Инвестициялық жүйелік бақылау

 

КІРІСПЕ 

       Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық – экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

       Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды.

       Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

         Елбасымыз В.А.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді. Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.

                Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал – жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бастады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    І ИНВЕСТИЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ БАҚЫЛАУ 

    1.   Инвестицияны жүйелік бақылаудың мақсаты, жоспарлары
 

        Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестициялар туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет. Инвестициялық жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығында (254 жоба), білім беруде (147) және денсаулық сақтауда (98) іске асырылған.     Қаржылық инвестиция дегеніміз ұйымның немесе мемлекеттік пайыздың облигацияларға өзгеде құнды қағаздарға салынған салымдар және заңды немесе жеке тұлғаларға берілген зайомдар. Инвестицияларды жүйелік бақылау аудиттің мақсатын қызмет етуші субьектілердің инвестициялар есебі мен салық салудың сәйкестігін нақты осы уақыттағы нормативті құқықтық актілерге сәйкестігін анықтау болып табылады.

        Бұл мақсатқа жету үшін  төмендегі мәселелерді шешу керек.

  •      Қызмет етуші субьектілердің активтерінің инвестицияға жатқызылуының дұрыстығын тексеру
  •      Инвестицияларды есептеудегі олардың жіктелу ерекшеліктерін ескеру
  •      Инвестицияларды есепке  қоюдағы олардың құнын құраудың дұрыстығын жүйелі түрде бақылау
  •      Инвестицияға байланысты операциялар есебінің дұрыстығын тексеру
  •      Инвестицияларды есептеудегі синтетикалық және аналитикалық есептің жағдайын бақылау
  •      Шаруашылық операциялардың дұрыстығы және толық есептеліп қамтылуының бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп берудегі дұрыс бейнеленуі
  •       Инвестициялардың дұрыс инвентаризация жүргізілуі және олардың нәтижелерінің есепте дұрыс көрсетілуі
  •       Инвестицияларға байланысты салықтық заңдылықтардың сақталуын жүйелі бақылау

       Инвестицияларды жүйелі бақылау және аудит кезіндегі басты мақсат – обьектілерді анықтау.

       Обьектілерге ұзақ мерзімді инвестициялар, өзгеде инвестициялар, оның ішінде ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, инвестицияны қайта бағалаудан пайда болған төленбеген капитал, инвестициядан түсетін кіріс және шығыс.

       Инвестицияларды жүйелі бақылауды жоспарлау қаржылық инвестициялардың операциялар  аз болады, бірақ олардан түсетін кіріске байланысты  олардың әр қайсысына жеке жеке зерттеу және бағалау керек.      Жүйелі бақылау үшін арнайы дайындалған жұмыс бағдарламасы және арнайы тестілер жинағы болуы керек.

       2010 жылы аймақта жалпы құны 33,2 млрд. теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 11 жоба индустрияландыру картасы аясында іске асырылды.

       Биылғы жылы жалпы құны 54,6 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба, оның ішінде 9 жоба индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылатын болады. Инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың 40%-ға жуығы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көлік және коммуникацияны дамытуға бағытталған. Бұл ретте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инвестициялық жобалар ең қымбат жобалар болып саналады. Мәселен, аталған саладағы бір жобаның шығыстары 5,1 млрд.теңгені құрап, барлық инвестициялық жобалар бойынша орташа құннан бес есе асып түскен.

       Осы инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілген Шиелі ауданындағы қамыс жаңқалары плиткасы өндірісі республикада баламасы жоқ инновациялық жоба.

        Сондай-ақ, наурыз айында бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу барысында бірнеше жылдар бойы шешімін таппай келген «Шыны зауытының құрылысы» жобасын биылғы жылдан бастап жүзеге асыру жөнінде «ҚазСтройСтекло» компаниялар тобымен Меморандумға қол қойды. Өткен аптада Қызылорда қаласында алғашқы өсімдік майын өндіретін цех іске қосылды, бұл өңірдің сырттан әкелінетін тауарға тәуелділігін біршама азайтады.

        Қазіргі таңда аймақта өнеркәсіп өнімдерінің 93-94 пайызы тау-кен өндірісіне тиесілі. Ал өңдеу өнеркәсібі 4 пайызды құрайды. Біздің міндетіміз - өңдеу өнеркәсібі өнімін кемінде жалпы өнімнің 8 пайызына жеткізу. Бұл - үлкен міндеттеме. Межеленген көрсеткішке қол жеткізу үшін өңдеу өнеркәсібі бойынша инвестициялық жобаларды көбейтуіміз керек.  
     
     

    1.2 Инвестицияны жүйелі  бақылаудың ақпараттары

                Жүйелі бақылау  мен инвестиция аудитіне кіріскенде аудитор ақпараттың иегізгі көздерін аныктауы тиіс. Бүл жағдайларда ақпарат көздері бірнеше болуы мүмкін.

    1. Инвестиция  есебі бойынша бастапкы есептік құжаттама түрлері:

  •   бағалы қағаздарды қабылдау-тапсыру құжаттары;
  •   бірлескен іс-қызметке салымдарды қабылдау-тапсыру кұжаты;
  •   басқа ұйымдарға аударылған салымдар сомасына куәлік;
  •   банк көшірмелері;
  •   кіріс кассалық ордер;
  •   шығыс кассалық ордер;
  •   төлем тапсырмасы.

    2. Мәмілелер бойынша талаптардың міндеттемелерін 
    белгілейтін құжаттар түрлері:

  •   кұрылтайшылар шарты;
  •   бағалы кағаздардың сату-сатып алу келісімшарты;
  •   бағалы кағаздар бланкілері;
  •   қарыз шарты;
  •   бірлескен іс-кызмет туралы шарт;
  •   бағалы кағаздарды кепілге қою шарты;
  •   депозиттік салым.

    3. Түгендеу бойынша бастапқы есептік құжаттама түрлері:

  •   түгендеу (тұрақты істейтін, жұмыс) комиссиясының құрамы туралы бұйрық (қаулы, үкім);
  •   түгендеу кезінде анықталған нәтижелердің тізілімі;
  •   құнды кағаздарды түгендеу тізілімі.

    4. Шаруашылық жүргізуші субьектілерге инвестиция 
    есебі бойынша шаруашылық операцияларын көрсету үшін 
    қолданылатын есеп регистрлері:

  •   есеп жүргізудің бірыңғай журнал-ордерлік формасын пайдаланушылар;
  •   шағын кәсіпкерлік үшін есеп және есеп беру формасын пайдаланушылар;
  •   2040, 2210, 2310, 1110-1150, 2010-2040, 2210, 5320, 6210, 6120, 6160, 6280, 7410, 6410, 6420 және т.б. шоттары бойынша машинограмма — есептеу техникасын колданушылар.

       Баланста инвестицияны көрсетудің дұрыстығын тексеру мынадай бірізділікпен жүзеге асырылады: баланс – Бас кітап – 12 журнал-ордер – бастапкы кұжаттар.

       Аудитор инвестициялар жөніндегі операциялар аудитінде, әдетте, қаржылық есептілікте бекітулерге қатысты аудиторлық процедуралар жүргізіледі: бар болуы, аяқталғандығы, құнды анықтау, құқықтар мен міндеттер, ұсыныстар мен ашып көрсетулер.

                Бар болуы мен  аяқталғандығы туралы. Мұнда бағыттар бойынша аудиторлык тексеру ауызша сұраудан басталуы мүмкін. Сұрау барысында есепті кезеңде кандай өзгерістер болғаны және құнды қағаздардын қайда сақталатыны анықталады. Егер олар ұйымда сақталса, оларды қарап, санау керек, яғни түгендеу жүргізген жөн. Егер құнды қағаздар, сенімді тұлғада (депозитарий, банк, т.б.) болса, онда ол тұрғыдан жазбаша анықтама алу керек.

                Құнды анықтау туралы. Инвестицияға шықкан шығындар кұжатпен рәсімделіп, синтетикалык жэне аналитикалық есепте көрсетілуі тиіс. Аудитор инвестиция құнын бағалаудың қандай тәсілі іс-тәжірибеде қолданылатынын және ол кәсіпорынның есеп саясатында белгіленген нұскаға сәйкес келетіндігін анықтауы керек. Жеке инвестицияның құны келісімшарттар, накладнойлар (жүккұжаттар) және де меншік қүқығын растайтын басқа құжаттар бойынша аныкталады.

                Құқықтар мен міндеттер. Инвестицияға меншіктік құқық құнды қағаздарды сату-сатып алу шарттары, басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге салымдарды тапсыру-қабылдау актілері, бағалы қағаздар сертификаттары, акционерлер (акция) тізілімінің көшірмелері, "ДЕПО" шоты бойынша көшірмелер (егер оньщ иесінде акция есебі құжатсыз түрде жүрсе немесе егер құнды қағаздар депозитарийге салынса), банк көшірмелері мен меншік құқығының көшуін растайтын басқа құжаттарға тиісті төлем құжаттары бойынша тексеріледі.

                Ұсыну мен ашып көрсету. Аудитор инвестицияның мөлшерін, бағытын, мақсатқа сәйкес талдап, сонымен оларды қажетті жағдайда ашып көрсетеді. Есепке алып, дұрыстығын зерттеу керек. Егер ұзақ мерзімді инвестициялар қаржылык есеп беру үшін елеулі болса, аудитор оларды бағалау мен ашып көрсетуге қатысты тиісті жеткілікті аудиторлық дәлелдер алуы керек. Ұзақ мерзімді инвестицияға катысты орындалатын аудиторлық процедураға, әдетте, субьектінің инвестицияны ұзақ мерзімді негізде ұстауды жалғастыру қабілетіне қатысты дәлелді қарау, басшылықпен мұндай ниет жайында талқылау, сондай-ақ осы мәселе жөнінде жазбаша ұсыныстар алу кіреді. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    ІІ  ИНВЕСТИЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАРДЫ ТЕСТІЛЕУ 

    2.1 Инвестицияға қатысты  операцияларды тексеру  және жүйелі бақылау

       Ыктимал бұрмалаулардың сипаты

    1 Жылдык каржылык есептілік күру алдында   инвестицияны   түгендеу өткізілген жоқ.

    Түгендеу  жүргізу туралы бұйрық жоқ.

    Түгендеу  комиссиясын кұру туралы бұйрық жок.

    Түгендеу  тізімдемесі кателіктермен, тазартып өшірумен, түзетілген жерлермен толған, толтырылмаған.

    Түгендеу  қортындылары тиісті щ - жаттамалармен рәсімделмеген

    Түзету  тізімдемесінде түгендеу комиссиясы барлық мүшелерінің және материалды жауапты тұлғалардың қоддары жоқ.

    Түгендеу  өткізу барысында анықталған ескерілмеген инвестициялар қаржылық нәтижелердің үлғаюына жатқызылмаған. 

    Түгендеу  нәтижелері түгендеу аякталған айдан кейінгі ай есебінде көрсетілмеген.

       Түгендеу нәтижелері жылдық Бұрмалаудың каржылык есептілік анықтылығына ыкпалы 2 Ішкі бақылау төмен деңгейде бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша инвестиция сомасы іс-жүзіңде нақты бар   инвестициямен   расталмайды. Соның салдарынан инвестиция факторы бойынша бухгалтерлік баланс жолдарының анықтығын растаудың мүмкін еместігі.

        Субьектінің ішкі бакылау деңгейі төмен, кабылданған есеп саясатын бұрмалау.

        Түгеңдеу өткізу тәртібі бұзылған, соның салдарынан түгендеу коры-тындыларын  тану   мүмкіндігі   күмәнді. Бухгалтерлік баланс аныктығын растаудың мүмкін емес.

        Субьектінің ай ішінде қаржылық шаруашылық іс-әрекеті нәтижелерін бұрмалау, соның саддарынан, кысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың барлқк балансы Тексеру каржылық есептіліктің әрбір пішіні (формасы) бойынша, Бас кітаптың шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтармен, тиісті түрде тұрған көрсеткіштерді бөлек-бөлек салыстыру жолымен жасалады, Егер беру түрінде бар көрсеткіштер Бас кітаптың мәліметтері бойынша тексерілуі мүмкін емес жағдайда аудиторлар аналитикалық есептің тиісті регистрлерін қолданады. Бұл жағдайда қалдықтар мен айналымдарды синтетикалық есептің шоттары, аралық шоттар және аналитикалық есептің шоттарымен салыстыру жүргізіледі. Тексеру, әдетте, іріктемелі тәсілмен жасалады. Іріктеме мөлшері аудиттің жоспарлау кезеңінде бағдарламамен белгіленеді.

       Бухгалтерлік баланс, Бас кітап пен аналитикалық есеп шоттарының көрсеткіштерінің тепе-тең болуын тексеру қорытындылары және айырмалар туралы барлық мәліметтер аудитордың жұмыс құжаттарында, жинақталып қорытындылады.

       Тексеру басталмас бұрын аудиторлар нормативті актілерде бар бастапқы ережелерімен танысуы тиіс.

       Заңға сәйкес тексеру өткізгенде құжаттар оларды белгіленген ережеге сәйкес рәсімдеу тұрғысынан тексеріледі. Құжаттарды рәсімдеуге жауапты адамдар қолдарының бар болуы мен негізділігіне назар аударылады. Аныкталған бұрмалау аудитордың жұмыс құжаттарында белгіленеді.

    Аудитордың  күмәнін туғызған құжаттар ерекше назармен тексерілуі тиіс, ал олардың көшірмелерін аудитордың жұмыс есебіне тіркеген жөн.

        Субьектінің аудитор тексерген бастапқы есептік құжаттарына былайша жазылады:

    а) бұрмалаулар  анықталған және (немесе) аудитордың аудит барысында пайда болған сұрақтары бойынша құжаттар;

    ә) аудитор тексерген, бұрмалаулар анықталған және (немесе) аудиторға сұрақ туғызбаған құжаттар.

       Бағалы қағаздар мен басқа кәсіпорындарға қарыздар бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестициямен жасалатын операцияларды мәні бойынша тексеру жүйелі бақылау мен аудиттің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұнда төмендегілердің дұрыстығын тексеру керек:

  •   1110 және 2000 шоттар тобы бойынша аналитикалық есептің жүргізілуі;
  •   Бас кітап пен бастапқы құжаттардағы жазулар мен өткізбелердің құрылуы;
  •   бағалы қағаздардың сатып алу мен номиналды құнның арасындағы айырманы есептен шығаруы;
  •   бағалы қағаздарды сату және сатып алуды есепте көрсету.

       Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың функционалды аудит бағдарламасына мыналардың дұрыстығын тексерілуі кіргізілуі керек:

  •   қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың баланста көрсетілуі;
  •   қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау мен қайта бағалау;
  •   бағалы қағаздарды сатып алу бойынша жазуларды жүзеге асыру;
  •   бағалы   қағаздардың   сатып   алу   мен   номиналды құнының арасындағы айырманы есептен шығару;
  •   қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есептен шығарудың есепте көрсетілуі;
  •   бағалы қағаздардың аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтері.

    Қьісқа  мерзімді қаржылық инвестицияларды баланста көрсетілу реті мынадай: баланс- Бас кітап- есеп регистрлері бастапқы құжаттар. Алынған акциялар, сертификаттар, облигациялар, жүргізілген салымдардың сомаларына куәлік, қарыздарды беру туралы келісімдер - бағалы қағаздарды сатып алуды растайтын құжаттар болып табылады. Бағалы қағаздарды сатуды растайтын құжаттар болып – сату – сатып – алу актілері, қарыздарды және облигацияларды өтеуді растайтын төлем тапсырмалары, т.б. болуы мүмкін. Есеп саясатын жазу барысында субъект қаржылық инвестицияларды бағалау әдісі мен қайта бағалаудың себептері мен мерзімін көрсетуі керек.

       Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар сатып алу мен ағымдағы бағалардың төменгісімен бағаланса, онда баланстық құн жеке инвестиция түрлері негізінде, жалпы инвестиция түрлері бойынша жиынтық портфелі негізде аныкталады. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнның өзгеруінен болатын табыс немесе зиян сол есепті кезенде танылады.

    Облигация аудиті кезіңде оларды эмиссия кезінде жарияланған жобалық пайыздар осы жіктегі нарықта айналымда жүрген облигациялардың пайызымен сәйкес келмейтінін ескеру керек. Осыған байланысты келесідей түсініктер ажыратылады:

  •   қарыз мерзімінің ішінде пайыздар төленетін, облигацияны айналымға шығарғанда белгіленген номиналды пайыздык койылым;
  •   осы жағдайда табыстылық пен тәуекелге байланысты нарықта төленетін сомаға байланысты ағымдағы (нарықтық) құн.

        Облигацияның әрбір эмитенті облигацияны шығару құны мен нарықтық құнның сэйкестігіне жетуге тырыса-ды. Әдетте, облигацияны орналастыру кезінде оның құны нарықтың құннан темен немесе жоғары болады. Осыдан облигацияның ағымдағы құны жарияланған номиналды құннан айырмашьшығы болады. Егер де номаналдық кұн сатып алу құнынан жоғары болса, онда облигация сыйақымен шығарылады. Сыйақы – сатып алу құнының номиналды құннан жоғары айырмасы ретінде анықталады.      Сыйақы инвесторға қарызды өтегенде қайтарылмайды, облигацияның айналыста жүру мерзімінің кезінде пайыздарды төлеу шығындарын азайту арқылы біртекті есептен шығарылады. Сыйакы неғұрлым азайса, облигация құны соғұрлым номиналды құнға жақын болады. Облигацияны өтеу мерзімінің соңында ағымдағы құн номиналды құнға тең болады. Облигация есебі мен аудитінде осы жағдай өте маңызды, себебі облигация айналымының соңында эмитент осы соманы төлеуге міндетті. Яғни, табысты есептеген кезде сатып алу мен номиналды құнның арасындағы айырма қайта есептеледі. Бұл жағдайда мынадай бухгалтерлік жазулар жасалады:

    Д-т  1270 "Қысқа мерзімді сыйақылар" шоты — бағалы қағаздар бойынша табыс сомасына, ИЗО "Қысқа мерзімді инвестициялар"- сатып алу мен номиналды құн арасындағы айырмасына, К-т есепшоты 6110 "сыйакы бойынша табыстар" «Қысқа мерзімді сыйақылар» - 1270 пен 1130 «Қысқа мерзімді инвестициялар» шотына жатқызылған жалпы сомасы.

       Нарықта номиналды пайыздық қойылым нарықтағыдан төмен болған жағдай пайда болғанда, эмитент өз облигацияларын номиналдық құнға жеңілдік жасау арқылы ұсынуға алып келеді. Жеңілдік номиналды және нақты сату құнының арасындағы айырма нәтижесі ретінде көрсетіледі. Олар бойынша табысты әрбір есептеу кезінде сатып алу мен номиналды құнның арасындағы айырманың есептен шығарылуы жүргізіледі. Бұл кезде мынадай бухгалтерлік жазулар жасалады:

    Д-т  1270 "Қысқа мерзімді алынуға тиісті сыйақьшар" К-т 6120, 6110 "Акция бойынша дивидендтер мен сыйақы түріндегі табыстар" - бағалы қағаздар бойынша алынуға тиіс-ті табыстар сомасына. Д-т 7410 "Негізгі емес қызметтің басқа да шығындары" К-т 1130 "Қысқа мерзімді инвестициялар"

    — сатып алу жэне номиналды құнның айырма сомасына.

    Жеңілдігі бар облигацияларды шығару барысында эмитент пайыздарды төлеу бойынша қосымша шығынға ұшырайды және олар облигациялардың айналыста жүру кезеңінің ішінде пайыздарды төлеу бойынша шығындарды арттыру арқылы біркелкі есептен шығарылады. Женілдіктің сомасы неғұрлым төмендеген сайын, облигациялардың құны номиналды құнға соғұрлым жақын болады. Облигацияларды төлеу мерзімінің соңында ағымдағы құн номиналды құнға жақындап теңеседі, ал жеңілдік сомасы толык есептен шығарылады.

       Әрбір шаруашылық субъект есеп саясатында инвестицияларды қайта бағалау мерзімділігі мен оны өткізудің себебі – биржадағы нарықтық құны немесе Бақылау комиссиясымен 
    анықталатын әділетті құн бойынша бағалануын белгілейді. 
    Қаржьшық инвестициялардьщ қайта бағалануы есепте келесідей бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:

    Д-т  1120 "Қысқа мерзімді қаржы активтер", 1130 "Қысқа мерзімді инвестициялар", 1140 "Сатуға арналған кысқа мерзімді инвестициялар" К-т 5320 "Қайта бағалау бойынша резервтер" — инвестициялардың бастапқы құнның өсу сомасына; Д-т 5320 'Қайта бағалау бойынша резервтер" К-т 1120 "Қысқа мерзімді каржы активтері", 1130 "Қысқа мерзімді инвестициялар", 1140 "сатуға арналған қаржы инвестициялар" - қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнының төмендеу сомасына. Азаюы сол инвестицияларды алдында болған бағалаудың есебінен жүзеге асырылады.

    Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнның өзгерісінен пайда болатын табыс немесе зиян 1100 "кысқа мерзімді инвестициялар" шоттар бөлімінің дебеті (кредиті) мен 6160 "Қаржыландырудың өзге де табыстары" шоттар корреспонденциясында қолданылады.

       Сонымен катар, кайта бағалаудан түсетін табыстар сомасы өзіндік капиталды ұлғайтады, ал қайта бағаланған қаржылық инвестициялардың шығуы табысқа жатқызылады. Бағалы қағаздарды сату және өтеудің кезінде аудитор олардың құнының 1100 "Қысқа мерзімді инвестициялар" шоттар бөлімінің кредиті мен 7410 "Активтердің есептен шығуы бойынша шығындар" дебеті есептен шығарылуын есепке алу керек.

    Бағалы  қағаздардың есептен шығарғанда қайта бағалау сомасы 5320 "Қайта бағалау бойынша резерв" шотының дебетінен, 5410 "Есепті кезеңнің табысы" шотына немесе 6210 "Активтердің есептен шығарылуынан табыстар" шоттарының кредитіне жазылады.

    Қаржылық инвестициялардың есептен шығарылу барысында сатудан алынған табыс пен шығындарды (брокер, диллер қызметі) алып тастағандағы баланстық құнның арасындағы айырма табыс немесе шығын ретінде есептеледі. Кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес қайта бағалаудың сомасы табысқа немесе таратылмаған қорға жаткызылады.

    Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардьщ ұзақ мерзімді санатына ауысу былай орындалады:

  •   сатып алу мен ағымдағы құндарынын бағалануының төменгісі бойынша;
  •   бұрын түгел сомасы көрсетілген жағдайда ағымдағы құн бойынша.

    Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді санатына ауысу былай орындалады:

  • егер де қыска мерзімді инвестициялар сатып алу және ағымдағы құн бойынша төмендегісімен есепке алынса, сатып алу және баланстық құнның ең азы бойынша. Бірақ егер инвестициялар бұрын бағаланса, онда ауысу кезінде олардың, қайта бағалау сомасы есептен шығарылуы тиіс;

    егер  қысқа мерзімді инвестициялар ағымдағы құн бойынша есептеліп, бұрын жасалған қайта бағалаудың сомасы табыс ретінде танылса, баланстық бойынша есептелінеді.

    2.2 Жобалы тестілеу

        Қаржылық-инвестициялық операциялар, әдетте, көп емес, бірақ кейбір мәмілелер көлемі бойынша өте маңызды және елеулі, сондықтан осындай әрбір операцияны жеке зерттеу мен бағдарлаудың ерекше жөні бар. Инвестициялардың бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың тәуекелділігін алдын ала бағалау үшін тестілердің ойланып – толғанған жүйесі бар болғаны дұрыс

    Инвестициянын ішкі бақылауы мен бухга.ітерлік есеп жүйесі жағдайын тексеру тестілері 

    Зерттеу мәселесі немесе объектісі Тексеру корытындысы
      Аудитордың

      тұжырымдары мен

      шешімдері

      1
      2
      3
                              А. Ішкі бақылау жүйесі
    Бағалы  қағаздардың сақталуы   мен   олар жайлы     акпараттың тарамауына жауапты бөлімше, не жеке кызметкерлер анықтады ма?
      Бұл мәселе туралы шаруашылық       жүргізуші субьекті    басшысының бұйрығы бар ма?
      Бұйрык  белгіленген  талаптарға сай
    Инвестицияның  Және олар жайлы акпараттьң       сакталуын камтамасыз ететін жағдайлар жасалды ма? Бағалы  кағаздар кассада   сакталады,   оларды рәсімдеумен құжаттауға рұксат шектеулі Бағалы кағаздардың  сакталуын қамтамасыз ететін   жағдайлар   канағаттанарлық
    Инвестицияны тугендеу жүргізіле ме? Басшының  бұйрығымен тағайындалған түгендеу комиссиясы   жыл    со-ңында  тек   бір-ақ  рет жүргізіледі Тұтастай түгендеу жүргізілу керек
    1 2 3
    Инвестициялы    операцияларды санкциялау тәртібі қандай? Шешімдерді  директорлар кеңесі қабылдайды, өкімдермен рәсімделеді Ішкі бакылау канағатта-нарлыктай. Атқару мерзімдерін анықтау
    Инвестициялар   есебіңде    кіріске    алу толыктығы  мен уақыттылығын тексеру жүргізіле ме? Іріктемелі  бакылау жүзеге асырылады Бакылаудын  тәуекелділігі жоғары. Тұтастай тексеру жүргізу
                                        Ә. Бухгалтерлік есеп жүйесі
    Инвестицияны  тиісті топтарға жіктеу жүргізді ме? Иә, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестиция түрлері бойынша Жіктеудің    дұрыстығын талдау
    Инвестицияларды шоттарда көрсетудің сызбасы жасалды ма? Шоттардың жұмыс  жос-пары белгіленді Шоттар  кореспонденцияларында қателердің ықтималдығы жоғары
    Инвестициялардың  аналитикалык    есебі ұйымдастырылды

    ма?

    Аналитикалық есеп инвестиция түрлері бойынша жүргізіледі Аналитикалық есептің регистрлері бойынша мәліметтерін талдап шығу
    Инвестициялардың  аналитикалық   және синтетикалық   есептік мәліметтері қандай    мерзімділікпен салыстырылады Тоқсан сайын Мерзімді  есептілікке кателердің болу ыктималдығы жоғары емес
Инвестициялық жүйелік бақылау