Казақстан тарихының кезеңделуі

Тарих – үнемі  даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралығында серуен құрамыз. Ата тарихымызды білу бәріміз үшін қасиетті парыз. Тарихи біліміміз уақыт ағымына қарай кемелденіп отырады. Тарих туралы түсінік ғылымны жетілуі, қандай да бір қоғамдағы тарихтың бағыт-бағдары идеологиямен тығыз байланысты. Әлі күнге дейін тарих ғылымында қазақ қоғамының бірқатар тарихи мәселелерін  «көшпелілердің әлеуметтік-мәдени өмірінің дамығандығы туралы» еуроцентристік көзқарас тұрғысынан қарастыру кездеседі. ХIХ ғасырдан бастап Дүниежүзілік тарих тек Батыс елдерінің тарихы ретінде қарастырылды, ал «басқаның» бәрі нақты тарих шеңберінен тысқары жатқызылған еді. Бұл үлгі әлі күнге дейін басым. ХХ ғасырдың 20-жылдарынан Қазақстан тарихы маркстік таптық теория тұрғысынан баяндалды. Осылайша біз ұзақ уақыт бойы осы екі бағыттың ықпалында жүрдік.

    Соңғы  бірнеше жылдар ішінде Қазақстан  тарихын  белсенді түрде жаңғырту үрдісі жүріп жатыр, алайда өкінішке орай, өзгерістер сол дәстүрлі әдістер арқылы жүруде немесе тарих бұрынғыға қарама-қарсы түрде пайымдалуда. Осының ықпалымен трайбалистік немесе этноцентристік сипатағы біршама шығармалар да пайда болып жатыр.

  Бүгінгі  тарихымыз әлі де толық айқындалмаған күйінде қалып отыр. Оның негізгі себебі – қазақ халқы тарихының, Еуразияның ежелгі және орта ғасырлардағы көшпелі қоғамдары тарихи-мәдени мәселелерінің терең зерттелмеуінде. Жалпы алғанда, білімсіздіктің деңгейі тарих ғылымының әлсіз дамуына әкелді.

  Тарих –  тек өткен заман туралы білімдердің  жиынтығы ғана емес. Ол сондай-ақ  әр халықтың бүгінгі дүниедегі  өзінің жағдайын айқын сезінуге  және болып жатқан оқиғалар  мен құбылыстарға қатынасын нақты  анықтауға, олардың мәні мен бағытын жете түсінуге мүмкіндік беретін ойлау жүйесі.

 Тарих –  ұлтты мақтан тұту мен патриотизмге  тәрбиелейді.  Сондықтан елдің  саналы, белсенді азаматы болу  үшін Отан тарихын жақсы білу  қажет.

  Тарихтың күрделі белестерінде өткен заман оқиғалары жаңғыра түседі және оны біз бүгінгі күннің  ауқымды мәселелерін шешудің белділі бір кілті ретінде қабылдаймыз. Халық алдында тарихи таңдау мәселесі пайда болған кезде өткенге жүгіну, тарих арқылы халықтың өзін-өзі тануы қалыпты табиғи жағдайға айналады.

      Қазір бізде және көрші елдерде жазылып жатқан тарихи егеменді республикалар халықтарының өзіндік тарихи бейнесі мен дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтауға бағытталған. Бұл жағдайдағы тарихтың рөлі дәрігердің қызметін еске түсіреді. Жүрегінің түкпірінде әрбір халық дәрігердің білікті маман болуын қалайды, ал сауатсыз дүмше-балгер емдеп жатқан халық қайғыға ұшырайды. Жақсы тарихшы ел руханиятына қажетті нәрді тарихтан тауып береді. Ол үшін өзгені жамандап, өзінді асыра көрсетідің де қажеті жоқ.

Жер шарында  тарихы жоқ халық болмайды. Адамдар  өмір сүрген жерде тарих та бар. Өткенді  білсең заманды игеру оңайырақ, ал болашақты бағдарлау одан да жеңіл.

  Бүгінде  әлемдегі әрбір халықтың тарихи  өткен шағы саяси тартыстардағы  айқындаушы фактор іспетті, ұлттардың және мәдениеттер мен мемлекеттердің мүдделері қақтығысып қалған жағдайда соған жүгінетініміз анық. өз тарихын білмеген ел қоршаған біркелкіліктің арасында жоғалып кете барады. Тарихты жаңсақ түсіндіріп, оған деген мүлдем сенімсіздікті де қалыптастыруға да болады.

  Тарих пәнінің  негізгі ұстанымы адамның, елдің  рухын жетілдіруге арналуы керек.  Тарихты оқытудың мақсаты тек  тарихи оқиғалармен, фактілермен танысу ғана емес, мыңдаған жылдық ата тарихымыз арқылы жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Самақау баяндалған, түрлі ойдан шығарылған қағидаларға толы, жүйесі мен құрылымы жоқ тарих білімсіздікке жеткізеді. Тарих ғылымы адамзат өмірін терең саралап, түрлі тарихи құбылыстарды ғылыми тұрғыда зерделеуі, ұлттың мүддесіне қайшы келетін қағидалардан бас тартуы қажет.

   Кез келген  қоғамның басты ұстанымы –   адамзат факторы. Қоғамдық және  этникалық құрылымындағы ерекшеліктеріне  қарамастан, әрбір халық тарихи  желінің бір жүйесі, бөлшегі болып табылады. Осы сапада ол жалпы адамзаттық қатынастар ауқымына және дүниежүзілік тарихқа енеді. Дербес ұлттық құрылымы жоқ халық дүниежүзілік тарихи үрдісте өзіндік рөл атқара алмайды. Тарихты зерттеп-білу үшін этностың өмір сүруінің ішкі заңдылығын анықтау қажет. Бұған тарихтың басты субъектісі болып табылатын адамзаттың басынан өткен оқиғаларға және қоғамдық жүйенің құрылымына талдау жасау арқылы қол жеткізуге болады.

  Тарихты  біз қалай біле аламыз? Көптеген жылдар бұрын өткен оқиғалар бізге қалай жетеді? Осының бәрі әрине қызықты екені сөзсіз. Тарихты жасайтын адам мен қоғам. Ал сол тарих бізге ең алдымен іргелі тарихи зерттеулер арқылы жетеді. Тарихи зерттеулер сол заманнан қалған тарихи деректер негізінде жүргізіледі. Тарихи деректер заттай, жазбаша деректер  болып бөлінеді. Сонымен қатар ауызша деректердің тарихи зерттеулер үшін маңызы зор. Жазбаша деректер дегеніміз ежелгі заманнан ескерткіш болып қалған көне жазулар, құлпытастап, бір сөзбен айтқанда, тарихи оқиғалар жайлы жазбаша материалдар. Жазу осыдан 5000 жылдай бұрын пайда болғаын білеміз. Осы кезден бастап адамдар көптеген оқиғаларды жазба белгілері арқылы кейінге қалдырып отырған. Мұны тарихи-лингвист ғалымдар зерттеп оқиды.

 Тарих ғылымы  көп салалы ғылым, оның бірқатар  қосымша салалары бар. Тарихты  зерттеуде осы қосымша тарих  ғылымдарының қосатын үлесі мол.

   Тарих  ғылымының аса күрделі де маңызды салаларының бірі археология. Археология ғылымы адамзаттың өткен тарихын заттай дерек – тарихи мұралар арқылы зерттейтін тарих ғылымының құрамдас бөлігі. Грек тілінен аударғанда  «архео» – көне, «логос» – зерттеу деген мағынаны білдіреді. Археология ежелгі уақыттағы тарихи оқиғалар, қоныстар мен қалалар, кесенелер мен зираттар болған орында қазба жұмыстарын жүргізіп, заттық деректерді жинаумен айналысады. Археология ғылымының  өмірге келуі тарих ғылымының ауқымын кеңейтіп, мазмұнына көптеген өзгерістер енгізді. Тарихтың маңызды бөлігін археологиялық зерттеулер береді. Тарихи зерттеулерде антропология ғылымының атқаратын рөлі зор. Антропология адамның дене бітімін, сүйек қалдықтарын, нәсіл, түрін зерттейді. Ертеде адамдар өз өмірінен кейінге белгілі бір із қалдырып отырған. Мысалы, сүйек қалдықтары, қарулар, еңбек құралдары т.б,. міне бұлар археология мен антропология ғылымдарының зерттеу нысаны болып табылады.

