Көне турки жазулары

Көне Түркі жазулары

Көне Түркі жазулары 
      
Мазмұны 
1. Көне Түркі жазуларыны зерттелуі 
2. Дала жазуларының арихы 
3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы 
4. Көне Түркі жазуларының мазмұны 
5. Қосымшалар 
6. Әдебиеттер 
  
1. Көне Түркі жазуларының зерттелуі 
Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.  Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын. 
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Монғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат  филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды. 
2. Дала жазуларының тарихы 
Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады.  Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның өңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады.   
Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Монғолия-Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.  
   
3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы 
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:  
1. Енисей ескерткіштері. 
2. Талас ескерткіштері.  
3. Орхон ескерткіштері. 
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айрмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.  
1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.  
2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.  
3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. 
Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі. 
4. Көне Түркі жазуларының мазмұны   
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрк" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен. 
Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер діуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған. 
Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.  
Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады. 
Қосымшалар

Орхон-Енисей әліпбиі (классикалық  көне түркі жазуы) 
Қалай пайдаланылады Таңбалар Транслитерациясы және транскрипциясы (қазіргі дыбыстармен сәйкестендірілуі және оқылауы)

Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында (қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын).

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

  1. Енисей ескерткіштері.
  2. Талас ескерткіштері.
  3. Орхон ескерткіштері.

Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында  және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.

  1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
  2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
  3. Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.

Көне  Түркі жазуларының мазмұны[өңдеу]


Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.

Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер діуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.

Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.

Көне Түркі  жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.

Көне  түркі жазба ескерткіштері[өңдеу]


Көне түркі  жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.

Табылған аймақтары[өңдеу]


Көне түркі жазба ескерткіштері  табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы Таласалқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.

Иссык жазба ескерткіш— сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:

Могoилян жазба ескерткіш — Орхон өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш Құтлұғ(Қабаған) қағанныңбаласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.

Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз тайпасының өкілі атынан баяндалады.

Орхон ойма жазулары — Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.

Алтайда Радлов диалектологиямен, лексикографиямен,лексикологиямен,салыстырмалы және тарихи фонетикамен, түркі тілдерінің грамматикасымен, Алтай мен Батыс Сібір халықтарының этнографиясымен, археологиясымен, фольклоры және тарихымен  шұғылданатын әмбебап-түркітанушы ретінде қалыптасты.

Василий Радлов Маңғолияға (1891) өзінің әйгілі экспедияциясын ұйымдастырып, соның барысында Орхон-Енесей шекіме жазуы ашылған болатын.  Оқымысты оннан аса таңбаларды оқуға деген кілтті таба алды, алайда, басты абырой  1893 жылы жазуды түпкілікті шешіп оқыған дат лингвисі В.Томсенге тиісті болды. 1894 жылы  Радлов өзінің әрі томсендік еңбектерге сүйене отырып, Орхон ескерткіштерінің аудармасын бітіріп жариялауды аяқтады. Бір жылдан соң,  1895 жылы өз материалдарына қоса, финдік экспедиция мәліметтерін жинап, 40

Енесей жазбасын жария етті. 1892-1903 жылдары «Орхон экспедициясы еңбектерінің жинағы»  он бес рет шығарылған.

1898 жылы Радлов  Д. А. Клеменц басшылығымен  Тұрпан экспедициясын (Кіндік Азия)  ұйымдастырды. Клеменц тапқан ежелгі ұйғыр ескерткіштерін алғаш зерделеу мен жариялауды да жүзеге асырған Радлов болатын.

Радлов әзірлеп, жариялаған «Алтын йарух» жазбасы ұйғыртануды  дамытудағы үлкен маңызды еңбек  болды.

1899 жылы  Радлов түркі қағанатының құрметіне Тонұқық тасжазбасының (VIII ғасырдың басы) транскрипциясы мен аудармасын жария етті.

1903 жылғы наурызда   тюрколог Орта және Шығыс Азияны зерттеу жөніндегі Орыс комитетін құруға бастамашы болғандардың бірі болып, оның жетекшілігін 1918 жылы қайтыс болғанша атқарды. Комитет Сібірге бірнеше мәрте экспедиция ұйымдастырып, Антропология және этнография мұражайының жыйдасын (коллекция) байытты. Сонымен қазқатар ол Сібірді зерттеу және оның халықтарының тұрмысын жақсарту жөніндегі Қоғам басқармасын басқарып, Императорлық Орыс география, Орыс ориенталистер,Императорлық шығыстану қоғамдары мен басқа құрылымдардың жұмысына белсене қатысты.

В. В. Радлов Шығыс  тілдері университетінде сабақ  бермесе де, шығыстанушылармен, түркітанушылармен  тығыз жұмыстанды.Көптеген шетелдік ғылыми қауымдастықтар, қоғамдар мен университеттер  В. В. Радловты құрметті мүшеге тартты, ол көптеген ресейлік және шетелдік мадақтарға ие болды. 
Белгілі түркітанушы Василий Радлов 1918 жылы 12 мамырда қайтыс болды.

Көне ұйғыр жазбаларын, оның тарихын зерттеді, грамматикалық  құрылысы жайында бағалы пікірлер айтты. Іұнды еңбектерінің бірі — “Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы” деп аталды. Ол ғылыми еңбектерінде түркологияның барлық саласын қарастырды: лексикография мен диалектология, салыстырмалы-тарихи фонетика мен текстология, көне түркі, ұйғыр және араб ескерткіштері, түркі халықтарының фольклоры, этнографиясы, тарихы мен археологиясына байланысты түбегейлі зерттеулер қалдырды. Оның тарих пен этнография саласындағы еңбектері: а) Сібір мен Орта Азия түркі тілдес халықтарының этнографиясын; ә) олардың көне тарихы; археологиясы, мәдени даму жолдарын; б) аңшылық пен көшпелі халықтардың даму ерекшеліктерін, әсіресе түркі халықтарының рулық құрамын анықтау мәселелерін қамтыды. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан “Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері” aтты 10 томдық еңбегі болды. Оның 1-кітабы (1866) алтай, құманды татарлары, шор, саян, 2-кітабы (1868) шұлым, түрік, хакас, 3-кітабы (1870) қазақ, 4-кітабы (1872) барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына арналды. Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алынған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқаласы Радлов жинаған фольклор үлгілері“Халық өлеңдері” (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөзі, өтірік өлең), “Ертегілер”, “Батырлар жыры” (“Ер Көкше”, “Ер Тарғын”, “Сайын батыр”) болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған. Радловтың Сібір қазақтарының этнографиясы туралы құнды еңбегі “Сібірден” деген атпен шықты. Ол қырғыз эпосы “Манасты” жазып алып, бастырып шығарды. Радлов салыстырмалы тарихи зерттеудің нәтижесінде Орта Азия, Қазақстан және Сібірдегі түркі халықтары фольклорының төркіні ортақ екенін дәлелдеді. Радлов көптеген ғылыми еңбектерімен түркология ғылымының дамуына зор еңбек сіңірді, өзінің мектебін қалыптастырды. Оның ісін шәкірттері Б.Я. Владимирцев, Н.Ф. Катанов, С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, т.б. жалғастырды, олар Радловтың ғылыми мұрасы жайлы құнды пікірлер қалдырды. Соңғы уақытта Радловтың шығарм. шеберханасы жайлы жазылған М.Шоқай жазбалары да ғылыми айналымға енді.[2][3]

 

 

 Н. Жартын 

Л.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ, Түркітану 

кафедрасының 1 курс

магистранті

 

Көне руникалық жазулар және оның авторы

 

Түйін: Бұл мақалада көне руникалық жазулар, соның ішінде

Cолтүстік Монғолиядағы Орхон ескерткіштері, Ұйғыр қағанаты

ескерткіштері жайлы және оның табылған жері, зерттеушілері 

мен оның авторлары туралы айтылады.

Кілтті сөздер: Руника, Солтүстік Монғолия, қағанат,

альтернатив, аристократия, эпитафия, фольклор, қаһарман.

 

 Әр халықтың рухани мәдениеті тарихи ескерткіштері болып

табылады. Жазба мәдениеті  ескеткіштердің ең құнды деректері. Бұл 

ескерткіштер сол замандағы  қоғамдағы әлеуметті, тарихты,

мәдениетті, халықтың салт-дәстүрін айқындайды, доп көрсетеді.

Сонымен қатар бұл ескетркіштерден бізге тарихи ұмытылып

қалған, бізге жетпеген ұлы  тұлғалар мен олар туралы аңыздарды,

мәдени мұраларды таба аламыз.

 Монғолиядағы, Оңтүстік Сібірдегі және Шығыс

Түркістандағы ескерткіштер көне заманғы ең маңызды 

ескерткіштер болып саналады.

 ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында белгілі

шығыстанушылар В.В.Бартольд және И.Марквард түркі 

ескерткіштеріндегі тарихи деректерді тұңғыш рет зерттеп, ондағы

сақталған тарихи мұраларды  баршаға жария етті. Зерттеу

барысында ғалымдар бұл ескерткіштердің түркі заманының тарихы

және олардың құрған мемлекеті туралы маңызды дерек көз

екендігін дәлелдеді [1]. Тарихи деректерге бай эпиграфиялық

мәтіндердің үш түрі белгілі болды. Бұлар ең алдымен Солтүстік

Монғолиядағы (орхон ескерткіштерінен), содан әрі ХХ ғасырда көп

зерттеле қоймаған ұйғыр  дәуірінің ескерткіштері және белгілі бір

жүйеге келген көне қырғыздардың енисей ескерткіштері еді. Өткен

ғасырдың 60-70 жылдары басталған  зерттеулер көне ескерткіштер

жанрындағы дискуссияны  руникалық ескерткіштерден тарихи дерек көздер ретінде жақсы қарастыра  алмады. Сонымен қатар ескі

түрік ескерткіштерінің жаңа ашылымдары Совет-Монғол жазығы

зерттеулеріндегі экспидицияның (1969-1990ж.ж.) еңбектері 

күтпеген жаңалықтары  алып келді. Ол көне түркі халықтарының

жазба түріндегі тарихи ескерткіштердің ерекшеліктері еді. Бұл

жолда енисей жазбаларына  байланысты аз еңбек жасалған жоқ.

ХХғ. 60 жылдары көне түркі  жазбаларын меңгеруде ғалымдар

үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар кейінге қалған

шешімін таппай келе жатқан қиын аспектілер тарихи-мәдени

ескерткіштерді бағалауда  сенсациялық қорытындыларға әкелді.

Сондағы ашылмай қалған жұмбақтардың ашылымдарының бір

неше түрлеріне тоқталып өтсек.

 Түркі қағанаты 551 жылы Монғолия территориясында пайда

болды. Ол 80 жыл бойы билік  еткен бірінші еуразиялық империя

болды. Таң империясының ірі экспанциясына байланысты 630

жылы бұл қағанат құлады. Бірақ елу жылдан кейін қайта

жаңғырып, тағы да елу жыл  бойы өз үстемдігін жүргізді. Бүгінгі

күнге жеткен ескерткіштердің  бәрі сол ҮІІІ ғ. 20-30ж.ж. екінші

кезеңдегі қағанаттың мұралары болып табылады. Бұл табылған

фактілерге қарап, бірінші қағанаттың жазу-сызу мәдениеті

болмаған деген шешімге  келе аламыз ба? Иа, мұндай да

тұжырымдар жасалған. Түркі  археологиясының білгірі

Л.Р.Қызыласовтың 1965 жылғы  еңбегін ескере кетсек: «Көлденең 

жазулы қалпына келтірулер Бірінші Түрік қағанатының алтайлық

тугю-түркілердің және басқа тайпалардың ешқайсысында

кездеспейді» [2]. Және сол  кезде басқа альтернативті дәлелдер

болмаған. Ал үш жылдан кейін  соғды жазуымен жазылған стела

табылды. Ол төртінші түрік қағанын Таспардың дәуіріне жататын

Бұғыт ескерткіші болды [3]. Ол өзінің тұлғасы бойынша жүз елу

жылдан кейінгі ескерткішке  жатады. Бұғыт ескерткіші 582 жылы

тұрғызылған.

 Енді бірінші Қағанаттың ескерткіштерді тұрғыза білгендігі,

күнтізбені білгендігі, өзінің тарихи салт-дәстүрін білгендігі

дәлелденіп отыр. Сонымен қатар соғды тілінің бұл ескерткіште

қолданғандығы Орта Азиядағы түркілердің жазу-сызудағы өте 

сауатты және мәдениетті екендігінің  тағы да бір дәлелі.

 Келесі тарихи-мәдени  мәселе түркі руникалық жазуының

ареалдарының таралуымен тығыз байланысты. Зертталген барлық

дерлік ескерткіштер Солтүстік Монғолиядан табылып отырған және де қағандық кешенді ескерткіштердің құрамды бөлшегі болып

отырған. Осыған қарап Түрік қағанатының жазба мәдениеті

аристократиялық топтың жетістігі, ал оның таралу территориясы

өте шектеулі болған деуге  болады.

70-80 жылдардағы Монғолия  жазық жұмыстары барысында 

Хангай тау елдеріне, Хэнтэ, Монғол және Алтайда мәселенің 

шешімін табу үшін зерттеу  жұмыстары жүрілді. Бұл жұмыстардың

нәтижесінде руникалық жазудың  түркі тайпаларының мекендеген

жерлерінде кеңінен қолданылып, жайылғандығы анықталды. Ал

ескерткіштердегі кішкентай  әріптердің қолданылуы сол кезеңдегі

адамдардың профессионалдық  деңгейінің төмендігі мен оны 

күнделікті өмірде қолданатын адамдардың белгілі бір санына

байланысты. Ерте ортағасырлық Еуропамен салыстырғанда Түркі

қағанатын ең сауатты, ең мәдениетті ел деп тани аламыз.

 Енді Ұйғыр қағанатының ескерткіштеріне тоқталсақ. ХХ

ғасырдың 60 жылдарына дейін  Қарабалғасұндық жазба және

Могон-Шие-Усу жазулары ғана белгілі болды. СМИКЭ зерттеу 

жұмыстарының нәтижесінде  әр деңгейдегі тағы үш ірі

ескерткіштерді тапты [4].

 Екі ескеркіш Ханган  таулы еліндегі өзендердің жағасында  753

және 762 ж.ж. жататын Терхиндік және Тэсиндік тарихи

ескерткіштердің бөлімдері табылды. Бұл мәтіндерге көз салсақ,

мазмұны жағынан ұқсас  сегізінші ғасырдағы ұйғыр қағандарының

Монғолия мен Туваға шабуылы және олардың өздерін көне

жауларының мұрагерлері  мен жалғастырушылары екендігін, ұйғыр-

оғыз тайпаларының евразия  даласының бұған дейінгі билеушілері 

екенін дәлелдеді. Және екі  ұйғыр мемлекетінің билеушілері (осы 

жазулар арналған) Этелмиш Білге мен Бегю ұрпақтарына өз

әрекеттерін тас декларацияларда  қалдырған. Ұйғыр жазба

ескерткіштері Эльдердің  бірнеше дәуірлердегі құрылуы мен 

таралуының тарыхының  екі жүз жылдық тарихын қалдырған. Бұл

ескерткіштердегі бастапқы сөздерде елді құрушы, негізін қалаушы 

қағандардың өмірі жайлы әр түрлі мифтар мен аңыздар жазылған.

Баяндалу уақыты ҮІ ғ. түріктер мен оғыздардың ортақ қағаны

Бумынның әрекеттерімен  жалғасып, ал оқиға кеңістігі барлық

еуразия даласын алады.

 Түркілердің алғашқы  жазулары тастық эпитафиялық  мәтіндер 

болды. Олардың авторларының ең басты мәселесі ол – заманының 

билеушілерінің саяси  әлеуметтік жүргізген істері мен  жорықтарын, олардың өмірінің парақтарын жазу, философиялық ойларын

дәріптеу, олардың тыңдармандарын өзінің шындығымен баурап алу

болды.

 Көне түркі жазба  ескерткіштеріндегі мәлімдемелер  өмірден 

өткен қаһарманның атынан немесе анонимді түрде берілетін

болған. Осы аталған екі  түрде де қаһарман оның тууы мен

жазылуына ешқандай өзінің авторлық әрекетін көрсетпейді.

 Бірақ үш әрекеттің  көбісі фольклорлық дәстүрдің ортақ

авторларға тән емес екендігін көрсетеді. Мәселен, Тоныкөктің

ескерткіші, екі Кошо-Цайдамдық  ескертіштер және Кули-чордың

құрметіне арналған ескерткіштер осыған дәлел.

 Ұзындығы 160-170 см-ді құрайтын, 62 жолдан тұратын 

Тоныкөк жазуы 

Бас қаһарменның өз атынан жазылған. Бірақ 58-жолында бұл

жазбалар тікелей Тоныкөктің бұйрығы бойынша жазылғандығы

мәлімденеді: «Мен ақылды Тоныкөк Білге қағанның елі үшін осы

жазбаны жазуға бұйрық бердім» - дейді. Жазылу стилі қарапайым

емес, нағыз мақал-мәтелдер мен асыл сөздердің жиынтығы.

 Баяндаудың басым көпшілігі  ескертіштерде Білге қағанның

атынан айтылады. Бірақ Күлтегіннің үш реткі жазылымында басқа

бір жазылымның авторының бар екендігін аңғара аламыз: «Мен

Йоллығ-тегін осы тастқа жазуларды 20 күн отырып жаздым. Бұның

бәрін мен Йоллығ-тегін жаздым» (Күл-тегіннің құрметіне)

делінген. «Білге қағанға  арналған бұл жазуды мен Йоллығ-тегін

жаздым. Мен түріктің Білге қағанының ұрпағымын. Мен Йоллығ-

тегін бір ай, төрт күннің ішінде тасқа жазуды жазып, оны

әшекейледім» (Білге қағанның құрметіне) дейді.

 Қаған тумыларының  мүшесі Йоллығ-тегін өзінің мәлімдеуі

бойынша көптегенжазбалардың  авторы болып табылады. Ол бізге 

түік тілінде жазған бірінші жазушы ретінде мәлім болып отыр. Ол

барлық болып жатқан өмірді, саяси өмірді жырлады.

 Бұл жазулар көне  түрік ескерткіштерінің жазуларының баға

жетпес мұрасы болып табылады.

 

Есiк пен төр

Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi. Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар. Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады. Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар. Бұдан не ұғамыз? Бұдан халқымыздың қасиеттi жерiн киелi киiз үйiндей қастерлейтiнiн ұғамыз. Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi. Ал бүгiнгi Астанадағы Ақорда осы түсiнiктiң заңды жалғасы, халықтық мәдениеттiң бүгiнгi күнге ауысуы.

Сосын төрге қыз  бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi».  

   Referatkaz.kz - Тегін қазақша рефератар сайты. Барлық пәндерден үлкен база

 

 

Кіріспе

 

1

Руна жазбалары

 

1.1

Түрік руна жазулары

 

1.2

Түрік қағанатының дамуы мен құлдырауының тарихы

 

2

Түрік тарихындағы Орхон-Енисей жазбалары

 

2.1

Орхон жазулары, оның құрылуы мен  шығуы

Жазбалар дерек  ретінде

 

2.2

Күл-тегін мен Білге-қаған ескерткіштері

 

3

Руна жазба ескерткіштерінің түріктердің тарихын зерттеудегі орны мен қызметі.

 

3.1

3.2

Руна жазбаларының тарихи-мәдени маңызы

Павлодар-Ертіс  өңірін зерттеудегі руна жазуларының алатын орны

 
 

Қорытынды

 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 
 

Қосымша

 
Көне турки жазулары