Казак халык банк. 2

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 89 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.

Жетістіктері

MT 103 STP 98.96% ставкасымен үздік  жетістіке жеткені үшін 2012 жылғы сапалық марапат

JP Morgan , 2012 ж. маусым 

Оқиғалар

Банк басшылығының Мәскеуде аналитиктермен (талдаушылармен) кездесуі

5-6 қыркүйек

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта  құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.

2001 жылы жүргізілген Халық  банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.

Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын  шығарады және қазақстандық пластикалық  карточкалар рыногының тұрақты  көшбасшысы болып келеді. Банктің  эалпы шығарылған карточкаларының  саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.

Банк операцияларын жүргізуге  берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас  лицензия.

ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы

8.1 Қазақстан «Халық Банкі»  АҚ даму тарихы 
Халық Банкінің тарихы — бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.  
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды. Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарыз облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен айналысты. Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шығарылды, оның үшеуі — натуралдық түрде (астықпен, қантпен) болса, екеуі алтынмен есептелген болатын (ақша реформасына дейін). 1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 — 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.  
Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді.  
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметттерге төлейтін төлемақыларын қабылдау операцияларын 
жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды.  
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады. 1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.  
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіккке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды — дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.  
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.  
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.  
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым — «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.  
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді. 1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді. 2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцияның бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам өз клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр. 
 
8.2 Қазақстан «Халық Банкі» АҚ ақша аударымдары мен карточкалық қызметі 
Қазақстан Халық банкі сіздерге MoneyGram және "Жедел аударымдар" жүйелерін пайдалану арқылы, шот ашпай-ақ, барынша оңай рәсіммен ақша аудару қызметін ұсынады.  
Қазақстан аумағынан тыс жерге қысқа мерзімде ақша аудару немесе шет елден ақша аудару қажеттілігі туған жағдайда сіз халықаралық ақша аудару жүйесін пайдалануыңызға болады.  
MoneyGram: 
- ақша аудару операциясын жедел және сенімді түрде жүзеге асыратын бұл жетекші халықаралық компанияның дүние жүзінің 138 елінде орналасқан 35 000 бөлімшесі бар;  
- ақша аударылғаннан кейін 15 минуттан кейін қолыңызға тиетініне кепілдік беріледі.  
 
Халық банкінің көмегімен MoneyGram қызметінің мүмкіндігін пайдаланыңыз:  
- ақша аудару қызметінің құны өте төмен және жіберілетін ақша сомасына байланысты; 
- комиссиялық сыйақы тек бір рет және ақша аударғанда төленеді; 
- ақша алушыдан комиссиялық ұсталмайды; 
- ақша жөнелтілгеннен кейін оны 15 минутта алуға болады; 
- жіберуге болатын ақшаның ең көп сомасы - 10 000 АҚШ долларына дейін; 
- егер аударылған ақша қандай да бір себептермен алушыға жетпесе немесе ақша жөнелтуші кенеттен өз жоспарын өзгертсе, Money Gram ақшаның сақталуына және қайтарылуына кепілдік береді; 
- аударылған ақшаны алу үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсету керек және ақша жіберуші сізге хабарлауға тиіс сегіз таңбалы аударым кодын білуіңіз қажет; 
- ақша аударғанда алушыға арнап 10 сөзден аспайтын тегін хабарлама қоса жіберуіңізге болады.  
 
Экспресс аударымдар. 
 
Бұл қызмет Қазақстан аумағында жеке тұлғалар арасында ақша жөнелтуді және қабылдауды оңайлатылған рәсіммен, шот ашпай-ақ жүргізуді қарастырады. 
Экспресс аударымдар жүйесі бойынша теңгемен ақша жөнелту немесе ақша алу Қазақстанның барлық қалаларында дерлік орналасқан 102 филиал мен есеп айырысу-касса орталығында мүмкін болады.  
 
Экспресс аударымдар жүйесінің негізгі басымдықтары:  
- ақшаны жөнелту немесе алу рәсімі өте қарапайым (ақша жөнелтушінің жеке куәлігі мен СТН-і болу қажет, ал ақша алушының қолында жеке куәлігі болса жеткілікті); 
- ақша қаражатының толық сақталуына кепілдік беріледі ; 
- жөнелтілген ақшаны кейін қайтарып алуға мүмкіндік беріледі; 
- операция өте жоғары жылдамдықпен жүргізіледі (5-10 минутта); 
- Қазақстан Республикасы аумағы бойынша барынша төмен тарифтер қарастырылған: 
а) 500 000 тг дейін – аударылатын соманың 3 %-ы ; min — 100 тг., max — 5000 тг. 
б) 500 000 тг. - 1 000 000 тг. дейін – 10 000 тг.  
в) 1 000 000 тг. және одан жоғары – 20 000 тг.  
 
- қосымша қызмет - ақша алушыға арналған 10 сөзден аспайтын тегін хабарлама;  
- ақша қаражатын шектелмейтін сомада әрі оның пайда болу негізін растайтын құжатсыз аудару мүмкіндігі;  
- ақшаны өз атыңызға да аударуыңызға болады, яғни ақша жөнелтуші және ақша алушы бір адам болуы мүмкін (мәселен, Қазақстан аумағы бойынша теңгемен қолма-қол түрде мол ақша тасымалдау қажеттігі туындаса);  
- аударымдар күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа күндері), Алматы уақытымен сағат 9-00-ден 18-00- ге дейін аталған қызмет түрімен айналысатын филиалдарда қабылданады және беріледі;  
- аударым сомасы шектелмейді. 
 
Жедел аударымдар.  
- бұл қызмет түрі Банк филиалдары арқылы «Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша ақша аударуды қарастырады.Жедел төлемдер мен жеке тұлғалардың жедел ақша аударымы жүйесінде Қазақстан аумағы бойынша жұмыс істейтін Халық Банкінің 590 филиалы мен есеп айырысу-касса орталығы айналысады. Жөнелтілген ақшаны сіз жедел аударым ресімделгеннен кейін 1-2 банктік күннің ішінде алуыңызға болады.  
 
Жедел есеп айырысудың артықшылықтары:  
- Қазақстан аумағы бойынша кеңінен таралған; 
- ақшаны жеке тұлғаның атына да, заңды тұлғаның атына да аудару мүмкіндігі; 
- аударым операциясы үшін ең төмен комиссиялық ұсталады; 
- аударылатын ақша сомасына шектеу қойылмайды. 
 
«Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша іске асырылатын төлемдер мен аударымдар түрі:  
- жинақ шотын пайдалана отырып немесе шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшамен жеке тұлғалар арасында ақша аудару; 
- жинақ шотын пайдалана отырып немесе шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшамен жеке тұлғалардың заңды тұлғалар пайдасына ақша аударуы;  
- ақша алушының карточкалық шотын немесе интернет-шотын толықтыру үшін жеке тұлғалардың жинақ шотты пайдалану арқылы немесе шот ашпастан, қолма-қол ақшамен аударым жасауы. 
 
«Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша ақша аудару ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі. 
Жеке тұлғалар өз шоттарын толықтыру үшін ақша аударуды шетел валютасымен де жүргізе алады. 
Комиссиялық сыйақы ставкасы Банктегі тарифтерге сәйкес белгіленеді.  
 
MoneyGram жүйесі бойынша қосымша ақпаратты және ақша аударатын пункттер туралы мәліметті Халық банкінің облыстық филиалдарынан алуға болады. 
 
Операциялары 
Банк клиенттеріне көрсетілетін негізгі қызмет түрлерінің сипаттамасы  
 
1. Заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу; 
2. заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау; 
3. заңды тұлғаларға транзиттік шоттар жүйесін ашу; 
4. заңды тұлғаларға жинақтау шоттары жүйесін ашу; 
5. филиалдар клиенттеріне ағымдағы лимиттелген шоттар жүйесін ашу арқылы агенттік қызмет ұсыну; 
6. аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару, оның ішінде зейнетақылық төлемдер жөніндегі тапсырмаларын орындау; 
7. кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау; 
8. Банктің кез келген филиалынан заңды тұлға өкілінің басқа филиалда ашылған клиент шоттарынан қолма-қол ақша алуы; 
9. инкассация және бағалы жүкті сүйемелдеу қызметі; 
10. шетел валютасымен қолма-қол ақшасыз айырбастау операцияларын жүргізу; 
11. әр түрлі шетел валютасымен халықаралық аударымдар; 
12. «Клиент — Банк» қашықтықтан қол жеткізу жүйесі бойынша операциялар жүргізу; 
13. тазартылған алтын құймаларын сатып алу және сату; 
14. «Жалақылық жоба» бойынша қызмет көрсету — клиент қызметкерлерінің жалақысын олардың жеке шоттары мен төлем карточкалары арқылы аудару және беру; 
15. жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдарын «Жеке тұлғалардың мерзімдікесеп айырысулары»; «Экспресс аударымдар», маниграмма жүйелері бойынша жүргізу; 
16. «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша түсетін жеке тұлғалар төлемдерін жинақтау және өңдеу; 
17. жол чектері мен коммерциялық чектерді сату және сатып алу; 
18. вексельдік операциялар: домицилиация және вексельді инкассоға қабылдау; 
19. сейфтік операциялар: клиент құжаттары мне құнды заттарын сақтау, оның ішінде сейф жәшіктері мен шкафтарын, үй жайларды жалға беру операциялары;  
20. қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізу; 
21. құжаттамалық операциялар жүргізу (аккредитивтер, құжаттамалық инкассо) және банктік кепілдемелер беру; 
22. корпоративтік клиенттер үшін арнаулы сервис; 
23. шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу. 
 
Карточкалық қызметі 
 
Банк шығарған алғашқы жергілікті карточка.Шетелге саяхатқа шығуды жоспарламайтын жалпы көпшілікке арналған. Altyn карточкасы бойынша тек Қазақстан Республикасы аумағында қызмет көрсетіледі. 
 
• Бюджеттік карточка 
• Visa Gold 
• Visa Electron Instant HalykCard 
• MasterCard Gold 
• MasterCard Standard 
• Visa Classic 
• Visa Electron/Plus 
• Maestro/Cirrus 
• Altyn 
• Visa Virtuon 
• Maestro-ISIC студенттер карточкасы 
• Зейнеткер карточкасы 
• Visa Platinum 
 
Кесте№1 
Бюждеттік карточка 
Шотты ашу, карточканы мерзімі өткеннен кейін шығару/ауыстыру Тегін 
Жоғалған/ұрланған карточканың орнына жаңа карточка шығару 500 теңге 
Шотты жабу, карточканы жою Тегін 
Кесте№2 
Карт-шоттан үзінді беру: 
Ай сайын тегін 
2-айдан жоғары (есеп айырысу-касса бөлімдерінде, тариф әр сайын ұсталады) 700 теңге 
6-айдан жоғары (Дербес қызмет орталығы мен VIP-те, тариф әр сайын сайын ұсталады) 1000 теңге 
Кесте№3 
 
Халық банкінің банкоматтарында жүргізілген операция кезінде, дау туған жағдайда видео таспасының көмегімен тексеру жүргізу: 
 
Халық банкінің карточкалары бойынша 2000 теңге 
басқа банктердің карточкалары бойынша 7000 теңге 
Жоғалған/ұрланған карточканы оқшаулау : 300 теңге 
 
Кесте№4 
Банкоматтан немесе мобильдік телефоннан қысқа үзінді алу: 
Соңғы 120 календарлық күн ішіндегі соңғы теңге мен валютада жүргізілген 10 операция 40 теңге 
Халық банкінің Жеке Зейнетақы теңге шоттарынан 40 теңге 
Банкомат немесе мобильдік телефон арқылы карт-шотыңыздан төлемдер жүргізу әр жүргізген төлем үшін 30 теңге 
 
Карт-шоттан аудару: Кесте№5 
 
Банктегі теңге мен валютада жеке тұлға шоттарына әр аударым үшін 300 теңге 
Банктегі теңгеде заңды тұлға шоттарына сомадан 0,5% min 300 теңге max 3000 теңге 
Банктегі валютада заңды тұлға шоттарына сомадан 0,3% min 1500 теңге max 20000 теңге 
теңгеде басқа Банктерге сомадан 0,5% min 450 теңге max 3000 теңге 
валютада басқа Банктерге сомадан 0,3% min 1500 теңге max 20000 теңге 
Банкомат арқылы банк ішіндегі карт-шоттарға 90 теңге 
Теңге және валютада Банктің басқа филиалдарының шоттарынан аудару 1000 теңге 
 
Кесте№6 
 
Банкке түскен қолма-қол ақшаны карт-шотқа есепке алу: 
бір сағат ішінде*  
POS-терминалдары бар филиалдарда ғана мүмкін 500 теңге 
2 банк күні ішінде тегін 
«Жалақы» тарифі  
Карточка бойынша қызмет көрсету 1-ші жыл тегін 
Өкілетті тұлға 1-інші қызмет көрсету жылында комиссия төлеуден босатылады. Негізгі және қосымша карточкалардың құны бірдей. 1-інші қызмет көрсету жылының құнына карточкамен қызмет көрсету мен ЖАҚ «»ЭйАйДжи Қазақстан» сақтандыру компаниясы» сақтандыру куәлігі кіреді (егер Сізге VIP және ЦПС-те қызмет көрсетілген жағдайда). 
 
