Каспий теңізінің қайраңында және жағалауында қашықтықтан аэроғарыштық зондпен тексеру технологиясын пайдалану

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………..3

1. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің даму қарқыны…………………….4

2. Қашықтықтан зондтау………………………………………………………….6

3.Каспий теңізінің қайраңында және жағалауында қашықтықтан аэроғарыштық зондпен тексеру технологиясын пайдалану……….……….......9

Қорытынды………………………………………..........................................…13

Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………14 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

   Мемлекеттік жер мониторингі  – жер күйінің өзгруін уақытымен анықтау мақсатында, жер күйін бақылау, осы өзгерістерді болжау, бағалау және кері процестердің алдын алу, жою жайында ұсыныстарды әзірлеу, жер кадастрын жүргізу мен жерді пайдаланудың мемлекеттік бақылау және қорғауды жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың сонымен қатар, азаматтарды, қоршаған орта оның ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қашықтықтан жүргізілетін мониторинг – зерттелетін объектілерді белсенді тексеретін және тәжірибелік мәліметтерді тіркейтін радиометрлік аспаптармен жабдықталған ұшқыш аппараттарды қолданумен жүргізілетін көбіне авиациалық, ғарыштық мониторинг болып табылады.

       Мен аталған тақырыпта, аэроғарыштық  мониторнгінің Қазақстан Республикасында  қалай дамып келе жатқаны яғни, ғарыштық мониторингтің Қазақстан аумағын шолу, ауылшаруашылық өнімдеріне мониторинг жасау және төтенше жағдайлар мониторингі сынды нағыз қажетті қолданбалы міндеттерді атқаруға толық мүмкіндігі бар екендігі жайлы, қашықтықтан зондтау тәсілінің мүмкіндіктері және оның тиімділігі туралы жазып өттім.

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің даму қарқыны

     Жаһандық ақпарат кеңістігінде болып жатқан күнделікті өзгерістер, ақпаратық технология саласында жедел даму жолындағы тың серпілістер адамдарды кез келген жаңа дүниелерді тез үйреніп, оған шапшаң бейімделуге итермелейді. Өйткені ақпарат ғасырына жататын қазіргі заманның сұранысы да, объективті талпынысы да соған лайықталып келеді.

     Соңғы он жыл ішінде ғарыштық зерттеулерде Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі белсенді жұмыс атқарып келеді. Осындай берері мол ғарыштық жүйенің игерілуі біздің елімізде қалай жүзеге асырылып жатыр деген сұрақтың туындайтыны да заңды.

      Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту басымдықтарына сәйкес “Қазғарыш” агенттігінің 2014 жылы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін пайдалануды жоспарлап отырғандығы, сонымен қатар Астана қаласында ахуалдық ғарыштық мониторинг орталығының пайдалануға берілгендігі туралы мәлім болды.

     Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, Жерді қашықтықтан зондтау түрлі деңгейдегі жерлерді игеру кезінде қажетті маңызды жедел ақпарат көзі болып табылады. Қазіргі таңда ғарыштық мониторинг ұлттық жүйесінің қанатқақты кешені құрылды және ол өзінің қызметін де атқарып келеді. Мәселен, Қазақстан аумағын оптикалық-электронды және түрлі радарлық ғарыштық суреттермен жүйелі түрде қамтуды қамтамасыз ететін Астана мен Алматы қалаларында Жерді қашықтықтан зондтаудың мәліметтерін қабылдау, мұрағаттау және өңдеу орталықтарының атқарып жатқан жұмыстары еліміздің ақпаратты жедел игеру саласына да, ғарыш жүйесін игерудегі әлемдік стандарттарға бейімделуімізге зор ықпалын тигізіп келеді. Сондай-ақ, Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерін саралаудағы технологиялар полигонының жүйесі де отандық ақпарат кеңістігі үшін айтарлықтай маңызды.

     Ғарыштық мониторингтің Қазақстан аумағын шолу, ауылшаруашылық өнімдеріне мониторинг жасау және төтенше жағдайлар мониторингі сынды нағыз қажетті қолданбалы міндеттерді атқаруға толық мүмкіндігі бар. Осындай қашықтықтан зондтау тәжірибесі арқылы Ауыл шаруашылығы министрлігі тапсырмасымен егістік жерлер мен астықтың жағдайы анықталып, егіннің болашағы үшін көптеген тиімді жоспарлар жасалынатыны айтпаса да түсінікті болар.

