Казак хандыгы. 2

Жоспар

 

  1. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.Керей және Жәнібек
  2. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы
  3. Қазақ этнонимінің пайда болуының тарихы алғы шарттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ хандығының қалыптасуы

 

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы  төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

1456 жылы Керей  мен Жәнібек ханның Әбілқайыр  хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады.

Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың  территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті  – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.

Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын  ңығайту үшін Сырдария бойындағы  қалаларды қарату төтенше маңызды  еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына  3 үлкен тарихи міндет қойылды: 
         1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 
         2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 
         3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.

Сырдария бойындағы  қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр  хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханың мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары- Ахмед хан мен Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып, бірге күрес жүргізді.

Әбілхайыр ханың  орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Әбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд султан Астраханға барып паналады. Әбілқайыр ханның мұрагерлермен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Әмір-Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді.

XV ғасырдың ақырында  Отырар Яса (Түркестан) Орхон,  Бозкент қалалары мен Түркістан  аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы султан Махмұд биледі.

 Қазақ хандары Дешті –Қыпшақты басып алуға умтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды Шығыс Дешті –Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте – бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы Дешті –Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті –Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай алмаған.         XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.

     Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.

Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.

Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды.

Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.

Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.

Құқық (право). Қасым хан  өзі билік жүргізген жылдары  қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ  заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.

Бұрынғы заң-қағидаларға  енгізген ережелері мынау:

1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).

2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).

3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).

4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу                  мәнері).

5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді .

Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.

Шыңғысхан әскері Алтай мен Еділ аралығындағы үлкен территорияға басып кірмей тұрып-ақ, туыстас түркі тайпалары біріге бастаған болатын. Бұл процесс күннің-күнінде біртұтас халықтың, бұл жерде, қазақ халқының құрылуына әкелуі керек болатын.Біріктірушінің ролін қыпшақ тайпасы атқарып, олар қыпшақ конфедерациясы деп өз аттарымен аталған мемлекет құруға қол жеткізді. XI ғасырда қыпшақ тайпалары Еділден өтіп, батысқа қарай жылжыды, ал XII ғасырға қарай Днепрге дейінгі жерлерде өз ықпалын жүргізді. Батыс пен шығыстың (ағылшын, француз, араб, парсы) тарихи деректерінде осы кезеңнен бастап XV ғасырға дейін Ертістен Днепрге дейінгі ауқымды кеңістік Дешті Қыпшақ даласы деп жазылған.Алайда, монғол шапқыншылығы жер бетінде Дешті Қыпшақ этносының құрылу процесін тоқтатып тастады. Шапқыншылық нәтижесінде өндіруші күштер әлсіреп, көптеген рулар басқа жаққа қашып кетті, тіпті, қаза болғандар да болды. Құрыла бастаған халықты қалпына келтіріп, оны дамыту үшін ұзақ уақыт пен алғы шарттар қажет болды және ондай алғы шарттар этникалық процестердіңбарысындапайдаболды. 

XIII - XIV ғасырларда  Алтын Орданың күйреуінің нәтижесінде  қазіргі Қазақстан территориясында  Ақ Орда, Моғолстан және басқа  да мемлекеттер құрылып, сол  мемлекеттерде қазақ халқының  құрылуына негіз болған түркі  тайпалары мен руларының этникалық түп-төркіні - этногенезі пайда болды. Сонымен бірге монғолдар басып алған жерлерде басқыншылардың, яғни, монғолдардың жергілікті халыққа кірігу процесі басталды. Бұл туралы XIV ғасырдағы араб тарихшысы әл-Омардың еңбектерінде өте жақсы жазылған: "Ертеде бұл мемлекет қыпшақтар елі болған, ал монғолдар ол жерлерді басып алып, адамдарды өздеріне бағындырып алды. Кейіннен олар қыпшақтармен туысып, тура қыпшақтар сияқты, тіпті, бірге туғандай болып кетті..." 

Ақ Орда әлсіз  құрылым ретінде XIV ғасырдың басында бірқатар иеліктерге тарап кетті, оның ішіндегі аса ірілері - Ноғай Ордасы мен өзбек хандығы болды. "Ноғайлар" деген этноним XIII ғасырда өмір сүрген, Алтын Орда тарихында маңызды роль атқарған, нақты тарихи тұлға болған Ноғай ханның есімімен байланысты. 30 жыл бойы ол Алтын Орданың тағы үшін күресіп, ақыры қаза болады. Ноғайдың аты XIV ғасырдың аяғында Ноғай ханның ұрпақтары басқарған тайпалардың этникалық аты ретінде қайта жаңғырды. Ноғай ордасы Жайық (Орал) пен Еділ (Волга) аралығын алып жатты, кейіннен осы территорияларда қазақтардың этноқұрылымдарының бірі - Кіші Жүз қалыптасты. 

