Интерндерге арналған әдістемелік нұсқаулар
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.
Мамандық 051102 – «Педиатрия».
№2 Балалар аурулары кафедрасы.
Интерндерге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Тақырып: Арнайы емес жаралы
Курс: VI1
Құрастырған: м.ғ.к., доцент Аушарипова Ш.Р.
Қарағанды – 2007 ж.
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген.
Хаттама №____ «___» __________ 2007 ж.
Кафедраның меңгерушісі, доцент _________ Түкбекова Б. Т.
1. Тақырып: Арнайы емес жаралы
2. Оқу сағатының саны: 6.
3. Тақырып актуальдылығы: Педиатр күнделікті тәжірибесінде ішінің ауырсынуы тәбеттің төмендеуі, нәжістің өзгеруіне (диарея, іш қату, нәжістегі патологиялық қосындылары бар) және басқа диспепсиялық құбылыстарға шағымданған балаларды жиі кездестіреді.
Осындай симптомокомплексі бар аурулардың диагностикасы бірқатар қиындықтар әкеледі, өйткені созылмалы ішек ауруларының клиникалық симптомдары ұқсас және олар әр түрлі себептермен шақырылады, өздеріне тән даму механизмдері бар және өздеріне тән терапиялары мен профилактикасы бар.
Спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон ауруы көптеген клиникалық «бет пердесі» болады, сондықтан дер кезіндегі диагностиканы қиындатады және емдеуі кешіктіріп баланың жағдайына зиянын әкеледі.
4. Сабақ мақсаты:
Интерн білу керек: Балалардағы спецификалық емес ойық жаралы колит этнологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, салыстырмалы диагнозын, емдеу әдістерін.
Интерн жасай білу керек:
- анамнезді дұрыс жинап бағалай білу, науқастарды объективті тексере білу.
- берілген мәліметтерден балалардағы балалардағы мальабсорбция синдромына тән симптомдарды бөліп алу.
- лабораториялық, рентгенологиялық, құралдық зерттеу әдістерінің мәліметтерін анализдеу.
- диагнозды дұрыс құру
- науқастарға ем тағайындау
- рецепт жазу
- науқасты диспансеризациялау жоспарын құру.
5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Негізгі сабаққа:
- Асқорыту мүшелерінің АФ ерекшелігі.
- Асқорту прцесіндегі тоқ ішектің орны.
- Ішектің қалыпты иммикрофлорасы.
Осы тақырып бойынша:
- Спецификалық емес ойық жаралы колиттің этнологиясы.
- Спецификалық емес ойық жаралы колитке әкелетін факторлар.
- Спецификалық емес ойық жаралы колит патогенезі.
- Спецификалық емес ойық жаралы колит клиникасы.
- Спецификалық емес ойық жаралы колит жіктелуі.
- Спецификалық емес ойық жаралы колиттің лабораторлық және құралдық зерттеу диагностикасы.
- Колоноскопия, дисбактериозға тексеру, биопсия.
- Спецификалық емес ойық жаралы колиттің ажыратпалы диагнозы.
- Спецификалық емес ойық жаралы колиттің емдеуі.
- Спецификалық емес ойық жаралы колиттің медикаментозды терапиясы мен диетотерапиясы.
Ақпараттық – дидактикалық блок.
Спецификалық емес ойық жаралы колиттоқ ішектің қабыну – деструктивті зақымдалуы көбіне созылмалы ағымды болып жиі рецидив береді және ауыр асқынулармен өтеді. Спецификалық емес ойық жаралы колиттің этиологиясы әлі кезге дейін белгісіз. Бұл ауру туралы көптеген теориялар (инфекциялық, психогенді, алиментарлы және т.б.) әлі негізделмеген. Көптеген зерттеушілер спецификалық емес ойық жаралы колитті көп этиологиялы ауру деп есептейді. Экспериментальді және клиникалық зерттеулер спецификалық емес ойық жаралы колиттің негізгі патогенетикалық топтарын бөлуге көмектеседі. Спецификалық емес ойық жаралы колиттің патогенезіндеішек микрофлоралары негізгі орынды алады. 2) ағзаның иммунологиялық реактивтілігінің бұзылысы және аутоагрессиялық реакцияның дамуы; 3) психоэмоциональды бұзылыстар.
Көптеген зерттеулерде спецификалық емес ойық жаралы колитте шартты – патогенді және патогенді бактериялардың көбеюі маңызды орын алады: стафилококк, протея ферментативті және колициногенді қасиеттері төмендеген ішек таяқшалары.
Науқаста фацоцитарлы қорғаныстың төмендеуіне байланысты микробтық флора тез өседі. Бұл ағзаның аллергизациясына және тоқ ішектің шырышты қабатының қабынулық дестуктивті процесінің дамуына әкеледі.
Ойық жаралы колиті бар науқастарда микробтық метоболиттердің қанға көп түсуі нәтижесінде күйік ауруындағы сияқты толксикалық реакциялар болады. Антиген ролін ойнайтын E Coli штамы, тоқ ішектің зақымдалған шырышты қабатының ұлпалық компонентімен әрекеттесетін антидене синтезінің индукциясына белсенді қатысады.
E Coli штамы цитопатогенді әсер көрсететіні белгілі. Тоқ ішектің шырышты қабатына арналған қан сары суындағы антиген спецификалық емес ойық жаралы колиттің аутоиммундық ауру екенін көрсетеді. Спецификалық емес ойық жаралы колитте иммундық комплексте циркулирленген және фиксирленген колоноциттарды анықтайды (а 1 г + а 1 дене + комплимент).
Қан сары суында «А» иммуноглобулиннің төмендеп, иммуноглобулиндердің концентрациясының жоғарлауы болады. Клеткалық иммунитеттің жағдайы өзгереді. Лимфоциттің сандары төмендеуіне байланысты бласттрансформацияға қабілеті өзгереді. Т – супрессорлық лимфоциттер төмендейді, нейтрофильдердің фагоцитарлық функциясы тежеледі. Спецификалық емес ойық жаралы колиттің пайда болуына психогенді факторлардың ролі шетелдерде де, біздің елдерде де анықталған. Мұндай науқастарда ерекшеліктер: бірбеткейлік, өкпелегіштік, қырсықтық мінездері болады.
Спецификалық емес ойық жаралы колиттің рецидивтерінің пайда болуына әр түрлі стресстік жағдайлар, ұзақ теріс эмоциялық әсерлер себеп болады. Бұл аурудың пайда болуына генетикалық факторлардың әсері әрі толық зерттелмеген. Ойық жаралы колитке алғашқы басталуы тік ішектен болуы тән, ары қарай патологиялық процесс проксимальді бағытта жайылады. Бірақ соңғы жылдары тоқ ішектің жоғарғы бөлімдерінің зақымдалуы жиі байқалуда. Ащы ішек ереже бойынша қабылулық процеске қатыспайды, тек тотальды ойық жаралы колит кезінде ретроградты идент дамуы мүмкін.
Екінші топ бұл генетикалық бейімделген эндогенді факторлар гипофизарлы - бүйрек үстілік және иммундық жүйе. Пайда болған патологиялық реакциялар организмнің барлық функциональдық жүйесін төмендетеді.
Бұл жүйелердің резервтік жеткіліксіздігінің зат алмасудың метаболиттік дезактивациясының жеткіліксіздігі және фагацитоз активтілігінің жетіспеуі, аутоиммунды процестің ары қарай дамуына алып келеді.
Патоморфологиясы спецификалық емес ойық жаралы колит кезінде патологиялық процесс тек шырышты қабатта болады. Кей кезде шырыш астылық қабатты зақымдайды, бірақ бұлшықеттік қабатқа жайылады. Колиттің жеңіл түрінде процесс сигмалық және төменденген бөліміне жойылады, ал ауыр түрінде тоқ ішектің барлық бөлімі қосылады. Жеңіл түрінде шырышты қабатта қабынулық – эрозивті өзгерістер байқалады. Орташа түрінде бұл көріністердің барлығы көрнекі болады, ал ауыр түрінде қабынулық өзгерістер фонында көптеген ойық жаралармен жүретін деструктивті өзгерістер болады. Жіктелуі: жұмыстық жіктелуін А. Каншинаұсынған. Бұл классификация бойынша ауырлық түрін, ағымын, процестің фазалығын және тоқ ішектің әр түрлі зақымдалуына қарай бөледі.
1. Аурудың фазалығы: 1) белсенді 2) ремисия
2. Тоқ ішектің зақымдалуы: 1) сол жақтық колит 2) петальді колит
3. Ауру формасы:
4. Аурудың ағымы:
Спецификалық емес ойық жаралы колиттің жіктелуі:
(Федоров В. Д., Левитан М. Х. 1982, Ю. В. Балтайтис с авт. 1986, Г. А. Григорьев 1996)
Ағымы |
Ауырлық дәрежесі |
Жойылуы |
Қабынудың белсенділігі (эндоскопия мәліметтері бойынша) |
Асқынудың болуы |
Найзағай тәрізді |
Жеңіл |
Ретроградты имиті бар немесе жоқ тотальді колит ; Сол жақтық колит; Дистальді колит (проктосигмалық) проктит |
Минимальді Жай Айқын |
Жергілікті Жүйелік |
Жедел |
Орташа | |||
Созылмалы рецидивтелген |
Ауырлық дәрежесі | |||
Созылмалы үздіксіз |
Ауыр |
Спецификалық емес ойық жаралы колит үлкендерге қарағанда 10 есе аз кездеседі.
Барлық жастағы балалар спецификалық емес ойық жаралы колитпен бірдей жиі ауырады. Аурудың жарты жағдайында қою каша тәрізді нәжісте қанның болуы 2 – 3 айдан кейін немесе кешірек колиттің басқа белгілері қосылады. Біраз балаларда бастапқы симптом патологиялық қосындыларсыз панос болады, ал нәжістгі қан және т.б. белгілері 1-2 айдан кейін дамиды. Спецификалық емес ойық жаралы колиттің дизентерия тәрізді басталуы интоксикация және диареяның қанмен болуы сирек кездеседі. Кейбір балаларда 2-3 айда колит симптомдарының пайда болуының алдында іштің ауырсынуы болады. Аурудың басталуына немесе оның рецидтвіне, себебі, психикалық жарақат, іштің жарақаты, инфекция (қызылша, тұмау, ЖРВИ) болып табылады.
Клиникасы: клиникалық көрінісі ауырлық дәрежесіне байланысты болады. Жеңіл түрі балалар жасында кездесетін түрі болады. Жеңіл колиттің клиникалық көрінісі нәжісте қанның болуымен көрінеді. Аурудың өршу фазасында кейбір балаларда әжістің жиілігі тәулігіне 3-4 рет болады. Жиі жағдайда іштің сол жағында интенсивтілігі аз, толғақ тәрізді ауырсыну кездеседі. 40% науқастарда дене салмағын жоғалту, тәбеттің төмендеуі болады. Айқын анемия сирек дамиды, балаларда НВ төмендеуге бейім, ЭТЖ 16-30мм/с дейін көтеріледі. 3% науқастарда – диспротеинемия болады.
Орта дәрежелі спецификалық емес ойық жаралы колиттің жеңіл колитке қарағанда екі есе сирек кездеседі. Көбіне ұлдар ауырады 5:3. Ауырудың басталуы пішінделген нәжісте қанның болуымен басталады. Нәжіс арқылы қанның жоғалуы көп болғандықтан айқын анемия дамиды. Бұл кезде негізгі симптом іштегі толғақ тәрізді ауырсыну болып табылады. 60% балаларда тәбеті бірден төмендейді. Кейбір балаларда тұрақты субфебрилитет. Барлық балаларда дене салмағы төмендейді. Колиттің үздіксіз ағымында физикалық дамуы артта қалады. Кейде көп емес лейкоцитоз, жиі ЭТЖ (25-50) жоғарлауы спецификалық емес ойық жаралы колиттің бұл түрі көбіне тұрақты болады және қысқа ремиссиялармен жүреді. Үздіксіз болған колит уақытша жақсаруы мүмкін. Ауыр түрдегі спецификалық емес ойық жаралы колит ұлдарда дамиды. Ауыр колиттің клиникалық көрінісі тез 2-3 аптаның көлемінде дамиды. Алғашқы күндері сұйық нәжіс 8-10-ға дейін кейде 15-20 ретке дейін болады. Нәжісте қанның болуы көп және іріңмен болады. Іштегі толғақ тәрізді ауырсыну қатты болып іштің барлығына тарайды және тенезмдармен өтеді. Тәбеті төмендеген, температурасы көтеріледі, кейде интоксикация гектикалық қызбаға дейін болады. Дене салмағын жоғалту өте көп. Ауру ұзақ уақыт болса, физикалық және жыныстық дамуы артта қалып, бой өсуі тежеледі, қаңқа бұлшықеттерінің атрофиясы болады. Барлық балаларда ауыр дәрежелі гипохромды анемия дамиды. Лейкоцитоз, ЭТЖ-ң жоғарлауы 30-40 мм/сағ., кейде 50-60 мм/сағ. Қанда айқын диспротеинемия, сырттай қарағанда балалар арық, сарғыш түсті құрғақ терілі, боз болады. Өте ауыр колитте балалар өздігінен отыра алмайды.