Кесте№7 
"Қолма-қол ақшаны Key Entry режимінде POS-терминалдан алу: 
карточканы ұстаушы кінәлі болғанда Соманың 1%-ы min 300 теңге 
Банк кінәлі болғанда тегін 
"Мобильдік банкинг" қызметіне қосылу, өшірілу, қайтадан регистрация жасау 20 теңге 
 
Кесте№8 
 
Банкке аударым арқылы түскен ақшаны карт-шотқа есепке алу: 
Жалақы төлейтін ұйымның есеп шотынан Банкке түскен ақшаны карт-шот есебіне алу үшін Келісім бойынша 
Басқа көздерден Банкке аударым арқылы түскен ақшаны карт-шот есебіне алу үшін карт-шотқа есепке алынатын ақша сомасының 1 %-ы 
ақшаны Халық банкі банкоматтарынан алу, теңгемен тегін 
ақшаны Халық банкі банкоматтарынан алу, АҚШ долларымен Ақша сомасының 0,6 %-ы, алайда кемінде 50 теңге 
ақшаны «Қазкоммерцбанк» АҚ және Халық банкінің процессинг қызметін пайдаланатын банктер желісінің банкоматтарынан алу Ақша сомасының 0,6 %-ы, алайда кемінде 50 теңге 
ҚР аумағындағы және шет елдерде басқа банктер банкоматтарынан ақша алу Соманың 1,5%-ы, алайда кемінде 1000 теңге 
Сауда/сервис кәсіпорындарында қызмет көрсету тегін 
Кредит лимиті шегінде берілетін қарыз жылдығы қарыз сомасының 24 %-ы 
овердрафтқа жол берілген жағдайда жылдығы овердрафт сомасының 36%-ы 
Қарызды өтеу мерзімі кешіктірілгенде жылдығы мерзімі өткен қарыз сомасының 36%-ы 
Банкоматтан, терминалдан немесе мобильдік телефоннан қысқа үзінді алу (бір календарлық айдың ішінде 4 чек банкомат пен терминалдан - тегін) 20 теңге 
"Cтандарт" тарифі 
Карточка бойынша қызмет көрсету 1-ші жыл 700 теңге 
*Өкілетті тұлға 1-інші қызмет көрсету жылында комиссия төлеуден босатылады. Негізгі және қосымша карточкалардың құны бірдей. 1-інші қызмет көрсету жылының құнына карточкамен қызмет көрсету мен ЖАҚ ""ЭйАйДжи Қазақстан" сақтандыру компаниясы" сақтандыру куәлігі кіреді (егер Сізге VIP және ЦПС-те қызмет көрсетілген жағдайда).  
 
8.3 2005-2007 жылдардағы даму стратегиясы 
Негізгі міндет - Қазақстанда және онымен шектесіп жатқан көрші елдердегі қаржы рыногының барлық сегменттерінде: банк, зейнетақы, сақтандыру, бағалы қағаздар және лизинг саласында қызмет көрсететін әрі клиенттер мүддесін көздеуге бағытталған 
қаржылық топ құру. 
1.Өнімдер мен қызметтер ауқымы 
Халық банкі мен оның еншілес компанияларының тобы еуропалық стандарттарға сәйкес жұмыс істеуге талпыныс жасайтын болады әрі Банктің филиалдар желісі арқылы өз клиенттеріне қаржылық өнімнің неғұрлым кең ауқымын ұсынуға ұмтылады. Қаржылық топ өнімдер мен қызметтердің жаңа түрін енгізетін болады және өңірдегі қаржылық инновациялар саласында көш бастаушы болуды көздейді. 
2.Қызмет ету географиясы 
«Халық» қаржы тобы Қазақстанның, Ресейдің, Орталық Азия мен ТМД елдерінің және Қытайдың қаржы рыноктарында жұмыс істейтін болады. Клиенттер мүддесі талап ететін жағдайда топ дербес түрде немесе стратегиялық серіктестері арқылы басқа елдердің қаржы рыноктарына да шыға алады.  
3.Клиенттері 
Қаржы тобы өз қызметтерін заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да ұсынатын болады. Қолда бар клиенттерге ұсынылатын қызметтер сапасын барынша арттыру арқылы әрі қызмет түрін барынша кеңейте отырып, топ жаңа клиенттерді тарта алады және бұлар негізінен орта бизнес, жобалық қаржыландыру өкілдері мен жастар және орташа класқа басым көңіл бөлетін болады.  
4. Сату арналары  
Топтың Қазақстандағы негізгі сату арнасы Халық Банкі филиалдары болып табылады. Басқа елдердің рыноктарында еншілес компаниялармен қатар топтың стратегиялық серіктестерінің арналары да пайдаланылатын болады. 
5. Стандарттар  
Стратегиялық серіктестерімен бірлесе отырып, топ 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологиялар және корпоративтік басқару салаларында Еуроодақ (ЕО) стандарттарына толық сәйкес келуді көздейді.  
 
