Катиондар мен аниондарды анықтау
1-ші зертханалық жұмыс
Сапалық реакциялар
Бөлшектеу жэне жүйелі талдау әдістері
Қосарласып кездесетін элементгерді талдауда бөлшектеу және жүйелі таддау әдістері қолданылады.
Сапалық талдаудың химиялық әдісіндегі аналитикалық сигнал – бұл химиялық реакция кезіндегі байқалатын сыртқы әсер: тұнба түзілуі, тұнба еруі, тұнба түсінің өзгеруі, ерітінді түсінің өзгеруі, газ бөлінуі, белгілі пішінді кристалдардың түзілуі, жалынның боялуы. Аналитикалық сигнал аналитикалық реакция нәтижесінде байқалады.
Сапалық анализде әртүрлі типті реакциялар қолданылады: тұнбаға түсіру, қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану, комплекс түзу.
Аналитикалық сигнал байқалу үшін аналитикалық реакцияны белгілі эксперименттік жағдай орнату керек немесе параметр. Параметрлердің негізгілері: орта,иондық күш мәні, температура, реагнеттерді қосу реті, анықталатын компоненттің мөлшері.
Талдаудың бөлшектеу эдісі — белгілі жағдайда әрбір ионды өзіне тән реакциялармен анықтау үшін кедергі келтіретін иондарды реакцияға қатыспайтын түрге айналдыру керек. Бүл жағдайда иондарды табу үшін кезектілікті сақтау міндетті емес. Бүл әдіс өте карапайым, бірақ арнайы реакциялардың аз болуынан оны қолдану шектеулі.
Талдаудың жүйелі эдісі —иондарды аналитикалық топтарға бөлуге негізделген. Иондар қоспасын топтық реагенттер көмегімен алдын-ала топтарға және топшаларға бөледі, содан соң әрбір аналитикалық топтардан жеке иондарды анықтайды. Иондар қоспасына топтық реагент кезектілікпен және қатаң тәртіпті сақтай отырып қосады. Аналитикалық талдауда сульфидтік, аммиакты-фосфатты және қышқылдық-негіздік жіктеу түрлері қолданылады. 1 кестеде қышқылдық-негіздік талдау жүйесі келтірілген.
Топтық реагент келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:
1. Ол катиондарды толық түндыру керек.
2. Талдауды әрі қарай жалгастыру үшін түзілген түнба қышқылдарда оңай еритін болу керек.
3. Қосқан реагенттің артық молшері ерітіндіде калған иондарды анықтауға кедергі жасамауы керек.
Талдудың жүйелік әдісінде иондарды бөлу реакциялары (топтық реакциялары) және иондарды ашу реакциялары деп ажыратады. Әр түрлі иондарға аналитикалық сигнал әр түрлі болу мүмкін. Талғамдылық (селективтік) реакциялар бөлшектеу де жүйелік те тәсілде қолданылады.
Катиондарды топтарға бөлуде келесі процестер қолданылады: түндыру, адсорбция, экстракция және т.б
1-кесте Катиондарды қышкыдды-негіздік әдіс бойынша жіктеу | |||
Топ | Катиондар | Топтық реагент | Түнбаның қүрамы мен ерігіштігі |
I | Na+, К+, NH4+ | - | Түнба түзілмейді |
II | Ag+, Pb2+, Hg22+ | HC1 | МеСІ, МеС12; сүйытылған қышкылдарда хлоридтері ерімейді. |
III | Ca2+, Ba2+, Sr2+ | H2SO4 | MeS04; қышқылдар мен негіздерде сульфаттары ерімейді. |
IV | Al3+,Cr3+, Zn2+, As(III,V), Sn(II,IV) | NaOH | Ме(ОН)n; гидроксидтері NaOH-тың артық мөлшерінде ериді. |
V | Fe2+, Fe3+, Mn2+, Mg2+, Bi3+, Sb(III,V) | NaOH | Ме(ОН)n; гидроксидтері NaOH-тың артық мөлшерінде ерімейді. |
VI | Cu2+, Hg2+, Co2+, Ni2+, Cd2+ | NH4OH | Ме(ОН)n; гидроксидтер NH4OH-тың артық мөлшерінде ериді. |
Студенттер сапалық талдау зертханалық практикумында нақты аналитикалық міндеттерді шешеді. Аналитикалық міндеттерді шешу сатылары:
1. Зерттеудің негізгі мақсатын анықтау
2. Алдын-ала тәжірибені жоспарлау
3. Тәжірибені жүргізу
4. Алынған нәтижелер мен қорытындыларды сараптап бағалау
5. Қойылған міндеттерді шешу бойынша есебін жазу.
