Инвестициялық жоба түсінігі
КIРIСПЕ
“Қазақстан өз азаматтары
үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан
елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз
мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге
қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз”
деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару
жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында
ерекше атап өттi. Тарихта қандай мемлекет болмасын бүгінгі
таңда халықаралық инвестициялық істесуге
барады және шетелдік инвестицияларды
тартуға ынталы болып келеді. Өйткені
экономикалық заңдылық бойынша өздігімен
тұйықталған экономика ешқашан тиімді
экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды.
[1]
Бұл курстық жұмыстың
тақырыбы «Инвестициялық жобалардың тиімділігін
бағалау әдістері» Қазақстан Республикасы
экономикасының дамуы отандық және шет
елдік инвестициялардың тартылумен тығыз
байланысты болып келеді. Инвестицияларды
әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып
тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға
алынды.
Бұл тақырыптың өзектілігі – Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы,
қалай болса да, инвестицияның тартуымен
байланысты болады, сондықтан бұл белгілі
бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның
іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Инвестициялық жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасында әлемдік
стандарттарға сәйкес келетін шыны табағын және
одан істелінген бұйымдардың қазіргі заманғы өндірісін
Кез келген жобаны қаржыландыру мен
несиелеуге инвестиция жұмсау жекелеген
тәуекел түрлерімен анықталады. Сондықтан
инвестицияны жұмсамас бұрын жоба жүргізу
қажет. Жобалық жұмыс маңызды болып
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
- Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
- Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
- Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
- Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.
Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.
Кез келген инвестициялық
жобаны талдау барысында жобаның
түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және
сипатына байланысты әр түрлі саладағы
мамандардың қатысуы талап
Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.
Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қаржыландыру үшін инвестициялық
жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі
әдістемелік ұсыныстар
Инвестициялық жоба- қаржылық нәтижесі
пайда алу, материалдық-мүліктік нәтижесі
жаңа өндірісті құру немесе стратегиялық
мақсаттарға жету мақсатында жұмыс
істеп тұрған өндірісті жаңарту,
қалпына келтіру,өндірісті
Инвестициялық жобаларға тұрғын үй, құрылыс, үй объектілерін салу жобасы, инвестициялық портфельді қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу жобалары, жаңа техника мен озық технологияларды игеру жобасы, кәсіпорындарды қайта құру және кеңейту жобалары, кинофильмдерді шығару жобалары, аймақты қамту және т.б. жатады.
Жобаны іске асыру бұл кезең бизнес - идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобаның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады.
Менің Курстық жұмыстың құрылымы, яғни кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиетер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, Инвестициялық жобалар: түсінігі және іске асыру кезеңдері;
Екінші бөлімде, Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау;
Үшінші бөлімде, Әрекет уақыты әр түрлі инвестициялық жобаларды бағалаудағы жетілдіру жолдары.
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР: ТҮСІНІГІ
ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Инвестициялық жоба түсінігі
Кез келген инвестициялық қызметтің түрі, оған капитал жұмсау немесе инвестициялау барысында арнайы инвестициялық жобаның болуына талап етеді.
Тар мағынада жоба дегеніміз - бұл мүліктік объектілерді және техникалық үдерістерді жүзеге асыруға қажетті материалдық-қаржылай еңбекпен және инвестициялық мақсаттарға жету бойынша жұмыс жүргізу үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық құжаттардың пакетін, сондай-ақ олардың орындалуымен байланысты басқару шешімдерін және шараларын қамтитын, көздеген мақсатқа немсе нәтижеге жетуге бағытталған жүйе болып табылады. Жоба - ресурстарды пайдалану арқылы белгілі бір табыс алуға бағытталған адамзат қызметінің немесе қызмет жиынтығының түрі. Жобаларға: бағалы қағаздарды сатып алу, банкке бос ақша қаражаттарын салумен байланысты адамның мақсатты қызметін жатқызуға болады. Жаңа объектілерді салу немесе ағымдағы объектілерді жөндеу, тіпті сауда-делдал қызметін де жатқызуға болады. [2,236б]
Жоғарыда келтірілген анықтаманың көптеген шарттары бар, себебі салыстырмалы түрде альтернативті әдістерді пайдалану, тек осы әдістерді сандық өлшеуге келетін кезде мүмкін болады. Негізінен, сандық өлшеуге келмейтін көптеген адами қызмет түрлері бар. Бірақ, біз оған жобаны жатқыза алмаймыз. Өйткені жобаны іске асыруда қажетті ресурстарды бағалап, талдауға болады.
Кез келген қоғамның ресурстары шектеулі болып келеді, сол себепті қоғам оларды максималды түрде тиімді жұмсауға мүдделі. Осы жағынан жобаның кең мағынада анықтамасын беруге болады.
Сонымен, Жоба деп- қоғамның өмір сүру жағдайын жақсартуы мен ұлттық экономиканың тез дамуына алып келетін кез келген іс шараны айтуға болады, яғни қоғамның әлеуметтік мақсаттары мен шектеулерін есепке ала отырып, жүргізілетін іс шаралар жиынтығы.
Инвестициялық жоба- қаржылық нәтижесі пайда алу, материалдық-мүліктік нәтижесі жаңа өндірісті құру немесе стратегиялық мақсаттарға жету мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңарту, қалпына келтіру,өндірісті кеңейту қаражат салу, қаржы құралдары мен материалдық емес активтерді сатып алу және пайдалануға бағытталған жүйелі түрдегі шаралар жиынтығын білдіреді.
Инвестициялық жобаларға тұрғын үй, құрылыс, үй объектілерін салу жобасы, инвестициялық портфельді қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу жобалары, жаңа техника мен озық технологияларды игеру жобасы, кәсіпорындарды қайта құру және кеңейту жобалары, кинофильмдерді шығару жобалары, аймақты қамту және т.б. жатады.
Көп нәрсені жоба деп санауға болады: элеватор құрылысы, өнім өндіру процесіне жаңа технология ендіру, оқу семинарларын өткізу,тракторларды жөндеу және т.б. Бұндай акциялардың барлығының ортақ белгілері бар:
- Олар нақты анықталған мақсаттарға бағытталған;
- Өзара байланысты іс әрекеттерді орындау;
- Бастамасы мен соңы көрсетілген шектеулі уақыт ұзақтылығының болуы;
- Ресурстардың шектеулілігі мен нақты сыртқы жағдайлардың әсер етуі;
- Ресурстар салу мен нәтиже алу процестері тығыз байланысты, бір рет жасалынған салымның ұзақ уақыт бойы әсері байқалып тұрады;
- Қайталанбас шарттарымен ерекшелініп тұрады.
Келтірілген белгілер жобаны басқа түрдегі шаралардан екекшелейді; олардың болуы шараны жоба деп тануға мүмкіндік бағыттарының дамуын анықтайды.
Әдетте, негізгі мақсат және бірнеше ағымдағы міндеттер болады. Жиі «максаттар тізімі» құрылып, олардың ішінде әр мақсаттың деңгейі анықталады.
Жобаны іске асыру процесін негізгі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін, төменгі деңгейдегі мақсаттарға қозғалысы деп қарауға болады. Кейде әр түрлі жұмыстар бір уақытта атқарылып, әр түрлі деңгейдегі мақсаттар бірге іске асырылуы мүмкін.
Ешқандай да жоба ұзақ уақытта созыла бермейді; әр жобаның басы мен соңы болады.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін(арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі(жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, Әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Жобаның басы, әдетте, ол қаржыландырылған кезде немесе қаржыландыру туралы шешім қабылданған кезі болып саналады. Ал жобаның аяқталу кезі оған қажетті негізгі құралдарды сатып алу, пайдалану мерзіміне байланысты.
Инвестициялық жобалар сыртқы ортаға байланысты жүзеге асырылады, ол экономиканың нақты шарттарымен, құқық саласымен, әлеуметтік және демографиялық ортамен, қаржылық нарықтың дамуымен анықталады және жоспарланады.
Кез келген жоба әр түрлі ресурстық салымдарды ( материалдық, техникалық, еңбек, қаржылық және т.б.) қажет етеді. Бұлардың қайсы болмаса да шектеулі болып келеді, сол себепті қажетті ресурстарға толығымен немесе олардың бір бөлігіне ғана шектеу салынады.
Инвестициялау процесі әрқашанда белгілі бір нәтиже алуды көздейді. Оларға: табыс алу, нақты бір әлеуметтік мәселені шешу немесе нарықта өз орнын табу және тағы басқа. Басқа сөзбен айтқанда, бір де бір ресурс белгіленген мақсатсыз артық жұмсалмауы тиіс. [3,35-37бб]
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай:
1.Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
2.Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында
қондырғыларды ауыстыру.
Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан
қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін
қолдану, бірақ онысы моральдық тозған
қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ
болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны
3.Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңеуті. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
4.Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңеуту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.
5.Экологиялық жүгі бар жобалар.
6.Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы
жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі
инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала
саланың пісіп – жетілуі;
кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген. Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оныңбәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп- жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді. [4,4-7бб]
Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек
және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет
стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.
1.2 Инвестициялық жобаның өмірлік циклі
Кез келген инвестициялық жоба
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
1) Жобаның қалыптасуы. (кей уақытта "идентификациялау" термині қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорынның жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына анализ жасап, кәсіпорынның арықарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Анализдің нәтижесі бизнес идеясы түрінде толтырылып, кәсіпорынға неғұрлым маңызды есепттерін шешуге бағытталған. Бұл кезеңде идеяның жүзеге асуындағы неғұрлым көбірек көндіретін аргументациялар бар болу керек. Кәсіпорынның арықарай дамуында бірнеше идеялар пайда болу мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалылығымен және іске асатындығымен ұсынылса, онда өңдеудің соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін осымен қатар бірнеше инвестициялық жобалар өңделеді.
2) Жобаны өңдеу (дайындау). Жобан
3) Жобаның экспертизасы. Жобаның іске асуының алдында оның квалификацияланған экспертизасы - жобаның өмір-сүру циклының керекті кезеңі. Егер жобаның қаржыландырылуы негізінде стратегиялық инвестордың қаржысымен(несиелік немесе тікелей) іске асса, онда инвестордың өзі экпертизаны жүргізеді, мысалы болашақта жобаны іске асыру процессінде ақшасының көп бөлігін жоғалтуынан гөрі бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмасына кететін ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалау мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өзінің құралдарының басымдылығымен іске асыруын жоспарласа, онда жобаның экспертизасы жобаның негізгі жэағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де керекті.
4) Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Бұл жерге іскерліктің барлық түрінің орындалуына көз салынады және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдарының мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты шығатын инвестицияны жабу үшін жобамен өндірілетін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салынған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5) Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында және жобаны орындау процессі кезінде жүргізіледі. Бұл іскерлік түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялары мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысын алу болып келеді. Ұқсас салыстырулардың нәтижесінде жобаны құрастырушылардың құнсыз тәжірибесі қалыптасады және оны құрастыру кезінде мен басқа жобаларды іске асырғанда қолдануға мүмкіндік береді. [5,29-31бб]
Барлық инвестициялық жобаларды төрт түрге бөлуге болады:
Тәуелсіз
Өзара шектеуші
Өзара толықтырушы
Өзара ықпал етуші.
Инвестициялық жобалар басқалардың жүзеге асуы әсер етпеген жағдай да ол тәуелсіз болып табылады.
Өзара шектеуші-бұл жоба кезінде басқа бір жоба әсерінен басқалардың жүзеге асырылу мүмкіншілігі болмайтын жобалар.
Инвестициялық жобалар бір уақытта
Өзара ықпал етуші-бұл жоспарланған жобаның жүзеге асырылу әсерінен қосымша тиімділік әкелетін жобалар.
Инвестициялық жобаның
Инвестициялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты келесідей типтерге бөлуге болады:
- Шағын жобалар
- Ірі жобалар
- Мультижобалар
- Халықаралық жобалар
Шағын жобалар-бұл өзінің ерекшелігіне байланысты өте аз шығынды қажет ететін, мақсаты-пайда табу болып табылатын шағын кәсіпкерелікті жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін сипаттайды.Шағын жобаларды іске асыру мерзімі-қысқа және орта мерзімді болады.
Ірі жобалар-бұл белгілі бір ортақ мақсатқа арналған
көптегн жобалардан тұратын мақсатты
бағдарламаны білдіреді.Бұл бағдарламалар
халықаралық,мемлекеттік,
Мульти жобалар-бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру,жаңғырту және жаңадан құру мақсатындағы бағдарламаларды білдіреді.Бұл жобаларды іске асыру-қысқа және орта мерзімді сипатта болады.
Халықаралық жобалар - экономикада біршама күрделі және құндылығымен, сонымен қатар атқаратын рөліне байланысты басқалардан ерекше.Бұл жобаның басты ерекшелігі-оны іске асыру барысында нарықтан қажетті құрылыстық жобалар мен материалдар алынып пайдаланылады.Сондай-ақ,ортақ мақсатты бар және бірлескен түрде қаржыландыруды қажет ететін бағдарламаны сиаттайды.Халықаралық инвестициялық жоба оған қатысушы мемлекеттер немесе қаржылық ұйымдар арасында алдын ала жасалынған келісімшарттар негізінде жүргізіледі. [6,69-71бб]
Сонымен қатар, кез келген инвестициялық жоба оны дайындау, іске асыру барысында үш кезеңді басынан өткізеді:
- Инвестициялау алдындағы
- Инвестициялау
- Жаңадан құрылған объектілерді игеру және пайдалану.
1-кезең. Инвестициялау алдындағы кезеңде жобалау объектісінде кәсіпорынның болашақ мүмкіндіктері зерттеледі.Инвестициялар туралы шешімдер алдын ала қабылданады.
Мемлекеттік-кешендік сараптама бойынша республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын, заңға сәйкес мемлекеттің қолдауын талап ететін, үкімет кепілдігіне шетелдік несие арқылы жүзеге асырылатын, заңға сәйкес мемлекеттің қолдауын талап ететін, үкімет кепілдігіне шетелдік несие арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар жатады. Құжаттарды тексеру нәтижесінде экспорттық қорытынды шығарылады, яғни инвестициялық жобаға экономикалық, теникалық, қаржылық және әлеуметтік баға беріледі. Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктері талданады.
Инвестициялау алдындағы кезеңнің өзі үш сатыдан тұрады:
инвестицияға қажетті ресурстарды іздестіру;
жобаны алдын ала дайындау,яғни оның жобалық сметасының құжаттарын дайындау;
жобаны жасауды аяқтау
және оның техникалық,экономикалық,
Сондай-ақ,бұл кезеңде келесідей шаралар жүзеге асырылады:
инвестициялық санаға жобалық идеялардың ауысу мақсатымен инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау
жобаның жағымды және жағымсыз жақтарын көру мақсатында техника-экономикалық дайындық жүргізу жобаның нақты артықшылықтарын анықтау мақсатында бизнес-жобаның бөлімдерін құру жобаның сараптамасын жасау.
2-кезең. Инвестициялау кезеңі. Бұл жобаны таңдап алуды,объектінің модельдері мен сызбаларын дайындауды,құнды толық,дәл есептеуді қамтиды.Бұл сатыда қаржылық,заңнамалық ұйымдастыру негізі,құрылтай құжаттары дайындалады.Басқарудың ұйымдастырылу құрылымы,техника мен технология таңдалады және маркетингтік зерттеу жүргізіледі.
Инвестициялау кезеңі де үшш сатыдан тұрады:
келісім жасау,тендер жұмыстарын ұйымдастыру
құрылыстық,монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру
жоба бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау.
Шаралары:
- инвесторлармен, жабдықтаушылармен, мердігерлермен жүргізілетін мәмілелердің, келісімшарттардың қорытындыларын жасау
- тартылған инвестицияның көлемін анықтау
- құрал-жабдықты монтаждау
- жер учаскесін алу
- өндірістің бас жоспарын дайындау
- мамандарды қабылдау және оқыту
- маркетинг жүргізу
3-кезең.Үшінші кезеңде құрал-
Жаңадан құрылған объектілерді игеру және пайдалану кезеңі де үш сатыдан тұрады:
- монтаждау
- өндірісті іске қосу
- жобаны аяқтау және пайдалануға беру
Шаралары:
- өндіріс мониторингі,яғни нақты мәліметтерді жоспарланған мәліметтермен салыстыру
- теріс жақтарды табу және олардың себептері.
Жоғарыда аталып өткен кезеңдердің жүргізілуінің өзіндік тәртібі болады:

- Инвестициялық жүйелік бақылау
- Инвестициялық инновация
- Инвестициялық климат
- Инвестициялық қор
- Инвестициялық қор дегеніміз не?
- Инвестициялық қорлар мен бюджетпен есеп айырысудың ревизиясы
- Инвестициялық құқықтың түсінігі, пәні, қағидалары, жүйесі
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобаларды талдау әдістері
- Инвестициялық жобаларды талдау әдістері. Жоба тәуекелдігін талдау
- Инвестициялық жобалар туралы түсінік және инвестициялық жобалардың түрлері мен кезеңдері
- Инвестициялық жобалау
- Инвестициялық жобаның мәні, дайындалуы, міндеттері мен түрлер
- Инвестициялық жобаның тиімділігі: мәні, түрлері, бағалау әдістері