2005-2007 жылдар ішінде бизнесті дамытудың негізгі міндеттері  
 
1) Халыққа бөлшек бизнес қызметін көрсету рыногында жетекші банк атану. Ең бастысы - сатулар жүйесін құру, оның арқасында Банктің кеңінен таралған филиалдар желісінде тұрғындарға қаржылық қызметтің толық жиынтығы ұсынылады;  
2) активтерді басқару рыногындағы өз айқындамасын күшейту (кең мағынада алғанда, оның ішінде зейнетақы қорын, өмірді сақтандыру компаниясын, брокерлік компанияны, активтерді тікелей басқару жөніндегі бөлімшелерді қоса алғанда); 
3) жалпы сақтандыру рыногында табанды да берік айқындама ұстануға қол жеткізу; 
4) рыноктың барлық негізгі сегменттері бойынша кемінде 25 пайыздық үлесті иемдену; 
5) шағын және орта кәсіпкерлерге несие беру рыногында жетекші банктің бірі болу;  
6) ірі экспорттық кәсіпорындарға қызмет көрсетуде мығым айқындама жасау; 
7) бәсеке қабілеті жоғары, ең алдымен клиенттердің құрал-жабдық сатып алу мұқтаждығын қамтамасыз ете алатын лизинг компаниясын құру;  
8) Қазақстан мен оған шектес өңірде қаржы тобының шеңберіндегі құрылымдық 
өнімдер бойынша бизнес ашу; 
9) стратегиялық серіктеспен бірлесіп Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бизнесті қолға алу және 5 жылдың ішінде шетелдік бизнестің жалпы өнім көлеміндегі үлесін 30 пайызға жеткізу. Ресеймен саудалық қарым-қатынасқа оның ішінде шекаралық саудаға (саудалық қаржыландыру) қызмет көрсету бизнесін құру.  
10) қорландыру мерзімін ұзарта отырып, қор базасын сараландыруды жалғастыру.  
 
«HALYK GROUP» Халық банкі қаржылық тобын дамыту стратегиясы  
 
1. Кең таралған филиалдар желісін, «Қазақстан Халық жинақ банкі» деген танымал атауы мен имиджін пайдалана отырып, Халық банкі өзінің еншілес компанияларымен бірге қаржылық топқа айналуға және жеке тұлғалармен жұмыс істейтін жетекші ірі банк ретінде айқындалуға тиіс. Бұл үшін:  
• қаржы тобы артықшылығы нақты айқындалған сегменттерде (төлем карточкалары, төлемдер мен аударымдар) өз күшін басым түрде шоғырландырып, сол салада жаңа өнімдер - телефондық банкинг, супер банкоматтар, т.б. енгізуге көңіл бөлуі қажет;  
• бір-біріне сәйкес келетін, түйіспелі кешенді қаржылық қызметтің тиімді жүйесін жасау, сөйтіп Банктің филиал желісі арқылы «one stop shopping» тұжырымдамасымен бір клиентке орташа алғанда кемінде 4 түрлі өнім: төлем карточкаларын, депозиттер, тұтыну немесе тұрғын үй кредитін, сақтандыру (жалпы) қызметін, зейнетақы қорының өнімдерін сату, ал болашақта - бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, сондай-ақ орташа кластың жоғары тобына кіретіндердің активтері мен өмірін қорғау қызметін ұсыну керек;  
• қазіргі уақытта нақты бәсекелестерде жоқ жаңа өнімдер түрін енгізу және Қазақстанда ыңғайлы да икемді қаржылық супермаркет сервисінің жоқтығынан қаржылық қызметтерді жеткілікті пайдалана алмайтын клиенттерді түйіспелік сатулар қызметі есебінен тартып отыру қажет.  
2. Корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету тұрғысынан алғанда корпоративтік және инвестициялық банкингтегі айқындамаларды нығайту қажет. Мақсатты клиенттік база мыналар болуға тиіс:  
• аса ірі клиенттер, экспортер-кәсіпорындар, оларға жергілікті және шетелдік жетекші банктердің ұсынатын қызметтерімен салыстыруға келетін қызметтер түрін көрсететін жағдай жасау. Мұндай клиенттерге жоғары деңгейдегі сапалы қызмет пен кешенді банктік және қаржылық қызмет ұсынылуға тиіс;  
• сонымен қатар қазіргі уақытта кредитті қажет етпейтін клиенттерге де көңіл бөлінгені жөн және оларға қаржы тобының банктік емес, пайызы жоқ өнімдерін ұсыну қажет;  
• шағын және орта бизнес саласындағы клиенттер базасын бөлшек банкинг секторындағы секілді «one stop shopping» арқылы және түйіспелі сатулар есебінен жетілдіру керек. 
3. Қаржы секторындағы өтімділіктің артуы және жоғары класс пен орта класс өкілдері әл-ауқатының өсуі бізде активтерді басқару қызметіне сұраныс туғызады (asset management және private banking). Бұл ретте серпіліс жасап, неғұрлым алға дамуға, еншілес зейнетақы қорының жетекшілік рөлін барынша пайдалануға ұмтылған жөн болады. Активтерді басқару арқылы қаржылық топ ұсынып отырған қолда бар қызметтер спектрін толықтыруға болады, бұл сондай-ақ жеке адам өмірін сақтандыру компаниясын құруға мүмкіндік береді. Аталған компанияның табысты қызмет істеуін қамтамасыз ету үшін активтерді басқаруға дағдылану, машықтану қажет.  
 
Қаржылық топ ішінде жүретін процестерді басқарудың негізгі міндеттері  
• 1) Қаржы тобының стратегиялық серіктесі ретінде еуропалық қаржы институтын тарту қажет.  
• 2) Филиалдар желісі арқылы сатуларды кеңейтуге, бір орталықтан есепке алуға мүмкіндік беретін және тәуекелдерді басқару жүйесіне қолдау көрсететін ІТ жүйесін іске қосу керек.  
• 3) Стратегиялық серіктеспен бірлесіп, еуропалық стандарттарға толық сәйкес келетін тәуекелдерді басқару жүйесін құру қажет.  
• 4) Клиенттерге филиалдар желісі арқылы жоғары сапалы қызмет көрсетуді және толық өнім жиынтығын ұсынуды қамтамасыз ететін қызметкерлер құрамын оқытып-үйрету жүйесін құру керек.  
• 5) Қаржы тобы шығаратын шешімдердің бүркемесіз, ашық болуын және акционерлер құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін корпоративтік басқару жүйесін құру қажет.  
6) Банкте клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесін енгізу керек. 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 
1. Сейітқасымов Ғ.С «Ақша, несие, банктер» Алматы 2001 ж. 
2. Мақыш С.Б «Ақша айналысы және несиелер» Алматы 2001ж. 
3. Мақыш С.Б « Коммерциялық банктер операциялары» Алматы 2003ж. 
4. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы 2004 ж. 
5. Зиябеков. Б «Қазақстанда банк жүйесінің дамуы» Алматы 2003 ж. 
6. Ғабжалелов Х. «Теңге» Алматы 2003 ж. 
7. www.Google.kz интернет сайты. 
8. Көшенова Б.Н. «Ақша, несие, банктер» Алматы 2001ж. 
9. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан халықына жолдауы» 2007 жыл 28 ақпан. 
10. Қазақстан цифрларда Алматы 2005 
 