Талданатын қоспада иондарды ашу үшін тәжірибе нұсқауын қатаң сақтау керек, өте таза химиялық ыдыстарды және квалификацияға сәйкес реактивтерді қолдану.
Бейорганикалық заттарды сапалық талдау зертханалық жұмыстары келесі бөлімдерден тұрады:
1. Зерттелетін ерітіндіде катиондарды анықтау
2. Зерттелетін ерітіндіде аниондарды анықтау
3. Белгісіз заттың химиялық құрамын сапалық жолмен анықтау.
2-ші зертханалық жұмыс
І-ІІІ аналитикалық топтардың катиондарына сапалық реакциялар
(1-4 кестелер)
Реакцияларды жүргізу техникасы
Иондарды талдауда әртүрлі әдістер қолданылады: микрокристаллоскопиялық талдау, тамшылық талдау, физикалық әдістер. Аналитикалық реакцияның жүру жагдайына ерітндінің ортасы (қышқылдық), ерітіндінің қүрамы мен концентрациясы, температура әсер етеді. Бүл жағдайларды сақтамаса анализ қорытындысы дүрыс шықпауы ықтимал. Реакцияны пробиркада орынду тәсілі: зерттелетін ерітіндіден 2-3 тамшы капиллярлы пипеткамен алынады, пробирканың қабырғасына тигізбей аударылады, 2-3 тамшы реагент ндісі қосылады. Реакцияның сыртқы әсерін бақылаймыз.
Микрокристаллоскопиялық реакцияны орындаутәсілі: зерттелетін ерітіндінің бір тамшысын таза қүргақ шыны айнегіне тамызады, қасына бір тамшы реагент тамызып, шыны таяқшамен екі тамшының арасын араластырады. Түзілген кристалдарды микроскоп арқылы бақылайды.
Бірінші аналитикалық топ катиондарын талдау реакциялары
2-ші және 3-ші кестелердегі катиондардың жеке реакцияларымен танысып, конспект жазу және зертханада реакцияларды орындау. Аналитикалық сигналды байқау. Түзілген тұнбалардың қасиеттерін зерттеу. Байқалған өзгерістерді конспектіге кіргізу.
2-кесте
| Катион | Реагент | Химиялық реакция | Орындау жағдайы | Бақылаудың сыртқы белгілері | Ескерту |
|
NH4+
|
NaOH немесе КОН |
NH4Cl+ КОН ↔ NH4OH+KCI | Пробиркада, t°, Ітамшы+Ітамшы | 1. NH4OH ici 2. Фенолфталеин қағазының қызаруы | NH4+ ионға арнайы реакция |
|
| K2[HgI4] + КОН Несслер реактиві | NH4CI+2 K2[HgI4]+4K0H ↔ [Hg2ONH2]I+KCl+7KI+3H20 | Пробиркада Ітамшы+Ітамшы | қызыл-қоңыр тұнба | Сезгіш реакция |
vo |
Na+ | Zn(UO2)3 . .(CH3COO)8 цинкуранил -ацетат | Na+ + Zn(U02)3 (СН3С00)8 + CH3COO- + 9 H2O ↔ NaZn(U02)3(CH 3COO)9 .9 H2 O | Шыны пластинкасына Іт+Іт, кристалдарды микроскоп арқылы бақылайды |
Октаэдрлар және Тетраэдрлар тәрізді Кристалдар | Арнайы реакция, сезгіш |
|
| жалын | Натрийдің ұшқыш тұздары жалынды ашық-сары түске бояйды | Платина немесе нихром сымды ерітіндіге батырып, жалынға ұстау | Сары түсті жалын | өте сезгіш реакция |
|
K + | Na3[Co(N02)6] натрий гексанитро- кобальтаты
| 2KC1+ Na3[Co(N02)6] ↔K2Na[Co(N02)6]+2NaCI | Пробиркада 1т+1-2т | Сары тұнба | Тұнба минералды қышқыл- дарда ериді |
3 кесте
Екінші аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары (Ag+, Pb2+, Hg22+) (Топтық реагент НС1)
Катион | Реагент | Химиялық реакция | Орындау жағдайы | Бақылаудың сыртқы белгілері | Ескерту |
Ag+ |
HC1 сүйылт. |
AgNO3+ HC1↔ AgCl ↓+HNO3 | Пробиркада Іт+Іт | Ақ ,сүзбе тәрізді тұнба | Тұнба сүйылтыл-ған HNO3, H2S04-тe ерімейді |
|
K2Cr04 |
2AgNO3+ K2CrO4 ↔ Ag2CrO4 + + 2KNO3 | Пробиркада Іт+Іт, рН 7 | Қызыл кірпіш түсті тұнба | Тұнба HNO3, NH4OH ериді |
|
KI |
AgN03+ KI↔ AgI↓ + KNO3 | Пробиркада Іт+Іт | Сары тұнба | Тұнба NH4OH-тa ерімейді |
|
NaOH | AgNO3+NaOH↔ AgOH↓+NaNO3 2AgOH↔Ag20↓+H20 | Пробиркада 1т+1т | Қоңыр тұнба | Тұнба NH 4OH-тa ериді |
Pb2+ |
HC1 сүйылт. |
Pb(NO3)2+2HCl↔ PbCl2↓+2HN03 | Пробиркада Іт+Іт | Ақ тұнба | Тұнба НСІ-дың артық мөлшерінде және ыстық суда ериді |
| K2Cr04 |
Pb(N03)2+ K2Cr04 ↔ PbCr04↓ +2KN03 | Пробиркада Іт+Іт | Сары түсті тұнба | Тұнба күйдіргіш сілті ерітінділе-рінде ериді |
|
KI | Pb(N03)2+2KI↔ PbI2↓+2KN03 | Пробиркада Іт+Іт | Сары тұнба | Тұнба сірке қышқылында ериді |
|
NaOH | Pb(N03)2+2NaOH ↔Pb(OH)2↓ +2NaNO3 | Пробиркада Іт+Іт | Ақ тұнба | Тұнба қышқылдар мен сілтілерде ериді |
Hg22+
|
HC1 сүйылт. |
Hg2(NO3)2+2HCl ↔ Hg 2Cl2↓ +2HNO3 | Пробиркада Іт+Іт | Ақ тұнба | Тұнбa NH 4OH-тa ериді |
|
K2Cr04 | Hg2(N03)2+ K2Cr04 ↔ Hg2Cr04↓ +2KNO3 | Пробиркада Іт+Іт | Қызыл түсті тұнба | Тұнба конц. HN03-тe ериді |
|
KI |
Hg2(N03)2+2KI↔ 2KN03+ Hg2I2↓ | Пробиркада Іт+Іт | Жасыл тұнба |
|
|
NaOH | Hg2(N03)2+2NaOH ↔Hg2(OH)2↓ +2NaN03 Hg2(OH)2 ↔Hg20↓+H20 | Пробиркада Іт+Іт | Қара тұнба | Тұнба азот қышқылында ериді |
3-ші зертханалық жұмыс
III топ катиондарының сапалық реакциялары (Са2+, Ba2+, Sr2+). Топтық реагент H2SO4
4-ші кестедегі катиондардың жеке реакцияларымен танысып, конспект жазу және зертханада реакцияларды орындау. Аналитикалық сигналды байқау. Түзілген тұнбалардың қасиеттерін зерттеу. Байқалған өзгерістерді кестеге кіргізу.
