Кәсіпорынның қаржы жүйесі және инфляция саясаты

 

Мазмұны:

 

Кіріспе..................................................................................................................3

 

 

Ι Қаржы жүйесін ұйымдастыру......................................................................5

 

1.1 Қазақстандағы қаржы жүйесін ұйымдастыру............................................5

1.2Қаржылық жоспарлаудың мәні...................................................................10

 

 

 

ΙΙ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17

 

2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы..............................................17

2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі  бюджет.................................................24

 

 

Қорытынды......................................................................................................28

 

Қолданылған  әдебиеттер...............................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған  егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.

Сонымен қатар, қазіргі  кезде мемлекеттік қаржылардың  қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің  өзіне тән әралуан қызметтерін  қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Бүгінгі, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.

Мемлекеттік қаржылардың  материалдық негізін ақша нысанындағы  құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.

Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады.

Экономикалық категория ретінде  мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің  және жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.

Ал материалдық мағынасында  мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.

Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.

Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды  жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын  қаржылық заңдар құрайды.

Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән – жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді. Мемлекеттің қаржылық жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі мемлекеттік және жекеменшік қаржылар аясындағы мүдделердің біршама болса да теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыттарында жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық қызметі деп мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты  мақсатына қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу, мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру, мемлекеттің қаржылық ресуірстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттің қаржылық қызметі аясындағы уәкілетті органдар жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыретін белгілеу, айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару, қаржылық жоспарларды жүзеге асыру болып саналады.

 

 

 

 

 

Ι Қаржы жүйесін ұйымдастыру

 

1.1. Мемлекетің  қаржылық қызметі және оны реттеу

Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан 1. тиісті қаржылық-экономикалық институттармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен 2. мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен 3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.

Мемлекеттің қаржы жүйесін  құрайтын қаржылық - экономикалық институттар: бюджет жүйесі, бюджеттен тыс мақсатты қорлар, мемлекеттік сақтандыру қаржылары, мемлекеттік банктердің қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.

Мемлекеттің қаржылық құрылымын  арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:

    1. ҚР Қаржы министрлігі;
    2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қаржы дақылау комитеті және Қазынашылық комитеті;
    3. ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар;
    4. ҚР Ұлттық банкі;
    5. ҚР Ұлттық банкінің банктік және сақтандыру қадағалау департаменті, бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті, төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті;
    6. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрайды.

Мемлекеттік  қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.

Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорлардың түрлері мен бағдар-бағыттырын айқындау: мемлекеттің кірістерді қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу: мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; өз қарамағына бекітілген ақшалай қордың функциясын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; ақшалай қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекеттік қорлардан бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің ақша қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық заңдарды бұзғаны үшін қаржылық – құқықтық жауапкершілік белгілеу және заңда белгіленген тәртіппен осы  жауапкершілікке тарту жатады.

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесінің, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемлекет мүдделеріне сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін  қаржылық құқықтың институты болып табылады.

Осы институт реттейтін  обьект ретінде мына: ақша жүйесінің құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық – құқықтық аспектілері; валюталық реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.

Ақша жүйесі деп тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен  бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын  ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша жүйесінің элементтеріне: ресми ақша бірлігі, ақша түрлері, ақшаларды шығару тәртібі, валюта айналымы режимі, ақша айналымын ұйымдастыру жатады.

Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу  жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валюта аталымын көрсететін мемлекет тарапынан белгіленген ақша, яғни ҚР Ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесі болып табылады.

Ақшалардың түрлері  дегеніміз заңды төлем құралы болып табылатын ақшалар мен  олардың номиналдары.Ақшалар қағаз  ақшалар және металл монеталар түрінде көрініс табады.

Мемлекетіміздегі бірден-бір  негізгі эмиссиялық орталық алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды мемлекет атына шығаруды жүзеге асыратып Қазақстанның Ұлттық банкі болып табылады.

Ақша айналамы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен есеп айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы  ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай  операцияларды жүргізу тәртібі  мен қағидаларын белгіеу, нақты ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындау жатады.

Мемлекеттік қаржылар аясындағы  ақшаларға тән функциялар қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысу  құралы және мемлекеттің ақша қорларына  жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау құралы сипатында болады.

Ақша айналымын тұрақтандыру ақша реформаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Ақша реформаларын жүргізу  кезінде: нуллификация, деноминация, девальвация  және ревальвация сияқты әдістер  қолданылады.

Нуллификациялау – айналымнан құны жойылған ақшаларды алып тастап, оның орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау – айналымдағы ақшаларды белгілі  бір ара қатынастарын қолдана  отырып жаңадан шығарылған ақшаларға  айырбастау, ақшалар құнын өзгерту  және массасын азайту, девальвациялау – айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау – ұлттық валюта курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.

Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп халықаралық валюталық құық нормаларын есепке ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысанын айтамыз.

Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюталық жүйемен тығыз өзара қарым-қатынаста және еліміздің экономикасы мен сыртқы экономикалық байланыстарының даму дәрежесіне тәуелді болады.

Халықаралық валюта жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне орай мынадай  түрлері болған:

1. Париж валюталық  жүйесі (1867 ж)

2. Генуя валюталық жүйесі   (1922 ж)

3. Бреттон-Вуд валюталық  жүйесі (1944 ж)

4. Ямайка валюталық  жүйесі (1976 - 1978 ж)

5. Европалық валюталық  жүйесі (1979 ж)

Ұлттық валюта айналымына, сондай-ақ шетелдік валюталарға қатысты  мемлекет тарапынан белгіленіп, қойылған шеектеулер валюта айналымының режимі деп аталады.

Валюталар толығымен  айналыста болатын, жартылай айналатын, айналысқа түсетін болып бөлінеді. Қазақстан валютасы жартылай айналыста  болатын валюталар қатарына жатады.

Валюталық монаполия валюталық құндылықтармен мәміле жасау жөнінідегі текекмемлекеттің құзырындағы нарықтық айрықша қатынастар мен халықаралық валюталық қордың талаптарына сәйкес шектелген құқық болып табылады.

Қазақстандағы валюталық  құндылықтарға: шетелдік валюта, номиналдары  шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттары мен бағалы қағаздар, толығымен тазалау процесінен өткен алтын құймасы және резиденттер мен резидент еместердің арасындағы  операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ұлттық валюта, сондай-ақ номиналдары ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құжаттар жатады.

Мемлекеттің валюталық  монополиясының обьектілері ретінде  мынадай төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар:

    1. Шетелдік банктердің чектері, аккредитивтері және пластикалық карточкалары;
    2. Шетелдік банктердің депозиттік сертификаттары;
    3. Шет мемлекеттердің заемдық облигациялары;
    4. Шет мемлекеттердің қазыналық бондары мен вексельдері;
    5. Шетелдік акционерлік қоғамдар мен компониялардың акциялары;
    6. Шетелдік заңды тұлғалардың облигациялары түрінде көрініс табады;

Валюталық реттеудің негізгі әдістері: валюталық реттеу обьектілерін айқындау; валюталық операцияларды жүргізудің қағидаларын белгілеу; мемлекеттің валюталық монополиясының обьектілерін айқындау; мемлекеттің валюталық монополиясының обьектілерімен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға хақы бар мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; валюталық операцияларды, оның ішінде шетелдік валютамен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға  хақы бар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу; валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтерді лицензиялау: резиденттердің тысқары жерлерден шетел валютасымен беретін және алатын ссудалары мен кредиттерін тіркеу; валютамен жасалатын операцияларға бақылау жүргізу; белгілі бір валюталық операцияларды жүргізуге салынатын тыйымдар мен қойылатын шектеулерді белгілеу сипатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы  басқару мемлекеттік қаржыларға қатысты тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік  және арнайы қаржылық органдардың жүйесін  айқындайтын, сондай-ақ олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы  уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесінде:

А. Мемлекеттегі өкілді билік органдар:

1. Жоғарғы заң шығарушы және  өкілді орган – ҚР Парламенті.

2. Жергілікті өкілді органдар  – Мәслихаттар.

Ә. Мемлекеттің атқарушы билік органдары:

1. Жалпы құзыретті орталық атқару  органы – ҚР Үкіметі.

2. Орталық салалық құзыретті  органдар – ҚР министрліктері  мен ведомствалары.

3. Жалпы құзыретті жергілікті атқару органдары - Әкімдіктер.

4. Жергілікті салалық және функционалдық  органдар.

5. Министрліктер мен ведомствалардың  аумақтық органдары.

6. Жергілікті әкімдіктердің бөлімдері  мен басқармалары.

 

Б. Мемлекеттің арнайы мамандандырылған қаржылық – экономикалық органдары:

1. ҚР Қаржы министрлігі, оның  құрылымдық және аумақтық бөлімшелері.

2. ҚР Ұлттық банкі; оның құрылымдық  бөлімшелері мен оған бағынышты  кредиттік – қаржылық ұйымдар.

3. ҚР Экономика және  бюджеттік жоспарлау министрлігі  көрініс тапқан.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы  басқару деп мемлекеттік қаржылар аясындағы өзекті мәселерді шешуге, алға қойылған  мақсат – міндеттер  мен күтілетін нәтижелерге қол  жетізу үшін қаржылық механизмінің ынталандыру  тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субьектілердің, сондай-ақ қарамағында мемлекеттің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың жүріс-тұрыстары мен іс-қимылдарына жоспарланған және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді айтамыз.

Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды  белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.

Қаржылық жоспарлау  мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару, немесе қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгілеген қызметтері түрінде көрініс табады.

Қаржылық жоспарлау  обьектісі ақшалай қор болып  табылды. Ал ақшалай қорлардың жиынтығы мемлекеттің қаржылық ресурстарын құрайды.

Қаржылық жоспарлардың міндеттері: ақшалай қорлардың қалыптастырылу көздері мен жалпы көлемін  анықтау, ақшалай қорларды пайдаланудың басымды бағыттарын айқындау, қажетті  қаржылық резервтерді құру, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары мен экономика секторлары мен салаларының және әкімшілік – аумақтық құрылымдардың арасында бөлудің ұтымды пропорциясын белгілеу болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері деп қаржылық бақылауды жүргізуге уәкілетті органдардың жүйесін айқындайтын және олардың мемлекеттік қаржылық бақылау аясындағы құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржылық тексерулерді жүргізу тәртібі мен нысандарын белгілейтін қаржылық – құқықтық институтын атаймыз.

 Мемлекеттік қаржылық  бақылау мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың атқарылуын, ақша айналымының ұйымдастырылуын, кредиттік ресурстардің пайдаланылуын, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы мен мемлекеттік резервтердің жайын қаржылық және салықтық жеңілдіктердің берілуін тексеру түрінде жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі міндеттеріне: 1. қаржылық заңдардың  сақталуын қамтамасыз ету; 2. қаржы жүйесінің тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; 3. қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету; 4. мемлекеттің қаржылық ресурстарын заңды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; 5. қаржылық тәртіптің бұзылуын жою; 6. мамандандырылған қаржылық органдардың өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай атқаруына қоолғабыс ету; 7. қаржылық қатынас субьектілерінің мемлекет алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және мүлтіксіз орындауларына қолғабыс ету жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

          1.2  Қаржылық жоспарлаудың  мәні

 

     Қаржылық  жоспарлау мен болжау бұл қаржы  механизмінің қосалқы жүйесі, саналы  басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

     Қаржының  табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.

     Қаржылық  көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы  операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің  нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау  мен болжау процесінде қол  жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар  экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).

Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

     Қаржылық  жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

     Қаржылық  жоспарлаудың объектісі шаруашылық  жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің  қаржылық қызметі, ал қорытынды  нәтижесі қаржы жоспарлары мен  жеке мекеменің сметаларынан  бастап мемлекеттің жиынтық қаржы  жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда  белгілі  бір  мерзімге   белгіленген  кірістер  мен  шығыстар, қаржы

 

 

 

 

және кредит жүйелерінің  буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

         Жоспарлау.

    1. экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
    2. қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
    3. тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

      Қаржылық  жоспарлаудың мына тәсілдемелер  пайдаланылады:

       а)  автоматтық (өткен жылдың деректері  келесі жылға көшіріледі). Инфляция  кезінде деректер инфляцияның  коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

       ә)  статистикалық (өткен жылдардың  шығыстарын қосып, өткен жылдардың  санына бөледі);

       б)  нөлдік база тәсілдемесі (барлық  айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).

      Нарықтық  экономика жағдайында жоспарлау  басқарудың функциясы ретінде  экономикалық және әлеуметтік  қызметтің барлық жақтарын жалпыға  бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада қаржы жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

     Демек, нарықтық  экономикада тауарлар мен қызметтерді  өндіру мен өткізу процесіндегі  байланыстың үстемдік және айқындаушы  әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын,  сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін  өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

      Қаржылық  жоспарлаудың мазмұны ақшалай  табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

     Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

      Шаруашылықты  жүргізудің нарықтық жағдайында  қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

      Қаржылық  болжау мемлекеттің мүмкін болатын  қаржы жағдайын алдын ала көре  білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

      Қаржылық  болжау әр түрлі әдістерді  қолдануды қажет етеді: 

     - экономикалық  процестерді анықтайтын факторларға  қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;

     -  корреляциялық  регрессиялық талдау;

     -  тікелей  сараптамалық бағалау әдісі.

      Шаруашылық  жүргізудің нарықтық жүйесінде  сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық үйлестіруші рөлді орындайды және қарды қызметінің субъектілеріне эконмикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік теттеуде және экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталды.

      Қазақстанда  индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасады.

      Индикативтік  жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі  басты ерекшелігі зерттемелік  қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға  терең және жан жақты сараптама  жасау арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. Арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті арттыру.

      Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.

      Индикативтік  қаржы жоспарларының мемлекеттік  секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттрді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген аморизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляяцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдарлың нормалары.

      Әлеуметтік  экономикалық болжау жүйесінде  қаржылық жоспарлау белсенді  рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қарастыру резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындырын қарастыруды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы жүйесі және инфляция саясаты