Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары. 11
'''Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы және Алаш қозғалысы туралы '''
Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы және Алаш қозғалысы туралы Алайда өмір шындығы өз дегенін істеді. Ауыл күрт өзгерді. 1917 жылғы көктемнің аяғы мен жазында жаппай туған жерлеріне оралған 150 мың тыл жұмысына қатысушылар өз білген-түйгендері бойынша саяси ортаға белгілі бір әсер-ықпалдарын титізді. Олар қазақ ауылындағы саяси өмірдің оянуына көп ықпал етті. Тыл жұмысшыларының белгілі бір бөлігі елдің орталығында және майдан шебінде шыңдалды, саяси күрестің әйгілі мектебінен өтіп, табанды әрі батыл қимылдар жасады.
Орталық Ресейде тылдын қара жұмысына қатысқандардың бірі Ақмола облысынан шыққан Е. Бекмұхамедов майдан шебіндегі тыл жұмыстарында большевиктермен қалай танысқанын еске алады. «Күнде кешке, - дейді ол, - бізде Кеңес өкіметі, болашақ өмір туралы қызу әңгімелер жүріп жатады, кейбіреулер большевиктер партиясының қатарына кіруге әзірленіп жүрді. Бірқатар қазақ жұмысшылары басшылықтың рұқсатын күтпестен Отанына қайтып жатты». [1]. Олардың құрамында 1920 жылы коммунистік партияның қатарына өткен осы естелік авторы да болды.
Тыл жұмысына қатысушылардың бірі 1917 жылы жаздың басында Каменец-Подольск ауданынан Жетісуға қайтқан Жүсіп Бабаев былай деп жазды: «Біз ауылға Уақытша үкіметке деген жек көрушілікті... және өз алдымызға кедейлер мен батрақтарға ұйымдасу қажет деген түсінікті ала келдік. Біз өзімізбен бірге... Кеңес өкіметі үшін болып жатқан орыс пролетариатының күресі туралы хабарды елге жеткіздік». [2].
Мазмұны [жасыр]
|
[өңдеу]Бірінші Бүкіл қазақ съезі
1917 жылы мамырдың аяғы мен
маусымнын басында ғана Омбы
арқылы Ертісті жоғары
бойлай Шығыс Қазақстанға 300 тыл жұмысына
қатысушылар қайтып келе жатты. [3]. Көпшілігі Ресейдегі революция
туралы хабарды ғана емес, ол туралы жазылған
кітаптар, тіпті қару да әкеле жатқан еді.
Мәселен, 1917 жылы 5 маусымда Омбыда «Нор-Зайсан»
кемесіне отырғызу кезінде тыл жұмысынан
қайтқан қазақтардан қару тәркіленген. Павлодар облысыны
Мұндай жағдай өлкенің басқа өңірлерінде де орын алған. 1917 жылы 26 маусымда Түркістан әскери округі Қазалы, Перовск,Түркістан, Ташкент теміржолы стансаларындағы барлық гарнизондық теміржол комитеттеріне мынадай бұйрық берді: «Жергілікті тұрғын жұмысшыларға (яғни тыл жұмысынан қайтқандарға. - авт.) мұқият қараңдар, атылатын және басқа да суық қарулары болса, алынсын... Жолаушылар пойызын алып жүретін әскери тексерушілер мен әскери күзетшілер майдан жұмысынан қайтып келе жатқан жергілікті адамдардың жүк-багажына ерекше назар аударсын». [5].
Тыл жұмысына қатысушылардың белгілі
бір бөлігінің бұдан арғы қызметі
қазақ еңбекшілерінің арасына
большевиктер идеясын жеткізуге арналды,
жұмысшы және шаруа депутаттары жергілікті
Кеңестерінің белсенді мүшелері және
Кеңестерге жақын келетін еңбекшілердің
бұқаралық ұйымдарын құрудың бастамашылары
болды. Өз ауылы мен қаласына келісімен
олар Уақытша үкіметке, оның жергілікті
органдарына қарсы пиғылдағы күштердің
қатарын толықтырды. 1917 жылы 14 маусымда
Уақытша үкіметтің Ақмолауездік комиссары облыстың орталығы
Омбыға тыл жұмысынан қайтқан қазақтардың үкіметке қарсы үгіт-насихат
жүргізіп, жергілікті қазақтарды Уақытша
үкіметке қарсы қойып отырғанын жеткізді,
ал Уақытша үкіметтің Астрахан губерниясының
комиссары міндетін атқарушы шенеунік
өзінің Ішкі істер министрлігіне жіберген
жедел хатында Бөкей Ордасының тыл жұмысынан қайтқан қазақтары
Уақытша.үкіметтің жергілікті ұйымдарына
қарсы сөйлегендерін хабарлады. [6]. 1917 жылдың көктемі мен жазында
қазақ еңбекшілерінің арасында тыл жұмысына
қатысушыларды біріктіретін ұйымдар,
жұмысшылар мен Кеңестерді қолдайтынреволюцияшыл-демократ
«Қара жұмыс істейтіндер одағын» ұйымдастыру мен нығайтуға және оны Жетісудың жергілікті халықтары арасында большевиктердің тірегіне айналдыруда А. Розыбакиев, Ж. Бабаев, X. Фариденов және т.б. үлкен рөл атқарды. Верныйлық «Қара жұмыс істейтіндер одағы» Құрылтайға, яғни мұсылман саудагерлер мен кәсіпорын иелерінің қалалық комитетіне қарсы шықты. 1917 жылы маусымның аяғына қарай «Одақ» құрамындағы қазақ, ұйғыр жне татар жұмысшыларының саны 600-ге жетті. А. Розыбакиевтың айтуынша, «Одаққа» мүшелікке барлық ұста дүкендері, кірпіш зауыттары мен ұсақ кәсіпорын жұмысшыларының басым көпшілігі, қолөнершілер мен қызметшілер кірген. Одақтың бөлімшелері Шелек, Малыбай, Лавар және Верный уезінің басқа да елді мекендерінде ұйымдастырылған. [7].
«Одақ» өз мүдделерін қорғау және ресми биліктің халыққа қарсы әрекетін әшкерелеу мақсатымен еңбекшілерді топтастыру идеясын кеңінен насихаттады. Халық арасында Жетісудың барлық қалаларында, тіпті кейбір ауылдар мен қыстақтарда жаздырып алушы оқырмандары бар сатиралық «Садақ» журналы кеңінен пайдаланылды. Журналда жергілікті басшылар мен діни қызметкерлердің жағымсыз істерін сын қаламымен түйреген О. Жандосов қызмет етті.
Қазақстанда кәсіподақ қозғалысы жылдам epic алды. 1917 жылы наурызда-ақ Семейде кәсіподақ ұйымдастыру қажет деп тапқан тау-кен жұмысшыларының жиналысы өтті. Жиналыстың шешімімен екі комиссия ұйымдастыру және үгіт-насихат комиссиялары құрылды. Ұйымдастыру комиссиясына кәсіподақ ережесінің жобасын жасау тапсырылды. 1917 жылы сәуірде Оралда «Құрылысшылар мен тау-кен жұмысшыларының кәсіподағы» ұйымдастырылды, ал Гурьевте (қазіргі Атырау) «барлық мамандық жұмысшыларының кәсіподағы» қызмет етті. 1917 жылы жазға қарай Семейде кәсіподақ ұйымдарының 11 саласы өз қатарына 3000 жұмысшыны біріктірді. [8].
Елдегі болып жатқан осы оқиғалардың
әсерімен Қазақстанның шаруалар бұқарасы
да өлкенің саяси өміріне белсенді
түрде қатыса бастады. Мұның айқын
куәсі 1917 жылы жазда шаруалардың, қазақтар
мен қазақ депутаттары
Наурыздың аяғында-ақ (1917 жыл. 30 наурыз)
Ташкентте басылып шығатын «
1917жылы сәуірде Петербургтен
Перовскіге (Ақмешіт) келген Мұстафа
Шоқайдың айтуы бойынша, ол
кезде Ақмешіттегі (қазіргіҚызы
Түркістан өлкесінің орталығында және Сырдария облысының Ташкент қаласында саяси өмір жандана бастады. Тұтастай еуропалықтардан тұратын және жергілікті (мұсылман) халықтардың өмірімен санаспайтын жұмысшы, солдат депутаттарының ташкенттік Кеңесіне қарама-қарсы өлкеде әрқайсысы өз алдына Түркістанның жергілікті халықтарының мүдделерін қорғайтын екі саяси партия құрылды. Олардың алғашқысы жәдиттердің, яғни ұлттық-демократиялық қозғалыстың күшімен құрылып, «Шура-ислами» («Ислам кеңесі») деп аталды. «Шура-ислами» басшыларының арасында өздерінің саяси белсенділіктерімен М. Карры, У. Хожаев, М. Бехбуди және Түркістанның басқа да белгілі азаматтары көзге түсті. [10]. «Шура-исламидің» жұмысына 1917 жылы сәуірде Петроградтан Түркістанға оралған М. Шоқай да араласты. «Шура-исламилықтар» тұтастай алғанда Уақытша үкіметтің саясатын қолдады және Түркістанның демократиялық жолмен дамуын құптады. «Шура-ислами» партиясының ұйымдары өлкеде кеңінен ашылды және Сырдария облысының қалаларында ғана емес, Жетісуда да өз топтары болды.
Өзбек зерттеушісі С. Ағзамходжаев атап көрсеткеніндей, «Шура-исламидің» құрылуы Түркістан (Қазақстаннын оңтүстік облыстары да кіреді. — К.Н.) өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды, бұл партия қалыптаса келе «Түркістанда ресейлік үлгідегі қосөкіметтілікті қолдамады. Сөйтіп Түркістанның саяси аренасында үш өкімет орнықты» [11]. : Кеңестер, Уақытша үкіметтің билік органдары және өзін жергілікті (мұсылман) халқының сайланып қойылған үкіметі деп атаған «Шура-ислами» партиясы.
Екінші бір партия — өзін «Шура-улема» («Діни кауым кенесі») деп атап, Серәлі Лапиннің жетекшілігімен 1917 жылы маусымда «Шура-исламидің» құрамынан шыққан мұсылмандардың топтасуымен құралды. Бұл әлсіз әрі мүшелерінің саны аз ұйым іс жүзінде Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының өміріне айтарлықтай ықпалын тигізе алған жоқ.
Егер салыстырмалы түрде Түркістанда «үш өкімет» құрылды десек,онда Қазақстанның; өз жағдайында да «көп өкіметтілік» орнықты деп айтуға болады. Мұнда«үш өкіметтің» жоғарыда аталған тармақтарына қосымша Батыс, Солтүстік Қазақстан мен Жетісуаумағында орналасқан Орал, Орынбор және Жетісу қазақ станицалары тұрғындарының үкіметін, сондай-ақ облыстық қазақ комитеттерін және Ә. Бөкейханов пен оның серіктері ұйымдастырған, жалпы халықтық «Алаш» партиясын қосуға болады.
Осының бәрі өлке саяси өмірінің
күрделі екендігін және оның қоғамдық-саяси өмірін басқаруға Уақытша
үкімет пен жұмысшы және солдат депутаттарының
Кеңестері органдарымен қатар үмітті
болған көптеген ұйымдардың барын куәландырады.
Олардың қатарына әдетте 1917 жылы көктем
мен жаздың басында өткен облыстық және
уездік съездерде сайланған шаруа депутаттарының
Кеңестері де кіреді. Орал, Ақмола, Ақтөбе,
Саясатқа жастар да тартылды: өз қатарына оқушы жастар мен ауыл мүғалімдерін біріктірген қазақ жастарының ұйымдары мен үйірмелері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Іс жүзінде Ақпан төңкерісінен сон іле-шала Қазақстанның қалалары мен ірі елді мекендерінде түрліше аталатын 20-дан астам ұйымдар пайда болды. Олардың қатарына Омбыдағы «Демократиялық жастар кеңесі», Ақмоладағы «Жас қазақ», Спасск зауытындағы «Жас жүрек», Петропавлдағы «Талап», Семейдегі «Жанар», Әулиеата уезінің Мерке ауылындағы «Қазақ жастарының революциялық одағы» ұйымдары жатады.
Алғашында жастар ұйымдарының көпшілігі алдына мәдени-ағартушылық міндеттер қойды. Уақыт өте келе қоғамдық-саяси қозғалыстардың өрістеу барысында олар саяси, әлеуметтік және таптық мәні бар мәселелер қоюға және шешімін табуға біртіндеп жақындап келе жатты. Мәселен, ақмолалық «Жас қазақ» ұйымы бұрынғы болыстардың билікке жіберілмеуін талап етті, қазақ халқын белсенділік танытуға шақырды, өз іс-қимылын большевиктермен байланыстыруды ұсынды. Осы ұйымның басшысы Сәкен Сейфуллиннің атап көрсеткеніндей, оның ережесінде мына тұжырым нақты айтылды: «Жас қазақ» ұйымы төңкерісшіл партияны Ресейдегі ең сенімді партия деп есептейді және онымен тізе қоса отырып әрекет жасайды». [12].
«Жас қазақ» ұйымының басшылық құрамын С. Сейфуллиннен басқа кейін коммунистік партияның мүшелері болған және Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан А. Асылбеков, Б. Серікбаев, Е. Бекмұхамедов, Ж. Нұркин және басқалар толықтырды. «Жас қазақ» ұйымын құру кезінде оның қатарында 50-дей адам болды, кейін ол сан біртіндеп өсе берді.
Т. Рысқұлов құрған «Қазақ жастарының революциялық одағының» құрамына қазақ және қырғыз жастары кірді, олар барлығы — 30-дай адамды (К. Сарымолдаев, И. Әсімов, Т. Тоқбаев, С. Абыланов т.б.) құрады. Одақ әулиеаталық большевиктер С.К. Хмелевский, Н.И. Чернышев, С.А. Федоров-Заводскийлермен тығыз байланыс орнатты. Олардың ықпалымен «Қазақ жастарының революциялық одағы» уездегі қазақтар мен қырғыздар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осы жастар ұйымы қатарынан Тұрар Рысқұлов және Қабылбек Сарымолдаев тәрізді кеңестік Қазақстан мен Түркістанның ірі қоғам қайраткерлері өсіп шықты.
Саяси жағдайлардың шиеленісе түсуіне орай кейбір жастар ұйымдары большевиктер басқаратын кеңестерге қосылып кетті, ал басқалары мәні жағынан ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының жастар филиалдарына айналды.
Монархия күйрегеннен кейінгі кезеңде «Алаш» көсемдері қазақ халқының болашақ мұраттары — еркіндік пен бірігу идеяларын кеңінен насихаттай бастады. Сонымен бірге халықты өз мемлекетін орнатуға шақырды. «Қазақ» газеті арқылы олар қазақтар үшін қабылдауға тұрарлық мемлекеттік басқару принциптерін түсіндірді. 1917 жылы 11 маусымда «Алаш» көсемдері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Жәнібеков, М. Дулатов, С. Қадырбаев, Е. Ғұмаров, И. Әлімбеков, Н. Бегіметовтер қол қойған «Шорай ислам» атты мақала жарық көрді. Олар мұнда Мәскеудегі бүкіл мұсылмандар съезінде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға байланысты бірқатар мәселелер көтерді. [13].
1917 жылы шілденін басында елдің
орталығында саяси жағдай күрт
өзгерді. Петроградта 4-5 шілдеде
большевиктер ұйымдастырған
Осындай қиын-қыстау сәтте қазақ
ұлттық-демократиялық
Осындай себептерден келіп, ұлттық-демократиялық интеллиге
1917 жылы Ақпан революциясының
жеңісінен кейінгі елдегі
Бұл жерде олар ресейлік буржуазиялық басты партия — кадеттерге идеялық жағынан жақын екендіктерін жасырған жоқ, билікке келуінің алғашқы айларында Уақытша үкімет сөз жүзінде қолдау көрсетіп тұрған еді.
Алайда бұдан арғы оқиғалар көрсеткеніндей, Уақытша үкімет Қазақстанда патшалық самодержавиенің саясатын жүргізуді жалғастыра берді. Империалист мазмұнға жақын тұрған ол ұлттық мәселені шынайы демократиялық жолмен шеше алмайтын және аграрлық мәселені шешуге тіпті талпынбағанын да жоғарыда атап өттік. Басқа да езілген халықтар тәрізді қазақтардың болашақ саяси даму жолын өзі айқындауы немесе автономия мәселесін тіпті сөз еткісі де келмеді. Бұл Ә. Бөкейхановтың кадеттер партиясынан шығатыны туралы «Қазақ» газетінде ашықтан-ашық мәлімдеуіне себеп болды. [16].
Осындай жағдайда қазақ либерал-демократиялық интеллигенция өкілдері жағдайдың және саяси күштердің жедел өзгеруін есепке ала отырып, жалпы қазақ съезін өткізуді тездету туралы шешім қабылдады.
[өңдеу]Бірінші Бүкіл қазақ съезінің шешімдері
Қазақстанның барлық облысынан дерлік өкілдер қатысқан 1 Бүкіл қазақ съезі 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Күнтәртібінде 14 мәселе қаралды: мемлекеттік басқару жүйесі, автономия, жер мәселесі, милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, дін мәселелері, әйелдер құқы, Құрылтай жиналысын шақыру және оның қазақ облыстарындағы сайлауына дайындық, бүкілресейлік мұсылмандар съезі, саяси партия құру, Жетісу облысындағы оқиға, қазақтардын Киевте өтетін Бүкілресейлік Федеративтік кеңеске және халыққа білім беру мәселесі бойынша Петроградта ұйымдастырылатын комиссияның жұмысына қатысуы. Делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысы сайлауына дайындық, ұлттық саяси партия құру мәселелеріне аударды. М. Құл-Мұхаммедтің пікірі бойынша съезде екі ұстаным басымдылыққа ие болды. Біріншісі А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың «тәуелсіз автономия құру» идеясы. Екіншісі Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың «аймақтық-ұлттық автономия құру туралы» ұсынысы. [17].
Съездің басталуынан бір ай бұрын-ақ
«Қазақ» газетінде осы аталған
мәселелер, алғашқы кезекте автономия
мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар
айтылған мақалалар топтамасы
А. Байтұрсынов пен М. Дулатов
«тәуелсіз автономиялық мемлекет құру»
қажеттігін айтты. Ә. Бөкейханов «Ресей
Федеративтік демократиялық парламенттік рес
Съезд жұмысында жер мәселесі басты назарда болды. Бұл мәселе бойынша мына тұрғыдағы қаулы қабылданды: қазақ қоғамынан жерді тартып алу тоқтатылады; тәркіленген барлық жер, сондай-ақ қоныс аударушыларға бөліп берілмеген жерлер қазақ халқының игілігіне қайтарылады: қазақ даласына қоныстандыру үрдісіне тыйым салынады және т.б. [19].
Съезд Құрылтай жиналысының болашақ
депутаттарына аграрлық мәселе бойынша
елдегі әр түрлі саяси партиялармен
бірлесе отырып қандай да бір келісімге
келу мүмкіндігін қарастыруды
Съезд Құрылтай жиналысына дайындық
туралы мәселені талқылады, оның депутаттығын
қабылданған кандидаттардың тізімі
81 адамнан тұрды.Оған Қазақстанның
барлық өңірлерінен, сондай-ақ Бұхара,
Хиуа және Ферғанадағы қазақ
Съезд шешімдерінің қабылдануына «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан қазақ интеллигенциясы ерекше ықпал етгі. Озық ойлы, парасатты қазақ зиялыларының белсенділік танытуымен бұрынғы отаршыл биліктің кезіндегі клерикалды соттардың жойылуы, олардың орнына заңдық құрылымдардың енгізілуі тиіс болды; әйелдер ерлермен тең дәрежедегі құқыққа ие деп шешілді; қалыңмалға тыйым салынды, ислам дінінің қоғамдағы қызметі анықталды. Білім беру тегін және азаматтық билікке бағынуы тиіс болды. Бұл мәселеде бастауыш білім алу міндетті, оқыту алғашқы екі жылда ана тілінде жүргізілуге тиіс делінді. [20].
Сонымен бірге съезд дін мәселесін қарап, Ақмола, Семей, Жетісу және Каспий жағалауы (Маңғыстау уезі) облыстарының қырғыздары (қазақтары) уақытша Орынбор муфтиатына қосылады деп шешті.
1917 жылдың жаз айындағы оқиғалар
елдегі саяси жағдайды тым
құр делендіріп, қоғам өмірінде
қарама-қарсы үрдістер туғызды.
Петроградтағы 1917 жылғы жазғы оқиғалар, барлық биліктің уақытша үкіметтің қолына өткеннен кейінгі кезеңде елде үкіметке деген бұрынғы сенім жоғала бастады, тіпті оған деген өшпенділік өрши түсті. Мәселен, уездің әр түрлі ұйымдарынан 116 делегат қатысқан Ақтөбе азаматтық комитетінің жалпы жиналысы мынадай қаулы шығарды: «Ақтөбе уезінде жоғарғы бақылау билігі шаруа, қазақ, солдат және жұмысшы депутаттарының Кеңесі деп есептелінсін». [23].
Аталған жағдай қалалық думаның сайлауында да байқалды. Сайлау қорытындылары елдің орталық үкіметінің және оның жергілікті органдарының құрамында алдыңғы орында тұратын кадеттерге өте ауыр тиді, бұл әсерлерге де күткендей нәтижелер бермеді. Петропавлда кадеттер бір орынға қолдарын әрен жеткізгенде, социал-демократтар 12 орынды еркін иеленді, оның алтауы — большевиктер, қалған алтысы — меньшевик-интернационалистер еді. Семейде кадеттер 4 орынды ғана женіп алса, РСДЖП ұйымы 12 орынға ие болды. Ақтөбеде кадеттерге 2-ақ орын тиді. Мұндай көрсеткіш өлкенің басқа жерлерінде де байқалды. [24].
Тарихи құжаттарды талдау көрсетіп бергеніндей, 1917 жылы шілде айынды Уақытша үкімет пен оның одақтастарының жеңісі әлсіз және сенімсіз болды, ал жұмысшы, шаруа мен солдат депутаттары Кеңестерінің біріккен күштерінің жеңілісі уақытша шегініс саналды. Оған бірінші кезекте Қазақстанның біркатар өңірлерінде Кеңестер (негізінен пролетарлық) рөлінің өскендігі және халықтың әр түрлі топтары арасында большевиктер қызметінің жандана түскені айқын дәлел.
Еңбекшілер мүддесін қорғауда Екібастұз көмір кені мен Батыс Қазақстанның мұнай өндіретін өңірлеріндегі жұмысшы депутаттарының Кеңестері мен кәсіподақ ұйымдары үлкен белсенділік көрсетті. Мәселен, жұмысшы депутаттарының Кеңестері мен кәсіподақ ұйымдары бұрынғы қосөкіметтің тұсында жұмыстан босатылған кейбір әкімшілік өкілдерін жұмысқа қайта алу жөніндегі Орал-Каспий мұнай қоғамдастығы басшылығының талабын қабылдамай тастады. 1917 жылы 26 шілдеде Орал-Каспий мұнай қауымдастығы басшылығына кәсіподақ жолдаған хатта жұмысшы-мұнайшылар кәсіпшілік әкімшілігіне ғана емес, сондай-ақ осы қоғамдық құрылысқа да қарсы шығатындықтарын ашық айтты. [25].
Ташкент округтік сотының прокуроры
1917 жылы 7 тамызда Ташкент сот
палатасының прокурорына
С.Ж. Асфендияров «Мұсылман жұмысшы
депутаттарының Кеңесі» атты мақаласында
жазғанындай, Түркістанның жергілікті
халқының, бірінші кезекте мұсылман
жұмысшылардың саяси
Мұсылман жұмысшы

- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын экономикасы және факторлары
- Кәсіпорын экономикасы мәні және оның мазмұны
- Кәсіпорын экономикасын талдау
- Кәсіптік білім беру
- Кәсіптік білім берудің моделі
- Кәсіптік оқыту әдістері
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары