Көне Үнді философиясы

Көне Үнді философиясын зерттеуші  ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялык, идеяларының  қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы - Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге  дейін толғантып келе жатқан мәселелерді  көне заманның өзінде-ақ қоя білді  деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар және шудралар. "Варна" сөзі "түс, қабық, бояу" дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна - тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскери істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жүмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі - жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.

Көне Үнді философиясының басқа ерекшеліктеріне тоқталсақ:

1) ғылыми оймен байланысының  аздығы;

2) жеке тұлғалық сипатының  нашарлығы;

3) діни-мифологиялық оймен  тығыз байланыстылығы;

4) философиялықойескерткіштерініңхронологиялықжағынанжүйесіздігі жәнебелгісіздігі;

5) негізгі философиялық  ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

2. Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері

 

Ежелгі Үнді философиясыныңбастауы - біздіңдәуірімізгедейінгі ІІжәнеІ мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялықойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы роль атқарды.

"Веда" сөзі "білім"  дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер,дұғалар, к,үрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар төрт бөліктен тұрады:

1)Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардыңең көнесі Ригведалар қүдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;

2) Брахмандар - діни салт  өлеңдер жинағы, философиялық маңызы  аса зор болмаса да, Самхиттер  мен Упанишадалардың арасын байланыстырып  тұр.

3)Араньяктар - "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе  орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-әрекет жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.

4)Упанишадалар - философиялық  мазмұны терең, рационалистіксипаты  басым негізгі бөлім, Ведаларды  аяқтаушы болғандықтан кейде  веданта ("Ведалардың соңы") деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жалғасты. Upani-sad ( "қасында отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тыңдау, "жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы -болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы қүбылыстар түсіндіріледі.

Махабхарата көне Үндінің  философиялық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Махабхарата - "Бхараттардың ұлы шайқасы туралы аңыз", діни, мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған көне Үнді эпосы, буддизмнің қасиетті түпнұсқаларының бірі.

3. Көне Үнді философиясының негізгі мектептері

Жайнизм - көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы -біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда емір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса -тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау; сатья - шыншылдық; апариграха - үйірсектікке (М.Әуезов өзінің "Будда" еңбегінде осы ұғымды "жабыспау" деп аударған) тиым салу. Махавира бұл тиымдарға бесіншісін - брахмачарья - некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.

Уақыт өте Махавираның  жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: дигам-баралар ("ауа киіндіргендер") және шветамбаралар ("ақ кигендер").

Жайндардың онтологиясы  туралы айтсақ, олар заттарды санадан  тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны бөліп көрсетті:~\)дживә - тірі, жан, рухани субстанция; дживалардыңсаны шексіз көп; 2) заг, 3) кеңістік, 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма, 6) уақыт.

Жайндардың пікірінше, субстанциялар  мәңгі және өзгермейді, өзгеретін  олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім  мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. "Тірі" болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар "тірі емеске" жатады.Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге -прадешаларға бөп\нед\ деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеңістігі - "дүние" (лока) және "дүние-емес" (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді.

Зат, жайндардыңтүсінігінде, ұсақжәне бөлінбейтін бөліктер - атомдардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, белсенді, әртүрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар:

стхула-стхула - "ете дөрекі", яғни қатты заттар.

стхула - "дөрекі", мысалы, сұйықтар;

стхула - сукшма - "дөрекі-нәзік", мысалы, көлеңкелер және айнадағы бейнелер;

сукшмә-стхупа - "нәзік-дөрекі", көзге көрінбейтін газдар, иістер;

сукшма - "нәзік", ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия;

сукшма-сукшма- атом секілді "өте нәзік" зат.

Уақыттысубстанция деп тек қана дигамбаралар мойындайды, ол барлық субстанциялардың барлык, көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда болуының, өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады.

Адамжәне оның өлф/мәселесін  шешуде жайнизм "емір дегеніміз -азап" ұғымын ұстанады. Азап-карма заңының нәтижесі. Карма заңының мәні мынада: жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен адамгершілік сипаты бар істер әсер етеді, адамның жақсы немесе жаман қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін -джина (жын). Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш нәрсені орындау - дұрыс сенім, дұрыс таным және дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нәпсіге икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.

Моральдықластанудан, азап-қасірет шегуден азатболу - жайнизм түсінігі бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған үш шартты бұлжытпай орындап.өзқұмарлықтарынжеңгенруханиұстаздардыңбасшылығыментаным процесін үнемі жүргізіп отыруға міндетті. Жайндар өмірді аса қатты қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы өмір атаулының бәрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар мен жәндіктердің өміріне де зиян келтірмеугетырысты. Адал, шыдамды, өзіне талабы қатты, қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтарға мейірімді аскет адам ғана өмірдің мәніне жетеді деп тұжырымдады.

Буддизм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дәуірімізге дейінгі 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбінде Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыстарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.

Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің "Будда" еңбегінде жақсы баяндады: "Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады.

 Бұны біле тұра қызық  көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек" ("Абай" журналы. 1918 ж., №3).

Азапты емірден құтылудың  екі жолы бар: сыртқы дүниені өзгерту  арқылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік "Менді" өзгерту, езгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын "ішкі утопияны" құру. Будда екінші, экзистенциалдық жолды таңдап, тақуалық өмір кешуге, адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы емірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:

1) өмір - тынымсыз күрес, азап, бейнет;

2) азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан (өмір сүруге құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады;

3) азаптың себебі бар.  Оны танып-білуге болады;

4) азап пен бейнеттен  құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады.

Буддизм өмірге құмарлықты жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін дұрыс жол таңдап алу қажет, ал оған дұрыс көре білу, дұрыс ой, дұрь/с сөз, дұрыс іс-әрекет, дұрысөмір салты, дұрыс күш-жігер, дұрысназар, дұрыскөңіл бөлусекіпр) адамгершілік принциптерден тұратын сегіздікжол кіреді. Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванаға, тыныштыққа жетуге болады.

Үнді философиясының басқа  бағыттары сияқты буддизм де өлі  материяның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің арасында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен, адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдемтазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру, бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.

Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау  емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация - йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті - йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептейді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамныңжетілуі оныңөз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз күшімен, сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, езіндік моральдық және интеллектуалдық жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.

Нирванатеориясыадамрухыныңеркіндігінің, оныңматериалдықдүниеден, қоғамдағы  касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің  жақсы дәлелі. Осы себепті Будца  философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс  философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде  де кең тарап отыр.

Чарвака-локаята - философиялық әдебиетте Көне Үнді философиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). "Чарвака-локаята" сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспати деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы болжам негізсіз.

Чарвака-локаятаның материалистік  сипаты оның таным теориясында айқын  көрінеді. Таным-праманың негізі - прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі - түйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқа сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды.

Чарвака-локаяталародүниегесенбейді.бұдүниеғанабаржәнебұдүниедегі  болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты - осы нақты емірде рахатқа бөлену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды.

 

Қытай философиясы

 

Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

1. Инь және Ян мектебі.

2. Конфуций мектебі немесе  әдебиетшілер.

3. Моистер мектебі.

4. Атаулар мектебі.

5. Заңгерлер мектебі.

6. Күш пен жол мектебі  (дао цзя).

Осылардың алғашқысы, яғни Инь  және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер  кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.

Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.

Екінші мектеп Конфуцийдің  атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз  Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп  қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып   кетуге   мәжбүр   болды.   Бірақ та   басқа   Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.

Конфуций өзіне, ұрпақтарына  және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға  жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Конфуцийдің қазасынан кейін  оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн жэне Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған.

Мысалы, «адамның табиғаты тек  жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.

Сюнь-цзы Конфуций іліміне  материалистік нышан енгізген. Әлемнің  негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь жэне ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі - әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр.

Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі табиғатын өзгертуге болады. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруте құлшыну - адамдық парыз. Қытай қоғамдық өмірінде Сюнь-цзы философиясы да көрнекті орын алған. Әсіресе, оның мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөніндегі тұжырымдары күні бүгінге дейін өз манызын жоймақ емес, өйткені, бұл мәселеде бірінші кезекте халықтың мақсат-мүддесін ойлау керек, мемлекеттік іс-шараларды мейірбандықпен жүзеге асыру керек деген қағидалар шынымен де қандай болмасын ілімнің құнын арттыратыны сөзсіз.

Конфуцийдің ілімі Қытай  қоғамы үшін талай ғасырлар бойы ресми  ой-саналық қызмет атқарып келді. Тіпті, XX ғасырдың екінші жартысында «Қызыл террор» арқылы қартайған әріптестерін саяси сауатсыз хунвэйбиндер мен цзаофандардың қолынан қырғын таптыру саясатын жүргізген Мао Цзэ-дун «Сяо» қағидасын өрескел бұзғандығын түсініп, Конфуцийге қарсы, оның «қателері» жөнінде саяси науқан ұйымдастырды емес пе? Арасын жиырма алты ғасыр бөліп тұрған бірі өлі, бірі тірі адамның арасында идеологиялық майданның ашылғандығы да Конфуций ілімінің өміршеңдігін көрсетпей ме?

Моизм мектебінің негізін  салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.

Атаулар мектебі заттар мен  құбылыстардың тілде бейнелену  сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған - автор).

Ал, заңгерлер мектебіне  келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті.

Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй). Себебі олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған.

Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай  өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген...

Заңгерлер мектебінің негізгі  фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға  ескі киім кигізуте болмайды» дегенге  келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда, осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Шихуанның оны қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тиым салғанына қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне деректер.

Конфуцнй іліміне қарсы  шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз.

Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды.

Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне  байланысты даосизм анайы материалистік  сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдын өз басын қатты қадыр тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап, бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.

Қытайдың мемлекеттік  діні – конфуцийшілдіктің негізін  салушы – Конфуций. Оны Кун-цзы, Құнфу-цзы, Цзоу деп атайды. Ол қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйф қаласында туып, сонда қайтыс болған. Халық арасында ұстаз Кун деген есіммен кеңге танылған. Ол – Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері. Өмірге келген ортасы – кедейленген ақсүйектер отбасы. Осы данагөй негізін қалаған ілім (Конфуций идеясы) кейін жапон қоғамының ұлттық  жалпы психологиялық, мінез-құлықтық және иде-ологиялық қондырғысы бо- лып қалыптасты.

        Конфуций  ілімін уағыздау-шы Хаттари Унакитидің пайымдауынша: «Конфуций – шы- ғыс данышпаны. Деген- мен, қазіргі күні ол бүкіл әлем танитын философ- қа айналды. Оның ілімі – өмірді танытатын оқу-лық, таптырмас тәжіри-бе мектебі». Ұстаз Кун осындай атақ-даңққа қалай жетті, балалық шағы қалай өтті, одан кейінгі өмір жолы қалай болды? Оған жауап іздеп, көптеген басылымдармен танысқанымызда біл- геніміз: жас шағында тө-менгі буындағы шенеунік қызметін атқарып, 22 жасында бала оқыта бастаған. Сөйтіп, Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнын ашып, ұстаз ретінде үлкен абыройға бөленген. Конфуцийдің мектебінде оқытылған төрт пән – ақлақ (адамгершілік), тіл, саясат, әдебиет.

  Қызыл көзді қызғаныш, көре алмаушылық – барлық халықта  бар қасірет қой. Елу жасқа жетіп, Лу патшалығында жоғары дәрежелі мемлекет қызметшісі болып жұмыс істеп жүрген Конфуций қас-көйлік интригалар салдарынан қызметінен кетіп, он үш жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралауға кірісті. Алайда сол кездері билік құрып тұрған синто, буддизм діндері Конфуций идеясына қарсы шықты. Өз идеясын еш жерде орнықтыра алмаған ұстаз Кун 484 жылы еліне қайтып келуге мәжбүр болды. Конфуцийдің ең басты 72 шә- кірті болса, солардың 12-сі қандай жағдайда да қасы-нан шықпай, даналық ойларымен сусындаған көрінеді. Ол елге оралғаннан кейін де ұстаздықпен айналысып, көне даналық кітаптарын жинап, өңдеп, мазмұнын байытыпты. Әрі оларды таратыпты. «Қолда барда алтынның қаді- рі жоқ», - деген ғой. Қайтыс болып, тұрған үйі ғибадат-ханаға айналып, рухына тағ- зым етушілер зиярат жасайтын орын болысымен-ақ оның есімі, идеясы басшылық-қа алатын ақыл-кеңес бола бастайды. Және де б.з.б. 136 жылы Конфуций ілімі мемлекеттік идеология болған кез- де ол «Он мың ұрпақтың ұс- тазы», - деп жарияланып, 1503 жылы мемлекет оны қасиеттілер, әулиелер қата-рына қосады, 1911 жылы болған ұлттық-буржуазиялық революциядан кейін ол ресми түрде ардақталады. Ілімдегі теориялар Конфуций ілімінде қоғам – «қайырымды мырзалар» мен «қауқарсыз адамдар» бо- лып екіге бөлінеді, кішілер- дің үлкендерге құрметі – тә-рбиенің ең басты іргетасы, басқару - түзету деген сөз. Конфуции ілімі бойынша қо-ғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь), парызды өтеу (и), әдептілік пен сыпайылық (ли), зейінділік пен білімділік (чжи), берілгендік (синь). Данышпанның атақты теориясының бірі – мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке-әке, ал ұл-ұл болу керек», деген. Және де ол «Билікке қалай жетуге болады?», - деген сұраққа: «Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткізу», - деп жауап қайтарған.

Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын «Шуцзин (тарих кітабы), «Шицзин» (әндер мен гимндер кітабы), «Лицзин» (рәсімдер туралы жазбалар), «Юэцзин» (музыка туралы кітап), «Ицзин» (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеп, оларға түсіндірмелер берген де Кон-фуций. Зерттеушілердің пайымдауынша, «Көктем мен Күз-дің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына» түсіндірмелері оның жеке басына тиесілі. Ең бастысы, «Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни, адамды ға-ламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен ай-қындалады. Конфуцийдің ой- пікірінің негізгі мазмұны та-биғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз ету- дің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған. ... Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұл-дың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы, үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын «сяо»тұжырымдамасы да осы қатарда. Ол «текті ерлерді» (цзюнь цзы) шешімді түрде «ұсақ пенделерге» (сяо жэнь) қарсы қойып отырған».

Көне Үнді философиясы