Казақстан 2030

                                                  Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Стратегия түсінігі мен оның мәні
  2. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы
  3. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиясының экономикалық приоритеттері
  4. Қазақстанның экономикалық өсу мүмкіндіктері
  5. Қазақстан Республикасының экономикасын көтерудегі стратегияның маңызы
  6. Қазақстан 2030 стратегиясы: өркендеудің өрелі өрісі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Кіріспе

        Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.

        Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.

Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы  негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:

1. Ұлттық қауіпсіздік;

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;

3. экономикалық өсу;

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;

5. Энергетика ресурстары;

6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;

7. Кәсіпқой мемлекет құру.

        Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.

        Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыра түседі.

Қазақстанның дамуы  үшін бұл қабылданған стратегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті  осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған  әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.

Қазақстанда "Қазақстан-2030" Стратегиясын жүзеге асырудың аралық қорытындылары шығарылуда. 
      Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің 30 жылдан астам уакыт алға озатын даму бағдарламасын бекіте отырып 1997 жылы айтарлықтай батыл қадамға барды. "Қазақстан-2030" Стратегиясы шенберінде реформалаудың ұзак мерзімді бағдарламасының негізгі жеті басымдықтары белгіленді, олар — ұлттык қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды топтастыру, экономикалық өсу, азаматтардың денсаулығын сақтау, білім алуы және жақсы тұрмысы, энергетикалык ресурстар, инфрақұрылым, кәсіби мемлекет. 12 казанда Астанада "Қазақстан-2030" Стратегиясының кабылдануының 10 жылдығына орай конференция өтеді. Қазақстан басшылығы бағдарламаны жүзеге асырудың аралық қорытындыларын шығармақ, расында да олардың мақтанарлықтай реті бар. 
"Алдымен экономика, содан кейін саясат "— Президент Назарбаев дамудың басты принципін осылайша мәлімдеді. Өткен он жылдық Қазақстан үшін ең жаңа тарихтағы барынша кең ауқымды өзгерістер уақытына айналды. Оны салыстырмалы түрде алғанда экономикалық тұрғыда әлсіз елдің демократиялық құндылықтар мәні арта, түскен және өмір сүрудің нарықтық принциптері басым өңірлік көшбастаушы мәртебесіне секіруі ретінде сипаттауға болады. Ел қажетті нарықтық реформалардың нәтижесінде 1997-1998 жылдардағы азиялық дағдарыс, әлемдік экономикалық рецессия сынақтарынан толық сеніммен етті. 
      Қазақстанның экономикалық табыстарына шетелдік институттар мен сарапшылар шынайы баға беруде. Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан реформалар жүргізуде ТМД-ның бүкіл елдері ішінде көшбастаушы болып табылады, 2002 жылдың өзінде-ақ АҚШ-тың сауда министрлігі осынау орталықазиялық елге "нарықтық экономикадағы ел" мәртебесін берді. Қазақстан 2003 жылдың өзінде дағдарысты 1991 жылға дейін болған өнеркәсіп өндірісін қайта қалпына келтірген Достастықтағы бірден бір ел. Республика бүкіл соңғы он жыл бойына экономикалык, өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленеді. "Қазақстандағы прогресс шынымен де таңқаларлық- Қазақстан көптеген озық белгілері бар ырғақты экономика құрды... Мұндағы экономика мен азаматтық қоғамдағы прогресс орасан " деп атап көрсетті 2004 жылдың мамыр айының өзінде-ақ Мооdу s рейтинг агенттігінің басшысы Джон Резерфорд. 
      "Қазақстан-2030" Стратегиясы Қазақстан үшін кезекті даму жоспарынан гөрі үлкенірек маңызға ие болды. Нәтижелерге қарай отырып, оған аталған құжатта көрініс тапқан тұжырымдардың деркезділігі мен сәйкестілігі арқылы алғышарттар жасалған деуге болады. Стратегияның іс-әрекеті жаңа талаптарға сәйкес Қайта құрылуға мәжбүр болған мемлекеттік. органдар жумысы сипатының әзгеруі аркылы көрініс тапты. Мемлекеттің кызметі, соның ішінде Қазақстанның әріптестері үшін де, анағұрлым мөлдір бола түсті, ал ол оның халықара ұйымдармен өзара іс-қимылдарының белсенділ айтарлыктай арттырды. 
       "Қазакстан-2030" Стратегиясының ТМД ел үшін алғашқы тәжірибе болғанын атап көрсі кажет. Нұрсұлтан Назарбаевқа дейін бірде посткеңестік лидер мемлекеттің модернизацияланған моделін құру үшін ұзақ мерзімді стратегия жасауға барған емес. Бәлкім, саясаткерлер кеңес дәуірдің жоспарлы экономикасымен астаі кетуінен сақтанған болуы мүмкін. Бәлкім, әншейін өздерінің бағдарламалық уәделерінің ең құрығанда бір бәлігін жүзеге асыруға өз күштерін қабілеттерінің жетеріне сенбегендей болуы мүмкін, Ресейде де іс-қимылдардың жалпы мемлекетт жоспарын жасауға талпыныс болды — 2003ж Ресей президенті 2010 жылы ІЖӨ-ні екі есе ұлғайту жөнінде бастама көтерді. Әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығында ұлттық жобалар қосылды.

                         Стратегия түсінігі мен оның мәні

        Стратегия грек тілінен аударғанда strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі. Стратегия кәсіпорынның (фирманың, компанияның, партияның, т.б.) ұзақ кезең бойына алдына қойылған міндетгерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданылады.. Мұнда сыртқы ортаның әсері және тұрлаусыздық, кездейсоқтык, тәуекел сияқты факторлар ескеріледі. Операцияларды зерттеуде түйінді ұғымдардың бірі болып табылады. Сондықтан стратегия әрбір кезеңде үдерістің барысы және ортадағы өзгерістер туралы ақпарат алу негізінде шешімдер қабылдау жүйесі ретінде ұғынылады. Операцияларды зертгеу міндеті, әдетте, белгілі бір критерийдің негізінде ықтимал стратегиялардың қатарынан нақ оңтайлысын тандаудан тұрады. Әлеуметтік басқаруға қатысты тұрғыда. Стратегия дегенімі макроэкономика мен микроэкономика мүдделерін ұштастыру негізінде міндетгер мен тетіктерді және оларды іске асыру шарттарын белгілеу. Стратегияның аса маңызды сипаттамалары — баламалы көзкарас және түзету жасау мүмкіндігі. Экономикалық болжам – экономиканың келешек кезеңдердегі даму үрдістерін – экономикалық даму қарқынын, экономика құрылымы мен бағаның нарықтық жағдаятын, экономикалық басқару жүйесінің, т.б. өзгеруі үрдістерін алдын ала болжап, көре білу. Экономикалық болжам экономикалық жоспарлаудың белгілі бір уақыт кезеңі бойына жалпы ішкі тепе-теңдік шарттарын алдын ала болжап, көре білуге мүмкіндік беретін негізгі құралдарының бірі болып табылады. Экономикалық болжамның көмегімен бағыттарды айқындап, экономикалық саясаттың нақты шешімдерін дайындауға, сондай-ақ олардың ықтимал нәтижелерін бағалауға болады[1].

Экономикалық болжам, әдетте, өткен кезеңдердегі есептік деректерге негізделіп құрылады және белгіленген номенклатуралар мен ұлттық шоттарды жүргізу ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Болжау – нарықтық стратегияны әзірлеудің, мақсатты бағдарламаларды негіздеудің, шаруашылық шешімдер қабылдаудың негізгі элементі. Нарықтық экономикада болжау негізгі үш атқарымды орындайды, Олар: болашақта шаруашылықты жүргізу нысандарының және қоршаған ортаның өзгеруі үрдістерін болжай білу; қабылданатын шаруашылық шешімдердің (тауарлар шығару мен қызметтер көрсету, бағалы қағаздар шығару, инвестициялық жобаларды қаржыландыру, баға белгілеу, т.б.) ықтимал салдарларын бағалау; қабылданған шешімді, қажет болса, дер кезінде түзету үшін оны орындау нәтижелерін күнделікті болжап отыру. Нарықтық экономикадағы болжамдар жүйесі олардың мынадай түрлерін қамтиды:

  1. болжамдардың нысандары бойынша – а)әлеуметтік болжам (демография, қажеттіліктер, тұрмыс деңгейі, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет), 
    ә)экономикалық болжам (өндірістің құрылымы мен серпіндері, жағдаят, баға, қаржы, тиімділік, басқарудың дамуы, институттық өзгерістер); 
    б)ғылыми-техникалық болжам (ғылымның, өнертабыстық қызметтің, инновациялардың дамуын, техника буындарының, технология ұстындардың ауысуын болжау); 
    в)табиғи-экологиялық болжам (табиғи ресурстардың ұдайы қалпына келтірілуінің табиғи және экология үдерістерінің серпінін болжау); 
    г)сыртқы экономикалық болжам (әлемдік шаруашылық пен нарықтың, сыртқы экономикалық байланыстардың серпінін көре білу);
  2. болжам ауқымы бойынша – ағымдағы, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, аса ұзақ мерзімді болжам;
  3. болжау субъектілері және аумақтық ауқымы бойынша – жергілікті, аймақтық, ұлттық, салалық, проблемалық, халықаралық, жаһандық болжам;
  4. сипаты бойынша – а)жеке (бір көрсеткіш бойынша) және жалпылама (объект параметрлерінің жүйесі бойынша) болжам; 
    ә)генетикалық (үрдістерді болжау), 
    б)нормативтік немесе телелогиялық болжам (күні бұрын алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен мерзімін көре білу); 
    в)бір нұсқалы және көп нұсқалы болжам.

Микродеңгейдегі экономикалық болжам барлық дәуірлерде шаруашылық қызметтің ажырағысыз элементі болды. Елдің экономикасын және әлемдік  шаруашылықты қамтитын макроэкономикалық болжау 20 ғасырдан әзірлене бастады. Мысалы, 1920 – 30 ж. КСРО-да экономикалық болжам қарқынды түрде әзірленді. Бірақ батыс елдері 1930 – 40 ж. экономикалық болжамды теріске шығарды. Соған қарамастан соғыстан кейінгі кезеңде дүние жүзінде соның ішінде КСРО-да кеңінен таралды. 1970 – 80-жылдардан бастап ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық болжамдар – ғылыми-техникалық үдерістің 15 – 20 жылға арналған кешенді бағдарламасы, көптеген салалық, аймақтық және проблемалық болжамдар жасалды. Егеменді елімізде “Қазақстан – 2030” (1997) стратегия даму бағдарламасы ұзақ мерзімді экономикалық болжамның үлгісі болып табылады.

                 Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

        Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

        Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

       Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

        Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

         Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

          Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

         Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

         Президенттің жолдауында бүкіл  күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың  және үйлестірудің келелі идеялары  айқын тұжырымдалған, басқару  жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.

 

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиясының             

                           экономикалық приоритеттері

Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау келесі

жағдайлармен түсіндіріледі:

Біріншіден, республикалық бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түскен табыстар құрайды.ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 жылға дейін мұнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғұрлым дәл құруға мүмкіндік береді;

Екіншіден, отыз жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді кезеңі;

Үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалдық-техникалық кезеңдері де ескерілген. әлемдік тәжірибе бойынша елдер атап айтқанда отыз жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді. Қазақстанның 2030 даму стратегиясы ел экономикасын қарқынды өсіруге, халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлемдік экономикада жетекші позицияға ие болуын көздеп жасалған бірден бір даму жоспары десек те болды.

Қазақстанның 2030 жылға  дейін даму стратегиясы келесі стратегиялық жоспарлар құру жүйесіне негізделеді.

—   әр бес жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар;

—   ұзақ мерзімді жоспардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатымен он жылдық даму жоспары;

—   мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар бес жылдық стратегиялық жоспар;

—   1998 жылдан бастап министрліктердің және мекемелердің жұмыстарының жылдық стратегиялық жоспары.