Кәсіптік қызметтің объектілері мен қызметтері 
Кәсіби қызметінің функциясы:  
- есептік және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу және оны инвесторлардың, кредиторлардың, сыртқы және ішкі пайдаланушылардың басқарушылық шешімдер қабылдау үшін басшыларға пайдалануға дайындау; 
- қаржыландыру, несиелендіру, қарыз алу, баға белгілеу, инвестициялау жөнінде баламалы шешімдерді, өндіріс әдістерін талдау және бағалау; 
- жалпы экономиканың мемлекеттік және жекеше секторлардың кәсіпорындары мен мекемелердің қаржылық және қаржы-шаруашылық қызметін басқару және оған бақылау жасау; 
 
Кәсіби қызметінің мазмұны 
050509- Қаржы мамандығы жөніндегі бакалаврлар ұлттық экономиканың барлық сфералары мен буындарындағы қаржыны, қаржы институттарын ұйымдастыру және басқарумен, басқарудың ғылыми-әдіснамалық және ұйымдық –технологиялық базасын жасауға қатысуымен байланысты болатын өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырады: 
- өндірісті ұйымдастыру және технологиялық үдерісті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; 
- қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын әзірлеу және контролингі жүзеге асыру; 
қаржы менеджментінің тиімділігіне талдау жасау, ақша қорларын жұмсаудың нәтижелігі мониторингін жүзеге асыру 
Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне қойылатын талаптар -  
Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне қойылатын талаптар 
Осы мамандық бойынша бітірушінің жалпы білімдігіне мынадай талаптар қойылады: 
-қоғамның эволюциясы, мәдениеттің, өркениеттің, әлеуметтік тәжірибе нысандарының әр алуандығы туралы білім; 
- дүниежүзілік тарихи үрдістегі Қазақстанның орнын айқын түсіну; 
- жалпы білім беретін пәндер, оның тарихы мен экономикасы жөніндегі білімдерді игеру. 
Әлеуметтік –этикалық тұлғалық құзырларға қойылатын талаптар: 
050509-Қаржы мамандығы жөніндегі бакалаврдың әлеуметтік – жеке тұлғалық құзырларына қойылатын талаптар: 
- мінез-құлықтың және кәсіби этиканың жалпы адамдық нормаларын пайдалану; 
- моралдық-адамгершілік қағидаттардың ішкі мәдениетінің жоғары деңгейі; 
- экологиялық мәдениеттің болуы, қоршаған ортаны қорғауға ұмтылу; 
- индивидум мен социумнің өзара байланысын қажет ететін қоғамдық тұрмыстың объективтік заңдылықтарын білу; 
- салауатты өмірді насихаттау; 
 
ҚР және ОҚО –дағы жоғары оқу орындарындағы білім көрсеткіштері 
 
Соңғы уақытта біздің республикамызда білім саласында ерекше көңіл аударылуда. Соңғы уақытта білімге деген инвестицияның көлемі ұлғаюда. Мемлекеттің алға қойған мақсаты жоғары білімді мамандармен әдемдік еңбек нарығына қажетті маман даярлау. Жаңа аттестация мен аккредитация жүргізілуде. Мемлекеттік білім алуға деген талпыныс жрғары әрі жыл сайын студенттер саны ұлғаюда. Олардың көюісі мемлекеттік грант иегерлері. Өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда біздің университет грант бөлуден алдыңғы қатарда. Облыс бойынша бірінші орын, республика бойынша үшінші орында. Бұл жақсы көрсеткіш. 
 
Жоғарғы оқу орынға студентерді қабылдау (жыл басы 1000 адам)

Банк  тарихынан

Қазақстан Халық  Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.

«Қазақстан Халық  Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. 

Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы

, сонау 1923 жылы  төңкеріс жылдарынан кейінгі  жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.

Ақтөбедегі жинақ  кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және  басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.

Социалистік қоғамда  қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі  әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.

Жинақ кассалары  сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.

Бұл кезеңдегі жинақ  ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі – натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.

1960 жылдың аяғына  қарай жинақ кассаларындағы салымшылар  саны 1 770 мың адамға жетті, ал  салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. 

Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары

желісінің кеңінен  қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.).

60-жылдардың басында  жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.

Жинақ жүйесінің  одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады. 

1988 жылғы банктік реформа бойынша

банк жүйесін  екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздік пен  егемендікке қол жеткізуімен  жинақ ісінің дамуында үшінші қайта  құру кезеңі басталды – дәл осы  кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық  қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды. 

1990 жылдың желтоқсанынан бастап

Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына  жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз  ресми түрде жарияланған соң  бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.

1993 жылы Жинақ  банкі Қазақстан Республикасының  Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.

Ал 1995 жылы Банк жабық  тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып  қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.

1995 жылдың аяғында-ақ  Қазақстан Халық Банкі республикадағы  аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде  акционерлердің жалпы жиналысының  шешімімен Банк жабық тұрпаттағы  акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Сол жылы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық  жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.  

2001 жылдың қараша айында

өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі  өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын  акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.

Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі.  Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.

Павлов Александр Сергеевич

Директорлар кеңесінің  төрағасы,тәуелсіз директор

Шаяхметова Үміт Болатханқызы

Басқарма Төрайымы

Директорлар кеңесінің  мүшелері

Дамитов Қадыржан Қабдошевич

Директорлар кеңесінің  мүшесі, Тәуелсіз директор

Сатылғанов Қайрат Алпамысұлы

Директорлар кеңесінің  мүшесі

Кристоф Рель

Директорлар кеңесінің  мүшесі, тәуелсіз директор

Фрэнк Кайларс

Директорлар кеңесінің  мүшесі

Ульф Вокурка

Директорлар кеңесінің  мүшесі, тәуелсіз директор

Басқарма мүшелері

Қарабаев Дәурен Сапаралыұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Кішкімбаева Сәуле Бахыткерейқызы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Смағұлов Асқар Сағидоллаұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Өскімбаев Қожамұрат Беиісұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Әлменов Марат Бүркітбайұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Кособоков Станислав Сергеевич

Басқарма Төрағасының орынбасары

Қарабаев Дәурен Сапаралыұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Кішкімбаева Сәуле Бахыткерейқызы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Смағұлов Асқар Сағидоллаұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Өскімбаев Қожамұрат Беиісұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Әлменов Марат Бүркітбайұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Кособоков Станислав Сергеевич

Басқарма Төрағасының орынбасары

Қарпықова Әлия Сәкенқызы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Лауазым орындары

Ұжымда жұмыс  істей алу, сергек көніл-күй және жұмысқа творчестволық баппен қарау - бұл Халық Банкінде жұмыс істегісі келетін талапкерлердің қасиеті.

Жұмыс шарттары:

  • Жұмысқа алу тәртібі: Сынау мерзімімен/мерзімінсіз 1 жылдық мерзімге жеке жұмыс келісімі.
  • Жұмыс кестесі: 9:00-ден 18:00-ге дейін – дүйсенбі-жұма
  • Демалыс: 26 календарлық күн.
  • Лауазымдық жалақысы: жұмысқа қабылданатын сәттегі Банкте бекітілген еңбекақы төлеу схемасына сәйкес белгіленеді 
  • Оқу және біліктілігін арттыру мүмкіндігі

 Әлеуметтік пакет:

  • Банктің үлестік негізде қатысуы арқылы қызметкерді науқастану жағдайынан ерікті сақтандыру; 
  • Қызметкерлер өмірін сақтандыру; 
  • Қызметкердің жеке басына қатысты оқиғаларға байланысты материалдық көмек көрсету; 
  • Жеке басына қатысты оқиғаларға байланысты қосымша ақылы демалыс; 
  • Қызмет атқарған (еңбек сіңірген) жылдары үшін көтермелеу ақысы;
  • Банктің өз ішінде және оның  еншілес ұйымдары арасында қызметкердің басқа өңірге жұмысқа ауыстырылуына (қабылдануына) байланысты өтемақы төлеу; 
  • Қызметкердің жетістіктерін тану (мойындау) бағдарламасы; 
  • Корпоративтік іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу:  

Банктің жетістіктері

Марапат

Құрушы

Күні

— «Қазақстандағы 2006 жылғы үздік банк»

«Euromoney» журналы

2006 ж. шілде

— «Орталық Азиядағы 2006 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк»

«The Asian Banker» журналы

2007ж. қыркүйек

— «Қазақстандағы 2007 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк»

«The Asian Banker» журналы

2008 ж. мамыр

— «Орталық Азиядағы 2007 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк»

«The Asian Banker» журналы

2008 ж. мамыр

— «Қазақстандағы 2008 жылғы үздік банк»

«Euromoney» журналы

2008 ж. шілде

— «Қазақстандағы Жыл банкі»

«The Banker» журналы

2008 ж. қараша

— «Қазақстандағы үздік жергілікті банк»

«Emeafinance» журналы

2009 ж. маусым

— «Қазақстандағы 2009 жылғы үздік банк»

«Euromoney» журналы

2009 ж. шілде

— «Қазақстандағы 2009 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк»

«The Asian Banker» журналы

2010 ж. наурыз 

— «Қазақстандағы 2010 жылғы үздік банк»

«Global Finance» журналы

2010 ж. наурыз

— «Қазақстандағы 2010 жылғы үздік банк»

«Emeafinance» журналы 

2010ж. маусым 

— «ТМД бойынша 2010 жылғы үздік банк»

«BusinessNewEurope» журналы 

2010ж. шілде

— «Қазақстандағы 2010 жылғы үздік банк»

«Euromoney» журналы 

2010ж. тамыз

— «Қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын»

ҚР Үкіметінен Диплом

2010ж. қазан

— «Клиенттерді мативациялау бойынша  тиімді бағдарлама»

MoneyGram

2010ж. қараша 

— «Ньюсмейкер Интерфакс-Казахстан 2010»

«Интерфакс-Казахстан»

2010ж. желтоқсан

— «Қазақстандағы ең үздік банк 2011»

"Global Finance" журналы 

2011ж. наурыз 

— «Қазақстандағы ең үздік банк 2011»

"Emeafinance" журналы 

2011ж. сәуір

— «Қазақстандағы ең үздік банк 2011»

"Euromoney" журналы 

2011ж. шілде

— «Төлем мәліметтерінің үздік сапасы үшін» 2010 EUR STP Excellence Award марапаты бойынша

Deutsche Bank

2011ж. шілде

— «Сити банкке АҚШ долларымен жүргізілген төлемдердің 98 %-нан астамы бойынша қол жеткізілген тікелей мөлшерлеме деңгейі үшін» деген 2010 жылғы сапалық марапат

Сити Банк

2011ж. шілде

— 2011ж. Қазақстандағы Maestro карточкаларын  шығару бойынша №1

Master Card Worldwide

2011ж. шілде

— "Қазақстандағы валютамен айырбастау нарығындағы ең үздік жабдықтаушы 2011"

"Global Finance" журналы 

2011ж. қазан

— "Қазақстандағы Жыл банкі"

"The Banker" журналы 

2011ж. желтоқсан

— «Үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын»

Елбасының атынан тағайындалатын «Алтын сапа» сыйлығы 

2011ж. желтоқсан

— "Қазақстандағы валютамен айырбастау нарығындағы ең үздік жабдықтаушы 2012"

"Global Finance" журналы 

2012 ж. қаңтар 

— Сауданы қаржыландыру - 2012 саласындағы  Қазақстанның таңдаулы Банкі

"Global Finance" журналы 

2012 ж. қаңтар 

— «Қазақстандағы ең үздік банк 2012»

"Global Finance" журналы 

2012ж. наурыз 

— «Қазақстандағы ең үздік банк»

"Emeafinance" журналы 

2012ж. сәуір

— «Төлем мәліметтерінің үздік сапасы үшін» 2011 EUR STP Excellence Award марапаты бойынша

Deutsche Bank

2012ж. мамыр 

— MT 103 STP 98.96% ставкасымен үздік жетістіке жеткені үшін 2012 жылғы сапалық марапат

