Курстық жұмыстың мазмұны
Курстық жұмыстың мазмұны
Кіріспе
Цехтың жұмыс ережесі;
Өнеркәсіп бұйымдарының номенклатурасы және олардың техникалық сипаттамасы;
Шикізат және қосымша материалдар;
Бұйым өндірісінің тәсілін таңдау және негіздеу;
Бұйым өндірісінің технологиялық схемасы;
Материалдық балансты есептеу;
Негізгі технологиялық жабдықтарды есептеу;
Жылу қондырғыларының өнімділігін есептеу;
Шикізаттың, дайын өнім сапасын және өндірісті бақылау;
Техника
қауіпсіздігі және қоршаған
Қолданылған әдебиет тізімі.
Қорытынды
Кіріспе
Керамика – деп keramike грек сөзі (keramos – саз деген сөзден шыққан) – қыш өнері деген мағынада. Кермикалық деп әр алуан ылғалдылықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық бір келкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғары температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.
Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматикаланған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі – қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғары температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген (өртелген) материалдар мен бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, түрлі мақсатқа арналған керамикалық тастар, черепицалар, құбырлар, қаптаушы плиталар, санитарлық техникалық бұйымдар, электер айырушы материалдар мен бұйымдар, жеңіл толтырушылар және жылу айырушы материалдар (керамзит, перлит, вермикулит, аглоперит) және т.б. толып жатқан түрлі кермикалық материалдар мен бұйымдар.
Керамика біздің ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан өте көне материалдың бірі. Керамикалық өнеркәсіптің соңғы жүз жылдықтардағы дамуы орыс ғалымдарының еңбектері мен байланысты екенінде дау жоқ. Әсіресе академик В.И.Вернадскийдің және проф. А.П.Земятченскийдің керамика өндірісіне керекті шикізат қасиеттерін зерттеу жұмыстары, академик П.П.Будниковтың, Д.Н.Полубояриновтың, А.К.Киптенко және т.б. ғалымдарының керамикалық материал өндірісін жетілдіру тұрғысындағы еңбектері, керамикалық өнеркәсіптің жан-жақты дамуына, сан-алуан құрылыстық керамиканы жергілікті шикізаттар негізінде қалыптасқан технологиясымен жасап шығаруға және санын көбейтіп, сапасын жақсартуға ғылыми-өндірістік әсер етті.
Жақсылап дайындалған сапалы шикізаттардан технологиялық нақтылы режимде жасалынып күйдірілген материалдар мәңгілік жетерліктей басым және де түсі, фактурасы бойынша сырты еш бір қосымша өңдеуді қажет етпейтіндей болып шығады.
Саздан жасалынып, жоғары температурада өртелген материалдар керамика технологиясында керамикалық шыны (черепок) деп аталады. Шикі зат құрамына және күйдіру температурасына байланысты керамикалық материалдар екі топқа бөлінеді: толық күйдірілген, сындырылған жері жылтыр, тығыз структуралы керамика – су сіңіруі 2-4 %-дан аспайды (мысалы, фарфорлар, шала фарфорлар, жол кірпіші, еден плиталары және т.б.); жарым-жартылай күйдірілген, сондықтан, кеуектілі керамика – су сіңіруі 8-20 %-ға дейін (толық денелі, қуыс денелі және жеңіл кірпіш, керамикалық тас, черепица, қаптаушы плиталар, дренажды құбырлар және т.б.). Тағы дөрекі (ірі) және жұқа (майда) керамикаға бөлінеді. Дөрекі керамика сынығы бір келкі емес, ірі түйіршікті структурасымен сипатталады (мысалы, құрылыс және шамот кірпіштері), ал жұқа керамиканікі – майда түйіршікті, бір текті және бір ыңғай бойанған структура (мысалы, фарфор, шала фарфор, фаянс).
Керамикалық өнеркәсіпте қолданатын негізгі шикізаттар – саздар мен каолиндер. Дегенмен, металлургия, электротехника, радиотехника өндірістерінде қолданатын аспаптар жасау қажеттігі және т.б. өндірістерінің қатаңдау және жеке талаптары таза тотықтар, карбиттер, нитриттер, бориттер және т.б.с.с. қосындылар негізінде отқа тұрақты электроайырушы және т.б. техникалық керамика материалдарын өндіруге себепкер болды. Олардың кейбіреулерінің балқу температурасы 3500-4000°С дейін жетеді.
