Казақстан республикасындағы қазіргі демографиялық ахуал
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Кафедра: ______________________________
Тақырып: Демография және саясат: негізгі бағыттыры
Орындаған: ___________________
Тексерген: _________________________
Алматы-2012
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Демографиядағы
ең басты мәселе – халықтың
ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын
анықтау. Халықтың
ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен
өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге
асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың
өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа
жерлерден көшіп келуі (иммиграция)
мен олардың бөтен аймақтарға қоныс
аударуына (эмиграция),
яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да
байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі
адамдардың жасына, отбасы жағдайына,
балалар санына немесе білім
деңгейіне, мамандығына,
әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші
күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына
тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың
ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының,
құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға
және миграцияның
ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының
құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда
дербес мәнге ие. Демографияда халықтың
және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан
жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық
тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі
бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен
қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі,
денсаулығындағы өзгерістері де назарға
алынады. Демографияда жекелеген адамдарға
қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың
да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны
ретінде оның белгілі бір топтарының да
жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің
өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық
құбылыстарға тәуелділігін және халық
дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын
зерттей отырып, демография халық саны
мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын
анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп
жатқан халық өзгерісін сол қоғам
өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары
айқындайды. Демография үшін бастысы –
халықтың қоғам
дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады.
Демография әлеуметтік-экономикалық процесс
заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы
өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық
өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін
де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының
құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың
тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең
зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің
бұл саласын кейде «экономикалық демография»
деп атайды. Демографияның міндеттерінің
бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын
зерттеу негізінде мемлекет
тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат
негіздерін тұжырымдау.
Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан
белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға
негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде
демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография,
т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста
болады. Олардың зерттеу әдістері мен
тәжірибелерін, материалдарын пайдалана
отырып, демография өз тарапынан да өзге
ғылымдарға қажетті деректер
береді. Демографиялық процестердің өзіндік
ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи
қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін
қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі
буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін
жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау
заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық
ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының
дамуын зерттеу); потенциалды демография
әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа
салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды
деректер арқылы тексеру және соның негізінде
ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе
халықтың санын ұйымдастырылған статистика
жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ
демографиялық коэффициенттерді
пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру
тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу
әдістерінің бірінен саналады. Демография
ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы
тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық
жлазбалары негізінде халық
арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға
және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс
жасаған.
Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын
У.Петти және Г.Кинг (Ұлыбритания),
одан соң А.Депарсье (Франция)
зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді
математикалық әдістерді қолдану арқылы
В.Керсеб (Голландия),
П.В.Варгентин (Швеция),
Л.Эйлер (Ресей)
және т.б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап
көптеген елдерде халықты тұрақты есепке
алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі
нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне
қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия),
Ж.Бертильсон (Франция),
У.Фарр (Ұлыбритания),
В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия),
т.б. көптеген статист-зерттеушілердің
еңбектері нәтижесінде демографиялық
процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен
талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз
ғалымы А.Гийардың еңбегінің тақырыбында
«демография» термині тұңғыш рет қолданылып,
автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы»
деген анықтама береді. Қазақстандағы
демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік
тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер
қатарында М.Шоқайдың
шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924
ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған
деректерін, т.б. статистикалық
еңбектерді атауға болады. Республикада
бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов,
Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков,
С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова,
т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан
халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.
Демографиялық қауіпсіздік - үздіксіз
табиғи ұрпақ жалғасуының және өмір сүрудің
қорғалуы. Демографиялық қауіпсіздік мемлекет
пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
саяси, құқықтық, өнегелік-психологиялық
және басқа да тектік қорды қорғау мен
дамытуға, ұлт саулығын сақтау мәселелеріне
қатысты шараларды жүзеге асыруы.[1]
Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске
асыруға, қорғауға бағытталған
және саяси билікті басып
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму
тарихында бұл ұғым көбінесе
шебер жасырылған басшылар мен
оның сыбайластарының
4) әдеттегі тілде - адамдардың
өзара қатынастарында белгілі
бір мақсатқа жетуге
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй - адамдар қауымының басым көпшілігін қамтитын психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй "саяси сана", "саяси мәдениет", "саяси мінез-құлық", "саяси жүйе" сияқты ұғымдарга қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй кеңестік қоғамтанудағы дәстүрлі "қоғамдық көңіл-күймен" сәйкес емес. Олар тек әлеуметтік-ережелік бөліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бөліктер кіреді.
Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді: адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін: жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі. Саясаттағы жалғандылық
Саясаттағы жалғандылық - заттардың шынайы жағдайын мақсатты түрде бұрмалауды білдіретін қарым-қатынас құбылысы. Жалғандылық тексеру қиын және мүмкін емес сөздік мәліметтер мазмұнынан көрініс табады. Жалғандылық - сөздік қызметгің саналы нәтижесі, оның мақсаты - аудиторияны адастыру. Жалғандылық өтірік алдаушының жеке, әлеуметтік немесе саяси басымдықтарға қол жеткізуге ұмтылысынан туындайды.
Жалғандылық - алға
қойған мақсатты немесе келеңсіз салдарларды
болдыртпау үшін шындықты бұрмалаудан
көрініс табатын мінез-құлық
Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.
Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:
- экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туылған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылар тағайындау; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т.б.);
- әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмыс істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.);
- қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.
Мемлeкеттік демографиялық
саясаттың тұжырымдамасы (бұдан
әрі - Тұжырымдама) елдің демографиялық
дамуының негізгі қағидаттарын, басымдықтарын
және міндеттерін білдіреді. Аталған
Түжырьімдамада демографиялық даму
ретінде халық санының өсуін
ынталандыруға бағытталған, ағымдағы
және перспективадағы
Демографиялық даму экономиканың
өсуіне, елдің қорғаныс кабілеті мен
мемлекеттік қауіпсіздікті
Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ел Президентінің "Қазакстан-2030" жолдауында күшті демографиялық саясат елдің үлттық қауіпсіздігінің жетекші басымдықтары қатарына шығарылды.
Барлық деңгейдегі мемлекеттік
органдар мемлекеттік демографиялық
саясаттың субьектілері болып табылады.
Мемлекеттік құрылымдардың
Тұжырымдама адамның негізге алынатын қүқықтарын сақтаудың негізінде жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, мемлекеттік демографиялық саясаттың негізін айқындайды.
Түжырымдама әлеуметтік-экономикалық
жағдайды тұрақтандыру мен елдің
тұрақты экономикалық дамуға көшуінің
қазіргі заманғы кезеңіне және ұзақ
мерзімдік перспективасына
Елдің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы белгілі бір жәрежеде таяу болашақта демографиялық ламуды реттеу жүйесінің шектеушісі болып табылады.
Мемлекеттқ демографиялық
саясат халықаралық құқықтың жалпыға
бірдей қагидаттары мен нормаларына
жоне Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарына, Қазақстан
Республикасының
Түжырымдама демографиялық дамуды реттеудің дүние жүзілік тәжірибесін ескереді.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ
Қазақстандағы демографиялық ахуал соңғы жылдары республика үшін туудың едәуір томендеуіне, өлімнің көбеюіие (1996 жылдан бастап оның азаю тенденциясы байқалды) және халықтың көші-қондық кетуінің артуына орай қолайсыз ретінде бағаланып отыр.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінін алдын ала деректері бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2000 жылдың 1 қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. Республикада 16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3 пайызға кеміді.
1999 жылы туудың XX ғасырдың
соңғы онжылдыгындағы ең
1999 жылы халықтың табиғи
өсуінің коэффициенті
1999 жылы, өлімнің азаюына қарамастан, оның
деңгейі жоғары күйінде қалды. Өлім коэффициенті
1990 жылғы деңгейден 22,8 пайызға жоғары,
1000 адамға 9,7 болды.
Халық өмірінің орташа үзақтығы
қысқарып барады. Оның деңгейі 1998 жылы
64,4 жасты, ал ер адамдарда небары 59 жасты
қүрады.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан
облыстарында халықтың табиғи азаюы басталды.
Мұндай тенденцияның сақталуы жағдайында
таяудағы болашақта ел бойынша тұтас алғанда
халықтың құлдырап азаюы күтілуде.
Республикада тұратын қазақтардың саны 1999 жылғы халық, санағының деректері бойынша 7985,0 мың адамды немесе республика халқының жалпы санының 53,4 пайызын құрайды Республикадағы орыстар - 4479,6 мың адам немесе 30,0 пайыз.
Мұның алдындағы (1989 жыл) санақпен салыстырғанда қазақтардың, уйғырлардың, дуңгендердің, өзбектердің саны ості. Немістердің саны күрт, жалпы алғанда 3 есеге азайды. Орыстардың, украйндардың, татарлардың және басқа ұлттардың саны да азайды.
Халықтың этникалық
Тұтас алғанда халық санының төмендеуі табиғи осімнің төмендеуінен және халық көші-конының теріс сальдосынан болып отыр.
2. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ
МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ
Демографиялық саясаттың мақсаты - дсмографиялық процестердегі жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету.
Демографиялық саясатты іскс асыру кезінде мемлекепік өкімет органдарының алдында мынадай міндетгер тұр:
- осіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
- олімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің үзақтығын ұлғайту;
- тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрнақтарды толық алмастыруды және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін деңгейге дейін арттыру;
- отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын нығайту;
- көші-қон процестерін реттеу;
- коғам және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін жауапкершіпікті арттыру;
- экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.
Мемлекеттік демографиялық саясат мына қағидаттарға негізделеді:
- нәсіліне, ұлттына, дініне қарамастан елдін барлык, азаматтарының тендігі;
- осіп-өнуді және өтбасын жоспарлауауды еркін таңдау;
- аса маңызды әлеуметтік функция ретінде аналықты, БҰҰ-ның "Баланың құрықтары туралы" және "Әйелдеріс катысты кемеітушіліктердің барлық нысындарын жою туралы" Халықаралық Конвенцияларына сәйкес басының нелері ретінде балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;
- тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы меи демографиялық және коші-қондык процестердегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, коші-қонға ықпал етудің түрлі шараларын қамтитын кешенді көзқарас;
- демографиялық саясатты іске асыруда бірыңғай негізін қалайтын нормалардың негізінде орталық жәме аймақтық органдардың тиімді өзара іс-қимыльн қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;
- халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әралуандықты сақтау және табиғатты үтымды пайдалануды ұйымдастыру.
3. МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ
Демографиялық ахуалдың қазіргі колайсыз жағдайына және оның даму перспективаларына талдау жасау, біріншіден, демографиялық дамудағы басымдықтарды, екіншіден, негізгі багыттарды, өтпелі кезеңде оларды шешудің тетіктерін айқындауға және ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және елдің тұрақты дамуы кезеңіне арналған іс-қимылдардың стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде халық санының азаю қарқынын бәсендету жөнінде шара қолдану және оны тұрақтандыруға қол жеткізу қажет.
Бұл:
- туудың қулдырауын бәсендету және оны тұрақтандырудың;
- өлімді азайтудың және өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту;
- көшіп кетуді азайтудың және репатрианттардың (оралмандардың) қайтып оралуына қолайлы жағдай жасаудың есебінен шешілетін болады.
Екінші кезенде:
- тууды материалдық және моральдық ынталандырудың;
- көші-қонның оң сальдосына қол жеткізудің есебінен сан жағынан да, сапа жағынан да халықтың жалпы өсімі қамтамасыз етілуі тиіс.
Мемлекеттік демографиялық саясаттың халықтың дамуын реттеудегі негізгі бағыттары қазіргі заманғы ахуалды және әлеуметтік-экономикалық дамудың алғы шарттарын қатаң есепке алуға негізделген неғұрлым өзекті проблемалық бағыттар бойынша бағдарламалық-мақсатты іс-шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары:
экономика мен әлеуметтік
саланың барлық секторларының тепе-
санның ұлғаю серпінімен салыстырғанда елдің озыңқы экономикалық өсуі негізінде адамдардың тыныс-тірішілігі жағдайын сдәуір жақсартуды қамтамасыз ету;
салауатты өмір салтын насихаттаудың, адамның тыныс-тірішілігінің барлық элементтері профилактикасының, еңбек пен демалыстың, спорт ғимараттары мен спорт кешендерін пайдаланудың қол жетімділігі жөнінде шаралар қабылдаудың негізінде еліміз халқының денсаулық деңгейін көтеру;
халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және оның санитариялық-гигиеналық сауаттылығын көтеру жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды, бірінші кезекте, экологиялық қолайсыз аймақтарда, іске асыру;
халықтың, бірінші кезекте, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың еңбек жағдайының нашарлауына, нашақорлық пен алкоголизмнің таралуына байланысты жазатайым жағдайлардан, өдірісте улану мен жарақаттанудан өлімін азайту;
туберкулезбен, диабетпен және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен науқастануды азайту;
өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтаудың дамуы деңгейін арттыру есебінен әйелдермен салыстыргавда еркектер өмірінің ұзақтығы арасындағы айырмашылықты қысқарту, зейнеткерлерге арналған әлеуметтік көмек және емдеу-сауықтыру мекемелері желілерін кеңейту. Жасы келген азаматтар үшін күндізгі стационарларды дамыту;
туудың құлдырауын бәсендету және оны турақтандыру, бала туылған кездегі, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар үшін материалдық жәрдемнің тізбесі мен көлемін ұлғайту жолымен тууды материалдық ынталандыру жүйесін құру;
өсіп-өну үшін денсаулықты сақтау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, өсіп-өну қам-қарекеті, ана болудың қауіпсіздігі, адамгершілік-жыныстық және мәдени-этникалық тәрбие, отбасылық өмірге даярлау мәселелері бойынша ақпарат жүйе құру, халықтың контрацепцияның қазіргі заманғы құралдары мен әдістеріне деген қажеттігін қамтамасыз ету, оқу орындарының бағдарламасына валеология оқу пәнін енгізу;
ана мен баланың денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау саласынлағы басымдықты багыт деп тану. Бұл бағыттың негізгімақсатты тапсырмасы: сәбилер олімінің коэффициентін томендету және құрылымын дамыған елдерге жақындату жағына өзгерту;
туу кезінде ана өлімін, жүктілік пен туғаннан кейінгі кезендегі асқынуды қысқарту;
адамның иммундық тапшылық вирусымен және СПИД-пен, және жыныстық жолмен жұғатын аурулармен зақымдануының алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
әйел бедеулігінің алдын алу және оны емдеу, аборттың алдын алу және аборттың зардаптарын жою;
отбасы-неке қатынастарын нығайту
жөніндегі заңнаманы жетілдіру және насихаттау,
отбасы мәртебесін көтеру;
еркекетің отбасы-неке қатынастарын нығайтудағы
рөлі меп жауапкершілігін арттыру, жалғыз
бастыларды таныстырудың түрлі клубтары
желілерін дамыту;
эмиграцияны реттеу және ескертулік шараларды жузеге асыру жолымен көші-қондық азаюды бәсендету. Иммиграцияны реттеу, республиканың нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, этникалық, қазақтардың елге оралуы жөніндегі жыл сайынғы экономикалық негізделген квотаны белгілеу;
өз отанына оралған отандастарымызды қабылдау және жайластыру үшін қолайлы жағдай жасау, олардың әлеуметтік ортаға тезірек кірігуі үшін жағдайды қамтамасыз ету. Шет елдердегі қазақ диаспорасының қабілетті және дарынды балаларын, жасөспірімдері мен жастарын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларымен бірдей оқу орындарына қабылдау. Шет елдердегі қазақ диаспорасымен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту;
этникалық қазақтар шығатын елдермен азаматтықтан шығудың оңайлатылған тәртібі туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қою;
иммиграциялық бақылауды енгізу және жүзеге асыру жолымен иммиграциялық процестің бақылануын қамтамасыз ету;
әр азаматтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, халықтың өзін салауатты өмір салтын қалыптастыру процесіне тарту;
мемлекеттік мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарын қалпына келтіру және олардың тұрақты жұмыс істеуі жөнінде шара қабылдау, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер мен демалыс үйлерінде оқушыларды сауықтыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік білім беру ұйымдарына психологиялық қызметтерді құру, мектептерде, интернаттарда және мектеп жасына дейінгі ұйымдарда психолог және әлеуметтік педагог қызметін енгізу;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жоніндегі шараларды жүзеге асыру;
арнаулы түзету мекемелерінің, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің және мектеп-интернаттардың материалдық - техникалық базасын нығайту, балалық шақты әлеуметтік қорғаудың ғылыми-әдістемелік базасын құру, комелетке толмағандардың әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін кеңейту, корғаншылыққа мұқтаж балалардың мүліктік және басқа мүдделерін қорғау;
кәмелетке толмағандардың қылмыс, құқық бүзушылық жасауының және қадағалаусыздығының алдын алу жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеу. Түзеу мекемелеріндегі өндірістің мүдделерін, сотталғандарды бостандыққа шыққаннан кейін еңбекке орналастырудың мүмкіндігін ескере отырып, оларды оқыту жүйесін құру.
4. МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГ РАФИЯЛЫҚ
САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясаты тендестірілген идеологиялық және негізделген каржы-экономикалық саясаттың есебінен жүзеге асырылады. Демографиялық саясаттың негізгі әдістері ретінде ықпал студің экономикалық, әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-психологиялық шаралары пайдаланылады.
Демографиялық саясатты іске асырудың басты нысаны бағдарламалық мақсатты әдіс - мемлекеттік демографиялық бағдарламаны, демографиялық проблемаларды шешуге бағытталған өзге де республикалық мақсатты бағдарламаларды, аумақтық органдардың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру болып табылады.
Демографиялық дамудың стратегияларын іске асыру:
бар нормативтік құқықтық кесімдерді, әлеуметтік-экономикалық және үйымдастырушылық-әкімшілік кадамдар мен іс-шараларды олардың демографиялық өсу жөніндегі жаңа міндеттерге сәйкестігі бөлігінде тексеруді және жаңаларын жасауды;
демографиялық даму жөніндегі саясатты, стратегияларды және бағдарламаларды әзірлеу үшін қажетті мемлекеттік ресурстар бөлуді, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, донорлар және мамандардың тарапынан көмектерді тартуды және пайдалануды;
демография жөніндегі тұжырымдамалық, ал кейін стратегиялық нүскауларды жалпыұлттық және салалық жоспарлауға және олардың мониторингіне міндетті түрде енгізуді;
деректерді жинау және талдау үшін ұлттық олуетті тығыз үйлестіруді жүзеге асыруды және нағайтуды, демографиялық дамуды кешенді зерделеу, болжау және жоспарлау ушін стратегиялық зерттеулер жүргізуді және деректердің базасын әзірлеуді;
демографиялық даму процестерін реттеу нүсқауларын насихаттауда және іске асыруда мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауды көздейді.

- Казақстан республикасының аумағы
- Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- Казақстан республикасының конституциясы
- Казақстан республикасының прокуратурасы
- Казақстан тарихының кезеңделуі
- Казақстан топырағы
- Казақстан экономикасында шағын кәсіпкерліктік дамуы
- Казақстандағы ежелгі тайпалар
- Казақстандағы туристік бинес
- Казақстанда ерекше қорғалатын аймақтар
- Казақстан мен таяу шығыс елдері
- Казақстанның қор нарығы
- Казақстанныңэкологиялық проблемалары
- Казақстан респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары