Курстық жұмыстың тақырыбы
Кіріспе.
Курстық жұмыстың тақырыбы:
Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстандағы депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктерін анықтап, депозиттік салымдарды сақтандыру түрлері мен әдістерін, депозиттік салымдарды арттыру мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті- депозиттік операциялардың мәні мен мағынасын түсіндіріп, банктердегі депозиттердің тиімді, тиімсіз жақтарын қарастыру. Әр түрлі банктердің пайыздық ставкаларын салыстырып, тұрғындарға, студенттерге, зейнеткерлерге тиімді депозиттерді анықтап, оларды сақтау жолын шет ел тәжірибелерімен салыстырып талдау.
Банк
мекемелерінің басты
Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құрылады:
-депозиттер
-банкаралық займдар
-депозиттік емес көздер
-коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.
Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы біртекті емес. Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі бар, өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға міндеттеледі.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы ҚР-да нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшыладың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі-экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.
Халық қаржысының ұйымдық нысандарының дамуы халықтың қаражаттауға салған салымдары арқылы қалыптасады. Халықтың салған салымдарының жоғалмауына, тәуекелден, төтенше жағдайлардан қорғалуына кепілдік берілетін «Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарын (депозиттер) кепілдендіру(сақтандыру) қоры» ЖАҚ 1999 жылы 15 қарашада құрылды. Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандыру. Ол- халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақша қаражаттарын экономикаға тарту және салымшылардың банктерге сенімін арттыру. Депозит (салым) банктерге салымшылардың сұранымды немесе мерзімді салымын қабылдаған кезде түсетін қаржы. Депозиттер негізінен сұранымды және мерзімді болып бөлінеді. Сұранымды депозиттерін кез-келген уақытта қайта талап етіп алуға болады. Ал мерзімді депозиттерді шарттағы келіскен мерзім уақыты аяқталғалғанда ғана алады немесе мерзімді депозиттер бойынша оның шарттарына байланысты әрбір банк өздері көрсеткен пайыз мөлшерін төлейді.
Депозит-ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға және қаржысын қаражаттауға салған ақша қаражаты.
Депозиттер-бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді.
Депозит дегеніміз ерекше ұйымға, яғни банкке клиенттердің уақытша бос қаражаттарын белгілі шартпен сақтауға берген салымдары. Банктердің көптеген қаражаттарын депозиттер құрайды. Өзімізге белгілі банктердің ресурстарының 80-90% тартылған қаражаттар құрайды. Оның 60-70% депозиттер болады. Сондықтан банктердің депозиттерін дұрыс орналастыру, оларды тарту әрбір банктің көздеген мақсаттарының бірі болып саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктерін анықтап, депозиттік салымдарды сақтандыру түрлері мен әдістерін, депозиттік салымдарды арттыру мәселелерін қарастыру.
Бөлім I. Депозиттік операциялардың мәні және оның заңнамалық реттелуі.
1.1.Депозит ұғымы және түрлері.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екендігін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды, заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттер және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі- экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.
Депозиттік
операциялар мынадай
- Банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасау қажет
- Депозиттік операциялар әрекет етуі керек
- Банк балансының жеделдік өнімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі тиіс
- Банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру үрдісінде ерекше назар аударылуы тиіс
- Депозиттік операциялар мен қарыз беру бойынша операциялардың арасында мерзімін және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет
- Депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану қажет
Банктік
салым-бұл жинаған ақшаңызды
Депозитті таңдау жағына келсек, бәрі клиенттің көздеген мақсатына байланысты, салым табысы да мақсатына байланысты.
Осындай мақсаттардың ішінде:
- Салымшының мақсаты- қомақты зат сатып алу және ақшаңызды соған жинау. Ол ай сайынғы жалақысынан ақша бөліп, ай сайынғы өсетін сомасының қосымша пайда әкелгенін қалайды
- Салымшы депозиттегі ақшасының есептелетін сыйақыны, жалақысының табысы ретінде кейде алып тұрғысы келеді.
- Салымшыда «еркін» ақша бар. Ол ақшаны қайда жұмсарын білмейді. Қаражатты жұмсамай оның көбейгенін қалайды. Ал белгілі бір мерзім өткен соң қосымша табыс алғысы келеді.
Ақшаны бөліп-бөліп алуға болмайтын депозиттердің табысқа мөлшерлемесі қаражатты қалаған уақытта алуға болатын депозиттерге қарағанда жоғары болады.
Соңғы кездері кейбір банктер халықтың қаражатын тарту мақсатында депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін көбейтіп жатыр. Алайда бұл жерде жоғары табыс алу үшін банктер тәуекелділігі жоғары операциялар жүргізіліп жатыр деген ой келеді. Әуелетті тәуекелділіктерді төмендету мақсатында осы жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры жаңадан тартылатын депозиттердің ең жоғары мөлшерлемесін теңгемен 11,5%-ға дейін төмендетті (Үстіміздегі жылы қыркүйектің басындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің сыйақысы 12% құрады, айырмасы + немесе – жарты пайыз)
Депозит әр түрлі белгілеріне байланысты жіктелінеді. Салушысына қарай депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып бөлінеді.
Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сияқты жолмен алынады.
Талаппен алынатын салымдарды есептеу, ағымдағы және бюджеттік шарттарда белгілі бір мақсатқа жұмсалатын, корреспонденттік шарттарда басқа банктермен есептеуге арналған. Сондай-ақ есеп айырысу айналымына арналған қаражат үнемі пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері әркез
өзгеріп отырады. Сондықтан банктер бұл шарттар бойынша пайыздық өсім төлемейді.
Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығыменде жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін коммиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте анықтауға міндетті.
Мерзімді салымдар (депозит )- ол салыну мерзімі және пайыздық өсім төлеу мөлшері анық көрсетілген депозиттік шотқа салған ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады. Егер мерзімді салым иесі сонымен келісілген мерзімне бұрын пайдаланғвсв келсе, онда салым бойынша төленетін пайыз мөлшері кемиді. Мерзімді салымдар ұзақ мерзімге салынатындықтан, олар тұрақты ақша қаражаты.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналасқан қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады: біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады; үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық мөлшерлеменің ең жоғарғы деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем формасы белгіленеді. Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
30 күнге дейінгі;
30-90 күнге дейінгі;
90-180 күнге дейінгі;
180 күннен 360 күнге дейінгі;
360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтініш талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Жинақ салымдары- олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін
1.2. Депозитпен
байланысты экономикалық
Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың дұрыс жолға қойылуы, депозиторлардың құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №169 Заңы қабылданды. Осы заң депозиторлар- жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған және Қазақстан Респуликасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды. Заң 5 тарау, 25 баптан тұрады. Олар:
- Жалпы ережелер
- Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құқықтық мәртебесі және оның қызметі
- Банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі.
- Қатысушы банктерді депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығару тәртібі және кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерден бір бөлігін және мәжбүрлеп таратылатын банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру ерекшеліктері.
3-бап.
Депозиттерге мiндеттi
мақсаттары мен принциптерi
1. Депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк беру
Мыналар:
1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды,
банк шоттарын ашуды және жүргiзудi жүзеге
асыратын банктердiң депозиттерге мiндеттi
кепiлдiк беру жүйесiне қатысу мiндеттiлiгi;
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру
жүйесiнiң айқындығын қамтамасыз ету;
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру
жүйесiнiң жұмыс iстеуiне байланысты тәуекелдердi
азайту;
4) кепiлдiк берiлген өтемдi төлеуге арналған
арнайы резервтi қалыптастырудың жинақтаушы
сипаты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк
беру жүйесiнiң негiзгi принциптерi болып
табылады.
5-бап. Депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге
асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен
функциялары
1. Депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын
ұйымның негiзгi мiндеттерi:
1) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз
етуге қатысу;
2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған
жағдайда кепiлдiк берiлген депозиттер
депозиторларының құқықтары мен заңды
мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi
жүзеге асыратын ұйым өзiнiң негiзгi мiндеттерiн
орындау үшiн мынадай функцияларды орындайды:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепiлдiк
берiлген өтемдi төлейдi;
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру
жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн
жүргiзедi;
3) өз активтерiн инвестициялайды;
4) кепiлдiк берiлген өтемдi төлеуге арналған
арнайы резерв қалыптастырады;
5) конкурстық негiзде агент банктi таңдайды;
6) қатысушы банктi консервациялау кезеңiнде
тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына
қатысады;
7) қатысушы банктен барлық банк операцияларын
жүргiзу лицензиясын қайтарып алу кезеңiнде
тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына
қатысады;
8) тарату комиссиясы депозиттерге мiндеттi
кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алдында
ол төлеген (төлейтiн) кепiлдiк берiлген
өтем сомасы бойынша берешектi өтеген
кезге дейiн мәжбүрлеп таратылатын қатысушы
банктiң тарату комиссиясының құрамына
қатысады.
10-бап.
Банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк
беру
жүйесiне кiруi
1. Банк депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк беру
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру
жүйесiне кiретiн банк уәкiлеттi органның
жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға,
банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берген
лицензиясын алған күнi депозиттерге мiндеттi
кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық
актiлерiнде белгiленген нысан бойынша
жасалған өтiнiш беру арқылы қосылу шартына
қосылуға мiндеттi.
23-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi
жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы.
Депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын
ұйымның арнайы резервiнiң қаражаты
депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем
төлеуге жеткiлiксiз болса және жетiспейтiн
соманы қатысушы банктердiң қосымша жарналары
есебiнен жабу мүмкiн болмаған жағдайда,
депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге
асыратын ұйым Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкiнен жетiспейтiн ақша сомасында
қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем
төлей бастау уәкiлеттi органмен және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе
отырып қарыз алу үшiн қажеттi мерзiмге,
бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату
туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен
бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын
мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
25-бап. Осы
Заңды қолданысқа енгiзу
1. Осы Заң 2007
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi
және Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн
банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктiк
шот және (немесе) банктiк салым шарттарынан
туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде
депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң
қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа
енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде депозиттерге
мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын
ұйыммен осы Заңда белгiленген тәртiппен
қосылу шартын жасасуға мiндеттi.
3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi
жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа
енгiзiлгенге дейiн қатысушы банктермен
жасасқан мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша
және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың
тартылған депозиттерi бойынша сыйақының
ең жоғары ставкалары және банктiң депозит
саясаты жөнiндегi мәлiметтердi ұсыну туралы
шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгiленген
тәртiппен қосылу шартын жасасқан кезге
дейiн қолданылады.
1.3. Депозиттерді сақтандырудың шетел тәжірибелері
Қазіргі банктік тажірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос ақша қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Батыс Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттерінде барлық несиелік институттар-әмбебап коммерциялық банктерден арнайы жинақ институттарына дейін жекелеген немесе кез келген клиентке барлық мүмкін болатын қызметтерді көрсетеді және банктік өнімдердің әр түрлі түрлерін ұсынады. Депозиттік қызметтер нарығындағы өскен бәсекелестік нарығындағы өскен бәсекелестік чектік депозиттердің көптеген жаңа түрлерінің пайда болуына әсеретті, яғни бұл шоттар бойынша салымшылар төлемдер жүргізу үшін чектер жазуы мүмкін, сонымен қатар мұндай шоттан кез-келген уақытта қолма-қол ақша алуы мүмкін.
Чектік депозиттердің көп таралған формалары талап етуге дейінгі депозиттер және NOW-шоттары болып табылады. NOW шоттары –айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын бұйрықтарға қарсы шоттар, яғни бұл пайыз төленетін чектік дпозиттер. Олар Батыс коммерциялық банктерінде 80-жылдары таралған. Басында олар жинақ салымдары ретінде, ал 1981 жылдан чектік депозиттер ретінде жіктелінген.
Алғашқы кезде NOW шоттары пайыз төленетін жинақ салымдарының типіне жатқызылған. Мұндай салымдарға қарсы клиент тратталар жазуына мүмкіндігі болған, оларды айналыстағы алынып тастау туралы бұйрықтары деп атады. Осыған байланысты NOW шоттарының енгізілуі, бірте-бірте АТS шоттарын нарықтан шығаруына әкелді. Соңғы кездерде банктер ресурстарды тарту формалары мен жаңа әдістерін қолдану арқылы салымдар ағымын кеңейтуге тырысады. Мәселен: Ұлыбританияда, Францияда және басқа мемлекеттерде, сонымен қатар халықаралық ақша нарығында депозиттік сертификаттар отандық банктермен де қолданылады. Ұлыбритания банктерінің депозиттік операцияларының ерекшеліктері. Көптеген мемлекеттерде салымдардың негізгі түрері мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар болып жіктеледі. Ұлыбританияда банктік статистика ағымдағы шоттар және депозиттік, жинақ шоттарын ажыратады. Ұлыбританияда ағымдағы шоттардың негізгі ерекшеліктері-шот иелеріне овердрафт нысанында қысқа мерзімді несие шотынан ақша аударуға, дәлірек айтқанда шоттарға қалдық сомасынан асып түсетін соммаға чек жазуға болады. Овердрафт AUTHORISED – рұқсат етілген болуы мүмкін, яғни алдын-ала банкпен келісілген болса және рұқсат етілмеген болуы мүмкін, яғни алдын ала банкпен келісілген болса және рұқсат етілмеген NOT AUTHORISED болуы мүмкін, яғни банктің рұқсатынсыз болса. Жұмыс күнінің соңында рұқсат етілмеген овердрафттар бойынша ведомость құрастырылады және әрбір жағдайда бөлімнің бастығы чекті төлеу үшін банктен сомманы беруі және бермеуі жөнінде шешім қабылдайды. Егер сауда берілетін болса, онда күн сайынғы пайыз соммасы банктің базалық қойылымынан 7-8% жоғары тағайындалады. Ал рұқсат етілген овердрафт бойынша ссудалық пайыз банктің базалық қойылымынан 2-3% жоғары болады. Айрықша атап өтетін болсақ, Ұлыбританияда депозиттік және жинақ шоттарының бірнеше түрлері бар:
- Сомма алынатын жағдайда, 7 күн бұрын алдын ала ескеруді талап ететін жинақ шоты. Оның негізгі ерекшеліктері:
- Салыстырмалы түрде қалыпты пайыз;
- Салымнан ішінара ақша алу және толтыру мүмкіндігі ешбір шектеусіз қарастырылған
- Сомманы алар алдында 7 күн бұрын ол жөнінде банкті ескерту қажеттігі, бұл шарт орындалмаған жағдайда, пайыз айыппұл ретінде ұсынылады
Оның екі нұсқасы бар:
1.жинақ кітапшасымен
2.банктен
клиентке берілетін шоттан
- Кезекті түрде толықтыруды қажет ететін жинақ шоты. Бұл шот көбінесе, орта мерзімді жинақтарды тартуға арналған. Әсіресе, жас жұбайларға, енді жанұя құрған адамдарға, жиһаз, автокөлік және туристік сапарлар үшін ақшаның жинақталуына арналған.
- Пайыздық қойылымы жоғары инвестициялық шот. Бұл шот жағдайлары жақсы VIP клиенттерге арналға және ұзақ мерзімге ашылатын шоттардың бірі болып табылады.
Негізгі ерекшеліктері:
- Сомма алынатын жағдайда, 7 күн бұрын алдын ала ескертуді талап ететін жинақ шотына қарағанда пайыздық қойылымның жоғары болып келуі:
- Салымның ең төменгі мөлшері 2000 фунт стерлингті құрайды
- Сомманы алу жөніндегі ескерту 30 күннен кем емес мерзімде берілуі тиіс
- Салымды толықтыру бойынша ешқандай шектеулер қойылмайд
- Мерзімі және соммасы тіркелген салым. Оның ерекшеліктері:
- Салым мерзімі 14 күннен 18 айға дейін
- Салымның ең төменгі мөлшері 2500 фунт стерлингті құрайды
- Тіркелген пайыздық қойылым пайыз салымының мерзімі аяқталғаннан кейін ғана төленеді
5.Пайыздық қойылымы өзгермелі депозит. Шот қысқа және ұзақ мерзімді соммаларды жинақтауға арналған. Салымның мерзімдері-7 күннен 18 айға дейін. Бірнеше жылы қойылым тіркелген болып келеді, келесі жылдары ақша нарығының қойылымдарына байланысты қалқымалы болып тағайындалады.
6.Ақшалай қорлар. Ең алғаш рет 1983 жылы енгізіліп, америкалық нау-шоттардың аналогы болып табылады: олар бойынша пайыз төленеді және чек жазуға мүмкіндігі бар. Ұлыбританияда әлі толық дамымаған, себебі көптеген банк клиенттері өздерінің жинақтарын депозиттік және жинақ шоттарынан осы шотқа аударуынан қауіптенеді. Негізгі ерекшеліктері:

- Курстың постреквизиттеры
- Курс ценной бумаги и факторы влияющие на него
- Курс Ю.В. Андропова: Несостоявшаяся альтернатива “перестройки”
- Курт Гедель. Теорема Геделя о неполноте
- Курт Левин
- Курт Левин. Краткая биография
- Курт Левин — методолог научной психологии
- Курсові різниці і їх відображення в обліку та звітності
- Курсовой проект по "Электромеханика"
- Курсовой экономический рачет ВЦ
- Курстық жобаға кіріспе
- Курстық жұмысқа берілген тапсырма
- Курстық жұмыстың
- Курстық жұмыстың мазмұны