Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Криминалистикалық тіркеулердің нысаны мен түрлері
1.2 Прокуратура органдарында және ҚР криминалдық ақпараттар басқармасында жүргізілетін жедел-анықтамалық тіркеулер
1.3 ҚР ІІО жүргізілетін криминалистік тіркеулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қылмысты ашу және тергеуде,сондайақ осы мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізуде әр түрлі ақпараттар алудың маңызы зор.Бұл ақпараттардан осы қылмысты жасаған немесе жасауға қатысы бар тұлғалар,ашылмаған қылмыстар,табылған дәлелдемелік айғақ заттардың шығу тегі туралы т.с.с. мәліметтер ала аламыз.Ал,қандай да болмасын ақпараттарды,соның ішінде криминалистикалық ақпараттарды бекітуге, сақтауға,беруге болатынын ескерсек,криминалдық сипатитағы оқиғалар мен құбылыстардың ақпараттық қоймасы болып келетін ақпараттар жүйесін құруға болады.Бұл жүйелерді қылмысты ашу,тергеу және алдын алу мақсатында қолдануға болады.Міне осындай ақпараттық анықтамалық жүйелерді криминалистік тіркеулер деп атайды.Яғни,қылмыстық процессте тергеліп отырған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатымен құрылған,тұлғалар туралы мәліметтер,криминалистикалық мәні бар заттар,басқа да объектілер туралы ережелер жүйесі мен әдістерін криминалистикалық тіркеу дейді.
Криминалистік тіркеудің негізіне қылмыстық істерді соттық талқылағанда немесе жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде маңызы бар тексеріліп отырған объектілерді жекешелендіретін немесе олардың топтық тиістілігін білдіретін белгілерін жатқызады.
Алғаш рет қылмыскерлерді тірекудің ғылыми негізделген әдісін 1879 жылы Париж қаласының полиция бөлімінің картотека тіркеу қызметкері Альфонс Бертильон ұсынған.
А.Бертильон қылмыскерлердің
дене мүшелерін өлшеп,оларды картотекаларға
тіркеп жазып,есепке алудың антропометриялық
әдісін ұсынды.Бірақ ,қылмыстық тіркеудің
бұл әдісі белгілі бір
Бұдан бірнеше жыл өткеннен 1887 жылы осы мақсатта дактилоскопиялық әдісті қолдану мүмкіндігін Батыс Еуропа елдерінде (Англия,Германия және т.б.) В.Гершель, Г.Фолдссияқты ғалымдар дәлелдеп көрсетті.1891 жылы ағылшын антропологы Ф.Гальтон саусақ іздеріне классификация жасауды ойдағыдай аяқтап тәжірибеге енгізді.
Ресейде қылмыскерлерді дактилоскопиялық тіркеу 1905 жылдан бастап енгізілді.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында қылмыскерлерді дауысы бойынша (вокалографиялық) және иісі бойынша (одорологиялық) тіркеу әдістері кеңінен тарала бастады.
Криминалистік тіркеудің ілімін жетілдіруге Р.С.Белкин, И.Н.Якимов, П.С.Семеновский, Н.В.Терзиев, А.Ю.Пересункин сияқты ғалымдар өз үлесін қосты.Ал,біздің қазақстандық криминалистерден А.Я.Гинзбург, Б.А.Салаевтардың еңбектерін атап өтуге болады.
І. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
Қазіргі кезде криминалистикалық тіркеу деп жасалған қылмыс туралы криминалистикалық мәні бар қылмыстық әрекеттердің тәсілдері мен құралдары жайлы ақпараттарды жинақтау мен өңдеу,қылмыстарды ашу,тергеу және оларды алдын алуда қолданылатын ғылыми негізделген қызмет жүйесін айтады.
Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізіне-материалдық дүниедегі объектілердің жеке даралығы,олардың салыстырмалы тұрақтылығы,бір-бірлерімен әрекеттесу барысында іздер түзу мүмкіндігін жатқызуға болады.Криминалистік тіркеу-іздердің пайда болу механизмі туралы іліммен,қылмыстың жасалу тәсілімен және криминалистикалық идентификация теориясымен тығыз байланысты.Криминалистикалық тіркеудің объектілері-қылмыстық ізге түсу немесе жедел іздестіру шараларының шеңберіндегі ақпараттар жүйесі.
- Іздеу жарияланған,хабар ошарсыз кеткен белгілі адамдар;
- Қылмыс жасаған тұлғалар,қылмыс жасап бой тасалап кеткендер,ұсталғандар,қамауға алынғандар;
- Мәйіттер(жеке басы анықталмаған мәйіттер және денесінде қылмыс іздері бар мәйіттер);
- Қарулар (жоғалған,ұрланған,алынған,аңш
ылық және ойық ұңғылы срнымен қатар қолдан жасалған атыс қарулары,суық қарулар); - Ұрланған объектілер,автокөліктер және басқа да шығу тегі мен кімдікі екені белгісіз заттар,мәселен қылмысты жасауға пайдаланған бұзу құралдары;
- Іздердің кейбір түрлері;
- Құжаттар (жасанды,құнды қағаздар);
- Жануарлар (ұрланған,табылған және қаңғып,адасып жүрген иесі жоқ малдар);
- Ашылмаған қылмыстар туралы ақпараттар.
Криминалистік тіркеуді ұйымдстырудың
құқықтық негіздері ҚР Конституциясымен,ҚР
ҚК және ҚР ҚІЖК нен бастау алады.Алайда
бқл жерде атап өтетін жағдай,криминалистикалық
тіркеулер қылмыстық
Қазіргі кезде криминалистикалық
тіркеулерді жүргізудің тікелей
құқықтық негізіне мына төмендегі ведомстволық
нормативтік актілерді
Объектілерді тіркеудің әр түрлі әдістері ІІО мен прокуратураларда криминалистикалық және арнаулы тіркеулерді жүргізудің жүйесін құрайды.
Криминалистік тіркеудің
мәні тіркеуге алынған объектілерді
топтық және жеке белгілері бойынша
анықтау.Тіркеу барысында алынған
материалдар,ғылыми негізде,белгілер
классификациясына сәйкес,
- Сипаттамалық:объектінің белгілерін жазбаша бекіту;
- Дактилоскопиялық:тірі адамдардың қол саусақтарының папиллярлық бедерлерінің іздерінің көшірмесін арнаулы бланктерде бекіту;
- Бейнелеуші:объектінің белгілерін фотография,кино түсіру,бейне жазу,суретін салу немесе басқа жолмен (мыс,ЭЕМ көмегімен)бекіту;
- Коллекциялық:объектілердің үлгілерін жинау және сақтау,сондай-ақ олардың көлемдік,жазықтық бейнелерін компьютердің жадында сақтау;
- Аралас:объектілерді бекітудің бірнеше әдісін әр түрлі комбинацияларда қолдану.
Криминалистикалық және арнайы
тіркеулерде шоғырланған
ҚР Бас прокуратурасының
құқықтық статистика және арнайы тіркеулер
комитетінің Басқармасына,
Тіркеулік материалдарды
толықтыруға қажетті мәліметтер
тергеу әрекетттерін және жедел іздестіру
шараларын жүргізу барысында
тергеушілерден,жедел
Криминалистикалық және арнайы есептерді жүргізу ІІО мен прокуратураның жүргізетін жұмыстарының ішіндегі бірден бір маңыздысы саналады.
Осы тіркеу құжаттарының материалдарын қылмыспен күресу барысында Қаржы полициясы,Ұлттық қауіпсіздік комитеті,Кеден комитеті,Әділет министрлігі,Төтенше жағдай министрлігі қолдана алады.
Тіркеу материалдарының негізінде адамдарға,заттарға идентификация жасауға немесе олардың топтық тиістілігін анықтауға болады.
- Криминалистикалық тіркеулердің нысаны мен түрлері
Тіркелетін объектілердің
ерекшелігі мен түрлеріне байланысты
– тіркеу: жедел-анықтамалық,
- Жедел-анықтамалық тіркеулер,яғни бұл объектілерде қылмыс оқиғасымен бірге себепті тергеулік байланыста және көзге түсетін белгілері болады;
- Криминалистикалық тіркеулердің объектілері міндетті түрде қылмыс оқиғасымен себепті тергеулік байланыста болады,ал тіркеулік белгілері ғылыми техникалық құралдарды қолдану арқылы және арнаулы білімді қолдану арқылы табылады;
- Анықтамалық-көмекшілік тіркеу объектілері қылмыс оқиғасымен себепті тергеулік байланыста болмайды,олардың белгілері көзбен және арнайы зерттеулер көмегімен анықталады.
Объектілер туралы мәліметтердің
бір жерге жинақталуын
Халықаралық деңгейде (Интерпол
аясында) жалған ақшалар,антиквариаттар,
ТМД және Балтық жағалауы елдері аясында мемлекетаралық ақпараттық банкі (МАБ) 1992 жылғы Ресей ІІМ Мемлекеттік ақпараттар орталығы(МАО) негізінде құрылып,жұмыс істеуде.
Криминалистикалық тіркеулерді
жүргізетін республикалық аппараттарға
ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАТК,Криминалдық
ақпараттар Басқармасы(ҚАБ),ҚР ІІМ жедел
криминалистикалық Бас
Территориалдық (регионалдық)
тіркеуді ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАТК
және облыстық ІІД мен транспорт
ІІД ОКБ(оперативтік-
Жергілікті тіркеуді – ІІБ қалалық,аудандық,желілік жедел криминалистикалық бөлімдері немесе лабораториялары жүргізеді.
- Прокуратура органдарында және ҚР криминалдық ақпараттар басқармасында жүргізілетін жедел-анықтамалық тіркеулер
ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАТК жəне оның аймақтардағы бөлімшелеріндегі жүргізілетін тіркеулері жедел-анықтамалық сипатта болады. Бұл тіркеулер тегі арқылы, дактилоскопиялық, іздеу картотекасы арқылы жəне мəліметтердің компьютерлік банкі aрқылы жүргізіледі .
1)Тегі (фамилиясы ) бойынша есепке алу – қылмыс жасағандарды, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарды, сот шешімімен іс -əрекетке қабілетсіз деп танылғандарды , белгілі бір қызметтік лауазымды иелену құқығынан айырылғандарды,тұрғылықты тұратын орны немесе құжаты жоқ ұсталған адамдарды олардың анкеталық мəліметтері, яғни тегі , аты , əкесінің аты бойынша, туған жылы мен жерін көрсетіп жазу арқылы жүргізіледі ;
2)дактилоскопиялық есепке алу – қолдың саусақтарының папиллярық бедерлерінің ерекшеліктеріне байланысты – ұсталған адамдарды , тұтқындалған жəне сотталғандарды тіркеу , сақтау , классификациялау жəне тұлғаның кім екендігін анықтау немесе растау үшін дактилоскопиялық мəліметтерді беру мақсатында жүргізіледі ;
3)іздестірулік есепке алу – анықтау тергеу органдарынан, соттан жəне жазасын өтеу органдарынан бой тасалап жүргендерді, хабар-ошарсыз жоғалғандарды сондай -ақ кім екені белгісіз мəйіттерді тіркеу үшін жүргізіледі .
Есеп-тіркеу құжаттарын заңда белгіленген тəртіппен, тергеу жəне анықтау органдары , жедел-іздестіру , жазаны өтеу , миграциялық қызмет органдары жəне соттар беріп отырады .
Тегі бойынша жəне дактилоскопиялық есепке алу алфавиттік карточка көмегімен жүзеге асырылады . Компьютерге енгізілген мұндай карточкаларда келесідей мəліметтер бекітіледі: тегі , аты -жөні, туған жылы мен жері , ұлты, тұрақты тұрғылықты мекен-жайы, соттылығының болуы ; үкім шығарған сот, Қылмыстық ко -декске байланысты бабы, сотталу уақыты, жазаның түрі ; бұрынғы қылмыстық əрекеті ( қашан , қандай органмен жəне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бабы бойын -ша жауапкершілікке тартылған), рақымшылық немесе кешірім жасауға байланысты үкімнің өзгеруі, жазаланған мерзімі мен оры -ны, сотталушының қайтыс болған күні , айы , жылы; іздестіруде жүрген тұлғаны жазадан босату негізі, қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар ; тіркеуге алудың заңдық негізі жөніндегі мəліметтер .
Есепке қою үшін карточкаға тіркелетін ( тізімге алынатын) тұлғаның қолдарының іздерінің таңбасын алып оны сигналдық суретке түсіру əдісімен фотоға түсіреді. Бұл алфавиттік жəне дактилоскопиялық карточканың өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Есепке алынған тұлғаның алфавиттік карточкасында оның дактилоскопиялық формуласы жəне оң қолының сұқ саусағының ізі басылады, ал ол саусағы жоқ болса басқа саусағының ізі басыла-ды. Егер алфавиттік карточкада салыстырып отырған тұлғалардың дактилоскопиялық формулалары ұқсас болса, тұлғаның жеке басын нақтырақ анықтау үшін дактилоскопиялық картаны қолданады .
Дактилоскопиялық есепке алу жəне портреттік картотекалық тіркеулерден тексеру, осы тұлға өзі туралы мəліметтер беруден бас тартса немесе жалған мəліметтер берсе, оны анықтауға немесе нақтылауға мүмкіндік береді . Алфавиттік карточкаларда бекітілген мəліметтердің дұрыстығына күмəн келтіретін жағдайларда оны дактилоскопиялық картотекамен салыстыру арқылы тексеруге болады.
Дактилоскопиялық есепке алу – қамауға алынған,бас бостандығынан айыру жазасына жазаланған ,сонымен қатар қайыр тілеп жүргендігі жəне босқындығы үшін ұсталған тұлғаларды тіркеуге алудың бір түрі болып табылады.
Дактилоскопиялық картотека ұсталған,қамауға алынған,өліп қалған белгісіз адамдардың(танылмаған мəйіттердің);құжаты жоқ,денсаулығына немесе жасына байланысты өзі туралы ештеңе айта алмайтын азаматтардың тұлғасын анықтауға мүмкіндік береді .
Дактилоскопиялық карталар арнайы бояулардың көмегімен тіркелетін тұлға қолының алақаны мен əрбір саусағының папиллярлы өрнектері боялып,бланкінің тиісті клеткаларына оның таңбалары түсірілуі арқылы жүргізіледі .
Тіркеуге жіберілетін дактокартаға қатаң талаптар қойылады:
қол саусақ таңбалары нақты басылып , папиллярлық өрнектер бояулары анық, жабыспай жəне жағылмай алынуы қажет .
Дактилоскопия жасаудың бұл тəсілін он саусақтық деп атайды. Дактилокарталар саусақтың папиллярлы өрнектеріндегі жеке белгілеріндегі мəліметтерден алынатын арнаулы формулалар бойынша белгілі бір тəртіппен реттеледі : он саусақтық, бес саусақтық жəне бір саусақтық (монодактилоскопиялық).
Дактилокарталарда осы аталған саусақтар бойынша бəрінің немесе əр қайсысының жеке-жеке белгілері туралы мəліметтер тіркеледі . Карточкада тіркелетін тұлғаның дактилоскопиялық формуласы көрсетіледі . Он саусақ жүйесі бойынша айыпкерлер, ұсталған тұлғалар, сотталушылар тіркеуге алынады . Дактилокарталарды жүйелеу қол саусақтарының папиллярлы өрнектерін топтастыруға негізделеді .
Карточкалар – тіркелетін тұлғалардың фамилиясы ескеріле отырып алфавиттік рет бойынша картотекаларға енгізіледі.
Егер алфавитті мəліметтерде салыстырып отырған тұлға-лардың дактилоскопиялық формулалары ұқсас болса,тұлғаның жеке басын нақтырақ анықтау үшін дактилоскопиялық картаны қолданады .
Алфавитті-дактилоскопиялық есепке алудың мүмкіндіктері тұлғаны анықтау мен анықтамалар жинаумен ғана шектеліп қоймайды. Тіркеудің бұл түрі – қылмыс оқиғасына қатысты ,қылмыс болған жерден алынған қол саусақ іздерін картотекалардағы саусақ іздерімен салыстыру арқылы, сезікті тұлғаларды анықтауға мүмкіндік туғызады. Осыған орай тəжірибеде тергеушілер барлық қылмыс түрлері бойынша , тіркеудің осы түрін жиі пайдаланып,қылмысты ашу шараларын жүзеге асырады . Бұл тіркеу тергеушіге қылмыскердің анкеталық мəліметтерін берумен шектелмейді. Егерде қылмыскер бұрын тіркелген болса, онда тергеушіге қылмыскер жайлы келесі мəліметтерді береді :
– бұрынғы соттылығы , қамауға алынғандығы жəне сезікті ретінде ұсталғандығы жайлы ;
– жазасын өтеген
жері мен мерзімі жəне
босатылғандығы жайлы
– мұрағаттағы қылмыстық істерінің сақталу жері мен қандай жердің сотымен үкім шығарылып сотты болғандығы жайлы ;
– жергілікті, республикалық не болмаса ТМД көлеміндегі іздеуге жарияланғандығы жайлы .
ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАТК жəне Ресей ІІМ Бас ақпараттар орталығында (БАО) жүргізілетін тіркеулерге егер тексеріліп отырған тұлғаның тұрғылықты тұратын жері болмаса немесе оны жиі ауыстырып отырса,сондай -ақ,облыстардағы ҚСжАТК олардың соттылығы туралы мəліметтер анықталмаса ,бірақ, ол сотталып,жазасын қылмыстық атқару жүйесінде өткерген деген күмəн туындаса жəне осы тұлға ТМД елдерінің біреуімен іздеуде жүргендігін анықтау керек болған жағдайларда жүгінеді.
Іздестірулік есепке алудың объектілеріне анықтаудан, тергеуден, соттан жəне жазасын өтеуден бой тасалап жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары жəне Қазақстан Республикасы территориясында жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды жатқызуға болады.
Іздестіру үшін іс қозғаудың негізі мыналар :
1) айыпталушыны,сотталушыны жəне іздеуде жүрген басқа да категориялардағы тұлғаларға іздеу салу туралы тергеушінің,анықтау органдарының, прокурордың жəне соттың қаулысы ;
2) үкімнің орындалуы
қылмыстық-атқару инспекциясының,
кəмелетке толмағандардың ісі
жөніндегі инспекциясының
3) сотталғанның үкімді ( қаулыны )орындаудан бұлтаруы;
4) бас бостандығынан
айырылған , сотталған адамның
тергеу изоляторынан,түзеу
Іздеу салуға байланысты тоқтатылған қылмыстық істерді тіркеу үшін іздестіру ісі ұсынылады . Бұл істе :
1) қылмыстық істі қозғау туралы қаулы ;
2) айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы ;
3) айыпталушының іздестірілуіне
4) айыпталушыны іздеуге беру туралы қаулы ;
5) бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы ;
6) сотты болған -болмағаны туралы тексерудің нəтижелері көрсетілген анықтама қағаз болуы керек.
Егер , іздеуде жүрген тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүруі мүмкін деген жорамал болса, онда іздеу туралы сұрауды Ресей Федерациясының ІІМ Бас ақпараттар орталығына (ГИЦ МВД РФ) жібереді.
Анықтау,тергеу немесе соттан бой тасалап жүрген тұлғаларға қатысты іздестіру материалдарын Комитетте есепке алу үшін іздестіруді жүргізуші орган осы іздестіру істерінің материалдарын,оның жүргізілуінің заңдылығын тексеру үшін қадағалаушы прокурорға ұсынады . Прокурордың іздеу ісін ашуға келісімі бойынша Комитет іздеу нөмірін береді .
Комитетте ( ҚСжАТК),есептен алып тастауға,іздеу салуды тоқтату туралы қаулы негіз болады. Ал бұл қаулы өз кезегінде мына төмендегі процессуалдық немесе басқа да құжаттар негізінде шығарылады:
a) іздеуде жүрген тұлғаның ұсталғаны туралы қаулы немесе территориялық тергеу оқшаулағышына іздеуде жүрген адамның қамалғаны туралы хабарлама;
ə) қылмыстық істің тоқтатылғандығы туралы қаулы ;
б) іздеуде жүрген тұлғаға қатысты қылмыстық істің тоқтатылғандығы туралы қаулы ;
в) іздеуде жүрген адамның қайтыс болғаны туралы куəлік ;
г) бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қаулы (мемлекет аралық іздеуге берілген тұлғаларға қатысты ).
Іздеуді тоқтату туралы қаулыға оның заңдылығын жəне негізділігін растайтын қадағалаушы прокурордың тегі мен қолы жəне елтаңбалық мөр қойылады.
Хабар-ошарсыз кеткен ,кім екені белгісіз азаматтардың мəйіттері, кім екені белгісіз аурулар мен балалар, өзі туралы мəлімет бере алмайтын азаматтарды іздестірулік есепке алудың объектілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарын,сондай -ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.
Тіркеуге мына төмендегі тұлғалар қамтылады :
- Ішкі істер органына белгісіз себептермен жоғалып кеткенітуралы арыз түскен тұлғалар ;
- Өз еркімен үйінен , мектеп -интернаттан, балалар үйінен кетіп қалған кəмелетке толмағандар жəне кəмелетке толмағандарды қабылдап-таратушы мекемелерден қашып кеткендер;
- Денсаулығына жəне жасына байланысты өзі туралы мəлімет бере алмайтын психоневрологиялық жəне басқа да стационарлық емханаларда, мүгедектер жəне қарттар үйінде , балалар үйінде жəне интернаттарда жатқандар;
- Кім екені белгісіз адамдардың мəйіттері .
Бұл адамдарды есепке қоюға азаматтардың арыздары, ұйымдардың , мекемелердің хабарламалары негіз болады.
Картотека жəне мəліметтер банкын құру үшін жоғарыда аталған тұлғаларға бір үлгідегі тану картасы толтырылады (кесте). Тану картасында шартты түрде адамның сырт бейнесі сипатталады. Картаға сигналдық сурет жəне дактилоскопиялық карта қоса беріледі.
Тану картасы міндетті түрде қылмыстық жауаптылыққа тартылғандардың алфавиттік картотекасынан тексеріледі . Ал хабар-ошарсыз жоғалғандардың картотекалары полиция бөлімдеріне,қарттар, мүгедектер үйіне, емдеу орындарына құжатсыз түскен адамдарды тексеру үшін қолданылады.Картотекаға түскен кім екені белгісіз мəйіттердің тану карталары іздеуде жүрген хабар-ошарсыз кеткен азаматтар мен іздеу салынған тұлғаларды тексе-руде қолданылады .
Барлық категориялардағы іздеуде жүргендердің тану картасы картотекаларда жəне мəліметтер банкінде 15 жыл сақталады. Картотекалардан алынып тасталған карталар 1 жыл сақталғаннан кейін жойылады.
Жедел-анықтамалық тіркеулердің
объектілеріне адамдардан басқа
антиквариаттық заттар,өнер туындылары,қару-жарақ,авто-
ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ -нің 1999 жылғы 18қарашадағы ортақ №548 ЦО\579 бұйрығы бойынша осы тіркеудің автоматтандырылған мəліметтер базасы ҚР ІІМ Криминалдық Ақпараттар Басқармасына берілді.
Тіркеуге тарихи ,
көркем жəне ғылыми бағалы
: ұрланған , жоғалған , алынған,табылған,тəркіленген,
Ұрланған, жоғалған , алынған , өзі əкеліп тапсырған ойық ұңғылы қаруды есепке алу – əскери ,спорттық,аңшылық ойық ұңғылы қаруларды заңсыз алу фактілерін анықтау жəне осы фактілерге байланысты жасалған қылмыстарды ашу үшін жүргізіледі . Қарулардың карточкасында оны негізгі белгілері көрсетіледі (түрі,моделі, нөмірі, калибрі,жасалған орны жəне т.б.).
Қарулардан маркировкалық белгілердің өзгертілу белгілері табылған жағдайларда оларды зерттеу үшін жедел-криминалистикалық бөлімшелерге жібереді. Егер қару қылмыс жасауға қолданылды деген негіз болса оны тіркеу құжаттарын толтырғаннан соң алынған патрондарымен қоса тəжірибелік атыс жасап оқ пен гильзаны оқ -гильзатекасына жіберіп тексеру үшін жедел-криминалистикалық бөлімдерге жібереді.
Кеден бекеттерінен,автоматтық
сақтау камераларынан-ұсталған, табылған
заттар жəне жалпы мемлекеттік
айналымда жүрген ұрланған ,
алынған құжаттар сондай
-ақ нөмірлік заттарды
(фото-кино-бейнеаппаратуралар,
Егер тексеру барысында ұрланған зат немесе құжат тіркеуде ұрланған зат есебінде тұрса,онда бұл туралы қызығушылық білдірген органдарға хабарлайды.
Нөмірлік заттың жеке нөмірі бар əрбір бөлшегіне қосымша карта толтырылады .
Іздеуде жүрген жəне иесі жоқ автотранспорт құралдарын есепке алу –іздеуде жүрген жəне иесі жоқ автотранспорт құралдары жəне тіркемелері туралы ақпараттарды жина ,жүйелеу,сақтау жəне өңдеу үшін, сонымен қатар іздестіру шараларын жүргізу жəне жол полициясы бөлімшелерінде транспорт құралдарын тіркеуге алу мақсатында жүргізіледі .
- ҚР ІІО жүргізілетін криминалистік тіркеулер

- Криминалистикалық фото суретке түсіру
- Криминалистикалық фото суретке түсіру
- Криминалистика пәнiнің түсінігі
- Криминалистика пәнінен зертханалық жұмыс есебі
- Криминалистика понятие
- Криминалистика-Почерковедческая экспертиза
- Криминалистика ұғымдары
- Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
- Криминалистикалық идентификация
- Криминалистикалық идентификация және диагностика
- Криминалистикалық идентификация және диагностика
- Криминалистикалық идентификация және диагностика
- Криминалистикалық идентификация және диагностика
- Криминалистикалық идентификация және диагностика