   Тарих  ғылымының аса маңызды бөлігі ретінде қарастырылатын ғылымдардың бірі этнография. Этнография халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрірн, тілін, дінін, шарушылығын зерттейтін ғылым. Мұндағы

«этнос»  –  халық,  «графия» –жазу деген мағына береді. Мәселен, Қазақстанда қазақ этносымен қатар 100-ден астам этнос өкілдері бар. Олардың бәрі Қазақстан халқы құрайды. Этнография ғылымының ауқымы кең. Әлемдегі үш мыңға жуық этностың (халықтың) өмірін, тұрмыс-тіршілігін зерттеумен осы этнография ғылымы айналысады. Этнография ғылымы «этнология», «тарихи этнология», «этнодемография» сияқты салаларға бөлінеді. Этнография ғылымының мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында алатын орны бар. Әсіресе этносаралық мәселелер, әлеуметтік хал-ахуал, ескі дәстүрлердің сақталуы және жаңғырып отыруы этнография ғылымының назарында ұсталады.

    Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына адамзат тарихы ұсақ-ұсақ кезеңдерге бөлінеді. Көне тарихтың ұзақ уақытты қамтитын маңызды бөлігі археологоиялық деректер бойынша зерттеледі. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола, темір және ортағасырлар дәуіріне бөлінеді.

 Алғашқы қауымдық  құрылыс адам баласының өсіп  дамуындағы ең алғашқы кезеңі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда  алғашқы қауымдық құрылыстың  дамуы барлық жерде бірдей болған. Елімізде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары өткен өмірдің даму тарихының алғашқы даму кезеңдерін ашып, дүниежүзілік адам қоғамының зерттеулеріне өз үлестерін қосуда. Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың тастан жасалған құрал-саймандары, қоныс-жайлары табылып отыр. Бұл археологиялық ескерткіштер Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың болғандығын дәлелдейді.

  Алғашқы  адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның тас құралынан тұрды. Археологоия ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.

 Қазақстандағы  алғашқы қауымдық құрылыс ескерткіштерінің  зерттелуінің азды-көпті өзіндік  тарихнамасы бар. Қазақстан жеріндегі  тас құралдар туралы алғашқы  деректер  ХIХ ғасырдың 50-жылдарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас құралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы Е.П.Михаэлистің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найза ұштары, қырғыштар, пышақ тәріздес тас құралдар, тас балталар қойылды. Тастан жасалған құрал-саймандар, әсіресе ХХ ғасыр басында Қазастанның әр жерінен табылып, ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895 жылы академик В.В.Бартольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуесқой археологтар қоғамы құрылып, Қазақстан бойынша көне дәуірдің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап, олар туралы хабар беріп отырған. Қазақстан алғашқы қауымдық құрылыстың тас құралдарының нағыз ғылыми тұрғыда зерттелуі 1917 жылғы Қазан  төңкерісіннен кейін қолға алына бастады. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық  құрылыстың ескерткіштерінің бетін ашуда С.И.Руденконың еңбегі атап айтарлықтай. Оның жазуы бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкөл маңынан мысты-тас дәуірінің қонысы белгілі болған. Сол сияқты көрнекті археолог ғалым М.П.Грязнов, И.В.Синициндер 30-жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты-тас дәуірінің қонысын тапқан.

  Жерімізде  алғаш  адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіріесе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Мағұлан алғащқы адамдар мекендеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған.

  Елімізде  тас дәуірінің нағыз ғылыми  тұрғыдан зерттелуі  50-жылдардың  2-жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас  дәуірінің маманы Х.Алпысбаев жетекшілігімен 1957 жылы құрылған  «Қаратау отрядының» жүргізген жұмыстары орасан зор болды.  20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуіріннің төмегі кезеңнен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескеркіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтиждесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты.  Сөйтіп, Қазақтсандағы алғашқы адамдардың ерекшеліктері  біршама зерттеліп, игілікті жұмыстар жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80- жылдарынаан бастап бүгінгі күнге дейінгі палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар ҚазҰУ-дың ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды.

    Қазақстан  солтүстік аудандарында алғаш  рет неолит дәуірінің қоныстарын 1926 жылы М.П.Грязнов пен М.Н.Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезеңінің ескерткіштерін тауып және оларға ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде археолог ғалым С.Черниковтың еңбегі зор. Ол «Кіші Красноярск» және «Усть-Нарым» қоныстарында қазба жұмыстарын жүргізді. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерінде  неолит кезеңінің қоныстарын ерттеуде Хорезм  археологиялық экспедициясының меңгерушісі С.П.Толстовтың сіңірген еңбегін айтарлықтай. Неолит ескерткіштерін зерттеуде академик Ә.Марғұланның, тас дәуірінің маманы Х.А.Алпысбаевтың еңбегі зор.

    Ертедегі  палеолит ірі-ірі үш дәуірге бөлінеді. Олар: олдувай (2,6 млн. - 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың - 150-120 мың жыл бұрын) және мустье  (150-120 мың - 31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Күллі тас ғасыры бойына еңбек құралын жасау жолындағы басты рөлді тас атқарады.  Сол себепті де біз ежелгі тұрақтардан көбінесе тастан жасалған бұйымдарды табамыз, ал неолиттік тұрақтардан жануарлар  сүйектерінен істелген бұйымдарда кездеседі. Адамзат тас қасиетін  жете білген. Материалды  таңдап алу көп жағдайда құралдардың неге арналатындығына байланысты болған. Түрі мен ерекше сипатына қарай тас құралдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш,  бұрғы, пышақ, тескір және т.б. бөлінген. Көңірдек поселкесі қасынан табылған, тікбұрышты зілдей кремний сындырғышы ең ескі еңбек құралдары қатарынан орын алады, бұл құрал Қаратау қыратының оңтүстік-батыс жоталарынан өтетін Арыстанды өзенінің алқабының төменгі төрттік дәуіріне жататын ең биік сөресін құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. Клектон тұрпаты деп аталатын осынау ең ежелгі құралдардың кейінгі сондай құралдарлдан бір айырмашылығы – оның күллі сындырғыш  тұрқының жартысынан көбін алатын рабайсыз үлкен соққыш дөңесі бар. Бұлармен бірге ол арадан кремнийлік  дөңбектастар: кедір-бұдырлы дөңгелек тастар да табылған, әлгі сындырғыш осы тастардан бөлініп алып жасалған. Ашель дәуірінң тұрағы Бөріқазған мен Тәңірқазған бәрінен де көбірек назар аударады, олар малтатастар, доломиттер мен алевролиттер тәрізді тау жыныстарынан тұратын, үсті тегіс заңғар басында. Осынау олжа табылған жер Жамбыл облысының Талас ауданының Ленин атындағы колхозының оңтүстік-шығыс жағында. Бұл тұрақтарда еңбек құралдарынның таралуы дәл шектелген, белгілі шекарадан басқа жерден өңделген кремний бұйымдар өте сирек кездеседі. Бөріқазған мен Тәңірқазағаннан табылған ежелгі палеолит заттарын Х.А.Алпысбаев төрт топқа: бір жақты, екі жақты шапқыш құралдарға; көне заманның салмақты сындырғышына; ірі-ірі кедір-бұдырлы домалақ тастарға бөледі. Мұның бірінші тобы көбірек. Шапқыш құралдар Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель дәуірінің олжасы табылған жерлердегі дөкір тас мүліктерінен айырмасы шамалы. Олардың түрі әманда дөңбектасқа келеді, бұйымдардың бір ұшын өңдеп-жөндеп үшкірлейді, ал екінші  ұшының малтақабағы сақталып, аздап қана өңделелді.

  Төменгі  палеолит кезінде адам тасты  жару үшін екінші тасты пайдаланған  – оларды бір-біріне соғатын  болған. Мұндай тәсілді жарып  түсіру техникасы яғни малтатас  мәдениеті деп атап кеткен, өйткені шикізат ретінде көбінесе өзен малтатастары қажетке асырылған. Кейін іс-әрекетке жақсы нәтиже беретін соққыштар пайда болады.  Олар әдетте сырты қотыр-қожырлы, түрі цилиндр тәрізді жұмыр болып келеді. Мәселен, Х.А.Алпыспаевтың Қаратау қыраты маңынан тапқан құралдары жоғарыда айтылған тәсілмен өңделген. Сол құралдарды жасауға малтатастар пайдаланылған. Құралды ұқсату кезінде тастың екі жағын да өңдеу ниетімен соққылар беріп отырған, соның нәтижесінде тас шеті кедірлене жұқарады. Дайындалған құрал кейін шапқыш ретінде қолданылады. Қаратау қыратының тас құралдарын зерделі зерттеу нәтижесі Мовиустың негізгі қағидаларына қайшы келеді, ол төменгі палеолитте екі локальды аймақ болғаны жөнінде  болжаған еді. Оның біреуіне Үндістан, Оңтүстік және Батыс Европа, Алғы Азия мен Африка жатады, бұларды мекен етушілерге тек қол шапқыларын пайдалану тән келеді екен. Екінші аймаққа Солтүстік-Батыс Индия, Жоғарғы Бирма, Қытай, Ява кіреді, олардың индустриясында екі жақты шапқыш  құралдарды пайдалану тән. Оңтүстік Қазақстаннан табылған тас құралдар негізнде Х.А.Алпысбаев мынадай қорытынды жасайды: «Екі не біржақты шапқыш құралдар мен қол шапқылардың бір жерден табылу фактісі мүлде өзгеше азиялық төменгі палеолит мәдениеті болғаны және төменгі неолит дәуірінде Азияның айрықша даму жолы болғаны жөніндегі  қағидалармен келіспеуге негіз береді». Оңтүстік Қазақстаннан табылған материалдар бірдеңгейлі және оларға ұқсастығы, төменгі палеолит мәдениеті дамуының бірлігі туралы болжам айтуға мүмкіндік береді, ол мәдениеттерде өзгеріс пен даму бір жолмен жүрген.

 Ашель дәуірінің  ескерткіштері Орталық Қазақстаннан  табылды. Мұнда құралдар қара және сұрқай-жасыл түсті кремний  жынысынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі – Құдайкөл Сарыарқаның теріскей-шығыс бетінде орналасқан. Құралдар  арасынан бифастарды, яғни тастың екі жағын да өңдеу арқылы жасалған құралды, жануарлар терісін илеп, ағаш өңдеуге қолданылатын қырнауыштарды, сол сияқты толып жатқан домалақ тастарды атауға болады. Соңғысынан сындырғыштар мен қалақтар жарылып алынып, еңбек  құралдары ретінде пайдаланылған.  Орталық Қазақстанның басқа да ашельдік ескерткіштері ішінен Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман айбат, Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтарын бөліп айтқан жөн. Тас бұйымдар арасынан жез-құздан мүжілген шапқыш құралдар ерекше назар аударады.

 1989  жылғы маусымда табылған Қозыбай атты олжалы жер – Шығыс Қазақстан облысы территориясындағы ең ежелгі ескерткіш болып табылады. Бұл тұрақ Қолғұты өзенінің бойында, Күршім ауданының Қаратоғай ауылында таяу бір үйірде. Алғашқы қауым адамының қолымен жасалған тас бұйымдары, оның ішінде шапқыш құралдар, екі жағы да өңделген құрал және қара түсті кремний жынысынан істелген сындырғыштар бар – осының бәрі Қозыбай өндірістік уческесінің биік сөресінен табылған.

  Келесі мустье  кезеңінде тас өңдеудің өзге  тәсілі пайда болды, бірақ кей  жерлерде малтатас техникасы да бұрынғыша тіршілік етіп жатты. Оңтүстік және Орталық Қазақстан жерлерінде мұндай ескерткіштердің көп екені белгілі, олар әртүрлі жарияланымдарда сипатталған.

  Осындай  ескерткіштердің бірі 1958 жылы Х.А.Алпысбаев тауып, кейін қазақтың ағартушы ғалымы Ш.Уәлихановтың атымен аталған, көп қатпарлы тұрақ. Тұрақта бес мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымдары, оттың орныдары, ошақтар, әртүрлі жануарлардың – жылқы мен қодастың, ақбөкен мен бұғының сүйектері табылды. Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданындағы Арыстанды өзенінің жағасындағы осынау тұрақ қатпарлары  жердің қазіргі бетінен әртүрлі тереңдікте көлденең жайғасқан. Бұл - әзірше тас бұйымдары мен мәдени-тұрмыстық қалдықтар әу бастағы күйінде, яғни мустье дәуіріндегі адамның тастап кеткен күйінде сақталып қалған Қазақстандағы бірден-бір тұрақ. Оны қазудың бір қиындығы мәдени қатпарлар 2,30 – 7,20 метрге дейінгі тереңдікте жатыр. Алайда бұл қиындыққа қарамастан, алғашқы қауым аңшыларының өмір тіршілігі жайлы жаңа деректер табылды. Еңбек құралдарын жасайтын ісмерхана орнын қазып аршып көргеннен кейін, соның негізінде адамдар бұл тұрақты ұзақ замандар бойы, шын мәнінде мустье дәуірінен жоғары палеолит дәуірінің аяғына дейін үздіксіз мекен еткен деп қорытынды жасалды.

  Мустье кезеңінің  жаңа ескерткіштері  1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Олар - Өгізтау І және ІІ, Үлкен Ақмая тұрақтары. Тас бұйымдары бұлақ жағасындағы дөңестер қойнында жатыр. Адамдардың бұл арнаны мекендеуіне шикізат қорлары мен бұлақ суының іргелес жатуы әсер еткен.

   Бір жағынан  да, екі жағынан да өңделген  балталар, қырнауыштар оймалы құралдар  мен домалақ тастар жергілікті шикізат – сұр кварциттен дайындалған. Көптеген артефактілер – жасанды тастар көптеген «соны»  шұңқырлар мен кетіктер мұның куәсі сияқты.

  Дөңгелек  іспетттес нуклеустерге қоса, протопризматикалық  нуклеустердің, сол сияқты шет-шеті  симметриялы келетін қалақтардың, үшбұрыш секілді сынғыштардың болуы тас өңдеу техникасының жетіле түскеніне хабардар етеді. Тас бұйымдарға типологиялық талдау жүргізу нәтижесі осынау тұрақтар коллекциясын ертедегі мустье бұйымдары немесе ашель дәуірінің бұйымдары деп мерзімдеуге болады. Орталық Қазақстанның көптеген палеолиттік тұрақтарында тас  бұйымдар әу бастағы күйінде жер бетінде жатады. Батыс Қазақстанның, әсіресе Маңғыстау түбегінде тұрған палеолиттік ескерткіштері, айрықша қызықтылықты. Бұрынырақ кезде А.Г.Медоев және кейінірек Ж.К.Таймағамбетов ашқан тұрақтардың бәрі Каспий теңізі жағалауының сөре алаңдарында орналасқан.

  Кейінгі  палеолит бұдан бұрынғы 35 – 30 мың жылдан 12 – 10 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Бұл – адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезі.

  Кейінгі  палеолит дәуірінде саналы адамның  пайда болуы мен адам қоғамының  материалдық және рухани мәдениетіні  ілгері дами беруі арасында  тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогресті дамуымен, рулық қауымның құрылуымен, рудың, адамдар ұжымының ең алғашқы қоғамдық ұйымының өзгеше бір түрі ретінде пайда болуымен тура табысып жатыр. Рулық ұйым барлық жерде де матрилиниялық (ана жағынан еселенген), ал әйелдің қауымдағы жай-жағдайы өте мықты болған. Сөйтіп ана әулеті  адамдардың өзара қандас туыстығымен, жалпы ана жағынан шыққан тегімен тамырласып біріккен экзогамды тобы болып табылады. Әйелдің қоғамдық өмірде биік орынға ие болуы қауымдастық үй шаруасының ерекшелігімен, әйелдің ұрпақты жалғастырушы ретінде отбасылық ролмен де анықталып қойылған. Шығыс Қазақстанда ел-жұртқа Қанай, Свинчатка, Үңгір және Ново-Никольское тұрақтары белгілі. Үңгір тұрағы – Бұқтырма өзенініің оң жақ жағалауындағы  шығанақ мүйісінде орналасқан. Ол – іретін жері батысқа қараған, бір-бірімен жаппа арқылы жалғасып жатқан екі қуыс. Оны С.С.Черников барлап қазу жұмысын жүргізіп, сол қазбаның шығыс шетіндегі 30-50 см, ал батыс бөлігіндегі 60-170 см тереңдіктен палеолит бұйымдарын табады. Олардың арасында шеңберлі ретуші бар қырғыш, пышақ іспетті қалақ сынығы, пышақ тәрізді құрал, түрі пирамида тәрізді, кесіліп, сынып түскен жердің іздері  бар нуклеус, соққыш және қара кремний мен жасылдау кварц жыныстарынын бұйым дайындаған кезде түскен өндіріс қалдықтары бар екені анықталды. Мұның үстіне мүйізтұмсық, қодас, үңгір арыстаны секілді аңдардың сүйектері табылған. Құралдар сипатына қарағанда, тұрақ жоғарғы палеолит дәуіріне жатады. Жоғағы палеолитте тас құралдарды өңдеу тәсілі бұрынғыдан күрделірек болған; нуклеустерден жұқа қалақтар шетінетіп алып, сүйек және ағаш саптарға салынып, қырғыш не пышақ ретінде қолданылған. 1980-1983 жылдары автор Семей облысының Ново-Шульба ауданында, Ертіс боййындағы Шульбинка тұрағында қазу жұмыстарын  жүргізді. 5 мың тас құралдар ішінде  көптеген сынық-қырғыш, қалақ-қырғыштар, үшкірлер, кескілер, тескірлер, нуклеустардың түрі, өндіріс қалдықтары көп болды. Қазақстан жеріндегі кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес, бірақ қолдағы бар материалдар көне тас дәуірі адамдарының материалдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, ұдайы жүріп отырғанына, сол сияқты Қазақстан территориясындағы қоныстану процессінің де үзілмегеніне көз жеткізеді.

   Неолит – тас өңдеу техникасының әбден дамыған кезі. Еңбек құралдарын жасау ісінде уақыт өткен сайын мамандандыру әрекеті күшейе түсті. Қыспа ретушь техникасының жетілуімен бірге, тасты өңдеудің жаңа техникалық тәсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау пайда болған, тастың қиын өңделетін түрлерінің бәрі қажетке асырылып, тас балталар, кетпеншоталар, дән үккіштер, келілер, келмаптар жасалды.

   Мал шаруашылығы  мен егін шаруашылығы тууы, табиғаттың даяр өнімдерін иемдене қою – жинау, аң аулау орнын өндіруші шаруашылық басты – сол дәурдің аса маңызды белгісі болып табылды. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының дамуына керемет әсер етіп, адам еңбегінің ауқымы мен көлемі кеңейді де, сонымен бірге оның мінез-құлқын да сапалық жағынан өзгертті. Адам баласының бұдан былайғы экономикалық қал-харекеті дамуының сан мың жылдық тарихы – едәуір дәрежеде шаруашылықтың осы екі түрінің өркендеп жетілуі тарихы. Алғашқы қауым халқының өндіргіш күштерді дамытудағы неолит дәуірі тұсында қолжеткен деңгейі басқа да мәдение-тұрмыстық жаңалықтардың ашылуына ықпалын тигізді. Қазақстанның ежелгі халықының дәуірінде тау-кен ісі мен тоқымашылық ісі қадам жасады, олар керамикалық ыдыстар шығарудың сырын білді. Әлеуметтік сипаты жағынан алғанда, неолит дәуірі рулық қауымдар кезеңі, ұжымдық еңбек пен өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің өктемдік жасап тұрған кезеңі болды. Сонымен бірге ол қоғамды ұйымдастырудың бұрынғыдан да жоғары түрлері: тайпалар мен тайпалық бірлестігі құрылған жемісті кезеңі еді. Рулар, қандас-туыстығына қарай тамырласып, біртекті шаруашылық біріктірген рулық қауымдардан құралған болатын.  Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіштер бар, бірақ олардың басым көпшілігі ішінара ғана зерттелген. Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт түрге: бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі және үңгірдегі түрақтар болып бөлінеді. Әдетте, өзен мен көл жағалауындағы тұрақтарда адамның түпкілікті немесе ұзақ уақыт тұрып тірлік еткені анықталған. Олардың негізгі мүмкіндіктері – пышақ түстес қалақтар мен солардан істелінген бұйымдар.

  Қараүңгірдегі  неолиттік тұрақ осы аттас  өзен жағалауында; ол – Оңтүстік  Қазақстан облысының, Түлкібас  ауданындағы Қараүңгір селосының теріскей бетінде 1,5 шақырымдай жерде яғни, Шымкент қаласының солтүстік-шығыс жағында 43  шақырымдай қашықтықта орналасқан. Үңгір өзен арнасынан 7 м жоғары тұрған биік қабақта орналасқан. Үңгір аузының ені 20-25 м, биіктігі 2-16 м. Ол екі залдан тұрады ұзындығы (алдыңғысының) – 20м, арғысы - 9 м. 1959 жылы қазған кезде Х.А.Алпысбаев үңгірдің көне мекендеушілерінің мәдени-тұрмыстық қалдықтарының мол коллекциясын (тас және сүйек бұйымдар, керамика, жануарлардың сүйектері) жинаған.

  Аңшылық  көзі – құландар, аюлар, бұғылар,  қабандар, жылқылар, қасқырлар, бұқалар, кекіліктер мен қырғауылдар, тасбақалар болған. Мұның куәсі – үңгірден табылған сүйек қалдықтары.

   Батыс  Қазақстанда келтеминар мәдениетінің бір варианты – Бастыс Қазақстандық варианты оқшау көзге түседі, оны С.П. Толстов болжап айтқан. Келтеминар мәдениеті б.з. дейінгі VI мыңыншы жылдардың аяғы мен II мыңыншы жылдың бас  кезіеңінде болған және Қазақстан мен Орта Азияның едәуір территориясын қамтыған. Оның тас бұйымдар өндірісі орта көлемді қалақтар мен микроқалақтар, қалақтар сынығы мен сындырғыштар дайындаумен айналысқан.

  Шаңдауыл – Құлсары поселкесінің терістік-шығысқа қарай жүргенде  22 шақырым жерде орналасқан. Тас бұйымдар Аққызтоғай ауылының қазіргі қорымына таяу жерден табылған. Олардың ішінен қырғышты қалақтар, екі жақты қырғыштар, сындырғыштар мен керамика ерекше назар аудартады.

  Қыземшек  олжалы орны – Жантемір теміржол станциясының оңтүстік-шығыс бетінде 37 шақырымдай жердегі Жаманғара тауы маңында орналасқан. Тау басынан призматикалық сипаттағы нуклеустер, сырты ретуштелген пышақ түсті қалақтар мен керамика сынықтары іріктелді. Мұндай артефактілер Қайнар өзенінің  Жырлауыт қабағынан да табылды. Жыланқабақ пен Қойқара олжалы орындарына келсек, оларда «шырша» және «тарақша» өрнектері бар керамика көбірек. Тас бұйымдары жоғарыда аталған тұрақтар өндірісімен бірдей.

  Сарықамыс пен Шаянды тұрақтары Сарықамыс ауылының түскейіндегі құмдауыт адырлар арасында екен – Атырау облысының Ембі ауданынның жерінде. Бұл арадан әлі ұсталынбаған пышақүсті қалақтар молынан жиналды; сырты ретуштелген бірнеше қалақтар, бетінде ойығы бар қалақ құралдар және сындырғыштар кездеседі. Керамика сынықтарында ыдысқа қиғаш басылған оюлар, көлденең сызықтар мен үшбұрыш тәрізді геометриялық фигуралар бар екен. Сырлы керамикалар жоқ болып шықты.

  Неолит дәуіріне  жататын заттар жұрт тастап  көшіп кеткен Сатшықыз ауылының маңынан көзге түсті, ол – Семей облысы, Белокаменка селосынан 2 шақырымдай қашықтықтағы Қызылсу өзенінің оң жағалауындағы жайылманың жырлауыт сөресінің кремнийлі сланец пен кварц өзегі жарып өтеді. Қызылсу тұрағы дөңес басында, оның етегінде бұлақ ағып жатыр. Сол жерде, өзен жайылмасының тап бүйірінен тікелей терең жырлалы жар өтеді, соның түбіне бүйірлерінің шет-шеті өңделген үшбұрышты, қалақ пен қоңыр кремний жынысты сындырғыш көзге ілігеді. Бұлар тұрақты тауып алуға себепші болды.

  Қазақстан  жерінде әзірше бірнеше неолиттік  мола табылды, олар негізінен  Солтүстік Қазақстан жерінде  шоғырланған. Сол молалардың бірде-бірінің жер бетіне шығып жатқан белгісі жоқ. Бірақ қабырлердің бәрінде де кісі сүйектерімен бірге жебелер көптеп кездеседі. Бұл әсіресе Орта Азияның Солтүстік облыстарын мекендеген  Келтеминар тайалары немесе Келтеминар мәдени қауымдастығы тіршілігінен анық байқалады, ал Оңтүстік және әсіресе Батыс Қазақстан тайпаларында ол тіпті айдан анық танылады.

Казақстан тарихының кезеңделуі