Инвестициялық жобаларды талдау әдістері

Тақырып №6: Инвестициялық жобаларды талдау әдістері.

Жоба тәуекелдігін талдау.

 

Сұрақтар:

  1. Инвестициялық жобалар туралы түсінік және инвестициялық жобалардың түрлері мен кезеңдері.
  2. Күрделі салымдар бюджетін қалыптастыру. Күрделі салымдар бюджетін қалыптастыру кезінде шешімдер қабылдау.
  3. Инвестициялық жобаны қабылдау туралы шешімдер критерийлерін салыстыру.
  4. Талдау әдістері және тәуекел жобаларды бағалау.
  5. Сезімталдықты талдау – NPV және IRR әдісінің өзгеруі.
  6. Сценариилерді талдау NPV әдісінің өзгеруі.
  7. Монте – Карло әдісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Инвестициялық жобалар туралы түсінік және инвестициялық жобалардың түрлері мен кезеңдері.

 

Халықаралық практикада кәсіпорындардың  даму жоспары арнайы ресімделген  бизнес – жоспар түрінде көрсетіледі. Егер жоспар инвестицияларды тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әлбетте, кәсіпорынның кез келген жаңа жобасы, қалай болғанымен де жаңадан инвестиция тартумен байланысты болады. Сонымен жалпы мағынада жоба – ол белгілі бір мақсатпен, кәсіпорын жұмысын өзгерту туралы арнайы ресімделген ұсыныс. Жобаларды әлбетте 2-ге бөледі:

  1. тактикалық
  2. стратегиялық
  1. соңғысына әлбетте меншіктілік түрін өзгертуді қарастырушы жобаларды жатқызады немесе өндірістің бағытын түбегейлі өзгертумен байланысты жобаларды жатқызады.
  1. тактикалық жобалар әлбетте өндірілген немесе шығарылған өнімдердің көлемінің өзгеруімен, өнімдердің сапасын арттырумен, жабдықтарды жаңғыртумен байланысты.

Отандық практикада жоба түсінігі жаңалық болып есептелінбейді. Ескі формацияда кәсіпорынның даму бағытын жоғарыда отырғандардың шешімі арқылы іске асырылатын. Жаңа экономикалық жағдайда кәсіпорынның меншік иесі арқылы оның стратегиялық және тактикалық сұрақтарын дербес шешеді.

Компаниялардың инвестициялық  жұмыстарын ретке келтірудің жалпы  тәртібінің нақтылы жобаға қатынасы жоба кезеңдері түрінде іске асырылады  және олар келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. Жобаның тұжырымдалуы. Бұл кезеңде кәсіпорынның басшылары кәсіпорынның ағымдағы жағдайларын талдайды және оның алдағы мерзімге дамуының басыңқы бағытын анықтайды. Талдаудың нәтижесі бизнес – идея түрінде ресімделеді.
  2. Жобаны дайындау (әзірлеу). Жобаның бизнес – идеясы бірінші тексеруден  өткеннен кейін, оны қабылдау туралы шешім қабылдайды. Ол шешім а)жағымды немесе б)жағымсыз болуы мүмкін. Бұл кезеңде жоба нақтыланады, жетілдіріледі.
  3. Жобаны сараптаудан өткізу. Жобаның өмірлік кезеңінде оны біліктілік экспертизадан өткізген жөн болады. Егер жобаны қаржыландыру үлкен үлесі инвестордың көмегімен болса, онда жобаны экспертизадан инвестор өзі өткізеді (авторитетті консалтингтік фирманың көмегі арқасында). Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны меншікті қаражаты есебінен қаржыландырғысы келсе, бұл жағдайда жобаны сараптаудан өткізген жөн болады.
  4. Жобаны іске асыру (орындау).
  5. Нәтижені бағалау. Нәтижені бағалау жоба аяқталғаннан кейін және оны орындау процесінде жасалынады. Оның мақсаты проектіде салынған идея мен оны нақтылы іске асырудың арасындағы байланысты тексеру.

Жобаны талдау практикасы жобаларды әзірлеу тәжірибесін қорытындылауға мүмкіндік тудырады. Инвестициялық жобалардың негізгі типтері келесілер:

  1. Ескірген жабдықтарды ауыстыру.
  2. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында жабдықтарды ауыстыру.
  3. Өнімдерді шығаруды ұлғайту немесе рынокқа қызмет көрсетуді ұлғайту.
  4. Жаңа өнімдерді шығару мақсатымен кәсіпорынды кеңейту.

Қазіргі кезде жобаларды  бағалау және шешім қабылдау үшін және олардың қайсысын күрделі салымдар бюджетіне қосу үшін бес критерийлер қолданылады:

  1. өтімділік мерзімі (PP) (ӨМ);
  2. табыстылық есебі (ARR) (ТЕ);
  3. таза келтірілген нәтиже (NPV) (ТКН);
  4. ішкі табыстылық (IRR) (ІТ);
  5. рентабелдіктің индексі (Pi) (РИ).

Алдыменен біз әрбір критерийлердің есебінің алгоритмін қарастырамыз және жоспарларды бағалауда олардың  әрбіреуінің қаншалықты тиімді екендігін  көрсетеміз.

 

S және L жобаларының  ақша ағымдары, доллармен

кесте 1.

Жылдар

S - жобасы

L - жобасы

0

-1000

-1000

1

500

100

2

400

300

3

300

400

4

100

600


 

1 – кестеде S және L жобаларының  берілгендерін пайдалана отырып  есептеу процедурасына қарасақ,  екі жобаның тәуекелдік деңгейі  бірдей. Кестеге көз салып қарасаңыздар S – жоба  –  қысқа мерзімді, ал L – ұзақ мерзімді жоба екендігі байқалады.

 

 

Сурет бар мына жерде (сала алмадым)

 

Сурет: Жобаның  өтімділік мерзімі және тіршілік кезеңдерінің графигі (сызбасы)

 

 

                                                                       IC

DPP = ----

            PV

мұнда:

DPP – жобаның өтімділік кезеңі, жыл

IC -   инвестиция

PV - орташа жылдық ақша түсімі

 

  1. Өтімділік мерзімі (DPP) бастапқы жұмсалған инвестицияны қайаруға кеткен жыл санымен анықталады.

Өтімділік мерзімін анықтаудың ең бір қарапайым әдісі – бұл  жиынтықты ақша ағымының есебі және  оның қашан нольге тең болатын мерзімін табу. Мысалы: S жобасы үшін жиынтықты (кумулятивный) ақша ағымы келесі түрде 2 кестеде көрсетілген.

 

Жобаның жиынтықты  және ақша ағымдары, доллармен

кесте 2.

Жылдар

Ақша ағымдары

Жиынтықты ақша ағымдары

0

- 1000

- 1000

1

500

- 500

2

400

- 100

3

300

200

4

100

300


 

2 – кестеден көрінгендей,  жасалған инвестиция шығыны үшінші  жылдың аяғында толығымен өтелетін  болады.

Егер компанияның өтімділік  мерзімі үш жылға шектелген болса, онда

S – жобасы қабылданады,  ал L – жоба қабылданбайды. Егерде жобалар баламалы (альтернативті) болған болса, онда S – жоба L – жобамен салыстырғанда артықшылықты болар еді, өйткені S – жобаның ақша қайтарымдылығының мерзімі өте қысқа. Сонымен, баламалылықты анықтаудың нәтижесінде бір жоба қабылданады, ал екіншісі өкінішке орай кері қайтарылады.

 

  1. Табыстылық есебі (ARR). Рыноктық экономика жағдайында жобалардың тартымдылығының критерийі жұмсалған капиталға алынған табыстылық деңгейі болады. Жобаның табыстылығы капиталдың өсімімен анықталмайды, ол өсімнің қарқынымен анықталады, яғни жобаны іске асырумен байланысты, инвестор тәуекелдігін жабады және қолайлы табыстылық деңгейін қамтамасыз етеді. Сондықтан, инвестор үшін жобаның тартымдылығын бағалау проблемасы, оның табыстылық деңгейін белгілеуге байланысты. Жобаның рентабелдігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым инвестициялық шығындар тезірек өтеледі. Сондықтан шығындарды өтеу мерзімі неғұрлым қысқа жобалар өтімділікті болады.

Соныменен, кез келген жоба келесі схема бойынша іске асырылады:

 

Табыстылық           өтімділік мерзімі          өтімділік        қауыпсыздық


(минималды тәуекелдік  деңгейлі)

Жобаларды талдау практикасында  екі негізгі тәсілдерді қолданады: 1)статистикалық (қарапайым) үлгісі және 2)динамикалық (серппінді) үлгі, дисконтталған ақша ағымдарына негізделген.

Статистикалық үлгі бойынша бағалауда уақыт факторы есепке алынбайды және а)нақтылы жобаның өтімділік кезеңі мен б)қарапайым пайда нормасы (мөлшерлемесі) анықталады.

 

  1. Ішкі пайда мөлшерлемесі – бұл жоба бойынша пайданың бастапқы инвестицияға қатынасымен анықталады және келесі формула қарапайым пайда нормасын анықтау үшін қолданылады:

                                  ТП                                       ТП + АТ

Пм = ----- * 100                  Пм =  -------------  * 100                 

                                         U                                               U

мұнда:

Пм - ішкі (бухгалтерлік) пайда нормасы, %

ТП – салық төлегеннен кейінгі қалған таза пайда;

U – бастапқы инвестиция (күрделі салым);

АТ – жоба бойынша амортизациялық аударым.

 

Ішкі пайда  нормасы арқылы есептелген инвестициялық  жобаның рентабелдігі

Көрсеткіштер

Көрсеткіштер  шамасы

I.

Ішкі пайда  нормасының есебі.

 

1. Жоба бойынша табыстар, мың.тг

16200

 

2. Инвестициялық шығындар, мың.тг

12150

 

оның ішінде:

 
 

2.1. Ақша шығындары

8100

 

2.2. Күмәнді (сенімсіз) шығындар

4050

 

3.  Жоба бойынша пайда

4050

 

4.  Пайдаға салық 24% (4050 * 0,24)

972

 

5.  Таза пайда (4050 - 972)

3078

 

6. Жобаның рентабелдігі (3078 : 12150 * 100), %

25,3

 

7.  Жобаның өтімділігі кезеңі (12150 : 3078), жыл (2/5)

4,0

II.

Ақша ағымдары қозғалымы негізінде қарапайым  пайда нормасының есебі.

 

1.  Жоба бойынша пайда, мың.тг

16200

 

2.  Жобаға инвестициялық шығындар

9072

 

оның ішінде:

 
 

2.1. Ақша шығындары

8100

 

2.2. Пайдаға салық

972

 

3.  Жоба бойынша таза ақша ағымдары (16200 - 9072)

7128

 

4. Таза ақша ағымдары бойынша жобаның рентабелдігі (7128 : 16200 * 100), %

 

44,0%

 

5.  Жобаның өтімділік кезеңі, жыл (9072 : 7128), (2/3)

1,3


Осы берілген мысалдардан  қай жобаның қабылданатыны белгілі, бұл жайда өтімділік кезеңі 1,3 жыл жоба қабылданатын болады.

Бұл әдістің артықшылығы  оның қарапайымдылығында және сенімділігінде. Бұл әдісті қолдану негізінде еленбейтіндігі:

  • кейбір сенімсіз шығындардың сипаты (амортизациялық төлем);
  • бұрынғы активтерді сатудан табыстар;
  • алынған табыстарды қайта инвестициялау мүмкіндігі және ақшаның уақытша құндылығы;
  • қарапайым пайда нормасы бірдей, жобалардың қайсысын таңдау мүмкіншілігінің болмауы, бірақ инвестициялау көлемі әртүрлі.

Дүниежүзілік практикада келесі динамикалық үлгілер ең көп тарағандар қатарына жатады:

  1. Таза келтірілген құн әдісі (NPV) ТКҚ – әдісі. Бұл әдіс – инвестор үшін таза табысты (пайданы) алуға бағытталған. Сондай-ақ, бұл әдіс жобаны іске асыру арқылы қорытындыланған құнды алуға мүмкіндік тудырады. Таза келтірілген құн – бұл қазіргі құнға келтірілген жобадан түсетін таза ақша түсімі (PV).

                                                                     FV

PV = ----------

          (1+r) t

мұндағы:

PV – жобадан түсетін таза ақша түсімі;

FV - жобадан алынатын ақша түсімдерінің (табыстарының) болашақ құны;

r – дисконттау (есептеу) мөлшерлемесі;

t – есептеу кезеңі, жыл (айлар).

 

Әртүрлі тиімділік көрсеткіштерін анықтау үшін дисконттау ставкасын  (r) таңдауға болады:

  • орташа кредиттік ставканы;
  • дербес пайда нормасын;
  • мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылық нормасын;
  • ағымдағы (операциялық) жұмыстың табыстылық нормасын;
  • баламалы жобалар бойынша альтернативті табыстылық нормасы.

Дисконттау нормасы процентпен белгіленеді немесе бірлік үлесімен. Жоба инвесторменен сол уақытта мақұлданады, егерде  NPV >0.

Таза келтірілген  нәтиже – бұл таза келтірілген құнменен – жобаны пайдалану кезеңінде ақша түсімдерінің және оны іске асыруға инвестицияланған ақша қаражаттарының айырмасы арқылы анықталады.

NPV = PV – IC

мұнда:

NPV – таза келтірілген  құн;

PV – дисконтталған кейінгі  жобадан түскен ақша түсімдерінің  қазіргі құны;

IC – жобаны іске асыруға  бағытталған инвестиция сомасы.

Мысалы: коммерциялық банкке кредит алу пәнін қарауға екі бизнес-жоспар келесі параметрлерімен түсті (кесте 2.).

Инвестициялық жобалар  бойынша ақша ағымдары, млн.тг

кесте 2.

Көрсеткіштер

Есептеу кезеңі, жыл

0

1

2

3

4

№1 Инвестициялық  жоба

1. Инвестициялық жұмыс.

(ақша қаражаттарының жылысымы)

 

-33,12

 

0

 

0

 

0

 

0

2. Ағымдағы жұмыстан таза  пайда түрінде түскен таза  ақша және амортизациялық төлем.

 

0

 

28,8

 

16,8

 

7,2

 

0

№2 Инвестициялық  жоба

1. Инвестициялық жұмыс.

(ақша қаражаттарының  жылысымы)

 

-31,68

 

0

 

0

 

0

 

0

2. Ағымдағы жұмыстан таза пайда түрінде түскен таза ақша және амортизациялық төлем.

 

0

 

13,5

 

15,1

 

15,1

 

13,9


Анықтама: Дисконттау ставкалар: №1инвестициялық жұмыс =10%, №2инвестициялық жұмыс = 12%. Инфляция орташа жылдық қарқыны 10%.

 

Инвестициялық жобалар  бойынша ақша түсімдерінің (PV) қазіргі  құнының есебі, млн.тг

кесте 3.

 

 

Жыл

№1 жоба

№2 жоба

Болашақ ақша түсімдерінің (FV) құны

Дисконт. көбейткіш 10% ставкада

Түсімдердің қазіргі құны (гр.2*гр.3)

Ақша түсімдерінің болашақ  құны (FV)

Дисконт. Көбейткіш ставкасы 12%

Ақша түсімдердің қазіргі құны (гр.5*гр.6)

1

2

3

4

5

6

7

0

-33,12

1,0

-33,12

-31,68

1,0

-31,68

1

28,8

0,909

26,18

13,5

0,893

12,06

2

16,8

0,826

13,88

15,1

0,797

12,03

3

7,2

0,752

5,41

15,1

0,712

10,75

4

0

0

0

13,9

0,636

8,84

Барлық жыл (1-4)

 

52,8

 

0

 

45,47

 

57,6

 

0

 

43,68

NPV

0

0

12,35

0

0

12,0


Жобалар бойынша ақша ағымдарының  түсуінің есебі 3-кестеде келтірілген. Бұл кестеде дисконттаудың көбейткіші (d) келесі формула арқылы белгіленген:

                                                                    1

d= --------

     (1+r) t

мұндағы:

r – дисконттау ставкасы;

t – есептеу жылының  ұзақтығы, жыл.

№1 жобаның дисконттаушы көбейткіші тең болады:

                  1                                         1                                       1

       d1 = -------- = 0,909;       d2 = ----------- = 0,826;      d3 = ----------- = 0,752

              1+0,1                              (1+0,1) 2                                            (1+0,1) 3

 

№2 жоба бойынша  есептеу №1 жоба сияқты есептелінеді. Жобалар бойынша NPV анықтайық:

NPV1 = 45,47 – 33,12 = 12,35 млн.тг

NPV2 = 43,68 – 31,68 = 12,00 млн.тг

 

Сонымен, жобалардың NPV салыстыру  көрсекендей, бірінші жоба, екіншісімен  салыстырғанда басыңқылықты көрсетеді. Бірінші жобаның NPV 0,35 млн.ттг (12,35 – 12,0) немесе екінші жобамен салыстырғанда 2,8% артық.

Бірақ та, №1 жоба бойынша  күрделі салым сомасы 1,44 млн.тг (33,12 – 31,68) немесе 4,5% артық болса, болашақ ақша түсімдері 4,8 млн.тг (52,8 – 57,6) №2 жобамен салыстырғанда кем болды.

Бірінші жобаны әске асырған  жайда қосымша 1,44 млн.тг (33,12 – 31,68) қаражат  іздестіру керек.

 

  1. Табыстылықтың ішкі нормасы (ТІН) (IRR).

Табыстылықтың ішкі нормасы  нақтылы жобалардың тиімділігін бағалау үшін ең бір күрделі көрсеткіштері болып есептелінеді. IRR – болашақ күрделі салымдар және оның құнына авансталған қаражаттардың қазіргі құнына келтірілген, дисконттық ставкамен белгіленген жобаның пайдалылық деңгейін көрсетеді.

Табыстылықтың ішкі нормасын келесі формула арқылы есептеуге  болады:

                                                               NPV

IRR = -------  * 100

IC

мұндағы:

NPV – ақша түсімдерінің  таза ағымдағы құны;

IC – жобаға инвестиция (күрделі салым);

IRR – экономикалық мағынасы  сонда, жобалар бойынша барлық табыстар және шығындар жобаның табыстылығының ішкі нормасы негізінде нақтылы құндылыққа келтіреді.

Жоғарыда келтірілген  мысалда ( 8.2 және 8.3 кестеде) №1 жоба бойынша дисконттау ставкасының (r) мөлшерін табу қажет. Сол арқылы ақша қаражаттары түсімінің қазіргі құны (45,47 млн.тг) үш жылға нақтылы салынған ( 33,12 млн.тг) қазіргі сомаға келтіріледі.

Табыстылықтың ішкі нормасы 37,3% тең болады [ (12,35 : 33,12) * 100], нақтысында 37%.

 

                                             NPV                12,35

IRR = -------  * 100 = ------- * 100 = 37%

                                               IC                  33,12

 

 

  1. Рентабельдіктің индексі (РИ) (DPi).

Жобаларды бағалауда қолданылатын келесі критерийі бұл – рентабелділіктің индексі немесе шығынның бірлігіне келетін табыс:

                                                            PV (пайда)

Pi = ---------------------

        PV (шығын)

                                      n

∑  CIF t / (1+k) t                                            ∑ КАҚт  / (1+k) t

                                   t=0

------------------------------       ,        ----------------------------

                                     n

∑  COF t / (1+k) t                                          ∑  КАҚш  / (1+k) t

                                    t=0

 

Проект қабылданады, егерде Pi > 1.

Екі жобаның рентабелдігін  анықтап, қайсысының рентабелділік  деңгейі жоғары болса, сол жоба инвестициясы таңдалынады.

 

Инвестициялық жобаның  сезімталдығын талдау.

 

Инвестициялық жобаның тәуекелдік деңгейін бағалау жекелеген а)ішкіфирмалық және б)сыртқы (рыноктық) тәуекелдерді қосады. Нақтылы жобаның тәуекелдігін бағалауды сезімталдықты талдаудан бастау керек деп ұсыныс айтады. Бұндай талдау жобалардың параметрлеріне ықпал етуші а)ішкі және б)сыртқы факторларды анықтауға мүмкіндік тудырады, нәтижесінде инвестордың ішкі және сыртқы жобалардың тәуекелдігін бағалауға мүмкіншілігі пайда болады, сондай ақ жобаның оны қоршаған экономикалық ортаға байланыстығы туралы алғашқы пікір қалыптастырылады.

Сондықтан, талдаудың мақсаты – жекелеген факторлардың жобаның қаржылық көрсеткіштеріне ықпал ету деңгейін анықтау. Оның инструменттершілері жобаның тиімділігіне әлуетті тәуекелдің әсерін бағалауға мүмкіндік тудырады.

Бірақта мынадай  сұрақ пайда болады: қаншалықты әрбір нақтылы параметр жобаны жағымсыз жағына қарай өзгерте алады?

Инвестициялық критерийлердің сезімталдығын талдауда кең ауқымды  бастапқы жағдайлары анықталады. Жобаның  ең маңызды көрсеткіштер бөлініп  алынады, қаржылық нәтижелердің әрбір  параметрлердің серпініне өзгерту  заңдылығы анықталады.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет: Инвестициялық тәуекел деңгейін анықтаудың негізгі кезеңдері және кәсіпорын күрделі салым бюджетіне қосу туралы шешім қабылдау.

Жобаның сезімталдығын талдау барысында әлбетте келесі параметрлер  қарастырылады:

  • рынок сиымдылығының нәтижесі ретіндегі сату көлемі, кәсіпорынның рыноктегі үлесі, өнімге рыноктың сұраным өсу әлуеті;
  • өнімнің бағасы;
  • инфляция қарқыны;
  • керекті күрделі салымның көлемі;
  • айналым капиталына қажеттілік;
  • шартты түрдегі өзгермелі шығындар;
  • салық салудың ставкалары және т.б.

Берілген параметрлер  басқару шешімдерін қабылдаумен  байланысты өзгеруі мүмкін.

Практикада сценарияларды талдау әдісі қолданылады. Бұл әдіс жобаның тәуекел деңгейіне ықпал етуші бір мезгілде бірқатар факторлардың өзгеруін қарастырады. Сондықтан, оның ақша ағымдарын сипаттаушы жобаның негізгі өзгермелігін бір мезгілде өзгеруіне әсерін анықтайды.

Сценариесі болып бір  мезгілде жобаға ықпал ететін бірнеше  көрсеткіштер жағдай немесе кез келген мүмкінді жағдай бола алады. Сценарияны эксперттік жолмен рыноктағы инвестициялық тауарлардың іскерлік жағдайын зерттеу негізінде орнатады.

Олардың талдауы инвесторларға  жобаның әрбір сценарийлері табыстылығын және олардың әрқайсысының уақиғасының  ықтималдығын бағалауға мүмкіндік  тудырады. Бұл әдістің маңызды артықшылығы болып, параметрлердің ауытқуын олардың өзара байланыстығын ескере отырып шектейді.

Эксперттер немесе талдаушылар  өз қорытындыларын келесі ережені басшылыққа ала отырып жасайды:

  1. Оптимистік болжамда инвестициялық портфелге NPV жағымсыз мағынасын қосуға болмайды.
  2. Пессимистік болжамда NPV жағымды мағынасын алған жағдайда эксперт немесе аналитик инвестор үшін бұл сценарияның қажет екендігі туралы қорытынды жасайды.

Инвестициялық жобаларды талдау әдістері