1312-1342 жылдары  Алтын Орданы билеген өзбек  ханның атымен Дешті Қыпшақтағы  тағы бір мемлекеттік құрылым  пайда болды. өзбек хан өз  кезеңінің көрнекті мемлекет қайраткері болды, ол қалалар тұрғызып, өнеркәсіп пен сауданы көтермелеп отырды, Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты, Иран мен Әзербайжанның тәуелсіздігі үшін табанды күрес жүргізді. XIV ғасырдағы парсы тарихшысы әрі географы Хамдаллах Казвинидің айтуынша өзбек хан билеген халық оның тірі кезінде де "өзбектер" деп аталған.1335-1336 жылдары "әзербайжан" жорығына қатысқан сарбаздар да солай аталған. Осы тарихшы Алтын Орданы "Мамлякат - и - өзбеки" - өзбек мемлекеті деп атаған. Яғни өзбек сөзі халық атауын білдірмеген, олай деп шығу тегі бұрынғы қыпшақтар, арғындар, қоңыраттар болған өзбек ханның сарбаздары аталған. 

Алтын Орда құлағаннан кейін XV ғасырдың басында Аралдың  солтүстік жағасы мен Сырдарияның  төменгі және ортаңғы ағысынан . деңгейдегі этностарға тараған (мысалы, орыстардың арасындағы қазақ этнографиялық топтары). 

XIV ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстанда халықтарды  бөлу жүргізілді және өзбектер, өзбек-қазақтар немесе қазақтар  деп аталып жүрген өзбек хандығының  жалпы халқынан жекелеген этностарды  қалыптастыру аяқталуы қажет болды. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген жолдар осыған бастады: этникалық территорияның шектері анықталды, соның нәтижесінде ортақ тіл қалыптасты, шаруашылық пен мәдениеттің түрлері, біртұтас материалдық және рухани мәдениет пайда болды, адамдардың санасында біртұтас халық болуға деген ұмтылыстың қарқыны күшейді. Тек соңғы күш қажет болды, ол күш қалың оқиғалардың арасынан жұлқынып шықты. 

Әбілқайыр ханның (1428-1468) көшпелі өзбектер мемлекетін билеуі түрлі топтардың Жошы әулеті тармақтарының - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан ұрпақтарының қақтығысқан кезеңі болды. 

"Қазақ"  этносы мен Қазақ хандығының  қалыптасу тарихы туралы XVI ғасырда  Мырза Мұхаммед Хайдар өзінің "Тарихтың түп-төркіні" - "Тарих  и Рашиди" атты еңбегінде жақсы жазған. Бұл еңбекте қазақтардың тұрмыс ерекшеліктері, олардың билеушілері туралы, қазақ деген аттың берілу себебі туралы арнайы айтылған. 

Орталық билікке  бағынбаудың нақты себептерінің бірі көшіп-қону мен халықтың бір  бөлігінің ханның қарамағынан жаңа мекендерге кетуі болды. өз қарамағында көшпелі өзбек мемлекетінің халқы бар Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар өздері үшін беделі жоқ, Әбілқайыр хан Шейбаниге бағынғысы келмеді.

1459 жылы олар  Әбілқайырға қарсы халық наразылығына  басшылық жасап, өздеріне бағынышты халықпен шығысқа қарай көшіп кетті. Олар Моғолстан мемлекетін құрап отырған өздеріне туыстас тайпаның жеріне келді. Моғолстан ханы да қайтып оралған отандастарына Шу және Қозы басы (батыс Жетісу) аймақтарын бөліп берді. Көшпелі халықты "қазақтар" деп атап, бұл ұғым ерекше этникалық мағынаға ие болды. Мырза Мұхаммед Хайдар: "Жәнібекпен және Кереймен кеткендер "қазақтар" деп аталып, бұл ат оларға мәңгілікке берілді", - деп жазды.

Халықтың қалыптасуындағы  көп жылдық этникалық процестің шыңы "қазақ" этнонимі мен Қазақ хандығының құрылуы болды. Қазақ хандығындағы халық саны, әсіресе, 1468 жылы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін жаңа тайпалар мен рулардың көшіп келуінің нәтижесінде өсті. 

Жаңа этникалық  қауымның бірігуіне еш кедергі болған жоқ. Тек Жошы әулетінің басқа бір тармағы - Мұхаммед Шайбани билікке дәмелі болды, бірақ ол да XVI ғасырдың басында өзбек тайпаларын басқарып, оңтүстікке, Орта Азияның территориясына кетіп қалды. Ол жақта Мавреннахрды бағындырып, жаңа этникалық қауымға "өзбек" деген ат берді. Қазақстан жерінде қазақ этникалық қауымы мен Қазақ хандығы қалды және олар қазіргі уақытта да өздерінің географиялық шегінде өмір сүріп келеді.

Қазақ халқы  мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан бөлмей қарау керек. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи дамудың біртұқтас ағымында бөлінбей, тығыз байланыста болды және "қазақ" этносы туралы сөз болғанда, оларды бір-бірінен бөліп қарамау керек. Енді "жүз" ұғымына нақтырақ тоқталсақ.

Жүз - (араб тілінен  аударғанда бүтіннің бір бөлігі) ірі этно-территориялық бірлестік немесе тайпалар одағы. Қазақтарда үш жүз - бүтіннің үш бөлігі бар - ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз .  
Жүздердің құрылу себебін тайпалардың шаруашылық қызметінің түрлері мен олар өмір сүрген табиғи-географиялық орталарынан іздеу керек.

Қазақстанның  территориясында көнеден келе жатқан шаруашылықтың басты түрі көшпелі  және жартылай көшпелі мал шаруашылығы  болды. Әрине, Қазақстанда жер өңдеу жұмыстарының да негізі ертеде болған Бірақ, олар шаруашылықтың бұл түрімен айналыса қоймады. Ал мал шаруашылығына келсек, ол XX ғасырдың басына дейін қазақтардың өмірінде елеулі роль атқарды. 

Көшпелі мал  шаруашылығының ерекшелігі - малды  жыл бойы жайылымда ұстау болып  табылады. Шаруашылықтың бұл түрі тұрақты қыстаудың болуын және малды маусымдық жайылымға жаюды қажет етеді: көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдар және қыстау.

Көшпелі шаруашылықты жүргізудің мұндай тәртібі көп ғасырлар бұрын қазақ халқы қалыптаспай  тұрып орнаған. Алайда, ол этникалық прцестердің бір бөлігі болғандықтан, тайпаның тарихымен тығыз байланысты болды. Қазақстанның ұлан-байтақ территориясы оның әр аймағында белгілі бір тайпалар шоғырланған табиғи-экономикалық аймақтардың қалыптасуына себеп болды. Міне, қазақ қоғамы мен мемлекетінің даму ерекшелігін түсіну үшін тайпалар туралы қысқаша болса да айту керек.

Рулық-тайпалық ұйым - адамдар ұжымының рулар мен  тайпаларға бөлінуі - этникалық және әлеуметтік қауымның қоғамдық меншіктің  түрі басым болған, адамдардың теңдігі  бірдей сақталған, бүкіл рудың ісі  жалпының мүддесі болып табылған түрі. Руы жоқ адамның еш құқығы болмаған, ол басқа руға да бөтен болып саналған.

Көшпелі өркениеттің  өзіне тән ерекшелігі мынада: басқа  қоғамдық құрылымға көшу кезеңінде, мысалы, хандық билікке, қауымдастық  жалғаса берген, яғни жер мен жайылым бүкіл руға, тайпаға ортақ болып қалды және әр шаруашылықтың өз меншігінде қыстауы болды. Билік иелері хандар, сұлтандар, билер, ру ақсақалдары қауымдастық принципін шебер пайдаланып, өз биліктерін жерге ғана емес, сол жерді пайдаланушыларға да жүргізді. Этникалық қауымдар уақыт өте келе сыртқы белгілерін сақтай отырып, үлкен өзгерістерге ұшырады: Шыңғыс әулетінің билігі, жеке меншік, әлеуметтік теңсіздік - осының барлығы рулық-тайпалық құрылымның бұрынғы ұғымдарына қайшы келді. Сондықтан қоғамды бөлудің ескіше әдісі сақталды. Ауылдық қауымдастықтар туыстық белгісі бойынша (бір атаның ұрпағы), ал олардың жиынтығы (рулар) тайпаға, тайпалар жүзге біріктірілді. Қоғам құрылымының түрлі сатысындағы басты біріктіруші ретінде жайылымды иелену құқы қолданылды. Ерте заманнан Қазақстанда үш аймақ қалыптасты, оларды белгілі бір халық маусымдық жайылымға пайдаланды.Бұл аймақтар қазақтың үш жүзі негізінде бөлінді.Ұлы жүздің құрамында он бір тайпа болды: дулат, албан, суан, сары үйсін, сырғалы, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы, қаңлы, жалайыр. Бұл тайпалардың әрқайсысының өзіндік бай тарихы бар.Олардың кейбіреулерінің түп-төркіні өте ертеден басталған. Мысалы, үйсіндер сақ тайпалы одағының құрамына кірген (б.э.д. 5-3 ғ.).Әр тайпа руларға бөлініп, рулар көптеген тармақтарға және қауымдардан тұратын туыстық топтарға бөлінген.Мұны мына мысалдардан көруге болады:Дулат тайпасы төрт рудан - ботпай, шымыр, сыйқым, жаныс руларынан тұрады. Орал губернаторы Г.Волконскийдің есебі бойынша XVIII ғ. аяғында дулаттың құрамында 40 мың отбасы болған (отбасы - орта есеппен 4 адамы бар бір киіз үйдің тұрғындары).Жетісуды қыстаған қазақ қайымдары жазда Алатаудың етегіне, Шудан Сырдарияның жоғары ағысына қарай көшкен.

Ұлы жүздің солтүстік шекарасы Балқаштың оңтүстігі - Шу өзені - Талас өзені болды, ал батысында Сырдарияның жоғары бөлігін, оңтүстігінде Алатаудың бөктерін алып жатты. Шығысында Қытайдың шекарасына дейін көшіп-қонып жүрді. ұлы жүз қазақтарының жалпы саны XIX - XX ғасырларда 750 мың адам болды.

Орта жүз алты тайпадан тұрады: арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат. Ол батысында Кіші жүздің жерлерімен Арал теңізі, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойымен, солтүстігінде Ресейдің губернияларымен шектескен.

Осы сызықтан Орта жүздің жерлері шығысқа Есіл бойымен  Ақмола далаларын, Ертіс өзенін құяр жерін, Зайсан мен шығысында Алтай таулары мен далаларын алып жатты. Оңтүстігінде Тарбағатай тауларын, батысында Балқаштың солтүстік жағалаулары, Бетпақдаламен Кіші жүздің жеріне дейін созылып жатты. Осы кеңістікте жүзге жуық рулар мен оның ірілі-ұсақты бөлімдері көшіп-қонып жүрді. Мысалы, арғынның 30 мың отбасы бар бес руының Баянауыл, Қызылтау, Долба, Шыңғыстау, Шаған, Торғайдың жоғары жағы мен ұлытау тауында қыстаулары болған. Жазда олар Нұра, Жиделісу өзендерінің, Ерментау тауларының жайылымдарына көшіп жүрді. Басқа рулар мен тайпалардың да түрлі қыстаулары мен жазғы жайылымдары болған.

Орта жүз қазақтарының жалпы саны XIX - XX ғасырларда 1 200 000 - 1 300 000 адам болды.Кіші жүз үш үлкен  рулық бірлестіктен тұрады:Байұлы, Әлімұлы және Жетіру. Олардың жерлері оңтүстігінде Сырдарияның құяр жерінен басталып, үстірт жазығы, Каспий теңізінің шығыс жағалауын, солтүстігінде Жайық (Орал), Ырғыз, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатты. Кіші жүз халқының саны XIX - XX ғасырларда 1 млн. адамға жетті.Үш жүздің де "қазақ" этносын құрайтын қазақтар деп аталған халқы бар ұлан-байтақ территориясы болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер


 Қазақстан тарихы:10-сынып.Ә.Төлеубаев,Ж.Қасымбаев,                                        М.Қойгелдиев тб

  1. Қазақтар. VII том, Құрастырғандар Әбен.Е.
  2. Маданов. Ұлы дала тарихы, Алматы,
  3. Қазақ ССР тарихы, 2 том.
  4. Қазақ Энциклопедиясы
  5. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы:                «Арыс»баспасы,2002
  6. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

Казак хандыгы. 2