Спецификалық емес ойық жаралы колиттің клиникалық көрінісі өте көп және әр түрлі болады, ол патологиялық процестің ішекке және ішек сыртына таралуымен, аурудың асқынуымен көрінеді. Ішек сыртылық симптомдар шамамен 60% науқастарда ішектің қабыну ауруларымен кездеседі және ішек сыртылық көріністер, ішек сыртылық асқынулар деп екіге бөледі. Біріншісінің патогенезі түсініксіз, ал келесінің патогенезі көп жағдайда түсінікті.
Ішек сыртылық көріністерден буындардың, терінің және перианальді аймақтың зақымдалуы ішек сыртылық көріністерінің алдыңғы белгілері болады. Басқа органдардың мысалы өкпе (алвеалит, фиброз) жүрек (перимиокардит) қан (тромбоэлебомеялық бұзылыстар, аутоиммунды гемолитикалық анемия)амилоидоз 1% жағдайда кедеседі. Ішек сыртылық асқынулар ағзада экзогенді және эндогенді заттардың дефициты және көп болуы нәтижесінде дамиды, бұның бәрі ішкі қызметінің өзгерістерімен байланысты.
Спецификалық емес ойық жаралы колиттің негізгі симптомы:
- Қанмен, шырышпен, іріңмен болатын диарея жиі сұйық нәжіс тәулігіне 20 рет, ауыр ағымында 30-40-қа дейін, түнде және таңертең болады. Жоғалтылған қанның мөлшері 100-300 мл тәулігіне, диарея мен қан кету спецификалық емес ойық жаралы колиттің негізгі клиникалық белгілері болып табылады. Бірінші шырышты қабаттағы қабынулық өзгерістермен байланысты және тоқ ішектің су мен Nа-ң реабсорбциялау қасиетінің төмендеуі. Екіншілей борпылдақ дәнекер ұлпаның тамырлық тормен қатар көбеюі болады.
- Іштегі ауырсыну - спецификалық емес ойық жаралы колиттің тұрақты симптомы. Ауырсыну көбіне толғақ тәрізді болады және зақымдалған бөлімдерге таралады. Ауырсыну тамақтан кейін және дефекация алдында жоғарлайды және нәжістен кейін төмендейді.
- Ішті пальпациялағанда ауырсыну - спецификалық емес ойық жаралы колиттің негізгі белгісі. Сигма аймағында, көлденең және соқыр ішектің бойында ауырсыну болады. Пальпациялық ауырсыну шырышты қабаттың және тоқ ішектің қабынулық процесінің дәрежесіне байланысты болады.
- Интоксикациялық синдром. Жедел және найзағайлық ағымында және ауыр ағымында, созылмалы кезеңінде болады және әлсіздікпен, адинамиямен, гипертермиямен, дене массасының төмендеуімен, анорексиямен, депрессиямен, эмоциональді лабильділікпен көрінеді.
- Жүйкелік көрініс синдромы (ішек сыртылық көрінісі) аурудың ауыр ағымына тән. Бұл синдромға көбіне тән:
- энтерогенді артропатия (полиартриттер) – балтыр табандық, тізелік, фаланга аралық буындардың зақымдалуы, кейде сакроимит және спондилоартрит дамиды. Спецификалық емес ойық жаралы колитте антигендер қан арқылы буындарға келіп қабынулық реакциялар тудырады. Генетикалық бейім келушілікте маңызды болады. Әдебиеттік мәліметтерде оның жиілігі 2-ден 26%-ке дейін барады.
- Терілік көріністер:
- Түйінді эритема көбіне әйелдерде байқалады. Жазғыш беткейлерде көптеген түйіндермен көрінеді. Түйін қою – күлгін, сарғыш жасыл түсті болады, кейін терінің түсі қалпына келеді.
- Гангренозды пиодермия терінің қанталауы, ошақты дерматит, басталған уртикарлы және папулезді бөртулер.
- Ирит, иридоциклит, увеит, эписклерит, кератит, панофтальмит түріндегі көздің зақымдалуы.
- Бауырдың және бауырсыртылық өт шығару жолдарының майлы дистрофиясы, портальді фаброз, созылмалы активті гепатит және бауыр циррозы түріндегі зақымдалулары. Бұл аурудың көрінісі өте тұрақты, терапияға резистентті болып цирроздың терминальді стадиясының дамуына әкеледі. Жиі склерозданған холангит дамиды.
- Сирек жағдайда нефротикалық синдром, аутоиммунды тиреоидит, аутоиммунды гемолитикалық анемия дамиды.
- Дистрофикалық синдром көбіне спецификалық емес ойық жаралы колиттің созылмалы ағымына тән және жүдеумен, бозғылттанумен, терінің құрғауымен, гиповитоминозбен, шаштың түсуімен және тырнақтың өзгерулерімен көрінеді.
- Спецификалық емес ойық жаралы колитте тоқ ішектің рагімен ауру қаупі Sonnenberg А (1994) мәліметтері бойынша 6 рет, ал крон ауруында – 2 рет жоғарлаған. Бұл қауіптің дәрежесі спецификалық емес ойық жаралы колиттің ұзақтығына, аурудың пайда болу жасына (көбіне жастарда) және склерозданған холангит бар болуына байланысты.
Спецификалық емес ойық жаралы колиттің асқынуы.
- Тоқ ішектің перфорациясы ауыр ағыммен ауыратын науқастарың 1/5 бөлімінде байқалады. Тоқ ішектің перфорациясының негізгі симптомы.
- іштегі кенеттен болған қатты аурсыну;
- құрсақтың алдыңғы бұлшықетінің локальді және жайылған қатуы болады;
- жағдайының тез төмендеуі және интоксикация симтомының тереңделуі;
- құрсақ қуысының жалпы рентгенограммасында құрсақ қуысындағы бос газдар.
- Тахикардия немесе жоғарлауы
- Нейрофильдердің токсикалық түйіршіктелуі.
- Айқын лейкоцитоз.
- Тоқ ішектің токсикалық дилатациясы.
- тоқ ішектің шамадан тыс кеңеюі, тоқ ішектің дистальді бөлімдерінің тарылуына, патологиялық процеске ішектің қабырғасының нервтік бұлшықеттік аппаратының, жазық – бұлшықет клеткасының, бұлшықет тонусының жоғалуы, токсемия, тоқ ішектің шырышты қабатының, сонымен бірге глюкокортикоидтар6 холиналитиктер және алдағыш препараттадың да қатысуы жүреді. Болжамы қолайсыз, летальдылық 30%-ті құрайды. Тоқ ішектің токсикалық илятациясының негізгі симптомы:
- іштегі ауырсынудың жоғарлауы;
- нәжістің жиілігі төмендейді (бұл жақсару емес);
- интоксикация синдромы жоғарлайды; тежелу, естің шатасуы.
- дене қызуының 38-390С дейін көтерілуі;
- іштің алдыңғы қабырғасының тонусы төмендеп, пальпациялағанда тоқ ішектің тез кеңеюі;
- перистальтикалық ішек шуларының төмендеуі немесе жойылуы;
- жалпы ренгенографияда тоқ ішектің үрленген бөлімдерінің анықталуы;
- Ішектің қан кету. Бұл туралы тік ішектен қан түйіршігі кеткенде айту керек. Қан кетудің көзі: ойық жараның түбінде немесе жиегіндегі васкулиттер, ішек қабырғасындағы флебиттер вена кеңістігінің кеңеюі және осы тамырлардың жыртылуы болып табылады.
- Тоқ ішектің стриктурасы жиі аурудың 5 жылынан кейін 2-3 см болып дамиды. Клиникалық әр түрлі дәрежедегі ішектік өтімсіздікпен көрінеді.
- Қабынулық полиптер 35-38% науқастарда анықталады. Диагноз ирригоскопия және биопсиямен бірге колоноскопия мәліметтерінің негізінде қояды.
- Тоқ ішектің рагын қазіргі уақытта спецификалық емес ойық жаралы колиттің рак алды ауруы ретінде қарайды.
Диагностикасы: Спецификалық емес ойық жаралы колиттің диагностикасы үшін келесі зерттеу әдістерін ұстану керек:
- өмір және ауру анамнездерін толық жинау;
- жан –жақты клиникалық тексерулер жүргізу және клиникалық қан анализдерімен танысу (көңілді НВ және ЭТЖ деңгейіне аудару) және биохимиялық қан анализдерін жасау;
- нәжісті дизентерияға, сальманеллезға, қарапайымдыларға, туберкулез микробактериясына және басқаларына көп ретті зерттеу;
- нәжістің көрінісін бақылау;
- ректомоноскопия арқылы сигма тәрізді ішектің, тік ішектің, анальді жолдың қабырғаларын қарау керек. Егер бұл этапта нәжістегі қанның себебі анықталмаса, келесісін жүргізу керек;
- иригоскопия (тоқ ішекті барилік клизма арқылы рентгенологиялық зерттеу);
- Ирригоскопияға кері көрсеткіш (спецификалық емес ойық жаралы колиттің ауыр түрлерінде) құрсақ қуысына жалпы рентгенография жүргізу;
- күдікті жағдайларда тік және көлденең ішектің шырышты қабатының биопсиясын жасау керек (ректомоноскопияда және колонофиброскопияда);
- Индивидуальды көрсеткіш бойынша қосымша зерттеу әдістерін жүргізеді (асқазанның ренгеноскопиясы, ішек арқылы контрастық массаның пассажын анықтау, фиброгастродуоденоскопия, асқорту ферменттерін оқу және т.б.)
Лабораторлық және құралдық зерттеу әдістерінде ауытқулар болуы мүмкін, бұл диагноз қоюға тікелей және жанама әсер етеді.
- Қан анализінде әр түрлі дәрежедегі анемия: жедел постгеморрагиялық анемия, аутоиммунды гемолитикалық анемия (эритроциттерге аутоантидене); ретикулоцитоз, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы.
- Спецификалық емес ойық жаралы колитте және аурудың жүйелік көріністерінде зәрде протейнурия, микрогематурия байқалады.
- Қанды биохимиялық тексеруде жалпы белоктың құрамының, албуминнің төмендеуі, α – 2 және гаммаглобулиндердің жоғарлауы, АТ активтілігінің жоғарлауы, склерозданған холангитте – гаммаглутамин транспептидоза, анемияда ? құрамының төмендеуі дамиды.
- Копрологиялық зерттеулерде спецификалық емес ойық жаралы колитте микоциттер мен эритроциттердің үлкен мөлшерін анықтайды, ішек эпителийіне клеткалардың жиналуы. Нәжістегі белоктың еру реакциясы (Трибуле реакциясы) оң болады.
- Бактериологиялық зерттеулерде дисбактериозды анықтайды.
- протейдің, гемолиздейтін эшерихиидің, стафилококктар, Kandida туысындағы саңырауқұлақтардың пайда болуы.
- Ферментативті қасиеттері әлсіз көрінген ішек таяқшаларының штаммдары көп мөлшерде болады, лакнегативті энтеробактерия.
6. Биоптаттарды гистологиялық және эндоскопиялық зерттеу.
«Тәжірибелік нұсқауларда», «Др. Фальк Фарм» фирмасының мамандары (2000) спецификалық емес ойық жаралы колиттің белсенділік дәретін анықтау үшін келесі көрсеткіштерді ұсынады.
Жеңіл |
Орташа |
Ауыр | |
Нәжістің жиілігі |
< 4 |
> 6 |
> 10 |
Қан кету |
әлсіз |
Профузды |
Жалғаспалы |
Дене қызуының жоғарлауы |
Жоқ |
37,5 |
> 38,8 |
НВ |
> 100 г/л |
< 100 г/л |
< 80 г/л |
ЭТЖ |
< 30мм/сағ |
> 30 |
> 500 |
Альбумин |
Қалыпты |
3-4 г/дл |
< 3 г/дл |
Эндоскопиялық ремиссия – шырышты қабат боз, тамырлық сурет сақталған |
Гиперемия, шырышты қабат әлсіз гранулирленген, тамырлық сурет жоғалған |
Бір ғана ойық жара, шырышты қабат бархат тәрізді контактілі және спонтанды қан кету |
Ірің, спонтанды қан кету және үлкен ойық жаралар. |
Клиникалық және лабораторлық диагностика аталған симптомдарды анықтауға негізделген. Гемоколиттің ұзақ ағымы (3 аптадан жоғары) айқын емес температуралық реакция, патогенді топтарға нәжісті қайта тексеруде теріс нәтижелер берсе, антибактериальді терапияға эффектің жоқ болуы. Спецификалық емес ойық жаралы колит туралы ойлауға әкеледі. Бұл диагнозды бекіту үшін тоқ ішекті эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеу жүргізу керек.
Ажыратпалы диагностика. Барлық науқастарды спецификалық емес ойық жаралы колит алғашқы көріністері көріне бастағаннан бастап инфекциялық стационарға жібереді. Бұл жерде бактериальді дизентерияға күдікпен зерттеулер жүргізгенде спецификалық қоздырғыштар анықталмайды. Балалар ұзақ уақыт бойы антибиотиктер қабылдайды, кейде денсаулықтарына ауыр әсер әкеледі.
Кейбір жағдайларда емдеу әсерінен уақытша жақсару болады, бұл кезде ішектің көріністері жоғалады немесе төмендейді, шығарғаннан кейін қайта басталады. Науқастар инфекциялық бөлімшеге қайта жатады. Тәжірибе көрсеткендей, әлі кезге дейін спецификалық емес ойық жаралы колит жайлы педиатрлар ғана емес инфекционистер де хабардар. Олар спецификалық емес ойық жаралы колит кезінде тоқ ішектің дистальді бөлігінің өзгерісін аурудың бастапқы стадиясында ескермейді, дизентериядан айырмашылығы, ойық жаралы колитте шырышты қабаттан қан кету ойық жарасыз да болады және жиі түйіршікті болады. Диагнозының дұрыс екекніне көз жеткізу үшін емдеу курсынан кейін ректомоноскопияны қайта жүргізу керек.
Жедел бактериальдыі дизентерияда 10-14 күннен кейін диарея жоғалуына байланысты ішекте қабынулық процестер шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінулігі төмендейді. Ал спецификалық емес ойық жаралы колит кезінде бұл уақыт ішінде бұндай өзгерістерге жету мүмкін емес, кейбір жағдайда шырышты қабаттың ісінуі мен қанталауы жоғарлайды. Стационарға қайта түскен балаларды міндетті түрде инжекционист қарау керек. Жедел дизентерия күшті антибактериальді терапияға жеңіл беріледі. Кей кездері басқа ауыр аурулары бар балалар әлсіз болып келеді.
Жүргізілген емнің нәтижесіз болуы ректомонаскопияда дәлелденсе дәрігерге алдымен спецификалық емес ойық жаралы колит туралы ойлау керек.
Дизентериялық инфекция және ойық жаралы колит қосылса, диагностикасы өте қиын болады. Бұл жерде дәрігердің тәжірибесі мен емханалық бақылау ғана көмектеседі.
Корн ауруы (гранулематозды колит) спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон ауруының көп ортақ нәрселері бар.
Бұлардың этиологиясы белгісіз бірақ инфекциондық , иммунологиялық және психогендік факторлардың әсерінен болады деген көзқарас бар. Патогенездік көрінісі ұқсас, яғни қанда тоқ ішектің шырышты қабатындағы лимфоциттердегі сенсибилизденген антигенге қарсы тоқ ішекке қарсы аутоантидененің болуы. Екі ауруда өте ұқсас клиникалық көріністері болады. Крон ауруы да спецификалық емес ойық жаралы колит тәрізді біртіндеп дамиды, ағымы толқын тәрізді, нәжісінде қан, ірің, шырышпен жүретін диарея, іштегі ауырсыну болады.
Бұл ауруларда қызба анемия болады. Бірақ бұл ауруларда өздеріне тән әр түрлі айырмашылықтары бар.
Крон ауруының негізінде лимфатикалық жүйенің зақымдалуы жатады. Регионарлы лимфангит. Қабынулық процесс тоқ ішекке трансмуральды жайылады да, шырышты қабатты аз зақымдайды және Пирагов – Лангханс гигантты клеткалары бар саркоидты гранулемдар дамиды. Крон ауруына тән негізгі белгі зақымдалған ошақ сау аймақтардан айқын шекарамен бөлініп тұрады. Крон ауруында тоқ ішектегі зақымдалған ошақтар әр түрлі локализацияда болады және процесс әрқашанда тік ішектен басталып, проксимальді бағытта дамиды. Крон ауруында диарея, дефекациямен байланысты іште толғақ тәрізді ауырсыну болады. Олар жиі гемоколитке әкеледі. Нәжісте көп мөлшерде ірің мен ірің тәрізді шырыш болады. Спецификалық емес ойық жаралы колиттің асқынулары бар (пневмония, отит және т.б.). Стафилококкты ішек инфекциясымен, сонымен қатар екіншілік стафилококкты инфекциямен ажыратпалы диагноз жүргізеді.
Біріншілік стафилококкты ішек инфекциясымен, преморбидті анамнезі бар (шала туу, ерте жасанды тамақтану, рахит, гипотрофия) бір жасқа дейінгі балалар ауырады.
Ауру жедел басталады, токсикозбен, сұйық сулы күніне 10-15 рет, кейде қанмен болатын нәжіспен жүреді. Нәжіспен патогенді стафилококк егіледі.
Спецификалық емес ойық жаралы колит 1 жасқа дейінгі балаларда стафилококктағыдай жедел токсикозбен жүрмейді, тек өте жай дамиды. Стафилококкты инфекция ұзақ уақыт ішектің дисфункциясына себеп болады және басқа мүшелердің қабынулықөзгерісінсіз субфебрилитетке әкеледі. Диагностикасында жұқтыру көзін анықтау маңызды (анасындағы мастит, іріңді инфекциясы бар адам).
Екіншілік стафилококктың ағымы біріншіге қарағанда өте ауыр болып келеді. Балаларда шырышты тұрақсыз нәжіс болады, аурудың 3-4-ші аптасында диарея тез күшейеді, қызба, көп реттік құсу, метеоризм болады, бала тамақтан бас тартады. Нәжіс сұйық қан араласқан, күніне 10 рет болады.
Токсикоз және эксикоз дамиды, ішектің парезі болуы мүмкін. Қанда солға ығысқан лейкоцитоз, гипокалиемия дамиды. Өте қауіпті асқынуы ойық жараның перфорациясы болып, жағдайдың тез төмендеуі және перитониттің дамуы болып табылады.
Рентгенологиялық зерттеулер іш қуысында бос газдың және ішек ілмектеріндегі сұйықтықтың деңгейін анықтайды.
Емдеуі: спецификалық емес ойық жаралы колит консервативті емдеуі 3 элементтен тұрады:
- керек диетаны сақтау;
- медикаментозды патогенетикалық терапия;
- симптоматикалық терапия;
Емдік диета: спецификалық емес ойық жаралы колит аурудың фазасына байланыссыз (өрлеу немесе ремиссия) өмірлік ұсталу керек. Тағма сапалы, механикалық өңделген және дәмі жақсы болу керек. Сүт тағамдарын толық жою керек (сыр мен сары майдан басқасы). Бала белоктар мен витаминдермен байытылған тағамдар қабылдау керек. Бала көбіне ет, балық, жұмыртқа жеуін қадағалау керек.
Ботқалардан сүт қосылмаған күріштік, герчнелік, манкалық ботқалар ұсынылады. Жедел кезеңінде көмірсулы тағмадарды шектеу керек, себебі дисахаридтер быршу процесін жоғарлатып, метеоризмге әкеледі, содан ауырсыну сезімі күшейеді. Тәтті алма, алмұрт, граната, қарбыз беруге болады. Ішекті әлсірететін жемістерді шектеу керек (қара өрік, шабдалы, абрикостар).
Негізгі медикаментозды терапияға жеке дозировкадағы салазопирин – салазосульфаниламид тобындағы препараттары жатады. Жағдайдың жақсаруына байланысты дозаны баспалдақты әдіспен төмендетеміз, ал толық ремиссиясы кезінде амбулаторлық жағдайда 2-3 жыл ішінде көктемде және күзде 2 ай бойы алдын алу емін жүргізеді.
Салазосульфаниламид препараттарынан эффект болмаған жағдайда көмекші препарат ретінде энтеросептол, интестопан немесе энтеросид тағайындайды, бұл препараттар нәжістегі қанның жоғалуына әкеледі.
Москва қаласының ЦНИЛ клиникасы (зав.профессор О. А. Каншина) стероидты гормонға теріс қарайды. Бұларды балаларға өте қауіпті әсерлеріне байланысты сирек тағайындайды. Осы клиниканың байқауынша көптеген тексерілген балаларда осы гормон препараттарын қабылдау кезінде ғана жағдайдың жақсаруын анықтаған.

- Интернет
- Интернет
- Интернет
- Интернет
- Интернет
- Интернет
- Интернет
- Интернационализация и глобализация хозяйственной жизни
- Интернационализация капитала
- Интернационализация мирового хозяйства
- Интернационализация мирохозяйственных связей
- Интернационализация производства и пути ее осуществления
- Интернациональная лексика как особый слой словарного состава английского языка
- Интернацмональные слова