Әсіресе, металл мен кермикадан тұратын керамет деп аталатын бұйымдарының практикалық маңызы орасан зор. Ауыспалы құрамдағы отқа берік материалдар тамаша қасиеттері бойынша теңі жоқ қазіргі өндірістерде қолданатын жаңа материалдар өкілі. Бұл материалдардың бір беті қиын балқитын таза металдан тұрады да, екінші беті – отқа берік керамикалық материалдардан, мысалы, бериллий оксидінен жасалынады. Осы аталған екі қабат аралығындағы материалдар құрамы кілт өзгермей біртіндеп жұмсақ өзгеретіндіктен, материалдардың жылулық соққыға тұрақтылығы басым болады.
Көптеген техникалық керамика материалдарының қасиеттері саздан және каолиннен жасалынған бұйымдардың қасиеттерінен мүлде басқаша. Сондықатн, барлық керамикалық материалдар мен бұйымдарды бірлестіретін белгі ретінде оларды жоғарғы температурада күйдіріліп алынуын және өндірісте ұқсас технологиялық тәсілдері (шикізаттарды өңдеу және керамикалық массаны дайындау, материалдарды қалыптау, кептіру және күйдіру) қолдануын айтуға болады.
Керамикалық материалдарды және бұйымдарды әшекейлеу үшін және оларды сыртқы әсерлерден қорғап мәңгілігін қамтамасыз ету мақсатымен бетін ангобамен немесе глазурмен сырлайды. Бұйымдарды әшекейлеу керамикалық бояуларды жағу арқылы орындайды. Отқа төзімді керамикалық жамылтқы металдарды тотығудан және жоғары температура әсерінен қорғайды.
Керамика бұйымдарының пайдаланулық және көркемдік-әшекейлік тамаша сапалары оларды тек қана құрылыста ғана емес, техника мен тұрмыста да кең қолданылуына арқа болды. Сонымен керамиканы құрылыстық, техникалық және тұрмыстық деп те ажыратуға болады.
Ғимараттар мен имараттарды тұрғызуға қолданылатын материалдардың ең бір көп тараған түрі керамикалық кірпіш болып табылады. Кірпішті қолданудың мыңжылдық тәжірибесі бұл материалды уақытқа төзімді материалдардың қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кірпішті қалау технологиясы дизайнерлер мен сәулетшілерге творчестволық ойларын іске асыруда шексіз мүмкіндіктер береді. Керамикалық кірпіш жоғары отқатөзімділігі мен салыстырмалы төмен жылуөткізгіштігі арқылы сыртқы факторлардың әсерінен сенімді қоршау беріп, тұрғын үй және өнеркәсіп ғимараттарының жоғары қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.
Керамикалық кірпіш құрылыста дефицит металл, цемент және басқа да материалдарды үнемдеуді мүмкін етеді. Қабырға материалының өнідрілуі мен қолдануының ортақ балансында керамикалық кірпіштің алатын орны 30%. Күн энергиясын өзіне жинаған кірпіш жылуды баяу және бірқалыпты береді, бұл қасиеті жаздыкүні шамадан тыс қыздырудан, ал қысқы мезгілде жылудың сақталуын қамтамасыз етеді. Кірпіш қабырғасы өзінің денесі булануды өткізіп, «демалады». Нәтижесінде ғимарат ішінде дымқылдық деңгейі тепе-теңдікте сақталады.
Қазіргі уақытта құрылыс керамикалық кірпіштің өндірісінде технологияны жетілдіруге, шығарылатын бұйымның сапасы мен ассортиментін кеңейтуге көп көңіл бөлінуде. Жаңа кәсіпорындар құрылысында қазіргі отандық және сырт елдің технологиялық линия базасында автоматтандырылған және жоғары механизацияланған қондырғыларды орнату орын алуда. Шикізатты үнемдеп қана қоймай, сыртқы қабырғаның қалыңдығын (жылуөткізгіштігін жоғарлатпай) төмендету және де құрылысты индустриазацияландыру үшін жеңілдетілген конструкция панельдерін шығаруға арналған тиімді қуыс денелі бұйымды шығару көзделіп отыр.
Ассортименттің кеңейтілуі, жекеше алғанда, өлшемдерін арттырып, орташа тығыздығын 1250-1350 кг/м3-қа дейін төмендеуі және де бұйымның тиімді формасын қолданып, қуыстар санын көбейту 1м2 сыртқы қабырғаға кететін материалдар шығынын 20-30%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді. Жұмыс істейтін зауыттардың әрі қарай механизацияландыруы және автоматтандырылуымен қатар шығарылатын кірпіштің сапасы артып, беріктік қасиеті көп қабаттық ғимараттар мен арнайы ғимарат құрылысында қойылатын талаптарға жауап беретін бұйым шығаруға көзделіп отыр. Құрылыста жоғары маркалы кірпішті көтеруші конструкцияда қолдану оның шығынын 15-30%-ға төмендетуі мүмкін.
Өнім сапасынының артуы өндіріс мәдениетінің жоғарылауына алып келеді: технологиялық нормаларды қатаң сақтауға, өңдеуді жақсартуды, әр-түрлі қоспаларды соның ішінде өнеркәсіп қалдықтарын қосып шихта сапасын артырудыталап етеді.
Тұрғын үй бағдарламасының ғимараттардың ішкі жайлылығы мен сыртқы келбетіне қойылатын сапасы артқан бетте, өндірістік құрылыс материалдарға да қойылатын сапа жоғарылады, соның ішіне керамикалық кірпішке де. Тұтынушы жоғары маркалы(М 200 және одан да жоғары), беттік сапасы жоғары, әр-түрлі түсті және көлемді, бағасы тиімді керамикалық кірпішті талап етеді.
Цехтың жұмыс ережесі
Цехтың жұмыс ережесі жылдағы жұмыс күндер, жұмыс ауысымдар, ауысымдағы жұмыс сағаттарымен сипатталады. Осы үш көрсеткішті көбейтіп, цехтың жылдық жұмыс уақытының қорын анықтайды. Өндірістік бағдарлама және қабылданған жұмыс ережесі шикізат мөлшерін, техникалық жабдықтар санын және жұмысшылар құрамын есептеу үшін бастапқы мәлімет болып табылады. Жұмыс ережесін тағайындау негізінде осы өнеркәсіп саласындағы техникалық жобалау нормаларын жетекшілік жасау керек. Пештері үздіксіз жұмыс істейтін цехтарда, үздіксіз жұмыс апта және тәуліте үш ауысым жұмыс істеуіне байланысты жұмыс ережесі қабылданды.
Жылына – 365 тәулік
30 тәулік күрделі жөндеу жұмыстарды орындау үшін
365 – 30 = 335 тәулік
1 тәулікте – 24 сағат
3 ауысым жұмыс істейді
24 / 3 = 8 сағат (1 ауысым)
Шикізатты даярлайтын және шихтаны даярлайтын бөлімдер 2 ауысым жұмыс істейді.
Престеу, кептіру бөлімі 2-3 ауысым жұмыс істейді.
Пеш бөлімі үздіксіз 3 ауысым жұмыс істейді.
335 * 3 * 8 = 8040 сағ/жыл
335 * 2 * 8 = 5840 сағ/жыл
R = 0,8 – 0,9 – жабдықтардың пайдалану коэффициенті.
Жабдықтардың жұмыс істеу уақыты
8040 сағ * 0,85 = 6834 сағ/жыл
5840 * 0,85 = 4964 сағ/жыл
Кесте 1. Цех бұйымдарының номенклатурасы және сипаттамасы:
Рет №
Бұйым аталуы және эскизі
Маркасы
Өлшемдері, мм
Салмағы
Ұзындығы
ені
қалындығы
1.
100
250
250
138
3,96 кг
2.
150
4,75 кг
Кесте 2
Рет №
Бұйым аталуы
Жылына
Тәулікте 335
Аусымда 3
Сағатына 8
1
Қалыңдатылған кәдімгі кірпіш
6 млн
17910
5970
746
2
Қалыңдатылған қуысты кірпіш
6 млн
17910
5970
746
Шығаратын бұйым номенклатурасы
Иілімді пресстелген сазды кірпіш ең көп тараған қабырға керамикалық материал. Әдетте зауытта кірпішпен бірге тиімді және үлкен өлшемді тастарды, беттік кірпіш пен тастарды; бұл материал тобына жартылай құрғақ тәсілмен пресстелген кірпіш те жатады. Кірпіштерді және тастарды МЕСТ 530-95 бойынша сазды және кремнеземның түрлерінен(трепел, диатомит), лесс сазы және көмір өндірісінің, көмірбайытудың қалдықтарынан, минералды және органикалық қоспасы бар немесе жоқ шламнан шығарады. Кірпішті қуысты немесе қуыссыз, ал тасты тек қана қуыссыз етіп шығарады.
Кірпіштер мен тастар өлшемдеріне сай 1 кестеде көрсетілгендей бөлінеді
1 кесте.
Құрылыс керамика өлшемдері мен параметрлері
Бұйым түрі
Ұзындығы
Ені
Қалыңдығы
Кірпіш
250
120
65
Қалыңдатылған кірпіш
250
120
88
Модульді өлшемді кірпіш
288
138
63
Тас
250
120
138
Модульді өлшемді тас
288
138
138
Іріленген тас
250
250
138
Қуыстары көлденең орналасқан тас
250
250
120
Жылутехникалық қасиеті мен тығыздығына қарай кірпіш пен тастар тұрақты массасына дейін кептірілген жағдайында 3 топқа бөлінеді:
Тиімді, қабырғаның жылутехникалық қасиетін жақсартып, қалыңдығы кәдімгі кірпіштен жасалған қабырғаға қарағанда жұқа. Бұл топқа тығыздығы 1400 кг/м3 аспайтын кірпіштер және тығыздығы 1450 кг/м3 аспайтын тастар жатқызылады.
Шартты тиімді, қоршағыш конструкцияның жылутехникалық қасиетін жақсартатын. Бұл топқа тығыздығы 1400 кг/м3 асатын кірпіштер және тығыздығы 1450 кг/м3 –ден бастап 1600 кг/м3 болатын тастар жатқызылады.
Кәдімгі кірпіш, тығыздығы 1600 кг/м3 жоғары.
Кірпіш пен тастың массасы МЕСТ 22951-78-ке сай болуы керек.
Беріктігіне қарай кірпіштер мен тастарды мынадай маркаларға бөледі М 300,250, 200, 175, 150, 125, 100, 75.
Аязғатөзімділігіне қарай кірпіштер мен тастарды жіктейді F15, F25, F35 және F50.
Шығарылатын бұйымға қойылатын техникалық талаптар
Кірпіш пен тастар стандарттарға жауап беріп, берілген технологиялық регламент бойынша шығарылуы керек.
Брутто ауданына қатысты кірпіштің иілуге және сығылуға беріктік шегі және тастың иілуге және сығылуға беріктік шегі (кеуек ауданын алмағанда) 1.1 кестеде көрсетілген мәліметтерден кем болмауы керек.
1.1 кесте
Кірпіш пен тастардың маркасы
Беріктік шегі, Мпа (кгс/см2)
Сығылуға
Иілуге
Кірпіш пен тастардың барлық түрі үшін
Иілімді тәсілмен қалыпталынған толық денелі кірпіш үшін
Жартылай құрғақ тәсілмен қалыпталынған толық денелі кірпіш және қуыс денелі кірпіш үшін
Қалыңдатылған кірпіш үшін
5 үлгі үшін ортақ мән
Бөлек үлгінің ең кіші мәні
5 үлгі үшін ортақ мән
Бөлек үлгінің ең кіші мәні
5 үлгі үшін ортақ мән
Бөлек үлгінің ең кіші мәні
5 үлгі үшін ортақ мән
Бөлек үлгінің ең кіші мәні
300
30(300)
25(250)
4,4(44)
2,2(22)
3,4(34)
1,7(17)
2,9(29)
1,5(15)
250
25(250)
20(200)
3,9(39)
2,0(20)
2,9(29)
1,5(15)
2,5(25)
1,3(13)
200
20(200)
17,5(175)
3,4(34)
1,7(17)
2,5(25)
1,3(13)
2,3(23)
1,1(11)
175
17,5(175)
15(150)
3,1(31)
1,5(15)
2,3(23)
1,1(11)
2,1(21)
1,0(10)
150
15(150)
12,5(125)
2,8(28)
1,4(14)
2,1(21)
1,0(10)
1,8(18)
0,9(9)
125
12,5(125)
10(100)
2,5(25)
1,2(12)
1,9(19)
0,9(9)
1,6(16)
0,8(8)
100
10(100)
7,5(75)
2,2(22)
1,1(11)
1,6(16)
0,8(8)
1,4(14)
0,7(7)
75
7,5(75)
5(50)
1,8(18)
0,9(9)
1,4(14)
0,7(7)
1,2(12)
0,6(6)
Қуыстары көлденең орналасқан кірпіштер мен тастар үшін
50
5(50)
3,5(35)
-
-
-
-
-
-
35
3,5(35)
2,5(25)
-
-
-
-
-
-
25
2,5(25)
1,5(15)
-
-
-
-
-
-
Керамикалық кірпіш пен тастар қабырғалары мен бұрыштары түзу параллелопипед пішінге ие. Шектердің беті кедір-бұдырлы болыуы мүмкін. Кірпіш пен тастардың бұрышын домалақ етіп алуға болады, домалау радиусы 15 мм-ге дейін. Кірпіш пен тастағы қуыстар төсекке перпендикуляр немесе параллель орналасуы керек және ашық немесе жабық тесікті бола алады. Ашық тесікті цилиндрлі қуыстардың ең кіші диаметрі 16 мм, саңылаулы қуыс ені 12 мм аспауы керек. Жабық қуыс диаметрі регламентте көрсетілмейді. Жазық қуыс өлшемдері регламентте көрсетілмейді. Кірпіш пен тастың сыртқы қабырға ең төмен қалыңдығы 12 мм болуы керек.
Кірпіш пен тастардың берілген өлшемдерден ауытқуы келесі мәнерден аспауы керек:
1. Өлшемдерден ауытқу, мм:
- ұзындығы бойынша _______ ±7
- ені бойынша _______ ±5
- қалыңдығы бойынша:
кірпіштікі _______ ±3
тастыкі _______ ±4
2. Кірпіш пен тастар қабырғасының қисықтығы аспауы керек, мм:
- төсек бойынша _______ 4
- керте бойынша _______ 6
3. Тереңдігі 10-нан 15 мм-ге дейін қырдың ұрындылары, дана:______2
4. Қабырғалардың ұрындылары мен қырының бұзылуы, қуысқа 5 мм және қабырға бойынша 10-нан 15 мм- ге дейін, дана:_______2
Ұрындысы бар кірпіштер мен тастардың саны партияда 5%-дан аспауы керек. Жартылай кірпіштер мен тастардың мөлшері 5%-дан аспауы керек.
Дұрыс күйдірілмеген немесе қатты күйдірілген крпіштер мен тастар қолданылуға жіберілмейді.
3 сынудан кейін бұйымның қирауына немесе бұйым бетіндегі бөлшектерің ең үлкен өлшемі 5 – 10 мм бөлінуіне алып келетін әк қоспаларын жіберілмейді.
Қалыпты массасына дейін кептірілген кірпіш пен тастардың су жұтуы: қуысты кірпіш үшін 6 % кем емес, ал қуыссыз кірпіш үшін 8% кем болмауы керек.
Суға қаныққан кірпіш пен тастар аязға төзімділік маркасына байланысты қираусыз қатыру-ерітудің 15, 25, 35, және 50 циклін шыдауы керек.
Жоғары категориялы кірпіштер мен тастар келесі сұранысқа жауап беруі керек:
Қуыстылар тиімді немесе шартты тиімді болуы керек және беріктік маркасы 100 кем болмауы керек;
Қуыссыз кірпіштің беріктік маркасы М 150-ден кем болмауы керек;
Бұйымдардың аязға төзімділік қасиеті F25 кем болмауы керек.
ақаулары бар кірпіш пен тастардың жалпы саны 3% аспауы керек.
Осы курстық жұмыста шығарылуға жоспарланған қалыңдатылған керамикалық кірпіш МЕСТ 530-95 «Керамикалық кірпіш және тастар»-ға сай болуы керек. Өндіруге келесі өлшемді кірпіш жоспарлануда:
Ұзындығы – 250
Ені – 120
Қалыңдығы – 88
Кірпіш маркасы – М 125
Тығыздығы – 1500 кг/м3 және 1800 кг/м3
Жылутехникалық қасиеті мен тығыздығына қарай шығарылатын өнімдер кәдімгі кірпіш және шартты тиімді тобына жатады. Бұл кірпіштерді тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың іргесін қалауға қолдануға болады
Шикізаттар сипаттамасы
Қолданылатын шикізат саздақ, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан15 км. оңтүстікте орналасқан Украинское кен орны.
Төрттік саздақпен берілген. Қазу тереңдігі 0,5 м, пайдалы қазба тереңігі 10,5. Иілімділігі 8,3-12,7. Маркасы 100-125 кірпіш өніруге жарамды. Саздық қоры ТКЗ ВКГУ (пр. №34 от 23.09.69 ж) категориясында: А+В+С1– 2696, С2 –3495, мөлшеріне (мың/м3) бекітілген. Түйіршік құрамы, %: 3 мм – 0,4, құм фракциясы - 15,9, шаңы фракция – 64,87, сазды фракция – 15,4.
Саздақтың химиялық құрамы:
SiO2
Al2O3
TiО2
Fe2O3
CaO
Na2O
п.п.п.
SO3
H2O
MgO
59,2-61,23
12,19-13,99
0,46-0,72
4,67-5,37
6,07-7,12
1,64-2,12
7,2-8,29
0,8-1
1,06-2,4
1,68-2,52
Қоданылатын шикізат бентонит сазы, Трудовое I,II кен орны. Орналасқан жері Ақмола облысының Алесеевский ауданы. Трудовое І – Шортанда теміржол станциясынан 20 км. солтүстік-шығыста, Трудовое ІІ – Трудовое ауылынан 1 км. батыста орналасқан.
Байытылған каолиндердің физико-механикалық қасиеттері: гироскопиялық ылғалдылығы – 0,3%, құрғақ жерге сезімталдығы – 0,26, иілімділік саны – 7,7, отқатөзімділігі – 1700 0 С жоғары. Күйдірілген сынықтың қасиеті : күйдіру температурасы – 1050 – 1300 о С, нығыздалуы - 7,7 - 16%, су жұту қасиеті 19,8 – 37,3%, көлемдік салмағы 1,35 – 1,79 г/см3 ,ақ түсті.
Каолиннің химиялық құрамы:
SiO2
Al2O3
TiО2
Fe2O3
CaO
Na2O
п.п.п.
SO3
К2O
MgO
46,79
38,25
0,11
11,08
0,49
іздері
13,45
іздері
0,23
0,25
Керамикалық шихтаның нақты құрамын есептеу
Саздық - 70%; ρ= 1,75т/м3; W= 19,5%
Каолин - 30%; ρ= 1,8т/м3; W=20%
1м3- 70%= 0,7*1,75= 1,225т
1м3- 30%= 0,3*1,8= 0,54т
1м3 шихта салмағы: 1,225+0,54 = 1,765т
Саздық: = 69,405%
Каолин:
69,405+=100%
100 кг абсолют құрғақ шихтаның құрамындағы шикізат массасын анықтау:
Саздық: %
69,405 – 13,534 = 55,871% абсолют құрғақ саздық
Каолин:
30,595 – 6,119 = 24,476% абсолют құрғақ каолин
Керамикалық массаның химиялық құрамын есептеу
Саздықтың
химиялық құрамы, %:
Атауы
Si
ТiО2
A
F
CaO
MgO
NO
O
S
К.К.Ж
Саздық
59,02
0,46
12,19
4,67
6,07
1,68
1,64
1,6
0,8
7,2
Барлығы: 95,33%
Si= 100*59,02/95,33= 61,911%
ТiО2= 100*0,46/95,33= 0,483%
A= 100*12,19/95,33= 12,787%
F= 100*4,67/95,33= 4,899%
CaO= 100*6,07/95,33= 6,367%
MgO= 100*1,68/95,33= 1,762%
NO= 100*1,64/95,33= 1,72%
O= 100*1,6/95,33= 1,678%
S= 100*0,8/95,33= 0,839%
К.К.Ж= 100*7,2/95,33= 7,552 %
Атауы
Si
ТiО2
A
F
CaO
MgO
NO
O
S
К.К.Ж
Саздақ
61,911
0,483
12,787
4,899
6,367
1,762
1,72
1,678
0,839
7,552
Барлығы: 100%
100 кг абсолют құрғақ шихта құрамындағы саздық мөлшері – 55,871%
SiO2 – 0,55871*59,02=32,975
Al2O3 – 0,55871*12,19=6,87
TiO2 – 0,55871*0,46=0,257
Fe2O3 – 0,55871*4,67=2,609
CaO – 0,55871*6,07=3,3913
Na2O – 0,55871*1,64=0,9162
К.к.ж. – 0,55871*7,2=4,0227
SO3 – 0,55871*0,8=0,44669
H2O – 0,55871*1,6=0,8939
MgO – 0,55871*1,68=0,938
Барлығы: 55%
Каолиннің химиялық құрамы, %:
Атауы
Si
ТiО2
A
F
CaO
MgO
O
К.К.Ж
Каолин
46,79
0,11
38,25
11,08
0,49
0,25
0,23
13,45
Барлығы: 110,65%
Si= 100*46,79/110,65= 42,286%
ТiО2= 100*0,11/110,65= 0,099%
A= 100*38,25/110,65= 34,568%
F= 100*11,08/110,65= 10,0135%
CaO= 100*0,49/110,65= 0,4428%
MgO= 100*0,25/110,65= 0,2259%
O= 100*0,23/110,65= 0,208%
К.К.Ж= 100*13,45/110,65= 12,155 %
Барлығы: 100%
100 кг абсолют құрғақ шихта құрамындағы каолин мөлшері – 24,476%
SiO2 – 0,24476*46,79=11,464
Al2O3 – 0, 24476*38,25=9,371
TiO2 – 0, 24476*0,11=0,027
Fe2O3 – 0, 24476*11,08=2,7146
CaO – 0, 24476*0,49=0,12
К.к.ж. – 0, 24476*13,45=3,295
К2O – 0, 24476*0,23=0,0564
MgO – 0, 24476*0,25=0,061
Барлығы: 24,5%
Шихтаның химиялық құрамы:
Атауы
Si
ТiО2
A
F
CaO
MgO
NO
O
S
К.К.Ж
Н2О
Саздық
32,975
0,257
6,81
2,609
3,391
0,938
0,916
-
0,446
4,0227
0,89
Каолин
11,464
0,027
9,371
2,7146
0,02
0,061
-
0,056
-
3,295
-
∑
44,439
0,284
16,181
5,324
3,511
0,99
0,916
0,056
0,446
7,317
0,89
Бұйымды өндіру тәсілін таңдау
Керамикалық кірпішті өндіру кезінде жартылай құрғақ пресстеу мен иілімді пішіндеу тәсілдері қолданылады. Бұл екі тәсілдің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Ылғалдылығы 23-25%-дан аспайтын борпылдақ саз бен орташа тығыздықты саз болған кезде сазды иілімі тәсілменен өңдейді; Карьерлік ылғалдылығы төмен(14-16% аспайтын) және сумен өңдеуге онша беріле қоймайтын, тығыздығы жоғары саздарды жартылай құрғақ пресстеу тәсілімен өңдейді.
Жартылай құрғақ пресстеу тәсілі шикізатты алдын-ала кептіріп, одан кейін оны ұнтаққа дейін майдалауды, шикізатты пресс-пішінде, ленталы пресстердің қысымынан ондаған есе жоғары қысымда пресстеуден тұрады. Жартылай құрғақ пресстеу технологиясының артықшылығы, пресстелген шикі кірпіш пештік вагонеткаларға түсіп сонымен бірге тунельді кептіргіштерде кептіріледі, болмаса алын-ала кептіруді қалдырып күдіруге барады. Өндірістің комплектсті механизациялануы иілімді пішіндеу тәсіліне қарағанда оңайырақ жүреді. Бірақ жартылай құрғақ пресстеу технологиясы ұнтақты дайындау мен тасымалдау кезіндегі жетілдірілген аспирация жүйесін және өнімділігі жоғары пресстерді қолдануды талап етеді.
Бұйымды өндіруде иілімді тәсілмен массаны дайындау әдісінің технологиялық схемасы, қиындығы мен ұзақтығына қарамастан, қабырға керамикасы өндірісінде кең тараған тәсіл. Иілімді массаларды қалыптау әдісі тарихи саздардың иілімділік қасиеті негізінде пайда болып, керамика технологиясында кеңінен қолданылады. Иілімді тәсілмен қалыптау әдісі үлкен өлшемді, әр-түрлі пішінді және қуыстары үлкен бұйымардың кең ассортиментін шығаруға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда бұндай бұйымдардың иілуге беріктігі мен аязғатөзімділігі, сол шикізатты жартылай құрғақ пресстеумен дайындаған бұйымдардан жоғары болады.
Сазды өңдейтін құрылғылар аз болғандықтан сазды ылғал түрінде өңдеу кезіндегі шикізатты даярлау схемасы қарапайым және үнемді болады, осының әсерінен қуатүнемділігі артады. Барлық құрылғылар қолдануда қарапайым және сенімді. Бұйымдарың күйдіру температурасы, жартылай құрғақ пресстеу тәсілімен шыққан бұйымдардың күйдіру температурасынан 500С-қа төмен болады. Бұл күйдіруге кеткен энергия шығынын үнемдейді.
Иілімді қалыптау әдісінің кемшілігі – технологиялық циклдің ұзақтығы: 1 күннен 3 күнге созылатын шикізатты кептіру процессі болып табылады. Қалыпталынған шикізаттың, әсіресе қуыс денелі бұйым беріктігінің төмен болуы, материалдың кептіру кезіндегі шөгу дәрежесінің жоғары болуы және де кептірудің жеке процессі болуы шикізатты кептіруге отырғызу, кептірілген шикізатты күйдіруге жіберу сияқты қиын операцияларды механизацияландырау қиындығын және кептіру және күйдіру процессін біріктіру бір құрылғыда біріктіруді қиындатады.
Қажетті сапалы бұйым алу үшін саздан тасты қоспаларды алып тастап, табиғи құрылымын қиратып, ылғалдылығы, құрылымы және заттық құрамын біркелкі етіп, қалыпталатын шикізатқа иілімділік қасиетін беру керек. Сазды брусты жазық ленталы шнекті пресстерде көбінесе вакуумдық массаны қолданып қалыптайды. Вакуумдық масса шикізаттың тығыздылығын, иілімділігін, қалыптау қасиетін және шығар кірпіштің сапасын арттырады.
Қолданылатын саздың ылғалдылығы жоғары және иілімділігі орташа болған соң, курстық жұмыста иілімді тәсілмен қалыптау әдісін қолданамыз.
Бұйым өндірісінің технологиялық схемасы
ш
Технологиялық схемаға сипаттама

- Курстық жұмыстың тақырыбы
- Курстың постреквизиттеры
- Курс ценной бумаги и факторы влияющие на него
- Курс Ю.В. Андропова: Несостоявшаяся альтернатива “перестройки”
- Курт Гедель. Теорема Геделя о неполноте
- Курт Левин
- Курт Левин. Краткая биография
- Курсовая Эпатаж в рекламе
- Курсові різниці і їх відображення в обліку та звітності
- Курсовой проект по "Электромеханика"
- Курсовой экономический рачет ВЦ
- Курстық жобаға кіріспе
- Курстық жұмысқа берілген тапсырма
- Курстық жұмыстың