Инвестициялық жобалар
Жоспар
Кіріспе
1. Инвестициялық жобалар.
1.1. 2003 – 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері.
1.2. Бюджет саясатының инвестициялық жобасы.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.
2.1. Көліктік-коммуникациялық кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.
2.2. 2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамытудың инвестициялық жобасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық жобаларды талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауы тиіс. Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру үшін, сондай-ақ инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сапалы жасауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Осы Әдістемеде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
кәсіпорынды жаңғырту – пайдаланылатын техника мен технологиялар өнімділігін арттырудың үздіксіз және қарқынды процесі, сондай-ақ, объектінің сапалы жаңаруына және оның салдарынан қаржы-экономикалық көрсеткіштер мен өндірістік нәтижелердің әдетте жақсы жаққа қарай өзгеруіне әкелетін кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіру;
инвестициялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқару және басқа құжаттамалар пакеті;
еңбек өнімділігі – Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына мониторинг жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 116 бұйрығымен бекітілген Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелетін экономикалық көрсеткіш;
2003 – 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 – 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.
2003 – 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.
Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 – 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады.
Қазақстан халқының өмір сүру әл-ауқатын арттыру экономикалық өсумен барабар жүргізілуде. Осы салада 2006 жылы халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің деңгейін 2600 АҚШ долларына дейін арттыру міндеті қойылды.
Алайда экономиканы өсірудің жоғары қарқыны 2005 жылдың қорытындылары бойынша-ақ осы көрсеткіштен едәуір асып түсуге мүмкіндік берді. Алдын ала деректер бойынша 2005 жылдың қорытындылары бойынша халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ 3620 АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда 2003 – 2005 жылдары халықтың жан басына шаққандағы есеппен
ЖІӨ-нің көлемі 1,3 есеге өсті.
Мұндай даму экономикада құрылымдық реформаларды ауқымды жүргізу нәтижесінде мүмкін болды, оған Үкімет басым мән береді.
Макроэкономикалық ахуал тұтастай алғанда тұрақты болып қалуын жалғастырды және экономиканың серпінді өсуіне ықпал етті. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы белгіленген параметрлерден шыққан жоқ, қаражатты Ұлттық қорда жинақтау жөніндегі саясат жалғасты, оның активтері жыл басында 8 млрд. АҚШ долларынан асты.
Үкіметтің алдыңғы Бағдарламасын қабылдау сәтінде Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық инфляцияны
2003 – 2004 жылдары 4-6 % шегінде ұстап тұру, оны 2005 жылға қарай 3-5 %-ға дейін және 2006 жылы 4,5 %-ға дейін төмендету болатын.
Алайда 2003 – 2005 жылдары инфляция деңгейінің артқаны байқалды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2002 жылы 5,9 %-дан 2005 жылы
7,6 %-ға дейін ұлғайды.
Инфляция қарқынының жылдамдауы бірқатар микро- және макроэкономикалық факторларға негізделген. Олардың ішінде шетелдік валютаның елеулі ағынын, бюджет шығыстарының ұлғайғанын, сондай-ақ халықтың кірісінің өскенін бөліп айтқан жөн.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының табыстарын барлық халықаралық қаржы және рейтингілік агенттіктер таныған болатын. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның іс жүзінде барлық әлемдік рейтингілерінің тұрақты түрде жақсарғаны байқалады.
2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating,s рейтінгілік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін өсірді.
Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған Бәсекеге қабілеттік жөніндегі есепте бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 2005 жылы тұңғыш рет қатыса отырып, ТМД-ның барлық елдерін арттыра қалдырып,
61-орынға ие болды.
2006 жылғы қаңтарда жарияланған экономикалық бостандық рейтингінде Қазақстан бір жыл ішінде 17 орынға жоғарылап, Ресейді (122-орын) басып озып және Қытайға (111-орын) етене жақындай отырып 113-орынға ие болды.
Сонымен қатар өткен жылдардағы экономиканың даму қорытындыларын талдау, Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдар тарапынан рейтингілік бағасы олармен жұмыс істеуге тура келетін шешілмеген проблемалар әлі де көп екенін көрсетеді.
Ең басты проблема белгілі бір табыстарға қарамастан, әлемнің дамыған экономикасы бүгінгі таңда қызметтер мен технологияларды тұрақты түрде жетілдіру есебінен дамып отырғанда, Қазақстан экономикасының бәрі бір басым түрде шикізат болып қалуының жалғасуында.
Дамыған елдерде ЖІӨ өсімінің жартысынан көпшілігі жаңа технологиялық шешімдермен қамтамасыз етіледі. Мұндай экономика неғұрлым орнықты, өйткені олар ұзақ мерзімді бәсекелес басымдықтарға ие. Олар әртараптандырылған, демек – перспективалы және тұрақты.
Үкімет дәл осындай экономика Қазақстанның бәсекеге ең қабілетті елдердің тізімінде лайықты орынды жеңіп алуына мүмкіндік береді деп санайды.
Мемлекет басшысы өзінің 2005 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында қажеттілігін атап өткен елді жедел жаңғырту инновацияларға, экономиканы өсірудің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі бәсекелес басымдықтарын жақсы пайдалануға негізделген дамудың барлық бағыттары бойынша сапалы серпінді секірісті талап етеді. Бұл адамдардың өмір сүру сапасын және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
3. Бағдарламаның мақсаты және күтілетін нәтижелер
Мемлекет басшысы Үкімет алдына қойған мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жалғастыруда сабақтастықты растап, Үкімет басты мақсат ретінде Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық шарттар құруды айқындайды. Бұл таяудағы он жылда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Таяудағы үш жылда Үкімет Бағдарламаны орындаудың мынадай шешуші индикаторларына қол жеткізу міндетін алға қояды.
Экономиканың серпінділігін қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімі 8,5 % мөлшеріне жететін болады. Экономиканың жалпы өсімі үш жыл ішінде 27,7 %-ды құрайды. Бұл 2008 жылы 2000 жылға қарағанда ЖІӨ-нің екі еселенуі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты макроэкономикалық шарттарды қамтамасыз ету мақсатында орташа жылдық инфляция деңгейі 5 – 7,3 % дәлізінде ұсталатын болады.
Еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3 – 7 %-ға өсіру есебінен жылдамдатылған экономикалық дамуға қол жеткізілетін болады.
Экономиканы дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканың барлық салаларын жылдам дамыту үшін қолайлы жағдай жасалатын болады. Өнеркәсіп өндірісінің орташа жылдық өсімі 5 %-ды құрайды, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 6,7 %. Негізгі капиталға инвестициялар орта есеппен жылына 14 – 15 %-ға өсетін болады.
Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен стандарттарын арттыру мақсатында халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2008 жылы 5450 АҚШ долларына дейін жетеді, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есеге жоғары.
4. Үкіметтің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкіметтің
2006 – 2008 жылдарға арналған қызметінің басым бағыттары мыналар болып белгіленді:
· Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі;
· Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету;
· әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат.
Бюджет саясаты мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіруге, бюджеттің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендетуге, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруға және халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес бюджетті теңгерімдеудің жаңа жүйесіне көшуді жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Осыған байланысты Бюджет кодексіне және басқа да заңнамалық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Өзгерістер ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру мұнай емес сектордан түсетін түсімдердің есебінен, ал даму бюджетін қаржыландыру көбінесе Ұлттық қордың трансферттері есебінен жүзеге асырылатындығында. Осылайша, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстарды ұлғайту мұнай емес сектордан кірістерді барабар өсірусіз мүмкін емес.
Ұлттық қордың жаңа Тұжырымдамасын енгізу экономикада тұтынушы мен жинақтау арасындағы қажетті пропорцияларды сақтауды, экономиканың шикізат емес секторын дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық шарттар құруды, мұнай кірістерінің елеулі бөлігін жинақтауды және Ұлттық қордың әлсіреуіне жол бермеуді ескере отырып, мұнай кірістерін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Бюджет саясатын жүргізу кезінде Үкімет, сондай-ақ экономиканың өсу қарқынымен сыйымды мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз етудің және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын біртіндеп төмендетудің қажеттілігін ескеретін болады.
Бюджеттік жоспарлаудың сапасын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру үшін бағдарламалар әкімшілеріне қойылатын бюджет тәртібін жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру призмасы арқылы жұмсауда басымдықтарды талдау мен есепке алуды жүргізуге, бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық (бағдарламалық) құжаттармен үйлесуіне бағытталған талаптар күшейтілетін болады. Бюджеттің атқарылу процесін бюджеттің кассалық атқарылуына емес, бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігіне бағдарлау қажет.
Үкімет өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру қағидатын мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін ынталандыру қағидатымен оңтайлы үйлестіруге бағытталған бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
2007 жылы «2008 – 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер туралы» жаңа Заңның жобасы әзірленетін болады, бұл орта мерзімді кезеңге арналған субвенциялар мен алулардың мөлшерін бекітудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл өңірлердің салықтық әлеуетін ұлғайтуда жергілікті атқарушы органдардың қызығушылығын және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мәселелерінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дербестігін арттырады. Салық салынатын базаны кеңейтуге олардың қосқан үлесінен алынатын барлық қосымша кірістер жергілікті бюджеттерде қалады және өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қалауы бойынша бөлінетін болады.
Өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге, Конституция кепілдік берген мемлекеттік қызметтерге халықтың тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік алулар мен субвенцияларды есептеудің жаңа әдістемесі әзірленетін болады, яғни өңірлерді төмен бюджеттік қамтамасыз етуден республикалық орташа деңгейге көтеру ұйғарылып отыр.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру әзірленген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру ұйғарылып отыр. Осыған байланысты негізгі міндеті мемлекеттік сатып алуды сапалы, тиімді және уақтылы жүргізу болып табылатын «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасы әзірленді.
Атап айтқанда, қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде конкурстарға бақылаушы ретінде қатысу мүмкіндігі енгізіледі. Бұдан басқа, электронды мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытуға ықпал ететін және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық іс-қимылдардың деңгейін төмендетуге әсер ететін электронды мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу шарттары белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышты басқару жүйесі қайта қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, өзіне мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін қамтитын бүкіл мемлекеттік сектор бойынша да жүргізілетін болады.
Мемлекеттік борышты басқару жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар кешенін қабылдау үшін мемлекеттік борышты басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленетін болады. Тұжырымдамада мемлекеттің басым қатысуымен ұлттық және акционерлік қоғамдардың борыштарын қоса алғанда, бүкіл мемлекеттік сектордың борышын ескере отырып, борышты басқару стратегиясы, мемлекеттік борыш құрылымы мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелерін реттеу мәселелері және мемлекеттік борышты басқарудың ұйымдық негіздері көрініс табады.
Үкімет тарифтік саясат тиімділігін арттыруға зор назар аударатын болады. Бұл үшін тарифтердің айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады, табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне, экономика секторларына тарифтердің әсер етуін бағалау модельдері әзірленеді, монополия субъектілерінің қызметін бақылау және сараптау тетіктері жетілдіріледі.
Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту саласында инфляция процестерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралдарын жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен арттыру, оның орнықтылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады.
Инфляция процестерін реттеу бөлігінде Үкімет пен Ұлттық Банк инфляцияның монетарлық та, монетарлық емес те жақтарына әсер ету шараларын қабылдайтын болады.
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының индикаторлары шеңберінде табиғи монополиялардың тауарлары мен қызметтеріне бағаны өсірудің сақталуына қатаң бақылау орнатылатын болады, мұнай өнімдерінің, астықтың, электр энергиясының, көлік және байланыс қызметтерінің бәсекелес ішкі нарықтарын дамыту үшін жағдай жасалады. Сондай-ақ ішкі нарықты қанықтыру үшін тауарлар мен қызметтер өндірісін ұлғайту ынталандырылатын болады.
Ұлттық Банк негізгі бағдары инфляция деңгейі болып табылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде банк жүйесінің өтімділігін реттеу арқылы ақша ұсынысының шамадан тыс кеңеюін тоқтату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру ресми ставкасын қоса алғанда, ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне қарай өз операциялары бойынша ставкаларды реттейтін болады. Ставкалар дәлізін белгілеу жолымен сыйақының нарықтық ставкаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әсер етуін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Валюталық реттеу саласында валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған саясат жалғасатын болады.
Сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі ақпараттық база жетілдірілетін болады, бұл 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудің рұқсат ету тәртібінен кейінгі мониторинг пен іріктемелі бақылау жүйесіне тиімді көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі одан арғы шаралар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды лицензиялауды жоюды, сондай-ақ сыртқы сауда келісім-шарттарында белгіленген мерзімге қарай валюталық түсімнің қайтарылуын талап етуді белгілеуді көздейді, бұл валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін едәуір оңайлатады және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын қысқартады.
Банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу жөніндегі жұмыс жалғасады. Валюталық тәуекелді бақылау мақсатында болашақта әрбір шетелдік валюта бойынша банктердің ашық валюталық ұстанымының лимиттері төмендетілетін болады. Бұл шара банктердің валюталық тәуекелін төмендетуге және сыртқы қаржы рыноктарында банктердің валюталық қарыз алуының өсуін бәсеңдетуге мүмкіндік береді.
Шығынды өтімділік проблемасының өзектілігін төмендету үшін ең аз резервтік талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіру ұйғарылып отыр. Сондай-ақ валюталық өтімділік нормативтерін және сыртқы қарыз алудың ең жоғары лимитін белгілеу мәселелерін қайта қарау ұйғарылып отыр.
Бұдан басқа, банк секторындағы жүйелік тәуекелдерді барынша азайту жолдары қарастырылатын болады.
Банктік бизнес айқын, жоғары сараланған болуы, жаңа технологияларды және клиенттерге қызмет көрсету әдістерін белсенді енгізуі үшін қаржы секторында бәсекелетікті одан әрі ырықтандыру және арттыру үшін шаралар қабылданатын болады.
Шетелдік банктердің қызметі үшін алынып тасталған шектеулерден басқа олардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге арналған шарттар сақталған кезде Қазақстанның аумағында олардың филиалдарының қызметін шешу ұйғарылып отыр.
ЕҚ талаптарына сәйкес шетелдік банктердің тарапынан бәсекелестікті дамыту үшін отандық нарыққа олардың кіруі туралы шешім қабылдау кезінде бағалауы ескерілетін рейтингілік агенттіктердің тізбесі кеңейтілетін болады.
Банк секторында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қадағалау, меншік иелерінің құрылымы, қосылма тұлғалармен қарым-қатынастар бөлігінде банктердің заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған банктік қадағалау рәсімдері жетілдірілетін болады.
Бұдан басқа, жүзеге асырылып қойған іс-шаралардан басқа банктік емес ұйымдарды дамыту үшін:
шағын кредит беру ұйымдары үшін кредит берудің ең жоғары мөлшерін ұлғайту;
кредиттік серіктестіктерге жаңа қатысушыларды тарту тетігін оңайлату;
«Қазпочтаның» халыққа қаржылық қызметтер көрсету жөніндегі мүмкіндігін кеңейту ұйғарылып отыр.
Инвестициялық банкинг саласында бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар – инвестициялық портфельді басқарушылар, атап айтқанда, оларға банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру құқықтарын беру есебінен жүзеге асыратын операциялар кеңейтілетін болады.
Сондай-ақ коммерциялық ұйымдармен қатар мемлекет қатысатын қаржы ұйымдарының қызметін реттеуді бір уақытта қамтамасыз ету кезінде олардың санын қысқарту мүмкіндігін қарастыру қажет.
Банк секторын ырықтандыру жөніндегі шаралар банктердің өңірлік қана емес, халықаралық бәсекеге қабілеттілігін де арттыруға әкелуге тиіс, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға алдағы кіруіне және оның сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге байланысты аса өзекті.
Сондай-ақ корпорациялық басқару мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Үкімет аграрлық саясат саласында оның салаларының өнімділігінің өсуі мен табыстылығы және отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту негізінде агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамытуды қамтамасыз етуді басты міндет деп санайды.
Бұл үшін Үкімет өзінің жұмысын бірнеше бағыттарда құруды жоспарлап отыр.
Біріншіден, күш-жігер АӨК ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамытуға бағытталатын болады.
Біздің аграрлық сектордың бәсекелестік күресте табысты пайдаланылуы мүмкін бірқатар артықшылықтары мен елеулі іске асырылмаған әлеуеті бар. Бұл – шикізат өндіру мен оны өңдеуге арналған салыстырмалы жоғары емес шығындар; өндірістің ішкі тұтыну көлемінен айтарлықтай асып түсуі; әр түрлі табиғи-климаттық аймақтардың болуына негізделген алуан түрлі өнім өндіру әлеуеті; өндірістік қуаттың, мүмкіндіктері, шикізат өндіру саласындағы бизнестің белсенділігі.
Ықпалдасу резервтерін пайдалану негізінде өнімнің өнімділігі мен сапасы өсуінің, технологияларды жетілдірудің және жабдықтарды жаңғыртудың катализаторы кластерлік өзара қарым-қатынастарды дамыту болады.
Екіншіден, АӨК-ті индустрияландыруды жүзеге асыру қажет. Бұл АӨК салаларын техникалық және технологиялық жаңғырту, егу алаңдарының құрылымында өтімділігі жоғары дақылдардың үлесін арттыру, мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, ғылыми қамтамасыз етуді күшейту және инновациялық әзірлемелерді енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады.
АӨК-ті индустирияландыруды жүргізу үшін дайындық кезеңі ретінде Үкімет ауылдық кооперацияны ынталандыру және ірі фермерлік шаруашылықтар құру жөнінде жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Үшіншіден, АӨК инфрақұрылымы одан әрі дамытылатын болады. Азық-түлік тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұтымды жүйе құру жоспарланып отыр, бұл ДСҰ-ға кірудің басты шарттарының бірі болып табылады. Бұл ретте бірінші жоспарға елдің толық ветеринарлық және фитосанитарлық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселесі көтеріледі.
АӨК өнімдерінің сапасын бақылау және қауіпсіздігінің тәуекелдерін бағалау жүйесін жаңғырту аса маңызды сәт болып табылады. Оны шешу үшін қазіргі заманғы техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу және енгізу, АӨК субъектілерінің сапа мен қауіпсіздік менеджментінің халықаралық жүйесіне көшуін қамтамасыз ету, мамандандырылған зертханалар желісін құру және оларды халықаралық нормалардың талаптарына сәйкес қажетті жабдықпен жарақтандыру ұсынылып отыр.
Сондай-ақ АӨК-тің қаржылық және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту алда тұр. Ауыл шаруашылығы өндірісіне кредит беру, кепілдік беру және оны сақтандыру көлемін, сондай-ақ ауыл тұрғындарына көрсетілетін қаржылық қызметтердің түрлерін кеңейту көзделуде.
Ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтар желісі арқылы маркетингілік ақпарат беру жөніндегі тегін қызметтер тізбесін кеңейту, ауыл шаруашылығы білімдерін, алдыңғы қатарлы технологиялар, ғылым жетістіктері мен инновациялар туралы ақпаратты тарату және беру жүйесін дамыту, ауылдық тауар өндірушілердің қаржылық-техникалық консалтингі жүйесін қалыптастыру жолымен АӨК субъектілерін ақпараттық-маркетингілік және консультациялық қамтамасыз етуді жақсартуды қамтамасыз ету қажет.
Бұдан басқа, арнайы жабдықталған дайындау-сатып алу кооперативтерінің тармақталған желісін құру арқылы тауарларды өндірушіден тұтынушыға дейін жылжытудың айқын жүйесін түзу қажет.
Төртіншіден, бұл АӨК өнімдерінің нарығын мемлекеттік реттеу және елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мұндай шаралардың қажеттігін ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көлемінің маусымдық ауытқуы және тиісінше азық-түлік тауарларының ішкі нарыққа әрқилы жеткізілуі көрсетіп отыр, бұл өз кезегінде, бағалардың күрт ауытқуының және инфляциялық процестердің себебі болып табылады. Бұдан басқа, өндіріс көлемінің және қолданыстағы өткізу нарықтарының теңгерімсіздігі орын алып отыр.
Бұл факторларды ниверлеу үшін Үкімет әлемдік практикада таралған сатып алу және баға интервенцияларының тетіктерін пайдаланады, ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамыған көлік-логистикалық және ақпараттық инфрақұрылымы бар коммуналдық көтерме нарықтарын құрады, биржалық сауданы дамытады.
Бұл шараларады іске асыру агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің ішкі, сол сияқты халықаралық нарықтарда да бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Технологиялар мен инновациялар саласындағы тиімді мемлекеттік саясат елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторларының біріне айналуы тиіс. Үкімет отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеует пен технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнім жасауды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі инновациялық жүйені одан әрі қалыптастыру үшін шаралар қабылдайтын болады.
Технологиялар мен инновациялар саласындағы мемлекеттік саясат қысқа мерзімді кезеңде мынадай ережелерге негізделе отырып жоспарлануы тиіс:
1. Мемлекет «озық технологиялар импортын» қолдау есебінен, сондай-ақ Қазақстанда операция жасайтын ірі корпорациялармен ынтымақтастық арқылы экономиканың нақты секторы салаларының технологиялық базасын жаңғыртуды қамтамасыз етуге тиіс, бұл болашақта инновациялық бағдарламалар үшін негізге айналуы тиіс.

- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобаларды басқару
- Инвестициялық жобаларды басқару
- Инвестициялық жобаларды қаржыландыру
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- Инвестициялық жобаларды талдау әдістері
- Инвестициялау обьектісі ретінде бағалы қағаздардың артықшылығы
- Инвестициялык катынастардың құқықтық негіздері
- Инвестициялык компаниялар жане корлар
- Инвестициялык кызметтин экономикалык мени
- Инвестициялық
- Инвестициялық жоба
- Инвестициялық жоба