Каржы саясаты

КІРІСПЕ

    

     Нарықтық  қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де инвестиция зор рол атқарады. Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

     Инвестиция  деп  қаражаттарды  ұзақ мерзімге  белгілі  бір салаға  пайда  табу мақсатында  салуды білдіреді. Инвестициялық  қызметке  банктер  делдал ретінде  қатысады. Банктер  өздерінің  инвестициялық қызметінде  тиімді  инвестициялық саясат  жасай отырып  жүзеге  асырады.  Банктердің  инвестициялық  саясаты  инвестиция  портфелін  басқару  бойынша  стратегияны  құру  және  іске  асыру  шараларын, қалыпты  қызметті, табыстылықты  арттыру, банк  балансының  өтімділігін қамтамасыз ету  бағытында  портфельді және  тікелей  инвестициялардың оптималды құрылымына  жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың  валюта-қаржылық портфелін, соның  ішінде  инвестициялық  портфелін басқарудың   тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.

     Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі  салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар  жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді  жоғары тиімділікпен нарық қатынастары  субъектілерінің сұраныстарына  сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.          

        Қазақстан экономикасын тұрақтандыру  және дамытудың маңызды жолдарының  бірі – инвестициялық қызметті  ұлғайту, ең алдымен еліміздің  ішкі резервтерін жұмылдыру және  көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

     Қазіргі заманғы мемлекеттің табыстылығы  мен бәсекелес қабілеттілігін айқындайтын  маңызды өлшемдердің бірі инвестициялық  климат болып табылады. Инвестициялық климат экономикалық, әлеуметтік, саяси сипаттағы түрлі жағдайлардан қалыптастырылады. Мемлекеттердің шетелдік инвестицияларды тарту құқығына бәсекелес күресте климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері, дін ерекшеліктері және т.с.с. болсын елеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторлар үлкен мүмкіндікке ие болады. Осыған байланысты мен осы жүйелік-инвестициялық саясат тақырыбын таңдадым.

     Мақсатқа байланысты келесідей міндеттер туындайды:

     Курстық жұмыстың міндеттері:

    • Жүйелік-инвестициялық саясаттың толық мәнін ашу;
    • Шетелдегі инвестициялық саясаттың тәжәрибесіне тоқталу;
    • Еліміздегі инвестициялық саясаттың ахуалын талдау;
    • Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың мәселеріне тоқталып, оның дамыту жолдарының бағыттарын ұсыну.

     Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші  бөлімде жүйелік-инвестициялық саясаттың  теориялық аспектісі туралы жазылған.

     Екінші  бөлімде жүйелік-инвестициялық саясаттың  қазіргі жағдайы туралы талдау жасау, еліміздегі қазіргі инвестициялық саясаттың ахуалы калай болып жатыр, соны талдау.

     Үшінші  бөлімде республикамыздағы инвестициялық саясаттың проблемасына тоқталып, оған қарсы инвестициялық саясатты дамытуға байланысты  бағдарламалар, ұсыныстар аталып өтілген.

     Курстық жұмысты жазу барысында мен ережелер, нұсқаулар, газет-журналдар, кітаптарды және сайттарды қолдандым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. ЖҮЙЕЛІК-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
 
    1. Жүйелік-инвестициялық  саясаттың мәні және мағынасы
 

     Инвестиция  туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық  қызметтің неғұрлым белсенді және ірі  ресурстар бар мүшелер. Сондай –  ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық  ресурстар трансформациялануы өндірісті  дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану  бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық  процессті қаржыландыру нарықтық тетікті  бір қалыпқа келтіру Қазақстан  Республикасы экономиканың дамуының басты  проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына  келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде  банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ  мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру  және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар  және тәжірибелік түрде бағытталған  шетелдерде қалыптасқан инвестициялық  инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері  және оларға банктердің қатысу тәжірибесін  қарастырады.

     "Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім  инвестор, ол не салады, не мақсатпен  және қайда салады деген сұрақтарға  жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады.

     Инвестиция  дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа  да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар. [1]

     Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды  салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер  жиынтығы.

     Біріншіден  жүйелік инвестициялық саясаттың  мәнін ашпас бұрын экономикалық жүйеге тоқталып кетелік. Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашан   да  белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. [1]

     Экономикалық  жүйе  - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады. 

     Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:

   1. Меншік типтері бойынша;

   2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша;

   Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:

   а) дәстүрлі экономика;

   ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;

   б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық эконмика;

   в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі  капитализм) немесе аралас экономика.

     Енді  осы типтерге толығырақ тоқталайық.

   а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау  шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа  беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы  түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.

   б) еркін бәсекелестік нарықтық экономика  ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік  механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда  келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін  қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам  мүддесіне батымды – ақ жиі  қызмет жасайды». 
Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі – артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8 – 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері көбейіп кетеді, қолма – қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді. [2]

    Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

     Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономикасын жақсарту үшін шетел инвестицияларын  тарту сферасында өте жақсы нәтижелерге жетті. Елдегі инвестициялық климатты жақсарту Үкіметтің басымды қызметінің бірі болып отыр. Осындай тұрақты нәтижелі жұмыстың кейін Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшы ретінде танылды.

     Қазақстан аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша елдер арасында озық позицияны иелене отырып,     маңызды аймақтық артықшылыққа ие болумен  өркениетті әлемде Орталық Азияның  мәртебелі және дербес аймаққа айналуында маңызды рөл атқаруы мүмкін,  Орта Азияның барлық аймақтарын дамыту бойынша әлемдік инвесторлардың мүдделерінің плацдармы, ірі ТҰК диалогпен делдал, қозғаушы күш ретінде танылмақ. [3]

     2000 жылы қазанда ЕО Қазақстанға  нарықтық экономика елі мәртебесін  берді.  2002 жылдың 26 наурызында АҚШ  әкімдігі Сауда министрлігі атынан  АҚШ антидемпингтік Заңын сәйкес  Қазақстаннан нарықтық емес экономика  мәртебесін алып тастады. АҚШ  Сауда министрлігі еркін ауыстырылатын  валюта, еңбекақының еркін деңгейі,  шетел инвестициялары, өнеркәсіпті  бақылау мемлекеттік меншігі,  баспа-бас айырбас істері және  сыбайлас жемқорлық деңгейі, адами  құқытарын қорғау және т.б.  секілді параметрлердің сараптамасы  негізінде Қазақстан нарықтық  экономикалы ел ретінде әрекет  ететіні анықталды. Бұл қорытынды  барлық ағымдағы және болашақ  әкімшілік процедураларға қатысты  әрекет ететін болады.

     Бұл Қазақстан Республикасы басшылығыны  АҚШ басшылығымен конструктивтік бірлескен  жұмысының арқасында , сондай-ақ елімізде әлеуметтік-экономикалық реформалардың  сәтті өткізілуімен жүзеге асырылды. Бұл шешімнің мағынасы үлкен, ол біздің тауарларымызға АҚШ және бүкіл Батысқа  жол ашады.

     Қазақстанның  сауда мүмкіндіктерінің жақсаруына маңызды факторы 2003 жылы ОЭСР желісі бойынша экспорттық несие рейтингі бойынша 4 деңгейге көтерілуі болды, оған әлемнің 40 жетекші елі мүше. Қазақстан Республикасы  экспорттық несие рейтингісінің көтерілуіне  «US Eximbank» төрағасы Филипп Мерил мырзаның Қазақстанға келуі маңызды деңгейде әсер етті. Ол өз кезегінде еліміздің  экономикалық және қаржылық жетістіктеріне оптимистік баға берген болатын.

     Қазақстан ТМД елдері арасында қаржы салымы қызметін іске асыру үшін қолайлы  жағдай жасау бойынша көшбасшы болып  табылады. Бұл туралы ТМД елдері арасында бірінші болып 2002 жылы Moody’s халықаралық рейтингтік компаниясы, 2004 жылы Standard&Poor’s және Fitch қаржылық салым класының рейтингі және шетелдік, халықаралық ұйымдардың  басқа  да сарапшыларының бағаларының қорытындылары  дәлелдер берген.

     Fitch сарапшылары өздерінің хабарламаларында  мұнай секторының қысымы және  мұнай бағасының әлем нарығында  өзгеруінмен Қазақстанның экономикасы  және мемлекеттік қаржысы тұрақты жағдайда жеңіп шығатынын атап айтқан. [3] 
 

    1. Инвестициялық саясаттың шетелдік тәжірибесі
 

     Шетел инвестициялары капиталдың халықаралық  қозғалыс нысандары ішінде басты  рөл атқаруда. Тауарлық өндірістің әлемдік нарық деңгейінен әлемдік  шаруашылық деңгейіне өту кезеңінде  тауардың халықаралық айналымы ғана жүрмей, сонымен бірге сол тауарды  өндіру факторларының айналымы, яғни капиталдың инвестициялар түріндегі  айналымы жүреді. Егер капиталдың импорты  туралы мәліметтерді қабылдайтын елдер  бойынша оны тарату көрсеткіштерімен үйлестірсе, онда тікелей шетел инвестицияларының  үш полюсті глобалды құрылымы пайда  болады: Америка Құрама Штаттары, Еуропа бірлестігі және Жапония. Бұл үштік  бүкіл инвестициялардың импорт және экспорттың көлемінің 4/5 құрайды.

     АҚШ капиталдың ең ірі импортері болып  саналады. Ал еуропалық Бірлестікте  интеграция деңгейі ішкі аймақтық тікелей  инвестициялар негізінде ұлғайды, ал бүкіл аймақ бойынша капиталдың ең ірі экспортері ретінде жұмыс  атқара бастады. Жапонияның инвестицияларды  шығарудың жоғары ұлғаю деңгейі  байқалуда, сәйкесінше ол әлемде «сыртқы  экономика» саласына жағымды әсер етеді. Сол уақытта бар мәліметтерге сәйкес Азия елдері (Жапониядан басқа). Жақын жылдарда батыс еуропа елдерін  тікелей шетел инвестицияларын  ынталандыру көлемі бойынша бір  қадам алдыда жүруде. Эксперттердің  көз қарасы бойынша шетелдерге капиталды  салудың ең перспективті әдістерінің  бірі болып өндірістік шығындарды азайту емес, шетел нарығына енуді ұлғайту  саналады. [4]

     Бұл үштіктің ішінде капиталдың белсенді қиылысуы жүреді. Екі жақтың келісімімен  жүргізілетін сауда әлемдік саудаға  қарағанда белсенді жүргізілуде. Бірақ олардың рөлі маңызды және салмақты болып келеді жәңе де ол біршама дамуда. 3/4 салынған инвестициялар көлемі өндірісі дамыған елдерде жүреді, ал 1/4 – дамыған елдерде. Ал жаңа инвестициялар ағымының қатынасы келесідей: өндірісі дамыған елдерде 3/5 ал дамыған елдерде 2/5.

     Қазақстанға тоқталсақ тікелей шетел инвестициялардың орташа  соммасы 4 млрд. құрайды. Ал ол әлемдік деңгейде жылдық ағымның 0,25 % құрайды. Тікелей шетел инвестицияларға  шет елде меншікті бастапқы сатып  алу, сонымен бірге кәсіпорын  мен инвестор арасындағы жүргізілетін мәмілелер жатады. Тікелей инвестиция құрамына келесілер кіреді:

  • компаниялардың шет елге меншікті капиталын салу – филиалдардың капиталы және еншілес және ассоциацияланған компаниялардың акцияларының бөлігі;
  • пайданы қайта инвестициялау – тікелей инвестордың кәсіпорынның кірісі мен шетел инвестициялардан бөлік, ал ол дивиденттер түрінде таратылмаған және тікелей инвесторға аударылмаған;
  • капиталдың ішкі корпорациялық аударудың несие және қарыз нысанында бір жағынан тікелей инвестордың болуы, ал екінші жағынан – еншілес, ассоциацияланған компаниялар және филиалдардың болуы.

      Бірақ елдердің барлығы өзінің статистикасында  тікелей инвестицияларды осылай жіктемейді. Мысалға, Жапония пайданы  қайта инвестициялауды тікелей  инвестиция деп қарамайды.

      Негізінен капиталды экспорттау субъектілері болып шетел инвестициялары бар  кәсіпорындар және де тікелей инвесторлар  табылады. Шетел инвестициялары бар  кәсіпорын акционерлік немесе акционерлік  қоғам табылады. Бұл жағдайда тікелей  инвестордың – басқа елдің  резидентіне 10 % дан жоғары қарапайым  акциялар мен дауыстары (акционерлік  қоғамда) немесе олардың эквивалиенті (акционерлік емес қоғамда) болуы  керек.

      Шетел инвестициалары бар кәсіпорын келесідей  нысандарда болады:

  • еншілес компания – бұл жағдайда кәсіпорында резидент емес инвестор 50 % дан жоғары капиталға ие болады;
  • ассоциацияланған компания – бұл жағдайда кәсіпорында резидент емес инвестор 50 % дан төмен капиталға ие болады;
  • филиал – тікелей инвестордың кәсіпорынның түгелімен ие болуы. [4]
 

Кесте 1

      Елдер тобы бойынша жылдық тікелей шетел  инвестициялар статистикасы

                                                                                                      млрд. доллар

  1995 1998 2001 2004
Барлығы Экспорт 137 238.5 188 205.5
Импорт 126.9 206.3 173.3 197.3
Дамыған

елдер

Экспорт 133.9 228.3 179.9 210.3
Импорт 113.2 174.6 103.2 156.6
Даму  үстіндегі

елдер

Экспорт 3.1 10.2 8.1 7.2
Импорт 13.7 31.7 70.1 81.9
 

      Тікелей инвесторлар санына қаржылық мекемелер тобы кіреді (банктер, инвестициялық, сақтандыру және басқа да өндірістік емес компаниялар). Олар қаржылық нарықта делдалдар ретінде жұмыс атқарады және тікелей инвестициялар жүргізеді. Сонымен қатар олар ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелерінің пайда болуымен және шетел компанияларының негізгі капиталының бөлігін және акцияларды сатып алумен байланысты  банктердің мәмілелері саналатын тікелей инвестицияларды жүргізуге құқығы бар.Банктік аядағы депозиттер және бақа да қарапайым активті және пассивті операциялар портфельді немесе басқадай инвестицияларды айтуға болады.Егер белгілі бір кезең ішінде инвестор шетел кәсіпорында капиталдың өзінің бөлігін ұлғайтты, мысалы, портфельді инвестиция болып саналатын 5 % пайыздан 10 % пайызға дейін өсуі. Бұл кезде шет елден капиталдың жаңа ағымы ғана тікелей инвестиция саналады. [4] 

  1. НАРЫҚТЫҚ  ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕГІ ҚР-НЫҢ  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ
 
    1. Инвестициялық саясаттың даму үрдісі
 

     Бүкіләлемдік  банктің 145 әлем елдеріндегі кәсіпкерліктің еркіндік деңгейі және жағдайы туралы жыл сайынғы «2005 жылғы бизнес: өсім үшін кедергілерді жою» баяндамасына сәйкес Қазақстан инвесторлардың қорғау индексі бойынша Германия, Дания, Жаңа Зеландия, Швейцария, Сингапур және Грузия секілді елдер кіретін 5 топқа ( елдер 0-ден 7-ге дейін рейтинг алады, 7 – ең үздік көрсеткіш, мысалы Канада және АҚШ) кіреді, бұл ТМД бойынша  жақсы көрсеткіш болып табылады. Болашақта біз осы бағытта  жұмысты жалғастыруға міндеттіміз  және бұдан да биік белестерді бағындыруға  тиіспіз.

     Бүгіндері сараптама бағалары бойынша қазақстандық экономикамен Орта Азияға барлық тура қаржы салымдарының 80 пайыздан астамы түскен. Бүкіләлемдік банк біздің елімізді әлемдегі қаржы салымы тұрғысынан қолайлы  жиырмалыққа кіргізді.

     Қазақстан соңғы бірнеше жылда ТМД елдері ішінде тура шетел инвестицияларын  тарту көлемі бойынша бірінші  орында келеді.   1993 жылдан бастап 2009 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін Қазақстанға түскен тура шетел инвестицияларының көлемі 37,2 млрд.-тай АҚШ долларына тең келеді. Сонымен қатар, 2001-2003 жылдары ел экономикасына жыл сайын 4-4,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде тура қаржы салымы еніп тұрды, 2004 жылы  – 8,4 млрд. АҚШ доллары.

     Қазір шетел инвесторлары тарапынан қазақстандық нарыққа қызығушылық артқаны  байқалады, егер 1999 жылы шетел капиталының  қатысуымен қолданыстағы кәсіпорындардың саны  1865 болса, 2006 жылы 6579, 2009 жылы 7070 болды. [5]

     Көрсетілген көрсеткіштер Қазақстанның инвестициялық  тәртібін экономиканың іс жүзінде барлық салаларында шетел инвесторларына қол жетімділікті қамтамасыз ете  алатын либералдық етіп сипаттауға мүмкіндік  береді. Қабылданған заңнамалық актілер  және ұйымдастыру шаралары еліміздің  қаржылық салым тартымдылығын нығайтуға  және соған сәйкес қазақстандық экономикаға  шетел инвестицияларының қосылуына  жәрдемдеседі. Нәтиже бойынша Қазақстан  бірнеше жылдар бойы   ТМД елдері арасында тура шетел инвестицияларын  тарту көлемі бойынша көшбасшы болып табылады, сондай-ақ   ТМД елдері арасында бірінші болып инвестициялық кластың халықаралық рейтингін алды.

     2003 жылғы 8 қаңтарда алдыңғы екі  заңның негізінде жасалған Қазақстан  Республикасының «Инвестициялар  туралы» Заңы қабылданды. Осы  заңмен бірінші кезекте  шетелдіктерге  секілді отандық инвесторларға  инвестицияларды ынталандыруды  теңестіру шаралары, инвесторлардың  құқықтарын қорғау кепілдіктері, инвесторлардың қатысуымен дауды  шешу тәртібі регламенттелді.

     Қазақстанда экономиканы дамытудың басым  бағыттарының бірі мұнай химиясы  өнеркәсібін құру шеңберінде  Батыс  Қазақстанда полиэтилен және полипропилен өнеркәсібі бойынша мұнай химиясы  кешенін құру жоспарлануда. Осы жобаны дайындауды бүгіндері осы өнім түрін  өндіру бойынша әлемдік көшбасшы BASELL компаниясымен белсенді келіссөздер  жүргізіп жатқан  Sat&Co отандық компаниясы жүзеге асырады.

     Инвестициялық жобалардың тұтас қатарын мемлекеттік  дамыту институттарының қатысумен  жүзеге асыру жоспарлануда. Мысалы, «Қазақстанның инвестициялық қоры»  АҚ табақ шынысын өндіретін Pilkington  (Ұлыбритания) әлемдік көшбасшы компаниямен  Қызылорда облысында табақ шынысы өндірісі бойынша зауыт құрылысының  жобасын бірлесіп жүзеге асыру келісім-шартқа қол жеткізді.

     Мұндай  мысалдар көп, қазір іс жүзінде Қазақстанның барлық аймақтарында тек жекелкеген аймақ үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы зор инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр немесе жүзеге асыру жоспарлануда.

     Ең  алдымен, бүгінгі іс-шараны ұйымдастырушыларға және ең бастысы, мейлінші өкілді Инвестициялық  саммитті ұйымдастырғаны үшін «Геральд Трибьюн» басылымына алғысымды білдіргім  келеді.

     Қазіргі заманғы мемлекеттің табыстылығы  мен бәсекелес қабілеттілігін айқындайтын  маңызды өлшемдердің бірі инвестициялық  климат болып табылады. Инвестициялық  климат экономикалық, әлеуметтік, саяси  сипаттағы түрлі жағдайлардан қалыптастырылады. Мемлекеттердің шетелдік инвестицияларды  тарту құқығына бәсекелес күресте  климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері, дін ерекшеліктері және т.с.с. болсын елеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторлар үлкен мүмкіндікке ие болады. [6] 

    1. Инвестициялық саясаттың жүйесінің жағдайы
 

     Инвестициялық саясат. Он жылдықта  әлеуметтік –  экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен  алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық  проблемасын шешуді міндетімізге алған.

     Экономика саласында 2009 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылған.

     Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.

     Экономикалық  өсімнің жоғары қарқынын тұрақты  ұстап тұру үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз деңгейіне дейін жеткізуіміз  керек. Соның ішінде мемлекеттік  инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға дейінгі өсіміне жету шарт. [7]

     2011 жылы мемлекеттік бюджеттің асыра орындалатыны, сөйтіп көкейге қонымды маңызды деңгейге - бір триллион теңгеге жақындайтыны қазірдің өзінде білініп отыр.

     Сондықтан, 2011 жылдың ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік ірі кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс түсімдерді  Ұлттық қорға жіберу керек.

     Мемлекеттік инвестициялар . Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын  қамтамасыз ететін қаржы институттарын  құру мен капиталдандыру мақсатында :

- Даму  банкінің жарғылық капиталын  ұлғайтуда және оның кредиттік  жадығатын молықтыруға – 12 миллиард  теңге;

- құрылатын  Қазақстан инвестициялыққорының  жарғылық  капиталына – 23 миллиард  теңге ;

-  құрылатын  Инновациялық  қорға – 36 миллиард  теңге;

- Экспортты  сақтандыру жөніндегі корпорация  құру үшін -7.7 миллиард теңге жіберуді ұсынылды.

     Жеке  инвестициялар. Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті.

     Банктердің  жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға  берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді. [7]

     Қазақстан Республикасының статистикалық  агенттігінің мәліметтеріне сүйене отырып біздің еліміздегі инвестициялар  салынатын негізгі салаларға  түсінік беріп кетейік.

     Негізгі капиталға салынған инвестиция негізгі  құрал-жабдықтарды жасауға, ұдайы  жаңғыртуға бағытталған шығындар жиынтығы болып табылады. Негізгі капиталға  салынған инвестицияларға мыналар  кіреді: үйлер және ғимараттар құрылысы мен оларды күрделі жөндеуден  өткізу, машиналар, жабдықтар сатып  алу және оларды күрделі жөндеуден  өткізу, басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар.

     Тұрғын  үй құрылысына салынған инвестициялар – үйлер мен ғимараттарды салуға, кеңейтуге, жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтандыруға; энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстарға кеткен шығындар. [8] 

Каржы саясаты