан және даму үстіндегі әр түрлі интеграциялық бірлестіктер алдында белгілі бес мақсат тұр. Оларға жататындар:
- Масштаб экономикасы артықшылықтарын пайдалану
Нарық көлемін кеңейтуді қамтамасыз ету, әр түрлі шығындарды азайту, масштабты экономикалық теория негізінде басқа да артықшылықтарды пайдалану. Бұл тікелей шетел инвесстициясын тартуға мүмкіндік береді. Аймақтық масштабын кеңейту Орталық Америка мен Африканың интеграциясында айқын байқалады.
- Қолайлы сыртқы саяси ортаны құру
Көптеген интеграцияланатын мемлекеттердің басты мақсаты саяси, әскери, әлеуметтік, мәдени және тағы басқа экономикалық емес салаларда өзара түсінушілік және ынтымақтастық орнату.
- Сауда мәселелерін шешу.
Негізінде аймақтық интеграция – сыртқы сауда операцияларындағы көпжақты сауда келіссөздер шеңберінде қатысушы жақтардың келіссөздік позицияларын нығайту әдісі ретінде қарастырылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін мемлекеттердің көпжақты сауда келісімдерін нығайту үшін құрылады. Мұндай интгерация Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде байқауға болады.
- Экономикалық құрылымдарды құруға ықпал ету.
Нарықтық экономиканы құрушы және тереңдетілген экономикалық реформаларды жүзеге асырушы елдерді, нарықтық дамудың өте жоғары деңгейіне өткен елдердің аймақтық сауда келісімдеріне қосуы – нарықтық тәжірибені таратудың маңызды каналы ретінде қарастырылады. Өз көршілерін интеграциялық үрдіске қоса отырып, экономикасы дамыған елдер олардың нарықтық реформаларын жеделдетуге және ол жерлерде толық сыйымды нарықтарды құруға мүдделі болып отыр.
- Ұлттық өнеркәсіптің жас салаларын қолдау.
Интеграциялық бірлестіктер үшінші елдерге қарсы дискриминациялық шараларды қолданбаса да, ол жергілікті өндірушілерді қолдау әдісі ретінде қарастырылады. Жергілікті өндірушілер үшін өте кең аймақтық нарық туындайды.
Экономикалық интеграцияның келесі түрлері бар:
- Преференциалды аймақ
- Еркін сауда аймағы
- Кеден одағы
- Ортақ нарық
- Экономикалық одақ
Преференциалды аймақ (бірлестік) – екі немесе одан да көп мемлекеттер егер сол ел қатарына кіретін тауарлар импорты азайса және басқа мемлекеттер үшін алдыңғы тарифті қалдырса преференциалды тауар аймағын құрады.
Еркін сауда аймағы – бұл аймаққа кіретін екі немесе одан да көп мемлекеттер бір-біріне деген тауарлық тосқауылдар жойылып (баж және сандық шектеулер), бірақ әрбәр мемлекет ол аймаққа кірмейтін басқа мемлекеттермен тосқауылдарды сақтап қалады. Кедендік бажөнеркәсіптік тауарларға жатса, ауылшаруашылық тауарларына импорттың либерализациясы шектеулі. Мұндай аймақтарда кеден бақылауы сақталып қалу керек. Мемлекеттер өзара бажды жоғарлату жайында Standstill мораторий арқылы, яғни әріптестер біржақты тәртіпте кеден бажын жоғарлата алады немесе жаңа тауарлық бөгеулер салу арқылы жұмыс істейді. Осындай еркін сауда аймағының мысалы ретінде 1960 жылы Австрия, Дания, Норвегия, Португалия, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания арасында құрылған еркін сауда аймағының Еуропалық ассоциациясы жатады. 1995 жылдан бұл ассоцияцияда үш мемлекет қана қалды.
Кеден одағы - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі. Тарихи деректерге сәйкес, кедендік одақ 19 ғасырда орныға бастаған. Франция мен Монако арасындағы (1865 ж.), Швейцария мен Лихтенштейн Князьдігі арасындағы (1924 ж.) одақ олардың алғашқылары болып табылады. Біздің кезеңімізге жақын уақытта Еуропалық экономикалық одақ (1957 ж.) - Еуропалық одақ (1993 ж.) және Еуропалық еркін сауда ассоциациясы (1962 ж.) құрылған. Кеңес Одағы дәуірінде социалистік мемлекеттер арасында Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі (СЕВ) аясында кедендік мәселелер бойынша бірнеше келісімдер жасалған. Кейбір ақпараттық агенттіктердің мәліметі бойынша, әлемде 30-дан астам түрлі сипаттағы интеграциялық бірлестіктер бар көрінеді.
Қазіргі Кедендік Одақтар
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел – Ресей, Қазақстан, Белорусия үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті.
Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.
Ортақ нарық – аса күрделі формалардың бірі. Ол еркін өзара сауда және бірыңғай сыртқы тариф пен қатар оған қатысушыларға капитал жұмысшы күшінің, технологияның, еркін қозғалысын, сонымен бірге экономикалық саясатты белгілеуін қамтамасыз етеді. Ортақ нарық - Батыс Еуропа елдерінің біріккен аймақтық топтары. 1958 жылы 1 қаңтардан Рим шарты негізінде жұмыс істейді. Бұл шартқа 1957 жылы наурызда алты ел – ГФР, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург қол қойған. Ортақ нарықтың алдында 1951 жылы Еуропа көмір және болат бірлестігі (ЕКББ) құрылды. Атом энергиясы жөніндегі Еуропа қоғамдастығы (Еуратом) ортақ нарықпен бір мезгілде құрылды. Кейіннен ортақ нарық орнына көбінесе Еуропа экономикалық қоғамдастығы (ЕЭІ), ал 1967 жылдан Еуропа қоғамдастығы (ЕІ) ұғымы қолданылады. Маастрихт шарты бекітілгеннен кейін ЕІ ресми түрде Еуропа Одағы (ЕО) деп атала бастады.
Экономикалық одақ – мемлекетаралық интеграцияның өте күрделі формасына жатады. Олар барлық жоғарыда көрсетілген формалармен қатар, ортақ экономикалық саясат пен валюта-қаржылық саясатты жүргізеді.
- Еуропалық одақ – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.
Еуропалық одақ болып құрылған Еуропалық экономикалық қауымдастықтың пайда болуына олардың өндіріс пен капиталын біріктіруге шыгайы ұмтылысы бірден-бір негіз болды. Әрқайсысының өз ерекшеліктері бар тар ауқымды Еуропаның жеке елдерінің нарықтарын сақтау олардың экономикасының тұрақты дамып, өсуіне мүмкіндік бермейді.Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін толық әрі барынша қолдануға әлемдік нарықта бәсекелесе алатын ірі корпорациялар құруға кедергі жасады. Бұл интеграциялық топтың қалыптасып дамуына оған мүше болған елдердің экономикалық мүдделерінен басқа саяси факторлардың, атап айтқанда Еуропалық континентте халықтардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге ұмтылудың да себеп болғанын айта кету керек.
Еуропалық Одақ – Еуропалық континентте орналасқан интеграциялық бірлестік болып табылады. Еуро одақ жалпы саны 373 млн.адамнан асатын халқы бар Еуро елдерінің Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, испания, Португалия, Австрия, Финландия, швеция елдерінің қатысуымен 1933 жылы құрылған. Еуропалық одақ Еуропалық қауымдастық, атап айтқанда, Еуропа көмір мен болат қорыту бірлестігінің 1951 осы ұйым Еуропалық ұйымдастырушылық негізде қаланды. Еуропалық экономикалық қауымдастық 1957 жылы Рим келісім-шарты бойынша құрылған бұл ұйым «ортақ нарық» деп те аталды, сондай-ақ Атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастық 1957 жылы құрылған қарым-қатынасы негізінде жұмыс істейді. Еуропалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басты мақсаты бірегей еуропалық актіде (1987 ж.), Мастрик келісім-шартында (1992 ж.) және Амстердам келісімінде (1997 ж.) айқындалған. Соңғы жылдары еуропалық одақ мындай бағыттарда жұмыс атқарады:
- Ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту.
- Кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру.
- Бірегей сыртқы саясат саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру.
Еуропалық одақ ең ірі аймақтық мемлекетаралық интеграциялық бірлестік болып табылады және ұлт үстінен қадағалайтын ең күшті басқару механизмі қалыптасқан сауда сферасында, ауылшаруашылығында, көлік және басқа да экономикалық сферада біртұтас саясат жүргізіліп отырған ірі бәсекелестікке жатады.
Жерорта теңізінің жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африкадағы аймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімдікті арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіп сақтау әрекеттерін өрістету мақсатында қызмет етіп келеді.
Еуропалық одаққа кіетін мемлекеттердің валюта жүйесін қалыптастыру бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезең 1990-1993 жылдар аралығында өтті. Бұл кезеңде мүше елдердің барлығы валюта жүйесіне еніп, валюталық шектеулер алынып тасталды. Екінші кезең 1994-1998 жылдар аралығында Еуропа валюта институты құрылып макроэономикалық саясатты басқару жүйесі күшейді. Үшінші кезең 1999 жылдан бастап қазіргі күнге дейін созылып келеді. Біртұтас валюта саясаты енгізілді Және Еуропалық орталық банк құрылды. Осы кезеңде 15 елдің ішінде біртұтас экономикалық кеңістік құру іске асты. Еуропалық одақтың интеграциялық жетістіктерінің ең ірі нәтижесі 1992 жылы құрылған біртұтас ішкі нарық болды, соның нәтижесінде тауар мен қызмет көрсетудің қозғалысы капитал, жұмысшы күші қозғалысымен толықтырылды және мүше елдер арасында келісілген ішкі экономикалық саясат шаралары жүргізіле бастады. 2000 жылы Еуропалық одақтың ортақ валютасы – еуро айналымға енгізілді.
Еуропа ода қтың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мұндағы әлеуметтік саясаттың ең басты ұйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеуметтік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық құра отырып, мүше мемлекеттер келісім-шартында "жұмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жұмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс-қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО құзырына кіретін элементтердің құрамдас бөлігі "жұмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) ұстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әйелдер мен ерлердің тең құқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" құрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың «Жұмыспен қамту» бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім «Әлеуметтік ережелер» және 2 бөлім «Еуропалық әлеуметтік қор» сондай-ақ XIII бөлім – «Денсаулық сақтау»
ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік құқықтарына арналған бірнеше құжаттар аса маңызды:
- Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;
- 1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік құқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;
- 2000 жылы ЕО-ның негізгі құқықтар жөніндегі Хартиясы.
Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының құрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жұмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жұмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.
Қолданылған әдебиеттер:
- Авдокушин И. Международные экономические отношения. - М. - 2000.
- Алексеев И.С. Управление внешнеэкономической деятельностью.- М.- 2002.
- Международная экономическая интеграция: Учебно-методическое пособие / М. Г. Баканова.- Мн.: БГУ.- 2002.
- Мировая экономика/Под ред. Булатова А.С., М, ЭКОНОМИСТЪ, 2004, 734с.;
- http://ru.wikipedia.org/wiki

- Интеграция маркетинга и стратегического менеджмента
- Интеграция на постсоветском пространстве: причины, основные направления, перспективы
- Интеграция на пространстве СНГ
- Интеграция на современном этапе
- Интеграция Нидерландов в Европейский Союз
- Интеграция образовательных областей как средство развития ребёнка
- Интеграция организации
- Интеграция детей с ограниченными возможностями здоровья в среду здоровых сверстников
- Интеграция детей с ограниченными возможностями здоровья в среду здоровых сверстников
- Интеграция деятельности библиотеки и других подразделений вуза по участию в про-ектах НЭБ
- Интеграция европейских стран
- Интеграция и дезентеграция экономики
- Интеграция и дифференциация естественнонаучного знания, их взаимосвязь
- Интеграция и корпоратизация