Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.1. Кінәсіздік презумпциясы
ұғымы мен мәні................
1.2. Кінәсіздік презумпциясы
принципінің ерекшелігі........
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада: "оларды бұзу олардың сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады"1. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі принциптердің соттар туралы заңдардың қалыптасуында, адам және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Кінәсіздік презумпциясы (презумпция - лат. "ргаеsumptіо" сөзінен алынған 1. ықтималдыққа негізделген жорамал; 2. кері дәлел келтіргенге дейін фактіні заң тұрғысынан шек келтірмейтін деп тану) адамның кінәлі екені сот арқылы анықталғанға дейін оның кінәсіз деп саналатынын білдіреді.
Ю. И. Стецовский мен А. М. Лариннің дәлелдеуінше, кінәсіздік преумпциясы - қылмыстық сот ісін жүргізудің принципі ғана емес, ол жауапкершіліктің барлық түрлеріне қатысты жалпы құқықтық принцип.
Кінәсіздік презумпциясы өте ерте заманнан бері қолданылып келеді. Ол
Ежелгі Грекия, Ежелгі Франк, Рим мемлекеттерінің қүқықтық заңдарында кездеседі. Бірақ, олардың жүзеге асырылу нысаны қазіргі кезге қарағанда өзгеше. Мысалы, ертедегі кезде адвокаттар болмаған. Сот қызметкерлері немес айыпталушы шығьш сөйлейтін, сондай-ақ, олардың туыстары да сөйлей алатын. Сотта сөйлейтін сөздерін оларға заңгерлер жазып береді. Жазылған сөзді жаттап альш, жылдам әрі дұрыс айту шарт еді. Яғни, айыпталушы өзінің кінәсіз екенін сот алдында өзі дәлелдеуге тиіс. Бұл Ежелгі Грекияда жүзеге асырылатын. Ертедегі адамдар өз кінәсін белгілі бір сынаудан өту арқылы дәлелдейтін болған. Мысалы, сумен сынап көру. Ежелгі Франк мемлекетінде айыпталған адамның аяқ-қолын байлап, оны судан шығарып, кінәсіз деп соттан босататын. Су кінәлі адамды өзіне алмайды деген бұрынғыдан келе жатқан ұғым болған. Ертедегі адам құқығының жүзеге асырылуының тағы бір ерекшелігі, ол кездерде тергеу, анықтау органдары болмаған. Сондықтан да айыпталушы өзін ақтап шығап, соттың үкімімен босатылатын және оны ешкім де кінәлі деп тануға құқығы болмады.
Қоғамдық-саяси идея ретінде ол ХVІІІ ғ. Ұлы Француз революциясы пайда болып, қылмыстық процеске саясатан келді. Кінәсіздік презумцияның алғаш көрінісі
XIX ғасырда құқық саласының дамуы өз өрісін кеңейтті. Жаңа заңдар, нормативтік актілер қабылданды. әсіресе Қылмыстық Кодексте кінәсіздік презумпциясына байланысты баптар енгізілді. Мысалы, Францияның 1810 жылғы Қылмыстық Кодексінің 4-ші бабында "Жасалғаны заңмен анықталғанға дейін бірде- бір тәртіп бұзушылық, бірде-бір жаза болу, бірде-бір қылмыс жазаланбайды».
Франция Республикасының Конституциясында (1795 жылы 22 тамыз «Адам және азаматтардың құқығы мен міндеттерінің декларациясы») «заңдардың қағидалары тыңдалмағанға дейін ешкім де сотталмайды»1 делінген. Осылайша адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғам дамыған сайын тереңдей түсті.
Кінәсіздік презумпциясы
1.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні.
Демократияның аса
маңызды сипатты белгісі
Жалпы кепілдік дегеніміз қамтамасыз ету деген мағынаны білдіреді. Ал заң кепілдігі дегеніміз - қолданылып жүрген заңдар арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыздандыру құралдары мен тәсілдері. Бұл ең алдымен әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, білікті заң көмегін алу құқықтары, тағы басқа.
Осы құқықтарға кінәсіздік презумпциясын қосу керек: заңыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күшінің болмайтындығы, қылмыстық заңдық күшінің болмайтындығы, қылмыстық заңды үқсастығына қарай қолдануға жол берілмейтіндігі, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жазаға тартуға тыйым салу тағы басқа. Өкінішке орай, кезінде қолында билігі бар құрылымдар мен лауазымды адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді теріс орындауының кесірінен жазасын өтеп қайтқан ешбір кінәсіз адамдарды қылмыскер деп танудың куәгері біздін тарихымыз. Ұзақ уақыт бойы заңгерлер мен ғалымдар кінәсіздік презумпциясының өзіне күдік туғызды. Ал белгілі бір кезеңдерде ол өзінің мәнін мүлдем жойды. Тіпті заңда тікелей кінәсіздік презумпциясы жөнінде түсінік жоқ. Осыған қарамастан қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Конституциясында аталған терминдердің мағынасы"
Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, "- деп көрсетілген (77-бап, 3-тармақ, 1-ші тармақшасы).
- айыпталушы өзінің кінәсәздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылады;
- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды;
- ешкім де өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
Осыған байланысты айтатын бір жәйт - ешкім өзіне-өзі, өз жұбайына
(зайыбына) және заңмен
белгіленген шектегі жақын
Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы сот әділдігін жүзеге асырудың конституциялық принципінің бірін сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуға тиіс. "Өзіне заңмен көзделген соттылығың оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды".
Іс жүргізу
заңымен әртүрлі санаттағы
Бұл Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатын конституциялық нормалар мен заңдардың және басқа да нормативті құқықтық актілердің нормалардан үстемдігін белгілейтін 4- баптың 2- тармағының конституциялық нормаларынан туындайды.
Кінәсіздік презумпциясының құқықтық негізі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы, онда былай делінген: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі ". Бұл тұжырым Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-шы бабында өрбітіліп, былайша берілген:
- әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі Кодексте көзделген
тәртіппен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп саналады; - айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына
түсіндіріледі;
- қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын қолдану кезінде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешілу
ге тиіс; - айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол дәлелдердің
жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.
Презумпциянын құқықтық негізіне жасалған талдау оның мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Осы презумпцияның мәнін құрайтын мына тұжырымдар:
а) айыпталушының қылмыс жасауға кінәлі екені алдын ала тергеу жүргізген және сотта қаралған кезде дәлелденуге тиіс;
ә) айыпталушыны сотқа беру оның кінәлі екені туралы мәселені алдын ала шешіп қою үшін негіз болып табылмайды;
б) айыптау үкімі жорамалдарға
негізделе алмайды және сотталушының
кінәлі екені іс сотта қаралған кезде
дәлелденген жағдайда ғана шығарылады.
Қаралып отырған принциптің мәнін сипаттай келіп, И. Д. Перлов былай деп жазды: "Осы тұжырымдардың бәрі бір қатарда тұр және бір-бірімен ажырамас бірлікте. Олар, кінәсәздік презумпциясы идеясын, оның мазмұнын толық білдіреді".
Кінәсіздік презумпциясы әлі де дәлелденбеген нәрсені анықталды деп ешқашан санауға болмайтындығы туралы идеяға негізделген. Принциптің терең ізгілік, адамгершілік мәні міне, осында.
Стецовский Ю. И. мен Ларин А.М.дәлелдеуінше, кінәсіздік презумпциясы – қылмыстық сот ісін жүргізудің принципі ғана емес, ол жауапкершіліктің барлық түрлеріне қатысты жалпы құқықтық принцип2.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде
кінәсіздік презумпциясы ықпалының
шептері мынадай құқық
а) адамның кінәлі екені заңды түрде анықталғанға дейін оны кінәлі деп санамау жөніндегі талапты қылмыстық сот ісін жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мен өкілетті адамдардың бәрі басшылыққа алуға тиіс;
ә) кінәсіздік презумпциясының
принципі Қазақстан Республикасының азам
б) кінәсіздік презумпциясының принципі істі жүргізу кезіне және іске нақты қатысушы адамдарға қарамастан жалпы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынасына ықпал етеді;
в) айыпталушының еңбек қатынастары тек айыптау үкімі еңбек қатынастарын одан әрі жалғыастыруға мүмкіндік бермейтіндей заңды күшіне енгенде ғана тоқтатылады;
г) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды оқу орнынан шығаруға болмайды;
д) адам тергеуде және сотта болған кезде оны тұрғын үйге деген құқығынан айыруға болмайды (адамның келісімінсіз тұрғын үйді айырбастауға, жалға беруге, жаңа тұрғындар қоныстандыруға болмайды, қамауға алынған адам жаңа тұрғын үй алу ордеріне жазылуға тиіс).
Кінәсіздік презумпциясының негізінің мазмұны бойынша ол дегеніміз әлі ештеңе дәлелденбеген. Кінәсіздік презумпциясы –демокративті, гумманизмді және Қазақстан Республикасының құқықтық іс жүргізудің заңдылығында көрніс табатын принцип.
2.2. Кінәсіздік
презумпциясы принципінің
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі принциптерінің соттар туралы заңдарының қалыптасуында, адам және азаматтардың қүқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз : "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп танылады".
Кінәсіздік презумпциясының негізгі ерекшеліктері - оның кылмыстық сот ісін жүргізу принциптері жүйесіндегі орны мен маңызын айқындайды. Кінәсіздік презумпциясын өзге ережелер қатарынан бөліп көрсететін ерекшеліктер мыналар:
- адамды мемлекет атынан айыпаты деп тану - соттың ерекше құқығы;
2. адамды алдын ала тергеу барысында айыпталушы ретінде тарту оның кінәлі немесе кінәсіз екені туралы соттың шешім қабылдауына бөгет болмайды;
3. айыпталушының кінәләмен ұқсас еместігі;
- адамды кінәлі деп тек соттың заңға сәйкес шығарған үкімі бойынша ғана
тануға болады;
- айыптау үкімін қылмыс жасалуына сотталушының кінәлі екені сотта қарау барысында дәлелденген жағдайда ғана шығаруға болады;
6.қадағалау ретінде соттың
істі тоқтату туралы қаулысьша, неғүрлым
ауыр
қылмыс туралы заң
қолдану қажеттілігінің дәлелдері бойынша айыптау үкіміне,
жазаның жүмсақтығына немесе сотталушының
жағдайын нашарлататын өзге де негіздер
бойынша, сондай-ақ соттың ақтау үкіміне,
яки
істі тоқтату туралы қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру мүмкіндігі.
Кінәсіздік презумпциясының маңызы мынада:
а) оны дұрыс түсіну мен дүрыс қолдану, қате пікірге, сыңаржақтылыққа, айыптау бейіміне жол бермеу;
ә) материалдық және іс жүргізу қүқығы нормаларының қалай болса солай қолданылуына жол бермеуі;
б) қылмыстық жазаның тек кінәлі адамға қолданылуына себептеседі .
Кінәсіздік презумпциясы - зандылық қағидат. Бұл қағида бойынша сот арқылы кінәсі белгіленіп дәлелдейінбейінше, адам қылмыскер деп саналмайды. Сондықтан да, судья заңды қолданған кезде төмендегі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Әр адам оның қылмыс
жасағандығы үшін кінәлілігі Қылмыстытық
іс
жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен
дәлелденбегенге дейін кінәсіз деп
саналады;
- Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тиіс емес;
- Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына
түсіндіріледі. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңын қолданған кезінде
пайда болған күмәндер де айыпталушьшың пайдасына шешілуі тиіс. - Айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол ақиқат
дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.
Осындай түжырымдардың мазмүны Конституцияның басқа да баптарында айқындала түседі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының "Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" 1999 жылы 9 шілдеде қабылданған Қаулысы жеке басқа тікелей қол сұғушылыққа байланысты органдардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі азаматтардың құқығын анықтады. Оларға мыналар жатқызылды:
- бұлтартпау шараларын немесе заңда көзделген өзге де іс жүргізу
мәжбүрлеу шараларын қолдану; - қылмыс жасады деген сезік бойынша немесе қылмыс жасауға әрекет
етті деген сезік бойынша немесе қылмыс жасауға әрекет етті деген сезік
бойынша ұсталған адамды немесе бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу
белгіленген адамды оның өмірі мен денсаулығына қаіпті жағдайларда ұстау; - бұл жөнінде соттың шешімі болмаған жағдайларда сот -психиатриялық
немесе сот - медициналық сараптама жүргізу үшін күзетке алынбаған адамды медицина мекемесіне мәжбүрлеп орналастыру;
- зорлық - зомбылық көрсету;
- қатыгез немесе адамдардың ар-намысын кемсітетін қарым-қатынас жасау;
- іс жүргізу әрекеттерін оларға қатысатын адамдардың өміріне немесе
денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда жүргізу;
- қылмыстық процеске
қатысатын адамдардың ар-намысын кемітетін
немесе қадір-қасиетін
қорлайтын шешім қабылдау немесе іс-әрекеттер
жасау;
- адамдардың жеке өмірі туралы,
сондай-ақ кұпия сақтағысы келген жеке
сипаттағы өзге
де мәліметтерді Қылмыстық іс жүргізу
кодекстерінде
көзделмеген мақсаттарда пайдалану
және тарату.
Конституциямен баянды етілген адамдардың және азаматтардың қүқықтры мен өзге де нормативтік қүқықтық актілерді қолдануға қақысы жоқ.
Дегенмен заңдар мен өзге де нормативтік қүқықтық актілерде бекітілген қүқықтарды әлдекімнің бүзған оқиғалары, әсіресе мүндай әрекеттер өкілетті органдар тарапынан кездесетін оқиғалар болып жатады. Мысалы, жазықсыз сотталғандарды жаупқа тарту және тағы басқа да оқиғалар болып жатады. Бүл жазықсыз адамдарды жауапқа тарту мен басқа да оқиғаларды жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конситуциясы 12-бабының 2 тармағьшда: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен қзге де қүқықтық актілердің мазмүны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп жазылған. Осы себептер болар, халықаралық құқық қауіпсіздікті адамның басты өзіндік қаруы етіп көрсетеді. Мәселен, 1948жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясында»: « әрбір адамның өз өмірі мен бостандығына қол сүғуға болмайтындығы» (3 -б), «ой-пікір, ар мен дін бостандығы» және тағы басқа ауадай қажетті қасиеттері атап көрсетілген .
Қорытынды
Кеңестік іс жүргізу ғылымы да кінәсіздік презумпциясына түрліше көзқараста болды. Онда мына бағыттар барынша айқын байқалды:
1. Кінәсіздік презумпциясы принципінің теориялық-қүқықтык мәніне берілген, идеяның өзін «Жел болмаса, шқптің басы қимылдамайды» деген схемаға саятын тым қарабайыр баға - қылмыстық іс қорғауға және оны тергеуге себеп болған заңды негіздер бар болса адамдарды кінәлі деп іс жүргізуде тануға болады. Бұл түсіндірмеде бастапқы идеяның бүрмаланған соншалық, ол өзіне кереғар үғымға айналған: егер адам кылмыстық жауапқа тартылған болса, ол, сөз жоқ, кінәлі. Түбірінен қате осы көзқарасты қорғай отырып, К.А.Мокичев былай деп жазды: «... дәл осы нақты факті бойынша дәл осы нақты адамдардың кінәсіз тергеуге де, сотта қарауға да болмайды».
К.А.Мокичевтің және оның ізбасарлары, М.А.Челыдовтың, Е.Г.Мартынчиктің көзқарасы П.И.Кудряцев және басқа да ғалымдар орынды түрде қатты сынады.
2. Екінші бағыт
қылмыстық жауаптылыққа
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығы принциптің жүйесін ұғынудың үшінші бағыты - қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар жөніндегі қандай да болсын жаман ойдан бас тарту. Осы көзқарасты жақтаушы С.А.Голунский «... айыпталушы кеңестік процесте кінәлі деп те, кінәсіз деп те жорамалданбайтынын» негізге алған. Оның пікірінше, айьшталушы жөнінде соттың мүлдем бейтарап болуы - іс бойынша шешім шығару куәгерге әділдіктің кепілі, бүған қоса соттың әділ болуға міндетті екені заңда тікелей атап көрсетілген. Бұл түсініктің қате екені мынада: кінәсіздік презумпциясы принциптерінен туындайтын қүқықтық нүсқамалардың мазмүны мен бағыты; ақтау үкімін шығару шарттары мен негіздері, сейілмеген күдіктің айыпталушы пайдасына түсіндірілуі және т.т еленбеген.
Сонымен бірге, кінәсіздік презумпциясы принципін қабылдау құқық демократизмі мен адамгершілігінің көрінісі болып табылады. Қазіргі кезде кінәсіздік презумпциясы заңгерлердің көпшілігі арасында танылып отыр. Айтыс оншалықты маңызды емес мәселелер төңірегінде жүргізілуде. Мәселен, В.М.Савицкий заңға " Кінәсіздік презумпциясы" деген бап енгізуді ұсынады, ал С.А.Голунский болса, принцип керек, бірақ мамандардың шағын табына ғана түсінікті "презумпция" сөзін қолданбаса да болады деп санайды. Осы және басқа айтыстар проблеманың мәніне әсер етпейді .
Біздің ойымызша, бұл тақырып төңірегіндегі қарастырылып отырған мәселе бұрынғы кезде де, қазір, келешекте де ғалымдар тарапынан дами түсуін жалғастырады. Бірақ біз, құқықтық мемлекет ретінде өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғап, заң алдында тиісті адамдардың жауап беруін қадағалаймыз деп сенеміз. Сондықтан да, В.М.Савицкийдің айтқанымен келісіп, «кінәсіздік презумпциясы» ұғымын демократиялық мемлекеттердің заңдарының баптарына енгізу дұрыс деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер :
1. Нормативтік актілер.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы Қазақстан баспасы., 1995.
1. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексі.-
3. Ағыбаев А. Қылмыстық құқықтың принциптері // Тураби, 201-01. №5. -25-4.Қылмыстық іс жүргізу құқығы. (Жалпы бөлім) Төлеубекова Б.К. Алматы «Жеті жарғы» 2000ж.
2 бб.

- Кінематограф США
- Кінець XVIII — початок XX ст
- Кіно ХХ століття
- Кіпр, як головна офшорна зона для України
- Кіріспе
- Кіріспе
- Кіріспе
- Кібернетичні моделі найпростіших економічних систем (балансова модель та модель відтворення)
- Ківтковий годинник Карла Ліннея
- Кількісна характеристика грошової маси. Рівень монетизації ВВП
- Кількісні методи аналізу маркетингової інформації
- Кількісні методи обґрунтування управлінських рішень
- Кількісні та якісні методи прогнозування ринку
- Кіммерійці: суспільний устрій, господарство,культура та вірування