Сонымен, даму стратегиясы  төрт кезең бойынша іске асырылатын — бағдарлама құжаты:

І. 1998-2000 ж.ж. — Алғашқы, (нөлдік) кезең. Бұл кезеңде аралық мақсаттарға жету үшін және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады. Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 жылыдың ортасын, қаржы секторын реформалау — 1998 жылы, төлем дағдарысын жою, ауыл кәсіпорындарын реформалау — 2000 жылдан бастап жүжеге асырылды. Осы кезеңде экспорттық мұнай құбырлары іске қосылады.

ІІ. 2001-2010 ж.ж. Бес жылдық және он жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері: жедел әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; еңбек — қаржы сыйымды өндірісті дамыту; инфрақұрылымды дамыту жабдықтарын іске қосу, т.б. Екінші және үшніші: экпорттық құбырларды іске қосу,  экономикалық өсуді жеделдету,  қолайсыз демографиялық жағдайларды жою, қоғамда орта топты қалыптастыру ұсынылады.

ІІІ. 2011-2020 ж.ж.  Екінші кезең технологиялық өндіріске көшумен, адамдардың дамуына интенсивті инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды жетілдірумен байланысты. Осы шаралардың арқасында келесі жетістіктер көзделіп отыр:

—   интенсивті экономикалық өсу;

—   қуатты жалпы ағарту потенциалды құру;

—   демографиялық саясатты белсендіру;

—   инфрақұрылымды жаңарту;

—   экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу.

ІV. 2021-2030 ж.ж. Үшінші кезең ғылым жетістіктерін кеңінен пайдаланатын өндірістерге жалпылай көшуді және экологиялық таза жан-жақты өндіріс кәсіпорындарына бет бұру, қазақстанның экспортқа шығаратын өнімдерінің түрлерін көбейтуді көздейді. Бұл кезеңде алдыңғы қатардағы әскери күш қалыптасады. Сондықтан, еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаты тәуелсіз өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру.  Осымен қатар ұлттық бірлестікті, әлеуметтік әділеттікті сақтай отырып, барлық халықтың экономикалық әу-ауқатын көтеру. Стратегияның негізгі экономикалық мақсаты — еліміздің халық шаруашылық құрылымын жайсыз экологиялық жағдайда бірыңғай шикі заттар өндіруден, экологиялық таза аграрлық-индустриалдық елдердің қатарына қосу.

                      Қазақстанның экономикалық өсу мүмкіндіктері

Қазақстанда қазіргі  заманғы талапқа сәйкес келетін, халықаралық сапа стандарттарына жауап  беретін және батыс компаниялармен ынтымақтастық тәжірибесіне ие тауарлар өндірісі жолға қойылған. Мәселен, “Петропавл ауыр мәшине жасау зауыты” АҚ, “Шығыс мәшине зауыты” АҚ бұрғылау қондырғыларын шығарса, “Алматы ауыр мәшине жасау зауыты” АҚ, “С.М. Киров атындағы мәшине жасау зауыты” АҚ, “Целингидромаш” ЖШС, “КаспийМұнайМаш” АҚ мұнай сораптарын шығарады. Сораптық-компрессорлық құбырлар “Белкамит” БК” АҚ, “ЗИКСТО” АҚ, “Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты” ЖШС, “Батыс Қазақстан мәшине жасау компаниясы” АҚ-та, ұңғылық құрылғылар “КаспийМұнайМаш” АҚ, “Технологиялық жасақтау зауыты” ЖШС-да, құбырлы өткізгіштер, қазандықтар мен өзге сыйымдылықтар үшін крандар “Мұнайаспап” және басқа кәсіпорындарда шығарылады.

      Инвестицияларды табысты салудың бір мысалы ағымдағы жылы Павлодар қаласында құбыр өнімдерін шығару жөніндегі жаңа металлургиялық зауыттың іске қосылуы болып табылады. “Паритет-ПВ” зауыты түрлі диаметрдегі 100 мың тонна құбыр шығарады. Тік жікті құбырлар өндірісі ұқсас шетелдік өнім импорты көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.

       2007 жылдың басында мұнай-газ саласына әртүрлі диаметрдегі жіксіз болат құбырлар шығару жөнінен “KSP Steel” ЖШС іске қосылды. Бүгінгі күні компанияның өнімдерін мұнай-газ өндіру және геологиялық барлау компаниялары нысандарында Қазақстанның мәшине жасау және өнеркәсіптік кәсіпорындары құбырлы өткізгіштер жасауда табысты қолдануда.

Қазақстанда өнімдерді  тек ішкі рынокқа жеткізіп қоймай, сонымен қатар экспортқа шығаруға қабілетті кәсіпорындар да бар. Олар— “Алматы ауыр мәшине жасау зауыты” АҚ, “Белкамит” БК” АҚ, “Батысқазақстандық мәшине жасау компаниясы” АҚ, “Каспий маңы мәшине жасау кешені” ЖШС және басқалар.

        Осылайша, жер қойнауын пайдаланушылар талап ететін өнімдерді Қазақстанда өндіруге мүмкіндік бар. Әрине, қазақстандық кәсіпорындарға MІ Swaco, Sсhlumberger, Hallіburton кәсіпорындарынан үлгі алып және сапа менеджментін енгізудің халықаралық стандарттарын игеру, жаңа технологиялар, озық ғылыми әзірлемелер, өндірістік сертификаттар, инженерлік-техникалық кадрларды дайындау және қайта оқыту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

 

– Оның мәні құқықтық кеңістік, іргетас қалай отырып, оның көмегімен экономиканың үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша саяси басшылық белгілеп берген жоспарларды сенімді және тиімді іске асыру.

Қазақстандық қамтуға  қатысты мәселелерді оңтайландыру және терминдерді біркелкі айқындауды шешу үшін бірыңғай түсініктік аппарат құрылды. Мысалы, бұрын “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” заңда қазақстандық өндіруші Қазақстанда шығатын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары ретінде түсіндірілген болса, ал аталған құжатта негізгі ұғымдардың редакциясы дәл осы бөлікте нақтыланған. Енді қазақстандық тауар өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды шығаратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары ретінде түсіндірілетін болады.

       Бұл ретте Қазақстанда шығарылатын тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында оның шығу тегін растайтын, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаты берілген тауар болып табылады (“CT-KZ” үлгілі). Отандық тауар өндірушілерге “CT-KZ” үлгілі сертификаты беріліп конкурсқа қатысу кезінде шартты жеңілдік ұсынылады.

Заңның түсініктік аппаратына сәйкес, қазақстандық тауарлар мен  қызметтерді ұсынушылардың мәртебесіне Қазақстан заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орны бар, қызметкерлердің жалпы санының тоқсан тоғыз пайызынан кем емес республика азаматтары пайдаланатын Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) заңды тұлғалары ие болады.

      Үкімет негізгі тапсырыс берушілерге, мемлекеттік органдарға, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларға, жер қойнауын пайдаланушыларға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық қамту бойынша белгіленген міндеттемелерді айқындайды. Сондықтан тапсырыс берушілер өнімді сертификатта көрсетілген қазақстандық қамту үлесі жоғары қазақстандық өнім жеткізушілерден сатып алуға ынталы.

– Заңнамада конкурстық баға ұсынысына ықпал ететін өлшемдерді қолдану бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мұндай норманы қабылдау Қазақстанның заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы, оның ішінде, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қазақстандық өндірушілерді қолдау шараларына қатысты сөзсіз қолдануға қатысты көптеген тапсырыс берушілерді ойлантуға мәжбүр етеді.

          Бұдан өзге, жер қойнауын пайдаланушыларға конкурсты тек Қазақстан Республикасының аумағында өткізу жөнінде, сондай-ақ сатып алулар туралы барлық ақпаратты, “Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі және олардың өндірушілері пайдаланатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімі” мемлекеттік электронды жүйесінде орналастыру жөніндегі талаптар енгізілген. Аталған шара жоспарланатын, ағымдағы және өткізілген жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары туралы уақытылы және үздіксіз ақпараты негізінде талдау ақпаратын беру арқылы нақты отандық тауарларды өндірушілерді, жұмыстар мен қызметтерді шығарушыларды қолдауға бағытталған. Осылайша, заң ашықтық жүйесін енгізуді, сатып алу бойынша рәсімдердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

        Бұл өз кезегінде қазақстандық өндірушілерге және жеткізушілерге тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу конкурстарында шетелдік компаниялармен тең жағдайда қатысуға мүмкіндік береді. Құқықтық негізді құру арқасында қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайта отырып, отандық тауар өндірушілер санының өсуі және номенклатураны кеңейту үшін алғышарттар жасалатын болады.

– Қосымша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бәсекеге қабілетті өндірісін дамыту үшін барынша күш жұмсау қажет. Бұл үшін, қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде, мемлекет үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында жобаларды жеңілдікпен қаржыландыруды, салық және кедендік ынталандыру шараларын, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуге, тапсырыс беруші тарапынан сұранысқа кепілдік беруді қамтамасыз етуге дайын. Осындай жолмен, яғни мемлекеттің қолдауымен отандық өндірушілердің рынокты бәсекеге қабілетті сапалы өніммен толтыруларына нақты мүмкіндік туады.

 

Қазақстан Республикасының  экономикасын көтерудегі стратегияның маңызы

 

      Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жаһандық дағдарысқа қарсы қолға алынған бағалы бастамалар жиынтығын өткен жылғы Жолдауда нақтылап, билік басындағыларға міндеттеген еді. Сонымен бірге, құнды құжатта инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыруды жалғастыру мақсатындағы жұмыстардың жүйелілігіне де назар аударылған-ды.

       Экономиканы жаңғырту мен халықты жұмыспен қамту стратегиясы негізінде қолға алынған жобалар бүгінде өз шешімін тауып отыр. Осыған орай Алматы облысында да жаңа ғасырдың құрылысы ретінде Мойнақ ГЭС-інің құрылысы тиянақты жүргізіліп, келесі жылы жетісулықтар оның алғашқы игілігін көретін болады. Ал, Алматы және Жамбыл облыстарының шекараларын жалғаған Үлкендегі Балқаш жылу электр стансасын салу арқылы тағы да энергетика сұранысына деген тұтынушы талабын қанағаттандыру көзделіп, аталған нысан Үкіметтің 2007 жылғы электр энергетикасы дамуының 2015 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде бекітіліп, Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі серпінді жобалар тізіміне енгізілген энергия өндіруші жобалардың алдыңғы қатарында саналатындығы. Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-нің құрылысы басталуына байланысты 1986 жылы Үлкен кентінің құрылысы басталып, оған 47399 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінде мұндағы халық саны 2000-ға жуық. Олар баспанамен толық қамтылса, бір кездері көшіп кеткен отбасылары бес және тоғыз қабатты алты үйдегі пәтерлерді жөндеп, қайта қоныстануда. Олардың көбі энергетик мамандар.

        Қазіргі кезде аталған елді мекенде жауапкершілігі шектеулі серіктестер құрылып, оның қатарында  “Прибалхашское ТЭС” еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін қуат көзімен қамтамасыз етуде. Аталған мекемеде “ПС-500” қосалқы стансасы үлкейтіліп, 500 кв. жаңа электр қуатының жүйесі іске қосылған. Халықтың негізгі табысы мен күнкөрісі “Үлкен-балық”, “Фиш Маркет”, “Абулхайыр” кәсіпорындарында балық өнімдерін өңдеумен айналысу арқылы толығуда. ИСО сапа стандарты бойынша жұмыс істеген кәсіпорында ауланған балық өңделіп, Германия, Бельгия, Франция, тағы басқа шетелдерге жөнелтілуде. Жергілікті тұрғындардың еңбек етіп, мәдени демалуына мүмкіндігінше жағдай жасалған. Осыған қарамастан үлкендіктер Балқаш жылу электрстансасының құрылысының басталуына қызығушылық танытып, оны асыға күтуде.

Казақстан 2030