JP Morgan

2012 ж. маусым 

Рейтингтер

Moody's Investors Service

Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер

Ba2

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер

Not prime

Қаржылық тұрақтылық рейтингі

D-

Рейтинг болжамы

Тұрақты

Standard and Poor`s

Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі

BB

Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі

B

Рейтинг болжамы

Тұрақты

Fitch Ratings

Шетел валютасындағы эмитенттің дефолт ұзақ мерзімді рейтингі

BB-

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг

B

Тұрақтылық рейтингі

bb-

Қолдау рейтингі

4

Ұзақ мерзімді рейтингке болжамы

Тұрақты

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ — КАСТОДИАН

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ  БАНКІ — КАСТОДИАН 
 
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі 2004 жылғы 19 ақпанда кастодиалдық қызметпен айналысу үшін әрекет мерзімін шектемей № 0407100221 мемлекеттік лицензия берген. 
Кастодиан — бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушысы, клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасының есебін жүргізеді және оларды растау құқығын іске асырады, сонымен қатар өзіне тиісті міндеттеме қабылдай отырып, клиенттердің құжаттамалық қаржылық құралдарын сақтауды жүзеге асырады.  
Бүгінгі күні жұмыс істеп жатқан кастодиан-банктер арасында Халық банкі алғашқылардың бірі болып кастодиалдық қызметпен айналысуға лицензия алды және 1997 жылдан бастап өз клиенттеріне кастодиалдық қызмет ұсынып келеді.  
ҚР-ның заңнамалық актілерімен белгіленген кастодиан функцияларын іске асыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ: 
 
- кастодиалдық қызмет көрсетуге берілген ақшаға, эмиссиялық бағалы қағазға және басқа да қаржы құралдарына қатысты клиент шоттарын ашады;  
- кастодиалдық қызмет көрсетуге берілген ақшаның, эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге қаржы құралдарының есебін қамтамасыз етеді;  
- кастодиалдық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша төлем агентінің функцияларын орындайды;  
- клиенттер бұйрығының негізінде бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркейді және олардың бағалы қағазға құқығын растайды;  
- бағалы қағаздар бойынша табыс табады және оларды клиенттер шотының есебіне аударады;  
- клиенттердің құжаттық бағалы қағаздарын сақтайды;  
- клиент бұйрықтарын олардың мазмұнына сәйкес орындап отырады;  
- клиенттің бағалы қағаздары мен ақшасын өзінің меншікті бағалы қағаздары мен ақшасына қатысты оқшаулап сақтауды қамтамасыз етеді:  
- шоттарды жүргізудің және клиенттің бағалы қағаздары мен ақшасы есебінің технологиясын орындайды;  
- өз клиенттерінің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерінің орындауын, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерінің өз мақсатында, ҚР-ның заңнамасымен белгіленген тәртіпке сай инвестициялануын бақылайды;  
- клиенттерге олардың шоттары туралы ақпаратты тұрақты түрде және олардың талап етуімен бірден беріп отырады;  
- клиент шоттары туралы ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз етеді және бағалы қағазды шығарушының тапсырумен клиентке ақпарат береді;  
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес уәкілетті органға ақпарат беріп отырады.  
Кастодиалдық қызметке деген объективті қажеттілікті рынокта мемлекеттік, муниципалдық және корпоративтік бағалы қағаздардың ірі портфельдеріне иелік етушілер санының көбеюімен түсіндіруге болады.  
 
Аталған қызмет түрін барынша кеңейту стратегиясына сүйене отырып, Халық Банкі кастодиалдық қызметтер бойынша бәсекелік қабілеті жақсы және бизнес жүргізуге тиімді ықпал ететін тарифтер кестесін жасады, қазіргі уақытта клиенттердің бағалы қағаздары мен ақшасын кастодиалдық есепке алу бойынша толық мәнді, кәсіби қызмет көрсетіледі. 
Кастодиалдық қызмет көрсетуші құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері аталған рынокта мол тәжірибе жинақтаған, терең білімді әрі жоғары кәсіпкерлікке дағдыланған мамандар болып табылады, олар тиісінше жоғары деңгейлі қызмет көрсете алады.  
Кастодиалдық қызмет рыногындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ стратегиясының негізгі және айқындаушы бағыты бағалы қағаздар рыногында инвесторлар тәуекелін барынша азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша уақытылы есеп айырысу және олардың меншік құқығын растау болып табылады.  
Халық банкі өзі көрсететін қызмет түрлерінің сапасын үнемі арттырып отырады және кастодиан қызметін пайдаланған клиент неғұрлым аз тәуекелмен барынша жоғары пайда табуына ықпал етуге ұмтылады.  
 
Банктің үлестес тұлғаларын қоспағанда,  
Кастодиан клиенттері мыналар бола алады: 
- ҚР резиденттері, 
- ҚР бейрезиденттері, 
- заңды тұлғалар, 
- жеке тұлғалар. 
Институционалдық және жеке инвесторлар активтерімен халықаралық рыноктарда тиімді жұмыс істеу үшін әрі олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кастодиандық қызмет көрсету жөнінде Deutsche Bank (Frankfurt) және Morgan Stanley DW (London) банктерімен шарт бекітті және кастодиалдық шоттар ашты, бұл шын мәнінде кез келген шет мемлекетте халықаралық мәміле жасауға мүмкіндік береді деген сөз. Халықаралық рынокта қызмет көрсету ерекшеліктерін, мәмілелерді орындау, табыс алу рәсімдерін, басқа да факторларды жақсы білу аталған рыноктардағы инвестициялық қызметпен байланысты тәуекелдерге жол бермеудің алғышарты болып табылады.  
ҚР-ның «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңының 45-бабына (5-тармақ) сәйкес клиенттердің ақшасы мен бағалы қағаздарын Кастодиан өзінің меншікті активтерінен бөлек есепке алады және олар Кастодиан банкротқа ұшыраған немесе ерікті түрде таратылған жағдайда таратылатын активтер массасына қосылмайды. Бұл қағида клиентке кастодиан-банк банкротқа ұшыраған немесе таратылған жағдайда өз активтерін жоғалту тәуекеліне ұшырамауға мүмкіндік береді.  
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ капиталдандыру деңгейінің жоғары болуы клиенттерге Кастодианда қаржы құралдарын айтарлықтай көлемде сақтауға мүмкіндік береді, өз кезегінде Кастодианның клиенттер алдындағы өз міндеттемелері бойынша толық көлемде жауап беру мүмкіндігі болады.  
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесінің белсенді қатысушысы болып табылады. Кастодиандық қызмет көрсетілетін клиенттірдің зейнетақы активтері бүгінгі күнгі жалпы қазақстандық зейнетақы активтері қорының 25 пайызын құрайды.

Еліміздегі  ең ірі коммерциялық банктердің бірі Халық Банкі.

     Халық Банкінің тарихы — бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.  
     Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.  
       Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.

рефераттар | Просмотров: 1284 | Загрузок: 0 | Добавил: jasik | Дата: 20.07.2009 | Комментарии (0)

Коммерциялық  банктердің құрылымы және заңдық ұйымдасуы

Банктердің пайда болуы мен шығу тарихы, басқа да халықаралық қалыптасулар секілді, олардың пайда болуымен ғана байланысты емес,олардың мәні одан да зор болып келеді. Қысқаша айтқанда, олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық және материалдық емес сфералардың даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді. Осы тұрғыдан банктік жүйенің даму үрдісін байқауға болады. 
Алғашқы кездерден бастап банктердің пайда болуымен қызмет етуі, өзінің дамуында бірнеше тарихи кезеңдерден өткен ақша эволюциясына байланысты. Ежелгі Рим және антикалық Грецияда ақша рөлін мал атқарған кезде, ешқандай банктер туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Бірақта, ежелгі және қазіргі заманғы тарихта да банктердің қандай операцияларды орындаумен байланысты пайда болғаны жөнінде толық мәліметтер жоқ. Сондықтан да эканомикалық әдебиетте банктердің шығу тарихы толық анықталмаған, ал қазіргі жаңа тарихтардағы мәліметтер бойынша банктердің пайда болуын метал ақшаның пайда болу кезеңіне жатқыза аламыз. Осы жерде француз елінің мақалын келтіре кету артық емес: «Егерде тиын домалақ болса-ол айналуы керек». Оның айналымы банк арқылы жылдамтылады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, банктер феодализм кезінде пайда болды, ал басқа ғалымдардың ойы бойынша ақша және несие қатынастары құлиеленушілік қоғам болған кезде де өз орнын алған еді. 
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік «Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank»-орындық, «айырбас орындығы»-айырбас орны дегенді білдіреді. 
Тарихта банктердің ең қарапайым қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал фоедализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастардың ауқымы тарылып, тек XIII-XIV ғасырларда сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Ортағасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған. 
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі  қалалардың ақшасы пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтау, қабылдау мен ақшасыз есеп айрысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні-екі клиенттің қатысуымен банктердің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу.Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж.) және Гамбургте (1618ж.) ұйымдасты 
рылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталисттің қайталама айналымымен байланысты аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал капиталисттік банктер керісінше ұдайы өндірістің өнеркәсіп және сауда капиталының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын артырды. Жалдамалы еңбекке көшу халық табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болды, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.  
К.Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерлік 
тің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі». Сонымен қатар банктер «несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін капиталды да» басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен  үлкен мекемелердің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын да шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы төлеп, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады. Банктердің түрлеріне келетін болсақ, олар келесідей бөлінеді: 
Эмиссиялық банк-ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға, шығаруға құқысы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда-Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің-жоғары деңгейдегі банк. 
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар екінші деңгейлі, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және тағы да басқа банктер.  
Екінші деңгейлі банктер-клиенттерге қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер. 
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар акция, облигация және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді. 

рефераттар | Просмотров: 2211 | Загрузок: 0 | Добавил: jasik | Дата: 20.07.2009 | Комментарии (0)

Коммерциялық  банктердің пассив және актив операциялары

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады: 
- Ақылы негізде салымдарды (депозиттерді) тарту; 
- Клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету; 
- Қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттармен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру; 
- Инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру; 
- Заңда көрсетілген тәртіп пен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді); 
- Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу; 
- Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру; 
- Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу; 
- Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету; 
- Клиенттер үшін құжаттармен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес); 
- Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг); 
- Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару); 
- Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету; 
- Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.   
        - Банктік қызметтермен байланысты кеңес беру қызметтерін көрсету; 
       - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензиясына 
сәйкес басқа да операциялар түрін жүзеге асырады.

рефераттар | Просмотров: 1713 | Загрузок: 0 | Добавил: jasik | Дата: 20.07.2009 | Комментарии (0)

Орал  аймақтық «Казкоммерцбанк»АҚ- филиалының қызмет көрсетулерін талдау.                                       

Бұл филиалға. біріншіден, құрылымдық бөлімшелердің қызметтерін бақылауға мүмкінідік бреді, екіншіден, операцияларды сапалы жүргізумен қамтамасыз ету; үшіншіден, еңбекақы қоры және іс-сапарлар бойынша шығындар азаяды. 
АҚ Оралдық аймақтық филиалында тұрғындарға қызметтердің келесі түрлері көрсетіледі: 
    Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер:     
1)    Ұлттық және шетел валютасында банктік шоттар ашу; 
2)    Клиенттердің банктік шоттары бойынша қызмет көрсету; 
3)    Депозиттер қабылдау; 
4)    Ақша аударымдары; 
5)    Несиелендіру; 
6)    Пластикалық карточкалар шығару; 
7)    Бағалы қағаздармен операциялар; 
8)    Валюта шығаруға анықтама беру; 
9)    Коммуналдық төлемдер қабылдау. 
Банктік шот-банк және тұтынушы арасында депозит және келесілер 
мен байланысты операцияларды орындауды келісім-шарт енгізінде бейне 
леу тәсілі: 
а) тұтынушыларға тмесілі ақшаларды банктің қолдануы және барлығын қамтамасыз ету; 
б) тұтынушы пайдасына ақшаларды алу; 
в) тұтынушының көрсеткен талабы бойынша аударымдар жасау. 
Төлемдер мен аударымдар: Төлем-қолма-қол немесе ақша аударымы жолын пайдалану, ақша төлемі жөніндегі бұйрық, ақшалық міндеттемеден тұратын төлемдік құжатты беру болып табылады  
      Ақша аударымы- төлемді немесе басқа мақсаттарды іске асыруымен байланысты ақша аударымы жөнінде жөнелтушілердің қабылдаушы банкінің нұсқауларын орындау. 
Ақша төлемдері және аударымдары іске асыру әдістері: 
1)    Қолма-қол ақшаны аудару; 
2)    Төлемдік тапсырытсы көрсету 
3)    Банктік шотты тікелей дебеттеу; 
4)    Төлемдік карточкаларды пайдалану; 
5)    Төлем талап тапсырысты көрсету; 
6)    Инкассалық нұсқауларды көрсету; 
7)    Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен қабылданған басқа жағдайлар. 
Келесі қызметтің түрі депозитерді қабылдау.

рефераттар | Просмотров: 534 | Загрузок: 0 | Добавил: jasik | Дата: 20.07.2009 | Комментарии (0)