4-кесте
Катион | Реагент | Химиялық реакция | Орындау жағдайы | Бақылаудың сыртқы белгілері | Ескерту |
Са2+
|
H2S04 , 2 н | CaCl2+ H2S04 ↔ CaS04↓+ 2HC1
CaS02. 2H20 - гипс | Шыны пластинкасына 1т+1т, to кристалдарды микроскоп арқылы бақылайды |
Ақ тұнба | Тұнба қышқылдар мен сілтілерде ерімейді |
| (NH4)2C03 | CaCl2+ (NH4)2CO3↔ CaCO3↓+ 2NH4Cl | Пробиркада 1-2т+1т, | Ақ тұнба | Тұнба NH4OH, СН3СООН-та ериді |
| (NH4)2 C204 | CaCl2+(NH4)2C204 ↔ CaC2O4↓ +2NH4Cl | Пробиркада 1-2т+1т | Ақ тұнба | Тұнба минералды қышқ.ериді, СН3СООН-та ерімейді, |
Вa2+ | H2S04, 2 н | BaCl2+ H2S04↔ BaS04↓+ 2HC1 | Пробиркада 1-2т+1т | Ақ тұнба | Тұнба қышқылдар мен сілтілерде ерімейді |
| (NH4)2C03 | BaCl2+ (NH4)2C03↔ BaCO3↓+ 2NH4C1 | Пробиркада 1-2т+Іт | Ақ тұнба | Тұнба минералды қышқылдар мен СН3СООН-та ериді |
| (NH4)2C204 | BaCl2+ (NH2)2C204↔ ВаС2О4↓+ 2NH4C1 | Пробиркада 1-2т+1т | Ақ тұнба | Тұнба NH4OH, CH 3COOH-та ериді |
| K2Cr207 | BaCl2+K2Cr207 ↔ BaCr0 4↓ +KCl+2HCl | Пробиркада 1-2т+1т | Сары тұнба | Тұнба минералды қышқылдарда ериді |
| K2Cr04 | BaCl2+K2Cr04↔ ВаСгО4↓+2КС1 | Пробиркада 1-2т+1т | Сары тұнба | Тұнба минералды қышқылдар мен сілтілерде ериді |
Sr2+ | H2SO4 | SrCl2+ H2S04↔ SrSO4↓+ 2HC1 | Пробиркада 1-2т+1т | Ақ тұнба | Тұнба мин-ды қышқылдар мен сілтілерде ерімейді |
| (NH4)2C03 | SrCl2+ (NH4)2C03 ↔SrCO3↓+ 2NH4C1 | Пробиркада 1-2т+1т | Ақ тұнба | Тұнба минералды қышкыддар мен СН 3СООН-та ериді |
|
(NH4)2C 204 |
SrCl2+ (NH4)C204↔ SrC204↓+ 2NH4C1 | Пробиркада 1-2т+1т | Ақ тұнба | Тұнба мин. қышқылдар мен СН 3СООН-та ериді |
|
K2Cr04 |
SrCl2+K2CrO4↔ SrCr04↓ +2KCl | Пробиркада 1-2т+1т | Ақ тұнба | Тұнба қышкылдарда ериді |
4-ші зертханалық жұмыс
«Белгісіз зат ерітіндісінде І-III топ катиондар қоспасына бақылау-зертханалық жұмыс»
Құрамы белгісіз неорганикалық заттар қоспасының талдау этаптары:
1. Алдын ала сынау
2. Қатты сынаманы ерітіндіге ауыстыру
3. Ерітіндіде катиондарды анықтау
4. Ерітіндіде аниондарды анықтау
5. Талданатын сынаманың сапалық құрамы туралы қорытынды жасау.
1. Алдын ала сынау.
1. Үлгінің біртектігі. Құрғақ заттың аз сынамасын микроскоп көмегімен қарайды. Қоспада шамамен қанша зат бар екенін алдын ала қорытындау. Сонымен бірге түссіз кристалдар – сынамада боялған катиондар мен аниондар жоқ екндігін білдіреді, ал көк – Cu(II); күлгін қызыл – Co(II) және Mn(II); жасыл – Fe(II), Ni(II), Cu(II) ; сары – Fe(III) , хроматтар; қызыл сары – дихроматтардың және т.б. болуын көрсетеді.
2. Үлгінің жалынды бояуы. Метал тұзын жалынға енгізгенде боялуы физикалық әдіске жатады. Кейбір метал катиондарының қатысындағы жалынның түстері: натрий – сары, калий – күлгін, кальций – кірпіш қызыл, стронций – шымқай қызыл, барий – сары-жасыл, мыс – жасыл, қорғасын – көгілдір.
3. Құрғақ сынаманы түтікшеде қыздыру. Сынаманы қыздыра отырып, өзгерістерді байқау: судың буы түзілуі, сынаманың боялуы, ұшып кетүі. ( Филиппова Л.М., Наурызбаев М.Қ. Бейорганикалық заттарды сапалық талдаудың зертханалық практикумына арналған оқу құралы.Алматы: Қазақ университеті, 2006 – 156 бет.)
4. Талданатын ерітіндінің рН-ын анықтау , сынамадағы тұздардың гидролизденуы туралы мәлімет алу.
2. Қатты сынаманы ерітіндіге ауыстыру
Сынаманың аз мөлшерін дистилденген суда ерітіп көру. Егер зат толық ерімесе; әлсіз қышқышдың сұйытылған ерітіндісінді еріту. Сынама ерімеген жағдайда күшті қышқылды қолдану (Мендалиева Д.К., Чекотаева К.А., Наурызбаев М.К. Сапалық анализ (оқу құралы) III бөлім. Алматы,КазМУ, 1994.- 135 б.)
3. Кейбір катиондарды бөлшектеп талдау тәсілімен анықтау
1. Аммоний катионын Несслер реактивімен және сілті қосу арқылы алдын ала анықтау.
2. Аммоний-ионы бар болса, оны қыздырып, толық ұшыру. Құрғақ қалдықты ақ «түтіні» болініп болғанша қыздырады. Тигельді суытып, құрғақ қалдықты дистилденген судың 4-5 тамшысында ерітеді. Содан соң натрий және калий иондарын анықтауға болады.
3. Na+ және K+ катиондарын жеке анықтау.
4. ІІ және ІІІ аналитикалық топ катиондарын жүйелік тәсілмен анықтау
ІІ және ІІІ аналитикалық топтардың топтық реагенттерін қолданып, катиондарды бөліп алу, және жеке реакциялары көмегімен әдебиеттерде берілген сызба нұсқа бойынша талдау жасау (Мендалиева Д.К., Чекотаева К.А., Наурызбаев М.К. Сапалық анализ (оқу құралы) II бөлім. Алматы,КазМУ, 1994.- 335 б.)
Талданатын сынаманың құрамында І, ІІ және ІІІ аналитикалық топтардың катиондары туралы жалпы қорытынды шығару, жазбаша есеп беру.
5-ші зертханалық жұмыс
IV- V аналитикалық топтың катиондарына аналитикалық реакциялар
5-ші және 6-ші кестелердегі катиондардың жеке реакцияларымен танысып, конспект жазу және зертханада реакцияларды орындау. Аналитикалық сигналды байқау. Түзілген тұнбалардың қасиеттерін зерттеу. Байқалған өзгерістерді кестеге кіргізу.
