Легионеллез
| С.Д.АСФЕНДИЯРОВ
АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
Кафедра: Жұқпалы және тропикалық аурулар
Реферат
Тақырыбы:
Легионеллез
Орындаған:Молдашев А. Е.
Факультет: ҚДС
Курс: ІІІ
Топ: 304-2
Тексерген:
.
Алматы 2012 - жыл.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Тарихи мәліметтері
ә) Этиологиясы және эпидемиологиясы.
б) Патогенезі және клиникалық көріністері
в) Диагностикасы және асқынулары
г) Емдеуі және алдын алу шаралары
ІІІ. Қорытынды
Бұл аурудың синонимдарына легионерлер ауруы, питтсбургтік пневмония, Понтиак қызбасы, Ферт-Брагг қызбасы.
Анықтамасы.
Легионеллез
– қоздырғышы аэрогенді механизммен
берілетін, клиникасында қызбамен, интоксикациямен,
респираторлы синдроммен, ауыр пневмониямен,
асқорыту жолдарының және бүйректің, орталық
жүйке жүйесінің
Легионеллез экономикасы дамыған елдерде көбірек кездеседі. Кейде аурухана ішілік инфекция түрінде өтуі мүмкін. Бұл ауру ЖИТС-индикаторлы ауруларға жатпаса да, пневмонияның ауыр түрлерінде міндетті жағдайда науқасты АИВ-инфекциясына тексеру қажет. Легионеллез 5-15% жағдайда АИВ-инфицирленген науқастардағы пневмонияның себебі болуы мүмкін.
Тарихи мәліметтері. Бұл аурудың қоздырғышы
XX ғасырдың 70-ші жылдарында анықталған.
Легионелла деген атау 1976 жылы Филадельфияда
өткен американдық легионерлердің конгресіне
байланысты. Форумға қатысқан 4400 адамдардың
арасындағы 182 соғыс ардагерлері ауыр
пнемониясы бар жедел респираторлы аурумен
ауырып, соның ішінде 29-ы өлімге ұшырады.
1977 жылы Дж.Макдейд пен К.К.Шепард (АҚШ-тан)
осы бұрқ ету кезінде өлген адамның өкпе
тінінен бұрын белгісіз болған грам теріс
таяқшаны анықтады. 1965 және 1968 жылдары
АҚШ-тың Вашингтон және Понтиак (Мичиган)
қалаларында, сондай-ақ 1973 жылы Испанияның
Бекидром курортты қалашығында осындай
қызбалы аурулардың бұрқ етуі тіркелді.
1978 жылы легионерлер ауруы бойынша арнайы
шақырылған Халықаралық симпозиумде ауру
қоздырғышына Leqionella pneumophilla деген атау
берілді.
Этиологиясы.
Қоздырғышы - Legionella pneumophilla Legionellaceae тұқымдастығына Legionella тегіне жататын грам-теріс бактерия, талшықтары бар қозғалмалы таяқша. Қазіргі уақытта легионеллалардың анықталған 23 түрі, 35 серотиптері бар. Типті сапроноздарға жатады, сыртқы ортада тұрақты, ауыз су мен топырақта 4°С температурада 1 жылға дейін тіршілігін сақтайды. Легионеллалардың патогенділігі термостабильді эндотоксині мен термолабильді цитотоксиніне байланысты. Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология мен микробиология ҒЗИ-да легионеллалардың бұрын белгісіз болған патогендік факторы – цитолизин анықталған. Легионеллалар фенолға, спиртке, йодқа, формальдегидке, кальций гипохлоридіне және эритромицинге, рифампицинге, левомицетинге сезімтал.
Эпидемиологиясы.
Легионеллалар әлемнің барлық
елдерінде жайылған және
Өнеркісіптік елдерде топтық
ауру емдеу мекемелерінде,
Патогенезі.
Инфекцияның кіру қақпалары -
тыныс алу жолдарының шырышты
қабықтары. Қоздырғыштың
Клиникалық көріністері.
Аурудың жасырын кезеңі 2-10 күнге (жиі 5-7 күнге) созылады. Легионеллездің келесідей клиникалық түрлерін ажыратады:
- Легионерлер ауруы (ауыр өкпе қабынуымен өтетін);
- Понтиак қызбасы (өкпе қабынуынсыз өтетін жедел респираторлы ауру)
- «Форт-Брагг» қызбасы ( тері бөртпесімен өтетін жедел қызбалық ауру);
Легионеллездің аса ерекше көрінііс - өкпенің қабынуы. Науқастарда орташа бас ауыруы, сырқатты хал, 40°С дейінгі дене қызуының 24-48 сағат бойы сақталуы, қатты қалтырау (шамамен 50% науқастарда) байқалған. Бір мезгілде құрғақ жөтел, содан соң шырышты немесе шырышты-іріңді қақырықтың бөлінуі білінген. 20% науқастарда қан түкіру байқалған. Бұған қосымша демікпе, плевра шуылы мен бұлшықеттердің ауыруы, жүрек айну, лоқсу, құрсақ тұстарындағы ауыру белгілері болған.
Рентгенологиялық тексеру
Легионеллездің негізгі
клиникалық түрі екеу:
- Өкпе қабынуынсыз
жедел тыныс алу жолдарының ауруы
- Понтиак қызбасы (Мичиган штатының
Понтиак қаласында аурудың
өршуі жедел басталумен сипатталған, сондай-ақ грипп тәрізді ағым, бас ауыруы, қызба, бұлшық еттер ауыруы өкпе қабынуының белгілерінсіз байқалған). - Легионеллез ауруы – легионеллезді өкпе қабынуы.
Өкпе зақымдануының сирек
Аурудың ауыр ағымында
Диагностикасы.
Легионеллездің клиникалық білінуі ерекше емес. Аурудың басты белгісі - өкпе қабынуының ауыр ағымы және өкпе қабынуының дәстүрлі терапиясының әлсіз әсері.
Легионерлер ауруын біріншіден
өкпе қабынуларымен, сондай-ақ
арнайы антибиотикотерапияны
Бұл ауруды клиникасына қарап
тану аса қиындықтар тудырады,
себебі патогномиялық
- жаз мезгілінің соңында-күздің басында пайда болады;
- егде жастағы ер адамдар жиі ауырады;
- ұқсас аурудың өршуі қонақ үй қызметкерлерінің, турист және медицина қызметкерлерінің, аурухана науқастарының арасында байқалғаны, сондай-ақ құрылыс және жер қазу жұмыстарында еңбек ететін адамдар;
- өкпе қабынуының ауыр ағымы плевраның патологиялық процесске қатысуымен өтеді;
- бүйрек, бауыр, орталық жүйке жүйелері қызметтерінің бұзылуы;
Қорытынды
Лабораториялық
Легионеллезді грипптен, жедел тыныс алу жолдары ауруларынан, бактериальды өкпе қабынуынан, орнитоздың жеңіл түрінен, Қу-қызбасынан, микоплазмоздан ажырата білу керек.
Асқынулары. Легионеллездің ең қауіпті
асқынуы - тыныс алу жетіспеушілігі
болып табылған. Ауруханаға жатқызылған
науқастардың 30%-да гипервентиляция
және гипоксемия белгілері
Емдеуі. Клиникалық практиканың
көрсетуінше, ең аз өлім қаупі,
Болжамы. Легионеллездің
Алдын
алу шаралары. Аурудың басты профилактикалық
шаралары - инфекцияның көздерін табу
және оларды дезинфекциялау. Химиопрофилактика
мен ерекше профилактика жете зерттелмеген.
Жедел өкпе қабынуының өршуі және
жаз-күз мезгілдеріндегі тыныс
алу жолдарының ауруларының көбеюі
эпидемиологиялық талдауды талап етеді.
Өнеркәсіп объектілеріне, электростанцияларға,
емдеу мекемелеріне жылына 2 рет
профилактикалық тазарту және су
жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізу
қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.Рамазанова А.Б., Котова А.Л., Құдайбергенұлы Қ.Қ.
«Жеке микробиология»
2. www.google.kz.

- Легионеллёз
- Легионеллы
- Легирование для повышения коррозионной стойкости металлов
- Легисакционный процесс
- Легисакционный процесс
- Легисакционный процесс
- Легисакционный процесс
- Легенды и традиции ацтеков
- Легенды о первых русских князьях
- Легенды о Риме — капитолийская волчица
- Легенды отечественного баскетбола
- Легені землі. Проблеми збереження лісів
- Легені землі. Проблеми збереження лісів
- Легимитизация Российской власти