Кәсіпорынның қаржылық жағдайы. 2
Жоспар
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1.1 Қаржылық
жағдайдың мәні және оны
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері
II. Қорытынды
1.1 Қаржылық
жағдайдың мәні және оны
Нарықтық
қатынастары жағдайында кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдаудың маңызы
өте зор. Бұл кәсіпорындардың
тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ
олардың меншік иелері, жұмысшылар,
коммерциялық серіктестіктер және де
басқа контрагенттер алдында
өізнің өндірістік-кәсіпкерлік
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдгі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржылық ресурстарымен қамтамассыз етілуін көрсетеді.
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын денгейде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,табысты өсіру негізінде қаржыны тарату,пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы».
Ал кәсіпорынның жалпы қржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамассыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайнда ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айрысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның әріқарай дамуы үшін барлық есеп айрысулар мен барлық міндеттерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңарту жәнеде әлеументтік клматты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
- Пайд болу орнына дайланысты – ішкі және сыртқы;
- Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
- Құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркіне бағынышты емес.
Негізгі
ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның
тұрақтылығы ең бірінші өндіріс
шығындарымен үздіксіз байланысқан
өндірілген өнім мен көрсетілген
құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ
тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы
қатынас маңызды болып
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс техналогиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы және құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурстары, соның ішінде таза табыс қаншалықты көп болса, соншалықты өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе оны өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен техналогия, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие саясаты, кәсіпорын қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның
тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру
оның өз контрагенттері мен (салық органдары,
банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар,
акционерлер және тағы басқалар) өзара
қарым қатынасы үлкен әсер етеді.
Сондықтан да серіктестермен реттелген
іскерлік қатынаста болу – жақсы
қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты
болып табылады. Әрине, акционерлер
өзжинақ қорын тұрақты
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келеді, ал займ мерзімі біткен кезде – облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелерінеде қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктерде өз несиелері мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қандай мөлшерде деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар
мен тұтынушылар сенімді және
төлем қабілеттілігі жоғаты кәсіпорынмен
келісімшартқа үлкен ықыласпен
отырады. Тіпті қаржы органдағы,
салық инспекциясы кәсіпорынның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды,
тек осындай кәсіпорын ғана салықтар
мен басқада міндеттерді
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастардағы потенциялын анықтайды, кәсіпорынның және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіорынның қаржылық жағдайының абьективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдауғ, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін ақтарады.
Кәсіпорын
осы мерзімге дейінгі уақытта
қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс
басқарды деген сұараққа жауап береді:
кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндетті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті реттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қкржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің ай
- налымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігі, кәсіпорынның сұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың денгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақлылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғыни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдай кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қорды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсу мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және несие қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерйиялық жақтары арасында тығыз байланысы пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштері мен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын оның өнімді сатуына, алын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажеткі денгейге сәйкестігіне және оның бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндірі және өткізі кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. өндіріс процессінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қыйындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмасайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болды. Еңбек және материалдық ресурстары шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігінің және кәсіпорынынң қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
- бухгалтерлік баланс;
- қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толықтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егерде төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
- зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
- қаржылық жыл бойы қызметкелерді орташа саны 50-ден аспайды;
- активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі
кезде бізде қолданып жүрген отандық
қаржылық есеп негізгі шамалары бойынша
халықаралық есеп стандарттарының
талаптарына сай келеді, себебі,
ҚР - тәжірибеге бейімдей отырып реформалау
процессі белсенді жүргізіледі, ол біріншіден,
негізін қараушы нарықытық
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субеъктінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырған ресурстармен басқарушы орандардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпарттарды қамтиды. Қаржы есебі пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеуге, пайызды төлеуге, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егерде қолданушылар тек қана субъектіні қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ комерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржыылқ ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпарттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басы көзі ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық
экономика жағдайында қаржылық есеп
шаруашылық субъектілерінің қызметі
жөнінде қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың
жүйелендірілген бірден-бір
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс
– есепті жылдың басындағы және
соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын
сипаттайды және маңызды қызметтер
атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін
шаруашылық субъектісінің мүліктік
жағдайымен таныстырады. Осы арқылы
олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық
құралдардың сандық және сапалық
қорлары қандай, кәсіпорын жақын
арада үшінші жақ алдындағы өз
міндеттемелерін ақтай ала ма,
соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның
басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі
өз орны, таңдап алынған стратегиялық
бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды
пайдалану тиімділігінің
Баланс
ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар
берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі
ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа
сәйкестігі және оның шарттары туралы
шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының
мүмкін болатын тәуекелділіктерін
және берілген кәсіпорынның акцияларын
иеленудің орындылығын және басқа
шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы
соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайда
талдауды баланстық талдау деп атайды.
Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің
негізгі түрі бола отырып, ол есепті
кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы
мен құрылымын, ағымдағы активтердің
айналымдылығы мен өтімділігін,
меншіктік капитал мен
Баланс
көрсеткіштері кәсіпорының
1997 жылға
дейін бухгалтерлік баланс екі
бөліктен: актив және пассивтен
тұратын кесте түрінде құрылып
келеді. Активтер, баланс кәсіпорынының
есептік кезеңде бақылап,
«Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәіспорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алу мен байланысты кәіспорын ресурстарының шығынына әкеліп соқтырады.
Капитал- бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорының өзіндік қаражаты».
БЕС-2 және
қаржылық есепті жасаудың әдістемелік
нұсқаулары негізінде құрастырылған
(16) бухгалтерлік баланс көлденең түрде
1-кесте көрсетілген
БЕС-2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс
Активтер |
Меншік капитал және міндеттемелер |
1 |
2 |
І. Ұзақ мерзімді активтер |
І. Меншікті капитал |
Негізгі құралдар: |
- жарғылық капитал - дивиденттер |
- жер | |
- құрылыстар мен ғимараттар |
қайта бағалау сомасы |
- машиналар мен жабдықтар |
- негізгі құралдардың - инвестицияның |
- басқа негізгі құралдар |
резервтік капитал |
- жинақталған тозуы - аяқталмаған күрделі құрылыс |
бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) |
Материалдық емес активтер: |
Жиыны: |
- гудвилл |
ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
- патенттер, тауарлық белгілер және басқалар |
- қайтарылуы қамтамасыз етілген несиелер |
- материалдық емес активтердің амортизациясы |
- қайтарылуы қамтамасыз |
Инвестициялар: - еншілес серіктестіктерге инвестициялар |
- негізгі шаруашылық |
- тәуелді серіктестерге | |
- басқадай инвестициялар |
- кейінге қалдырылған салықтар |
Дебиторлық борыш: |
Жиыны: |
- алынуға тиісті борыштар |
ІІІ. Ағымдағы міндеттемелер |
- алынған вексельдер |
- қысқа мерзімді несиелер және овердрафт |
- ішкі топтық операциялар |
- ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі |
|
кредиторлық борыш | |
- акционерлік қоғамның |
- төленуге тиісті вексельдер және шоттар |
- басқадай дебиторлық борыш |
|
- алдағы кезең шығындары |
|
Жиыны: |
- сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар |
ІІ. Ағымдағы активтер |
|
- тауарлы - материалдық қорлар |
- салықтар бойынша борыш |
- алдағы кезең шығындары |
- төленуге тиісті дивиденттер |
- ақша қаражаттары - қысқа
мерзімді қаржылық |
- негізгі шаруашылық |
- Дебиторлық борыш: |
- акционерлік қоғамның |
- ағымдағы активтерді сатып
алуға қажетті аванстық |
- басқадай несиелік борыштар |
- алынуға тиіс шоттар - алынған вексельдер |
- төленуге берілген шығындар |
|
- ішкі топтық операциялар
нәтижесінде пайда болған
|
- алдағы кезең кірістері
|
- Акционерлік қоғамдағы |
- алдын ала қарастырылмаған |
Жиыны: |
Жиыны: |
Барлығы |
Барлығы: |
Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қараай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
- ұзақ мерзімді активтер;
- ағымдағы активтер;
- меншікті капитал;
- ұзақ мерзімді міндеттемелер;
- ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын – қаржы – шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.
Алайда
кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау
жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен
қатар қаржылық есеп берудің басқа
да нысандарының көрсеткіштерін қолдану
қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл
бойғы барлық табыс сомасын осы
кәіспорынның өзінің қызметін жүргізу
үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен
салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану
керек, оның баланстан айырмашылығы
ол кәсіпорынның мезеттік суреті және
қатып қалған қаржылық нәтижесі болып
табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына
қарағанда, бұл құжат талдаушы адам
үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық
болып табылады. Ол бұл кәсіпорын
табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін
анықтау үшін табыстар мен шығындар
туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп
алынған анық көрсеткіштердің көмегімен
белгілі бір кезеңдегі
Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 «Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.
Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады.
Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы – яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қараша №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердың азаюын немесе кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.
Табыстар мен шығындар баптарының арасына қойылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.
№3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі» ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы көрсеткіштер жүйесі
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын негізігі бағыттары
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның ішкі аудиті
- Кәсіпорынның кадр саясаты
- Кәсіпорынның кәсәпкерлік тәуекелділгі
- Кәсіпорынның қаржы жүйесі және инфляция саясаты
- Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі
- Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы