Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
ЖОСПАР
- КІРІСПЕ.......................
.............................. .............................. ................3
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Каспий теңізіндегі кеме қатынасының даму тарихы................5
- Каспийдің проблемалары мен мүдделестіктері...............
...........7 - Каспий теңізінің халықаралық құқықтық мәртебесі.............13
- ҚОРЫТЫНДЫ.....................
.............................. .............................. ....24 - ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
........26
Кіріспе
Қазақстан Республикасы президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
1997 жылғы Қазақстанның алдағы ұзақ
мерзімдік даму жоспарын айқындаған
«Қазақстан 2030» саяси-стратегиялық
бағдарламасының бесінші
Аспанмен астасқан таулардан да, ұшқан құстың қанаты талар жазиралы даладан да, қойнауы толы қазынадан да таршылық көрмеген қазақ даласының табиғи су көздеріне деген жұтаңдығы барған сайын өткір сезіле бастағандай. Осы орайда қазақтың маңдайына біткен жалғыз теңіз – кәрі Каспийдің маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Аралдан айрылдық. Енді Каспий теңізінің табиғи тепе-теңдігін, қазіргі қалпын сақтап қалудың тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи да, өмірлік те көкейкесті мәселе екендігі даусыз. Оның үстіне кәрі теңіздің қойнауы тұнған қара алтынның құт қоры егемен еліміздің экономикасы мен барыс бейнелі болашағы үшін баламасыз қозғаушы күш екендігі де ақиқат. Мұнай – байлық, мұнай – саясат. Ендеше, Азия мен Еуропа құрлығының арасында орналасқан Каспий теңізінің егемен еліміз үшін ерекше геосаяси және геостратегиялық артықшылықтарын да жоққа шығара алмаймыз. Қазақстан шекарасы Каспий теңізі жағалауының 2320 шақырымын алып жатыр. Сондықтан Каспий теңізінің тағдыры Қазақстан Республикасының бүгіні мен болашағының ажырағысыз құрамдас бөлігі.
Негізінен Каспий теңізі төрт құбыласы түгелдей құрлықпен шектесетін Жер бетіндегі ең үлкен көл болып табылады. Еуропа мен Азия құрлықтарының қилысында қоныс тепкен бұл су қоймасы өте үлкен көлеміне қарай теңіз деп аталады. Ғалымдардың пікірінше, осыдан 10 миллион жылдай бұрын Сармат теңізінің әлемдік мұхиттармен байланысы үзіліп, екі бөлікке – Каспий теңізі және Қара теңіз болып бөлінген. Қазіргі таңда Каспий теңізінің жалпы көлемі шамамен 371 000 шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл Жапония сияқты мемлекеттің жалпы аумағымен пара-пар. Ол оңтүстіктен солтүстікке 2200 шақырымға дейін, батыстан шығысқа 370 шақырымға дейін созылады. Теңіздің ең үлкен тереңдігі 1025 метрге жетеді. Каспий шартты түрде үш бөлікке – Солтүстік Каспий, Орта Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді.
Каспий теңізінің жағалауы бүгінде тәуелсіз 5 мемлекеттің шекараларымен шектесіп жатыр. Жоғарыда айтып өткеніміздей, теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс жағалауларында Қазақстан шекарасы 2320 шақырымды, оңтүстік-шығыс жағалауында Түркіменстан шекарасы 1200 шақырымды, оңтүстік-батыс жағалауында Әзірбайжан шекарасы 955 шақырымды, оңтүстік жағалауында Иран шекарасы 724 шақырымды, батыс және солтүстік-батыс жағалауында Ресей шекарасы 695 шақырымды алып жатыр. Міне, осы деректерден анық көрініп тұрғанындай, Каспий теңізі жағалауының үштен бір бөлігінен артық аумағы Қазақстан иелігінде. Осының өзі-ақ қарт теңіздің қазынасы мен тағдырының егемен еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін қаншалықты көкейкесті екендігін көрсетсе керек.
Мамандар мен ғалымдардың
Негізгі бөлім
- Каспий теңізіндегі кеме қатынасының даму тарихы
Каспий маңындағы жерлерді
игеру мен жаулап алу Ресейде
христиандық пен Каспийдің
ХІХ ғасырдың басында Каспийде өтірігі мен шыны аралас Ресей, Ұлыбритания, Франция мен Германия Каспийде өз билігін нығайтқысы келді. Иран олардың арасында бұлтаруға тура келді. 1801 жылы ол Ұлыбританиямен шарт жасасты, соған сәйкес Ұлыбриатния оған әскери қақтығыс кездерінде әскери көмек көрсетуге сөз бері (ІV бап). Осы құжат Иранның басқарушы тобын Ресеймен қарым-қатынасының ушығуына және соғысқа итермеледі.
Бірақ, соғыста бірнеше
рет жеңілісінен кейін Иранның
шахы 1805 жылы шартпен келісілген
көмекті сұрауға мәжбүр болды,
Англия барлық теңіз
Жоғарыда келтірілген мәліметтер каспий маңы жерлері мен Каспийді иемдену үшін Ресей мен Персия, сонымен бірге Ресей мен Ұлыбритания арасындағы қақтығыстардың себебі болған сол кезеңде Каспий теңізінің халықаралық-құқықтық статусы қалыптаса бастағанын айтуға мүмкіндік береді. ХҮІІІ ғасырдың басында аймақта Ресей мен Иран орныға бастады, Каспийдің статусының іргетасын Санкт-Петербург (1723) және Решт (1732) трактаттары қалағандығын мойындау қажет.
- Каспийдің экологиялық проблемалары мен мүдделестіктері
Қазіргі таңда Каспий теңізінің экологиясы өте күрделі жағдайды бастан өткеруде. Кәрі теңізді қауіпті кесел буып тұр. Қойнауына тұнған қара алтын қарт Каспийдің қасіретін күннен-күнге қалыңдатып барады. Мамандардың айтуынша, теңіздің мұнай шельфтері бар тұстарында өлі аймақтар қалыптаса бастаған. Бұл аймақтағы теңіз суын ластаушы заттар нормадан 10-20 есе асып кеткен. Бүгінгі күні ең басты экологиялық апат теңіз суының жоғарғы қарқынмен ластануы болып отыр. Теңіздің ластануы қазір бірнеше бағыттан қауіп төндіруде. Біріншіден, теңізге құятын өзен суларымен келетін зиянды заттар, екіншіден, теңіз шельфтерінде орнатылған бұрғылау қондырғылары мен мұнай тасымалдау кезінде теңізге құйылатын мұнай қалдықтары, үшіншіден, теңіз деңгейі көтерілген кезде су астында қалған бұрғылау орындарынан шығып жатқан зиянды заттар. Мәселен, соңғы кезде өзендер арқылы Каспий теңізіне жылына 75 млн. тонна мұнай қалдықтары құйылады екен, оның 95 пайызы Волга өзенінің үлесіне тиетін көрінеді.
Үстіміздегі жылдың тамыз айында қазақстандық ғалымдар мен экологтардың бастамасымен, ресейлік және ирандық әріптестердің қатысуымен Каспий теңізінің экологиялық ахуалы туралы Ақтау қаласында өткен басқосуда Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағындағы су астында қалған 66 апатты бұрғылау скважиналары әлі күнге дейін толық залалсыздандырылмай отырғандығы айтылды. Сонымен бірге түрлі себептермен суға батқан 56 кеменің де теңізге тигізген зияны анықталмай отырған көрінеді.
Мұнайдың қарт теңіздің сорына айналу қаупі барған сайын өршіп барады. Теңіз аймағының тағы бір қасіреті – мұнай бұрғылау кезінде жерасты қысымымен шығатын ілеспе газ. Айлап-жылдап жанып жататын газдан бөлінетін көмір қышқылы атмосфераны ластап, ауаның бүлінуіне әкеліп соғуда. Жалындаған газ алауларынан атмосфераға таралатын қызу жағалаудағы өнеркәсіптік қалдықтарды қыздырып, химиялық үдерістерден шығатын улы шаң-тозаңдардың күрт көбеюіне әсер етеді. Қаптаған мұнай-газ компанияларының, теңіз жағалауларын тегіс жаулап алған химиялық және энергетикалық кешендердің қызметінің салдарынан теңіз аумағына таралатын химиялық зиянды заттар Каспийдің теңдесі жоқ фаунасы мен флорасына жазылмайтын жара салуда.
Каспий теңізіне тән тағы бір экологиялық қауіп – теңіз деңгейінің дүркін-дүркін ауытқып тұруы. Мәселен, 1978 жылдан 1995 жылдар аралығында теңіз деңгейі 2,5 метр биіктікке дейін көтерілген. Соның салдарынан бұрын өнеркәсіптік аймақ болған жағалаулар су астында қалды. Осы кезеңде Әзірбайжан мемлекеті үлкен экологиялық зардаптарға тап болды. Бұл өңірде теңіз жағалауынан мыңдаған адамдар көшіріліп, “экологиялық босқындар” пайда болды. Жағалаудағы орасан зор мұнай-газ инфрақұрылымы су астында қалып, Әзірбайжан 2 млрд. АҚШ долларынан астам зардап шекті. Су астында қалған мұнай-химия инфрақұрылымының зиянды өнеркәсіптік қалдықтары шайылып, теңіз суына қосылып, экологиялық апат зардаптарын күшейте түсті. Теңіз деңгейінің мұндай құбылмалылығы су астын мекендейтін тіршілік атаулыға да орасан зор кесірін тигізеді. Мұндай жағдайда өзен суларына уылдырық шашатын теңіз балықтары зардап шегеді.
Каспийдің мақтанышына айналған мұнайы
қарт теңіздің екінші бір бренді болып
саналатын бекіре балықтарының болашағына
балта шабатын қасіретке
3. Каспий теңізінің халықаралық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы Үкіметі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
атынан 2001 жылғы 13 қыркүйек N 1198
Каспий жағалауы мемлекеттерінің Каспий
теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау
мәселесі жөніндегі келіссөздерін жалғастыру
мақсатында қаулы еткен:
1. 2001 жылғы 18-20 қыркүйекте Астана қаласында
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі
арнайы жұмыс тобының Каспий жағалауы
мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің
орынбасарлары деңгейіндегі бесінші мәжілісі
(бұдан әрі - АЖТ) өткізілуін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігі:
АЖТ-ның бесінші мәжілісін дайындау мен
өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын;
Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам
Республикасы, Ресей Федерациясы
және Түркіменстан делегациялары мүшелерінің
тұруын (1+2 нысаны) 604360 (алты жүз төрт мың
үш жүз алпыс) теңге сомасында және АЖТ-ның
бесінші мәжілісін өткізуге байланысты
көліктік шығыстарын 2001 жылға арналған
республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар"
бағдарламасы бойынша көзделген қаражат
есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 97 Заңы, Тегеранда 2003 жылғы 4 қарашада жасалған Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2-қосымша
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТЕҢІЗ
ОРТАСЫН ҚОРҒАУ
ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК КОНВЕНЦИЯ
(2006 жылғы 12
тамызда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттары бюллетені,
2006 ж., N 6, 44-құжат)
Бұдан әрі
Уағдаласушы Тараптар деп
Әзербайжан Республикасы,
Иран Ислам Республикасы,
Қазақстан Республикасы,
Ресей Федерациясы,
Түркменстан:
Төгінділерді, шығарындылар мен теңізде
және құрлықта орналасқан көздерден қауіпті,
зиянды және басқа да ластағыш заттар
мен қалдықтарды қоса алғанда, антропогенді
қызметтің нәтижесі болып табылатын түрлі
көздерден оның ластануы салдарынан Каспий
теңізінің теңіз ортасы жай-күйінің нашарлауын
атай отырып;
Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын
қазіргі және болашақ ұрпақ үшін сақтауға
деген шынайы орындаушылық шешімі;
Құрлықтағы қызметтің Каспий теңізінің
теңіз ортасына залал келтірмеуін қамтамасыз
ету қажеттілігін мойындай отырып;
Каспий теңізінің теңіз ортасы және теңіз
деңгейінің ауытқу проблемасына байланысты
оның бірегей гидрографикалық және экологиялық
сипаттамалары үшін қауіптің төнуін мойындай
отырып;
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғаудың
маңыздылығын растай отырып;
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау
және сақтау мақсатында Уағдаласушы Тараптардың
өзара және тиісті халықаралық ұйымдармен
ынтымақтасуының маңыздылығын мойындай
отырып;
Мыналар туралы УАҒДАЛАСТЫ:
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Терминдердің
Осы Конвенцияның
мақсаттары үшін төмендегілер
мынаны білдіреді:
"Іс-қимыл жоспары" - Каспий теңізінің
теңіз ортасын қорғауға және тұрақты дамытуға
арналған іс-қимыл жоспары;
"Төгінді" - теңіз ортасына кемелерден,
ұшу аппараттарынан, платформалардан
немесе Каспий теңізіндегі басқа да жасанды
салынған конструкциялардан қалдықтарды
немесе басқа да материалдарды әдейі аластау
не кемелерді, ұшу аппараттарын, платформаларды
немесе Каспий теңізіндегі басқа да жасанды
салынған конструкцияларды әдейі көму;
"Қауіпті зат" - егер, олар айрықша
тұрақты болса, улы, канцерогенді, мутагенді,
тератогенді немесе биоаккумулятивті
болып табылатын заттар;
"Ұлттық орган" - осы Конвенцияны
және оның хаттамаларын орындау жөнінде
осы Уағдаласушы Тараптың іс-әрекеттерін
үйлестіретін әрбір Уағдаласушы Тараптың
тағайындаған органы;
"Ластану" - биологиялық ресурстар
мен теңіз организмдеріне зиян ретінде
адам денсаулығына қауіп төндіретін және
Каспий теңізіндегі түрлерді заңды пайдалану
үшін кедергі жасайтын қатерлі зардаптарға
әкелетін немесе әкелуі мүмкін заттарды
немесе энергияларды адамның тікелей
немесе жанама түрде әкелуі;
"Жер үсті көздерінен ластану" - ластайтын
заттардың су немесе әуе жолымен, не тікелей
жағалаудан, немесе тоннель, құбыр арқылы,
не өзге де жолмен кез келген түрде аластау
нәтижесінде түсіп, құрлықта жатқан барлық
нүктелі және шоғырланған көздерінен
ластануы;
"Төтенше экологиялық жағдай" - Каспий
теңізінің теңіз ортасына залал немесе
сөзсіз қауіп төндіретін немесе басқа
да зиян келтіретін және табиғи апаттың
немесе антропогендік қызметтің нәтижесінде
туындайтын авариялардың нәтижесі болып
табылатын жағдай;
"Өндірістік авария" - өндірістік
объектідегі, мысалы, өндіру, пайдалану,
сақтау, ауыстыру немесе аластау барысында
не осындай заттарды тасымалдау кезіндегі
қауіпті және зиянды заттармен байланысты
кез келген қызмет барысындағы бақыланбаған
өзгерістердің нәтижесінде туындайтын
оқиға;
"Кеме" - теңіз ортасында пайдаланылатын
кез келген үлгідегі кеме, оның ішінде
ауа жастықтарындағы кеме, сүңгуір қанатты
кеме, су асты кемесі, тіркемелі және өздігінен
жүзетін құралдар, сондай-ақ платформалар
және теңіздегі басқа да жасанды салынған
конструкциялар;
"Инвазивті түрлер-жаратылыстар"
- пайда болуы мен таратылуы экожүйеге
немесе Каспий теңізінің биологиялық
ресурстарына экономикалық немесе экологиялық
залал келтіруі мүмкін түрлер-жаратылыстар.
2-бап. Мақсаты
Осы Конвенцияның
мақсаты Каспий теңізінің
3-бап. Қолданылу саласы
Осы Конвенция
Каспий теңізінің теңіз
ІІ. ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
4-бап. Жалпы міндеттемелер
Уағдаласушы
Тараптар:
(а) Каспий теңізінің ластануын болдырмау,
азайту және бақылау үшін барлық қажетті
шараларды дербес немесе бірлесіп қабылдайды;
(b) Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау,
сақтау және қалпына келтіру үшін барлық
қажетті шараларды дербес немесе бірлесіп
қабылдайды;
(с) Каспий теңізі ресурстарын оның теңіз
ортасына залал келтірмейтіндей етіп
пайдаланады;
(d) осы Конвенцияның мақсатына қол жеткізу
үшін бір-бірімен және халықаралық құзыретті
органдармен ынтымақтасады.
5-бап. Қағидаттары
Уағдаласушы
Тараптар осы Конвенцияның
(а) Каспий теңізінің теңіз ортасы үшін
маңызды қауіп төнген немесе қайтымсыз
залал болған кезде осыған сәйкес сақтық
шараларын қабылдау қағидаты, осындай
залалдың алдын алу жөнінде экономикалық
тиімді шараларды кейінге қалдыру үшін
толық ғылыми сенімділіктің болмауына
сілтеме жасау себеп ретінде пайдаланылмайды;
(b) Каспий теңізі теңіз ортасының ластануын
болдырмау, бақылау және азайту шараларын
жүзеге асыру жөніндегі шығыстарды ластағыштың
туындауына сәйкес "ластаушы төлейді"
қағидатын;
(с) Уағдаласушы Тараптар барынша толық
көлемде бір-біріне тиісті ақпарат беретін
Каспий теңізінің теңіз ортасы ластануы
туралы ақпараттың қол жетерлік қағидатын
басшылыққа алады.
6-бап. Ынтымақтасу міндеттері
Уағдаласушы
Тараптар осы Конвенцияны
ІІІ. ЛАСТАНУДЫ БОЛДЫРМАУ, АЗАЙТУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
7-бап. Жер үсті көздерінен ластану
1. Уағдаласушы
Тараптар Каспий теңізінің жер
үсті көздерінен ластануын
2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізінің
жер үсті көздерінен ластануын болдырмау,
азайту және бақылау жөнінде қосымша шаралар
белгілейтін осы Конвенцияның хаттамаларын
әзірлеуде ынтымақтасады. Мұндай хаттамаларға,
соның ішінде мынадай:
(а) ластағыш заттарды шығаратын көздерді
болдырмау, азайту және бақылауға арналған
аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды
қолдану;
(b) жер үсті көздерінен ластануын болдырмау,
азайту және бақылау үшін Уағдаласушы
Тараптардың ұлттық органдарының ағынды
су төгінділерін лицензиялауы;
(с) ағынды су төгінділерін лицензиялау
кезінде экологиялық негізделген технологияларды
енгізу;
(d) Каспий теңізі суларының немесе экожүйесінің
жай-күйі осыны талап еткен жағдайларда,
осы Конвенцияға қосымша хаттамалармен
осы тармақтың (b) және (с) тармақшаларында
көзделгеннен барынша қатаң талаптар
белгіленуі;
(е) қалалық ағынды суларды, оның ішінде
ол қажет жерлерде кезең-кезеңімен тазартудың
әр түрін қолдану;
(f) коммуналдық және өндірістік көздерден
органикалық заттардың ағынын азайту
үшін қолда бар ең озық технологияларды
пайдалану;
(g) шоғырланған көздердің органикалық,
оның ішінде ауыл шаруашылығында барларын
қоса алғанда, қауіпті заттардың ағынын
азайту үшін қолда бар ең озық тәсілдерді
пайдалану;
(h) Каспий теңізінің теңіз ортасына теріс
әсер етуін тоқтатпаған құрлықтағы ластау
көздерін консервациялау және толық жою
шараларын қамтуы мүмкін.
3. Егер, екі немесе одан көп Уағдаласушы
Тараптардың немесе олардың арасында
шекара құрайтын аумақ арқылы ағатын ағын
судан түсетін ластағыш заттар Каспий
теңізін ластауы мүмкін болса, Уағдаласушы
Тараптар ықтимал ластану проблемаларын
анықтау және шешу үшін жауапты бірлескен
органдар құрудың орындылығы жағдайын
қоса алғанда, мұндай ластануларды болдырмау,
азайту және бақылау жөніндегі барлық
қажетті шараларды қолдануға ынтымақтасады.
8-бап. Теңіз түбіндегі
ластану
Уағдаласушы Тараптар теңіз
9-бап. Кемелерден ластану
Уағдаласушы Тараптар Каспий
теңізінің ластануын болдырмау,
10-бап. Төгіндіден болған
1.
Уағдаласушы Тараптар олардың
туы астындағы кемелерден және
олардың аумақтарында
2. Уағдаласушы Тараптар осы нәтижеге
қол жеткізу үшін келісілген шараларды,
рәсімдерді және стандарттарды белгілейтін
осы Конвенцияның хаттамаларын әзірлеуде
ынтымақтасады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері
кемеге және әуе кемесіне теңізде күйреу
немесе толық жойылу қаупі төнсе немесе
кез келген жағдайда адамдардың өміріне
және теңіз организмдеріне қауіп төнсе,
егер төгінді мұндай қауіпті болдырмаудың
бірден-бір тәсілі болса және егер төгіндіден
болған залал басқа жағдайға қарағанда
аз болады деп ұйғаруға барлық негіздер
болса қолданылмайды. Мұндай төгінді адамдардың
өмірі мен теңіз организмдеріне қауіп
төнудің немесе өңірлік, құқықтық құралдарды
қоса алғанда, халықаралық құралдарды
қолдануға сәйкес теңізді заңды пайдалануға
кедергі жасау мүмкіндігін барынша азайтуға
әкелу үшін, осылайша жүзеге асырылады.
Жасалған төгінді туралы Уағдаласушы
Тараптарға мәлім етіледі.
11-бап. Қызметтің өзге де
1.
Уағдаласушы Тараптар жерді
2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізінің
экожүйесіне теңіз деңгейінің ауытқу
зардаптарын жеңілдетуге бағытталған
антропогендік қызметтің теріс әсері
мүмкіндігін азайту үшін барлық қажетті
шараларды қолданады.
12-бап. Инвазивті түрлердің-
болдырмау, бақылау және олармен күресу
Уағдаласушы Тараптар Каспий
теңізіне инвазивті түрлердің-
13-бап. Төтенше экологиялық
1.
Уағдаласушы Тараптар адамдар
мен теңіз ортасын табиғи
2. Алдын алу шараларын және дайындықты
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау
мақсатында түпкі Уағдаласушы Тарап төтенше
экологиялық жағдайларды болдыруы мүмкін
және басқа Уағдаласушы Тарапты кез келген
мұндай жоспарланған немесе жүзеге асырылатын
қызмет туралы хабарлауды қамтамасыз
ете алатын өзінің құқығы шегінде қызметтің
қауіпті түрлерін анықтайды. Уағдаласушы
Тараптар қызметтің қауіпті түрлерінің
теңіз ортасына әсер етуін бағалауды жүргізуге
және қатерді азайту жөніндегі шараларды
іске асыруға келіседі.
3. Уағдаласушы Тараптар өндірістік авариялар
және төтенше экологиялық жағдайлар туралы
алдын ала хабарлау жүйелерін құруда ынтымақтасады.
Төтенше экологиялық жағдай немесе ол
тежеусіз қауіп төндірген ретте аумағында
осындай жағдай орын алған Уағдаласушы
Тарап тиісті деңгейде және осындай әсер
етуге ұшырауы мүмкін. Уағдаласушы Тараптарды
кешіктірмей хабарламамен қамтамасыз
етеді.
4. Уағдаласушы Тараптар төтенше экологиялық
жағдайлар кезінде, осындай шараларды
қолдану үшін пайдаланылатын тиісті жабдықтар
мен білікті персоналдардың болуын қоса
алғанда, төтенше экологиялық жағдайларға
барабар дайындықты қамтамасыз ету және
сақтау жөніндегі барлық қажетті шараларды
қабылдайды.
IV. ТЕҢІЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
14-бап. Биологиялық
қалпына келтіру және ұтымды пайдалану
1.
Уағдаласушы Тараптар Каспий
теңізінің биологиялық
(а) адамдардың тамаққа қажеттіліктерін
қанағаттандыру мен әлеуметтік және экономикалық
мақсаттарға қол жеткізу кезінде экологиялық
тепе-теңдікті сақтау және қалпына келтіру
мақсатында биологиялық ресурстардың
әлеуетін дамыту мен арттыру;
(b) тиісті экологиялық және экономикалық
факторлармен және түрлердің арасындағы
арасалмақты назарға ала отырып анықталатын,
оларды өндірудің ең тұрақты көлемін қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін деңгейлерде
теңіз түрлерінің популяцияларын сақтау
немесе қалпына келтіру;
(с) шамадан тыс пайдаланудан биологиялық
түрлерді құрып кету қаупіне ұшыратпайтын
осындай жағдайларды қамтамасыз ету;
(d) балықтардың өнеркәсіптік түрлерін
аулау және өнеркәсіптік емес түрлерін
аулау кезінде ең аз шығынға әкелетін
таңдаулы әдістері мен тәсілдерін дамытуға
және қолдануға жәрдемдесу;
(е) эндемидті, сирек және құрып кету қаупі
төнген биологиялық түрлерін қорғау, сақтау
және қалпына келтіру;
(f) сирек және құрып кету қаупі төнген
түрлердің, сондай-ақ әлсіз экожүйелердің
биологиялық әр түрлілігі мен мекендеу
ортасын сақтау үшін қолда бар озық ғылыми
деректердің негізінде барлық қажетті
шараларды қабылдайды.
2. Уағдаласушы Тараптар биологиялық ресурстарды
қорғау, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі
қажетті шараларды жүргізу үшін осы Конвенцияның
хаттамаларын әзірлеуде ынтымақтасады.
15-бап. Теңіз жақындығының
құрлықтарды басқару
Уағдаласушы Тараптар теңіз
16-бап. Каспий теңізі
Уағдаласушы Тараптар қажетті
ғылыми-зерттеулерді жүргізуді
V. РӘСІМДЕР
17-бап. Каспий теңізінің
бағалау
1.
Әрбір Уағдаласушы Тарап
2. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы баптың
1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын
қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалаудың
нәтижелерін басқа Уағдаласушы Тараптар
арасында тарату жөніндегі барлық қажетті
шараларды қолданады.
3. Уағдаласушы Тараптар трансшекаралық
контексінде Каспий теңізінің теңіз ортасына
әсер етуін бағалау рәсімдерін белгілейтін
осы Конвенцияның хаттамаларын әзірлеуде
ынтымақтасады.
18-бап. Уағдаласушы Тараптар
1. Уағдаласушы
Тараптар осы Конвенцияның
2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізі
теңіз ортасының ластануын болдырмау,
азайту және бақылау мақсатында, сондай-ақ
оны қорғау, сақтау және қалпына келтіру
үшін Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғауға
арналған Іс-әрекет жоспарын әзірлеуде
ынтымақтастықты жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1 және 2-параграфтарында
баяндалған өздерінің міндеттемелерін
орындау үшін Уағдаласушы Тараптар, атап
айтқанда, мыналарды:
(а) Каспий теңізін ластайтын немесе ластауға
ықпал ететін көздерді анықтау мақсатында
деректер жинауды, жинақтауды және бағалауды
және басқа Уағдаласушы Тараптармен тиісті
ақпараттар алмасуды;
(b) судың сапасы мен санының мониторингі
бағдарламаларын әзірлеуді;
(с) төтенше экологиялық жағдайлар кезінде
әрекет ету жоспарларын әзірлеуді;
(d) қалдық төгінділерінің, шығарындыларының
және оны аластаудың нормативтерін әзірлеуді,
сондай-ақ бақылау бағдарламаларының
тиімділігін бағалауды;
(е) судың сапасын анықтау нормативтері
мен өлшемдерін және қолда бар судың сапасын
жақсартуды қолдау және қажет ететін жерлерде
жақсарту үшін қажетті шаралардың ұсынысын
әзірлеуді;
(f) ауыл шаруашылық, қалалық және өзге
де суағарларды қоса алғанда, муниципалдық
және өндірістік нүктелі және шоғырланған
көздерден ластану салмағын азайту үшін
іс-әрекеттердің үйлестірілген бағдарламаларын
әзірлеу бойынша жұмысты дербес немесе
бірлесіп жүргізеді.

- Каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігінің экологиялық жағдайы
- Каспий теңізінің экологиялық
- Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
- Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
- Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
- Каспий теңізінің экологиялық проблеммалары
- Каспий теңізінің экологиялық проблеммалары
- Каспий теңізі
- Каспий теңізі
- Каспий теңізі
- Каспий теңізі
- Каспий теңізі және оның экологиясы
- Каспий теңізіне анықтама
- Каспий теңізінің қайраңында және жағалауында қашықтықтан аэроғарыштық зондпен тексеру технологиясын пайдалану