       Қазіргі кезде еліміз бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының төтенше жағдайлар басқармаларында өрт пен су тасқынының алдын алудың жедел ғарыштық мониторингі технологиясы енгізілді. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстанның экологиялық проблемаларына да, соның ішінде Семей полигоны мен Арал, Каспий өңірлері де осындай құрылғылармен басты назарға алынды.

      Ғарыштық мониторинг геоақпараттық жүйелерді ақпараттық-есептеу инфрақұрылымы арқылы мәліметтер қорын нығайту үшін аса пайдалы. Өйткені Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын орындау кезіндегі өте маңызды элементтердің бірі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           2. Қашықтықтан зондтау 

       Ақпарат алуды едәуір арзандатуға мүмкіндік тудыратын тәсіл қашықтықтан зондтау болып табылады. Бұл әдіс сондай-ақ мониторингті қарапайым, жылдам және жеңіл қол жеткізетін құралдармен өткізуге мүмкіндік тудырады.

        Қашықтықтан зондтау – объектіден қашықтықта орындалған өлшемдердің деректері бойынша объекті жөнінде ақпарат, яғни олармен тікелей байланыссыз алу.

      Қашықтық  мониторингі  – ұшатын және аэроғарыштық аппараттардың, сондай-ақ автоматты түрде тіркейтін және қашықтағы байланыс құралы арқылы ақпаратты беретін жер бетіндегі аппаратураның көмегімен жүзеге асырылатын табиғи процестер мен құбылыстарды қадағалау.

      Жер қорын қашықтықтан зондтау:

    • видео- фото ақпаратты (аэрофотоаппаратура, көп аймақты сканирлейтін қондырғылар, радиолокаторлар, ТВ-камералары және т.б.) беретін  аспаптарды; 
    • трассалық топтардың аспаптарын  (спектрррометрлер СВЧ- және ИК радиометрлер және т.б.).

     Көп аймақты суретке түсіру электрмагнитті толқындардың спектрдің түрлі аймақтарында ұшу аппараттарының үстіңгі бөлігін  және түсіру жүйелерін пайдаланумен суретке түсіруді білдіреді. Ұшақтық сканерді кейіннен ЭЕМ деректерді өңдеумен пайдалану 20 млн. га жуық  ауданда бір жыл ішінде орташа масштабты картаны жасауға мүмкіндік береді. Аэровизуальді және жер бетіндегі таксацияға негізделген табиғи жемшөптік алқаптардың өсімдіктері туралы ақпарат алудың дәстүрлі әдісі 15 жылға дейінгі геоботаникалық карталарды алу үшін едәуір көп уақытты талап етеді.

     Ғарыштық  аппараттармен және биіктіктердегі ұшақтармен орындалған суреттер ғаламдық, республикалық және аймақтық деңгейлерде жер мониторингін жүргізу кезінде пайдаланылады. Жергілікті жер мониторингін жүргізу және аэроғарыштық ақпаратты нақтылау үшін  суретке түсіру және шағын авиацияның көмегімен қадағалау өткізіледі.

     Аэрофотосуреттер  көмегімен алынған ақпарат ландшафтың физикалық элементтерін зерттелетін объектілерді фототон, түсі, геометриялық көлемдері мен басқа да бейнелену ерекшеліктері бойынша тану жолымен түсіндіріледі. Табиғи процестердің едәуір бөлігі суреттерде тікелей бейнеленбейді. Ол жанама түсіндірме белгілер негізінде анықталады. Мысалы, жанама белгілер бойынша жерасыту сулары, кейбір топырақ түрлері, табиғи процестердің даму кезеңдері және т.б. түсіндіріледі. 

     Жердің  жай-күйі мынадай карталар түрлерінде көрсетіледі:

  1. Жерді пайдалану картасы;
  2. Ландшафтық карта;
  3. Топырақтың эрозиясы мен дефляциясының картасы;
  4. Топырақ картасы;
  5. Жерді қайта ылғалдандыру және жылыту картасы;
  6. Жердің ластану картасы;
  7. Агрохимиялық карта және т.б. 

     Жер бетін қашықтықтан зондтау әдістерін  және аэроғарыштық құралдарды қолдану  түрлі техникалық құралдармен және түрлі биіктіктерден фотографиялық және картографиялық материалдардан тіркелетін түрлі масштабты видеодеректерді орналастыру мүмкіндігін береді.

     Аэроғарыштық  мониторинг жетістігі ақпаратты  алудың жоғары жеделдігімен, оны қазіргі  компьютерлік техниканың көмегімен өңдеу, сақтау, сыныптау және пайдалануды ұйымдастыру мүмкіндігімен  тұжырымдалады. Мысалы,  қашықтықтан зондтау деректері  төтенше экологиялық жағдайларды бақылау кезінде жедел ғарыштық мониторинг өткізу кезінде маңызды роль атқарады, сондай-ақ  бос қалудың мынадай параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді: қарашірік горизонтының қуаты, ауыл шаруашылығы алаптарының шығымдылығы, жер астындағы сулардың деңгейі, топырақ эрозиясының, желілік және жайпақтық параметрлері, өсімдіктің түрлері және т.б.

     Қашықтықтан зондтау экономикалық тиімді. Кейбір деректер бойынша гидрометеорологиялық қамтамасыз етуде спутниктік ақпаратты  пайдалану кезінде экономикалық шығындар сомасы мен зияндар оны  алу шығындарынан 10-15 есе асып кетеді.

     Сонымен бірге,  ауа мен спутниктен алынған түрлі деректер арасындағы корреляцияны іздестіруге негізделген қашықтық мониторингі жер бетіндегі зерттеу деректерімен салыстыру бойынша ақпарат бөлігінің шығынын көздейді. Сондықтан жер мониторингінің мұндай әдістемесі неғұрлым орынды және тиімді болып табылады, ол үш тәсілмен жиналған деректерді бір мезгілде пайдалануды қамтиды:

  1. Жерде – белгіленген кезеңге ақпарат жинау;
  2. Ауадан – шағын авиацияның жүйелі барлау ұшуларының көмегімен;
  3. Ғарыштан –көріністі немесе цифрлық деректерді спутниктік жүйелермен беру. 

     Жер ресурстарының  жай-күйін жедел  бағалауға арналған техникалық құралдар кешені  мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

    • Табиғи кешендердің жер учаскелерін, энергетика жүйелерін, өнеркәсіпті және байланысты олардың экологиялық және функциональдық жай-күйін айқындау мақсатында жер бетіндегі жедел және қашықтық зерттеулерді жүргізу;
    • Картографиялық жұмыстарды қамтамасыз ету үшін аэросуреттерге түсіру;
    • Геологиялық және гидрогеологиялық процестердің, аумақтардың, орман және су қорлары объектілерінің жағымсыз урбанизация процестерінің мониторингін жүзеге асыру;
    • Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың масштабтары мен салдарын анықтау және бағалау;
    • Мемлекеттік жер кадастрын  және жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету;
    • ҚР өкімет органдарының басқару шешімдерін қабылдау мақсатында табиғи және шаруашылық кешендерінің жер жағдайы туралы  жедел және нақты ақпарат алу;
    • Автоматтандырылған деректер базасын құру және жаңарту. 

     Жер мониторингі жөніндегі жұмыстарды одан әрі жүргізу және дамыту үшін жер мониторингінің технологиялық  және ақпараттық базасын құру; ҚР аумағында  жер мониторингін жағымсыз процестерді  дер кезінде алдын алу мен жою бойынша іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету үшін жер бетінде алып жүрумен қашықтықтан зондтаудың техникалық құралдарын қолданумен кезең-кезеңмен жүргізуді ұйымдастыру; басқа министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимылда экологиялық мониторинг жүйесінің құрамында   жер мониторингінің  көп деңгейлі ақпараттық жүйесін құру қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Каспий теңізінің қайраңында және жағалауында қашықтықтан аэроғарыштық зондпен тексеру технологиясын пайдалану 

     Каспий  теңізінің қайраңында және жағалауында  геологиялық барлау және мұнай өндіру жұмыстары жүргізіліп келеді, су айдынында  өндіріс орындарын ірі порттармен байланыстыратын кемелер жүретін  үдемелі көлік жолдары өтіп жатыр. Каспий теңізі экологиялық сезгіштік қасиетімен және биологиялық көп түрлілігімен ерекшеленеді. 

     Маңғыстау облысы теңіз және құрылықта мұнай  өндіретін Қаламқас-теңіз, Түпқараған, Құрманғазы, Арман, Қаражанбас, Қаламқас сияқты тағы басқа ірі кен орындары шоғырланған көмірқышқыл шикі затын өндірудің негізгі ауданы болып табылады. Жоғары экологиялық салмақты облыстың порттары (Ақтау, Баутино и Құрық) тартып отыр. Жағалаудағы мұнай өндіру нысандары - Қаламкас, Қаражанбас, Арман кен орындары Каспий теңізінің жағасында орналасқан және экологиялық бақуатсыз жағдайда.  Бұдан басқа, қоршаған ортаға нақты қауіп төндіретін, көбінесе Бозашы жарты аралының аймағында, сондай-ақ, әсіресе Қаражанбас аумағында шоғырланған су алып кеткен ұңғылар көп.

     Қоршаған  ортаның барлық бөліктері антропогендік  әсерге ұшырайды – атмосфералық ауа, су, топырақ және теңіз түбі, биологиялық қор. Сондықтан болып жатқан үдерістерді түсіну үшін қоршаған ортаның барлық бөліктеріне жүйелі түрде мониторинг ұйымдастыру қажет. Орта Каспидің теңіз ортасын зерттеу қоршаған орта және табиғи қордың компоненттері жағдайының қиығы болып саналады және ЕГСМ мақсаттарына қызмет етеді.

     Маңғыстау облысында ұйымдастырылған және қызмет етуші өндірістік мониторинг жүйесі аймақта Қазақстан Республикасының  қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады. Өндірістік мониторинг өндірістің санитарлық-қорғаныс аймағында шектелетін жұмысты қамтиды және табиғат пайдаланушылар жүргізеді. Аталған бағдарлама ауқымында негізгі мақсат болып, аймақтың қоршаған ортаға ең көп әсер етуші орындарда ірі масштабты мониторинг жасау (аймақтық мониторинг) болып саналады.

     Аймақтық  мониторингтің қорытынды мақсаты  болып:

  • басым ластаушы заттардың және қоршаған ортаның негізгі бөліктерінде шоғырлануын анықтау ;
  • топырақтың, судың және теңіз табанындағы шөгінділердің ластану масштабын анықтау;
  • үздіксіз бақылау тізбегінің қорытындыларын салыстыру мақсатында, үлгі алудың, зертханалық талдаулардың, мониторинг стансаларының орналасу орындарының  және бақылау сипаттамасының сабақтастық әдістемесін қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны қорғауды басқаруда шешімдер қабылдау үшін қажетті мәліметтер ұсынуды қамтамасыз ету;
  • басқару шешімдерінің және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткізілген шаралардың тиімділігіне талдау жасау үшін мәліметтермен қамтамасыз ету.     

     Мониторинг  келесі табиғат орталарында жүргізіледі:

а) Теңіз суының және табанындағы шөгінділердің, теңіз биологиялық қорының ластануына мониторинг  - жылына 2 рет (көктемдік және күздік);

б) теңіз жағалауындағы жер қыртысына, өсімдіктер және жануарлар әлемінің жағдайына мониторинг – қорғаныс аймағы (5 км) (термин и аумақ мөлшері  «Мұнай туралы» Заңғы сәйкес қабылданған) - жылына 2 рет (көктемдік және күздік);

      Арнайы  мониторингке аэроғарыштық мониторинг жатады. Ғарыштық зондтаумен зерттеудің бірінші кезеңінде жүргізілген мониторинг мұнай дақтарының ең көп жиілігі Ақтау порты маңында екендігін көрсетті. Шырақтарға жасалған ғарыштық мониторинг жұмыстарының қорытындысында бірінші кезеңде ең көп шоғырланған аумақтар және шырақтық жүйелердің әсері анықталды.

     Ғарыштық  мониторинг жүргізілу орнын (географиялық координатын көрсете отырып) көрсете  отырып,  екі бағыт бойынша  жүргізу қажет – кемеден төгілген мұнай және табиғат пайдаланушылардың нақты учаскелерінде шырақтарда газды жағу.

     Ақтау портында танкерлік флотты тиеу жұмыстарының және Ақтау п.акваториясында теңіз кемелерінің рейдтік тұрағының экологиялық қауіпсіздігі, сондай-ақ ермелі газды жою туралы бекітілген және келісілген бағдарламасының табиғат пайдаланушылар тарапынан орындалуына бақылау жасау мақсатында шырақтарға өткізілген мониторингтің қорытындысы теңіз аймағын және мұнайгаз кенорындарын ғарыштық бақылаудың материалдарымен құжаттануы қажет және кешенді тексеру жұмыстарын жүргізу үшін, тиісті құзыретті органдар шарасын алу үшін Тапсырыс берушіге жедел түрде табысталуы қажет.

       Осы кезеңде аэроғарыштық мониторинг  жүйесінің негізгі мақсаты болып  кемелерден төгілген мұнайды  бекіту және шектен шығармау, сондай-ақ шырақтарда газды жағудың  максималды дәл орындау және  мемлекеттік билік органдарына  төмендегілер туралы жедел хабарлау болып табылады:

  • Ақтау порты теңіз аймағында болған шығындар/апаттар (мұнайдың төгілуі) фактілері мен учаскелері туралы айына 1-2 реттен кем емес жиілікте және Тапсырыс берушінің арнайы құзыретті өкілдеріне (мұнай дағының ғарыштық суретін алғаннан кейін 3 сағат ішінде) жедел хабарлау;
  • Маңғыстау облысының аумағындағы теңіз аймағында болған шығындар/апаттар (мұнайдың төгілуі) фактілері мен учаскелері туралы айына 1-2 реттен кем емес жиілікте;
  • Маңғыстау облысы бойынша шырақ құрылғыларында газ жағу фактілері мен географиялық координаттары 1 километр аумағында анықталған орындары айына 3 реттен кем емес жиілікте.

      Шырақтар  туралы материалдарды алғаннан кейін  қажеттіліген қарай Тапсырыс берушінің  автокөлігімен арнайы техникалық жабдықтарды қолдана отырып, бозашы тобы инспекторлық тексеру жасалады.

      Ғарыштық  мониторинг мәліметтері кешенді  инспекторлық тексеру жүргізуге  қолданылады, тексеру ҚР Экологиялық  Кодексінің 119 Бабына сәйкес арнайы құзыретті  органдар қоршаған ортаны қорғау саласында құзыретті органдармен бірлесе отырып жүргізіледі. Ғарыштық мониторинг  мәліметтері ұсынылатын комиссия құрамы жұмыс үдерісінде анықталады.

  Мониторингке қойылатын талаптар

     Мониторинг  келесі заңнамалық нормативті актілер  негізінде жүргізілуі керек:

  • ҚР Экологиялық Кодексі;
  • ҚР Су туралы Кодексі;
  • ҚР Жер туралы Кодексі;
  • Қазақстан Республикасындағы теңіз аймақтарында және жағалауларда, сондай-ақ, ішкі су қоймаларында мұнай жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздіктің мөлшерін сақтау туралы ереже (09.07.99 ж. №182-11 ҚР табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің және ҚР энергетика, индустрия және сауда Министрлігінің  бірлескен бұйрығы).
  • Табиғатпайдаланушылардың шаруашылықты және басқа қызметті жүзеге асыруда қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаларын, экологиялық талаптарын және олардың сапа мөлшерін бұзуын шектеуші санкцияларды қолдану туралы басшылық (ҚР табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің 20.07.02ж. № 208-п бұйрығына №3 қосымша).
  • Қазақстан Республикасында мониторинг жүргізуге қолданылатын басқа да нормативті-әдістемелік құжаттар.

     Зерттеуге Маңғыстау облысының теңіз ауданы және құрылық қорғаныс аймағы жатады. Жүргізілетін мемлекеттік мониторингтің  ауқымында келесі тексеру жұмыстар қамтылуы қажет:

  • Солтүстік Каспидегі кен орындарына жақын орналасқан антропогендік әсерге көбірек ұшырайтын теңіз аймағының учаскелері: Қаламқас-теңіз, Құрманғазы, Дархан и Түпқараған;
  • Орта Каспидің болашақта игерілетін учаскелері: Қазақстан, Салтанат, Оқжетпес, Түркістан, Сары-Арқа, Ұлытау, Әл-Фараби, Нұрсұлтан, Ұлутас теңізі, Адай, Жеңіс и Қазақ шығанағы;
  • Ақтау, Баутино, Құрық порттарының антропогендік әсерге жиі ұшырағыш учаскелері;
  • Теңіз кемелері жүретін негізгі жол арналарының учаскелері;
  • Тарихи ластану учаскелері («Әзербайжанның 60жылдығы» бұрғысы);
  • Бозашы жартыаралының суға кеткен ұңғысы;
  • Қорғау аймағына жататын жағалаудағы кен орындарының учаскелері: Қаламқас, Қаражанбас, Арман,
  • Жиі пайдаланылатын табиғатпайдалану учаскелері: Ақтау порты (мұнай төгілу) және ғарыштық мониторинг әдісімен пайдаланылатын (шырақ) мұнай кен орындары.

     Мониторинг  жүргізу кезінде ластану көзі туралы материалдар және шығыстар, атындылар және қалдықтарды басқаруға  жататын басқа да мәліметтер пайдаланылуы керек. Мониторинг жүргізу кезінде  міндетті түрде өткен жылдардағы бақылаулардың қорытындылары ескерілуі керек, өткен жылдардағы мәліметтерді ескере отырып, 2009 жылы алынған мәліметтерге сараптама жасалуы қажет. Осы сараптама негізінде Каспий теңізінің теңіз ортасының және Маңғыстау облысының теңіз жағалауының экологиялық жағдайын жақсартуға мәліметтер шығару және шаралар мен нұсқамалар дайындау қажет. ГИСті қолдана отырып, картографиялық материалдар жасақталуы қажет.

     Мониторинг  бойынша жасалған есеп қысқа болуы  керек, оның мазмұны мониторингтің  ең маңызды мәнісін ашуы керек, негізгі мәтін қорытынды, шығарым және ұсыныстарға арналуы қажет, одан басқа есепте алынған мәліметтерді жинақтаушы кесте және мәліметтердің алынған көздері мен анықтама материалдары (ГОСТ) көрсетілуі қажет. 
 
 
 
 

            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Қазақстан Республикасының Халықаралық  ғарыштық мониторинг жүйесі Қазақстанда  құрылған және дамып келе жатыр.  1996 жылдан  бастап Қазақстан Республикасының территориясында спутниктен ғарыштық жүйесі жұмыс жасап келеді.

       Халықаралық ғарыштық мониторинг жүйесінің құрамына:өрт, тасқын, ауылшаруашылық дақылдардың жай күйін бақылау және бағалау, егіс аймағын болжау, экологиялық қауіпті аймақтарды, мұнайгаз секторының инфраструктурасын және урбанизация аймағын, су, орман ресурсының және сейсмологиялық қауіпті аймақтардың мониторингі кіреді.

      Қорытындылай келгенде, аэроғарыштық  мониторинг біздің елімізде қарқынды  дамып келеді.1990 жылға қарағанда қазіргі технологиялар жаңа және тиімді десек артық болмас. Мысаы: еліміз ғарыштық түсірістерді  IRS/P6(India), RADARSAT(Kanada) спутниктерін лицензиялық келісімдермен қолданып келеді. Ғарыштық мониторинг көмегімен біз алдын ала болжау жасай аламыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер 

Интернет  көзі

1.google.kz

2. Спивак Л.Ф., Шагарова Д.В., Бакашева А., Сагатдинова Г. Развитие базовой инфраструктуры Национальной системы космического мониторинга Республики Казахстан, Космические исследования и эксперименты Республики Казахстан, 2008. Т.2. С. 116-133. 

 


Каспий теңізінің қайраңында және жағалауында қашықтықтан аэроғарыштық зондпен тексеру технологиясын пайдалану