Кәсіпорын экономикасы мәні және оның мазмұны

                                              МАЗМҰНЫ

       КІРІСПЕ ..................................................................................... 3 

       Негізгі бөлім ............................................................................... 4

             

       1.    «Кәсіпорын экономикасы» мәні және оның мазмұны ……… 4 

    2.    Қазақстан Республикасының кәсіпорын экономикасының                    даму жолдары және бағыты………………………………………. 12 

       Қорытынды.................................................................................14 

       Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................15 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

       Реферат тақырыбын негізгі екі бөлімде қарастырамыз. Бірінші бөлімде кәсіпорынның мәні мен мазмұнын қарастырамыз. Алдымен кәсіпорынның анықтамасын береміз. Кәсіпорын деп - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Ал кәсіпорын экономикасы - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады. Сонымен қатар экономика түрлері мен олардың кәсіпорындағы маңыздылықтарын, өндірілген өнімнің саны мен сапасын, өткізу көлемін және өткізуден түскен кіріс пен пайда мәселелерін қарастырамыз.

         Екінші бөлім Қазақстан Республикасының  кәсіпорын экономикасының даму  жолдары мен бағыты мәселесіне  арналған. Кәсіпорынды зерттеудің негізгі объектілерін, кәсіпорын жұмысының негізгі факторларын, кәсіпорын экономикасы және оның басқа ғылымдармен байланысы жөнінде қарастырамыз.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Негізгі бөлім

       1.    «Кәсіпорын экономикасы» мәні және оның мазмұны 

       Пәннің  түсінігі

           Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы обьектісі болып табылады. Шарушылық өміріндегі көкейтесті, ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығын қысқаша «Қазақстандағы экономика», ал батыста – «Экономика» деп атайды.

       Экономика түрлері және экономикалық жүйелер

       Экономиканың  екі түрі бар. Біріншісі – позитивтік (оң) экономика. Ол экономиканың объективтік немесе ғылыми жолдарын іздейді. Позитивтік экономиканың талас мәселелері аз деуге болады. Мысалы, экономисттердің көбі мынаған келіседі – егер үкіметке кейбір тауарларға кейбір салық салатын болса, оның бағасы өседі; ақша қоры жылдам және тұрақты өсетін болса, ол тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуіне әкеледі.

       Екіншісі  – нормативті экономика. Ол субъективтік, жеке (дербес) баға беру жұмысымен байланысты. Экономиканың біріншісі – бар  немесе болу мүмкін принципімен байланысты болса, екіншісі – болуы керек  деген бағалаумен байланысты.

       Әміршіл экономика. Экономикалық жүйені ұйымдастыру  тәсілі, мұндағы материалдық ресурстар  – мемлекеттік ресурстарды құрайды, ал экономикалық қызметін бағыттау мен  үйлестіру – орталық жоспарлау  арқылы жүзеге асырылады. Әміршіл экономикада  өндіру мен тұтыну, «не», «қалай»  және «кім» үшін өндіру жайлы барлық шешімдерді мемлекет қабылдайды.

       Ашық  нарықтық экономика. Осы экономикалық жүйеде, елдің тауарлар мен қызметтер  экспорты мен импорты жүзеге асырылады. Сондай- ақ, басқа елдермен де қаржы мәселесі арқылы байланысады. Ашық нарықтық экономикада (free market based economy) кәсіпорта мен үй шаруашылының ресурс туралы барлық шешімдерді мемлекет кіріспейтін өзара әрекеттестік процесінде қабылдайды. Нарықтық экономика – нарықпен қатар тауарлар мен қызметтерді өндіру, тұтыну, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласын біріктіретін экономика саласы. Онда ресурстарды пайдалану туралы шешімді нарық қабылдайды. Осындай экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік – сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті болып табылады.

       Ашық, еркін нарықтық экономикада баға тек қана «не» және «қалай» өндіріледі деген мәселелерді анықтамай, оған қоса «кім үшін» деген шешімді  де ашады.

       Аралас  экономика. Аралас экономика жүйесінде  мемлекет те, жеке меншік сектор да тұтас  қоғам алдында қойылған «не», «қалай»  және «кім үшін» сұрақтарын шешуде маңызды роль атқарады. Барлық елдердің экономикалық жүйелері аралас болып  саналады, бірақ елде экономика әміршіл  жағына, ал кейбір елдерде – нарықтық жағына сүйенеді. Қандай экономиканы  алмасақ та, мемлекет макроэкономикалық  мәселелерді шешуге тиіс.

             Теориялық және қолданбалы эконмиканың  негізі болып саналатындар:

    • экономикалық дамуды зерттеу;
    • жалпы халық шаруашылығы саласының жұмыс істеуін және жеклкенген кәсіпорындарды (фирмаларды) зерттеу;
    • экономикалық саясаттың негізгі принциптерін алдын ала әзірлеу.

          Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

       Кәсіпорынның  шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді. 

         Кәсіпорын экономикасы - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.

       Соңғысының  әр түрлі себептері бар, атап айтқанда-өндірісті қорлармен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу; ;

    • өндірілген өнімнің саны мен сапасы;
    • өткізу көлемі;
    • өткізуден түскен кіріс пен пайда. Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлар айқындайды.

         Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:

       1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар:

    • ғимарат, құрылыс,
    • құрал-жабдық, аспаптар,
    • жер,
    • шикізат-материалдар,
    • отын,
    • жұмыс күші,
    • ақпарат және т.б. жатады.

       2.Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:

  • ғылыми-техникалық прогресс;
  • өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;
  • кадрлардың біліктілігін жетілдіру;
  • инновация мен инвестиция.

       3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметерінің коммерциялық сапасын қалыптастыру факторлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызметтері.

       Кәсіпорын қызметінің негізгі  факторлары:

       1Жер.  Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар "орны толатын" және "орны толмайтын" болып бөлінеді.

       2.Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құрамы.

       3.Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет керсетіледі.

       4.Кәсіпкерлік-меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық,  шаруашылықтық  және басқа да қызмет.

       5.Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай  шектелген  ақша қаражаты.

  • Кәсіпкер— жеке тұлға, ол:
  • өндірістік-шаруашылық;
  • көтерме сауда
  • инновация;
  • кеңестер беру;
  • коммерциялық делдалдар;

      - бағалы  қағаз операциялары және тағы  да басқа сияқты заңмен тыйым  салынбаған кез келген қызмет  түрлерімен айналысуына құқылы.

       Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды:

    • зерттеуді бастаудан өндірісте алғаш рет игеруге дейін;
    • алғашқы игеруден бастап бұйымды тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін;
    • одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады.

       Кәсіпорын экономикасы пәнін түсіндіру  үшін ең алдымен негізгі экономикалық проблемаларды шешуде кәсіпорындардың  алатын орны мен рөліне сүйенуіміз қажет.

       Нарықтық  экономика жағдайында кәсіпорын  шаруашылықты жүргізудегі негізгі  обьективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктык сұраныты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп  қана қоймай, сонымен қатар халықты  жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын  ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн. Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

       Өндіріс, кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру «Кәсіпорын экономикасы» пәнін зерделеу болып  табылады. Өндірістік қызметтердің заңдылығын  түсіну негізінде нақтылы өндірістік мақсаттарды іске асыруда шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.

       Кәсіпорын экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына обьективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару –  бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

       Қәзіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны  құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін өзі басқару оргондарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.

       «Кәсіпорын  экономикасы» бағамын зерделеуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және оның мәні мынада:

    • кәсіпорын меншік нысанына салалық құрамында болуына қарамастан бірінші буына халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады, ақырғы соңында  кәсіпорынның тиімді жұмыс істеу деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әлауқатының деңгейіне байланысты болады;
    • нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін жан жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысындар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді.

      Осыған  сәйкес пәннің негізгі мақсаты мына төмендегілерден тұрады:

    • кәсіпорындарда негізгі әрекет ететін шаруашылақ тетіктерінің негізгі элементтерін құрау;
    • алдын ала анықтайтын нарықтық экономиканың талаптарына сай шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары  мен әдістерін кеңінен енгізу;
    • меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорын экономикасы мен ұйымдастыру ерекшеліктерін зерделеу.

           Кәсіпорынның экономикасы жане басқа да экономикалық ғылымдармен байланысы:

       Қайбір  кәсіпорын болмасын өзінен өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелкей байланысты, бірінші жағынан  – өндіріс факторы рыногі, екінші жағынан – өткізу рыногі арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы  жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көз қарасты қарайды.

       Кәсіпорын экономикасы микро және макро экономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика – бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекеленген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлеиін қалай тағайындайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің  экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің ұйымдық нысаны және құқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шарушылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жұмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.

         Макроэкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу болып табылады.

       Макроэкономика  – бұл экономиканы бірыңға й тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс – белгілі баға бойынша тұтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс – бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.

       Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы  өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жұмыссыздық деңгейін және т.б.талдайды.

       Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика  бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономикаға құрылымның жалпы көрінісінің және халық  шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетуге өзінің алдына мақсат етіп қояды.

       Әр  елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макроэкономикасы аралас экономикада болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер  кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік  емес кәсіпорындарды макро дәрежеде басқару қажеттілігі және макро  деңгейде ұйымдастыру және басқару  ролінің өзрегуі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, кандай және кайда  қызмет көрсету қажеттілігін рынок  анықтайды.

       «Кәсіпорын  экономикасы» пәні «Кәсіпкерлік экономикасы», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бухгалтерлік  есеп жіне шығармашылық қызметін талдау», «Қаржы», «Статистика» және т.б.пәндерімен тығыз байланысты.

       Кәсіпорын экономикасы үшін берілетін шама бар. Ол әр уақытта есепке алынады. Халық шаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы, қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық ілгерілеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми техникалық жетістіктер және т.б.кәсіпорындарының жағдайын өзгертуге әкеліп соқтырады. Керісінше, кәсіпорын экономикасын зерделеу объектісі, мысалы, өндіріс шығындары макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтан да зерттеулерде осыларды ескеру қажет.

       Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономикалық пән болып табылады, пәннің мән  мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-әрекетін әзірлеу процессін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.

       Кәсіпорын белгілі бір кәсіпкерлік ортада қызмет атқарып, оның барлық іс-әрекетіне ықпал көрсетеді. Кәсіпкерлік орта қалыптасқан экономикалық және саяси ахуалды, құқықтық, әлеуметтік мәдени, технологиялық, географиялық ортамен, экологиялық жағдаймен, сонымен бірге институционалдық және ақпарат жүйелерін сипаттайды.

       Кәсіпорын экономикасын зерттеудің негізгі объектісіне  жататындар:

  • кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәісіп өндрісінің үлгісі, өндіріс кезенің ұйымдастыру;
  • өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
  • шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
  • өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қорландыру;
  • өндірістің материалдық техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;
  • өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
  • өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;
  • өндірістің қарды ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелді баға;
  • кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;
  • кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

       Сонымен, кәсіпорын экономикасы – өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім кәсіпорындарының есепшоттарындағы ақша қаражаттары, құнды қағаздар, материалдық емес меншікті қор ( патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлы қызмет көрсетулер.

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       2.    Қазақстан Республикасының кәсіпорын экономикасының даму жолдары және бағыты 

      Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

       Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға төмендеді. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет қатысты.

       Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық  кәсіпорындарға байланысты. Соңғы жылдары  елдің жалпы экономикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштерінің ықпалының күшейгені байқалады.

       Қазақстанның  осы саласында 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс  істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды.

       Экономиканың  тұрақты дамуға көшу жағдайында кондитерлік  кәсіпорындарды стратегиялық басқару  қажет. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуі тиіс.

       Қазақстанның  бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын  шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік  қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

       Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен  бағалаудың өте көп әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық кәсіпорында  осы әдістер өте төмен деңгейде пайдаланылады. Біздің ойымызша, бұған  осы әдістерді пайдалануға қажетті  ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті  мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр.

       Қазіргі экономикалық жағдайға орай 50 ел қатарына қосылуда, ДСҰ (ВТО) кіруде республикамыздағы  кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.

       «...Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің  пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды...»  деп 2010 жылғы 29 қаңтарындағы жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –  қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. назарбаевтің Қазақстан халқына  Жолдауында айтылды.

       Нарықтық  дамудың күрделілігі мен алуан  түрлілігі, шаруашылық үрдістердің  қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан  жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап  етеді.

       Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік  саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған  мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге  тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.

       Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының экономикалық стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін  мемлекеттің экономикалық саясатындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде  қарау керек. Нарықтық құрылымдардың  дамуы кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып саналады.

       Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде  нарықтық құрылымдардың негізгі  буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз  көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі  болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың  негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен  қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің  төмен деңгейі және басшылар мен  мамандардың жеткіліксіз дайындығы  кедергі жасайды.

       Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың  құрылымдарын қайта қараудың теориялық  негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады.

       Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын  және кәсіпорынды экономикалық дамудың  негізгі буыны ретінде көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазіргі  даму кезеңінде  кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны қолдану өте маңызды.

       Экономикалық  стратегияны жетілдірмей шаруашылық жүргізудің негізгі буыны-кәсіпорынды  дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда  шешуді қажетсінуі зерттеу жұмысының  өзектілігін айқындай түседі. 

Кәсіпорын экономикасы мәні және оның мазмұны