Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістері. 2
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі
Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы
Әкімшілік құқық және Ішкі Істер органдарының
әкімшілік қызметі кафедрасы
Таөырыбы: Прокуратура
қатарындағы Қайырбек Н.Е
Қабылдаған: ӘҚ және ІІО әкімшілік
қызметі кафедрасының аға
оқытушысы полиция
поковнигі Серімов Е.Е
Жоспар
Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.
Прокуратура кез
келген заңдылық бұзушылықты анықтау
және жою жөнiнде шаралар қолданады,
Республиканың Конституциясы
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады.
Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.
Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.
80 жыл бойы прокуратура қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Оның тарихында үш маңызды кезеңді атап өтуге болады.
Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.
Прокуратураның дамуының екінші кезеңінде яғни, 1933 жылы оның өкілеттігі кеңейе түсті. Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Оның тарихында тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО өзінің жаңа Конституциясын қабылдады, сол оқиға республика үшін тарихи маңызға ие болды, соңынан Қазақстан автономиялы республикадан одақтық республикаға айналып, КСРО-ның құрамындағы тең құқықты мемлекет болды. Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады.
Осы сәттен прокуратураның дамуы мен нығаюдың үшінші кезеңі басталды, Әділет халық комиссарынан прокуратура толық бөлінді. Республика құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс жасай бастады. Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры С.Есқараев болды.
Сол жылдың 11-ші қарашасында
Әділет халық комиссары және прокуратураны
бөлу туралы бұйрық шығып, республика
прокуратурасы тікелей КСРО-
Сол кезеңде прокуратураға мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс-әрекетінің заңдылығына, сонымен қатар жеке адамдардың, тергеу органдары, анықтау және т.б. органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.
Алайда прокуратураның тарихында қалыптасқан күрделі жағдайларға байланысты өзінің құқық қорғау міндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алмаған кезеңі де болды. Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айып тағылып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған республиканың прокуроры болған сегіз арысымыз бар. Олар Нығмет Нұрмақов, Нұртаза Ералин, Сәдуақас Мәмбеев, Жанайдар Сәдуақасов, Боран Айтмағамбетов, Қанай Боранбаев, Мырзағұл Атаниязов және Сүлеймен Есқараев. Тек 1937 жылдың өзінде ғана прокуратура органдарынан 40-тан астам қызметкер негізсіз жұмыстан шығарылды, солардың бірқатары революцияға қарсы және ұлтшыл топтарға қол ұшын берді деген желеумен қамауға алынды. Бұл жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңі еді. Сол қысталаң шақтың өзінде прокуратура органдарында өз жұмысына адал жандар, заңдылықтың мүлтіксіз орындалуы үшін жан аямай күресіп жатты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлық-тергеу кадрлары Отанды қорғау ісінде өшпес ерліктің өнегесін көрсетті. Соғыс басталғаннан кейін 1942 жылдың тамыз айында 885 прокуратура қызметкерлерінің 411-і Қарулы Күштер қатарына шақырылып, соғысқа кетті. Көптеген прокурорлар мен тергеушілер бостандық пен мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиды. Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Мақат аудандық прокуратурасының халық тергеушісі Мұса Баймұқановқа майдандағы ерлігі үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке орай оны ол алып үлгере алмады, сол жылы 18 наурызда ол майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Ұлы отан соғысында аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Н.Әбдіровты кім білмейді! 1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған Нүркен жау эшалонының күлін көкке ұшырып, ерлікпен қаза тапты. 1943 жылы 31 наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол аяулы Нүркен Қарағанды облыстық прокуратурасында тергеуші болған еді.
Соғыс аяқталған соң прокуратураның қызметкерлері ауыл шаруашылығын қалпына келтіру үшін белсенді жұмыс жасады, мемлекеттік және қоғамдық меншікті мүлтіксіз қорғады және қоғамдық, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған адамдармен аянбай күресті.
Қазақстан мемлекеттіліктің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде прокуратураның рөлі мен орны өзгеріп отырды, яғни оның қызметі жаңа мазмұнмен толықтырылып, прокурорлық қадағалаудың міндеттері өзгертілді. Алайда, прокуратураның алдында тұрған міндеттер өзгертілгенімен ол тұрақты түрде құқық қорғау органы, демек оның қызметінің басты мазмұны заңдылық пен құқық қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтар мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау болып қала берді.
Мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі сөзсіз өсе түсті және оның алдындағы міндет әрбір азаматтың прокуратура өзінің мүддесін нағыз қорғаушысы екендігіне қалтқысыз сенетін дәрежеге жеткізу болды.
Алайда, Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін, прокуратура да басқа құқық қорғау органдары сияқты, тоталитарлық мемлекет жағдайындағы әміршілдік-әкімшілік жүйенің мүддесін бірінші кезекке қойғанын ата кету керек. Соған қарамастан прокуратура органдары қызметінің басты мазмұны қай кезде де заң бұзушылықты анықтап, оған дер кезінде тосқауыл қоя білу болды.
1991 жылғы тамыз оқиғасында
Елімізде болып жатқан тың үрдістер
мен заң саласындағы жаңалықтар
адамды қоғамның жоғарғы құндылығы
ретінде бірінші кезекке
Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәтінен басталды. Прокуратураның реформалауы мен дамуы жаңа мемлекеттік құрылымының, саяси және халықаралық-құқықтық бағдардың қағидасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.
1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ
КСР прокуратурасы
1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан
Республикасы Жоғарғы
Осы заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуда оң әсер етті. Алайда, мемлекеттік құрылыс үдерісінің жедел дамуы және құқық демократиясының өріс алуы құқық жүйелерін қалыптастыруда жаңа ізденістерді талап ете бастады.Осыған байланысты 1994 жылы 12 ақпанда Елбасының Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл құжатта прокуратура органдарын реформалаудың негізгі қағидалары анықталынды.
Одан әрі ол 1995 жылғы 30 тамызда
республикалық референдуммен
Сөйтіп прокуратура
Елбасына ғана есеп беретін және Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын республика прокуратурасы Конституциясының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы тәрізді міндеттерді жүзеге асырудың құқықтық тетігі (құралы) болып табылады. Прокуратура заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Жинақтап айтсақ, республика прокуратурасы өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады.
Қазіргі кезде ол басқа мемлекеттік органдар қызметін алмастырмайды, әртүрлі шаруашылық субьектілерінің қызметіне негізсіз араласпайды. Сонымен қатар прокуратура Конституцияның 83-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жол берген заң бұзушылықтарды анықтауды күшейтіп, орын алған кемшіліктерді заңда қаралған тұрғыда жоюға ықпал етеді, оның ішінде атқару және сот биліктерінің заңсыз актілеріне наразылық келтіріп, сондай-ақ қолданыстағы заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын орындамау фактілерін қалт жібермейді.
Қазақстан Прокурорларының әнұраны және ведомстволық белгі Қазақстан Республикасы прокуратурасының рәміздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
Республиканың Бас Прокурорын:
1) Парламент
Сенатының келiсiмiмен
2) қызметтен
Республика Президентi
3) ол Республика Президентiне есеп бередi;
4) оны өз өкiлеттiгi
мерзiмi iшiнде қылмыс үстiнде
Республика Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Республика
Бас Прокурорының орынбасарлары
сонымен бiрге Бас
Республиканың Бас Прокуроры:
1) Республика
аумағында заңдар мен
2) Республиканың
Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетiн заңдар мен өзге
де құқықтық актiлерге оларды
қабылдаған органдар мен
3) Жоғары Сот
Кеңесiнiң мүшесi болып
4) Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру мен оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларының тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары мен мекемелерiнiң барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады;
4-1) өз құзыретi шегiнде:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексi мен жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi нормаларын қолдану мәселелерi бойынша; құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;
осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
4-2) жедел-iздестiру
қызметiн, анықтау мен
5) прокуратураларды,
прокуратура органдарының
6) Республика
Президентiне жоғары сыныпты
7) облыстардың
прокурорларын және оларға
8) прокуратура
органдарының қызметi туралы Республика
Президентi алдында есеп
9) белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi;
10) прокуратура
органдарының қызметкерлерiн
10-1) "Прокуратураның құрметтi қызметкерi" атағын бередi, осы атақты беру тәртiбi туралы Ереженi бекiтедi;
11) прокуратура
органдары қызметкерлерiнiң
11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
12) өзiне Қазақстан
Республикасының заңдарында
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасына
Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады.
Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi.
Бас прокуратура:
1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi;
2) Республикада
заңдардың орындалуын, заңдылықтың
жай-күйiн қадағалау
3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
4) Республика
прокуратура органдарының
5) заңдылық пен
құқық тәртiбiн қамтамасыз
6) кадрлардың
бiлiктiлiгiн арттыруды
7) норма шығарушылық қызметiне қатысады;
8) халықаралық
ынтымақтастық саласында
Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар:
1) облыстық, қалалық,
аудандық және оларға
2) бағынысындағы барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.
Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентiнiң келiсiмiмен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.
Облыстардың прокурорлары
мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың
бiрiншi орынбасарлары мен
Облыстардың прокуратураларында
және оларға теңестiрiлген прокуратураларда
басқармалар мен бөлiмдер болады.
Басқармалар мен бөлiмдердiң
Қалалық, аудандық
және оларға теңестiрiлген прокуратураларға
Республиканың Бас Прокуроры
бес жыл мерзiмге
Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi болады.
Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн.
Прокурорлардың бағыныстылығы:
1) жоғары тұрған
прокурорлардың ұйымдастыру
2) төменгi прокурорлардың
жоғары тұрған прокурорлар
3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруын;
4) жоғары тұрған
прокурорлардың төменгi прокурорлар
актiлерiнiң күшiн жоюын,
5) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлардың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жасалған шағымдарды шешуiн қамтиды.
2. Республиканың
Бас Прокуроры төменгi прокурорлардың
бағыныстылығының өзге де
Бас прокуратурада, облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда алқалар құрылады.
Алқа отырыстарында
прокуратура органдары
Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен iске асырылады және прокуратура органдарының қызметкерлерi үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына қарай прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданады.
Алқа жұмысының регламентiн және алқа мүшелерiнiң мәртебесiн Республиканың Бас Прокуроры айқындайды.
Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:
1) қажеттi материалдар
мен мәлiметтердi өтеусiз және
Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде белгiленген
2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге.
3) прокурорлардың
қадағалау қызметiн қамтамасыз
ету және олардың
Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген тапсырмасы анықтама мен тергеу органдары үшiн мiндеттi.
Талап етiлген ақпарат
прокуратура органдарына
Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бap.
Лауазымды адамдар
мен азаматтар прокурордың
Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы.
Прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 "Қазақстан
Республикасының прокуратурасы
туралы" 1992 жылғы 17 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы
- ҚР Конституциясы. Алматы, 2003.
- Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті жарғы. 2001.

- Әлеуметтанудың негізгі категориялары
- Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
- Әлеуметтанудың пәні мен обьектісі
- әлеуметтану және қоғам
- Әлеуметтану объектісі
- Әлеуметтану пәні
- Әлеуметтану пәнінің негізгі категориялары
- Әлеуметтану ғылым ретінде
- Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
- Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
- Әлеуметтану девидианттық әрекеттер
- Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді
- Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістері