Көне Қытай философиясы

Көне Қытай философиясы 
Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемле- кеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұста-нымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне 
 
Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 
Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII –VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мек-тептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді. 
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері: 
1) Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерешелік сол 
Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер – чжухоу, беделді отбасылар – дафу және ши, ең төменде -ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды. 
2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі – адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам – қарапайым «микрокосм». табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті – осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік көрсетпей, өзінен жоғарыға, езінен үлкенге қызмет етіп. табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену., Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе – жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді. 
3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мөселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті. 
4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді «инь-ян» мектебі немесе натурфилософтар, моистер және дао-сизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды. 
Бірақ табиғи құбылыстарды да Қытай ойшылдары әлеуметтік және адамгершілік құбылыстармен байланысты қарастырды. Дүниенің бес ба-стауы: су, от, ағаш, металл, жер және табиғаттың бес құбылысы: жаңбыр, күнщуақ, ыстық, суық және жел бар деп түсінген және олар халықтың тұрмысына әсер етеді деп пайымдаған философтар олардың себептерін анықтауға тырысты. Бұл түсініктер өздерінің бастауын мифологиялық 
және көзқарастардан алатынын айта кету қажет. 
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: «И цзин» -Өзгерістер кітабы», «Ши цзин» – «Өлендер кітабы», «Шу цзин» – «Тарих кітабы». 
«И цзин» – «Өзгерістер кітабы» – бүкіл Қытай мәдениетінің қалып-тасуына зор әсер еткен, маңызын әлі күнге дейін жоймаған шығарма. Кейбір зерттеушілер оны қасиетті кітап деп атап, Ведалармен, Інжіл. Құранмен бір деңгейге қояды. Ғалымдардың пікірінше, «И цзин» ежелден келе жатқан бал ашу практикасымен байланысты пайда болып, даму барысында философиялық пайымдаудың негізіне айналған. Философиялық ескерткіштердің арасындағы ең көнесі болмаса да, бұл кітап Қытай философиясының бастауы болды деуге болады, бірақ оның түсінуге қиын мәтіндерінің мазмұны әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. «И цзин» 64 гексаграммалардан тұрады, олардың жүйесі үнемі өзгеріп отыратын дүние-нің 64 күйі мен құрылымынан тұратын, Көк – Жер – Адам қатынасын білдіретін ілімді құрайды деп түсіндіріледі. Шығармада Қытай филосо-фиясының негізгі категориялары қалыптасқан, олар арқылы адамның өзін қоршаған ортаға деген қатынасы, кеңістік, уақыт, табиғи құбылыстар, әлеу-меттік өзгерістертуралы түсініктері бейнеленіп, Қытай қоғамының дәстүрлі көзқарастарының теориялық негізі қаланған деуге болады. 
«Ши цзин» – «Өлеңдер кітабы» 305 поэтикалық шығармалардан тұрады. Олардың қай кезеңдерде жазылғанын дәл басып айту қиын, қазіргі заманғы ғалымдар бұл өлеңдер шамамен біздің дәуірімізге дейінгі XI -VII ғасырларда, Қытайда философиялық мектептер әлі қалыптасып үлгермеген уақытта жазылған, кейінірек Конфуций өлеңдерді іріктеп, өңдеп, өзінің философиялық ілімінде қолданған, ал оның шәкірттері Конфуций мектебінің негізгі кітабына айналдырған деген болжам айтады. «Ши цзинді» басқа философиялық мектептер де зерттеді. «Өлеңдер кітабын-да» Көне Қытай қоғамындағы ван, дафу, чжухоу топтарының өмірі, адамгершілік келбеті, әлеуметтік қызметі жырланады. 
«Шу цзин» – «Тарих кітабы» немесе «Құжаттар кітабы». Кітапты алғаш рет Конфуций құрастырды, кейіннен әр түрлі ойшылдар оны бірнеше рет өңдеді (олардың кейбіреулері кітапқа өз мәтіндерін де қосып, араластырып жіберген), кейбір бөліктері біздің дәуірімізге дейінгі 213 жылы кітаптар өртелген кезде отқа жағылды деген пікірлер бар. Атынан көрініп тұрғандай, кітаптың тарихи мазмұны басым, бірақ философиялық көзқарастар да (әсіресе, Конфуций мектебіне тән) көп кездеседі. Мәтіндердің басым бөлігінің мазмұны кітаптың өте ерте, көрнекті Қытай философтары дүниеге келместен бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Қазір «Шу цзиннің» 55 тарауы бар, олардың арасында 33 тарауының нақты «Шу цзин» кітабының алғашқы нұсқасына жататыны анықталған. Кітапта қарастырылатын негізгі мәселелер: адам және қоғам, адам және табиғат арасындағы үндестік, ата-баба салттары, Көктің адам мен қоғамға айқындаушы әсері және т.б. 
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі. 
Олардың арасындағы бастысы – Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады. 
Көне Қытай философиясынын негізгі ұғымдары 
Адамды сүю (жэнь) – Конфуций философиясының маңызды катего-риясы. Ең әуелі әке мен ұлдың, билеуші мен шенеуніктердің, дос адам-дардың, аға-інінің арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейді, сонан соң ғана жалпы адамдар арасындағы сүйіспеншілікті білдіреді. 
Алтын орта (чжун юн) – Конфуций философиясының басты ұғым-дарының бірі. Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе де шектен шығып кетпеуі керек дегенді білдіреді. Мысалы, тым қызба немесе тым жай болған дұрыс емес, орташа күйді сақтауға ұмтылу керек. Конфуций бұл ұғымды ағашты мысалға ала отырып түсіндіреді. Оның жоғарғы жағында орналасқан жапырақтарға жаңбыр мен күннің әсері тез жетеді, төмендегі жапырақтарға да аса ыңғайлы емес. Ең дұрысы, ортада орналасқан жапырақ болу. Алтын ортаға жету қиын, бірақ оған жеткен адам мәнді өмір сүреді. 
Асыл адам, бекзат адам (цзюнь-цзы) – адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, «алтын ортаға» жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мүндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. «Асыл адамдар» көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, мемлекетті басқару да жеңілдейді. «Асыл адамдардың» үлгісі зорлық арқылы бағындырудан әлдеқайда бағалы, себебі халықта үрей, қорқыныш емес. ез басшыларына деген сенім пайда болады. Бұл ұғымға қарсы ұғым – «темен адам» ұғымы. 
Дао – дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай фило-софиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао – универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына ба-ғынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті – даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру. 
Ди – ағаны сыйлау. 
Инь және Ян – этимологиялық мағынасы «төбенің немесе өзен жа-ғасының көлеңкесі мен күнгейі» дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарасты-рылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь – дүниенің раци-ональдік, «әйелдік» бастауы, Ян – бейсаналық, «ер адамдық» бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжы-рымдалады. 
Ли – ритуал, салт, этикет. 
Сяо – ата-ананы құрметтеу. 
Тянься – (орысша «Поднебесная»), «Кекасты», Қытай елінің, мемле-кетінің синонимі, қытайлықтар өздерін қазірге дейін осылай атайды. Көк немесе Аспан ұғымы Қытай философиясында жер бетіндегі барлық бар нәрсенің алғашқы негізі және алғашқы себебі, ең құдіретті күш. Адамдардың тағдыры мен өмірін де, мемлекет істері мен табиғат құбылыстарын да анықтаушы және реттеуші Көк, ал мемлекетті билеуші оның жердегі өкілі, сондықтан да әрбір адам Көкке табынуға міндетті. 
Ци – этимологиялық мағынасы «пісіп жатқан күріштің буы».дегенді білдіреді, бірнеше мағынаға ие: белгісіз, сапасы жоқ алғашқы зат; дүниеден жоғары космостық субстанциядан үшып шығып жатқан нөрсе;алғашқы материалдық-элементтер-денелер, атомдар және т.б. Ци алғашында тұтасып кеткен субстанциялардан тұрды, кейінірек таза мен бұлдырға -Инь мен Янға бөлінді деген түсінік қалыптасқан. 
Жалпы алғанда, Қытай философиясының негізгі философиялық ка-тегориялары тарихи даму барысында көп өзгеріске ұшырай қойған жоқ, жалпы Қытай қоғамы мен Қытай философиясы секілді салыстырмалы түрде тұрақты, консервативті болды. 
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері 
Конфуций – Кун-Фу-цзы («Кун Үстаз») – біздің дәуірімізге дейінгі 551-479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі, «қызмет етушілер философиясы» деген атауға ие болган философиялық мектептің – Конфуцийшілдіктің негізін қалаушы. Бұл мектеп алғашында жу – «ғалым-интеллектуалдар мектебінің ілімі» деп аталды. Өзінің философиялық мектебін Конфуций өмірлік тәжірибе жинақтап, адамға қажетті алты өнерді – салттарды білу, музыканы түсіну, садақ ата білу, күйме арба айдау, жаза және санай білу істерін меңгерген, әбден кемелденген жасында құрды деп есептеледі. Өзінің қоғамдағы рөлін Конфуций әте қарапайым бағалап, өзін жаңа ілімді жасаушы емес, көне данышпандардың (шэн) «Шу цзин» және «Ши цзин» кітаптарындағы даналығын халыққа жеткізуші ғанамын деп түсінген. 
«Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») еңбегі Конфуций туындысы ретінде қабылданады. Оның негізгі мазмұны – мемлекет пен жеке адамды жан-жақты жетілдіру жолдарын көрсету. Конфуцийдің пікірінше, мем-лекеттің жақсы болмағы оны құрап отырған адамдарға байланысты, сон-дықтан да жеке адамңың міндеті – мемлекетке, өзіне жоғары тұрған адамға қызмет ету. 
Лао-цзы (ЛиДань) – даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары «Дао дэ цзин» шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лаоцзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам-пікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, өзгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлаудада, іс-әрекетінде де осы дао жолын ұстануы, яғни «у -вэймен» айналысуы қажет. «У-вэй» «тыныш келісу» дегенді білдіреді, кейінірек «әрекетсіздік, ештеңеге араласпау» деген қазіргі мағынасында түсініле бастады. 
Мо-цзы (МоДи) – моистер мектебінің негізін салушы, біздің дәуірімізге дейінгі 479- 400 жылдары өмір сүрген. Конфуций іліміне қарсы Моцзы «адамды сүю» идеясын басты деп түсінді. Оның ойынша, елдегі жағымсыз құбылыстардың себебі – адамдардың бірін-бірі жақсы көрмеуі. Адам өзін ғана сүйсе, мұндай эгоизм мемлекетке зұлымдық әкеледі.,Ол өз пайдасын ғана ойламай, қоғамдағы басқа адамдардың да қамын ойласа, жеке пайда жалпы пайдаға ұласып, мемлекетте тыныштық орнайды. Моцзы елдегі ретсіздіктердің негізі кедейліктен басталады деп есептеп, адамдарды тынымсыз еңбек етуге шақырады, еңбектенген адамның кедей болуы мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысады. Оның негізгі тұжырымдары «Моцзы» еңбегінде баяндалған. 
Мэн-цзы (Мэн Кэ) – Конфуций ілімін жалғастырушы, Қытай тарих-шыларының мәліметтері бойынша ол Конфуцийдің немересі Цзы Сыдың шәкірті болған. Өмір сүрген жылдары – біздің дәуірімізге дейінгі 372-289 жылдар. Конфуций ілімін дамытып қана қоймай, оны тереңдетті және жалпы Қытай философиясының дамуына үлкен үлес қосты. Оның ілімінің негізі – төрт адамгершілжтік бастау: адамды сүю, парыз, салттарды орындауға ұмтылу және ақыл-даналыққа ие адам табиғатының мейірімділігі. 
Қытай философиясы туралы ойларымызды қорытындыласақ, өзінің маңызын әлі күнге дейін жоймаган, қазіргі замангы Қытай мемлекетінің қалыптасып-дамуына ерекше әсер еткен, жалпы алганда мемлекет мүддесін жеке адам мүдесінен жогары қойып, адамгершілік мәселелерін зерттеген философия болды деуге болады.

Конфуций өзіне тән төл ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы),“Щицзин” (әндер мен гимндер кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер берген. Осы ретте тұжырымдалған басты көзқарастары мен ілімі жайындағы мағлұматтар “Әңгімелер мен пайымдар”' (“Лунь юй”) деген кітапта таратылып баяндалған. Бұл кітап Конфуций айтқан ойлар мен оның жақын шәкірттерімен және ізбасарларымен әңгіме-дүкенінің жазбасы болып табылады. Зерттеушілер Конфуцийдің жеке басына тиісті деп тек “Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына” түсіндірмелерін атайды. “Ұлы ілім” мен “Аралық туралы ілім”' атты туындылар да Конфуцийдің өзінікі емес, ол тек мұның екеуін де қайта әңгімелеп берген деп саналады. Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен айқындалады. Конфуций ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Конфуций ғарыш пен әлемнің пайда болуы, эволюциясы мәселелерімен әуестенбеген деген пікір бар, өйткені ол рухтар мен о дүние мәселесіне көңіл бөлмеген. Бұл Конфуцийдің:” “Өмірдің не нәрсе екенін білмей тұрып, өлімнің не екенін білу мүмкін бе?”, – деген, сондай-ақ: “Адамдарға қызмет ете білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет көрсетуге болады?” – деп түйген қағида іспетті ой-тұжырымдарынан аңғарылады. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға негізделген этик. және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді. Ол “текті ерлерді” (цзюнь цзы) шешімді түрде “ұсақ пенделерге” (сяо жэнь) қарсы қойып отырған. Алғашқысы кейінгісін басқарып отыруға, оларға үлгі болуға тиіс деген.

[өңдеу]Идеялары


Китайская стена

Осындай этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принцип “чжень мин” ілімінде көрініс тапқан. Мұнда Конфуций [[қоғам|қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойыншамемлекет – үлкен отбасы). Ол ел билеушілерін халықты заңдар мен жазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар жәрдемімен биік адамгершілік,имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі ету жолымен басқаруға үндеді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: “Билікке қалай жетуге болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, – деп жауап берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”.

[өңдеу]Ұлы моралист


Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім. “Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар ма?” деген сұраққа орай Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”, – деп жауап берген. Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда. Конфуцийдің ізбасарлары оның ілімін басшылыққа алып, дамытып отырды. Мысалы, Мэн-цзы (б.з.б. 372 – 289 ж.) өз тұжырымдамасында басқарудағы басты рөлді халыққа берді. “Мемлекетте халық ең бастысы болып табылады, – деді ол, – одан кейін топырақ пен дән рухтары, ал ең соңғы орында ел басшысы тұрады”. Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді [[иерархия|иерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету және қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.[1][2]


Көне Қытай философиясы