Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері

КӨНЕ  ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы - Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.

Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар және шудралар. "Варна" сөзі "түс, қабық, бояу" дегенді  білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна - тұйықжүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскери істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жүмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақтәлып отыр. Біздің д$іьГмызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.

Көне  Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдәу объектісі - жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.

Кәне Үнді философиясының басқа ерекшеліктеріне тоқталсақ:

1) ғылыми оймен байланысының аздығы;

  1. жеке тұлғәлық сипатының нашарлығы;
  2. діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
  3. философиялық ой ескерткіштерініңхронологиялықжағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
  4. негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

Көне Үндінің  негізгі философиялық ескерткіштері

Ежелгі Үнді философиясының бәстауы - біздіңдәуірімізгедейінгі ІІжәнеІ мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып сәналады. Кейінірек Кәне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы роль атқарды.

"Веда" сәзі   "білім" дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Олардә дүние, әдам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар төрт бөліктен түрады:

  1. Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдәйларға арналған 1028 гимннен түрады;
  2. Брахмандар - діни салт әлендер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишәдалардың арасын байланыстырып тұр.
  1. Араньяктар ~ "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-әрекет жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолынә көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.

4) Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты бәсым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта ("Ведалардың соңы") деп әталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дәуірімізге дейінгі \/ІІ-\/І ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жәлғасты. ирапі-засі ( "қасында отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанындә отырып, уағыз тыңдау, "жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишәдалар - ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы -болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы

құбылыстар  түсіндіоіледі.

Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Махабхарата - "Бхараттардың ұлы шайқасы туралы аңыз", діни, мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған кене Үнді эпосы, буддизмнің қасиетті түпнұсқаларының бірі.

Көне Үнді философиясының негізгі мектептері «£    Жайнизм    -    көне Үнді философиясының маңызды  бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы   -біздің дәуірімізге дейінгі УІ-У ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқә ие болған ойшыл Махавирә болды.   Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса -тірі мақұлықтәрдың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау; сатья  -   шыншылдық; апариграха - үйірсектікке (М.Әуезов өзінің "Будда" еңбегінде осы ұғымды "жабыспау" деп аударған) тиым салу. Махавира бұл тиымдарға бесіншісін - брахмачарья - некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстәнулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.

Уақыт өте Махавираның  жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: дигам-баралар ("ауа киіндіргендер") және шветамбаралар ("ақ кигендер").

Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты

субстанцияны  бөліп көрсетті:

\)джива  - тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2) зәг, 3) кеңістік, 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхармаг, 6) уақыт.

Жайндардың  пікірінше, субстанциялар мәңгі  және өзгермейді, өзгеретін олардың  көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. Тірі" болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар "тірі емеске" жатады.

Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге -прадешаларға бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеңістігі - "дүние" (лока) және "дүние-емес" (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді.

Зат, жайндардыңтүсінігінде, ұсақжәне бөлінбейтін бөліктер - атомдардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, белсенді, әртүрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар:

стхула-стхула - "өте дөрекі", яғни қатты заттар.

стхула - "дөрекі", мысалы, сұйықтар;

стхула - сукшма - "дөрекі-нәзік", мысалы, көлеңкелер және айнадағы бейнелер;

сукшмә-стхупа - "нәзік-дөрекі", көзге көрінбейтін газдар, иістер;

сукшма -"нәзік", ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия;

сукшма-сукшма - атом секілді "өте нәзік" зат.

Уа/сь/77ъ/субстанция деп тек қана дигәмбаралар мойындайды, ол барлық субстанциялардың барлық көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда болуының, өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады.

Адамжәне  оның өмірімәселесін шешуде жайнизм "өмір дегеніміз -азап" ұғымын ұстанады. Азап-карма заңының нәтижесі. Карма заңының мәні мынада: жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен адамгершілік сипаты бар істер әсер етеді, адамның жақсы немесе жаман қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін -джина (жын). Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш нәрсені орындау - дұрыс сенім, дұрыс таным және дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нәпсіге икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.

Моральдық ластанудан, азап-қасірет шегуден  азат болу - жайнизм түсінігі бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған уш шартты бұлжытпай орындап, өз құмарлықтарын жеңген рухани ұстаздардың басшылығымен таным процесін үнемі жүргізіп отыруға міндетті. Жайндар өмірді аса қатты қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы өмір атаулының бәрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар мен жәндіктердің өміріне де зиян келтірмеуге тырысты. Адал, шыдамды, өзіне талабы қатты, қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтарға мейірімді аскет адам ғана өмірдің мәніне жетеді

деп тұжырымдады.

Буддизм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дәуірімізге дейінгі 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбінде Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыстарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек

деп шешті.

Сидхартханың  бұл шешімі туралы белгілі қазақ  жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің "Будда" еңбегінде жақсы баяндады: "Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек" ("Абай" журналы. 1918 ж., №3).

Азапты өмірден  құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені  өзгерту арқылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік "Менді" өзгерту, өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын "ішкі утопияны" құру. Будда екінші, экзистенциалдық жолды таңдап, тақуалық өмір кешуге, адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:

  1. өмір - тынымсыз күрес, азап, бейнет;
  2. азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан (өмір сүруге құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады;
  3. азаптың себебі бар. Оны танып-білуге болады;
  4. азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады.

Буддизм өмірге құмарлықты жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін дұрыс жол таңдап алу қажет, ал оған дұрыс көре білу, дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс күш-жігер, дұрыс назар, дұрыс көңіл бөлу секілді адамгершілік принциптерден тұратын сегіздік жол кіреді. Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванаға, тыныштыққа жетуге болады.

Үнді  философиясының басқа бағыттары  сияқты буддизм де өлі материяның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің арасында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен, адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана адамдәрдың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқә бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру, бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.

Буддизм нирванаға  жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация - йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті - йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептейді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамныңжетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз күшімен, сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және интеллектуалдық жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.

Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде де кең тәрап отыр.

Чарвака-локаята - философиялық әдебиетте Көне Үнді философиясындағы материалистік деп  қабылданған бағыт (локаятиктер). "Чарвака-локаята" сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспәти деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы болжам негізсіз.

Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным  теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі - прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі - түйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқә сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды. Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты - осы нақты өмірде рахатқа бөлену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды.

 

        Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары. Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді философиясының терминологиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын, бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді және оның себебін Үнді еліндегі ойлау жүйесінің Евопадағы ойлау жүйесінен мүлдем бөлектігімен, оны белгілі бір логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді. Бұл пікірмен келісуге болады. Шынында да, әр халықтың өмір салты, дүние туралы түсінік-ұғымдары, пайымдау тәсілі әр түрлі. Сол себепті бір халықтың өз тілінде қалыптасқан философиялық ұғым-категориясын екінші халықтың тіліне аударып, терең мағынасын жеткізу көбіне қиынға соғып жатады. Мысалы, қазақ халқының адам, өмір, қоғам, табиғат туралы тамаша дүниетанымдық ойларын білдіретін ұғымдарды орыс тіліне аудару оңай іс емес, аударған күнде де олардың өзіндік терең мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізу көбіне мүмкін болмай қалады.

Дегенмен  де, ежелгі Үнді философиясының негізгі  ұғымдарының мазмұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық.

Архат - "жауды жеңуші" дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананың тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

Атман - бұл ұғымн^ң бірнеше мағынасы бар: "мен", "өзімді", "дене". Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы - индивидуалдық және универсалдық космостық психикалық болмыс ретіндегі "адам". Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді делінгенмен, ол көбіне ақыл-ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, "брахман" ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

Брахман - бірнеше мағынаға ие ұғым - 1) абыздар кастасының, брахмандардың өкілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.

Будда "нұрланған", "оянған". Кең мағынасында - арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын көрсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында - будда дінінің негізін қалаушының аты.

Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскриттілінде) (гіһагта) - бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің квинэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеггілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы - болмыстың элементтері. Әлемдік процесс - себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі - абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.

Йога - әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жетілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога - терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (рисідаіа) жеке элементтерден тұратын рухани бөлік пен атомдардан тұратын физикалық құрылымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олариндивидтіөзгертеалады. Бұл элементтер - бағалықсараптау жасай білу қабілеті және ойларымызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. ЗатасЛіі немесе уода деген осы.

Карма - "іс-әрекет". Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.

Нирвана - "жоғалу", "сөну". Күнделікті өмір бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикадан және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғымы арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен байланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ, ол зұлымдық пен құмарлықтардың тынышталуы, сезінбеудің толық дәрежесіне жету.

Сансара - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры - білместікте, сондықтан одан құтылу жолы -нирванаға ену.

КӨНЕ ҮНДІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРЫНАН ҮЗІНДІЛЕР

                ВЕДАЛАР

1. Ақыл-ой екі түрлі дейді: таза және таза емес. Таза емес тілектерге 
бағытталған, таза - тілектерден азат.

  1. Шынында да,ақыл-ой -адамныңкөгенделуіменазатболуының себебі. Қабылданатын заттарға жақын болса, ол көгенделуге, қабылданатын заттардан құтылса, азат болуға бастайды
  2. Қабылдау заттарынан құтылған ақыл-ойдан азаттық туындайтындықтан, Азаттыққа ұмтылушы адам ақыл-ойын қабылдау заттарынан үнемі арылтып отыруы керек.

4. Қабылдау заттарына тәуелділіктен құтылып, ақыл-ой жүректен орын 
тапқанда, [Адам] ақыл-ойдан жоғары көтеріледі, бұл ең биік күй.

5. Сондықтан да [ақыл-ойды] ол жүректе жойылып кеткенше шектеу керек; 
Білім де, азат болу да - осы, қалған нәрселердің бәрі - ғылыми  мылжың.

  1. Ойға алынбайтын және ойға алынбайтын емес, (бір уақытта) ойға алынбайтын және ойға алынатын Тәуелділіктен азат Брахманға сонда жетуге болады.
  2. Йогаға [адам] дыбысының көмегімен [Ом] кіріссін, жоғарғы үнсіздікке бөленсін. Себебі үнсіздікке бөленгенде ғана болмыс емес, [жоғарғы] болмыс туындайды.
  3. Бұл Брахман, бөлінбейтін, өзгермейтін, кіршіксіз. "Мен - осы Брахманмын" дегенді білген [адам] Брахманға жетеді, ол күмәнсіз.

9. Өзгермейтін, шексіз, себеп пен өзіне ұқсастан арылғанды, Өлшеусіз 
және бастаусызды мойындаған ол жоғарғы ізгілікті [танып-біледі].

10. Ыдырау  да, пайда болу да, лайықты мақтау  да, жазалау да [мұнда жоқ]. Азат болуға ұмтылыс та, азат болу да жоқ - бұл жоғарғы мән [осындай].

УПАНИШАДАЛАРДАН

Брахман құдайлардың  арасында бірінші болып дүниеге  келді, ол бәрін жаратушы және сақтаушы.

Өткінші емес, ең жоғарғы, шексіз Брахманда білім  мен мен білімсіздік жасырылған. Білімсіздік -әлсіз, білім - мәңгілік. Білім мен білімсіздікті билеген адам -басқа.

Брахман туралы пайымдаушылар айтады: Себеп неде? Брахманда ма? Біз қайдан тудық? Немен өмір сүреміз? Және негізіміз қайда?

Брахманды білетіндер, (айтыңдар) - бақыт пен басқа (жағдайлардың) ауысуында біз кімнің бастауымен өмір сүреміз?

Пайымда>>және йога жолына түскендер құдайы мәннің (оның) өз күштері жасырып тұрған күштерін,

Уақытпен және Атманмен байланысты осы себептердің  бәрін жалғыз ол билейтінін көрді.

Сезімдерін  нық игеру - бұл йога деп аталады. Жүректе ұялаған барлық тілектер тоқталғанда адам өлімнен тәуелсіз, мәңгілік болады және Брахманға жетеді.

Жалған емес, ақиқат қана жеңеді. Ақиқат құдайға жеткізетін жолға жетелейді.

Құдайды танығанда түйіндердің  бәрі шешіледі, азаптардың жойылуымен туылу мен өлім де ғайып болады.

Пуруша  үш түрлі болады: сыртқы Атман, ішкі Атман және жоғарғы Атман. Кімнің сыртқы қабығы, терісі, тырнақтары, еті, шаштары, саусақтары, үлкен саусақтары, қасы, көзі ...бар, кім дүниеге келеді және өледі - сол сыртқы Атман деп аталады.

Кім жерді, суды, ауаны, кеңістікті, тілекті, жеккөруді, бақытты... тану арқылы есте сақтау қабілетіне ие,...тыңдаушы, иіс сезуші, дәм сезуші, ойлаушы, әрекет етуші...  - сол ішкі Атман деп аталады.

Жоғарғы Атман  ол туралы ойлаушыға пайымдау мен  йога арқылы ашылады: ол дүниеге келмейді, өлмейді, жанбайды, ыдырамайды, бөлінбейді, дыбыссыз, иіссіз, күмәнданбайды, күтпейді, бәріне енеді, жалғыз, нәзік, іс-әрекетсіз, бұрынғы өмірімен байланысы жоқ.

[Атман] жақсы  іс жасағаннан үлкеймейді және  жақсы емес іс жасағаннан кішіреймейді.

Веданы оқытқан ұстаз  шәкіртіне: "Шындықты айт. Ізгілік  жолымен жүр. Оқудан қашпа. Ұстазыңа жағатын сый әкеле отырып, өз ұрпағыңның жібін үзбе. Шындықтан қашпа. Ізгіліктен қашпа. Жақсы жағдайдан қашпа. Үлылықтан қашпа. Зерттеу мен оқудан қашпа. Құдай мен ата-бабаңның алдындағы міндеттеріңнен қашпа. Анаңды құдайдай сыйла. Әкеңді құдайдай сыйла. Үстазыңды құдайдай сыйла. Қонағыңды құдайдай сыйла. Кіршіксіз әрекеттерді ғана жаса және басқаларды емес. Бізде [қабылданған] ізгі істерді ұстан және басқаларды емес", - деп үйретеді.


Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері