Кемірушілер отряды
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Кемірушілер отряды
- 1.1. Жалпы сипаттама
1.2. Тұқымдастар
2. Кеміргіштер
2.1.Кеміргіштердің түрлері
2.2. Қазақстан жеріндегі кемірушілер отряды
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Кемірушілер сүт қоректілердін, ішіндегі өте көп және кеңінен тараған жануарлар болып саналады. Кемірушілердің үш мыңға жуық түрі бар, жер шарының барлық бөліміне тараған организмдер.
Дене мөлшеріне қарай ұсақ
немесе орташа болып келетін
көбінесе өсімдікпен
Жыныстық жағынан ерте жетілуі мен көп бала тууына байланысты көпшілігі өте тез көбейіп кете алады. Кемірушілердің ішінде жер бетінде, жер астында, орманда және жартылай суда тіршілік ететіндері бар.
Кемірушілердің көпшілігінің
терісі құнды болады. Сондықтан
олардың кәсіптік маңызы үлкен.
Тиіндер тұқымдасы (Sсіигdае).
Тиіндер тұқымдасы Евразияда
және Солтүстік Америкада
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кемірушілер отряды
- Жалпы сипаттама
Құнарлы әрі жұмсақ
Шұбар тышқандардың бірнеше ерекшелігіне тоқтап кетейік. Біріншіден — олардың денесі жолақ болады, екіншіден — құй-рығының жүні тықырлау келеді. Олар жерге ін қазып ұя сала-ды. Негізгі тіршілігі жер бетінде өтеді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Күзге қарай самырсын жаңғақтарынан және астық дән-дерінен, бұршақтан қор жинайды. Бізде Сибирьде және Европаның шығыс бөлігіндегі ормандарда жолақ тышқан (Еиіатіаз зіЬігісиз) деген бір ғана түрі кездеседі.
Тиіндер тұқымдасына жататын
саршунақтар мен суырлар-дың
СССР-дің Европалық бөлігінде.
Орта Азияньщ құмды шөлінде
таращұйрык, саршұнақ (Sрегmорһіlорsіs
Іерtоdасtуlиs) тіршілік етеді. Олар
қысқы ұй-қыға жатпайтын,
Оңтүстік-шығыс Европаның,
Қанатты тышқан (Рtегmуіdае) тұқымдасы
негізінен тропик-тік
Жайра тұқымдастары (Нуstгісіdае).
Жайралардың денесінің арқа
1.2. Тұқымдастар
Қ ұ н д ы з тұқымдасы (Сазtгidае). Қазіргі кезде құндыздың екі түрі белгілі. Біреуі Солтүстік Америкада тараған, ал екіншісі бізде тіршілік ететін (Саstог fiЬег). Құндыздар топтанып жүріп ағашты өзендердің бойын мекендейді. Ағаш бұтақтарының және сабақтарының кескіндерінен “үйшік” және ін жасайды. Олар өзен бойына орналасқансын, сол өзенді төменгі жағынан байлап бөгеу жасап, өзен суынын, деңгейінің бір қалыпта болуын реттейді. Жазда шөптесін азықтармен, ал қыста ағаштардың қабығы және бұтақтарымен қоректенеді. Олар ағаш бұтақтарын кесіп, ұясының маңына қыстық қор жинайды. Жылына бір-ақ рет көбейіп, 2—4-ке дейін бала туады. Үш жасқа келгенде ғана жыныстық жағынан толығады.
Қарақас тұқымдасы (Муохidае).
Бұлар сырт пішіні тиіндерге
ұқсас ұсақ кемірушілер.
Қосаяқтар тұқымдасы (
Соқырлар тұқымдасы (
Тышқандар
тұқымдасы (Мигісіае). Тышқандар
— көбінесе інде тіршілік
Тышқан тұқымдастарынан
біздің елімізде егеуқйрықтар (Rаttиз)
кездеседі. Бұл топтың негізгі
өкілдері сүр егеуқұйрық
Тышқандар тұқымдасына терісі өте бағалы ондатра (Оп-dаtта zіЬеtһіса) деген ірі кеміргіш те жатады. Оның отаны — Солтүстік Америка. Олар Отанымыздың көпшілік жеріне жер-сіндірілген. Ондатра — жартылай су жануары. Көбінесе өсімдігі қалың су қоймаларында тіршілік етеді. Шөптен және жапырақтан жасаған үйшіктері немесе індері болады. Су өсімдіктерімен коректенеді. Өте өсімтал келеді. Әр балалағанда баласының саны 4—12-ге дейін жетеді. Жылына бұлар 2—4 рет көбейеді. Бір жылға жетпей-ақ жастарының жыныс органдары жетіледі
2. Кеміргіштер
2.1. Кеміргіштердің түрлері
Кеміргіштер, кемірушілер[1] (лат. Rodentia) – сүтқоректілер класының ең көп тараған отряды. Қазір олардың дүние жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 2500-дей, ал Қазақстанда 15 тұқымдастың (ұшарлар, тиінтәрізділер, құндыздар, жайралар, саз құндыздары, қарақастар, жалмандар, тышқандар, жалғанқосаяқтар, қосаяқтар, алып көртышқандар, атжалмантәрізділер, бұзаубастар, құмтышқандар, қаптесерлер) 82 түрі кездеседі. Кеміргіштер республиканың барлық аймақтарында кең тараған, тек таудағы мәңгі мұз басқан жерлерде ғана кездеспейді. Осыған орай кеміргіштерде маусымдық түлеу қабілеті жақсы жетілген. Дене пішіні, тіршілігі алуан түрлі – 5 см-ден (кішкене қаптесер) 130 см-ге (теңіз доңызы) дейін, ал салмағы 6 г-нан (ергежейлі тышқан) 80 кг-ға (су шошқасы) жетеді. Тері жамылғысы жақсы жетілген, көпшілігінде үлпілдек, кейбіреулерінде тікен тәрізді инелерге (жайра) айналған. Алдыңғы аяқтары 5 не 4 башпайлы, артқысы 3 – 5 башпайлы. Басқа сүтқоректілерден ерекшелігі – екі жұп күрек тістері өте үлкен, қашау тәрізді, ұдайы өсіп, бір-бірімен (асты мен үсті) қайралып, өткірленіп отырады. Күрек тістерінің беткі қабаты қатты эмаль, ал қалған бөлімдері жұмсақтау дентин қабатымен қапталған. Көпшілігі жер үстінде, кейбіреулері жартылай суда (құндыз, ондатр, саз құндызы, су тышқаны), жер астында (алып көртышқан, соқыртышқан, т.б.) және ағаш діңінде (ұшар, тиін) тіршілік етеді. Өздері ін қазады, не басқа жануарлардың індерін пайдаланады, ұя да жасайды, кейде ағаш қуыстарын да баспана ретінде пайдалана береді. Көпшілігі жыл бойы белсенді, кейбір түрлері (сарышұнақтар) құрғақшылық жылдары жаз айларында да қысқа мерзімді ұйқыға, енді біреулері (суыр, сарышұнақ, қосаяқ, қарақас) қысқы ұйқыға кетеді. Өсімдік тектес азықпен қоректенеді, араларында жәндіктер және майда жануарларды қорек ететіндері де бар. Кейбір кеміргіштер қысқы азық қорын жинайды (борша тышқан, аламан, атжалман, қарақас, тиін, т.б.). Кеміргіштердің биологиялық бір ерекшелігі — жыныстық жағынан тез жетілетіндігі (майдалары 2 – 3 айда, ірілері 1 – 2 жылда), яғни жылына 3 – 4 рет көбейіп, бір өсімде 3 – 15 жас кеміргіштер туады. Қолайлы жылдары кеміргіштер саны өте жылдам өссе (10 – 100 есе), кей жылдары әр түрлі індеттерден жаппай қырылатын кездері де байқалады. Майда кеміргіштер 1,5 – 2 жыл, ірілері (суырлар, құндыз) 4 – 7 жыл тіршілік етеді. Кеміргіштердің табиғатта және адам өмірінде алатын орны өте үлкен. Көптеген түрлері ін қазып топырақ құнарлылығын арттыруға және өсімдік жамылғысын өзгертуге қатысады; шаруашылық мәні зор: тиін, ондатр, суыр, құндыз, т.б. жұмсақ терісі үшін көп ауланады; егістікке, жеміс ағаштарына, жайылымға, орман өсімдіктеріне, азық-түлік қорына көп зиян келтіреді; құмтышқан, суыр, сарышұнақ, егеуқұйрықтар оба, туляремия, лейшманиоз, лептоспироз сияқты табиғи ошақты ауруларды айналаға таратады.
2.2. Қазақстан жеріндегі кемірушілер отряды
Қазақстанда кеміргіштердің 10 түрі (көк суыр, үнді жайрасы, жалман, бесбармақты ергежейлі қосаяқ, Гептнер ергежейлі қосаяғы, үшбармақты ергежейлі қосаяқ, бозтүсті ергежейлі қосаяқ, алып көртышқан, Роборовский атжалманы, сары алақоржын) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Бұл отрядқа күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректі жануарлардың 2500-ге жуық түрі жатады. Олардың ішінде құрлықта, ағаш басында, суда, жер астында тіршілік ететін түрлері бар. Дене тұрқы 5 сантиметрден 1 метрге дейін жетеді. Қазақстанда кемірушілердің 80-нен астам түрі таралған. Оның 8 түрі Қызыл кітапқа тіркелген.
Көк суыр
Көк суыр Батыс Тянь-Шань(Тәңіртау) тау жоталарында шағын аймақта таралған. Саны күрт азайып келеді. Бадам, Өгем өзендерінің жоғары ағысындағы таулы алқаптарда кездеседі. Көк суыр Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, аудауға тыйым салынған. Көксуыр Ақсу-Жабағылы қорығында және Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағында қорғауға алынған. Үнділік жайра Маңғыстаудың оңтүстігінде, Тәңіртау (Тянь-Шань), Қаратауда, Шу, Іле Алатауларының етегінде таралған, саны аз. Алматы, Қарағанды, Шымкент хайуанаттар бақтарында қолдан өсіріледі.
Қалқанқұлақ
Қазақстанда ғана таралған кемірушінің бір түрі - қалқанқұлақ. 1938 жылы зоолоғ-ғалым В. А. Селевин Бетпақдала шөлінен бұрын ғылымға белгісіз кемірушіні тапты. Оның ғылыми аты сол ғалымның және табылған жердің атымен аталады. Дене тұрқы 9 сантиметрдей, құйрығы жіңішке әрі ұзынша, салмағы 30-35 грамдау құлағының үлкендігіне байланысты жергілікті тұрғындар «қалқанқұлақ» (кейде «жалман») деп атайды. Қазақстанда оның атына байланысты зоологиялық ғылыми «Селевиния» деген журнал бар. Бетпақдала, Балқаштың солтүстік шығысындағы шөлейтті жерлерде, Алакөл, Зайсан қазаншұңқырында таралған, бунақденелілермен қоректенеді. Ғылыми тұрғыдан әлі толық зерттелмеген.
Соқыртышқан
Қазақстанның батыс
Құндыз.
Қазақстанның өзен, көлдерінде ерте кезде көп таралған кеміруші - кәмшат. Оның терісі және жұпар безі өте бағалы болғандықтан, көп аулаған. Кәмшаттың жұпар безінен алынатын өнім кәмшат қайыр (бобровая струя) деп аталған. Қазіргі кезде кәмшат Жайық өзенінде ғана кездеседі.
Құндыз да сула өмір сүрелі. Құндыз - Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бағалы терілі жыртқыш аң. Оның суда өмір сүретінін халықтың «Құндыз - суда, құлан - қырда» деген мәтелінен білеміз. Ол Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауы өзендерінде кездеседі. Іле өзенінің жоғарғы ағысынан да байқалған. Әсіресе балығы мол суды мекен етеді. Негізгі қорегі - балық.
Жалман
Жалман (лат. Selevinia betpakdalaensis) – кемірушілер отрядына жататын кішкентай тышқан. Жалман тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстігі мен шығысында, Алакөл және Зайсан ойпаттарында қиыршықтасты, баялыш пен сораң өскен саз топырақты жерлерде, теріскен, қараған, сексеуіл арасында мекендейді. Дене тұрқы 75 – 95 мм, құйрығының ұзындығы 58 – 77 мм, салмағы 21 – 24 г. Сыртқы пішіні қарақасқа ұқсас. Түгі қалың, арқа жүні ақшыл сарғыш. Ін қазбайды, басқа кемірушілердің тастап кеткен інін пайдаланады. Секіріп жүреді, өсімдікке жақсы өрмелейді. Мамыр айының аяғынан бастап, жылына 1 рет 4 – 8-ден ұрпақ береді. Жалмандар сәуірден қыркүйекке дейін белсенді тіршілік етеді. Қыста ұйқыға кетеді. Негізінен ұсақ жәндіктермен (әсіресе шегірткемен), кейде өсімдікпен де қоректенеді. Су ішпейді (қорегінің құрамындағы ылғал жеткілікті болады). Жалман табиғатта өте сирек кездеседі. Оны алғаш тауып, сипаттаған В.А. Селевин (1938). Қазір Жалманның тек 40-тай дарабасы белгілі. Жалманның тіршілігі толық зерттелмеген, санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ұшарлар
Ұшарлар (лат. Pteromyini) — кеміргіштердің бір тұқымдасы. Еуразияның қоңыржай және тропиктік орманды жерлері мен Солтүстік Американың тайга ормандарында тіршілік ететін 10—13 туысы, 33 түрі белгілі. Қазақстанда Ертіс өзеннің] жағалауын, Оңтүстік және Қалба, Алтай тауларының ормандарын мекендейтін кәдімгі ұшар (Pteromys volans) бар. Оның денесінің ұзындығы 14—21 см, ал үлпілдек құйрығының ұзындығы 14 см-дей. Терісі ақшыл қоңыр түсті, бауыры ақ болады. Қыста түгі құлпырып, жібек сияқты жұмсақ, қою қоңыр түске боялады. Ұшардың екі бүйірі (алдыңғы және артқы аяқтарының аралығы) жарғақпен көмкерілген. Мұның көмегімен ағаштан ағашқа қалқып ұшып секіреді. Қорегін іздеуге түнде шығады. Қатты аяз болғанда ұясынан шықпайды. Жалпақ жапырақты ағаш бүрін, қабығын, жапырағын, ал қылқан жапырақтылардан қарағай, балқарағай бүршігін жейді, ағаш қуысын паналайды. Жылына бір рет көбейеді. Аналығы маусым—шілде айларында 2—4 ұрпақ табады. Қысқы ұйқыға кетпейді. 13 жылдай тіршілік етеді. Республикамызда саны аз болғандықтан, ұшардың терісі дайындалмайды.
Ұшарлардың арасындағы ең ірісі — тагуан (Petaurіsta petaurіsta). Оның денесінің ұзындығы 60 см, құйрығының ұзындығы 63 см, салмағы 1,4 кг. Арқа жоны қара сұр, бауыры сұрғылт түсті. Тагуандар Шығыс Үндістанның, Мьянма мен Шри-Ланканың таулы ормандарында тіршілік етеді. Тагуан — ұшарлардың арасындағы ең алысқа секіретіні. Ол 60 м қашықтыққа дейін қалқып секіре алады.
Тиінтәрізділер
Тиінтәрізділер (Scіurіdae) – кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары миоцен дәуірінен белгілі. Табиғатта кең тараған. Қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда кездесетін 25 туысы, 230-дан астам түрі белгілі. Тиінтәрізділерге борша тышқандар, тиіндер, суырлар, сарышұнақтар, шалғын иттері жатады. Дене тұрқы 6 – 60 см. Тіршілік ортасы әр түрлі: ағашта (тиін), жартылай ағашта (борша тышқан) және жерде (суыр, сарышұнақ) мекендейді. Күндіз белсенді. Көпшілік түрі қысқы ұйқыға кетеді. Негізінен өсімдіктермен қоректенеді, қысқа қор жинайтын түрлері де бар. Жылына 2 – 3 рет көбейеді. Қазақстанда 5 туысы, 13 түрі (тиін, тараққұйрық сарышұнақ, борша тышқан, ұзынқұйрық сарышұнақ, зорман, балпақ, қызылұрт сарышұнақ, Тянь-шань реликті сарышұнағы, кіші сарышұнақ, дала суыры, сұр суыр, Мензбир суыры, қызыл суыр) бар.
Леммингтер
Леммингтер — алалар, тоқалтістілер түрлер тобы. Дене ұзындығы 15 см дейін, құйрығы 2 см дейін. Кейбір түрлерінің жүні қыста ағарады, ал алдыңғы аяқтарының тұяқтары ұзарады. 4 туыс, 20 түрлері белгілі. Олар Еуразия мен Солтүстік Американың орманды, жазықтық және таулы тундраларында кездеседі. ТМД—да Кольский түбегі мен Еуропаның орталық бөлігінен Чукотка мен К. Шығысқа дейін таралған. Ең кең таралған түрлері: түлкты Л., сібір Л., және норвегиялық Л. Тундрада 4 жылда бір рет олардың көптеп көбеюі, (1 га жерде 300 данасы) және өте алыс қашықтыққа таралуы байқалады. Л., ақтүлкінің негізгі қоректік коры. Түлкілердің өсімталдығы Л. санымен тығыз байланысты. Бірталай вирус ауруларының қоздырушыларын таратады.
Дала алақоржыны (лат. Lagurus lagurus) – кеміргіштер отрядының аламантәрізділер тұқымдасына жататын тышқан. Қазба қалдықтары төменгі плиоцен дәуірінен сақталған. Сары алақоржын (Eolagurus luteus) - туыстас түрі. Дала алақоржынының дене тұрқы 96 – 125 мм, салмағы 18 – 46 г болады. Арқасында төбесінен құйрығына дейін созылып жатқан қара жолағы бар. Қазақстанның солтүстік жартысындағы орманды-дала, шөлейтті-далалы аймақтарда (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары), оңтүстік-шығыс таулы аудандарда (Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары) кездеседі. Дала алақоржынының бірнеше іні болады. Қысқы ұйқыға жатпайды. Жылына 6 рет (1 – 14-тен) балалайды. Астық, бағалы жемшөп өсімдіктерімен қоректенгендіктен алақоржын шарушылығына зиян келтіреді.
ІІІ. Қорытынды.
Кеміргіштер (егеуқұйрықтар, атжалмандар) мен үй тышқандары тұрғын үйлерді, қоқыстарды, қамбаларды, мал қораларын, элеваторларды, сағалайды. Ең бастысы — егеуқұйрықтар аса қауіпті оба, сүзек, туляремия, лейшманиоз ауруларының таратушысы болып саналады. Сұр егеуқұйрықтар жер шарына кең тараған және өте тез көбейеді. Мысалы, оның біреуі жылына 75 ұрпақ таратады. Қара егеуқұйрықтар сирек кездеседі және баяу өседі. Егеуқұйрықтардың тамақ таңдамайтындығы соншалық, тамақ өнімдерін, тері, жиһаз, сабынға дейін кеміріп бүлдіреді.
Кеміргіштерден жарақат алған адамдар міндетті түрде арнайы емдеу мекемелерінен ем қабылдауы тиіс, өйткені олар құтырма ауруының пайда болуына тікелей себепкер болуы мүмкін.
Кеміргіштер тобына жататын үй тышқандары да кең тараған, әрі өте жылдам көбейеді. Бір тышқан жыл бойы 80-ге жуық ұрпақ өргізеді. Тышқандар әр түрлі тамақ өнімдерімен, астық дәнімен, жеммен қоректенеді және түрлі ауру таратушылар қатарына жатады. Міне сондықтан жоғарыда баяндалған зиянды кеміргіштерден сақтану аса маңызды екендігін айта келе, алдын-алу шаралардың бірінші сатысында тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда-саттық, қоғамдық тамақтану орындарын, мал қораларын, құрылыс маңындағы жер учаскелерін таза, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарды мұқият жинап, тазарту, тұрғын үй жертөлері мен көше жиегіндегі арықтардың қоқырсықтануын болдырмау аса маңызды.
Бүгінгі таңда
кеміргіштерге қарсы
Сондықтан, қаламызды
аталған зиянкестердің өсіп-
IV. Қолданылған әдебиеттер.
1. Қазақ энциклопедиясы
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған пр
офессор Е. Арын – Павлодар: 2007
- Биология: Алматы: Атамұра, 2007

- Кемтар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саясаты
- Кенгуру - сумчатое животное
- Кендерді байыту
- Кенесары Касымулы
- Кенесары Касымулы
- Кенесары Қасымұлы
- Кенесары Қасымұлы
- Кем были белорусские святые
- Кемеровска область
- Кемеровская область
- Кемеровская область
- Кемеровская область
- Кемеровская область
- Кемеровский областной театр драмы им. А.В. Луначарского