5-кесте
IV топ катиондарының сапалық реакциялары (Al3+, Cr3+, Cr(VI), Zn2+). Топтық реагент NaOH
Катион | Реагент | Химиялық реакция | Орындау жағдайы | Бақылаудың сыртқы белгілі | Ескерту | ||
Аl3+
|
NaOH 2 н |
АІСІз+3NaOH ↔ AI(OH)3↓+3NaCl | Пробиркада Зт+Іт | Ақ тұнба | Тұнба қышқылдар мен сілтілерде ериді (амфотерлі қасиег) | ||
|
NH4OH |
AlCl3+3NH4OH Al(OH)3↓+ 3NH4Cl | Пробиркада 5т+1т | Ақ тұнба | Тұнба қышқылдар мен сілтілерде ериді | ||
| Ализарин |
комплексті қосылыс | сүзгі қагазға 1т+Іт, дақ NH 3 буларымен өңделеді | Қызыл-күрең дақ |
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
Сг3+
|
NaOH | CrCl3+3NaOH ↔Cr(OH)3↓+3NaCl | Пробиркада Зт+Іт | Сары күлгін немесе сары жасыл тұнба | Тұнба қышқылдар мен силтілерде ериді | ||
| NaOH + H202 | 2NaCr02+3H202+2NaOH ↔2Na 2Cr04+4H20 | Пробиркада 2-Зт+2-Зт Н2O2 , to | Жасылдан сарыға өтетін түс | Тотығу-тотықсыздану реакция | ||
|
NH4OH | CrCl3+3NH4OH ↔ Cr(OH)3↓ + 3NH4Cl | Пробиркада 3-5т+ 1т рН 6 | Сары күлгін немесе сары жасыл тұнба | Тұнба қышқылдар мен сілтілерде ериді | ||
Cr(VI)
| H202 + H2S04 +эфир | K2CrO4+H2S04+4H202 ↔ 2H 2Cr06 +K2S04 +6H20 | Пробиркада lт+1т H2S04 +1т Н2O2 +эфир | Эфир қабаты көк түске боялады | Сезгіш, арнайы реакция | ||
Zn2+
|
NaOH | ZnCl2+2NaOH ↔ Zn(OH)2↓+ 2NaCl | Пробиркада 5т+1т | Ақ тұнба | Тұнба қышқылдар мен сілтілерде ериді | ||
| Дитизон (Д)
+ NaOH | ішкі комплексті косылыс | Пробиркада 1-2т+1-2т NaOH+l-2т дитизон | Қызыл күрең түс | Сезгіш, специфи-калық реакция |
6-кесте
Vтоп катиондарының сапалық реакциялары (Ғе2+, Ғе3+, Mn2+ ,Mg2+). Топтық реагент NaOH
Катион | Реагент | Химиялық реакция | Орындау жағдайы | Бақылаудың сыртқы белгілері | Ескерту |
Fe3+ |
NaOH |
FeCl3 +3NaOH ↔ Fe(OH)3↓ +3NaCl | Пробиркада Іт+Іт | Қызыл- қоңыр тұнба | Сілтінің артык мөлшерінде тұнба ерімейді |
| NH4OH |
FeCl3+3NH4OH↔ Fe(OH)3↓ +3NH4Cl | Пробиркада Іт+Іт | Қызыл-коныр түсті тұнба | Сілтінін артық мөлшерінде тұнба ерімейді |
|
K4[Fe(CN)6] | 4FeCl3+3K4[Fe(CN)6] ↔ Fe4[Fe(CN)6]3↓ -+12KCl | Пробиркада Іт+Іт | Қара көк түсті тұнба "берлин көгілдірі" | Сезгіш,ар-найыреак-ция. Тұнба қышқылдар-да ериді |
|
KCNS |
FeCl3+3KCNS↔ Fe(CNS)3+3KCl | Пробиркада Іт+Іт | Қанды қызыл түске боялган ерітінді | Сезгіш арнайы реакция |
Fe2+ |
NaOH |
FeS04+2NaOH ↔ Fe(0H)2↓ + Na2S04 | Пробиркада Іт+Іт | Ақтан күңгірт жасыл мен қоңыр қызылға дейін түсті тұнба | Тұнба қышқылда ериді,сілті-лерде ерімейді |
|
K3[Fe(CN)6] | 3FeSO4+2K3 [Fe(CN)6] ↔ Fe3[Fe(CN)6]2↓ + 3K2SO4 | Пробиркада 1т+1т | Көк түсті тұнба "Турнбуль көгі" | Тұнба қышқылдар-да ерімейді |
Mn2+ |
NaOH |
MnS04+2NaOH↔ Mn(OH)2 ↓ + Na2S04 | Пробиркада ІТ+ІТ | Ақ түсті, ауада қоңырланатын тұнба | Тұнба қышқылда ериді, бірақ сілтілерде ерімейді |
|
NaBiO3+ HNO3 | 2Mn(NO3)2+5NaBi03+ 16HN03↔ 2HMn04 + 5NaN03+5Bi(N03)3+7H20 | Пробиркада 1-2т+3-4т (6н) HN03+ NaBi03 ( ұнтақ) | Ерітінді қызыл күрең түске боялады | Сезгіш, арнайы реакция. |
|
NaOH+ H202 |
Mn(N03)2+ 2NaOH+ H202↔ MnO(OH)2↓+2 NaNO3 + H20 | Пробиркада 1- 2т.+1-2т NaOH+l-2T H2O2 | Қара көк түсті тұнба | Тұнба сұйытылған H2S04-те ерімейді |
6-ші зертханалық жұмыс
VI топ катиондарының сапалық реакциялары (Cu2+, Co2+, Ni2+, Hg2+, Cd2+)
Топтык реагент NH4OH
7-ші кестедегі катиондардың жеке реакцияларымен танысып, конспект жазу және зертханада реакцияларды орындау. Аналитикалық сигналды байқау. Түзілген тұнбалардың қасиеттерін зерттеу. Байқалған өзгерістерді кестеге кіргізу.
7-кесте
Катион | Реагент | Химиялық реакция | Орындау жагдайы | Бақылаудың сыртқы белгілері | Ескерту | |
Cu2+ |
NH4OH | CuSO4+2NH4OH ↔ Cu(OH)2↓+(NH4)2S04 | Пробиркада 5т+1т | Көгілдір түсті тұнба,қыздыр-ғанда караяды | Тұнба кышкылдар мен сілтілерде ериді | |
| K4[Fe(CN)6] | 2CuS04 + K4[Fe(CN)6] ↔ Cu2[Fe(CN)6] ↓+2K2S04 | Пробиркада Іт+Іт | қызыл-қоңыр түсгі тұнба | Тұнба сүйытыл-ған ұышқылдарда ерімейді, бірак аммиакта ериді (комплекс түзі-леді) | |
| Na2S203 | 2CuS04+2Na2S203+2H20 ↔ Cu2S↓+S↓+2H2SO4+2Na2S04 | Пробиркада 1т+1т Қыздыру қажет | қара-коңыр тусті тұнба | Арнайы реакция.
| |
| Al, Zn, Fe мет. | 3CuS04+2Al↔3Cu+Al2(S04)3 | Пробиркада 5т+А1 мет. | Металды мыстың кызыл дағы | Тотығу-тотықсыздану реакция | |
Co2+ |
NH4OH | CoCl2 + 2NH4OH ↔ Co(OH)2↓.+ 2NH4Cl | Пробиркада 5т+1т | көк түсті тұнба | Тұнба аммиактың артық мөлшерін-де ериді | |
|
NH4CNS +амил спирті | CoCIә+4NH4CNS ↔ (NH4)2[Co(CNS)4]+2NH4Cl | Пробиркада 1-2т+8т NH4CNS қанык.ерітінді немесе тұз ұнтағы +5-6т амил спирті | Эфир қабаты көк түске боялады | Арнайы реакция | |
Ni2+ |
NH4OH | NiSO4 + 2 NH4OH ↔ Ni(OH)2 ↓ +(NH4)2SO4 | Пробиркада 5т+1т | Жасыл түсті тұнба | Тұпба аммиактың артық мөлше-рінде ериді | |
| Диметилгли-оксим СН3 - С = NOH СН3 -С = NOH |
Ішкі комплексті қосылыс | Сүзгіш қағазға 1т+1-2т+1т NH4OH | қызыл тұнба | Арнайы сезгіш реакция | |
7-ші зертханалық жұмыс
«Белгісіз зат ерітіндісінде ІV-VI топ катиондар қоспасына бақылау-зертханалық жұмыс»
1. Алғашқы байқау.
а) Ерітіндінің түсіне назар аудару қажет, себебі кейбір катиондар ерітінділерді әр түске бояйды.
б) Fe(II) катионын алдын ала анықтау керек, себебі талдау жасағанда ол Fe(III) –ке ауысып, байқалмауы мүмкін.
в) Fe(III) катионын анықтау
2. IV –ші аналитикалық топ катиондарын V, VI аналититкалық топ катиондарынан бөліп алу және талдау (Мендалиева Д.К., Чекотаева К.А., Наурызбаев М.К. Сапалық анализ (оқу құралы) II бөлім. Алматы,КазМУ, 1994.- 335 б.)
3. V-ші аналитикалық топ катиондарын VI-ші топ катиондарынан бөліп алып анализдеу (Мендалиева Д.К., Чекотаева К.А., Наурызбаев М.К. Сапалық анализ (оқу құралы) II бөлім. Алматы,КазМУ, 1994.- 335 б.)
4. VI-ші аналитикалық топ катиондарын сызба нұсқа бойынша талдау (Мендалиева Д.К., Чекотаева К.А., Наурызбаев М.К. Сапалық анализ (оқу құралы) II бөлім. Алматы,КазМУ, 1994.- 335 б.)
5. Талданатын сынамада катиондар болуы туралы қорытынды жасау, жазбаша есеп беру.
8-ші зертханалық жұмыс
Ерітіндіден аниондарды кезекпен бөліп алу мүмкін емес, себебі аниондарды аналитикалық топтарға сандық түрінде бөлетін реактив жоқ.Көп жағдайда аниондарды талдау кезінде олар бір-біріне кедергі жасамайды. Сондықтан оларды бөлшектеу өдісімен табады, яғни зерттелетін ерітіндінің жеке бөлігінен. Осыған орай аниондарды анықтауда реагенттер оларды топқа бөлуге ғана пайдаланылмай, сол топтардың бар жоғын анықтауға да колданылады.
Аниондар барий және күмис катиондарымен түзетін тұздарының әртүрлі ерігіштітіне қарай үш топқа жіктелінеді.
8-кесте Аниондар жіктелінуі
| |||
Топ | Аниондар | Топтык реагент | Топқа сипаттама |
I | СО32-, SO42- , SO32- , PO43-, SiO32-
| ВаС12 бейтарап немесе әлсіз негізді ерітінді | Барий тұздары қышқылдарда ериді, суда аз ериді (BaS04-тен басқасы) |
II | Cl-, Br-, I-, CNS-, S2- | AgN03 (HN03 қатысында) | Күміс тұздары суда және сұйытылған HN03-тe аздап ериді. |
III | N03-, N02- , CH3COO-
| Топтық реагент жоқ | Барий, күміс тұздары суда жақсы ериді. |

- Катодная защита трубопроводов от коррозии
- Като-Камбрезийский мир
- Католицизм
- Католицизм
- Католицизм
- Католицизм Анімізм
- Католицизм в сер. 11 - 21 вв.
- Катедра св Софії в 1920 - 1940 роках
- Катерина II
- Катерина - "Луч света в темном царстве" А.Н. Островский
- Катерина луч света в тёмном царстве» по пьесе А.Н. Островского «Гроза»
- Катерининський Собор
- Катеринослав у XIX ст.
- Катеринославщина в першій половині ХІХ ст..