Көне Түркі дәуіріндегі Қазақстан

ЖОСПАР

 

 

І Кіріспе 

ІІ Негізгі  бөлім

 

2.1 Көне Түркі дәуіріндегі Қазақстан

2.2 Көне Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағандықтары кезіндегі мәдениет

2.3  Көне Түркі мәдениеті

 

ІІІ Қорытынды 

IV Пайдаланылған  әдебиеттер

 

Көне Түркі  дәуіріндегі Қазақстан 

Ұлы Түркі қағанаты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.

Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші  мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді.  
1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік  етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді. 
Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "ягбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.  
581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша орта ғасырлық түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жібек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. 604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар.

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың этникалық саяси өзегі "он тайпа" (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.

Қағанат шаруашылықтың көшпелі  және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік  әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты. Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды. Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды "қара будун"(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар - ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.

Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.

679 ж. Қытай саясатына  қарсы Монғолия мен Жетісуда  шамамен бір уақытта көтерілістер  болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады. 
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)

Түргеш қағанаттың саяси  өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық  жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.

Арабтар Орта Азияға жаулауы  басталған кезде, Қазақстан мен  Орта Азияның басым бөлігі Батыс  Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.  
Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

Кейіннен Түркі тілді  көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды. 
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.

Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген  атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.  
Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.

940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің  астанасын - Баласағұнды - Шығыс  түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь  жағынан қоныс аударған чығыл  және ягма тайпалары - жаулап  алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

6-13 ғғ. көшпелі және отырықшы  мәдениет. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.

Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек  жолы елшіліктің және сауда-саттықтың  тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын.

11-12 ғғ. Қытайдан шығып  Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды. 
7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.

Сауда мен тауарлары. Сауданың ең басты жихазы жібек болды. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту  еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген. Отырардың күміс көмбесі табылды. Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан Исфиджабқа, Сайрамға келеді. Одан Таразға, Құланға, Жаңа қалаға, Суябқа, Барысқан, Алмалық одан Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, хами мен Тұрфан көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Қытайға жететін болған. 
Дін соқпақтары. Жібек жолымен діни идеялар да кең таралып отырған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген, Сирия мен Ираннан, Аравиядан - христиан діні, сосын барып ислам жеткен. Қытайға буддизм Индиядан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б.з. бұрынғы 1 ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда соғдылар, қаңлылар көп еңбек сіңірген. 
Түріктер 6 ғасырдан бастап буддизмнің қатты ықпалын өз бастарынан өткізген. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең тараған. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен, Новопокровск, секілді қала жұрттарынан кездесті: олар ғимараттар, монастырьлар, мүсіншелер, шіркевлер.

Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып отырып, буддизмнен қалмай христиан діні де тараған. Х-ХІІ-ғғ. Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар болды. Солардың арасында Жібек жолында маңызды ролі болған қала Исфиджаб/Сайрам/ еді. Ол туралы араб авторы Әл-Макдиси айтады. Қаланың мешіті, рабады/күзеті/, базары, төрт қақпасы бар: Нуджакент, Фархан, Шахраны, Бұхара. Сыр бойындағы қала Отырар болды. Ол араб-парсы деректерінде Фараб, одан бұрын Тарбан деп аталған. Тағы бір ірі қала Тараз болды. Ол жазба деректерде 568 жылдан басталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түркі қағаны Дизабұлға берген есебінде Таразда аталады. 630 жыл шамасында қытай саяхатшысы Сюань Цзань Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге /4-4,5 км/ жеткен маңызды сауда орталыпы дейді. Ол 7 ғасырда ҰЖ жолындағы ірі мекенге айналды. Таразда монша, су құбырлары, Айша бибі, Қарахан мазары бар. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн сияқты қалалар тізбектеліп жатты. Сондай-ақ Іле өзені алқабында Қойлық, Талхиз, Екіоғыз сияқты қалалар болды.

11 ғасырда Ясы (Түркістан)  Шауғар округы орталыпы саналды.  Мұнда 12 ғ-дың соңында Ахмед  Яссауи мешіті салынды. Сыр  бойындағы ірі қала Сығанақ. Қаз-ң солтүстігі мен солт-шығысына баратын керуен жолдары қиылысында орналасқан ол 12 ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталыпы болды. Қазір Сығанақ орнында Сунақ ата жұрты бар. 
10-12 ғғ. Орта Азия мен Қазақстанда тағы жаңа қалалар Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент пайда болды.

Мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік дамыды. 9-12 ғғ. Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталғы болды. Мұнда егістік жерлер көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді. Екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етті. Ал сырдағы су жолы Сауран, Сығанақты, және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзгентті сумен қамтамасыз етті. Қол өнер дамыды. Керамикадан ыдыстар жасалынды. Тараздан арыстанды бейнелеген табақша, Отырардан өсімдік ою-өрнегімен әшкейленген құмыра табылды. Қаланың ішкі рыноктарында мыс ақша қолданылды. Сыртық сауда да, қалалар арасындағы саудада жинап сақтауға қолайлы алтын орнына күміс ақша пайдаланылды. 11ғ.дың 1-ж. Қаз-нда Тараз, Исфиджаб қалалларында ақша жасайтын теңге сарайы болды. 
Жазба мәдениеттің дамуы. Түркілерде 7 ғасырда сына жазуын қолданды. Ол жазу ғылымда 17 ғасырдың 20-ж. белгілі болды. Енесей өзендері бойынан табылған бұл жазуды неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оның жанында болған швед офицері И.Страленберг ашты. Скандинавиядан табылған руна жазуларына ұқсас болғандықтан бұл жазуды да руна деп атады. 1889 ж. орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Солтүстік Монголияда Орхон өзені аңғарынан да тапты. Тексті дат ғалымы В.Томсен мен орыс ғалымы В.Радлов оқыды. Негізгі ескерткіштерінің табылған жеріне байланысты бұл жазу Орхон-Енисей деп аталынады. Орта Азия мен Қазақстанда руна жазуы ферғаналық (керамикаға түскен ұсақ таңба) және жетісулық (қырғыз және қазақ жерлерінеде табылған) деп екіге бөлінеді. Біртіндеп түркі жазуын араб жазуы ығыстырды. Халықтың тілі түркі тілі болып қалғанымен, оқымыстылар өз еңбектерін араб тілінде жазды. 
Бұл айтылған Ұлы қағанаттар дәуірінен кейін Қазақстан жерінде енді мүлде жаңа дәуір – Оғыз-Қыпшақ кезеңі басталады. Оғыз қыпшақ дәуіріндегі мемлекеттер – Қимақ, Қыпшақ бірлестіктері және Оғыз мемлекеті, сонымен бірге Найман, Керей хандықтары кезінде қазіргі қазақ халқы қалыптаса бастайды. 

Көне Түркі мәдениеті

Көне түркі дәуірінің  мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз  етуден бұрын беретін келе қазақ  халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі  жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.

Орта Азия мен қазіргі  Қазақстанның кең байтақ даласын  алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын  түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.

Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі  тайпалар өздерінің қоғамдық  даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл – қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған. 
Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады.  
Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.

Қазіргі Қазақстан жерінде  сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер –  үйсіндер мен қаңылылар деуге  болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды.

Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті. 
Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі топтық қоғамдардың  қалыптасуына европалықтарға “ғұндар” деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға басып кірді.

Сөйтіп, “халықтардың ұлы  қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның  этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек. 
Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады.

“Түрік” этнонимі алғашқы  кезде белгілі бір адамның  ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен.

Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен  роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.

Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа  бөлініп кетті: Бірі-Шығыс түрік қағандығы  (Орталық Азия), ал екіншісі – Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан). 
Батыс түрік қағандығы яки қағанаты – Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды.

Батыс түрік қағанатының  негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім. 
Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық мемлекет – Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанаты (766-940 ж.ж.) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді. Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан батыс Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі – оғыз тайпалары бірлестігі – Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді. Бұлар  негізінен көшелі тайпалар саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған ғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті – Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.ж.) болды. Қарахан әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жұргізді. Астанасы – Баласағұн қаласы. Ұлан ғайыр аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу болды.

Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп  шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім. 
Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған. 
Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

  1. Абдижаппар  Абдакимов.  Қазақстан  тарихы.  Ежелгі  дәуірден  қазіргі  кезге  дейін.  А.  1998 ж.
  2. Қамарова  М.Н.  Относительная  хронология  памятников  андроновской  культуры  //АСГЭ.  Ленинград.  1962 г.  Вып. 5.
  3. Таймағанбетов  Ж.Қ.  Қазақстан  тарихы  көне  заманнан  бүгінге  дейін.  Алматы  1994  ж.
  4. Исмагулов  О.  Население  Казахстана  от  бох  от  бронзы.  Алматы  1972  г.
  5. Қазақстан  тарихы.  Отчерктер.  Алматы  2003ж. 
  6. Байпахов  К.М.,  Таймағамбетов  Ж.К.,  Жукорынбаев  Т.  Археология  Казахстана.  Алматы  1993 г. 
  7. Қазақстан  тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Очерктер. Алматы 1994 ж.