Әлеуметтану девидианттық әрекеттер
Жеке
адам мен қоғам арасындағы
әлеуметтік қатынастар
Әлеуметтік
бақылау дегеніміз, оның
Сол
сияқты әлеуметтік бақылау
Сөйтіп әлеуметік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек қана саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль) тарапынан да реттеу болып табылады.
Әлеуметтік бақылау – топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды.
Адамның
іс-әрекеті деп, оның
М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез-құлқы деп, оынң іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:
а) инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік
Мінез-құлықтың
бірінші және екінші түрі
Мінез-құлықтың
мұндай түрлерін, психология ғылымы
зерттейді. Екінші жағынан,
Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі болады, олар:
а) индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез-құлқы);
ә) ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі және іс-әрекет мақсатының бірлігі кезінде құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары;
б) бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез-құлқы.
Жеке адам мінез-құлқының құрылымы үш элементтен тұрады:
а) мотивация, мұқтаждық
пен себеп-дәлелдердің
ә) шешімдер, яғни шешімнің мақсаты, оны іске асырудағы құралдарды іріктеп алу, жоспарлау;
б) іске асыру, өмірге ендіру. Бұл қоршаған ортаға әсер ету, болатын нәтижені талдау, іс-қимылдарды жүзеге асыру.
Әлеуметтік
мінез-құлықтың өлшемі болып
Қылық – бұл іс-әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытында тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі.
Әлеуметтік тәртіп белгілі бір
әлеуметтік ережелерге (нормаларға)
сәйкес келсе, қалыпты дейді.
Ал, мінез-құлық нормаға сәйкес
келмесе, оны ауытқыған (
Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль прициптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады.
Ауытқу
тәртібі еңбек, өндіріс
Қазіргі қоғамдағы девианттық әрекеттер
Девиантты мінез-құлық ( лат. девіатіо - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
- қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
- тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
- микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
- Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты
мінез-құлықтың
Агрессия(лат. агрессіо - шабуыл) - мемлекеттің егемендігіне, саяси тәуелсіздігіне қарсы бағытталған, БҰҰ- ның Жарғысына қайшы келетін тікелей немесе жанама күш қолдану. Агрессия ұғымы 1974 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді. Агрессия белгілі бір мемлекет екінші бір мемлекетке қатысты бірінші болып күш қолданғанда орын алады. Қарулы шабуыл - аса қауіпті түрі. Бірақ агрессия экономикалық, идеологиялық, психологиялық түрлері де кездеседі. БҰҰ-ның Жарғысы агрессияны айыптайды. Қазіргі халықаралық құқық талаптарына сай агрессия актілері үшін жауапқа тартылады. Бұл тұрғыда қолданылатын санкциялар саяси, экономикалық, қылмыстық, өнегелік сипат алуы мүмкін. Агрессияның алдын алу - кез келген мемлекеттің, халықтың, бейбітшілікті сүйгіш демократиялық күштердің басты парызы.
Демонстрация - [ лат. демон-стратіо - корсету]
- Бір нәрсені көпшілік алдында жариялы түрде корсету (кинофильм Демонстрация, көрмедегі өнер туындыларының Демонстрация және т.б.);
- Қоғамдық-саяси көңіл-күйді, талаптарды, наразылықтарды, ынтымақтастықты (мерекелік Демонстрация, үкіметке қарсы Демонстрация, соғысқа қарсы Демонстрация, ) көрсететін бұқаралық шеру.
- Назар аударту, қолдау немесе қысым көрсету, өз қатынасын білдіру мақсатымен жасалатын әрекет.
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне
және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік
мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының,
балашағасының берекесін кетіреді. Мас
адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп
жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз
жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады.
Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің
өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе
тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі
органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну
әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені
сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы
ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет
болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл
келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз
күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге
құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра
алмайтын халге жетелі.
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады. Мысалы:
- Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
- Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);
- Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);
- Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру.
ХХ
ғасырда дүние жүзінің
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Қазіргі
кезде Суицидалогия деп
Суицидалды
мінез-құлық – адамның саналы
түрде өзін-өзі өлтіргісі
Адамзат
тарихында өзін-өзі өлтіру
Орта
ғасырда Австрия, Пруссия,
Суицидальді
мінез құлықтың белгілі бір
формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел
факторлары болады. Суицидальді
мінез-құлыққа адамның жас
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады,
Суицидтың
ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас
аралығы. Өзін-өзі өлтіруге
Қазіргі
кездегі жастардың суицидке
И.П.
Павлов өзін-өзі өлтіруді «
Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:
1) Протест.
2) Жанашырлыққа шақыру.
3) Қайғыдан қашу.
4) Өзін-өзі жазалау.
5) Өмірден бас тарту.
Суицидалды
мінез-құлық соматикалық,
Суицидальді
мінез-құлық тағыда балалар
Көктем,
жаз жыл мезгілдерінде
Суицидальді
мінез-құлық көбінесе
Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.
- Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
- Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
- Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
- Наша сату және тарату.
- Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девицияның
негативті формалары
Девиацияны
зерттеуші көптеген ғалымдар
девиантты мінез-құлықтың
- жанұяда берекенің болмауы;
- ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
- тәрбие берудегі кемшіліктер;
- өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
- өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
- сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
- психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
- агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
- мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
- балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі
бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын
болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне
кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар
жатады:
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның
қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген
жағымсыз қарым-қатынасын тудырады,
ал балалар болса, өзіндік сезім
мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында,
ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы
бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым
болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар
жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда,
неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық
сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң,
дөрекі болады. Оларға міндетті түрде
әлеуметтік-медициналық реабилитация,
сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған
тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың
әрбір даму сатысында, олардың психикалық
қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері
қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында
әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе
керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі
мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы,
махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол
ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену
- невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен
қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық)
тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық,
психикалық аурулар және психологиялық
патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың
пайда болуына жол ашады. Егер, балада
адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса,
онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім
тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық
факторлар. Олар мектептік, отбасылық,
қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде,
баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты.
Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы
жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына
және бағаларға парықсыз қарайтындар.
Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін
көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің
(дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
- оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
- мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
- әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
- криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік
дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі
факторы - ата-ана. Баланың бойындағы
асоциалды мінез-құлықты
- дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
- тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
- асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық,
физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық.
Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар
үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін.
Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар
қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға
бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен,
бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді.
Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі
баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне,
әлеуметтік тәжірибесіне байланысты.
Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш,
үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы
т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді:
агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне
сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте
төмен болады. Зерттеулерге қарағанда,
зорлық-зомбылықты көп көрген балалар
өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей
және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі,
жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу,
т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар.
Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің
деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың
бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты
балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі
ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық
пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы
әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен
жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде,
бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге
асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі
туады:
- балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
- оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
- оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
- оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
- девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Қазіргі уақыттағы
әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік
деңгейінің құлдырауы және
Қазақстан азаматтарының денсаулығын
нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру
туралы елбасының жолдауын, егемендіктің
кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын,
алтын сүрлеу десе болады.
"Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат
жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі
қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық
және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе,
балалар мен жастардың денсаулығы қауіп
тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану,
есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік,
адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте
жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
сарапшыларының дерегі бойынша халық
денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни
адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына
тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне
байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің
негізгі факторларына мыналар да енеді:
қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың
кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы,
жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының
барлығының көптеген уытты заттармен
ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс
туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің
– шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық
көп таралуы.
Адам денсаулығына зиянын
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына
жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай
көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз.
Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас,
рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр
жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз.
Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының
нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына
өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Халық
денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби
тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас
денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған
үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі
екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда
ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза
су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және
салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ
болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік:Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ЫСБН 9965-808-85-6
2. Түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ЫСБН 9965-32-491-3
3. К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ЫСБН 9965-822-10
4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ЫСБН 9965-32-491-3
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі (топтама); Заңтану топтамасы. - Алматы "Мектеп" 2002 жыл"
Мазмұны:
Әлеуметтік бақылау
- Қазіргі қоғамдағы дивианттық әрекеттер
- Нашақорлық, алкоголизм, жезөкшелік кері тартпа тәртіп түрлері ретінде
- Жастар және салауатты өмір салты

- Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді
- Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістері
- Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістері
- Әлеуметтанудың негізгі категориялары
- Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
- Әлеуметтанудың пәні мен обьектісі
- Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
- Әлеуметтану ғылымның негізгі тарихи даму кезеңдері
- Әлеуметтану ғылым ретінде
- Әлеуметтану ғылым ретінде
- Әлеуметтану ғылым ретінде
- Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
- Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең