Каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігінің экологиялық жағдайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ
АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ
Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті
ТАҚЫРЫБЫ:
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ
СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ЖАҒАЛАУЫНЫҢ
Секция: ЭКОЛОГИЯ
Орындаған: Мадарова Ләззат
Жетекшісі: АДИЛХАНОВА ЛАУРА АМАНЖАНОВНА
Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің оқытушысы
Ақтөбе қаласы, 2012 жыл
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау мәселелері кең ауқымды қаралу үстінде. Соның ішінде Каспий теңізінің экологиялық жағдайы теңіз жағалауындағы мемлкеттерді қатты алаңдатуда. Яғни теңіздің көмірсутегі ресурстарына бай болуы, экологиялық проблеманы туындатып, қоршаған ортаны қорғау мамандарын қатты алаңдатып отыр.
Тақырыптың өзектілігі. Жер бетінде экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті.
Каспий теңізіндегі көмірсутегі ресурстарын жаппай игеру кезінде болуы мүмкін техногенді апат және ауа мен судың ластануы экологиялық маңызы бар проблемаға айналып, қоршаған ортаны қорғау мамандарын қатты алаңдатып отыр. Өйткені мұнайды тасымалдау мен өндіру кезінде болып жатқан теңіздегі апаттар, отандық және шетелдік компаниялардың жұмысы Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін әзірге қамтамасыз ете алмайтығын дәлелдеп берді. Сондықтан да Каспий теңізінің ахуалы жылдан-жылға қиындай түсуде. Теңіздің деңгейі жыл сайын көтеріліп, (1999 жылы ол 17,2 м) айнала 20 -30 шақырым жерді су басуда. Мұнай кәсіпшіліктерін ауық-ауық су басып кетіп, оның төңірегі шайылып, теңізге қосылып, айдынның күрт ластануына әкеліп соқтырды. Химия зауытының қалдық суларының қосылуы салдарынан теңіздің фенолмен ластану мөлшері әдеттегіден 9 есе жоғарлағаны байқалды. Мұнай және мұнай өнімдерінен неғұрлым көбірек ластанған сайын адам организміне де, малға да зиянды заттардың көбею қаупі туып отыр.
«КазНИИЭК» Республикалық мемлекеттік мекемесінің далалық зерттеулер қорытындысы бойынша, теңіз суының агрессивті әсеріне су басу территорияларында қалған тоқтатылған мұнай-газ ұңғымаларының бетондары шыдамайды. Ал бұл жағдай теңіз суының мұнай өнімдерімен және пласталық сулармен ластануына әкеледі.
Аталған мәселелерді шешу үшін, ең алдымен, қоршаған ортаға әсерін тигізетін барлық факторларды анықтайтын кешенді шаралар жүргізу керек. Ол үшін ғылыми - іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, қоршаған ортаға зиян келтіретін техногендік әсерлерді жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы болжамдау болып табылады.
Тақырыптың көздеген негізгі мақсаты. Қазіргі кездегі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне сәйкес Каспий теңізінің солтүстік – шығыс жағалауындағы су ресурстарының экологиялық жағдайын зерттей отыра, теңіздің бүлінуіне жол бермеу және тазалығын сақтауға үлес қосу.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Каспий теңізінің солтүстік – шығыс жағалауындағы су ресурстарының экологиялық жағдайын жұмыс барысында қарастыра отырып, Солтүстік Каспий мен Жайық өзені суларының мониторингтік сараптама қорытындылары берілді.
2. Негізгі бөлім
2.1. Каспий теңізі мен Атырау облысының климаттық-географиялық жағдайына сипаттама
Каспий теңізі Жер шарындағы ең ірі тұзды көл, бірак көлеміне, даму тарихына, физикалық-географиялық процестердің сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады. Каспий теңізіне Кавказдың шығыс жағын мекендеген байырғы тайпа аты қойылған. Ежелгі тарихи аттары: Гиркан, Хвалын, Хазар.
Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 км, орташа ені 495 км., жағасының үзындығы 7000 км. Ауданы 371000 км2 (1929 жылы 422000 км2 болатын). Су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5м төмен. Ең терең жері - 1025м. Ірі шығанақтары: солтүстігінде Кизляр, Комсомол; шығысында Маңғыстау, Кендірліқазақ, Қара-Бұғаз-Көл, Красноводск; батысында Аграхан, Баку қойнауы. Оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары (жалпы ауданы 350 км2) бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылыой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем (жылдық ағын жиынтығы Каспий теңізіне күятын өзен ағындарының жылдық нормасының 88%-ы); батыстан Сулақ, Самур, Кура (су балансындағы кірістің 7%-ы) оңтүстігіндегі Иран жағалауынан Горган, Сераз, Сефидруд өзендері (жылдық өзен ағындарының 5%-ы) күяды. Шығыс жағалауында тұрақты ағынды өзендер жоқ.
Жағалауы. Солтүстік жағалауы ойпатты, жатық. Мұнда теңіз суының шалқып шегінуі эсерінен кең алқапты қайраң қалыптасқан. Өзен сағаларында (Еділ, Жайық, Терек) атыраулық жаға ұлғаюда. Батысы мен шығысындағы Маңғыстау жағалауы жарқабақты абразиялық жаға, батыс жағасының кейбір жерлері, Қара-Бұғаз-Көл қайрандары Красноводск түбегінен бастап оңтүстікке қарай аккумуляциялық жаға болып келеді.
Рельефі. Каспий теңізі түптік рельефі мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Каспий, Орталық жэне Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Солтүстік бөлігінің ауданы 80000 км2, орташа тереңдігі 4-8м. Теңіз түбінің рельефі белесті келген аккумуляциялық жазық қайырлар жэне аралдар тізбегінен қалыптасқан. Солтүстік Каспий Орталық бөлігінен Маңғыстау шұңғалы арқылы бөлінген. Орталық Каспийдің ауданы 138000 км2; мұнда теңіздің түптік шұңғымасы (Дербент шұңғымасының ең терең жері 788м) шельфі және құрлықтық беткейі айқын байқалады. Құрлықтық беткейінде су астылық жылжымалар, каньондар және ежелгі аңғарлар көп. Оңтүстік Каспий Орталық бөлігінен Апшерон шоңғалы арқылы бөлінген. Оңтүстік Каспий табаны абиссальды жазық (ені 30 км) болып келетін шұңғыма меншельфтен тұрады.
Климаты. Каспий теңізін ауаның қысқы Азия максимумы мен жазғы Азор максимумының және оңтүстік Азия минимумының тармақтары басып өтеді. Осыған байланысты ауа райы антициклонды болып, қысы суық, жазы құрғақ, жауын-шашыны аз континенттік климат қалыптасқан. Климатына циклонды ауа райының тигізетін әсері (ені шамалы, солтүстік, орталық бөліктерінде жел қазан-сәуір айларында шығыстан, мамыр-қыркүйек айларында солтүстік-батыстан соғады) оңтүстігінде муссондық желдер байқалады. Апшерон түбегінде (әсіресе күзде), орталық бөлігінің шығысында, солтүстік бөлігінің солтүстік батысында желдің екпіні өте күшті, кейде олардың жылдамдығы 24 м/с-тен асады.
Жылы айларының орташа температурасы +24+26°С, абсалют максимумы (+44°С) шығысында байқалады. Қысқы айларында - 10 - 12°С. Каспий теңізінің айдынында жылына орта есеппен 200мм, ал батыс жағалауына 1700мм жауын-шашын түседі. Буланудың орташа жылдық мөлшері 1000 мм, ал Апшерон түбегінде 1400 мм-ге жетеді.
Флорасы мен фаунасы. Каспий теңізі флора мен фаунаға кедей. Өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрлері бар. Өсімдіктер арасында көкжасыл және диатомды балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде қызыл және қоңыр балдырлар да өсе бастады. Гүлді өсімдіктерден зостелер мен руппилер кездеседі. Каспий теңізінде неоген дәуірінде жаралған фауна түрлері көп. Оларға бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, бұзаубас балық, дрейсен және жүрекше моллюскілер жатады. Мұнда арктика теңіздерінен (Каспий итбалығы), Жерорта теңізі алабынан қоныс аударған жануарлар мен балықтардың 15 түрі мекендейді.
Шаруашылық маңызы. Каспий теңізі ежелден құнды балық түрлеріне бай. Бекіре тұқымдас балықтар, майшабақтар, тұщы су балықтары (табан балық, көк серке, сазан, т.б.), итбалық ауланады. Соңғы кезде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне, Еділ бойына гидротехникалық құрылымдардың салынуына, теңізге өндірістен шыққан лас сулардың құйылуына, теңізден мұнай өндірілуіне байланысты балық мөлшері азаюда. Егер 1936 жылы 500000 кг балық ауланса, 1956 жылы 461000 кг-нан аспады, әсіресе бекіре тұқымдас балықтар мен майшабақтар өнімі кеміп кетті. Қазір оларды өсіру жұмыстары жүргізілуде[1].
Атырау облысы Қазақстан
Республикасының батысында орна
Атырау облысының жалпы ауданы 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды және облыста шамамен 452 мың адам тұрады. Экономикадағы басты орынды өндіріс орындары алады. Оның үлесіне облыстың тұтас қоғамдық өнімнің 80%-ы тиеді. Алдыңғы қатардағы мамандану салалары: отынды (мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін), химиялық және балық шаруашылығы болып бөлінеді. Облыс территориясының үлкен бөлігін Каспий маңы ойпаты алып жатыр.
Атырау облысы су ресурстарына өте кедей. Каспий маңы ойпатының жер үсті су көздері ретінде Жайық өзені, Еділ өзенінің шығыс атырауындағы салалары: Ойыл, Сағыз, Қайнар және Жем өзендері құрайды. Ал жер асты су көздері ретінде Тайсойған, Құнды және Жаңасой жерлері құрайды.
Атырау облысы мұнай мен газға бай (Жайық-Ембі мұнайлы аудан). Мұнай қоры геологиялық болжам бойынша 7 млрд. тоннаны құрайды.
Мұнай-газ аудандарын бағалау, көмірсутектердің геологиялық ресурстары 25,8 млрд. тоннаны, газдың қоры 2 трлн. м3-ты құрайды. Мұнайдың негізгі қорлары Теңіз кен орны және Каспий теңізінің шельфінің үлесіне тиеді. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының барлық қоры бойынша жартысын құрайды.
Мұнай өндіру және өңдеу кезінде бөлінетін зиянды заттардың 70%-ы атмосфераға, 20%-ы су көздеріне және 5%-ы топыраққа енеді. Эксперттердің бағалауынша барлық өндірілетін мұнайдың 3,5%-ы мұнай кәсіпшіліктерінен жоғалтылады. Мұнайдың кейбір мөлшері жинау жүйесінде, кәсіпшіліктердегі айырылуда (сепарация) және құбыр жолымен тасымалдағанда жоғалады.
Облыстағы мұнай өндіру Жылыой, Мақат және Исатай (Жайық жэне Еділ өзендерінің аралығы) аудандарында және де аздап Қызылқоға аудандарында жүйеленген. Мұнайды Каспий теңізінен перспективалық түрде өндіру Шығыс және Батыс Қашаған учаскелерінде күтіліп отыр. Атырау облысы мұнай өндіруші кәсіпорындардың 2003 -2010 жылдар аралығындағы мұнай өндіру және мұнай өндіру кезіндегі газды жағу көлемі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. 2003-2010 жж. аралығындағы мүнай өндіру және мұнай өндіру кезіндегі газды жағу
(мың тонна)
Мүнай өндіру |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
ТОО «ТШО» |
6999,2 |
8600 |
9586,6 |
10499,4 |
12480,8 |
12600 |
12750 |
12748
|
ААҚ «Ембімұнайгаз» |
2584,0 |
2366,8 |
1899,6 |
1930,2 |
2400,3 |
2600 |
2630 |
2713 |
(млн. м3)
Газды жағу |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
ТОО «ТШО» |
939,2 |
1617,9 |
1810,4 |
1760,7 |
1273,9 |
533,8 |
620,8 |
ААҚ «Ембімұнайгаз» |
29,8 |
28,9 |
36,9 |
27,1 |
74,1 |
77,0 |
79,0 |
Облыстың су ресурстары 28,0 км3 құрайды, соның ішінде Жайық өзені бассейні 11,4 км3, Еділ өзені бассейні - 13,4 км3 және біздің облысымыздағы Ойыл, Сағыз, Жем өзендерінің бассейні - 1,5 км3 құрайды.
Іргелес территориялардан келетін беткі су ағыны 21,3 км3 құрайды (бассейндегі су қорының 76%-ы). Қажетті санитарлық жэне экологиялық жағдайды, булану және фильтрация кезіндегі суды жоғалтуды және т.б. есептегенде бассейн шекарасында тек қана 4,9 км3 беткі су ағыны қалыптасады. Бассейннің ерекшелігі: Еділ өзені сағасы болып саналатын Қиғаш өзені бассейннің беткі ағысын қолдануға өзінің кедергісін келтіреді. Сондықтан бассейннің негізгі артериясы ретінде Ресей территориясында 8,25 км3 ағьн қалыптасатын Жайық өзені саналады.
Атырау облысы бойынша мұнай өндіретін және өңдейтін салалық 25 кәсіпорын жұмыс істейді. Облыс бойынша өзендерді ластайтын ірі кәсіпорындар қатарына ТШО, «Ембімұнайгаз» ААҚ, АМӨЗ, АНУ, КНУ, Аджип ҚКО, ТЭЦ және Атырау қаласында, Жылыой, Қызылқоға, Исатай аудандарында орналасқан ауылшаруашылық кәсіпорындары зиянды әсерін тигізеді. Облыс бойынша жыл сайын булану аймағындағы жер асты горизонттарын толтыру нәтижесінде өзенге 32,7 млн м3 су құйылады. Бар кәсіпорындардың барлығы пластқа ұңғымалардан алынатын суды толтыра бермейді. Мұнай кәсіпшіліктерінің территорияларына шамамен 1 млрд. м3 пласталық және шахталық су кұйылған.
«Казгидромет» жүргізген мониторинг Жайық өзенін «тазалар» қатарына жатқызады. Бірақ лабораториялық анализдерге сүйенсек, темір -3 есе, АПАВ 1,6 есе ШРК-нан (шектеулі рауалы концентрациясы) асып түседі. Оған қоса, теңіз суында темір ШРК-дан 10 есе артық [2].
2.2. Мұнай мен газ саласындағы экологиялық проблеммалардың туындауына негіздеме
Атырау облысындағы экологиялық қауіп-қатер туғызатын негізгі көздер болып ластанған ағын суы ретінде сұйық қалдықтар саналады. Қазіргі уақытта «Тухлая балка» тұндырғышында көп мөлшерде қатты ластанған (200 ШРК дейін мұнай өнімдері, 20 - 80 ШРК дейін фенолдар, оған қоса, хлоридтер, аммоний тұздары, сульфаттар, ауыр металдар - мыс, мырыш, хром, және т.б.) сұйық қалдық (шамамен 50 - 70 млн. м3) жиналып қалған [3]. Жалпы мұнай қалдықтарының фазалық құрамы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Мұнай қалдықтарының фазалық құрамы, %
Компонент |
Мұнай шламы |
Амбарлы мұнай |
Грунт суының мұнаймен ластануы |
Органикалық бөлік |
81,8 |
84,9 |
27,2 |
Су |
8,1 |
7,1 |
1,0 |
Минералдық бөлік |
10,1 |
8,0 |
71,8 |
Грунт суының мұнаймен ластануы органикалық құрамы парафинді мұнайдың аздаған мөлшері (6,5 мас.%), бірақ ароматты майдың жоғары мөлшері (28,1) анықталған. Мұнда мұнай шламымен салыстырғанда шәйір өте көп (мае. %): петроло-бензолды - 35,8; спиртті-бензолды - 14,6; бензолды - 3,1; асфальтенттердің мөлшері өте көп - 11,9 мас.%. Бұл көрсеткіштер бойынша көмірсутекті фаза мұнаймен ластанған грунтты жоғары шәйірлілер қатарына жатқызуға болады [4].
Қазіргі уақытта өз ресурстарын пайдаланатын көптеген мұнай ұңғымалары бар. Олардың ішіндегі кейбіреулері тоқтатылған, ал басқалары тоқтатылусыз иесіз қалдырылған. Каспий теңізі деңгейінің екі метрге немесе одан да жоғары көтерілуі 1978 жылдан 1995 жылға дейін созылды және бойлық төмендеуі 30 км-ге созылды.
Геология комитетінің деректері бойынша Каспий теңізінің су басу территорияларында Атырау облысында 68 мұнай-газ ұңғымалары су астында қалып қойды.
«КазНИИЭК» Республикалық мемлекеттік мекемесінің далалық зерттеулер қорытындысы бойынша, теңіз суының агрессивті әсеріне су басу территорияларында қалған тоқтатылған мұнай-газ ұңғымаларының бетондары шыдамайды. Ал бұл жағдай теңіз суының мұнай өнімдерімен және пласталық сулармен ластануына әкеледі.
Дүниежүзілік тәжірибеде теңізге мұнай төгілуін анықтайтын үш саты бар. Біріншісінде, кәсіпорын апатты өз күшімен ауыздықтайды. Екіншісінде, өзге компаниялардың жәрдеміне сүйенеді. Үшіншісінде, халықаралық көмек күтеді. Яғни, апат деңгейі ауқымды болса, қолданылар шара да көлемді болмақ [5].
Қазір су басып кетуі ықтимал аймақта 1485 мұнай ұңғымасы мен 19 кен орны бар. 1452 ұңғымасы бар 12 кен орны - «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы қорында. Басқалары бастапқыда иесіз қалып, кейін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берілген. Қазір Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп келеді. Мұндай жағдайда тағы 2650 ұңғыма су астында қалуы әбден ықтимал.
№76 ұнғыма Жылыой ауданындағы
мұнайлы кен орнынан оңтүстікке қарай
11 -12 км-де, 2,7 км шығысқа қарай
триангуляциялық пункттен абсолюттік
бағамен минус 26 тереңдікте орналасқан. Ұңғыма иесіз,
өзен суы мал суаруға пайдаланады.
Ұңғыма сағасы
суқоймада орналасқан. Ұңғыма 168 мм шегендеу
құбырлар трубасына ие. Жоғарғы бөлігі
басып тасталған.
Су қапталдағы саңылаулардан фонтандап атқылайды.
№87 ұңғыма Жылыой ауданынан солтүстік-шығыска қарай Досмұхамбет кен орнынан 3 - 4 км қашықтықта орналасқан. Ұңғыманың иесі анықталмаған. Ұңғыманың суы өнеркәсіпті техникалық сумен қамтамасыз етуге қолданылады.
Ұңғыма маңының топырағы тұзды [2].
№37 ұңғыма (Теңіз). Бұл ұңғымада 398 күн бойы, яғни 1985 жылдың 24 маусымынан 1986 жылдың 27 шілдесіне дейін фонтан жанып, атқылады. Фонтан карбон шөгінділерінен атқылады. Жалынның биіктігі 180-200м. Жалын бағанасының диаметрі 50м. Ұңғыма сағасының маңындағы температура 180-200°С құрады. Ұңғыма маңындағы жыныс температурасы +440°С дейін жетті. Фонтан атқылаған кезде ауада 3,5 млн.т мұнай; 1,7 млрд.м3 газ жанып кетті. Соның ішінде 516 мың.т күкіртсутек, 900 мың.т күйе пайда болды. Ұңғыма сағасы маңындағы күкіртті газдың концентрациясы 1100 ШРК жетті. №37 ұңғымасының мұнай фонтанының эсер ететін радиусы 300-350 км құрады.
Атырау облысының Жылыой ауданындағы тұрғындардың ауруы 2,5 есеге ауысты. 200 мың тұрғын келеңсіз әсерге душар болды. Шамамен 200 мың құс қырылды.
«КазНИЭК» Республикалық мемлекеттік мекеме 2004 - 2005 жылдар аралығындағы далалық зерттеулер Атырау облысындағы экологиялық жағдайдың күрделі екеніне куә. Облыс территориясындағы мұнай мен газды қарқынды өндіру Атырау облысының қоршаған ортасына техногендік қиындықтар түседі. Осыған байланысты облыстағы экологиялық ахуалды күшейтпеу үшін қоршаған ортаға лақтырылатын зиянды заттарды азайтатын мұнай мен газ өндіруде жаңа технологияларды, қалдықсыз технологияны енгізу керек [3].
2.3. Мұнай газ саласының қоршаған ортаға тигізетін әсерінің негізгі көздері, нысандары және түрлері
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түсті. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырып, жер қойнауы жедел игеріле бастады.
Жер бетінде экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті.
Қазір Қазақстандағы 182 млн. гектар жайылымның 110 млн. гектары (60%) әр түрлі деңгейде зиян шекті. Жер қойнауынан жылына 360 млн. тонна шикізат алынады. Елде 21 млрд. тонна қалдықтар жиналған. Жиналған қалдықтардың басым бөлігі минералды - шикізат кешеніне келеді. Жер қыртысының ластануы көптеген жағдайларда мұнай барлау, мұнай өндіру және мұнай өңдеу жұмыстарымен байланысты. Сонымен бірге, өндірістік, коммуналдық, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қалдықтарын, минералды шикізаттарды, пистицидтер мен гербицидтерді және химиялық тыңайтқыштарды сақтау кезінде олар мұқият қымталмаса, ол жерлерде ластану ошақтары пайда болуы мүмкін. Қалдықтар қатты және сұйық болып бөлінеді. Сондай-ақ, бұрғылауда пайдаланылатын ерітінділер қалдығы мен ұнтақтар да қоршаған ортаға: жерге, ауаға, жер бетіндегі және жер астындағы суға таралып, зиянды заттар қатарына қосылады.
Қоршаған ортаның ластану мәсел
Қоршаған ортаның ластану көздері мен типтері табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану көздеріне көмірсутегі шикізатының құрамында мұнай өнімдері бар тау жыныстары мен ауыр металдардың жер бетіне шығып кетуі жатады.
Техногендік ластауға әдетте мұнай - газ өнімдерін өндіру, тасымалдау, қоймаларда сақтау кездерінде төгіліп, ауаға ұшып, жерге төгілетін улы заттар жатады. Ауаға таралатын заттар 60 шақырымдық қашықтыққа дейін жетсе, қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, мұнай мен газ факельдерде жанғанда, жабдықтар бүлінгенде, мұнайды құюда, олардың мұнай амбарларында булануы нәтижесінде осындай жағдайлар болады.
Ластағыш заттардың қоршаған ортаға таралу сипаты жағынан: желілік және алаңдық болып бөлінеді. Ластаудың желілік көзіне жататындар: темір жол, автокөлік магистральдары және мұнай-газ құбырлары. Ал алаңдық көздеріне, негізінен, көмірсутегі және минералды шикізаттарды өндіріп жатқан учаскелер мен оның айналасы жатады.
Сонымен, жер қыртысының ластану көздері:
- тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау және сыртқа шығару жүйесі болмағандықтан;
- қалдықтарды су түбінің лайын тазалағанда экологиялық талаптарды бұзу салдарынан;
- мал шаруашылығы кешендерінде ауыл шаруашылығы қалдықтарына химиялық қалдықтарды сақтау, тасымалдау ережелерін сақтамағандықтан;
- су құбырларының, кәріздің дренаж жүйелерінің қирауы; суаратын судың ластануы;
- өндірістік кәсіпорындардың, көліктердің, жанып тұрған факельдердің шығаратын қалдықтарынан ауаның ластануы;
- улы қалдықтарды көметін полигондардың болмауы;
- ядролық және ракеталық полигондар жұмысының зардаптары;
- өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату, қайта өңдеу кәсіпорындарының болмауы;
- радиоактивті қалдықтармен жұмыс ережелерін бұзу салдарынан;
- мұнай құбырларының бұзылуы, қоймалардан мұнайдың төгілуі, құрал-жабдықтардың бұзылуы, ашық мұнай-газ фонтандары.
Жер қыртысының ластану себептері:
- қатты тұрмыстық қалдықтардың тазалануы, сілтіден айырылуы;
- өндірістік қалдықтардың ағуы, сүзілуі, сілтіден айырылуы;
- ауыл шаруашылығы қалдықтарының ағылуы, сүзілуі, сілтіден айырылуы;
- ластанған сумен суару, жер асты суларының ластануы;
- кендер мен көмірсутегі шикізаттарын барлау, пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде оның құрамына ластағыш заттардың еніп кетуі;
- әскери полигондарда ракета отындарынан улы қалдықтардың төгілуі;
- ауаға ластағыш заттардың (күл, ауыр металдардың қалдықтары, қышқылды жауын) түсуі;
- радиоактивтік ластану (ядролық полигондар, мұнай мен газ өндіруде жер асты суларының радиоактивтілігі) сияқты салдарынан жер қыртысының ластануы.
Қазіргі кезде жер қыртысындағы химиялық заттардың шектеулі рауалы концентрациясы (ШРК) жөнінде бірыңғай әдістеме жоқ. Әр елде ШРК мөлшері әр түрлі болып белгіленуі аумақтың экологиялық жағдайын бағалауда қиындық келтіріп отыр.
Ауыл шаруашылығы жеріндегі топырақтың белгіленген
шектеулі рауалы концентрациясы (ШРК) мөлшері
Элементтер |
ТМД елдері |
Ұлыбритания |
Франция |
ФРГ |
ЕЭС директивалары |
Күшала
|
2,0 |
10,0 |
- |
- |
- |
Бор |
- |
3,25 |
- |
- |
- |
Кадмий |
- |
3,5 |
2,0 |
3,0 |
3,0 |
Хром |
0,05 |
600 |
150 |
100 |
100 |
Мыс |
40 |
140 |
100 |
100 |
100 |
Темір |
- |
500 |
- |
- |
- |
Сынап |
2,1 |
1,0 |
1,0 |
2,0 |
- |
Молибден |
- |
4,0 |
- |
- |
- |
Никель |
4,5 |
35,0 |
50,0 |
50,0 |
50,0 |
Қорғасын |
20,0 |
550 |
100 |
100 |
100 |
Скандий |
- |
3,0 |
10,0 |
- |
- |
Мырыш |
15,0 |
280 |
300 |
300 |
300 |
Мұнай өндіруде бір ғасырдан астам тарихы бар Атырау облысы үшін мұнай жер қыртысын, сулар мен ауаны ластайтын негізгі көзге айналып отыр. Мұнай кәсіпорындарындағы және оның маңындағы жүргізіліп отырған байқау - сараптама жұмыстары мұнда жер бетінің ластануы 6-10, 13 - 30г/кг екендігін, ал су бетіндегі мұнай өнімдерінің құрамы 0,6-дан 4,6 мг/л-ге жететіндігін көрсетеді.
Мұнай өндіріліп жатқан жердің топырағына механикалық қалдықтардың, құрылыс материалдарының, мұнай өнімдерінің, химиялық заттардың қалдықтары, жанар-жағар майлар (көліктерге май құю станциялары, автобазалар, теміржол станциялары) және де тұрмыстық қалдықтар кері әсерін тигізеді.
Жалпы Атырау облысы жүргізген зерттеу бойынша экологиялық ахуалы қанағаттанғысыз жағдайда екендігі дәлелдеп отыр. Әсіресе, Теңіз кен орнының аумағы адам өміріне аса қолайсыз деп есептеледі. Мұнай игеру жұмыстарының салдарынан бұл аймақта химиялық улы заттар жер қыртысына еніп, ШРК мөлшері қалайыдан - 6 есе, фтордан 5 - есе, бордан - 20 есе, никельден - 2,5-13 есе, хромнан - 11 есе, темірден - 8 есе, скандийден - 4 есе, ион нитратынан - 20 есе көп екені анықталды. Ұзақ мерзімге (40 жыл) есептелген жер асты байлықтары игеру процесінде бұл аймақтың экологиялық ахуалы қиындай түседі деп күтілуде.
Аталған мәселелерді шешу үшін, ең алдымен, қоршаған ортаға әсерін тигізетін барлық факторларды анықтайтын кешенді шаралар жүргізу керек. Ол үшін ғылыми - іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, қоршаған ортаға зиян келтіретін техногендік әсерлерді жаңа инновациялық технологияларды колдану арқылы болжамдау болып табылады.
2.3.1. Мұнай мен газдың табиғатты ластауға әсер ететін негізгі факторлары
Көмірсутегі шикізатының үдемелі қарқынмен өндірілуі, оны сыртқы және ішкі рынок магистральдарымен тасымалдануы жэне өңдеулі мұнайдың, мұнай-газ өнімдерінің резервуарлық парктерін және өңдеу кәсіпорындарының кәсіпшілік учаскелерін шұғыл ұлғайтуды талап етеді. Соған байланысты қоршаған орта, ауа, су, жердің экологиялық ахуалы алаңдатады. Адам әрекеті айрықша әсер еткен табиғи компонеттерінің бірі - су көздері. Адамның суды пайдалану мөлшері бүкіл дүниежүзі бойынша жылма-жыл артып келеді.
Қазіргі кезде халықтың
басым көпшілігі дамыған
Суды орынды, ысырапсыз пайдаланудың және оны ластаудан, буланудан сақтаудың жер бетіндегі су ресурстары өте тапшы Атырау облысы үшін аса зор мәні бар мәселе. Мұнда жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету әзірге 1,1 мың текше метр (бұл көрсеткіш Республика бойынша - 6,1 мың текше метр) ғана болып отыр. Оның үстіне қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ескермей, ресурстардың барлаған сайын көп бөлігін шаруашылық айналымға үсті-үстіне коса беру су тапшылығы проблемасына қоса климат жағдайының адам өміріне күрт қолайсыздануы күннен-күнге экологиялық жағдайды қиындатып келеді, судың сапасы да нашарлап барады. Жайық өзенінен бактериялық құрамды анықтау үшін алынған жалпы сынаманың 90%-ы судың ішуге жарамсыздығын көрсетті. Мамандардың қорытындылары бойынша Атырау қаласы ауруларының 20 -30 %-ы осы жағдайлардан туындаған [6].

- Каспий теңізінің экологиялық
- Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
- Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
- Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
- Каспий теңізінің экологиялық проблеммалары
- Каспий теңізінің экологиялық проблеммалары
- Каспий теңізінің экологиялық проблеммалары
- Каспий теңізі
- Каспий теңізі
- Каспий теңізі
- Каспий теңізі және оның экологиясы
- Каспий теңізіне анықтама
- Каспий теңізінің қайраңында және жағалауында қашықтықтан аэроғарыштық зондпен тексеру технологиясын пайдалану
- Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі