Криминалистикалық идентификация және диагностика. 4
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Заң факультеті
Мемлекеттік және азаматтық-құқықытық пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Криминалистикалық идентификация
және
диагностика
Орындаған: ЮҚс 232 топ студенті
Мусанов Е.М.
Талдықорған
2011жыл.
Жоспар:
І.
Кіріспе ......................
ІI. Негізігі бөлім
II.1
Криминалистикалық
идентификацияның
түсінігі......................
II.2 Криминалистикалық идентификация объектілерінін ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (жіктелуі)
II.3 Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
ІІ.4
Диогностика криминалистиканың
ілімі ретінде
II.1 Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
«Идентификаця» термині—латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.
«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:
- идентификация — адамның ойлау қабілетінің заңдылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;
- идентификация - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;
- идентификация - теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретіңде қарастырылады.
«Идентификация» термині — көзделген мақсаты мен шешетін мәселелеріне байланысты пайдаланылады және белгілі бір ойларды жинақтайды.
Идентификация ұғымы логика, таным теориясы (философияға), психология және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді.
Таным теориясының (философия) көмегі арқылы адамның танымдық қызметіне ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлемдегі барлық материадды объектілер өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес басқа объектілерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі санына қарамастан материалды дүниедегі әрбір объект жекеленген болып табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы басқа өзі тектес заттардан ажыратып тану немесе сәйкестендіру процесін жузеге асыруға мүмкіндіктер береді.
Танылатын объектінің өзіндік қасиеті мен мақсат, міндеттеріне байланысты материалдық дүние объектілерін тану процесіндегі теңестіру әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Теңдестіру актілері қарапайым, яғни күнделікті тұрмыс-тіршілікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде шешілетіндей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: теңдестірудің тұрмыстық актілерінде кішкентай бала өзінің ата-анасын, киімдерін, ойыншықтарын таниды; суретші өзінің салған суретін оңай ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т.б. Ал күрделі актілерде: химик-аналитик - химиялық заттарды, оның табиғатын, сондай-ақ геолог - минералдың, физик - физикалық процестердің табиғатын анықтайды.
Адамның ойлау қызметі заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы, идентификация көмегімен теңдестіру заңдылығы және адамды тану қызметіндегі теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан.
Тендестіру зандылығына сәйкес - адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.
Адамның санасыңда керініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы қажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске тусіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашқы ойлаудың мазмұнына сәйкес (бір) болуы қажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әр түрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмайды, бұл өз алдына теңдестіру зандылығының бұзылуына әкеп соқтырады.
Идентификацияның психофизиологиялық механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінің белгілері туралы көрініс, сол керіністі ойлау арқылы, ол ұсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.
Адамның барлық танымдық (тұрмыстық, я ғылыми) қызметі аясындағы кез келген логикалық тендестіру механизмі біреуақ болып келеді. Операция бірнеше рет орындалатындықтан тұрмыстық теңдестіру рәсімі қарапайым болып табьшады. Сондықтан да ол стеоретиптік сипатқа ие, динамикалық стеоретип арқылы біз өз затымызды, ата-анамызды, туыстарымызды және т.б. ажыратамыз.
Қарапайым
тендестірулер негізінен
Идентификация таным әдісі ретінде барлық ғылыми, атап айтқанда: ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, археологиялық зерттеулер жүргізу барысында табылған (қазып алынған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең мәдениетімен сәйкестендіріледі.
Палеонтология бойынша табылған объектілер бұрын тіршілікте өмір сүрген жануарлардың өлігі, казіргі кезде жойылып кеткен жануарлардың түрлерімен идентификацияланады. Табылған жануарлар, өсімдіктер ботаникада, зоологияда, олардың белгілі бір класы, түрі, тобы бойынша идентификацияланады.
Аналитикалық, органикалық және баска да химияның салалары арқылы алынатын барлық заттар міндетті түрде бұрын анықталған заттар класы бойынша идентификацияландырылады (сәйкестендіріледі).
Геология, минералогияға байланысты таблған заттар белгілі бір минералдар және т.б. түрлері бойынша идентификацияланады.
Барлық идентификациялық жағдай мәселелеріне байланысты әр түрлі ойлар (пікірлер, көзқарастар, тұжырымдар) кейбір ғылым - археология, тарих, өнертану салаларында жекелеген идентификациялық мәселелердің сәйкестігін шешу үшін криминалистика ғылымын, яғни криминалистика тәсілдерін пайдалануға тура келеді.
Л.Н. Мороз идентификация ұғымына келесідей түсінік берген: Идентификация дегеніміз - бір объектіні басқа бір объектіден ажырату немесе тануға мүмкіндік беретін объектінің өзіндік қасиетіндегі материалдық белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу мен бағалау болып табылады.
Криминалистикалық идентификацияның ерекшелігі неде, олардың басқа да қызмет саласыңдағы идентификациядан айырмашылығы қандай деген мәселелерге тоқталатын болсақ, бұл мәселелерді көптеген: С. М. Потапов, В. Я. Колдин, В. С. Мит-ричев, Л. Н. Мороз, М. Я. Сегай, Н. В. Терзиев және т.б. ғалымдар талқылаған.
Барлық криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесіңде идентификация жүргізу қажеттілігін бір ауыздан құптайды, бірақ криминалистикалық идентификацияның түрі мен объектілеріне қатысты әр түрлі көзқарастағы өз ой-пікірлерін ұсынады. Осыған байланысты бірқатар криминалист ғалымдардың пікірлерін, ұғымдарын қарастырып өтейік.
Біздің қазақстандық криминалист Л.Н. Мороз идентификацияны соттық және криминалистикалық деп екіге бөліп көрсетеді. Ол соттық идентификация түсінігі криминалистикалық идентификация ұғымына қарағанда кеңірек деп таныған. Соттық идентификация тергеу тәжірибесінде идентификация жүргізудің барлық түрін қамтиды, ол: химия, биология, ботаника, геология және т.б. ғылымдарының материалдық мәліметтерін пайдаланады деп нақтылайды. Мысалы, оқиға болған жерден және сезіктінің аяқ киімінен алынған өсімдіктер белігіне салыстырмалы зерттеулер жүргізу кезіңде сарапшы криминалистикалық емес, биологиялық тәсілдерді қолданады. Сондықтан да Л.Н. Мороз: соттық идентификация мен криминалистикалық идентификацияны өзара салыстырып қарастыруға болмайды деп санайды.
Л.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалык идентификация мынандай жағдайларда орын алады:
«а) идентификация тәсілдері арнайы криминалистермен өнделіп жетілдірілген жағдайларда;
ә)
бұл тәсіддердің көмегімен
б) криминалистикалық идентификацияның объектісі тек криминалистикалық идентификация объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады;
в) криминалистикалық
және соттық идентификация арасында айырмашылықтар
бар және идентификацияның тергеу тәжірибесі
мен оның процессуальдық тәртібіңде ерекшеліктер
болған жағдайда» - деп көрсеткен.
Ал В.С. Митричевтің көзқарасы бойынша: «дәлелдеу аясында жүзеге асырылатын идентификация» соттық деп аталуы қажет. Соттық идентификацияның логикалық идентификациядан ажырататын ерекшелігі — субъектілер мен объектілерге байланысты. Криминалистикалық идентификацияны соттық идентификация шеңберінде қарастыру керек. Соттық идентификацияға - сот-медицина, психиатрия, биология, токсикология саласындағы салыстырмалы зерттеулер жатады. Криминалистикалық идентификацияға тек криминалистік-сараптама шеңберінде жүргізілетін зерттеулерді жатқызу қажет. Идентификацияның ерекшелігін — қылмыстың механизмі мен жағдайы және оның жасалу мән-жайлары жөніндегі мәліметтерді, объектілерді, үлгілерді жинау ерекшелігімен түсіндіруге болады» - деп тұжырымдайды.
Г.И. Кучеревпен берілген тергеу тәжірибесіндегі идентификацияның дәледдемелік мәнін қарастыратын болсақ, ол «идентификацияны криминалистикалық» деп атай отырып, оның ерекшелігін төмендегідей бөліп көрсетеді.
Бірінші ерекшелігі, объектілермен байланысты. Объектілер — бұл материалдық дүниедегі кез келген үйлескен заттар, әр түрлі процестер. Оларға қойылатын шарт: барлық объектілер олардың субстанциясына карамастан соттық іспен байланысты болуы керек, сондай-ақ заттай дәлелдемелік сапасы болуы қажет. Бірақ олар - тұтынушылық, этикалық, техникалық және көптеген басқа да қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, мұндай кезде жоспарға объектінің қылмыс жағдайы жөніндегі ақпарат жеткізуші жақтары бірінші кезекке қою керек.
Сонымен,
криминалистикалық
Екінші ерекшелігі, сараптаманың қорытындыларындағы жеке тепе-тендікті көрсететін нәтижелер іс үшін мәнді болып табылатындығы мен дәлелдеме ретінде жеке тепе-тендікті көрсететін нәтижелердің маңыздылығында.
Басқа ғылым салаларында объектіні — түрі, тегі бойынша идентификациялау жеткілікті, ал дәлелдеу барысында объектіні: түрі, тегі бойынша ғана анықтау жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан да криминалистикада, сот-сараптамаларында жекелеген тепе-тендікті (сәйкестікті) анықтау үшін теориялық және сараптамалық зерттеулер үздіксіз жүргізіліп отырады.
Г.И. Кучеревтің пікірі бойынша криминалистикалық идентификацияның екінші ерекшелігі «қылмысқа қатысты жекелеген сәйкестікті немесе объектілер шеңберін барынша қысқартуды анықтау урдістерінен (тенденциясынан) тұрады» - деп санайды.
Криминалистикалық идентификациянын үшінші ерекшелігі, — процессуальды тәртіппен, процессуальдық түрде бекітілетіндігінде. Сонымен қатар, барлық идентификациялық танымдық кызметтің белгілі бір тәртібі мен шегі бар. Олар: сараптаманың шегі мен құралдарына, сондай-ақ заттай дәлелдемелер және олармен жұмыс жасау тәсілдеріне, оларды сақтауға және зерттеуге байланысты құжаттарды тіркеу мерзіміне қатысты әдістер мен басқа да тәсіддерді тандауға қатысты болып отыр. Сонымен, криминалистикалық идентификацияның үшінші ерекшелігі оның процессуальдық формасында.
Дегенмен
де, криминалистикалық
М. Я. Сегай, Н. В. Терзиевтер тергеу тәжірибесіндегі идентификацияны «соттық идентификация» деп атаған дұрыс деп санай келе, келесідей мән-жайларды:
- идентификация қорытыңдылары қылмыстық және азаматтық істерде соттық дәлелдеме қызметін атқарады, осыған байланысты оларды бекіту мен зерттеу әдістемесіне арнайы талаптар қойылады;
- баска ғылымдарға қарағанда криминалистикада сәйкестікті ғана емес, сонымен қатар айырмашылықтарды да анықтаудың маңызы зор;
- криминалистикада жекелеген тепе-теңдікті анықтау -идентификацияның басты мәселесі болып табылады;
- химия, биология және т.б. ғылым салаларында топтық қатыстықты анықтау жеткілікті, - деп көрсетеді.
Аталған ерекшеліктер ұсынылатын зерттеу әдістемесіндегідей, тендестіру нәтижелерін рәсімдеудің арнайы талаптарын анықтайды. Бұл ерекшеліктер сот-медицина шеңберінен де орын алады, жоғарьща аталған авторлар идентификацияны не үшін соттық деп атау негізді деп санайды.
В.Я. Колдин ез еңбектерінде: «криминалистикалық идентификацияның» ерекшелігі:
- нақты жекеленген объектінің тепе-теңдігін анықтау;
- қылмыстық және азаматтық істердің фактілік жағдайын аныктаудың құралы болып табылады» — деп көрсетеді.
Ол соттық идентификацияның басқа да ғылым салаларындағы идентификациядан айырмашылығы жок, оны әдеттегі классификациялық зерттеулер ретінде карастырып, соттық идентификацияны бөліп көрсетпеген.
Ал, М. В. Салтевский криминалистикалық идентификацияның ерекшелігін: «объектілерді жинау тәсілдерінің процессуальдық формасы ретінде ғана емес, сонымен қатар, дәлелдеу процесінде тендестірудің нәтижесін қоддану мен накты бір жеке объектілердің сәйкестігін анықтауда» деп карастырады.
Пікірлерді қорыта келе мынаңдай тұжырымдар жасауға болады:
- криминалистикалық идентификацияның мақсаты - сот өндірісі аясындағы материалды объектілердің тепе-теңдігін, сәйкестігінің бар немесе жоқтығын анықтап дәлелдемелер алу болып табылады және оларға байланысты арнайы әдістемелік талаптар қойылған;
- криминалистикалық идентификацияның маңызы — барынша қысқартыльш жинақталған объектілер шеңберінен жекеленген сәйкестікті (тепе-тендікті) анықтауда;
- криминалистикалық идентификация процесінің негізінде -идентификациялық белгілер жиынтығын салыстыру және бұл белгілердің сәйкестігі мен айырмашылықтарын бағалау жатыр;
- қорытындылар процессуальдық актілер (сарапшыныц қоры-тыңды актілері, хаттама) түрінде беріледі;
- химия, биологиялардан айырмашылығы идентификация қандай да бір мәселелерді шешу процесіне ие болады, яғни дәлелдеу тәсілінің біріне жатады;
- криминалистикалық идентификация тек занда көрсетілген субъектілермен ғана жүзеге асырылады.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген анықтамаларды жалпылама қорыта келе, біз Л.Н. Мороздың берген анықтамасына жүгінеміз: «криминалистикалық идентификация — соттық дәлелдемелерді алу мақсатыңда заңда бекітілген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, объектінің сәйкестігі мен айырмашылық касиетін көрсететін белгілерге салыстырмалы зерттеулер жүргізу процесі түрінде жүзеге асырылады».
Криминалистикалық идентификацияның маңызын бағалау өте күрделі процесс болып табылады. Идентификация - дәлелдеу тәсілінің өте кең тараған түрі. Идентификацияның кемегімен: қылмысқа дайындалу әрекетінің орнын, қылмыс жасалған, кылмыстың ізін жасырған жерлерді; қылмыскердің қылмысты жасауға қодданылған қару құралдарын; қылмыскерді, жәбірленушіні, қылмыстық қол сұғылған заттарды идентификациялауға және т.б. анықтауға болады.
Көріп отырғанымыздай, дәледдеу кезіңде көптеген жағдайлар идентификациялауға жатады. Бірақта олардың әркайсысы әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мысалы: кылмыскердің жеке басын оның қолжазбасы, дауысы, бейне келбеті, аяқ, қол іздері, шашы және т.б. бойынша идентификациялауға болады.
Бүгінгі
танда криминалистикалық
Кеңестік танымал криминалистердің барлығы да криминалистикалық идентификация мәселелерімен тікелей немесе жанама түрде айналысты.
Криминалистикалық идентификация теориясы — тарихи жағынан жеке криминалистикалық теориялар арасынан ең алғаш пайда болып, білімді жүйелендіру құралы ретінде қалыптасқан ілім болып табылады.
Криминалистикалық
идентификация теориясының
1 -кезең — теориялық негізі мен оның негізгі жағдайлары және қағидаларының пайда бола бастауынан XX ғасырдың 50 жылдарына дейінгі кезендерді хронологиялық түрде камтиды;
2-кезең - бұл 80 жылдарға дейінгі әр түрлі идентификациялық зерттеу әдістемелерінің қалыптасу кезеңі;
3-кезең - криминалистикалық идентификация жағдайлары және т.б. қайтадан қарастырылып нақтыланатын кезеңдер жатады, ол бүгінгі танда орын алуда.
Криминалистикалық идентификация теориясы — қылмыстық оқига туралы дәлелдемелік ақпараттарды, сондай-ақ объектінің тепе-теңдігін анықтауға байланысты әдістемелік ұсыныстар мен тәртіп-ережелерінен тұратын ғылыми ілімдердің жиынтығы.
Криминалистикалык идентификация процессуальдық және процессуальдық емес формасыңда қарастырылады.
Идентификацияның процессуальдык емес формасы қолданбалы және жедел болып екі түрге бөлінеді. Идентификацияның қолданбалы түрі — мұражай, ғылыми-зерттеу институттарының, азаматтардың талаптары бойынша жүзеге асырылады. Ал идентификацияның жедел түрі қылмыстык іс қозғалғанға дейін орындалады. Идентификацияның нәтижелері жедел-іздестіру қызметінде қолданылады.
Идентификацияның процессуальды формасы:
- сот сараптамасы;
- тану үшін көрсету;
- объектілерді қарау шеңберінде жүзеге асырылады. Тану үшін көрсету және қарау тергеу әрекеттері шеңберіндегі идентификация тергеушімен жүргізіледі. Сот сараптамасы шеңберінде қолданылатын идентификация процессуальдық түрде өте кең таралған.
Идентификациялық зерттеулер бірнеше түрлерге бөлінеді. Криминалистикалық идентификацияның классификациясы идентификация объектілерімен ғана емес, сонымен қатар олардың табиғи қасиеттері мен басқада параметрлерімен байланысты. Идентификация деңгейіне байланысты мынадай идентификация түрлері ажыратылады:
- объектінің бір текке жататыңдығы;
- топтық қатынастылығы;
- жекеленген сәйкестігі анықталады. Идентификацияланатын объектінің табиғатына байланысты:
- нақты бір жеке объект бойынша;
- бүтінді бөлшек арқылы анықтау бойьшша;
- шығу (пайда болу) қайнар көздері бойынша. Идентификацияланатын объектіге байланысты идентификацияның келесідей түрлері бар:
• ойдағы бейне бойынша идентификациялау;
- жеке объектілерді материалды бекітілген бейнесі бойынша идентификациялау;
- шығу қайнар көздері бойынша идентификациялау;
• бүтінді бөлшек
бойынша идентификациялау.
Мысалы, табылған қолдың ізі арқылы сезіктіні
идентификациялау жеке объектіні бейненің
материалдық бекітілуі бойынша идентификациялауға
жатады; оқиға болған жерде табылған сым-темір
бөлшектерін сезіктінің автокөлігінің
багажынан табылған сым-темір бөлшектерімен
вдентификациялау — бүтінді бөлшек арқылы
идентификациялауға жатады; бір сезіктіден
табылған пакеттегі есірткіні екінші
сезіктіден табылған пакеттегі есірткімен
идентификациялау — шығу қайнар көзі
бойынша идентификациялау түріне жатады.
Сонымен қатар, идентификацияны жүргізу субъектісіне байланысты тергеу және сараптамалык идентификация деп бөлеміз.
Объектісі бойынша: адам, жануар, атыс каруы, көлік кұралдары және т.б. идентификация түрлерін бөліп қарастыруға болады.
Криминалистикалық техниканың салалары бойынша - портретті (ауызша суреттеу), трасологиялық, баллистикалық, қол-жазбатану және т.б. түрлері бар.
II.2 Криминалистикалық идентификация объектілерінін
ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның
классификациясы (жіктелуі)
Объект
ұғымы - криминалистикалық
XX ғасырдың 1 жартысындағы идентификациялық объект шеңбері мен XX ғасыр аяғыңдағы вдентификациялық объект шеңберінің арасында елеулі айырмашылықтар бар.
Криминалистикалық идентификация объектілерінің түсінігіне байланысты пікірталастық талдаулар екі кезеңнен өтті.
Бірінші пікірталастық 1940 жыддары профессор С.М. Потаповтың мақаласының шығуына байланысты болды. С.М. Потапов криминалисгикалық идентификация объектісіне — заттарды, адамдарды, олардын ойлау қабілетін, әрекеттерін, құбылыс пен уақытты және басқаларды жатқызды. Профессор С.М. Потаповтың көзқарасы бойынша криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі материалдык заттармен құбылыс және ойлармен қамтылуы тиіс. Нақты айтқанда, объект ұғымына түсінік кең мағынада беріледі. С.М. Потаповтың мақаласына байланысты көптеген сыни еңбектер де жазылды. Жазылған сыни көзқарас жайындағы пікірталас 60 жылдары тоқтады.
Криминалистикалык
идентификация объектілеріне «
Бір көзқарастар (бұл дәстүрлі идентификацияның өкілдері) бойынша криминалистикалық идентификация объектілеріне сыртқы құрылысы бар, толық тұрақты формадағы заттар жатқызылады. Ал бұл қатты денелер болып табылады.
Басқа көзқарастар бойынша, криминалистикалық идентификация объектілеріне кез келген субстанциядағы материалды денелердің қалыптасуынан тұратын заттар, яғни, қатты, сұйық, т.б тәріздес заттар жатқызылды.
Ганс Гросстың пікіріне байланысты кез келген материалды субстанциядағы объектілерді жекелей идентификациялау мүмкіндігі танылған.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап жоғарыдағы пікірлер бойынша көптеген объектілерді тендестіру жұмыстары сараптама тәжірибесінде ғылыми-техникалық құралдар мен аналитикалық әдіс-тәсілдерді кеңінен еңдіре отырып жүзеге асырыла бастады. Бұл мәселеге байланысты зерттеу әдістемесін өндеп жетілдірумен айналысқан криминалистердің арасынан Н.С.Митричевтің еңбегін атауға болады. В.С. Митричевтің бастамасымен объектілер шеңбері кеңінен қарастырылды, объектілерге қатты денелер ғана емес, сонымен қатар, сұйық, газ тәріздес, сусымалы заттар кеңінен енгізіліп дәлелдеу мүмкіндіктерін арттырды.
Криминалистикалық идентификацияның объектісі - жалпы қайталанбайтын идентификациялық белгілер жүйесі мен салыстырмалы тұрақты түрде болатын материалдық заттар болып табылады.
Идентификацияның объектісіне тек қатты заттар ғана жатпай, сонымен қатар сұйық, сусымалы, газ тәріздес объектілер де жатады.
Объектілерді жекелеу келесі ғылыми ережелерден құралады:
Біріншіден, материалдық дүниедегі объектілердін сапалылық және сандық жағынан анықталуы.
Екіншіден, материалдық дүниедегі объектілердің салыстырмалы тұрақты болуы.
Осы негізгі қағидалар таным әдістерінің қандай да болмасын қолдану аясына байланыссыз тұрақты болып қалады.
Материалдық дүние объектілерін сапасы жағынан анықтау олардын жекелілігін көрсетеді, яғни объектілердің бір-бірінен ажыратылып, дүниенің шексіз әр түрлі екеңдігін көрсетеді: екі тамшы судың, талдың екі жапырағы, бір станокта жасалған детальдардың және т.б. объектілердің өзара ажыратылуы.
Сапа — объектінің жеке қасиеттерінен көрінеді, ол затпен бүтіндей байланыстырылып, толығымен қамтылады, одан бөлініп қарастырылмайды.
Әрбір объектінің өзіндік табиғи сапасы болады. Материалдық дүниедегі объектілер сапа жағынан анықталуымен қатар, сандық жағынан да қарастырылады.
Бір-біріне ұқсамайтын объектілердің өзара ерекшелігі сапасы жағынан көрінеді, ал бір-біріне ұқсайтын объектілер сандық жағынан сипатталынады. Сапаға қарағанда сандық жағынан сипаттау объектінің мәнімен байланыспайды. Сандық өзгерістер объектінің бірден жойылуына әкелмейді. Сандық жағынан өзгерістердің өз шегіне жетуі басқа сапаға әкелуі мүмкін. Идентификация үшін сандық өзгерістердің шегін анықтау өте маңызды.

- Криминалистикалық идентификация және диагностика
- Криминалистикалық идентификация және диагностика
- Криминалистикалық идентификация және диагностика
- Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- Криминалистикалық фото суретке түсіру
- Криминалистикалық фото суретке түсіру
- Криминалистика пәнiнің түсінігі
- Криминалистика и логика
- Криминалистика как наука
- Криминалистика как наука
- Криминалистика как наука
- Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
- Криминалистикалық идентификация
- Криминалистикалық идентификация және диагностика